Апа, сол бір қиын уақыттан, өз өміріңіз жайлы әңгімелеп бер- сеңіз



жүктеу 30.11 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі30.11 Kb.

- Апа, сол бір  қиын уақыттан, 

өз өміріңіз жайлы әңгімелеп бер-

сеңіз. 

Балалығымыз бен жастығымыз сол 

бір қиын кезеңдерде өтті ғой. Мен 1928 

жылы 2 қаңтарда Жаңаарқада дүниеге 

келдім. Әке-шешем ерте қайтыс болып, 

еңбекке жастайымнан араласып,  қиын-

дыққа бейімделіп, төзімділік таныттым. 

Соғыс басталған жылы 13 жасқа кел-

ген едім. 14 жасымда жолаушы тасы-

малдайтын "Атасу-Жарық" поезының 

жолсерігі (проводница) орыс әйелінен 

тәжірибе алып, кейін өзім де жолсерік 

болып еңбек еттім. 

- Соғыс аяқталғанда елдің 

көңіл-күйі  қалай болды, Жеңісті 

қ

алай  қарсы алды? 

- Иә, сол бір  қарғыс атқыр соғыс 

аяқталып, Жеңіс хабарын естіп, халық 

бір-бірін құттықтап, жылап, құшақтасып 

көрісіп жатты. Оны бірден айту қиын, сол 

уақытты еске алғанда көңілім босап, 

көзіме жас келеді. Қуанышты хабардан 

кейін еңсеміз көтеріліп, еңбекке деген 

құ

лшынысымыз артты. Соғыстан аман 



қ

алған ауыл азаматтары да туған жерге 

орала бастады. Оның ішінде менің жол-

дасым Бөкенұлы Қоржынбай да бар еді. 

Қ

оржынбай Ұлы Жеңістен бір жыл кейін 



1946 жылы маусым айында оралды. 

Алланың  қалауымен үйленіп, отбасын 

құ

рып, бес баланы дүниеге әкелдік. Ал-



лаға шүкір, немере-шөберелерім бар, 

өсіп-өніп жатыр. 



-  Қоржынбай ақсақалдың өмір 

жолынан, соғыстағы ерен ерлік-

тері жайында айтып берсеңіз. 

- Иә, алдымызда  Ұлы Жеңістің 70 

жылдығы келе жатыр. Ұлы Отан соғы-

сының ардагері Қоржынбай ортамызда 

болмаса да өмірлік жолынан біраз әңгіме 

айтып берейін. 

Қ

оржекең бір үйдің жалғыз ұлы бол-



ды. 1922 жылы 1-ші қаңтарда Еркіндік 

колхозында дүниеге келген. Атам Бөкен 

мен енем Мәкіш ұзақ жылдар мал ша-

руашылығында еңбек еткен. Бөкен атам 

озат шопан, жылқышы болып, ауыл ша-

руашылығына еңбегі сіңген  қайраткер 

болды. Дінге берік, бес уақыт намазын 

қ

аза қылмаған діндар адам болған. Ел 



арасында Бөкен молла атанып кеткен. 

1935 жылдары Атасуға қоныс аударып, 

еңбек жолын сол жерде жалғастыра-

ды. 


Қ

оржынбай мектеп бітірген соң, 

1940 жылы Отан алдындағы борышын 

өтеуге әскер  қатарына шақырылады. 

Міндетін атқарып жүргенде соғыс та бас-

талады. 1942 жылдың басында жан 

алып, жан беріскен қан майданға аттана-

ды. Белорусь майданындағы жаяу әскер 

батальоны ротасының взводында аға 

сержант шенінде байланыс бөлімшесінің 

командирі болады. Жаумен шабуыл, той-

тарыстарда ерен ерлік көрсетіп, бірне-

ше рет жарақаттанды. 

Содан 1945 жылы жаппай шабуылға 

шығып, 10 сәуірде Кенигсберг қаласын 

жау әскерінен азат етуге қатысады. Осы 

соғыста ерлік танытқаны үшін "Ұлы Отан 

соғысының" I және ІІ-ші дәрежелі ордені-

мен, "Кенигсберг қаласын азат еткені үшін", 

"Ерлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін" ме-

далдарымен марапатталады. Айта берсе 

әңгіме көп қой, қарағым. 

Қ

ан майданның жорықты жолдары-



нан аман-есен елге оралғаннан кейін Жа-

ңаарқада әскери комиссариатта қызмет 

етіп, 1956 жылы партияның жолдамасы-

мен Ақадыр ішкі істер бөлімшесіне қыз-

метке тағайындалады. Ішкі істер саласын-

дағы  ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін 

"Мінсіз қызметі үшін", 'Ұзақ жылғы мінсіз 

қ

ызметі үшін" медальдарымен марапат-



талады. Кейінде «Ақадыр ауданының 

"Құрметті азаматы" атағын иеленді. Жеңіс 

мерекесіне орай берілетін мерекелік ме-

дальдары да бар. Сондай-ақ, ардагер-

лер Кеңесінің мүшесі де болды. Зейнет-

керлікке шықса да қоғамдық жұмыстар-

ға белсене араласып, ақыл-кеңесін айтып, 

көмек беріп жүретін. Соғыстан алған ауыр 

жарақаттары сыр беріп, 2001 жылдың 

қ

аңтар айында 79 жасында өмірден 



озды. 

- Алда  Ұлы Жеңістің 70 жыл-

дығы келе жатыр. Соған орай 

қ

атарлары сиреп бара жатқан со-

ғыс ардагерлеріне, кейінгі өсіп келе 

жатқан жас  ұрпаққа  қандай тілек 

айтар едіңіз? 

- Жеңіс күніне жеткен ардагерлерді 

құ

ттықтай отырып, отбасыларына бірлік 



береке, Алланың берген жасын жасап, 

жылдан-жылға Ұлы Жеңіс мерекесі күніне 

жете беріңіздер - демекпін. Қан майданда 

қ

ан төгіп ерлікпен қаза тапқан жауын-



герлер ешқашан ұмытылмайды. Жан-

дары жәннатта болсын, ұрпақтары бе-

рекелі, бейбіт өмір сүріп, өсіп-өне берсін 

деген тілегімді білдіремін. 

Өзім қазіргі уақытта 1-ші топтағы 

мүгедекпін. 2001 жылдан бері көзім 

қ

атты ауырып, дәрігерлер араласып 



ешқандай ем қондыра алмай, екі көзім 

көрмей қалды. 

Аллаға шүкір қара шаңыраққа ие 

болып отырған үлкен ұлым мен келіні-

ме, немерелеріме ризамын. Біреуі көзім, 

біреуі аяғым болып, бағып-қағып, күтіп 

отыр. 

Жағдайым жақсы, үш бөлмелі 



пәтерге қолым жетті. Соған ықпал еткен 

аудан әкімі Р.Әбдікеровке осы газет ар-

қ

ылы рахметімді айтамын. Әрдайым мені 



назарларынан тыс  қалдырмай,  қолдан 

келген көмектерін жасап отырған кент 

әкімі А.Сембаевқа, орынбасары Қ.Бекқо-

жинге, әкімдік мамандары  Қазбек бала-

ма, Алмагүл атты  қызыма, аудандық 

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-

ламалар бөлімінің басшысы Б.Бекеновке, 

осы бөлім маманы Искакова Гүлнарға 

шексіз алғысымды білдіргім келеді. 

Бар тілегім - кейінгі жастардың, ел-

жұрттың амандығы. Елімізде береке-

бірлік, ынтымақ болсын. 



- Әңгімеңіз үшін Сізге үлкен 

рахмет. Алла сізге  қуат берсін. 

Туған жер үшін жанын құрбан етіп, 

кеудесін оққа төсеген майдангер арда-

гер арамызда болмаса да жасаған 

ерлігі, өткен өмір жолы кейінгі ұрпаққа 

үлгі. Елдің басына үлкен қауіп пен қатер, 

алапат  қайғы мен  қасірет әкелген сол 

соғыста Отан үшін от кешкен майдан-

герлердің көрсеткен өшпес ерлігін, 

қ

аһармандық өнегесін жас  ұрпақ бой-



ында  қалыптастыру ең басты мақсат. 

Жастық өмірін сұрапыл соғыс жылда-

рындағы қиын-қыстау кезеңдерімен бай-

ланыстырған  қарт әжеймен болған 

сұхбатымызда біз осыны ұқтық. 

Автордан. Газетіміздің өткен 



санындағы мақалада шатасып, 

жіберіп алған  қателігіміз үшін біз 

сол отбасының  ұйытқысы, тірегі 

болып отырған Мафруза әжеміз-

ден, баласы Жанат  Қоржынбай-

ұ

лы Бөкеновтен кешірім сұрай-

мыз. 

Салтанат ЖОСАЛБАЙ. 

Шет шұғыласы. - 2015. - 4 наурыз ( №9 ). - 3 б . 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал