Апта тынысы №49 (365) Сəрсенбі 3 желтоқсан 2014 жыл



жүктеу 334.66 Kb.

бет1/3
Дата31.01.2017
өлшемі334.66 Kb.
  1   2   3

2

АПТА ТЫНЫСЫ



№49 (365) Сəрсенбі 3 желтоқсан 2014 жыл

Ж у ы р д а   С . М а й қ а н о в а 

а т ы н д а ғ ы   м ə д е н и е т   Ү й і н д е 

қалалық  ішкі  саясат  бөлімі  жəне 

«Алтын  ұя»  Этнопедагогикалық 

қ о ғ а м д ы қ   қ о р ы н ы ң 

ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н   « Ж а с т а р 

арасында киізден жаңа технология 

бойынша  қолөнер  бұйымдарын 

жасауды  оқыту»  жобасы  аясында 

жүргізілген    «Өнер  -  өмірдің  өзі» 

атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік 

шара  мың  бұралған  бишілердің 

өнерімен  басталды.  Екі  жүргізуші 

с а х н а   т ө р і н е   к е л і п ,   б а р ш а 

көрерменді баурап, кеш тізгінін ала 

жөнелді.   Өнерлерімен тəнті еткен 

жалынды жастар əн салумен қатар 

т ү р л і   ұ л т т ы ң   б и і н   с о м д ауд а  

ешкімге  дес  бермеді.  Кəрістің 

заманауи биін жаңа сарында билеп, 

б а р ш а     к ө р е рм е н д і   ө зд е р і н е 

қаратып,  синхронды  орындап 

шықты. 


Қоғам өзгеріп, уақыт тоқтаусыз 

өтуде.  Сонау  сын  сағаттардан 

қ а л ғ а н   қ а з а қ т ы ң   қ а з а қ т ы ғ ы н 

айқындайтын  тілі,  діні,  салт-

дəстүрі  етегімізді  жиып,  еңсемізді 

т і кт е ге л і   ж а ң а р ы п ,   қ а й т а д а н 

жарыққа  шықты.  Соңғы  кезде 

ə л е м н і ң   ө р к е н и е т т і   е л д е р і  

өздерінің  салт-дəстүріне,  əдет-

ғ ұ р п ы н а ,   ұ л т т ы қ   ө н е р і н е 

қызығушылық  танытып,  рухани 

жағынан  толыса  түсуге  барынша 

ден  қойып  келеді.    Мұның  сыры 

адамның  эстетикалық  талғамын 

арттыратын  құдіретінде  жатса 

керек. 


Халқымызда  «Өнер  -  өмірдің 

өзіндей мəңгілік» деген даналы сөз 

бар. Қазақтың ұлттық өнері - өзінің 

көркемдік  мағынасымен,  бітім 

қасиетімен  ғасырдан  ғасырға 

м ұ қ и я т   с а қ т а л ы п ,   ұ р п а қ т а н -

ұрпаққа  беріліп  отыратын  алтын 

қазына.  Халқымыз  əр  халықты 

шыққан  биігімен  бағала  дейді. 

Осындай даналық пен даралықтың 

белгісіндей болған,   тарихы сырға, 

қойнауы  қазынаға  толы  Сыр  елі  – 

тарихи  тағылымымен,  көркем 

келбетімен,  ұлттық  нышанын 

қалыптастырған  мəңгілік  елдің 

символы  десек  артық  айтпаймыз. 

Кеш  соңында  туған  жерін  əніне 

қосқан  жадыраған  Жайнадай  сұлу 

қыз  «Сыр  елім»  əнін  тебіренте 

о р ы н д а п   ш ы қ т ы .   С а х н а 

ш ы м ы л д ы ғ ы н   « С ы р   с ұ л у ы » 

бишілер  тобы  заманауи  бимен 

жапты. 

Е л   е р т е ң і н і ң   с ə ул е л е н і п , 



Қ а з а қ с т а н н ы ң   т ə у е л с і з д і к  

т ұ ғ ы р ы н а   н ы қ   о р н ау ы   о н ы ң 

болашағын  сомдайтын  бүгінгі  жас 

өркен  –  ертеңгі  біртуар  тұлғаны 

тəрбиелеу  ұлтымыз  үшін  басты 

міндет. Сондай-ақ, қазақ халқының 

ө з і н д і к   м ə д е н и е т і н ,   ұ л т т ы қ 

құндылықтары  мен  өнерін  бүгінгі 

ұ р п а қ қ а   ж е т к і з у   ұ р п а қ т а р 

сабақтастығының айқын дəлелі.

 Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ

ӨНЕР - өмірдің өзі

Өткен  аптада  1  желтоқсан  –  Тұңғыш  

Президент  күніне  орай  Тасбөгет  кенті 

əкімінің кубогі үшін Жайдарман фестивалі 

өтті. «Елбасы – ел тірегі» тақырыбын ұран 

етіп,  сынға  түскен  жеті  команда  керемет 

өнер  көрсетті.  С.Майқанова  атындағы 

мəдениет үйінің атынан «Тасбөгет жастар 

құрамасы», «Жетіге жетпес» - №7 мектеп, 

«Белкөл тұрғындары» - №189 орта мектеп, 

«Алаш  жастары»  -  №12  орта  мектеп, 

«Жалынды  жастар»  -  №235  орта  мектеп, 

«əл-Фараби жастары» - №261 орта мектеп, 

«Бес  саусақ»  -  №257  орта  мектеп,  «Нан 

с о ғ а р »   -   № 1 7 1   м е кт е п   о қ у ш ы л а р ы 

көрермендерді  күлкіге  қарық  қылып,  зіл 

аралас əзілмен сахна төрін көмкерді. 

Əділ  шешім  қабылдап,  шынайы 

бағасын  берген  төрешілер  ойынның 

сапасына  сын  айтып  қана  қоймай,  үздік 

əзілдерді  де  ат ап  өтті.  «Қармақшы 

құрамасы»  Жайдарман  тобының    мүшесі 

Самалбеков  Жандос,  Қызылорда  КВН 

ф и л и а л ы н ы ң   д и р е кто р ы   Тул е г а н о в 

Абд у с а й д ,   С . М а й қ а н о в а   ат ы н д а ғ ы 

м ə д е н и е т   ү й і н і ң   р е ж и с с е р і   С е р і к 

Алшоразов,  кент  əкімінің  орынбасары 

Бисенов  Ерлан  Тұтқабайұлы,  кент  əкімі 

аппаратының заңгері Қамбаров Артур əділ 

төрелік етіп, ойын жөнінде пікір алмасты.  

«Қорқыт құрамасы» Жайдарман тобының 

белді мүшесі, үздік ойыншыларының бірі 

Сағындықов Құттыбай жас таланттардың 

ойынына оң басағын беріп, Қызылордада 

Ж а й д а р м а н   о й ы н д а р ы н ы ң   д а м ы п , 

өркендеп  келе  жатқанына  қуанышын 

жеткізді. 

Ойын  ІІ  кезеңнен  тұрды.  1-  кезең  – 

Сəлемдесу; 2-кезең – Биатлон.

ІІ  кезеңнің  қорытындысы  бойынша 

жалпы  ұпай  санымен  алға  озып  шығып,  

үздік  əзілдерімен  ерекшеленген  «əл-

Фараби құрамасы» Тасбөгет кент əкімінің 

кубогін  қанжығасына  байлады.  «Бес 

саусақ»  тобының  ойыншысы  Ертөре 

Те м і р х а н   ө з і н д і к   о й н ау   с т и л і м е н 

е р е к ш е л е н і п ,   ү з д і к   о й ы н ш ы 

н ом и н а ц и я с ы н а   и е   б о л д ы .   Қ а л ғ а н 

ойыншыларға  өнегелі  ойын  көрсеткені 

үшін алғыс хат үлестірілді. 

Жылдан  жылға  өркендеп,  қанатын 

кеңге  жайып  келе  жатқан  мектепішілік 

Жайдарман  ойындары  көрермендерге 

салмақты ой, сапалы əзіл сыйлауда.

 М. МЫРЗАТАЙ

Жайдарман жандануда

2002  жылдан  бастап  ЮНЕСКО  жыл  сайынғы 

қараша  айының  үшінші  бейсенбісін  Бүкілəлемдік 

Философия күні деп жариялады. Бұл күнді əлемнің 80-

нен астам елдері атап өтеді. Осыған орай Қорқыт Ата 

атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің 

басшылығы  жəне  «Философия  жəне  мəдениеттану» 

кафедрасының  ұйымдастыруымен  Бүкілəлемдік 

философия  күні  аталып  өтілді.  Білім  алушылар 

арасында  үш  номинация  бойынша  –  философиялық 

э с с е ,   а қ ы н д ы қ   ш ы ғ а рма ш ы л ы қ ,   ф ото ко н ку р с 

сайыстары «Сыр елі – туған жерім!», «Қызылорда – 

с ү й і к т і   қ а л а м ! »   а т т ы   т а қ ы р ы п т а р д а 

ұйымдастырылды.  Аталған  іс-шара  2014  жылдың  27 

қарашасында,  университеттің  студенттер  Сарайында 

өтіп,  оған  университет  факультеттерінің  білім 

алушылары қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты:

-  Адам  бойында  өзіндік  сана  мен  бірге  қоғамдық 

санасын тəрбиелеу.

Осы  негізде  адам  рухын  қоғамдық,  жалпы 

адамзаттық, жаһандық мəселелерге бағыттау;

-  Жастар  бойында  еліне  деген  отансүйгіштік 

сезімін қалыптастыру,

насихаттау,  жастардың  өз  туған  жерінің  тарихын, 

мəдени  ескерткіштерін  тануына,  құрметтеуіне  ықпал 

ету.


Іс-шараға  Қызылорда  облысы  əкімшілігі  атынан 

қоғамдық  келісім  орталығының  Ғылыми-сараптама 

жəне əдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – 

Ибраев  Уалихан  Серікұлы,  Қызылорда    қаласы 

əкімшілігінің  атынан  ішкі  саясат  бөлімінің  маманы 



Наурызбаев  Əділет  Қанатұлы  қатысты.  Шарада 

университеттің  оқу-тəрбие  жұмыстары  жөніндегі 

проректоры  –  До сжанов  Баянəлі  Амант айұлы 

философия күніне арналған баяндама жасады.

Конкурстық  сараптау  комиссиясына  3  номинация 

бойынша 80-нен астам жұмыстар келіп түсті. Комиссия 

жұмысының  нəтижесімен  марапаттауға  ең  үздік 

жұмыстар  ұсынылды.  Байқауға  қатысып,  белсенділік 

танытқан  білім  алушыларды  алғыс  хаттарға  жəне 

мектеп  оқушылары  комиссия  құрамының  ерекше 

марапаттауына ие болды.

Жанбатыр  Амангелді  –  философия  жəне 

мəдениеттану  кафедрасының  аға  оқытушысы, 

мəдениеттану магистрі:

«27  қараша  Бүкіләлемдік  Философия  күнімен 

баршаңызды  құттықтаймын!  Міне  асықтырған 

күннің  ресми  мерекесі  аталып  өтті.  Әр  байқау 

с ы н ы н а н   с ү р і н б е й   ө т к е н   ж ү л д е г е р л е р д і 

марапаттайтын  бірден-бір  мереке  осы  десем  қалт 

айтпағаным  болар.  Осы  жас  ұрпақты  туған 

ж е р і м і з д і ң   т а р и х ы н   н а с и х а т т а у ғ а ,   с а л т -

дәстүрлерімізді  жандандыруға,  ұмыт  болған  сан 

ғ а с ы р л ы қ   с ы р л а р ы м ы з д ы   ж а ң ғ ы р т у ғ а , 

ұйымдастырған  үлкен  мереке.  Бұл  шара  алдағы 

уақытта өз жалғасын табады деген ойдамын».

Нұрғалиев  Жұбатхан  –  «Шығармашылық 

шабыт»  номинациясының  1-дəрежелі  диплом 

иегері, Ср-14/1 оқу тобының студенті:

«Баршамызға ортақ Бүкіләлемдік Философия күні 

құтты  болсын!  Өзім,  негізінен,  Шиелі  ауданының 

тумасымын. Жүлделі орын алғаныма қуаныштымын. 

«Бұлақ  көріп,  көзін  ашқан»,  жас  буынды  алға 

жылжытып,  ескеріп,  елегендері  үшін  аға  буын 

өкілдеріне  алғысым  шексіз.  Осындай  мәнді  де, 

мағыналы  іс-шаралардың  өмірі  ұзағынан  болсын  дей 

келе,  Конфуцийдің  сөзімен  өз  ойымды  тәмамдайын: 

«Оқытуды  тәжірибесіз  жүргізу  нәтижесіз  болуы 

ғажап емес, ал тәжірибені оқусыз жүргізу – қауіпті».

Қызылорда  облысы  əкімі  аппаратының  қоғамдық 

келісім  орталығының  Ғылыми-сараптама  жəне 

əдістемелік  қамт амасыз  ету  бөліміне  о сы  үш 

номинация  бойынша  бірінші  жүлделік  орын  алған 

жұмыстар сараптамаға жіберілді.



Бибінұр ҚАРАЖАНОВА

27 қараша – Бүкілəлемдік Философия күні

«Философиялы? эссе» номинациясы бойынша ж?лдегерлер: 

1-д?режелі дипломмен 



А?шал Анар, Инф-12/1е 

2-д?режелі дипломмен 



Шамшадин Ерсін, Ж-14/1 

2-д?режелі дипломмен 



? ?лбай?ызы ? ?ралай, Иич-12/1 

3-д?режелі дипломмен 



Т?рсын?ожа Ерболат, Ж-14/3 

3-д?режелі дипломмен 



Сырым Шакизат, Ж-14/3 

3-д?режелі дипломмен 



? ыдырбай Жансая, Ж-14/3 

 

«Шы?армашылы? шабыт» номинациясы бойынша 

ж?лдегерлер: 

 

1-д?режелі дипломмен  



Н?р?алиевЖ?батхан, Ср14/1 

2-д?режелі дипломмен  



Медеталиев Ерсайн, Фин-13/1 

2-д?режелі дипломмен  



Ж?зеев Серікхан, Ж-11/1 

3-д?режелі дипломмен  



? теулиева Жансая, Инф-12/1п 

3-д?режелі дипломмен  



Ералиева Мадина, Ж-14/1 

3-д?режелі дипломмен  

 

Ордабеков Балтабай, Ж-12/1 

«Фот осайысты?» номинациясы бойынша ж?лдегер: 

 

1-д?режелі дипломмен  



? аныбеков ?азиз, Ю-14/3 

2-д?режелі дипломмен  



Алдамжарова Айгерім, Мо-14/1 

2-д?режелі дипломмен  



Абсады?ова Лаура, Эк-13/1 

3-д?режелі дипломмен  



Сам?ратов Абылайхан, Ср-14/1 

3-д?режелі дипломмен  



А?аділова Айзат, По-13/1 

3-д?режелі дипломмен  

 

К?зембай Динара, Рял-13/2 

 

 

«Философиялық эссе» номинациясы бойынша 



жүлдегерлер:

1-дəрежелі дипломмен

2-дəрежелі дипломмен

2-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

Ақшал Анар, Инф-12/1е

Шамшадин Ерсін, Ж-14/1

Құлбайқызы Құралай, Иич-12/1

Тұрсынқожа Ерболат, Ж-14/3

Сырым Шакизат, Ж-14/3

Қыдырбай Жансая, Ж-14/3

«Шығармашылық шабыт» номинациясы бойынша 

жүлдегерлер:

1-дəрежелі дипломмен

2-дəрежелі дипломмен

2-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

НұрғалиевЖұбатхан, Ср14/1

Медеталиев Ерсайн, Фин-13/1

Жүзеев Серікхан, Ж-11/1

Өтеулиева Жансая, Инф-12/1п

Ералиева Мадина, Ж-14/1

Ордабеков Балтабай, Ж-12/1

«Фотосайыстық» номинациясы бойынша 

жүлдегер:

1-дəрежелі дипломмен

2-дəрежелі дипломмен

2-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

3-дəрежелі дипломмен

Қаныбеков Ғазиз, Ю-14/3

Алдамжарова Айгерім, Мо-14/1

Абсадықова Лаура, Эк-13/1

Самұратов Абылайхан, Ср-14/1

Ағаділова Айзат, По-13/1

Күзембай Динара, Рял-13/2


3

№49 (365) Сəрсенбі 3 желтоқсан 2014 жыл

Осыдан  үш  жыл  бұрын  яғни  2011  жылдың 

желтоқсан  айында  Қазақстан  Республикасы 

Парламент сенатының отырысында "ҚР заңына 

т о л ы қ т ы р у   е н г і з у :   " Қ а з а қ с т а н 

Р е с п у б л и к а с ы н д а ғ ы   м е р е к е л е р "   з а ң ы 

қабылданды.  Тұңғыш  Президент  күні  Елбасы 

Н.Ə.Назарбаевтің  Қазақ  елі  үшін  жасаған 

еңбегін елеп, ескеру мақсатында күнтізбеге енді. 

Нұрсұлтан Əбішұлы 1990 жылдың сəуірінде 

Қ а з а қ   К С Р - і н і ң   п р е з и д е н т і   б о л ы п 

тағайындалды.  1991  жылдың  1  желтоқсанында 

тұңғыш  рет  ҚР  Президентінің  жалпыхалықтық 

сайлауы  өтіп,  Н.Назарбаев  98,7  %  дауыспен 

жеңіске  жетті.  1995  жылдың  29  сəуірінде 

жалпыхалықтық  референдум  нəтижесінде 

Президент  Назарбаевтің  өкілеттігі  2000  жылға 

дейін  ұзартылды.  1999  жылдың  10  қаңтарында 

ө т ке н   ж а л п ы ха л ы қ т ы қ   с а й л ау   н ə т и же с і 

бойынша  Н.  Əбішұлы  79,78%  дауыс  иеленіп, 

Қазақстан  Республикасы  Президенті  болып 

қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында 

сайлаушылар  91,5%  дауыспен  Н.Ə.Назарбаевті 

ҚР  Президенті  етіп  қайта  сайлайды.  Ал  2011 

жылы  3  сəуір  күні  кезектен  тыс  президент 

сайлауында  Н.Назарбаев  сайлаушылардың  95,5 

%  дауысын  жинап,  ҚР  Президенті  болып 

сайланды.

Т ə у е л с і з д і г і м і з д і   а л ғ а н н а н   с о ң 

Н . Ə . Н а з а р б а е в   т ұ ң ғ ы ш   Е л б а с ы   б о л д ы . 

Елбасының  бастауымен  Отанымыз  əлемге 

танылды. Қиыншылық кезеңдерді артқа тастап, 

Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты.  Осы 1 – 

желтоқсан тұңғыш президент күніне орай өткен 

аптада  Қызылорда  облысы  Кəсіподақтар 

кеңесінің    ұйымдастыруымен  Ə.Тəжібаев 

атындағы  кітапханада  «Нұрсұлтандар  –  нұрлы 

жолда»  атты  өңіріміздегі  Тəуелсіздік  алған 

жылдардан бергі Нұрсұлтан есімді азаматтармен 

кездесу  өтті.  Шара  барысында  Нұрсұлтандар 

өздерін  таныстырып  өтті.  Көреген  басшы 

басқарған  ел  –  ең  бай ел,  халқы  ең  бақытты 

 

халық.  Бұл  мереке  Елбасының  елге,  оның 



дамуына  сіңірген  зор  еңбегін  бағалап,  ұлт 

к ө ш б а с ш ы с ы   ат а н ғ а н   т ұ л ғ а н ы   ке л е ш е к 

ұрпақтың  да  құрметтеп,  ардақтап  жүруіне  із 

қалдыратындай мереке.

Шын мəнінде, Елбасының елімізді аяғынан 

нық тұрғызып, əлемге танытудағы еңбегі ұшан – 

теңіз.  Бүгінде  Қазақстан  кемел  ел,  ынтымағы 

жарасқан  мемлекетке  айналды.  Тарихта  жеке 

адамның  рөлін  ешкім  жоққа  шығара  алмайды. 

Н.Назарбаев  уақытын  безбендеп,  заманын 

таныған,  болашақты  болжаған  ірі  саясаткер. 

Елдің  басшысы  қандай  болса,  халқы  сондай. 

Н.Назарбаев - елі сенген ұлы тұлға!

Шаттық ТƏЖЕН

Тұңғыш Президент күні 

тарихи маңызы зор мереке

Ө т к е н   а п т а д а   қ а л а л ы қ 

мəслихатының  мəжіліс  залында  V 

шақырылған  қа ла лық    мəслихат 

депутаттарының  кезектен  тыс  отыз 

алтыншы    се ссиясы  болып  өтті. 

Аталмыш  сессияға  қала  əкімі,  бөлім 

б а с ш ы л а р ы   м е н   ау ы л д ы қ   о к ру г 

əкімдері  қатысты.  Сессияның  күн 

т ə рт і б і н е   4     м ə с е л е   ұ с ы н ы л ы п , 

қаралды.

1.  «2014-2016  жылдарға  арналған 

қалалық  бюджет  туралы»  Қызылорда 

қалалық мəслихатының 2013 жылғы 24 

желтоқсандағы  №  25/2  шешіміне 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 

туралы.

2.  «Бөлек  жергілікті  қоғамдастық 



жиындарын өткізудің қағидасын бекіту 

т у р а л ы »   Қ ы з ы л о р д а   қ а л а л ы қ 

м ə с л и х а т ы н ы ң   2 0 1 4   ж ы л ғ ы   1 8 

ақпандағы № 26/2 шешіміне өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы.

3 .   « Қ ы з ы л о р д а   қ а л а с ы н ы ң 

ау м а ғ ы н д а   з а ң д ы   т ұ л ғ а л а р   м е н 

кəсіпкерлік  қызметпен  айналысатын 

жеке  тұлғалардан  алынатын  жер 

салығының  базалық  мөлшерлемесін 

бекіту  туралы»  Қызылорда  қалалық 

м ə с л и х а т ы н ы ң   2 0 11   ж ы л ғ ы   1 4 

м а у с ы м д а ғ ы   № 4 3 / 5   ш е ш і м і н е 

өзгерістер енгізу туралы.

4. «Отын сатып алу үшін əлеуметтік 

көмек  беру  тура лы»  Қызылорда 

қалалық мəслихатының 2014 жылғы 26 

қыркүйектегі  №  34/2  шешімін  күші 

жойылды деп тану туралы.

Күн  тəртібіндегі  бірінші  «2014-

2016  жылдарға  арналған  қалалық 

бюджет  туралы»  Қызылорда  қалалық 

м ə с л и х а т ы н ы ң   2 0 1 3   ж ы л ғ ы   2 4 

желтоқсандағы  №  25/2  шешіміне 

өзгерістер  мен  толықтыру  енгізу 

туралы  мəселесі  бойынша  қалалық 

экономика  жəне  бюджетті  жоспарлау 

бөлімінің  басшысы  Баймаханова 



Гүлнәр Бұрханқызы   хабарлама жасап, 

д е п у т ат т а р   т а р а п ы н а н   қ о й ы л ғ а н 

сұрақтарға жауап берді.

Қала бюджетінің кірісін облыстық 

және  республикалық  бюджеттерден 

бөлінген ағымдағы және нысаналы даму 

трансферттері есебінен 2 288 110 мың 

теңгеге азайтып, 1 930 000 мың теңге 

а ғ ы м д а ғ ы   н ы са н а л ы   ж ә н е   д а м у 

т р а н сф е рт т е р і н е   к ө б е й ту   ж ә н е 

м а қ са т қ а   са й   п а й д а л а н ы л м а ғ а н 

нысаналы  трансферттер  есебінен 

Қызылорда  облысы  бойынша  тексеру 

комиссиясының тексеру актісіне сәйкес 

қала  бюджетінің  кірісіне  түсетін 

соманы  267  919  мың  теңгеге  азайту 

жоспарлануда.

Сонымен  қатар,  қала  әкімдігінің 

2014  жылғы  5  қарашадағы  №2480 

қаулысымен  түзету  енгізіліп,  қала 

б о й ы н ш а   к і р і с   б о л ж а м ы н ы ң 

орындалмауына  байланысты  2014 

ж ы л ғ ы   қ а л а   б ю д ж е т і н і ң 

шығыстарына  121  991  мың  теңгеге 

қысқарту  (секвестр)  жасалынғаны 

ескерілді.

Қызылорда  қаласы  бойынша  салық 

б а с қ а р м а с ы н ы ң   қ а л а   б ю д ж е т і 

кірістерін сапалы орындау мақсатында 

к е й б і р   с а л ы қ   к ө з д е р і   б о й ы н ш а 

болжамдық  көрсеткіштерді  қайта 

қарау жөніндегі ұсынысы қаралды.

Қа ла лық  бюджет  шығыст арын 

р е с п у б л и к а л ы қ   ж ə н е   о б л ы с т ы қ 

бюджеттерден  бөлінген  2  288  110  мың 

теңге  көлеміндегі  ағымдағы  нысаналы 

жəне  даму  трансферттеріне  азайтып,  1 

930 000 мың теңге ағымдағы нысаналы 

жəне  даму  трансферттеріне  көбейту 

жо с п а рл а н уд а . О бл ы с т ы қ   б юд же т 

есебінен: 

А ғ ы м д а ғ ы   н ы с а н а л ы 

трансферттерді  200  000  мың  теңгеге 

көбейту, оның ішінде:

-   Қ ы з ы л о р д а   қ а л а с ы 



б ю д ж е т т е р і н і ң   ж ы л д ы қ   к і р і с 

т ү с і м д е р і   б о л ж а м ы н ы ң 

орындалмауына  байланысты  200  000 

мың теңге.

Нысаналы даму трансферттерді 1 



192  634  мың  теңгеге  көбейту,  оның 

ішінде:

Коммуналдық тұрғын үй қорының 



тұрғын  үйін  жобалау,  салу  және 

( н е м е с е )   с а т ы п   а л у ғ а   б ө л і н г е н 

трансферттерді 1 192 634 мың теңге;

Республикалық бюджет есебінен: 

Ағымдағы нысаналы трансферттер 

20 744 мың теңгеге азайту, оның ішінде:

- мемлекеттік атаулы көмек 20 744 

мың теңгеге азайту жоспарлануда. 

Нысаналы  даму  трансферттер  1 

730  000  мың  теңгеге  азайту,  оның 

ішінде:

- Коммуналдық тұрғын үй қорының 

тұрғын  үйін  жобалау,  салу  және 

( н е м е с е )   с а т ы п   а л у ғ а   б ө л і н г е н 

трансферттерді  1  730  000  мың  теңге 

қысқарту;

2.  Кейбір  бюджеттік  бағдарлама 

әкімшілерінен  үнемделген  және  жыл 

аяғына  дейін  игерілмейтін  11  136  мың 

теңге қаржы қысқартылуда.

Сонымен қатар, сессия отырысында 

« Б ө л е к   ж е р г і л і к т і   қ о ғ а м д а с т ы қ 

жиындарын  өткізудің  қағидасын  бекіту 

т у р а л ы »   Қ ы з ы л о р д а   қ а л а л ы қ 

м ə с л и х а т ы н ы ң   2 0 1 4   ж ы л ғ ы   1 8 

ақпандағы  №  26/2  жəне  «Қызылорда 

қаласының  аумағында  заңды  тұлғалар 

м е н   к ə с і п к е р л і к   қ ы з м е т п е н 

а й н а л ы с а т ы н   ж е к е   т ұ л ғ а л а р д а н 

алынатын  жер  салығының  базалық 

м ө л ш е р л е м е с і н   б е к і т у   т у р а л ы » 

Қызылорда  қалалық  мəслихатының 

2011  жылғы  14  маусымдағы  №43/5 

шешімдеріне  өзгерістер  енгізіліп, 

«Отын сатып алу үшін əлеуметтік көмек 

беру  туралы»  Қызылорда  қалалық 

м ə с л и х а т ы н ы ң   2 0 1 4   ж ы л ғ ы   2 6 

қыркүйектегі  №  34/2  шешімінің  күші 

жойылды.


V   ш а қ ы р ы л ғ а н   қ а л а л ы қ 

мəслихаттың  кезектен  тыс  XXXVI 

сессиясының  күн  тəртібіне  ұсынылған 

мəселе  толық  қаралып,  жан-жақты 

талқыланып, тиісті шешім  қабылданды.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал