Апбаз Қаражігітұлы 1923 жылы 15 маусымда қазіргі Қарағанды облысы, Ұлы



жүктеу 73.85 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі73.85 Kb.

Апбаз Қаражігітұлы 1923 жылы 15 маусымда қазіргі Қарағанды облысы, Ұлы-

тау ауданы Сарысу ауылында туған. Ауыл мектебінде оқып, 1953 жылы С. М. 

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін 

бітірген. 

Еңбек жолын теміржолда стрелочник, колхозда есепші болудан бастаған А. 

Қ

аражігітұлы орта мектептерде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқ-

арды. Шығармашылықпен айналысып, «Ақмоншақ», Шақпақ», «Әке дауысы», 

«Қайран шеше» әңгіме-хикаяттар кітаптарының, «Майқоңыр», «Абыздар биігі» 

роман-эсселерінің, «Баубек», «С. Сейфуллин», «Махаббат азабы» драмалары-

ның авторы атанды. Балалар театрларынан тұрақты орын алған шет ел дра-

матургтері И. Грановскаяның «Ақылды Гүлжан туралы ертегі», Н. Осипова-

ның «Бір жарым уыс», Е. Чаповецкийдің «Жарайсың, Мыцик», Ян Вилковс-

кийдің «Тигрик Петрик» сияқты драмаларын қазақ тіліне аударды. «Баубек» 

пьесасы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды. 

1970 жылдан «Орталық Қазақстан» газетінің Жезқазған, Сәтбаев қалалары, 

Ұ

лытау, Жезді аудандары бойынша меншікті тілшісі болды. 

1973 жылы Жезқазған облысы ұйымдасқаннан кейін облыстық «Жезқазған 

туы» газетінің бөлім меңгерушісі, 1990 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқа-

зған облыстық С.Сейфуллин атындағы бөлімшесін басқарды. 

Қ

азақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының, Театр қайраткерлері одағының 

мүшесі. Жезқазған қаласының Құрметті азаматы. 

А. Қаражігітұлы В. И. Лениннің туғанына жүз жыл толуына арналған медалімен марапатталған. 

Б а т ы р б е к МЫРЗАБЕКОВ 

Ия, Әбекең - Апбаз  Қара-

жігітұлы сексеннің сеңгіріне сес-

кенбей, сезіміне селкеу түсірмей 

сергек жетті. Сексен дегенді се-

рілікпенен  қарсы алған жүрегі 

дархан даладай, көңілі жас ба-

ладай аңқылдаған  қалпында 

алақанға салып аялағандай  қар-

сы алды. Осындайда алпысын-

да бүгіліп, жетпісінде жер таян-

бай тұра алмайтындарға  қарап, 

жаратқан ием жақсы көрген пен-

десін сексенінде де селкілдетпей 

сергек те сезімтал қалпында, ке-

шегі жиырма бестегі сымға тар-

тылғандай сымбатына сызат 

түсірмей жеткізеді екен-ау деген 

бір ойға келеді екенсің. Ой де-

мекші, Әбекеңнің сегіз  қырдың 

сеңгіріне шыққан жолында қан-

шама бұрылыстар мен бұралаң-

дар кездесті десеңші және солар-

дың әр тарамы өрмекшінің то-

рындай шым-шытыр, біріне бірі 

жалғасып, бірімен бірі астасып 

барып аспани әлемге бастайтын 

әдемі айқын жолға жалғасқан-

дай сезіледі. Осынша жолдың 

әр бұрылысы, әр соқпағы өз ал-

дына жеке-жеке талдап айтқан 

жанға жылға жетерлік жыр бо-

лардай-ақ. Сонау ақ  қашып, 

қ ызы л  о р н ы ғ ы п , ел іші 

көтеріліп-басылып, сабасына 

енді түсіп,  қалыптаса бастаған-

да дүниенің есігін  а ш ы п , 

тіршіліктің мың-миллион әуен-

іне өз үнін  қоса келіп, дүбірге 

құлағын тоса беріп, күн мен 

түннің алмасқанын  қоса көріп 

ертеңгі бақытына қарай еңбек-

теп барып қаз басты. Жүгіре ба-

сып желмен жарысып,  қырдан 

асып  қозы  қуар шағында  қыр-

дағы елді  қырып, сырдағы елді 

сырып, аузын арандай ашқан 

аштық деген бәленің ауыл-ауыл-

ды жағалап, есік  қағып, еңсе 

түсіргенін көрді. Бозбала болып 

шаш түзеп, ән салатын кезінде 

қырықбірдің жалыны батыс пе-

нен шығысты, оңтүстік пен 

солтүстік төрт  құбыланы түгел 

шарпығанда от пен оқтың ішінде 

жүрді. Одан кейінгі ту көтеріп, 

тың жыртқанда білім іздеп 

Ұлытаудан Алатау асты. Он-

дағы мақсат - біреу. Оқып, 

білім алып ел кәдесіне жарау. 

Осы мақсат, осы ой арманының 

темірқазығындай болып, оны 

адастырмай алға  қарай тарта 

түсті.  О й - а р м а н ы тіршілік 

дүбірімен астасып, кешегісі 

бүгінгісімен жалғасып үлкеннен 

алған тәрбие, жақсыдан алған 

ш а р а п а т алға 

ұ м т ы л ғ а н 

жүректің жалынын асырып 

үлкен көштің ізіне салды. 

Еңбек жолын теміржолдағы 

бағыттаушылықтан бастап, 

колхозда есепші болып жалға-

ған Әбекең шаруашылықтың 

сан-саласындағы бір-бірімен 

жалғасып жатқан істердің басы-

қасында болды.  Ұстаз болып 

бала оқытты. Мектеп директо-

ры болып  ұстаз тәрбиеледі. 

Осының бәрі, сайып келіп, 

оның шығармашылық жолдағы 

өсуіне әрқайсысы бір-бір саты-

дай қаланып, алға шығар асуын 

б и і к т е т е берді. Бабасы 

Қ аражігі т биден  қонған сөз 

өнері бойындағы талабы мен та-

лантының бұла көзіндей болып 

ашылып сала берді. Алғашқы-

да төрт жолды  құрап жыр жаз-

ды. Шағын жырдың соңы шып-

шымыр поэмаларға  ұласты. 

Қысқа хабарлардан бастап га-

зет жанрының бәрінен өтіп, әде-

биет ауылына атбасын тіреді. 

Әңгімелер, повестер романға 

жалғасты. Нені жазса да өзі бел 

ортасында болған, көзі көрген, 

көңілі сенген дүниені ақ  қағаз-

дың бетіне әдемілеп айшықтап 

жазып, ажарландырып сала 

берді. 


Ә б е к е ң н і ң сөз өнерінің 

ішінде меңгермегені жоқ десек 

артық айтқанымыз болмас. 

Сөйлеп кетсе тайпалған жорға-

дай төрт аяғы тең түскен небір 

т а м а ш а теңеулерді түйдек-

түйдегімен көктемнің толассыз 

жауған жаңбырындай төгіп-

төгіп өтеріне не дейсіз. Қолына 

қалам алса  қай жанрды болса 

да оң жамбасына келтіріп, 

оңтайына түсіріп, он саусағы-

ның  ұшында ойнатып, оқырма-

нына ып-ыстық күлше нан ұсы-

нғандай жып-жылы  қалпында 

ұстата саларын қайтерсіз. Жыр 

жазып  ж ү р е г і н і ң  л ү п і л і н 

өмірмен үндестірді. Әңгімеле-

рінде өзі өмір сүрген ортадағы 

з а м а н д а с т а р ы н ы ң  б а с ы н а н 

өтетін небір қым-қуыт дүниелер 

рет-ретімен, сап түзеп сызылып 

сала беретін. Кесек дүниелері 

тұтас бір ғасырлардың жүгін 

көтеріп, дүйім елдің өткені мен 

өшкенін, еңсе көтеріп өскенін, 

ұрпақтан ұрпаққа ұсынуға бо-

латын  ұ л а ғ а т т ы  і с т е р д і ң 

үлгісіндей көрінеді. 

Әбекеңнің ең бір көсіліп, көп 

алдында көрінген кезі журна-

листік қаламды көлденең  ұстап, 

еліміздің төрт бүрышын түгел 

шарлаған шағы дер едік. Осы 

кезде газетке керек материал-

дарды жинай жүріп, өзінің жа-

зушылық  қоржынын да толты-

ра білді. Оған  қорды жинаған-

да да мол жинапты. Ол қоржын-

ның ішінде адам баласының ба-

сынан өтетін сәттер, бәрі-бәрі 

тіршілікпен астаса сақталыпты. 

Осыдан да болар  а д а м н ы ң 

мінез-құлқын ашуда Әбекеңнің 

жазушылық шеберлігі  қалам 

ұстағанның қай-қайсысына бол-

са да қайыра бір үңіліп қарауға 

тұрарлық-ақ. 

Әрине, жазушы, журналист 

Әбекеңнің ел үшін атқарған 

істерінің бәрін тізіп, теріп ай-

тып шығу мүмкін емес және 

оның  қажеті де жоқ шығар. 

Әйтсе де, жар құлағы жастыққа 

тимей - халқымыздың аяулы 

ұлы - Сәкен Сейфуллиннің ізі 

бар ма деп сонау Магаданға 

дейін баруы абырой мен атақ 

іздеуден емес, ұлттық мүдденің 

үдесімен  ұласады десек дұрыс 

болар. Сәкен атын естігенде селт 

етпейтін  қазақ жоқ. Бірақ 

«Сәкен Магаданда жерленіпті» 

деген хабар естілгенде соны өз 

көзімен көріп  қайтуға бел бай-

лап, жол алыстығына  қарамай 

ниет етуі  ұлтын сүйген  ұлдың 

ғана қолынан келер іс емес пе. 

Сәкен атына деген Әбекеңнің 

ықыласы мен  құрметі оның ке-

шегі Жезқазған облысының ор-

талығынан  Қазақстан Жазушы-

лар одағының С. Сейфуллин 

атындағы бөлімшесін ашуымен 

айқындалды. Жезқазған облы-

стық Жазушылар одағының 

бөлімшесін басқара жүріп об-

лыс көлеміндегі  қолына  қалам 

ұстаған қыз-жігіттердің жарам-

ды жырларын жинастырып 

«Сарыарқа саздары» атты жыр 

жинағын бастырып шығаруы-

ның өзі  ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ қ а 

ұмтылған жастарды  қолынан 

жетектеп шыңға тартқанмен 

бірдей әсер етеді. 

Жыр жазса өндіріп,  қара 

сөзді ырқына көндіріп жазатын 

Әбекең сахна сәні драматургия 

саласына да өз өрнегін салды. 

Оның жалынды публицист Ба-

убек Бұлқышев өміріне арнаған 

«Баубек», Сейфуллиннің тағ-

дырына байланысты «С. Сей-

фуллин» атты драмасы Алма-

ты, Жезқазған театрларының 

сахналарында қойылып, көрер-

мендердің ыстық ықыласына 

бөленді. Бүгінгі жастар өмірін 

бейнелейтін «Махаббат азабы» 

драмасы да дара дүниелердің 

бірі болып қала береді. Сахнаға 

өзінің төл туындыларымен 

қатар әлем әдебиетінде аты қал-

ған алыптардың шығармала-

рын сахналап ұсынуда да аз тер 

төккен жоқ. Демек, Әбекеңді 

жазушылығының сыртында 

драматург десек дөп басқаны-

мыз болар. 

Өмір болған соң бәрі бірдей 

теп-тегіс түзу жолдың үстімен 

өрлеп жүре бермейді. Тірліктегі 

кездесетін кемшіліктердің ал-

дын алып, оны сын тезіне сала-

тын сықақшының шеберлігі 

қисықты сол  қалпында көрсе-

тетін айна сияқты десек, Әбе-

кеңді де  қыңырды түзейтін тез 

деуге болады. Бұл ретте  ұста-

раның жүзіндей өткірлігі бір 

бөлек. Газет деген алыптың 

тұтас бір жақ еңсесін көтеретін 

фельетон деген жанрды Әбекең 

баяғыда көтеріп, оны да ыңғай-

ына  қарай икемдеп алған. Со-

дан да болар сол кездегі еліміз-

дегі ең бір бетті де, беделді басы-

лым Алматыдан шығатын 

«Ара» журналының өзі Әбекеңе 

«құда түсіп» осы өңірдегі өзінің 

көзі менен  құлағы болуын  қала-

ғанын көз көрді. Сол кездері 

Әбекеңнің жазған фельетондары 

қоғамның ілгері дамуына ықпал 

етіп, жаманнан жиреніп, жақсы-

дан үйренуге үндеді. Бұл ретте 

келгенде Әбекеңді әдемі фелье-

тонист десек - дегеніміз. 

Арқа төсін айналып өтіп кең 

жазықта еркін көсілген Сарысу-

дай ерекше толқыны, бөлек 

екпіні бар,  Ұлытаудай еңселі 

шоқысы биік шоқтығы бар Әбе-

кеңнің тұлғалануына оның тәлім 

алған ортасы, тәрбиенің жемісі 

әсер етті десек,  ұлы бабасы 

Қаражігіт биден ұрпаққа қонған 

бата да даралай түскендей әсер 

береді. Шөп те өскен жерінде 

өседі дегендей артында өлмес 

мұра  қалдырған бабаның шара-

паты болар бүгінде Әбеңнен де 

құлақ  құрышын  қандырар, таң-

дай қақтырар талай-талай аталы 

сөз өріліп келеді. Көптің ойын 

түйіп айтып, бір-ақ ауыз сөзбе-

нен көңіліңді таба  қоятын ше-

шендігін айтыңыз. Бұл ортасын-

да шешендік сөзбен шыңдалып, 

сусындап өскен Әбекеңнің үлкен-

ге де, кішіге де елпілдеген жүрегі 

халқымыздың өзіндей  қарапай-

ым екендігін көрсетеді. Аспанда-

ған атағым бар деп аяғын әр жер-

ден басып қайсыбіреулердей кер-

дең-кердең етпейді. Талабы бар 

жас көрсе  қолынан жетелейді. 

Танылып қалған таланттың бақы-

тының өсе түсуін  қалайды. Ал 

жүрегін кір шалмаған адамның 

бетіне әжім, беліне жүк түспейді 

деген рас екен. Оған сексенге 

келіп серілік сертінен қайтпаған 

Әбекең - Апбаз  Қаражігітұлы-

ның бүгінгі тік  ұстаған тұтас 

тұлғасы, жайдары жүзі, қайтпа-

ған күші дәлел бола алғандай. 

Алпысында аттан түспей, 

жетпісінде желісінен танбаған 



БЮРОКРАТҰЛЫ 

МАНСАП 

(Сықақ әңгіме) 

Апбаз ҚАРАЖІГІТҰЛЫ 

Мен  б е д е л д і  м е к е м е д е г і 

б е д е л д і кабинеттің алдын-

да отырмын.  С ы р т ы н  ж а л -

тырата бояған есіктің маң-

д а й ш а с ы н а  а л т ы н д а п  ж а -

з ы л ғ а н  л а у а з ы м  и е с і н і ң 

а т ы - ж ө н і : -  « м е н і  т а н ы п 

қ о й »  д е й т і н  с и я қ т ы ,  т ы м 

а й б ы н д ы . 

Қ а б ы л д а у  б ө л м е д е г і 

қ асы н  қ иып , көзін сүрмеле-

ген  к ө р і к т і  б и к е ш т і ң 

ө к ш е с і н  ж е р г е тигізбеуіне 

қ а р а ғ а н д а ,  б ү л  б ө л м е д е г і 

ш ы б ы н ғ а  д а  ы з ы ң д а у ғ а 

ерік берілмесе керек. 

А з  ғ а н а  б а қ ы р  ш а р у а м 

б а р  е д і .  Т о с қ а н ы м а  д а , 

міне, екі-үш сағаттан асып 

барады. Бір-екі рет әлгі  д ә у 

е с і к т і ң  а р  ж а ғ ы н а  ө т у г е 

ә р е к е т  е т і п  к ө р і п  е д і м : 

« қ а з і р бос  е м е с .  К і р у г е 

б о л м а й д ы » , -  д е п 

қ ы з 


жібермей отырғызған. 

Кенет есік шалқалай ашы-

л ы п ,  т а л т а ң д а й  б а с қ а н ірі 

денелі кісі ілгерілей берді. 

Оның басы есіктен  қылт ете 

қ а л ғ а н д а - а қ 

қ а б ы л д а у 

бөлмедегі  қыз да  о р н ы н а н 

атып тұрды. Мұндай үлкен 

қ ы з м е т  и е с і н і ң  а л д ы н д а 

б ұ р ы н  б о л ы п  к ө р м е -

гендігім бе,  ә л д е ана  қ ы з 

атып тұрған соң, «басқалар 

да сөйтетін болар» деген ой 

ма, әйтеуір, мен де орным-

н а н 


ұ ш ы п  т ұ р ы п п ы н . 

Тұсымнан ілгері өте берген 

әлгі  қ а р ы н д ы кісі  қ а б а ғ ы н 

т ү к с и т е  м а ғ а н бір  қ а р а д ы 

д а : 

-  Ә й , сен  к і м г е  к е л д і ң ? 



Сенің-ақ  қ о л ы ң  т и е береді 

Ісің бар Елім деген ер ісіндей, 

Түсің бар күннің шуақ 

бөлісіндей 

Сексенге шаң қаптырмай бұл 

келу 


Бәйгеден Құлагердің келісіндей. 

Бергенді айт, Тәңірдің 

берісіндей 

Жүрісің Тарланбоздың 

желісндей. 

Тоқсанға топты жарып өте бердің 

Сексеннің сеңгірінің серісіндей, 

деген бір шумақ жыр ойға орала 

қалады екен. Лайым да солайбол-

сын. Солай болуына тілектеспін 

Әбе! 

Суреттерде: 

• Әбекең белгілі жазушы 

Мүхтар Магауинмен бірге, 

• Жазушы Апбаз Қаражігіт-

ұлы отбасының ортасында. 

екен. Мен саған соңғы рет 

е с к е р т е м і н . Абайла!-деді 

қ а т у л а н ы п өте берді. 

- М е н  с і з г е . . . 

- У а қ ы т ы м  ж о қ , сендей-

лермен отыратын. - деді. 

- Б а с т ы қ екесі, кешіріңіз 

мен  п ә т е р жайында келіп 

е д і м . Он  б а л а м бар, үйсіз 

т ұ р ғ а н ы м а бес жыл, - деп 

асығыс ойымдағымды жет-

кізген болып жатырмын. 

- П ә т е р ? ! - Оның дауысы 

әнтек күшейіп кетті. - Ме-

нен  п ә т е р сұраушының 

саны  ж ү з д е п саналады. 

соңғы кезек сенікі. Оған сен! 

Бара бер! - деді қарқылдай 

күліп, қолын сермеген ол. 

Аң-таң болған мен орным-

н а н қ о з ғ а л м а й  т ұ р ы п 

қ а л ы п п ы н . Жауырыны 

қ а қ па қ та й адам көз алдым-

нан ұзай берді. «Үйге не ай-

т ы п  б а р а м ы н ? » деген ой 

б и л е г е н мен дағдарып 

қ а б ы л д а у бөлмесіне қ айт а 

келіппін. Сасқаным ба, ра-

с ы н д а да дағдарғаным ба, 

сонау есік маңдайшасында 

ж а з ы л ғ а н оның аты-жөнін 

осынша уақыт ішінде жат-

т а п  а л а т ы н д а й болсам да, 

қ абылда у бөлмедегі қыздан 

қ айт а сұраппын. Сонда да: 

« біреу-міреу естіп қоя ма" 

деген адамша, жан-жағына 

ж а л т - ж а л т қарап құлағыма 

с ы б ы р л а п  қана: 

- Б ю р о к р а т ұ л ы Мансап 

деген кісі осы, - деді. 

А й т у ғ а басқа сөз таппа-

ғ а н мен лажсыз басымды 

изедім. Расында да «Бюрок-

р а т ұ л ы Мансап» деген 

бірінші көргендігім болуы 

керек,  қатты таңдандым. 

Жезказганская газета. - 2003. - 5 июля (№77). - 2 б. 

Әбекең сексеннің сеңгіріне сер-

гек шыққанына қуанасың. Қуана 

тұрып: 


Әбеке, ойың теңіз тереңімсің, 

Қасқайып шыңға біткен 

терегімсің 

Сексеннің сеңгіріне шықсаңдағы 



Халқыңа жас жігіттей керегімсің 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал