Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 345.38 Kb.

бет2/3
Дата22.04.2017
өлшемі345.38 Kb.
1   2   3

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.

Облыста жанар - жағар май бағасы тұрақты сақталады. Бұл туралы  «Сыр 

медиа»  ЖШС  жанындағы  облыстық  коммуникациялар  орталығында  өткен 

брифингте  облыстық  кəсіпкерлік  жəне  туризм  басқармасы  басшысының 

міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекова мəлімдеді. 

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ 

БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

«Қазіргі 

таңда 

азаматтар 



электрондық  үкіметтің  қызметтерін 

өте белсенді пайдалануда. Электрон-

ды  үкімет  порталы  арқылы  қызмет 

көрсету АХАЖ органдарының негізгі 

міндеттерінің  бірі  болып  санала-

ды.  Есепті  кезеңде  неке  қию  туралы 

электронды 3769 өтініш келіп түскен. 

Сондай-ақ,  неке  бұзу  туралы  элек-

тронды  өтініштер  саны – 26, элек-

тронды  305 анықтама тіркелді, - дейді 

департамент басшысы Б.Кесебаева. 

  Департамент  басшысының  ай-

туынша,  өткен  жылы  АХАЖ  орган-

дарымен  барлығы 34026 азаматтық 

хал  актілері  тіркеліп, 22 304 517 

теңге  мемлекеттік  салық  өндірілген. 

2014  жылы  Қызылорда  облысы 

азаматтарының  шетел  азаматтары-

мен 78 неке қиылған, өткен жылы бұл 

көрсеткіш 74 неке еді. 

Бүгінгі  күннің  маңызды  мə-

селесінің  бірі  алимент  өндіру  бо-

лып  отыр.  Былтырғы  жылы  али-

мент  төлемдерін  өндіру  бойынша 

9058  атқарушылық  өндіріс  орын-

дауда  болған.  Оның 6952-сі 2013 

жылғы өндіріс. Ал, 2014 жылы 2489 

атқарушылық  өндіріс  қозғалып 68 

атқарушылық өндіріс аумақ бойынша 

қабылданса, 383 атқарушылық өндіріс 

аумақ бойынша жолданған. Барлығы 

9058  атқарушылық  өндірістің 716 

өндірісі аяқталған. 1694 борышкердің 

республика  аумағынан  шығуына 

тыйым салынған. 

Қазіргі  таңда  жеке  сот  орында-

ушылары  бойынша  облыста  өңірлік 

алқасында 15 бірлік  қарастырылған, 

алайда,  бүгінге  9-ы  жұмыс  жасау-

да. Жеке сот орындаушыларда  өткен 

жылы 5 жарым  миллиардқа  жуық 

теңгенің 2 746 атқарушылық  өніріс 

болса, 1 миллиард 300 миллионнан 

астам теңгенің 738 өндірісі аяқталған. 

Жылжымайтын мүлікті тіркеу са-

ласы бойынша 2014 жылдың есептік 

кезеңде мемлекеттік тіркеуден өткен 

құқықтар саны – 42642. Жылжымай-

тын  мүлікке  құқықтарды  тіркеуден 

бас  тартулар  саны – 310, ал  тоқтата 

тұру – 958-ді құраған. 

А.ОЛЖАБАЕВА.

2014 жылы Сыр елі мəдениеті 

тарихында тұңғыш рет облыстық 

филормония жанынан камералық 

оркестр  құрылды.  Бұл  өскелең 

ұрпақты  классикалық  музыкаға 

бейімдеу,  жоғары  кəсіби  өнерді 

құрметтеуге  үйрету  мақсатында 

жасалынған  қадам.  Жастарға 

арналған 

жаңа 

қойылымдар 



қоюды,  оларға  көптеп  жас 

көрермендерді  тартуды  жүзеге 

асыру  мақсатында  Н.Бекежанов 

атындағы 

қазақ 

музыкалық 



драма  театры  жанынан  жас-

тар  труппасын  құрдық – деді 

Е.Əбдірахманов өз сөзінде. 

Сондай-ақ,  бұрынғы  əскери 

комиссариаттың  ғимараты  күр-

делі  жөндеуден  өткізіліп,  онда 

көркемсурет  галереясы  ашылды 

жəне  осы  ғимаратқа  Суретшілер 

Одағының 

филиалын 

орна-

ластыру 


жүзеге 

асырылған. 

Бұдан басқа осы жерден балалар 

изостудиясын  ашу  көзделуде. 

Қармақшы ауданындағы Қорқыт 

ата  ескерткіш  кешені  толық  ре-

конструкциядан 

өткізілген. 

Алдағы  уақытта  бұл  кешенді 

Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы 

халықаралық туристік көліктерге 

енгізу 


бағытында 

жұмыстар 

жүргізілмек. 

Жылдар  бойы  қордаланып 

келген штат мəселесі де шешімін 

тауып,  нəтижесінде  ауыл  мə-

дениетін  көтеру  мақсатында 

мəдениет  үйлері  мен  клубарға 

облыстық 

бюджеттен 410 

штаттық  бірлік  штат  бірліктері 

бөлініп,  қажетті  мамандармен 

толықтырылған.  Клубтар  мен 

мəдениет үйлерінің материалдық-

техникалық  базасын  нығайтуға 

облыстық  бюджеттен  мəдени 

ме кемесі 

жоқ 


шалғайдағы 

елді  мекендерге  мəдени  қыз-

мет  көрсету  мақсатында  ор-

талықтандырылған жүйе арқылы 

7  ауданға  толық  жабдықталған 

«Зерде»  мəдени-ақпараттық  за-

манауи 

автокөлігі 



алынып 

берілген. 

2014 жылы Қазақстан театрла-

ры арасында «Сəбира Майқанова 

жылы»  жарияланып,  ол  кеңінен 

аталып  өтілген.  Халық  батыры 

Жанқожа 

Нұрмұхамедұлының 

240  жылдығы  республикалық 

деңгейде  тойланған.  Қызыл-

орда  қаласында  батырға  ар-

налған 


ескерткіш 

ашылды.  

Ха лықаралық 

«ТҮРКСОЙ» 

ұйымымен  бірлесіп,  түркі  тіл-

дес 


халықтардың 

«Қорқыт 


жəне  Ұлы  Дала  сазы»  дəстүрлі 

музыкалық 

өнер 

фестивалі 



ұйымдастырылған. 

Облысымыздың өнерін алыс-

жақын  шетелдерде  таныстыру 

мақсатында жыл ішінде бірнеше 

гастрольдік  өнер  сапарларға 

шыққан.  Атап  айтар  болсақ,  об-

лыстық  филормонияның  өнер 

ұжымы 


арнайы 

концерттік 

бағдарламамен  қараша  айының 

соңында  Қазан  қаласына  барып 

Сыр  өнерін  паш  етті.  Сондай-

ақ  Түркия,  Өзбекстан  елдерінде 

гастрольдік концерттерін берген. 

2014  жылы  Қазалы  ау-

данындағы  Жанкент,  Қармақшы 

ауданындағы 

Шірік 

Рабат, 


Жаңақорған  ауданындағы  Сы-

ғанақ  қалашықтарына  архео-

логиялық 

қазба 


жұмыстары 

басталған.  Бұл  археологиялық 

зерттеу  жұмыстары  үстіміздегі 

жылы  жалғасып,  өз  нəтижесін 

бермек.  

–  Алдағы  уақытта    Ассам-

блеяның 20 жылдығы,  Қазақ 

хандығының 550 жылдығы, 

Конституцияның 20 жылдығы, 

Н.Бекежановтың,  М.Шоқайдың 

125  жылдығына  орай,  Бай-

қоңырдың 60 жылдық мерей тойы, 

тамыз айында «Сыр жұлдыздары» 

байқауы 


ұйымдастырылып,  

айтулы   деңгейде  аталып  өтіледі, 

–  деді басқарма басшысы сөзінің 

соңында.


Ақмарал 

ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

Біздің  редакциямызға  хаттар  түсіп 

жатады. 

Сондай 


хаттардың 

бірін 


назарларыңызға  ұсынуды  жөн  көрдік. 

Хатта   Тасбөгет  кентінің тыныс-тіршілігін 

жаза  отырып,  оған  қатынайтын  қалалық 

қоғамдық  көліктердің  жүру  бағыты 

жайындағы  ойларын  ортаға  салады. 

«Құрметті  редакция...»  деп  басталған  хат 

жол ары қарай былай өрби түседі.

...Сонау 1998 жылдан  бастап  қалаға 

қараған  Тасбөгет  өсіп-өркендеп,  кент 

аумағы  жыл  сайын  кеңейіп,  қанат  жая 

түсуде.  Осыған  байланысты  халықтың 

саны  да  артып  келеді.  Сырттан  келіп 

қоныстанушылардың  да  қатары  өсіп 

отыр.  Сондықтан  болар,  кенттің  сырт 

аймағының бір шеті дария жағалауындағы 

биік  дамбыға  тірелсе,  арқа  жақ  сырты 

Белкөл  кентіне  жетіп,  батыс  жағы  Аста-

на шағын ауданымен қосылып кетті. Қала 

мен Тасбөгет кентінің арасын қазір ешкім 

ажырата алмайды. Жасыратыны жоқ, атал-

мыш  кент  орталығында 70-тен  аса  көше 

болса,  соның 47-сі  кезінде  түп-түзу  етіп 

салынған, əрі оқтай түзулігімен көз тарта-

ды.  Өйткені,  Тасбөгет  кенті  кезінде  Сыр-

дария ауданының орталығы болған. Қалаға 

ең  жақын  аудан  орталығы  болғандықтан 

оның  көшелерінің  инфрақұрылымына 

кезінде  зор  мəн  берілген.  Содан  да 

болар,   кент  көшелерінің  көбі  түзу,  əрі 

кең.  Қазіргі  уақытта  көптеген  көшелер 

жарықтандырылған. Мұның барлығы қала 

əкімінің  тікелей  қолдауымен  жүзеге  асы-

рылып  жатқанын  жергілікті  тұрғындар 

өте  жақсы  біледі.  Айта  кету  керек,  соңғы 

жылдары осыдан 3-4 жыл бұрын жаңадан 

қосылған  шеткі  аймақ  көшелеріндегі 

үйлердің  орналасуы  қалай  болса,  солай, 

көше  түзулігі,  жалпы  инфрақұрылымдық 

жүйесі сақталмаған. Осы жағына шамалап 

мəн берілсе дейміз.

Бүгіндері  кентте  кіші  кəсіпкерлік 

өркен  жайған.  Жыл  сайын  көшелеріміз 

рет-ретімен  асфальттану  үстінде. «Нау-

рыз»   шағын  ауданындағы  көпқабатты 

үйлердің  қасбеттері  қайта  жаңғыртудан 

өткені белгілі. Жалпы кентте көңілге қонар 

істер  көп.  Тасбөгеттің  орталық  алаңы  кеш-

ке жақын адамдар серуендеп, əрі демалатын 

орынға айналған. Алаң мұнтаздай тап- таза. 

Демалыс  жəне  мəдениетті  орын  саналатын 

«Жеңіс» саябағы да биылғы жаз мезгілінде 

кешкілік  жұмыс  жасады.  Ондағы  шағын 

футбол алаңында жастар уақыттарын босқа 

өткізбей, аяқ доптан жарыстар өткізіп тұрды. 

Одан  басқа    орталық  саябақ  жанындағы 

С.Майқанова атындағы мəдениет үйі алдын-

да кішкентай балалар үшін, кəсіпкерлер ар-

найы  ойын  алаңын  ашып,  бүлдіршіндерді 

шаттыққа бөлей білді. 

Осындай  мəдениеті  өркендеп  келе 

жатқан  үлкен  кенттің  тұрғындары  аты-

нан  қалалық  билік  орнына  бір  ғана 

ұсынымызды жеткізгіміз келеді.

Қазіргі күні кент халқының саны арта 

түскен сайын ондағы адамдардың да жеке 

бастарының  тірліктері  арта  түсетіндігі 

белгілі.  Сондықтан,  сол  адамдардың  көбі 

жеке  көліктері  болмағандықтан,  əрине 

қоғамдық  көлікке  мінеді.  Осыған  байла-

нысты кент пен қала арасына қатынайтын 

қоғамдық маршруттарды жүргізуде бір-екі 

ұсыныстарымызды  қалалық  əкімшілік  та-

рапына жеткізсек деген ойымыз  бар. Қала 

мен  Тасбөгет  арасындағы  алты  жолақты 

Жібек жолы арқылы 5, 6, 11, 17, 18, 22-ші 

маршруттар  осы  кент  ішіне  қатынайды. 

Бұған жергілікті халық дəн риза.

Бірақ,  Тасбөгет  кентінен  «Арзан» 

базарға  тікелей  баратын  маршрут  жоқ. 

Бұрындары 6-ші маршрутпен 17-ші марш-

рут  екеуін  қатынатқан  болатын.  Олардың 

баруы кейіннен аяқсыз қалды. Енді біздің 

ұсынымызға  билік  орны  құлақ  асса,  кент 

аймағының  ұлғая  түсуіне  байланысты 

Тасбөгеттің  орталықтағы  Шоқай  көшесі 

арқылы  Газ  зауыты,  Саяхат, «Сығанақ» 

базарын  қамти  отырып,  Бейбарыс  көшесі 

бойымен  «Арзан»  базары  үстімен,  Жібек 

жолы көшесіне қайтадан түсіріп, өз марш-

рутын  əрі  қарай  жалғастырып  кетсе  де-

ген пікіріміз бар. Біз айтқан аймақтағы екі 

ортада қаншама халық бар, олар да қуанып 

қалған болар еді.

Екінші 5-ші, 11-ші    маршруттар-

ды  Арай  мөлтек  ауданы  ішімен  жүргізіп, 

облыстық  əкімшілік  ғимараты  жаны-

мен Сұлтан Бейбарыс көшесін қиып өтіп, 

Шығармашылық  үйінің  жанындағы  Сыр 

сұлуы  көшесімен  жүргізе  отырып, «Бегім 

ана»  балабақшасы  алдымен  қайтадан 

Жібек жолына түсіріп, Тасбөгет бағытына 

қатынатса деген ұсынысымыз бар. Өйткені 

облыстық  əкімшілікке  қарай  тікелей 

қатынайтын 

бірден-бір 

Тасбөгеттен 

шы ғатын  маршруттар  жоқ  екен.  Осы 

атап  өткен  ұсыныс-пікірімізді  қалалық 

коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар 

көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің 

басшылығы  тұрғындар  тілегін  зерделеп 

көрсе дейміз. Бұл Тасбөгет халқы үшін өте 

тиімді болар еді. Əрине, көптің мұндай екі 

жаққа  да  тиімді  тілегіне  жергілікті  билік 

орны қарсы болмас деп ойлап, оның жүзеге 

асатынына біздер зор сеніммен қараймыз. 



Тұрғындардың тілегін жеткізген: 

К. БАЙЕГІЗ.                                                                                                              

ҚҰЛАҚҚАҒЫС

БРИФИНГ

Басы 1-бетте

ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ 

ҚАЛЫПТЫ

–  Облыста  əлеуметтік  маңызы  бар  мұнай  өнімдерінің 



бағаларын 

тұрақтандыру 

бойынша 

аймағымызда 

орналасқан  жанар - жағар  май  құю  бекеттерінде  бөлшек 

саудадағы  бағаларына  мониторинг  жүргізілуде. 2014 

жылы  ҚР  Энергетика  министрлігінен  ішкі  нарықты 

мұнай  өнімдерімен  қамтамасыз  ету  жəне  жанар - жағар 

май  бағаларын  тұрақтандыру  бойынша  бөлінген  мұнай 

өнімдерін облысқа жеткізуші 15 оператор қала жəне аудан  

əкімдерінің ұсыныстары негізінде белгіленіп жұмыс жасау-

да. Операторлар қажеттілігіне байланысты мұнай өнімдерін 

министрлік бекіткен кестеге сəйкес бөліп отырады, – деді 

Қ.Датқабекова. 

Өңіріміздегі  жанармай  құю  бекеттерінде  бензин  та-

лон  бойынша  да  беріліп,  қолма-қол  ақшаға  да  сатылуда.

Үстіміздегі жылы АИ-92 маркалы бензині – 108 теңге, АИ - 

80 – 89  теңге, дизель отыны – 107 теңгені құрап отыр. Жыл 

басынан бері облыста жанар - жағар майдың шекті бағадан 

өсу фактісі анықталмаған. 

Облыста барлығы 121 жанар - жағар май құю бекеттері 

жұмыс  жасайды.  Қазіргі  таңда  аймағымызда  мұнай 

өнімдерінің  тапшылығы  сезілмейді.  Сондықтан  жанармай 

мəселесі ақырындап шешіліп келеді деуге болады.



А. БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ 

ЖАҚСАРАДЫ

Қаламызда таяу арада жолаушылар тасымалы жақсарады. Ақпан айын-

да  аймағымызға  үлкен  сыйымдылықтағы 15 автобус  келеді  деп  күтілуде. 

Бұл  туралы  облыстық  жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль  жолдары 

басқармасының басшысы Марат Бəйімбетов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы 

облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте хабарлады. 

ТАСБӨГЕТТІКТЕРДІҢ 

АЙТАР ТІЛЕГІ БАР

Электронды үкіметтің қызметін 

белсенді пайдалануда

«Сыр  медиа»  ЖШС  жанындағы  коммуникация  орталығында 

облыстық  Əділет  департаментінің  басшысы  Б.Кесебаева  БАҚ 

өкілдеріне  брифинг өткізді.  

СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫН 

ШЕТ ЕЛДЕРДЕ МОЙЫНДАДЫ

«Сыр медиа» ЖШС жанындағы 

коммуникация орталығында  

облыстық Мəдениет 

басқармасының басшысы 

Е.Əбдірахманов 2014 жылдағы 

Сыр елінің мəдениет саласында 

жеткен жетістіктері туралы 

брифингте баяндады.  


ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

3            

¹6     24 ҚÀҢÒÀÐ, 2015 ÆÛË

ÒӘ˲Ì

ҚХР-дың  Шыңжаң  Ұйғыр  автономиялы 

өлкесінің  Алтай  округінде  қазақ  ұлттық  меди-

цинасы  мен  қазақтың  ұлттық  ойыны - ат  спорты 

мемлекеттік  санаттағы  материалдық  емес  мəдени 

мұраның кеңейтілген тізіміне реми түрде енгізілді. 

Бұл туралы «Синьхуа» хабарлады. Қазақтың халық 

медицинасы  мен  ат  спорты  ойындары  қазақ 

ұлты  шоғырланған  Алтай  өлкесінде  кеңінен 

өріс  алған.Осы  жылғы  ат  спорты  жарысынан 

орын  алған  жеңімпаздардың  бірі  оған  қазақ 

ұлттық спорт түрлері, əсіресе ат спорты ойын-

дары ерекше ұнайтынын атап өтті.

Германиялық  қазақ  Нəби  Филиз  Қазақстанға 

келеді. «Аламан»  тілшісі  анықтағандай,  Нəби  Фи-

лиз  шымкенттік  «Қыран»  командасымен  келісім 

шарт  жасаспақ.  Ойыншы  алдағы  уақытта  командаға 

Түркияда  өтетін  оқу-жаттығу  кезінде  қосылады. 

Нəби 1989 жылы  Германияның  Розенхайм  қаласында 

дүниеге  келген.  Бүгінде  мюнхендік  «Баварияның» 

футбол мектебінде тəлім алатын ол алты жасынан ба-

стап  допты  өміріне  серік  еткен.  Футзалдан  Бавария  

аймақтық  лигасында  ойнайтын  Нəби  футболдың 

осы  түрінен  Германия  ұлттық  құрамасына  шақырту 

да  алды.  Алайда,  кəсіпқой  футболға  аңсары  ауған 

ол  атажұрттағы  командалардың  бірінде  ойнағысы 

келетінін айтқан екен.

ТАҒЫЛЫМ

ҰСТАЗ ҰСТЫНЫ

Адамзат  тарихына  өшпес  қара  таңба 

салған 1941-1945 жылдардағы  екінші 

дуниежүзілік соғыс дүмпуі басылып,  Ұлы 

Жеңістің  салтанат  құрғанына  биыл 70 

жыл  толғалы  отыр.  Бұған    төрткүл  дүние 

зер  салып  қарап  отыр.Ұлы  Жеңістің 70 

жылдығын  бүкіл  ТМД  елдері  атап  өтпек. 

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс 

жалпы  бейбітшіл  елдердің,  жасампаздық 

жолындағы 

халықтардың 

өміріндегі 

аса  маңызды  атаулы  мерекесі.Əсіресе 

бұрынғы  Кеңес  Одағының  құрамында 

болған  мемлекеттер  үшін  мəні  ерекше 

жоғары.  Ең  алдымен  бұл    Жеңіс – біздің 

жалпы  тарихымыз.  Қар  жастанып,мұз 

төсенген  отты  жылдарда,сыз  окоптарда 

шыңдалған жауынгерлік достықтың, əр ұлт 

өкілдерінен құралған əскери құрамдардың 

қайталанбас  ерлігі  мен  өрлігінің  белгісі. 

Кешегі  аға  ұрпақтың  жанын  да,  қанын  да 

аямай,  елім  деп,  жерім  деп  кеудесін  оққа 

төсеген,  қабырғасы  қатпаған  жетімдер 

мен  желегі  желкілдеп  қалған  жесірлердің 

еңіреп  жүріп  «Бəрі  де  майдан  үшін!»  деп 

тылда  аянбай  тер  төккен  патриоттық 

рухының биік көрінісі. Сондықтан да оған 

ешкім де бей-жай қарай алмайды.  

Міне, 70 жыл бойы соғыстың сызы мен 

ызғары  адамдардың  жүрегінде  қатар  өмір 

сүріп  келеді.  Соғыс  қасірет  əкелмеген  от-

басы  жоқ.  Əр  шаңырақ  оның  қияметін 

сезінді.  Сұрапыл  жылдар  бүгінде  самай-

ын ақ шалған қариялардың балалық шағын 

ұрлаған зұлмат. Сондықтан да барша адам 

баласы фашизм тұтандырған сол бір соғыс 

өртіне лағнет айтып келеді. Ендеше, адам-

зат тарихындағы қара таңбаны бүгінгі жас 

ұрпақ  терең  ұғынып,  енді  мұндай  апатқа 

жол  бермейтін  саналы  азаматтар  болып 

өсуі  үшін  Ұлы  Жеңістің  маңыздылығын 

еш  түсірмеу  керек.  Кейбір  азамат-

тар 1941жылғы  соғыс  біз  үшін  қажетсіз 

соғыс болды деген жаңсақ пікір білдіреді. 

Бұл  асылық  айтқандық.  Бұлай  ойлау – 

Жеңістің мəнін аяқ асты ету. Басқаны бы-

лай  қойғанда,  Еуропаның  əр  түкпірінде 

шейіт болып, мəңгілік қалып қойған қазақ 

жауынгерлерінің  аруағын,  мүгедек  болып 

оралып,  елімізді  қайта  қалпына  келтіру 

үшін еңбек еткен ардагерлердің намысын, 

тылда  белі  қайысып  жүріпқара  жұмыс 

істеген  аналар  мен  балалардың,  соғыс 

жетімектерінің төгілген көз жасын қорлау 

болар  еді.  Біз  тəуелсіз  елдің  ұрпақтары, 

қазақстандықтардың  майдан  даласындағы 

ерліктері  мен  тылдағы  табандылықтарын 

ешқашан ұмытпауымыз керек. Себебі,  біз 

жеңістің мұрагерлеріміз. 

Мұхтар АРЫСТАНБЕК, 

№269 орта мектеп оқушысы.

Қармақшы ауданы.

Қазақстан Республикасының

Қылмыстық кодексі

Қазақстан Республикасының Кодексі 

2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V ҚРЗ

387-бап. Əскери қызметтен жалтару

1.  Əскери  қызметтен  босатуға  заңды  негіздер  болмаған  кезде  осы  қызметке 

шақырылудан  жалтару – бір  мың  айлық  есептік  көрсеткішке  дейінгі  мөлшерде 

айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас 

бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы;

2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;

3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дəл сол іс-əрекет  – үш 

мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзу 

жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге 

бас бостандығынан айыруға жазаланады.



Ескерту. Егер əскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы істі сотқа бергенге дейін 

əскерге шақыру пунктіне өз еркімен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 



Бас бостандығынан айыру мекемелерінен 

босатылған азаматтардың назарына!

Сізге,  тұрақты  мекен  жайыңызға    орналасқаннан  кейін,  Қызылорда  қалалық  

жұмыспен  қамту  жəне  əлеуметтік  бағдарламалар  бөліміне  хабарласуыңызға 

болатындығын  ескере  отырып,  осы  жерде  өз  мамандығыңыз    бойынша  жұмысқа 

алуыңызға  мүм кіндік  бар.  Сонымен  қатар,  отбасыңызға  кірер  табыс  көзі  болмаған 

жағдайда  тұрғын  үй  көмегін, 18 жасқа  дейінгі  жастағы  балаларыңызға  балалар 

жəрдемақысын, атаулы əлеуметтік көмек алуыңызға  болатындығын хабарлаймыз.

Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №43, телефондар 27-

70-67, 27-81-81. Өзіңізбен бірге еңбек кітапшасын (болмаған жағдайда - диплом немесе 

аттестат), жеке куəлік, мекен-жəй анықтамасын ала келуіңіз қажет. 

Алаштың  біртуар  ақыны  Мағжан  Жұмабаев: «Қазақтың 

тағдыры,  келешекте  ел  болуы  да  мектебінің  қандай  негізде 

құрылуына  барып  тіреледі.  Мектебімізді  таза,  берік  һəм  өз 

жанымызға  үйлесетін  негізде  құра  білсек,  келешегіміз  үшін 

тайынбай-ақ серттесуге болады» деген.

Осы ұлағатты сөз сан ғасырлар өтсе де өз өміршеңдігін жойған 

жоқ.  Расында,  біздің  өмір  сүріп  отырған  уақытымыз  білекке 

сенетін емес, білімге сенетін заман. 

Осы қағидатқа берік оқушыларға сапалы білім, саналы тəрбие 

беру  мақсатында  жұмыс  жасап  келе  жатқан  қаламыздағы  іргелі 

білім ордасы, парасат ұясына айналған  №140 қазақ орта мектебі. 

Қаламыздың  көрікті  орталығында, - ұлы  Абай  даңғылы 

бойындағы, тарихы ширек ғасырға ұласқан бұл еңселі мектептің 

қала,  облыс  көлемінде  өзіндік  орны  бар.  Еліміздің  болашағы 

жарқын  болуы  үшін  мемлекетіміз  келешекте  бəсекелестікке 

қабілетті  жастарды  тəрбиелеп  шығаруы  маңызды  орындардың 

біріне қойып отыр. Осы орайда қоғамның ең құнды капиталы – са-

налы шəкірт тəрбиелеу ісінде ілгері жетістіктерге ие мектебіміздің 

тарихы терең, тəлімі ордалы.

Шығармашылық  ізденіс  пен  ғылыми  жаңалықтары  білім- 

ғылымның  дамуына  үлес  қосып,  əрдайым  ынтымағы  арқасында 

қол  жетпес  биіктерге  талпынған  ұжымды    көп  жылдардан  бері 

еңбек  жолын  тəрбиеші,  бастауыш  сынып  мұғалімі,  педагог - 

психолог,   əдіскер,  мектеп  директорының  тəрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасары секілді қызмет сатыларынан өткен тəрбиелі тəлімгер  

Гүлмира Рəсілқызы Қоңырбаева басқарып келеді. 

Оның  адам  тəрбиесі  жолындағы  іркіліссіз    ізденістері  мен  

білімді  біліктілігі    жан  сүйсінтеді.  Қиыны  да  қызығы  қатар 

жүретін  бастауыш  сынып  мұғалімі  мамандығын  таңдаған 

Гүлмира  өзінің 20 жылдан  астам  ұстаздық  жолында    жүздеген 

шəкірттің  қолына  қалам  ұстатып,  əріп  танытып,  білім  əлеміне 

қанат қақтырды. Ол оқушыларға бағдарлама бойынша ғана білім 

беріп  қоймай,  өнердің  түрлі  саласын  игеруге,  ғылымға  бала 

күннен  бет    бұруға  тəрбиелеген.  Мектепте  білім  берумен  қатар 

тəрбие  жұмыстарының  ата - аналармен,  қоғамдық  ұйымдармен 

жан - жақты байланыста жүргізілуіне  баса назар аударады.

Үнемі ізденіс жолында жүретін ұстаз өзін мазалайтын «Қалай 

оқыту  керек?»  деген  сұраққа  жауапты  жаңа  технологиялар-

ды пайдалана білуден, тынымсыз еңбектен іздейді. Оқушы бой-

ында  ең  алдымен  оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыра  отырып,    

ойлау  дағдыларын  жетілдіріп,  өз  бетінше  ізденіс  жүргізуді 

қалыптастырады.  Оқушының  белсенділігі  артып,  өз  бетінше  

шығармашылыққа  бетбұрыс  алуы – жаңа  технологиялардың  оң 

нəтижесі, тиімді қолданудың жемісі болса керек.  

Абыройы  биік,  ортасына  сыйлы  ұстаз,  білікті  басшы  

облыстық,  қалалық  семинарларда  түрлі  сабақтар  мен  шара-

лар  өткізіп,  қол  жеткізген  тəжірибесін  таратуда.  Еңбегіне  қарай 

лайықты  бағасын  алып  жүрген  Гүлмира  Рəсілқызы    облыстық, 

қалалық  білім басқармасының, облыстық мұғалімдердің  білімін 

жетілдіру  институтының  Алғыс  хат,  Құрмет  грамоталарымен  

жəне Ы.Алтынсарин медалімен марапатталды.   

2014  жылы  психология  саласын  дамыту  жолында  жасаған 

елеулі  еңбегі  үшін  психология    ғылымдарының  халықаралық 

Академиясының Құрмет грамотасымен марапатталуы да осындай 

көп құрметтерінің бірі.

Сонымен бірге білікті ұстаздың 1 - 4 сынып үшін мұғалімдерге, 

ата-аналарға, оқушыларға арналған «Дүниетану пəнінен тест  тап-

сырмалары» атты еңбегі жарыққа шықты.  

«Қазақстан  орта  мектебі»  атты  республикалық  ғылыми - 

əдістемелік журналда Гүлмира Рəсілқызының сабақ жоспарлары 

мен  басқарып  отырған  мектеп  мұғалімдерінің  іс - тəжірибелері 

республика  көлеміне таратылды.  

Мектеп оқушыларының қол жеткізген табыстары да бір төбе. 

Тараз  қаласында  өткен  «Жас  ғалым – 2011» атты  халықаралық 

ғылыми -практикалық конференцияға қатысушы оқушысы Назым  

Мұрсал  баяндамасының  жаңашылдығы,  жоғары  деңгейлігі  мен 

мазмұндылығы үшін ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталды.

2011 


жылы 

мектеп 


оқушысы 

Ақназар 


Əнуарбек 

Халықаралық  FLEX  бағдарламасының  тіл  білімі  сайысында 

облыс  бойынша  қатысқан 600 оқушыдан  үздік  шығып,  терең 

білім  көрсеткен  38 озықтың  бірі.  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университетінің  ұйымдастыруымен  өткізілген  пəндік 

олимпиадаға  Жазира  Ыбырайқызы,  Нұрбек  Берікбай,  Назым 

Мұрсал,  Інжу  Тасболатова   сияқты  бірнеше  мектеп  оқушысы 

қатысып, іріктеу турынан сəтті өтті.

Сол  жылы IT университетінің ұйымдастыруымен өткізілген 

пəндік олимпиадада  Нұрболат Ердіқұл жүлделі орын иемденіп,сол 

университеттің 50 пайыз жеңілдігін иеленді. 

“IQ оқу-консалтинг” орталығының ұйымдастыруымен  3 – 10 

сынып оқушылары арасында  негізгі пəндер бойынша өткізілген  

қалалық мектепаралық олимпиадада 4 оқушымыз жүлдемен орал-

ды.  Олар 4 сыныптың  оқушысы  Толғанай  Əбдіхалық – қазақ 

тілі  пəні  бойынша  ІІІ  орын, 6 сыныптың  оқушылары  Майра 

Шымырова   –  орыс тілі пəні бойынша жүлделі І орынды иеленді. 

Əсет Оспанов – математика пəні бойынша ІІІ орын,  10 сыныптың 

оқушысы  Жалғас  Орынбай – шет  тілі  пəні  бойынша  жүлделі  ІІ 

орынды иеленді.

2013 жылы жыл сайынғы өткізілетін дəстүрлі республикалық 

олимпиаданың  ІІ  кезеңінде 4 оқушымыз  білімділер  дода-

сында  үздік  көрсеткіштер  көрсетіп,  қала  мектептерінің 25-30 

оқушылардың  ішінде үздіктер қатарынан көрініп,  жүлделі орын-

дар иеленді. 

Бастауыш  сынып  мұғалімі  Роза  Əлшоразова 2012 жылдың, 

Марал  Қосанова 2014 жылдың  қорытындысы  бойынша    «Қала 

əкімінің  стипендианты»  атанса, 2014 жылдың  қорытындысына 

сəйкес  Гүлмира  Ахметова  миллионер  ұстаз  атанды.  Жадыра 

Айбатова  А.Жұмаділдаев атындағы «Үздік жас математик»  но-

минациясын иеленді. 

Мектептің  «Шыңдау»  орталығының  ұстаздары  қала,  облыс 

көлемінде  түрлі  сайыстарда  үздік  нəтижелер  көрсетіп,  алдыңғы 

қатардан көрінуде. 

ҰБТ  қорытындысы  бойынша  мектебіміз  алдыңғы 

ондықтар  қатырынан  көрінді.  Мектеп  бітіруші  түлектер 

ішінен  екі  оқушы  қатарынан  төрт  жыл  «Алтын  белгі» 

иегері  атанса,  бес  бірдей  түлек  «Үздік  аттестат»  иегері 

атанды. 2011 жылы  ҰБТ  қорытындысында  «Алтын  белгі» 

иегерлерін  дайындауда  жоғары  нəтиже  көрсеткені  үшін 

мектеп  ұжымы  облыс  əкімінің  миллион  теңге  көлеміндегі 

ақшалай  сыйлығын  иеленді.  Осындай  еңбек  нəтижесінде 

2014  жылы  Гүлмира  Рəсілқызы  басқарған  ұжым  қала 

мектептері  арасында 5 орынға  табан  тіреді.  Бұл    жас  та 

болса  басшының іскерлігін көрсетеді. 

«Жақсы  мұғалім  маған  бəрінен  де  қымбат,  өйткені,  ол – 

мектептің жүрегі» деп, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин айтқандай, 

нағыз ел азаматы, жақсы ұстаздың алдынан шығады. Зейнетінен 

бейнеті  басым  ұстаздық  еңбекте    жақсы  жетістіктерге  қол 

жеткізіп жүрген Гүлмира Рəсілқызының алдағы алар асуы асқақ, 

бағындырар белестері  бұдан да биік болмақ. 



1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал