Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 365.23 Kb.

бет1/4
Дата25.01.2017
өлшемі365.23 Kb.
  1   2   3   4

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қазан


сенбi

15

№80 (1281)

2016 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

ӘРІПТЕСТІК 

ЕЛ ТЫНЫСЫ

Қадірлі оқырман! Өздеріңіздің сүйікті 

ба сы лым дарыңыз – 

«Ақмешіт ап талығы» газе ті не 

2017 жылдың бірінші жарты 

жылдығына жа зылу  жүріп жатыр. 

Басылымның алты айға жазылу  бағасы: 

Жекелер үшін-2000 теңге, 

мекемелер үшін – 3000 теңге.

Газет индексі: жеке тұл ғаларға – 65463, 

мекемелерге –15463. 

Мекен-жайы: Қызылорда қа ла сы, Бейбарыс  

Сұлтан көшесі №4 үй. 

Анықтаманы 40-01-09, 70-00-37, 40-05-81 

телефондарынан алуға болады. 

Біздің есеп-шотымыз: ТОО «Сыр медиа» 

СТН 331 000 011 645  БСН 100 740 005 115 

ҚҚС бойынша тіркеу куəлігі 

Серия 33001 №0003930 от 17.08.2012 ИИК 

KZ349260701180488005  

АО Казкоммерцбанк КБЕ 17,  БИК 

KZKOKZKX    КОД 158872

«АҚМЕШІТ 

АПТАЛЫҒЫНА» 

ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

БАСПАСӨЗ  – 2017

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

Бүгінде №3 емхана көлемінде 6 мем лекеттік 

қызмет атқарылады. Атап айтар болсақ, олардың 

қатарында  емдеу  орнының  порталына  тіркелу, 

дəрігердің  қабылдауына  жазылу,  дəрігерді 

үйге  шақыру,  еңбекке  жарамсыз  анықтамасын 

жəне  мүшелердің  конспактакциясына  келісім 

беру  бар.  Осының  үшеуі  веб-портал  арқылы 

жүргізіледі.  Азаматтар  үйде  немесе  жұмыста 

оты рып, емхананың тіркеу порталына, дəрігердің 

қабылдауына жəне үйге шақыруға жазыла алады.  

Қазіргі  кезде  барлық  емханаларда 15 

қыр күйек  пен 15 қараша  аралығында 2 

айлық  науқан  жүргізілуде.  Оның  негізгі 

мақсаты  əрбір  адам  өз  еркімен  кез-келген 

емханаға  тіркеле    алады.  Сондай-ақ,  үйде 

немесе  жұмыс  орнында  отырып,  дəрігердің 

қабылдауына  жазылуға  болады.  Оны www.

egov.kz  веб-порталы  арқылы  жүзеге  асыра-

ды.  Қазіргі  кезде  бұл  жоба  əрбір  емделушіге 

уақыт  үнемдеуге  зор  мүмкіндік  беруде.  Со-

нымен қатар, мұнда келушілер түрлі аурудың  

алдын-алу  үшін  тегін  медициналық  скрининг 

тексеруден өтеді. Скрининг – арнайы жастағы 

тұлғаларды  қауіпті  факторлар  мен  ерте 

анықтау,  сондай-ақ  емдеу  тиімділігін  артты-

ру мен аурудың асқынуының алдын алу үшін 

профилактикалық – медициналық тексерулер-

ден өткізу. 

Осыған  орай,  №3  қалалық  емханасында 

үстіміздегі жылы алдын-ала медициналық скри-

нинг тексеруіне 17389 адам жоспарланып, 9 айда 

16145  адам  сол  шараның  игілігін  көрді.  Жыл 

соңында  аталмыш  меже  толықтай    орындала-

ды  деп  күтілуде.  Арнайы  тексеруден 40 жас тан 

асқан  кісілер  өтеді.  Дегенмен,  денсаулығы  сыр 

беріп  жүрген  кез  келген  жастағы  азаматтар  да 

дəрігерге көрінуге болады. Қорытындысы жақсы 

болған жағдайда 2 немесе 4 жылдан кейін  тек-

серуден  өткізіледі.  Алайда,  ол  адамнан  əлдебір 

аурудың  белгісі  байқалса  қайтадан  толық 

көрінеді.  

Сондай-ақ,  №6  қалалық  емханаға  бүгінде 

60  мыңнан  астам  адам  қаралады.  Жыл  басынан 

бері мұнда өз еркімен 5 мыңнан астам адам кел-

се,  науқан кезінде 2 мың азамат тіркелген. Оның 

ішінде 36 адам веб-порталдың көмегіне жүгінген. 

Сонымен  қатар,  соңғы  жылдары  бұл  емхана 

фильтр арқылы балалар мен ересектерге  қызмет 

көрсетеді.  Мəселен,  сəбилердің  іші  ауырып, 

салқын  тиіп  тымау  болып,  денесіне  бөртпелер 

шыққан жағдайда арнайы оқшауланған бөлмеде 

қаралады.  Яғни,  басқа  келушілерге  жұқтырмас 

үшін  жасалған  дүние.  Ал,  ересектерге  арналған 

фильтр бөлмесінде жоғарыға көтерілуге шамасы 

келмей қатты науқастанып келген үлкен кісілер 

медициналық көмек алады. 

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

СКРИНИНГ 

ТЕКСЕРУДІҢ 

ПАЙДАСЫ ЗОР

Қызылорда 

облыстық 

денсаулық 

сақтау  жəне  облыстық  ішкі  саясат  басқар-

маларының  ұйымдастыруымен  қалалық 

№3, 6 емханаларында  мемлекеттік  бағ-

дарлама  бойынша  атқарылып  жатқан 

жұмыстарды  таныстыру  мақсатына  БАҚ 

өкілдеріне баспасөз туры өтті.

Осындай  берекелі  бастамалардың  игілігін 

көріп 

келе 


жатқан 

ауыл 


шаруа шылық 

нысандарының  бірі – Қызылжарма  ауылдық 

округіне  қарасты  Башпай  өңірінде  орналасқан 

«Жұмабай» шаруа қожалығы. Осыдан 16 жылға 

жуық уақыт бұрын ашылған шағын нысан қазіргі 

таңда  тіршілігі  қайнаған  үлкен  қожалыққа 

айналған.  Жыл  сайын  ауыл  шаруашылығын 

дамытуға  арналған  бағдарламалар  игілігін 

айрықша сезініп отырған мұнда бүгінде 100-ден 

аса  мүйізді  ірі  қара, 80 бас  уақ  мал  өсірілуде. 

«Сыбаға»  бағдарламасымен 2011 жылдан  бері 

нəтижелі  жұмыс  атқарып,  аталмыш  тараптан  

берілетін  субсидия  көлемін  де  тиімді  игеру-

де.  Мəселен,  бастапқыда 50 бас, 2013 жылы 

28  бас  мүйізді  ірі  қара  алған.  Ал,  өткен  жылы 

асыл  тұқымды  бұқа  сатып  алғаны  үшін 308 

мың  теңге,  селекциялық  асылдандыру  мен  мал 

азығы жұмыстары үшін субсидия көмегіне иек 

артқан. Биыл да аталмыш бағыттағы жұмыстар 

сəтті жалғасын тапты.

Қожалық  иесі  Жұмабай  Балабатыр – 

шаруаның  жай-жапсарына  терең  қаныққан  кісі 

екен. Асқаралы алпыстың шыңына шыққанымен 

əлі де қимылы ширақ кісі қорадағы малдың мəн-

жайымен өзі таныстырды.

–  Алғаш  кəсібімді  бастағанда  сиыр  тұқымын 

асылдандыру  бағы тында 2 бұқа  алғанмын. 

Кейін  Арал  ауданындағы  «Берекет»  шаруа 

қожалығынан асыл тұқымды 4 ақбас бұқа əкелдім. 

Ниетімізге  қарай,  қазір  тіршілік-тынысымыз 

артып,   кəсібіміздің  тасы  өрге  домалады.  Біздің 

200  гектарға  жуық  жеріміз  бар.  Қазіргі  таңда 

негізгі басымдықты ет бағытындағы жұмыстарға 

беріп жатырмыз, – дейді Жұмабай Əбдікəрімұлы 

бізбен əңгімесінде.

Өзінің  жарты  жылдам  астам  өмірін  кеңестік 

сауда   саласына  арнаған  ақсақал  кейін  осы 

атакəсіпке  түбегейлі  бет  бұруды  ойлапты.  Сөйтіп, 

қолдағы  малды  өсіріп  қана  қоймай,  оны  асылдан-

дырып  тұқымын  жаңарту,  шөпті  уақытылы  даяр-

лап,  сапалы   жемнің  қыстық  қорын  сайлау  сынды 

қауырт істерге кірісіп кеткен. Бүгінде шалғай жер-

ден  орын  тепкен  қожалық  үй  жəне  қора-жаймен 

толық қамтамасыз етілген. Бабы мен жайы болма-

са,  төрт  түлік  малдың  да  берекесі  қашатыны  рас. 

Сондықтан  малдың  қамын  қысы-жазы  баптай-

тын  арнайы  малшылары  да  бар  мұнда.  Екі  жыл-

дан  бері  осында  бақташы  болып  еңбек  етіп  келе 

жатқан Алмасбек Мыңбаев жұмысының жайлы əрі 

отбасысының  айран-қатығына  дейін  тегін  екенін 

айтады  бізге.  Осылайша  табан  ақы,  маңдай  тердің 

жемісін  көріп  отырған  қожалық  бүгінде  қайнаған 

тірліктің қазанына айналған. Электр қуаты жетпеген 

алыс тау мекен болған соң Жұмабай ақсақал мұнда 

«күн  батареясы»  атанып  кеткен  фотоэлектрлік  ге-

нераторды пайдаланып, бұл мəселенің де шешімін 

оңтайлы  тапқан.  Расында, «Мал  баққанға  бітеді» 

деген  тəмсіл  бекер  айтылмаған  ғой.  Қыстың  бет 

қаратпас қытымыр аязы мен жаздың төбе құйқаңды 

шымырлатар шіліңгір ыстығына қарамастан, терлігі 

терден  кеппей  тірлік  еткен  жандардың  қашанда 

еңбегі еселенері сөзсіз. Себебі, таза еңбек татымды 

өнімнің кепілі екені əмбеге аян.

Байқағанымыздай,  берекелі  іспен  ырыс-

несібесін  байытып  отырған  Бала батыровтар 

əулеті төскейдегі төрт түлігін тірлігінің өзегіне 

айналдырып  отырған  жайы  бар.  Осылайша, 

күндіз  аяқ  бүкпей,  түнде  кірпік  қақпай  күн 

кешетін  малшылар  қауымының  еңбегі  ұшан-

теңіз екеніне тағы бір мəрте көз жеткендей. 



Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

КҮРІШШІЛЕРДІҢ 

РЕКОРДТЫҚ ӨНІМІ

Тəуелсіздіктің 25 жылдығы 

жəне 

Социалистік  Еңбек  Ері  Ыбырай  Жақаевтың 

125 жылдығы қарсаңында Қызылорда облы-

сы  күріш  жинаудан  рекордтық  көрсеткішке 

қол жеткізді. 

Қазіргі күні əр гектардан 52,8 центнер күріш 

өнімі  алынған.  Бұл  ретте,  гектарына  орташа 

есеппен 54 центнерге жуық күріш жиналады деп 

күтілуде.  Мəселен,  Шиелі  ауданында  күріштің 

əр  гектарынан 59,2 центнерден  өнім  алын-

ды.  Жекелеген  шаруашылықтар 70 центнерден 

жоғары  өнім  жинауда.  Мəселен, «Мағжан  и  К» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 71 центнер 

өнім алса, «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі гектарына 94,5 центнерден жинады.

Айта  кету  керек,  рекордтық  өнім 3,8 мың  га 

күріш  алаңын  азайту,  тұқым  сапасы  мен  жердің 

мелиоративтік  жай-күйін  жақсарту  есебінен  алы-

нып  отыр.  Жылдан  жылға  күріш  экспортының 

көлемі  ұлғайып  келе  жатыр.  Яғни,  жылына 50 

мың тонна күріш экспортталады. Ағымдағы жылы 

Иран  нарығына 5 млн.  тонна  күріш  шығару  үшін 

Қызылорда облысында сұранысқа ие ирандық сорт-

ты  тəжірибелік  сынақтан  өткізу  жұмыстары  бас-

талды.  Оның  бағасы  қазақстандық  күріштен 5 есе 

жоғары. Бүгінде аймақ Мазандаран провинциясына 

күріш жеткізу үшін алдын ала келісім жасауда.

ҚАЗАҚСТАН КІЛЕМДЕРІ 

ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАДЫ

Оңтүстік  Қазақстан  облысында  шы-

ғарылатын отандық өнім – «Бал Текстиль»  

кілемдері 

Швейцарияның 

Женева 

қаласында  өткен  халықаралық  конвен-

цияда  «Үздік  сапа»  аталымы  бойынша 

«Алтын   Жұлдыз» (ISAQ) жүлдесін  иеленді 

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  ОҚО  баспасөз 

қызметіне сілтеме жасап.

Сапа  мен  инновациядағы  жетістіктерге  қол 

жеткізген компаниялар мен ұйымдарға табыста-

латын ISAQ жүлдесін алу сынында кілем фабри-

касы  көшбасшылық  пен  ұйымдастырушылық 

қабілеті,  сапа  мен  өнімділік,  компанияның 

беделі  мен  нарықта  тауар  сатуға  қолайлы  орта 

қалыптастыруы,  технология,  инновация  жəне 

өсім сатылары бойынша жеңіске жетіп, үздік деп 

танылған. «Business Initiative Directions» ком-

паниясы 30 жылдан  бері  əлемнің 179 елінде  əр 

саланың  көшбасшыларын  анықтап,  марапаттап 

келеді.

«Бал  Текстиль»  кілем  фабрикасы,  əзірге, 



Қазақстанда  теңдесі  жоқ  серіктестік  болып 

табылады.   Өз  жұмысын 2013 жылы  «Индуст-

рияландыру  картасы»  бағдарламасы  аясында 

бастаған бұл өндіріс орны тек кілем тоқумен ғана 

емес, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы поли-

пропилен жіптерін иірумен де айналысуда.

Қажетті 

шикізат 


Түркия, 

Бангладеш, 

Үндістан  жəне  басқа  да  елдерден  тікелей 

жеткізіледі.  Кілемдер  Бельгиялық  жоғары 

технологиялық «Michel Van De Wiele» 

қондырғыларда  тоқылады.  Ал  синтетикалық 

полипропилен  жіптері  Германия  мен  Фран-

ция  елдерінен  жеткізілген. «Oerlikon Neumag», 

«Allma Volkmann», «SUPERBA» фирмаларының 

заманауи құрылғыларында иіріледі.

«Бал  Текстильдің»  кілем  жəне  кілем 

өнімдерін  шығару  қуаттылығы – жылына 5 

млн.  шаршы  метрден  астам.  Ал,  полипропилен 

жібін  иіру  қуаттылығы – жылына 4000 тонна-

ны құрайды. Бүгінде мұнда  245 адам жұмыспен 

қамтылған. 

«Бал  Текстиль»  өнімдерін  Қазақстанның 

барлық  қалаларында  кездестіруге  болады. 

Еліміздегі  ресми  таратушылардың  қатары 400-

ден  асқаны – осының  дəлелі.  Сонымен  қатар, 

тұрақты түрде тапсырыс беріп, өнімдерді алатын 

20-дан астам шетелдік  серіктестері бар.

2016  жылы  «Бал  Текстиль»  шведтік  ИКЕА 

мен ЕЭС-тің өзге де компанияларымен келісімге 

келудің  нəтижесінде,  экспорт  көлемін 20-30 

пайызға ұлғайтты. Енді «Қазақстанда жасалған» 

деген  белгісі  бар  кілемдерді  Англия,  Герма-

ния  жəне  Ресейдің  ірі  сауда  маркеттерінен 

кездестіруге болады. 

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТЫМЕН 

«Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» дейді данышпан халқымыз. Расында, 

иісі қазақ қашаннан атадан қалған мал шаруашылығын өмірлік несібесіне балаған. Жаз 

жайлауға, қыс қыстауға көшіп, тұрмыс-тіршілігінің негізіне айналған бұл кəсіпке ерекше 

ден қойған. Сондықтан да болар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан баба кəсіпті 

бүгінгі  күнге  дейін  желісін  үзбей  келе  жатқан  азаматтардың  қатары  көп.  Оның  үстіне, 

аталмыш шаруашылықты жаңғырту мен дамытуға мемлекеттік қолдау да жыл сайын ар-

тып келеді.

ÊҮÍ ÁÀÒÀÐÅßÑÛÍ ÏÀÉÄÀËÀÍÀÒÛÍ 

ØÀÐÓÀ ҚÎÆÀËÛҒÛ

Ақтөбе  облысының  делега-

ция сы  Сыр  өңіріне  жасаған  са-

пары барысында бірқатар аудан-

дарды  аралап,  ондағы  халықтың 

ты ныс-тіршілігімен 

танысты. 

Аралда  аудан  орталығындағы 

Рəміздер  алаңы,  Мəңгілік  алау 

мен  аймақтың  мақ танышына 

айнал ған  перзенттері  Төлеген 

Медетбаев 

пен 


Зейнолла 

Шүкіровтың 

ескерт кіштерімен 

танысты.


Мұнан соң делегация мүшелері 

Қамбаш 


көлінің 

жағасында 

орна ласқан  «Қамбаш  балалар-

ды  сауық тыру  жəне  қосымша 

білім  беру  орталығында»  болды.  

Аталған 


ор талықтың 

ілкімді 


істерге  куə  болған  ақтөбеліктер 

мұндағы 


атқарылып 

жатқан 


жұмыстарға жоғары баға берді.

Ақтөбелік делегация мүшелері 

келесі  кезекте  Қазалы  ауданын-

да  болды.  Одан  кейін  делегация 

мүшелері  Байқоңыр  қаласында 

ғарыш  айлағында  ор наласқан 

музейдің 

жұмысымен, 

онда 

сақталған  көне  құралдармен  та-



нысты. Меймандар Қармақшы ау-

данында Қорқыт ата мемориалдық 

кешеніне барды. Сондай-ақ, Сыр-

дария  ауданындағы  Нағи  Ілиясов 

атындағы  ауылдың  тыныс-тір-

шілігіне зер салды. 

Өңірлік  əріптестік  байланыс-

ты нығайту барысындағы игілікті 

шараның  жəне  бір  бастауында 

екі  облыс  əкімдері  Қырымбек 

Көшербаев  пен  Бердібек  Са-

парбаев  делегация  құ рамымен 

қала  күні  мерекесінде  ашылған 

Рəміздер 

аллеясында 

болды. 


Содан   кейін  мəртебелі  мейман-

дар  тарихи-өлкетану  мұражайын 

аралады.  Мұражай  ғимаратына 

жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп, 

бірінші жəне екінші қабаттарына 

мониторлар  орнатылған,  экспо-

наттар  қатары  толықтырылған. 

Оның  қо рында 5516 тарихи 

жəдігер бар.

Сонымен  қатар,  ақтөбеліктер 

«Арай»  демалыс  аймағында  мек-

теп  оқушыларының  техникалық 

жетістіктеріне  арналған  көрме-

сін 


ұйымдастырды. 

Мұнда 


Ақтөбе 

қалалық 


техникалық 

шы ғармашылық 

орталығының 

жұмыстары көрсетілді. Жас өрен-

дердің  қолынан  шыққан  бұйым-

дарын  қос  аймақтың  басшылары 

келіп аралады.  

Ақтөбе  қалалық  техникалық 

шығармашылық  орталығы  ұзақ 

жылдардан бері тұрақты жұмыс жа-

сап  келеді.  Соның  дəлелі  ретінде, 

көрмеге  келушілердің  назарына 

оқушылардың  қолынан  шыққан 

машина,  кеме,  ұшақ,  тікұшақ, 

робот 

макеттері 



ұсынылды. 

Бұлардың  бірі  ұялы  телефонға 

жүктелген  арнайы 

бағдарлама 

арқылы  қозғалса,  енді  бірі  пульт 

арқылы  кез  келген  бағытта  жыл-

жиды.  Мұндағы  бұйымдардың 

əрқайсысы  өз  алдына  бір  дүние. 

Яғни, көрмені тамашалағандардың 

таңғалысында  шек  болмады.  Осы-

дан-ақ,  Ақтөбелік  өрендердің  тех-

никалық  жұмыстарының  жақсы 

екенін  аңғаруға  болады.  Жас 

таланттардың  өз  қолымен  жасаған 

бұйымдары  заманауи  технология-

ны дамытудың алғы шарттары деу-

ге  болады.

Ақтөбе  облысының  Қызыл-

орда  дағы 

күндері 


бүгін 

де 


жал ғасады. 

Көршілес 

облыс 

ауыл  шаруашылығы өнімдерін өнді -



ру шілерінің  жəр меңкесі  «Тағ зым» 

алаңында  ұйым дас тырылады.  Осы 

күні облыстық сту денттер сарайын-

да  Ақтөбе  қала сының  Қ.Жұбанов 

атындағы 

АРМУ-нің 

«Тұмар» 

жəне  С.Бəйішев  атындағы  АУ-

нің  «Алаш»  жастар   театрының 

қойылымы  өтеді  деп  жос парланып 

отыр.  Ал  Н.Бекежанов  атындағы 

облыстық 

драма 

театрында  



Т.Ахтанов  атындағы  Ақтөбе  об-

лыстық драма театрының спектаклі 

қойылады.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.

АҚТӨБЕ  МЕН ҚЫЗЫЛОРДА

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында кеше Қызылордада Ақтөбе облысы күндері  

басталды. Бұл шара 14-15 қазан күндері өтті. Меймандар Сыр өңіріне жасаған сапарында бірқатар мəдени, 

əлеуметтік шараларға қатысты. 



ӨҢІРЛІК ӘРІПТЕСТІК  

БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТТЫ

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹80      15 ҚÀÇÀÍ, 2016 ÆÛË

ҚÎҒÀÌ

2

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

Əр  адам  үй  жануарларын  ұстау  ережелерін 

жауапкершілікпен орындаса, бұл мəселенің алдын алуға 

болады. Алайда, үй иелері иттерді қараусыз қалдыруда. 

Осының  нəтижесінде  қанғыбас  иттер  мен  мысықтар 

саны күн санап артып келеді. Биыл 18 мыңнан астам  ит 

пен мысықтың көзі жойылған. 

Құтырма – вирус 

арқылы 

тарайтын 



аса 

қауіпті  жұқпалы  аурулардың  бірі.  Себебі,  бұған 

шалдыққандардың  арты  өлімге  əкеліп  соқтырады. 

Сондықтан  бүгінде  оның  алдын  алу  мақсатында  түрлі 

іс-шаралар  ұйымдастырылып,  тегін  егу  жұмыстары 

жүргізілуде.  Сондай-ақ,  жыл  сайын  халықаралық 

құтырмамен күрес күні өткізіледі. 

–  Бұл  ауру  белгілі  бір  мерзімді  таңдамайды.  Кез 

келген  уақытта  кездесе  береді.  Жабайы  жануарлар 

арасында   құтырма  ауруын  адамдарға  жұқтырудың 

негізгі көзі түлкі, қасқыр жəне шағал болып отыр. Олар 

ірі қара, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мысықтарға ауру 

жұқтырады.  Сондықтан  ит,  мысық  тістеген  жағдайда 

дер  кезінде  дəрігерге  көріну  қажет.  Неғұрлым  ерте 

жасалған  ем  соғұрлым  нəтижелі  болады.  Құтырма – 

жүйке  жүйесінің  зақымдануына  əкелетін  бірден-бір 

ауру  түрі.  Сырқаттанған  əрбір  адамда  клиникалық 

белгілер  бірден  пайда  болмайды,  инкубациялық,  яғни 

жасырын кезеңі 7 күннен 1 жыл, одан да көп уақытқа со-

зылуы мүмкін. Орта есеппен 30-90 күнді құрайды. Оның 

жазылуы  алған  жарақатының  көлеміне,  тереңдігіне, 

жарақаттанушының  иммундық  статусына  байланысты. 

Сондықтан  əрбір  тұрғын  ит-мысықтардан  немесе  жа-

байы  жануарлардан  жарақат  алған  жағдайда  міндетті 

түрде тексерілу қажет, – дейді облыстық жұқпалы ауру-

лар ауруханасының бас дəрігері А.Мұхамбетова.

Сонымен қатар, егер үй жануары қапқан жағдайда, 

жарақатты бірден тазалап, жараның бетін сабын сумен  

шайып,   жараның  шетін 70 пайыз  спиртпен  немесе 5 

пайыз   йодпен  залалсыздандырған  жөн.  Мамандардың 

айтуынша,  егу  жұмыстарын  өз  бетімен  тоқтатуға  не-

месе  берілген тəртіпті бұзуға болмайды. Өйткені, ондай 

жағдай  орын  алса,  қанша  ай  емделген  еміңіз  зая  кетуі 

мүмкін. 


–  Жыл  сайын  дəстүрлі  түрде  бұл  індетке  қарсы 

алдын  ала  егу,  диагностикалық  тексеру  шаралары 

жүргізіледі. Осыған орай, бүгінде 22,2 мың бас уақ мал, 

3,5  мың  жылқы, 30,3 мың  ит, 5,6 мың  мысық  алдын  

ала егілді. Үстіміздегі жылдың 9 айында  облыс бойын-

ша 1664 ит тістеу, 54 мысық тырнау жəне 2 басқа жа-

нуарлардан  жарақат  алу  оқиғалары  тіркеліп,  тиісті 

10  күндік  ветеринариялық  бақылауда  тұрды.  Бірақ 

құтыру ауруының белгілері анықталған жоқ. Негізінен 

оны  тарататындар  иттер  болғандықтан,  иесіз  иттерді 

ұстап,  оларды  жою  бір  жолға  қойылған.  Ал,  үйде 

ұстайтындарды  есепке  алып,  жыл  сайын   құтырмаға 

қарсы егілуде. Осының нəтижесінде ауру біздің өңірде 

тіркелген  жоқ, – дейді  облыстық  ветеринариялық 

бақылау басқармасының бөлім басшысы М.Ойнаров.

Əрбір  адам  үшін  денсаулық  басты  орында. 

Сондықтан кез келген хайуанаттың тісі мен тырнағынан 

абай болған жөн.  Сондай-ақ, құтырма аса қауіпті ауру 

екенін есте ұстаған абзал.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА. 

ДЕНСАУЛЫҚ

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРДЕН ЖҰҒАТЫН ДЕРТ

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРДЕН ЖҰҒАТЫН ДЕРТ

Соңғы  төрт-бес  жылдың  көлемінде  құтырма  ауруының  ушығу  салдарынан  өлім-жітім  көбейді.  Мəселен,  біздің  өңірде 

2010-2014 жылдар аралығында адамдар арасында одан 8 жағдай тіркеліп, барлығы да қайғылы аяқталған. Кейінгі екі жыл-

да оған шалдыққандар қатары жоқ. Бірақ көшеде иесіз жүрген ит пен мысықтан жарақат алған адамдар саны азаймай 

отыр. Атап айтқанда, 2015 жылы 1618, биыл 2618 жағдай тіркелген. 

ДӘНЕКЕР

Жиынға  облыс  əкімінің  орынба-

сары  Қуанышбек  Ысқақов,  облыстық 

мəслихат 

депутаттары, 

сондай-ақ 

жеке  кəсіпкерлер  қатысты.  Жиын-

да  көтеріліп  отырған  мəселе  бойын-

ша ең əуелі  облыстық ҚАЖД ЗК-169\5 

мекемесі  бастығының  орын басары, 

əділет 

майоры 


Кəдірбек 

Остаев  


баян  дама   жасап,  атқарылып  жатқан 

жұмыстарға  тоқталды.  Ол  өз  сөзінде 

аталмыш түзету орнында қазіргі таңда 

734  адам  жазасын  өтеп  жүргенін 

жеткізді.

Сондай-ақ,  бүгінгі  күні  ақылы 

еңбекке  қамтылғандар 70 пайызды 

құрап  отыр.  Мəселен, «Еңбек»  РМК 

«Еңбек-Қызылорда»  филиалы – 96, 

«Ержас-2013»  ЖШС – 15, «Ас-кА» 

ЖШС – 38 сотталғанды  еңбекке  бау-

лып, жұмыспен қамтамасыз еткен. Темір 

тордың  ар  жағында  өндірілетін  тауар-

лар əртүрлі. Бір цехта жиһаз бұйымдары 

жасалса,  енді  бірінде  темірден  түйін 

түйген ұсталар тұрмысқа қажет заттарды 

шығарады.

Жазасын  өтеп  жатқан  жандар-

ды  ақылы  жұмыспен  қамту  олардың 

қоғамдық 

бейімделуіне 

оң 


əсер 

тигізеді.  Сондықтан  да,  темір  торда 

босқа отырмай, еңбек етулеріне жағдай 

жасалуда.  ЗК-169/5  түзеу  мекемесінде 

бүгінгі  таңда 365 сотталушы  еңбекке 

тартылған.  Яғни,  мекеменің  өндіріс 

аймағында орналасқан кəсіпкерлік ны-

сандарында  қызу  тірлік  жүріп  жатыр.  

Сонымен,  кəсіп  ашам  деушілерге 

мекеменің 

өндірістік 

алаңының 

мүмкіндігі  жеткілікті.  Тəртіп  сақ-

шылары  іскер  азаматтардың  осында 

кəсіп ашқанына мүдделі. Себебі, темір 

торда жүріп еңбек еткендердің тəртібі 

түзеледі, 

бостандыққа 

шыққанда 

ортаға бейімделуі де оңайырақ болмақ.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал