Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 345.38 Kb.

бет1/3
Дата22.04.2017
өлшемі345.38 Kb.
  1   2   3

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қаңтар


сенбі

24

№6 (1106)

2015 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қызылорда қалалық газеті        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

Тамағыңды тауып 

жерлік кəсіп,

одан да тəуір қызмет 

жолығар. Бірақ ол қара 

орманың - өскен еліңнің 

ортасында жүріп ішкен бір 

жұтым қара суға 

қайдан татысын?!

Н.НАЗАРБАЕВ.

«Интернет  арқылы  тиімді  билет»  шарасының 

жеңімпазына «iPhone» табыс  етілді.Электрон-

ды  темір  жол  билеттерін  сатып  алған  Дулат 

Дəуренбеков «iPhone» ұялы  телефонына  ие  болса, 

он жеңімпаз LED-теледидарларын олжалады.Бұдан 

бөлек, «Интернет  арқылы  тиімді  билет»  шарасына 

қатысқан  Назгүл  Əміржанова,  Марина  Метельская  

жəне  Нұржан  Мақсатов  «Тұлпар-Тальго»  пойы-

зында  кез  келген  бағытқа  бір  мəрте  тегін  жүру 

құқын ұтып алды.Өткен жылы темір жолда тұңғыш 

рет  электронды  билетті  рəсімдеу  технологиясы 

енгізілген  болатын.  Ол  жолаушыларға  кассаға  ке-

зекке  тұрмай өз бетінше интернет-ресурсы арқылы 

бірден билетсатып алуға мүмкіндік береді

Байқоңырдан 

«Протон-М» 

зымыранын 

1-ақпанда  ұшыру  жоспарланып  отыр.  Қазіргі 

уақытта  Ұлыбританиядан  геостационарлық  ор-

битада  телекоммуникациялық  құрылғы  əкелінді, 

-  деп  хабарлайды  sdnnet.ru сайты.   Inmarsat-5F2 

ғарыш  кемесі  Ұлыбританиядағы    «Боинг»  ком-

паниясы  Inmarsat  байланыс  операторы  үшін 

өндірген.  Аппараттың  салмағы 6 тонна.  Опе-

рация  кезінде,  жерсеріктер  жоғарғы  сатысы-

на  қойылып,  барлық  құрылымдары    тігінен 

көрсетіледі.

«Протон - М» 

зымыран 


тасығышы 

Қазақстандағы  «Байқоңыр»  ғарыш  айлағынан 

2015 жылдың 1 ақпанында ұшырылады. 

2-бетте

«Ақмешіт апталығына» 

жазылыңыз!

Қалалық «Ақмешіт апталығы» газетіне 

2015 жылдың бірінші жартыжылдығына 

жазылу жалғасуда. 

Басылымның алты айға жазылу бағасы: 

Жеке тұлғалар үшін - 2000 теңге, 

мекемелер үшін - 3000 теңге.

Газетке «Қазпошта АҚ», 

«Евразия Пресс» ЖШС филиалдарында 

жəне 


«Сыр медиа» ЖШС-нің өзіне келіп 

жазылуға болады.

«Күшті  ұлт  болу  үшін  алдымен  ішкі 

бірлік,  ұйымшылдық  пен  татулық  керек» 

деген  еді Елбасымыз.  Еліміздегі көп ұлттың 

бір  мақсат,  бір  мүддеден  табылуы  осы 

даналықтың бір дəлелі іспетті, ортақ отаны-

мыз өсіп-өркендеп келеді.

Біздің  қаламызда  да  он  бір  ұлттың 

өкілі  бір  тілекпен    өмір  сүруде.  Солардың 

бірі - елдің  достығына  ерекше  үлес  қосып, 

қазақтың  қолқайырлығын  бойына  тоқыған 

облыстық  «Словяне»  қоғамдық  мəдени 

бірлестігі.

Жақында  бірлестік  Қызылорда  қала-

сындағы  А.Макаренко  атындағы  балалар 

Үйінде  қайырымдылық  акциясын  өткізді. 

Бірлестіктің белсенді мүшелері балаларға ар-

нап  концерт  қойды,  оларға  тəтті  сыйлықтар 

үлестірді.  Өз  кезегінде  балалар  алғыстарын 

өнерлерімен қайтарды.

Көңілдің 

шырайын 

келтірген 

кез-

десу  еліміздегі    достық  пен  бірліктің, 



толеранттылықты  ең  құнды  қағида  екенін 

түсіндірді.



Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.

Сербияның Суботица 

қала сында бокстан қыздар 

арасында өткен IV Ұлттар 

кубогы жолындағы турнирде 

Қызылорда облысы, Қазалы 

ауданының тумасы 

Аида Оңдаш жеңіс 

тұғырына көтерілді.  Ол жастар 

арасында 81 келі салмақта өнер 

көрсетіп, турнир жеңімпазы 

атанды. Аталмыш турнирге жас 

ерекшеліктеріне қарай 

үш топта əлемнің он елінен 

спортшы қыздар қатысты. 

Бокстан  спорт  шеберлігіне 

кандидат  Аида 1998 жылы 

Қазалы  ауданы,  Бозкөл  ауы-

лында  дүниеге  келген.  Екі 

жылдан  бері  бокс пен  айна-

лысып  келеді.  Ол  бұған  дейін 

2014  жылы  Оралда  бокстан 

жасөспірімдер  арасында  өткен 

Қазақстан 

чемпионатының 

кү міс  жүлдегері,  Қарағанды 

қаласында 

қыздар 


арасын-

да  «мықтылар»  атты  тур нир-

дің,  Тараз   қаласында  бүкіл 

қазақстандық  оқушылар  спар-

такиадасының 

жəне 


халық -

аралық турнирлердің жеңім пазы 

атанған.  Оны  түрлі  жарыстарға 

дайындап,  шеберлігін  шыңдап 

жүрген  жаттықтырушысы – 

Бахытбек  Құлбаев. 

Қатарынан 

оза 


шауып, 

бəйгенің  алдын  бермеуге  тыры-

сып  жүрген  елжанды,  еңбекқор 

қыз наурыз айында бокстан жас-

тар  арасында  өтетін  Қазақстан 

чемпионатына  қатысып,  бақ 

сынайтын   болады.  Одан  кейін 

былғары  қолғап  шебері  болып  

үлгерген 

жерлесімізді 

ма-

мыр  айын да   Тайпейде  болатын 



Əлем  чемпионаты  күтіп  тұр. 

Қазақ елінің намысын ту қылған 

ұлтымыздың  қайсар  да,  рух-

ты  қызы  əлемдік  додада  да  топ 

жарады  деген сенімдеміз.

Бүгінгі шараға өңіріміздегі жоғарғы оқу орындары-

нан профессор-оқытушылар, этномəдени бірлестіктердің 

өкілдері, зерттеу орталықтарының мамандары, қоғамдық 

ойдың жетекшілері мен студент жастар қатысты. Шара-

ны облыстық қоғамдық келісім орталығының директоры 

Рахима Ахметова жүргізді. 

–  Үстіміздегі  жылы  елімізде  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 20 жылдық  тойы  республикалық 

деңгейде мерекеленеді. Ұлт көшбасшысы Н.Ə.Назарбаев 

«Нұрлы  жол - болашаққа  бастар  жол»  атты  халыққа 

арнаған Жолдауында «Ассамблея құрылуының 20 жыл-

дығын  атап  өту  арқылы  біз  қазақстандықтардың  руха-

ни  күш  қуатын  арттыруымыз  жəне  толеранттылығын 

еселеуіміз  керек  деген  болатын.  Бүгінгі  шараны 

ұйымдастырудағы  мақсат  осы.  Еліміздегі  татулық  пен 

тұрақтылықты  сақтауды  жастарға  насихаттай  білуіміз 

қажет, – деді Рахима Қаржаубайқызы.

Сонымен  қатар,  дөңгелек  үстел  барысында  атал-

мыш  тақырыпта  бірқатар  баяндамалар  оқылып, 

Ассамблеяның  қызметі,  алдағы  жоспарлары  айтылды. 

Мəселен, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Қорқыттану 

жəне  өлке  тарихы»  ғылыми - зерттеу  институты 

директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кан-

дидаты, доцент Айтжан Оразбақов «Қызылорда облысы  

халқының  көпэтникалық  құрамының  қалыптасу  та-

рихы»   тақырыбына тоқталды. 

–  Бірлік  пен  татулық  тəлімінің  қазіргі  көпұлтты 

Қазақстан  жағдайында  маңызы  ерекше.  Мемлекет 

құраушы,  елдің,  жердің  иесі  ретінде  қазақ  халқы  өзге 

ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді 

десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз 

жеткізе  аламыз.  Қиын-қыстау  кезеңге  тап  болған  өзге 

ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейірімін 

аямаған.  Алаш  елі  тағдырдың  жазуымен  жер  аудары-

лып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім 

нанын  бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың 

өткен  жəне  бүгінгі  буыны  қазақ  халқына  шексіз  риза. 

Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері 

өмір  сүріп  жатыр.  Оларға  Қазақстан  азаматтары 

ретінде  тең  құқық  берілген.  Олар  білім  алу,  емделу, 

жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. 

Елімізде мекен  еткен ұлт пен ұлыстарға өз мəдениетін 

дамытып,  салт-дəстүрлерін  сақтауға  лайықты  жағ-

дайлар  жасалған.  Олардың  əрқайсысының  ұлттық 

мəдени  орталықтары  тұрақты  жұмыс  істейді.  Мəдени 

орталықтар əр халық өкілдерінің өз ұлттық дəстүрлерін 

сақтауға  зор  ықпал  жасап  келеді.  Сонымен  бірге, 

көпұлтты Қазақстанның мəдени жағынан əртарапта да-

муына  үлес қосып келеді, – деді ол баяндамасында. 

Ал,  «Lev ami» Қызылорда облыстық еврей қоғамдық 

-  мəдени  орталығы»  қоғамдық  бірлестігінің  жетекшісі 

Людмила  Ли  қоғамдық  бірлестіктің  қызметі,  мақсаты 

жөнінде айтып өтті.  

–  Елбасы  Ассамблеяның  өміршеңдігінің  ең  бас-

ты  ерекшелігі – ол  этностық  топтардың  қызметін 

бақылаумен  айналысатын  қарапайым  ұйымға  ғана 

емес,  сонымен  қатар  еліміздегі  барлық  ұлт  пен 

ұлыстың  мүдделерін  бір  арнаға  тоғыстырушы, 

барлық  азаматтардың  этностық,  діни  ерекшеліктеріне 

қарамастан  құқығы  мен  бостандығын  сақтаушы 

толыққанды  саяси  институтқа  айналғандығын  айтты. 

Бізде осыған орай, жастарды достыққа, ұлтжандылыққа 

тəрбиелеу үшін жұмыс жасаймыз, – деді Людмила Ли. 

Сондай-ақ,  Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ-дың 

«Қазақстан  халқы  Ассамблеясы»  кафедрасының  аға 

оқытушысы  Жайна  Сыдықова,  Қызылорда  қазақ 

гуманитарлық-заң  жəне  техникалық  колледжінің 

жоғары  санатты  оқытушысы  Светлана  Мұсабекова 

жастарды  толеранттылыққа  тəрбиелеудің  маңызы 

жəне  этносаралық  татулық  пен  қоғамдық  келісім 

мəселелерінің  студенттер  арасында  насихатталуы 

жөнінде бірқатар мəселелерге тоқталды. 

Ауқымды шарада Қызылорда облысының Азаматтық 

Альянсы қауымдастығының төрайымы Ə.Əбдіхалықова, 

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда 

облыстық  комитетінің  І-ші  хатшысы  Т.Телеубаев, 

«Жас  Отан»  жастар  қанаты  Қызылорда  облыстық 

филиалының 

атқарушы 

хатшысы 

А.Сабанбаев, 

«Мəртебелі  Қазақстан»  қоғамдық  қорының  басшысы 

Н.Мұсаева ұтымды ойлары мен пікірлерін ортаға салды. 

Дөңгелек  үстелді  қоғамдық  келісім  орталығының 

директоры Р.Ахметова  қорытындылады.

Біздің  елдегі  бірлік  пен  қоғамдық  келісімнің  баста-

уы - Қазақстан  халқының  ортақ  тарихы. «Бақ  та,  тақ 

та  таласқанға  бұйырмайды,  халықтық  істе  жарасқанға 

бұйырады», – деген  дана  бабаларымыз.  Сондықтан  да 

атқаратын  игілікті  істеріміз  халқымыздың  болашағын 

бірлігіміз бен берік етсін.



Айтолқын АЙТЖАНОВА.

Бірлік пен татулықтың, ұлтаралық достықтың символына айналған 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  үшін    биылғы  жыл  айтулы,  мерекелі 

жыл болмақ. Яғни, құрылғанына 20 жыл толатын осынау мерейтойдың 

іс-шаралары  бүгінде  əр  жерде  өтуде.  Оған  аймағымызда  жастар  да 

өз  үлесін  қосуда.  Мəселен,  Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ-дың  Студент-

тер  сарайында   өңіріміздегі  этно - мəдени  бірлестіктер  мен  жастар 

ұйымдарының  көшбасшыларымен  кездесу  болып  өтті.  Аталмыш  ша-

раны облыстық жастар саясаты мəселелері 

басқармасы 

басшысының 

міндетін 

атқарушы  Еркебұлан  Меңлібаев  жүргізіп 

отырды.  Бүгінгі  жиында    Ассамблеяның 

20  жылдық  мерекесіне  орай  атқарылатын 

іс-шаралардың жоспары мен бұл мерекенің 

Қазақстан  халқы  жəне  өзге  ұлт  үшін 

маңызды екені айтылды.

Кездесуде  сөз  алған  Қорқыт  ата 

атындағы  ҚМУ-дың  «Қазақтан  халқы 

Ассамблеясы»   кафедрасының  аға  оқыту-

шысы  Жайна  Сыдықова  бірлік  пен  келі-

сімде  өмір  сүруіміз  Елбасының  сараб-

дал  да,  салиқалы  саясатының  арқасында 

деп  атап  өтіп,  бүгінгі  қоғамда  алатын 

Ассамблеяның рөлін сөзге тиек етті.

–  Біздің  қоғамда  ешкімнің  де  этностық  артықшылығы  жоқ  жəне 

бар  қазақстандықтардың  заң  алдында  терезесі – тең,  керегесі – кең. 

Біртұтас  Қазақстан  халқының  бөлінбес  бір  бөлшегі  ретінде  баршамыз-

ды толғандырытын мəселе, ол – əрқайсысымыздың Қазақстанның бір аза-

маты  ретінде  ұлтаралық  тұрақтылықты  нығайтып,  халықтың  əлеуметтік 

жағдайын  жақсарту.  Қазіргі  уақытта  Елбасының  қойып  отырған  негізгі 

мақсаты да – ел бірлігі. Ол бірліктің тұтқасы да, ұйытқысы да, келешегі де 

жастар деп үміт артып отыр. Сондықтан елдің ынтымағына, татулығына 

ұйытқы  болуға  жұмыс  жасау  қажет.  Көпсөзділікпен  шектелмей,  нақты 

істер арқылы атсалысу керек, – деді Ж.Сыдықова. 

Шара  барысында  бірлікті  ту  еткен  қатысушы  өзге  ұлт  өкілдері  де 

татулық пен ынтымақ туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Олар 130 - дан аса 

ұлт пен ұлысқа құтты қоныс, мейірімді мекен еткен Қазақ елі мен халқының 

қамқорлығына алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. 

Жиын соңында белсенді жастар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 

жылдығына орай міндеттеген тапсырмаларды назарға ала отырып, оның 

жүзеге асуына белсенділікпен атсалысатындарына уəде етті. 

–  Ассамблея  Қазақстан  азаматтарын  отансүйгіштік  рухта 

тəрбиелеуге,  халықтар  арасындағы  достық  пен  бірлікті  нығайтуға 

өлшеусіз  үлесін  қосуда.  Үстіміздегі  жылдың  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының жылы болып  жариялануы бұл құрылымның жұмысын 

одан əрі нақтылап, дамыта түсері анық. Біздің бə¬ріміздің мақсатымыз 

бір: туған топырағымыздың, ортақ Отанымыздың, қасиетті мекеніміздің 

өркендеуі. Бұл – біздің ортақ табысымыз, мақтанышымыз. Сондықтан 

Елбасы  бастамаларының  өмірде  шынайы  жалғасын  тауып,  ұрпақ 

сабақтастығында  бүкілхалықтық  қолдау  табуына  əрқашан  жауапты-

мыз, – деп қорытындылады кездесуді Е.Меңлібаев. 

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.

АҚЖОЛТАЙ

Былғары 


қолғапты 

балғын қыз



Қолқайыр 

жүректің 

тілегі

БІРЛІК – 

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 20 ЖЫЛ

Кез-келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Халық үшін бейбіт заманда 

мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа 

Тəуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мəн беріліп келеді. Яғни, Қазақстанда өмір сүріп жатқан эт-

нос  өкілдерінің  мүддесі  Елбасымыздың  тікелей  қадағалауында.  Осының  аясында  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 20 жылдық мерекесін республикалық деңгейде тойлау жоспарға алынған. Бірлік пен 

татулықты алдыңғы орынға қоятын еліміз аталмыш мерекенің іс-шараларын бастап та кетті. Осыған 

орай, Қызылорда қазақ гуманитарлық - заң жəне техникалық колледжінің ғылыми кеңес мəжіліс за-

лында  Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық хатшылығы мен Қызылорда облысы əкімі 

аппаратының  қоғамдық  келісім  орталығының  ұйымдастыруымен  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы: 

этносаралық келісім мен татулықтың қазақстандық үлгісі»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДІҢ – БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

КОММУНАЛДЫҚ 

ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ 

ТҰРАҚТЫ

Аймағымызда  тарифтердің  бағасын  негізсіз 



өсіру  қатаң  бақылауда  болады.  Бұл  туралы 

Қызылорда  облысы  əкімінің  орынбасары  Нұржан 

Əлібаев  журналистерге  арнайы  өткізген  баспасөз 

мəслихатында кеңінен мəлімдеді. 

–  Жасыратыны  жоқ,  электр  энергиясының 

басым   бөлігін  біз  өзге  өңірлерден  аламыз.  Жыл 

басталысымен  олар  бағаны  көтерді.  Сондықтан 

аймағымызда  тариф  бағасының  өсуіне  байла-

нысты  өзгерістер  болды.  Алайда,  өзіміздегі 

мүмкіндіктерге  қарап  жылу  бағасын  арзандаттық. 

Сондықтан  тарифтердің  бағасын  негізсіз  өсіру 

қатаң  бақылауда  болады, – деді  облыс  əкімінің 

орынбасары Н. Əлібаев.

2015 


жылдың 1 қаңтарынан 

бастап  


«Қызылордажылуэлектрорталығы» 

МКК-ның 


жылуға  тарифі 3,6 пайызға  төмендетілген. 

Нəтижесінде  жылуға  төлемақы  тұрғындар  үшін 1 

шаршы метрге 82,03 теңгені құрап отыр.

Ал,  электр  қуаты  құнының  көтерілуіне 

“КЕGOG”  АҚ  былтыр  тарифін 50 пайызға 

қымбаттатқаны  да  себепші  болып  отыр.  Осыған 

байланысты  электр  тарату  компаниялары  бағаны 

көтеру жөнінде ұсыныс білдірген.

– Департаментте ұсынылған хабарла маларға са-

раптама жүргізілудің нəтижесінде электр энергия-

сына  орташа  босату  тарифтері  жобада  ұсынылған 

10,7  пайыздан 15,3 пайызға, 2015 жылдың 10 

қаңтарынан бастап 7,2 пайыздан 8,9 пайызға дейін 

көтеріледі, – деді ҚР Табиғи монополияларды рет-

теу  агенттігінің  Қызылорда  облысы  бойынша  де-

партамент басшысы Н.Пірімов.



Аймағымызда 

тарифтердің бағасын 

негізсіз өсіру қатаң 

бақылауда болады. Бұл 

туралы Қызылорда 

облысы əкімінің 

орынбасары 

Нұржан Əлібаев 

журналистерге арнайы 

өткізген баспасөз 

мəслихатында кеңінен 

мəлімдеді. 

ÀËҒÀÍÛ ÆÀҚÑÛ 

ҚÀÍÄÀÉ-ÄÛ

íåìåñå 


æàðûңûç 

íåøå æàñòà?



4-бетте

Сонымен  қатар,  су  мекемелерін  жаңғыртып, 

инвестициялық  тартымдылығын  қалыптастыру  ая-

сында  Қазақстан  Республикасында  суға  тарифтерді 

белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013-2015 

жылдарға  арналған  Кешенді  жоспары  қабылданған. 

Сондықтан ағымдағы жылы облыста сумен жабдықтау 

ұйымдарының  тарифтерін  көтеру  болжануда.  Деген-

мен,  судың  бағасына  келгенде  қызылордалықтардың 

қалтасына 

ауыртпалық 

түсірмейді. 

Себебі, 


Қызылорда  облысы  биыл 1,9 миллиард  теңге  суб-

сидия  алған.  Бұл  республика  бойынша  ең  үлкен 

көрсеткіш.  Яғни,  су  бағасы  қанша  қымбаттағанымен 

қарапайым  халық  бұрынғысынша 40 теңгені  ғана 

төлейді. Ал кəсіпкерлер нарықтағы бағамен есептеседі. 

Сондай-ақ,  газдың  бағасы  да  республикалық 

деңгеймен  салыстырғанда  анағұрлым  төмен.  Көгілдір 

отынның тарифі өспейді. 

– Қызылорда облысының əкімдігі мен «ҚазТрансГаз 

Аймақ»  АҚ  арасында  жасалған  меморандумға  сəйкес 

барлығы 23 млрд. теңгеге 4 аудан орталықтарына Арал, 

Байқоңыр қаласы  жəне Əйтеке би, Шиелі Жаңақорған 

кенттері автоматтандырылған газ тарату стансаларының 

құрылысы  мен  квартал  ішілік  газ  құбырларының 

құрылысын  салу  келісілген.  Бүгінгі  таңда 5 елдімекен 

бойынша  жоба-сметалық  құжаттамаларды  əзірлеу 

жұмыстары  жүргізілуде.  Құрылыс  жұмыстары  наурыз 

айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады. Аталған 

жобалар  жүзеге  асқан  жағдайда  облыстың 58 пайызы 

табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. 

Жалпы,  қызылордалықтар  халықаралық  қаржы 

институттарымен  байланысын  уақыт  өткен  сайын 

нығайтып келеді. Мəселен, Еуропалық қайта құру жəне 

даму банкімен 2 жылдан бері қаланың инфрақұрылымын 

дамытуға  арналған 8 жобаны  бірлесе  жүзеге  асыруға 

байланысты  келісімге келді. Бүгінде соның 6 жобасы бой-

ынша  жұмыстар  басталып  кетті, – деп  қорытындылады 

брифингті облыс əкімінің орынбасары. 



Айтолқын АЙТЖАНОВА.

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹6     24 ҚÀҢÒÀÐ, 2015 ÆÛË

ÍÀÇÀÐ

2

Облыстық наркологиялық орталықта алкогольді 

көп  қолдануынан  психикалық  жəне  мінез  құлық 

ауытқуына  байланысты  есепте  тұратын  Жо-

салы  кентінің  тұрғынына  «В,С»  категориялы 

жүргізуші куəлігі берілген.Бұл Қармақшы аудандық 

прокуратурасының    аудандық  ішкі  істер  бөлімі  

əкімшілік полиция бөлімшесіне жол-көлік қозғалысы 

бойынша тексеру жүргізу барысында белгілі болды, 

делінген  аудандық  прокуратурасының  мəліметінде 

Аталған  оқиғаға  байланысты,  айыпталушының 

іс-əрекетінде  ҚР  Қылмыстық  Кодексінің  бабында 

көрсетілген  қылмыстың  құрамы  байқалғандықтан, 

құжаттар  сотқа  дейінгі  тергеп-тексерудің  біріңғай 

тізіліміне тіркелді. . 

Beeline  Қазақстан  Ұйымшылдықты  дамы-

ту  жəне  қызметкерлермен  жұмыс  істеу  бойын-

ша  Бас  директоры  болып  Ольга  Бережнаяның 

тағайындалғанын  хабарлайды.Тағайындалу  тура-

лы  пікір  білдіре  отырып, Beeline Қазақстанның 

Бас  атқарушы  директоры  Тарас  Пархоменко: 

Басқару  тобының  жаңа  мүшесінің  бай  тəжірибесі 

адами  ресурстарды  басқару  саласындағы  замана-

уи  талаптарға  сай  келетін  жаңа  кешенді  бастама-

ларды  енгізіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  ком-

пания  көшбасшылары  мен  басқарушыларын  да-

мыту  бағдарламасының  жəне  басқа  да  негізгі 

жобалардың  тиімділігін  айтарлықтай  арттыраты-

нына сенімдімін», - деп атап өтті. 

Айта 


кетейік, 

Қызылорда 

қаласында  жолаушылар  тасымалы 

қызметі сапасын арттыру мақсатында 

«Байқоңыр»  ƏКК»  АҚ-мен  қалалық 

автобус  паркін  жаңартудың 2013-

2015  жылдарға  арналған 2 кезеңдік 

жобасы 


əзірленген 

болатын. 

Жобаның  бірінші  кезеңінде  газомо-

торлы  отында   жұмыс  істейтін  қазіргі 

заманға  сай  қалалық  кластағы 20 ав-

тобус  сатып  алынған.  Енді  екінші 

кезең  бойынша    «Байқоңыр»ƏКК» 

АҚ,  қала  əкімдігі  жəне  Еуропалық 

қайта құру жəне даму банкі арасында 

жасалған  үшжақты  меморандумның 

негізінде биыл жылдың аяғына дейін 

қосымша заманауи қалалық кластағы 

100  автобус  əкелінуі  қажет.  Оның 

алғашқы легі ақпан айында келеді деп 

жоспарланған.  

–  Биыл  қаламызда  көгілдір  отын 

өңдейтін кіші станциясы бар жаңа ав-

тобус паркі салынбақшы. Бүгінгі таңда 

автобус  паркі  құрылысының  жоба-

сметалық  құжаттамасы  мемлекеттік 

сараптамадан 

өткізілуде. 

Қаңтар 

айының  соңына  дейін  аяқталады  деп 



отырмыз.  Нəтижесімен  құрылыс - 

монтаждау  жұмыстарына  мердігер 

анықталып,  құрылыс  жұмыстар  бас-

талатын  болады, – деді  брифингте 

М.Бəйімбетов.

Сонымен  қатар,  жол-көлік  оқи-

ғаларын  алдын  алу  жөнінде  шара-

лар  жүргізу  жəне  жолаушылар  та-

сымалы  қызметінің  сапасын  көтеру 

бағытындағы  жұмыстар  басты  назар-

да екенін айтып өтті. 

Басқарма 

басшысы 

Марат  


Серікбайұлының  айтуынша,   айма-

ғы мызда  көлік  жүйесі  инфра-

құрылымын  дамыту  жұмыстары 

жоспарлы  түрде  жүзеге  асырылу-

да.  Мəселен,  облыс  аумағында 212 

кент  жəне  аудан,  елді  мекендер 

мен  облыс  орталығын  жалғайтын 

барлығы 215 тұрақты  автобус 

қатынасы  ұйымдастырылған.  Ал, 

Қорқыт  ата  атындағы  халықаралық 

əуежайы  арқылы  аптасына  барлығы 

20  рейс  орындалуда.  Бүгінгі  таң-

да 

əуежайдың 



халықаралық 

маршруттық желісін дамыту бойын-

ша жұмыстар жүргізілуде. Темір жол 

көлігі  саласына  келетін  болсақ,  бұл 

жұмыстар  бойынша  өткен  жылдың 

2  жарты  жылдығында  «Жезқазған 

-  Сексеуіл - Бейнеу»  темір  жолы 

іске  қосылған.  Сонымен  қатар, 

2014  жылдың 30 желтоқсанынан 

«Қызылорда-Астана» 

бағыты 

бойын ша «Тұлпар - Тальго» жүрдек 



пойы зы  жүргізіліп,  жергілікті  ха-

лықтың игілігіне пайдалануда.  




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал