Анықтамалық жолкөрсеткіш



жүктеу 327.19 Kb.

бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі327.19 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

АНЫҚТАМАЛЫҚ - ЖОЛКӨРСЕТКІШ

Семей 2016

2

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Университет  тарихы 1998 жылдан  басталады.  Университет  Қазақ

мемлекеттік заң академиясының филиалы ретінде қызметін бастаған.

2007 жылғы  жоғарғы  оқу  орындарын  оңтайландыру  жəне  нығайту

процесіне  байланысты  қаланың  екі  университетінің- Семей  қаласының  заң

инстиуты мен М.О.Əуезов атындағы университеттің бірігуі орын алды.

2009 жылғы 6 ақпаннан  бастап  білім  беру  мекемесінің  атауы «Қазақ

инновациялық гуманитарлық-заң университеті» деп өзгертілді.



Университет миссиясы: аймақтың индустриалды-инновациялық дамуын

көздейтін əртүрлі бағыттағы жоғарғы жəне жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі

бар  бəсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Болжау: Қоғамның  өзгерісте  болатын  қажеттілігін  қанағаттандыруға

бағытталған  аймақтық университет.

Университеттің стартегиялық дамуының басты мақсаты Қазақстанның

əлемдік қауымдастықтағы интеграция жағдайында жұмыс атқара алатын

бəсекеге қабілетті мамандарын кешенді даярлау болып табылады.

2018 жылға  дейінгі  алға  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  университет  келесі

міндеттерді анықтайды:

-

Менеджменттің заманауи технологиясы негізінде басқару;



-

Үздіксіз  білім  беруді  дамыту  жолымен  өмір  бойы  оқу  мүмкіншілігін

қалыптастыру;

-

Инновациялық технологиялар негізінде білім беру қызметтерінің түрлерін



дамыту жəне сапасын арттыру;

-

Білім беру қызметіне сұранысты болжау жəне  жинақталған топты  басқару



прогнозирование  спроса  на  образовательные  услуги  и  управление

набором;


-

Нарықта  талап  етілетін  ғылыми  бағыттардың  дамуы  үшін  аймақтық

бизнеспен жəне өнеркəсіппен қарым-қатынасты нығайту;

-

Ғылым мен  мəдениет облысында халықаралық əріптестікті дамыту, өзара



іс-қимылдың жаңа түрлерн қалыптастыру;

-

Ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейде  оқытушылар, студенттер  жəне



магистранттарды кең ауқымда академиялық ұтқырлықпен қамту;

-

Жетекші  ғалымдарды, ғылыми  ұжымдар, ғылыми  жəне  ғылыми-



педагогикалық мектептерді қолдау;

-

Префессорлық-оқытушылық  құрамның  шет  тілді  коммуникативті



құзіреттілігін қамтамасыз ету;

-

Материалдық-техникалық  базаның  жəне  ғылыми-білім  беру  ортасының



жақсаруы;

-

Жастардың  белсенді  азаматтық  орнын  анықтап  алу, олардың  бойында



əлеуметттік жауапкершілікті , патриоттық сезім жəне лидерлік қасиеттерді

қалыптастыру;

-

Соңғы нəтижеге бағдар жасау.



ҚазИГЗУ өз  қызметінде  ҚР-ның «ҚР-дағы  білім  беру  туралы» заңы, ҚР-

ның  білім  жəне  ғылым  Министрлігінің  нормативті  құжаттары, білім  беру

мекемесі «Қазақ 

инновациялық 

гуманитарлық-заң 

университетінің»

жарғысына  сүйенеді.


3

Жоғарғы алқалы басқару органы Ғылыми Кеңес болып табылады.

2009 жылдан  бастап  университеттің жарғы функцияларын  жүзеге  асыруы

жəне  қаржылық  қолдауды  қамтамасыз  ету, материалдық-техникалық  базасын

нығайтуға  септігін  тигізу  мақсатында  қызметтің  ұйымдастырылуына

қызығушылық  танытатын  атқарушы  органдармен  қарым  қатынаста  болатын

қоғамдық орган ретінде қамқоршылық кеңесі құрылды.

Бүгін  де  ҚазИГЗУ   жоғарғы  білікті  профессорлық-оқытушылық  құрамы

бар көпсалалы ЖОО. ҚазИГЗУ университеттердің Ұлы Хартиясына қол қоюшы

болып табылады.  (15-17 қыркүйек 2010 ж. Болонья, Италия).

Университет  халықаралық  білім  беру  ассоциациялардың  мүшесі  болып

табылады:

Азия  елдері  университеттерінің  ассоциациясы (Ресей федерациясы) (Азия

елдерінің  университеттерінің  ассоциациясын  құру  туралы  меморандум

30.06.2012);

Қазақ-Белорус  ғылыми-білім  беру  консорциумы (9 қараша 2012 жылғы

қосылу туралы хаттама);

Болон үрдісінің қағидаттары енгізілді.

Университетте бакалавриат- 28 мамандығы, магистратура -7, докторантураның

-1  мамандығы бойынша  4000-ға жуық білім алушы бар.

Универсиетте 4 факультет  (заң, гуманитарлық, ақпараттық-техникалық,

қаржы-экономикалық) жəне 10 кафедра жұмыс істейді.

ҚазИГЗУ  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджеті  тарапынан

қаржыландырылатын  ғылыми, ғылыми-техникалық  байқауларға  қатысу  үшін

аккредитациялаудан өтті. (ҚР БжҒМ 22.08.2011 ж. № 001789 Аккредитациялау

туралы куəлігі )

ҚазИГЗУ Болон үрдісінің қағидаттарын енгізу негізінде жалпы білім беру

кеңістігінің  интеграциясына  септігін  тигізетін  Ресей, Қырғызстан, Түркия,

Италия, Ұлыбритания  университеттерімен  əріптестік  туралы  келсімшарт

жасасты.


Аталған келісімшарттар академиялық жəне ғылыми алмасуларды дамыту

бойынша, семинарларға  қатысу, бірлескен  конференция, симпозиумдар  өткізу,

жобаларды жасау тəжірибесімен алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын

жүзеге асыру, білім беру мен ғылымды қолдауға арналған əртүрлі фондтардың

қаржылық қолдауы  бойынша бірлескен қызметтерді қарастырады.

Университетте студенттердің патриоттық тəрбиесіне баса назар аударылады.

«Жас  заңгерлер  достастығы» ҚҚ (ЖЗД) мүшелері  соңғы жылдары  ШҚО

ішкі саясат Департаментінің 6 грантын жеңіп алды.

ЖЗД  ШҚО  жас  мемлекеттік  қызметкерлер  ассоциациясы, «Нұр  Отан» ХДП

жанындағы «Жас  Отан» Жастар  қанатының  ШҚО-дағы  филиалы, ҚР

Президентінің  халықаралық  «Болашақ»  стипендиясының  стипендиаттары

ассоциациясының  ШҚО-дағы  филалдарымен  əріптестік  жөнінде  меморандум

жасады.

Студенттік  өзін-өзі  басқару  жалпы  универсиеттік  жүйенің  ажырамас



бөлігі  болып  табылады  жəне  студенттік  өмірді  ұйымдастырудың  маңызды

қызметтерін  жүзеге  асырады. Студенттік  өзін-өзі  басқарудың  басты  мақсаты

болып  болашақ  мамандардың  бойында  лидерлік  қасиеттерін  қалыптастыру

табылады.



4

Біріңғай  ақпараттық  жүйе  құрылған, оқу  үрдісін  кітапханалық

қамтамасыз  ету  заманауи  талаптарға  сай.  Университет  ақпараттық  базаларға

электронды пошта жəне ғаламдық INTERNET желісі арқылы жол ашады.

Мультимедиялық  оқыту  бағдарламалары  мен  ақпараттық  ресурстарды

қолдануды  қоса  алғанда  оқытудың  ақпараттық  технологиясын  енгізуге,

электронды  оқулықтарды, корпоративтік  жəне  аймақтық  желілерді  жасауға

үлкен маңыз беріледі.

Университетте «Университет 

хабаршысы» ғылыми 

журналы


шығарылады.

27.08.2011 жылғы ҚР  Үкіметінің  № 997 қаулысымен  ҚазИГЗУ  жанынан

əскери кафедра ашылды.

КРЕДИТТІК ЖҮЙЕМЕН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан  білім  беру  мен  маман  даярлау  бойынша  жаңа  парадигманы

жасауда  жəне  білім  беру  үрдісіне  енгізуде, əлемдік  жаһандану  жағдайында

жоғарғы  білім  берудің  сапасы  мен  бəсекелестікке  қабілеттілігін  арттыру

мақсатында кредиттік білім беру жүйесіне көшуде

Жоғарғы 


оқу 

орын 


оқытушылары 

мен 


білім 

алушылардың

мобильділіктерін  жоғарлату  мақсатында, сондай-ақ  еліміздің  білім  беру

мекемелеріндегі  білім  берудің  барлық  деңгейлерін  тиімді  етіп  жəне  жалпы

білім беру жүйесін жақсарту мақсатында бірыңғай кредиттік технология жүзеге

асырылуда.

Кредиттік  технологиямен  оқытуда  оқу  жұмыстарының  күрделілігі  білім

беру  үрдісі  барысында  берілген  материалдың  көлемімен  есептеліп, кредитпен

өлшенеді. Кредиттік  технология  жинақтаушы  болып, алдында  барлық  білім

беру деңгейлері бойынша меңгерген кредиттердің үдемелі өсуін меңзейді.

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  ісінің  басты  мақсаты  тек

білімнің  білік  пен  дағдының  жиынтығы  ғана  емес,  осыларға  негізделген

əлеуметтік жəне кəсіби біліктілік, өздігінен ізденіп  талдау  жасауға, сондай-ақ

сауатты  шешім  қабылдау  үшін  ақпаратты  тиімді  пайдалануға, өмірде  мақсат

қоя білуге, казіргі дүниеде болып жатқан өзгерістерге бейімделуге баулу.

Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің

өз  бетімен  таңдауы  негізінде  білімді  шығармашылықпен  игеруі  жəне  өздік

тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың əдісі.

Кредит - студенттің  оқу  жүмысының  көлемін  өлшеудің  бірыңғайландырылған

бірлігі. Бір  кредит 15 апталық  академиялық  кезеңнің  əрбір  аптасындағы

аудиториялық жұмыстың бір академиялық  (50 мин.) сағатына тең.

Оқытудың  аяқталуының  міндетті  шарты  ретінде  студенттің  кредит

бөліктерінің  бекітілген  көлемін  алу  белгіленген: теориялық  оқу  кредиті

бойынша 129-дан  немесе 5805 теориялық  бөлім  сағатынан  жəне  кəсіби

тəжірибенін 6 кредиті немесе 270 сағатынан  төмен болмауы керек.

Пəндерді  оқып  үйренуге  студенттерді  үйымдастыру,  деканатқа  немесе

офис-регистраторға  жүктеледі. Əрбір  студенттің  білім  траекториясын

айқындайтын  дербес  оқу  жоспарлары  жекелеген  студенттердің  əрқайсысымен

əрбір оку жылына эдвайзердің жетекшілігімен белгіленеді.


5

Кредиттік  оқыту  жүйесі - өзіндік  білім  беру  мен  білімді  шығармашылықпен

меңгеру  деңгейіне  оқу  үрдісін  реттеу  шеңберінде  білім  беру  траекториясын

таңдау мен кредит түріндегі білім көлемін ескеру негізіне бағытталған жүйе.



ТҮСІНІК СӨЗДІК (ГЛОССАРИЙ)

Академический  календарь - академиялык  күнтізбе (Асаdemic Саlеndаr)

оқу жылына арналған оку жəне бақылау шараларының күнтізбесі, онда демалыс

күндері де көрсетіледі (каникул, мереке күндері).

Академический период - академиялық кезең (Теrm) - ЖОО-ның тандаған

түрлі оқу нысанының бірінің теориялық оқыту кезеңі:

- 15 апталық семестр;

- 10 апталық триместр;

- 8 апталық тоқсан.

Академический  рейтинг  обучающегося - білім  алушының  академиялык

рейтингі (Rating) - бағдарламалық  материалды  игеру  деңгейінің  сандық

көрсеткіші, ол аралық аттестация (Қорытынды бақылау) нəтижесінен құралады.

Академическая  степень - академиялық  дəреже (Degrее) - білім

алушылардың  жоғары  кəсіптік  білім  бағдарламасына  сəйкес  дəрежені  игеруі.

Дəрежені  мемлекеттік  қорытынды  аттестацияның  нəтижесі  бойынша  жоғарғы

оку орны береді.

Академический  час - академиялык  сағат - дəріс, тəжірибе (семинар)

сабақтарының 1 сағатына (50 мин) тең  немесе  студиялық  сабақтардың 1,5

сағатына (75 мин) немесе  зертханалық  сабақтардың 2 сағатына (100 мин),

сондай-ақ  оқу  тəжірибелерінің  барлық  түрлерінің 1 сағатына (50 мин),

педагогикалық тəжірибенің барлық түрлерінің 2 сағатына (100 мин), өндірістік

тəжірибенің барлық түрлерінің 5 сағатына (250 мин) тең.

Академическая  справка - академиялық  аныктама (Transcript) - өткен  оқу

кезеңінде оқытылған пəндердің кредиттері мен бағалары көрсетілген тізбесінен

тұратын, белгіленген үлгідегі құжат.

Активные  раздаточные  материалы - қолға  үлестіріліп  берілетін

материалдар (Hand-outs) - білім  алушыларды  тақырыпты (лекция  тезистерін,

сілтемелерді, мысалдарды, глоссарийді, өздік  жұмысы  тапсырмасын) өз

мəнінде  меңгеруге  арналған  сабақ  барысында  үлестіріліп  берілетін  белсенді

көрнекі материалдар.

Ассистент, доцент, профессор (Assstant Professor, Associate Professor,

Professor) - ЖОО-дағы -профессор-оқытушылар қүрамының лауазымдары.

Бакалавр, магистр, доктор (Васhelor, Маstег, Doctor) - жоғары  жəне

жоғары оқу орнынан кейінгі кəсіптік білім бағдарламасын меңгерген адамдарға

берілетін академиялық дəрежелер.

Двухдипломное  образование - екідипломдық  білім  беру  нысаны - екі

бірдей оқу жоспары бойынша білім  алу мүмкіндігі. Аталған білім алу нысаны

нəтижесінде  екі  бірдей  диплом (Double Major) немесе  негізгі  жəне  қосымша

(Major- Minor) диплом алуға болады.

Кредиттерді  жинақтаушы  жəне  трансферттің  европалық  жүйесі - Білім

беру  траекторияны, білім  беру  мекемені  немесе  білім  алып  жатқан  елді

ауыстыру  жағдайында  меңгерген  оқу  пəндерді (кредиттер  мен  бағаларды)



6

салыстыру жəне қайта сынақтан өткізілуі белгілі бір білім беру бағдарламалары

компоненттеріне (пəндер, курстар, модульдар) сынақ  бірліктерін  тағайындау

арқылы жүзеге асырылады.

Запись  на  учебную дисциплину - оку пəніне  жазылу (Еnrollment) - білім

алушылардың  оқу  пəндеріне  белгіленген  тəртіпте  алдын-ала  жазылу

процедурасы.

Индивидуальный  учебный  план - Жеке  оқу  жоспары - Эдвайзердің

көмегімен  типтік  оқу  жоспары  мен  эллективті  пəндер  жинағы  негізінде

жасалатын студенттердің жеке оқу жоспары.

Итоговый  контроль - қорытынды  бақылау (Final Ехаmі-nаtіоп) - білім

алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  тексеру  үшін, оқу  пəнін  оқып-үйреніп

біткеннен  кейін, яғни  академиялық  кезең  аяқталғаннан  соң  жүргізілетін

тексеру; оны өткізу нысаны - емтихан (жазбаша, тест түрінде, ауызша).

Кредитная  система  обучения - кредиттік  оқу  жүйесі - өздігінен  білім

алуды шығармашылықпен игеру деңгейін оқу үрдісін реттеу шеңберінде білім

траекториясын  жеке  тандауы  жəне  кредит  түріндегі  білім  көлемін  ескеру,

арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредит - білім  алушы/оқытушының  оқу  жүмысы  көлемін  өлшеудің

бірыңғайландырылған  бірлігі. Бір  кредит  білім  алушының  академиялық

кезеңдегі  бір  апталық  академиялық  аудиториялық  сағатына  сəйкес  келеді.

Əрбір  дəрістік, тəжірибелік (семинар) жəне  студиялық  сабақтардың

академиялық  сағаты  міндетті  түрде 2 сағаттың (100 мин). Бакалавриат

студентінің өздік жұмысымен (СӨЖ) қоса жүргізіледі.

Контроль  учебных  достижений  обучающихся - Білім  алушылардың

оқудағы  жетістіктерін  тексеру - Жоғарғы  оқу  орнының  қалауы  бойынша

студенттердің білімдерін əр  түрлі  тексеру нысандары (ағымдағы, аралық жəне

қорытынды бақылау)

Описание дисциплины - пəн сипаттамасы - пəннің қысқаша сипаттамасы

(5-8 сөйлемнен аспайды).

Офис Регистратор – Тіркеу бөлімі (Office of Registrat) - білім алушының

оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу қызметі, білімді бақылау түрлерінің

барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Рабочий учебный план - Оқу жұмыс жоспары -  Білім беру мекемелермен

əр мамандық бойынша типтік оқу жоспарының жəне білім алушылардың жеке

оқу жоспарларының негіздерінде жасалатын құжат.

Промежуточная  аттестация  обучающихся -  Білім  алушылардың  аралық

аттестациясы - Сессия  кезіңдегі  білім  алушылардың  белгілі  бір  пəнді

қаншалықты меңгергендерін бағалау.

Пререквизиты - пререквизиттер - берілген пəнді оқып-үйрену үшін талап

етілетін білім, біліктілік пен дағдылары көрсетілген пəндер.

Постреквизиты - постреквизиттер - берілген  пəнді  оқып-үйренуді  аяқтау

үшін талап етілетін білім, біліктілік пен дағдылары керсетілген пəндер.

Программа  дисциплины - пəн  бағдарламасы (Sillabus) - окитын  пəннің

сипаттамасы, мақсаты мен міндеті, қысқаша мазмұны, тақырыбы, əр сабақтың

өту  мерзімі, өздік  жұмыс  тапсырмалары, кеңестер (консультациялар) беру

уақыты, оқытушының  талпаптары, баға  өлшемдері, межелік  бақылау  кестесі,

əдебиеттер тізімі енгізілген пəннің оқу бағдарламасы.



7

GPA (орташа балл) - студенттің таңдаған бағдарламасы бойынша бір оқу

жылындағы  жетістіктері  деңгейінің  орташа  өлшемді  бағасы (қорытынды

бақылау  бағасы  балының  сандық  баламасына  шаққандағы  кредит  сомасының

қатынасы).

Рубежный  контроль  успеваемости - межелік  үлгерім  бақылауы -

студенттің  оқудағы  жетістігін  жүйелі  тексеру  оны  академиялық  күнтізбеге

сəйкес тьютор жүргізеді.

Самостоятельная  работа  студента  под  руководством  преподавателя

(СРСП) - білім алушының өздік жұмысы - (ОЖСӨЖ) - тест, бақылау жұмысы,

коллоквиум, реферат, шығарма, есеп  түріндегі  бақыланатын, оқу-əдістемелік

əдебиетпен  жəне  кеңестермен  қамтамасыз  етілген  нақты  тақырыптар  тізбесі,

білім алушылардың сипаттарына байланысты (СӨЖ) - етуденттің өздік ұүмысы

болып  бөлінеді. Студенттің  оқытушы  жетекшілігімен  орындайтын  өздік

жұмысы (ОСӨЖ).

Тьютор - студенттерге  нақты  пəнді  меңгеруде  академиялық  кеңесші

рөлінде жəне оқу пəндерін жүргізетін оқытушы.

Текущий  контроль  успеваемости - сабақ  үлгерімін  ағымдық  бақылау - пəн

бойынша  дəріс  беретін  оқытушы  өткізетін  оқу  пəнінің  əр  тақырыбы  жəне

тарауы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.

Учебный  план - оқу  жоспары - оқу  пəндерінің  білім  берудің  тиісті  деңгейіне

сəйкес тізбесі мен көлемін реттейтін негізгі құжат.

Эдвайзер (Advisor) - бітіруші  кафедраның  тиісті  мамандық  бойынша  білім

алушының  академиялық  ұстаз-жетекшісі  міндетін  атқарушы  оқытушы.

Эдвайзер оқу кезеңі бойы білім алушыға оқу траекториясын таңдауға, жеке оқу

бағдарламасын игеруге ықпал етеді.

ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақ  инновациялық  гуманитарлық-заң  университетіндегі  оқу  үрдісі,

бекітілген  студенттердің  жеке  оқу  жоспарлары, жылдық  оқу  жоспары,

академиялық  күнтізбе, сабақ  кестесі  жəне  студенттердің  оқытушы

жетекшілігімен  өткізілетін  өздік  жұмыстарға  кеңес  беру  кестесі  негізінде

жүзеге асырылады.

Оқушының оқу жүктемесінің көлемі студенттің оқу жылы бойы əрбір пəн

бойынша меңгерілетін кредит немесе академиялық сағат түрінде өлшенеді.

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

Оқу  жылы  академиялық  кезеңдер, аралық  бақылау, каникул  жəне  іс-

тəжірибе кезеңдерінен тұрады. Бітіруші курста оқу жылына соңғы мемлекеттік

бақылау кезеңі енгізіледі.

Университетте бекітілген академиялық кезең түрі – семестр.

Академиялық кезең түрінің ұзақтылығы нысанына қарай 15 жұма семестр үшін,

10 жұма триместр үшін жəне 8 жұма квартал (тоқсан) үшін болады.

Күндізгі  жəне  кешкі  оқу  түрі  бойынша  оқитын  студенттердің  академиялық

кезеңі 15 апта. Күндізгі  жəне  кешкі  оқу  түрі  бойынша  оқитын  студенттердің

аралық бақылау кезеңі бір оқу жылына 1 аптадан кем болмауы керек.



8

Сырттай  оқитын  барлық  мамандықтардың  студенттерінің  емтихандық

сессиясы екі ағыммен (əрбір ағым 4 аптадан кем емес) жоспарланып өткізіледі.

Əрбір  академиялық  кезеңнен  кейін  студенттерге  демалыс (каникул) беріледі.

Бір оқу жылындағы демалыстың ұзақтылығы 7 аптадан кем болмауы керек.

Оқу  жылы 6 аптадан  тұратын  жазғы  семестр  енгізуі  арқылы  ұзартылуы

мүмкін.

Жазғы  семестр  студенттердің  өтініші  бойынша  қосалқы  пəндерді  жетік



меңгеру  үшін, оқу  жоспарларындағы  оқу  айырмашылықты, академиялық

қарыздарын жою үшін қосымша төлем ақы негізінде ұйымдастырылады.

Соңғы  бақылау  түрі – емтихан. Пəнді  меңгеруден  кейін  аралық  бақылау

кезеңінде өткізіледі.

Сырттай  оқитын  студенттер  емтихандық  сессияға  жіберіледі, егер  оның

алдыңғы  курс  бойынша  академиялық  қарыздары  болмаса. Сонымен  қатар

емтиханға  дейін  бақылау  жұмыстары  есептелініп, курстық  жұмыстары

қорғаудан өтуі керек.

Емтихандық  сессияға  жіберу  факультет  деканының  өкімімен  жүзеге

асырылады.

Келісімшарт  бойынша  оқитын  жəне  төлем  ақысын  өтемеген  студенттер

сессияға жіберілмейді.

Сырттай  оқитын  студенттер  бірінші  ағымның  емтихандық  сессиясына

қатыспай, сол  себеппен  оқудан  шығарылса, онда  ол  ағымдағы  оқу  жылының

екінші емтихандық сессиясына қатысуы үшін оқуға қайта қабылданбайды.

Оқу  бағдарламаларының  мазмұны  жоғары  білім  беру  мемлекеттік

стандарттарына  сəйкес  бекітіліп  оқу  жоспарлары  арқылы  жүзеге  асырылады.

Оқу үрдісін жоспарлау келесі құжаттар арқылы жүргізіледі:

- Типтік оқу жоспары

- Дербес оқу жоспары

- Жылдық оқу жоспары

- Академиялық күнтізбе

Типтік оқу жоспары білім беру саласындағы белгіленген өкілетті органмен

бекітіледі. Мұнда  міндетті  компоненттер  бойынша  жеке  пəндерге  бөлінген

кредит  көлемі  жəне  оқыту  семестрі  белгіленген. Таңдауы  бойынша

компоненттерге  бөлінген  жалпы  кредиттер  саны  бекітілген. Іс-тəжірибе  өту

кезеңі  анықталған. Бір  оқу  жылына  жасалып, ғылыми  кеңес  шешімі  негізінде

ректордың қолымен бекітіледі.

Жылдық  оқу  жоспары  міндетті  жəне  таңдау  компоненттеріне  жататын

пəндердің тізімі, кредит көлемі, оқу реті, оқу жəне бақылау түрі анықталған.

Типтік  оқу  жоспарына  қосымша  элективті  пəндер  каталогы  жетілдіріледі. Бұл

каталогта  таңдау  компоненттеріне  жататын  барлық  пəндерді  оқудың

жүйеленген  түрі, əр  пəннің  қысқаша  мазмұны, оқу  мақсаты  мен  міндеттері

анықталып  көрсетілген. Элективті пəндер  каталогында əрбір  пəннің пре- жəне

постреквизиттері  көрсетіледі. Элективті  пəндер  каталогында  пəнді  таңдау

альтернативасы ұсынылады.

Дербес  оқу  жоспары – бір  оқу  жылындағы  жеке  студенттің  оқу

траекториясын анықтайды.



9

Дербес  оқу  жоспары (ДОЖ) (қосымша  Г) студенттің  оқу  траекториясын

белгілейді  жəне  əрбір  оқу  жылына  эдвайзердің  көмегімен   студенттің  өзі

белгілеген түрде қалыпқа келтіріледі.

Бұл  жоспарларды  екі  данада  факультет  деканы  бекітеді: біреуі - деканатта

сақталады, екіншісі -студентке тапсырылады.

Əрбір студент тіркеу басталудың алдында тиісті деканатта немесе тіркеу

бөлімінде ДОЖ танысады жəне өзінің оқу траекториясын таңдайды.

Бірінші  курс  студенті  сабақ  басталар  алдында (15-25 тамыз) тіркеу

бөлімінен  бірінші  курстарға  арналған  дербес  оқу  жоспарының  дайын

нұсқасын  алады, онда  ол  ағымдағы  жылдың 30 тамызына  дейін  өзінің

түзетулерін енгізе алады. Дербес оқу жоспарына одан əрі  өзгерту жыл бойына

рүқсат етілмейді.

Екінші  курс  жəне  одан  жоғары  курс  студенттері  келесі  оқу  жылына

(белгіленген  түрде) өзінің  дербес  оқу  жоспарын  эдвайзермен  кеңес  алғаннан

кейін құрастырады, оған қол қояды  жəне тіркеу бөліміне 1 ақпаннан 1 наурыз

аралығында  тапсырады.

Сырттай  оқитын  студенттердің  оқу  жоспарын  дайындау  қысқы  емтихандық

сессия  соңыңда – 2-4 курс  студенттері  үшін, бекіту  сессиясынан  соң – 1 курс

студенттері үшін жүргізіледі.

Жаңа  оқу  жылына  дербес  оқу  жоспарын  өзгерту (кредиттің  жалпы

санынан  кем  дегенде 10% көлемінде) ағымдағы  оқу  жылының 26 тамызына

дейінгі  мерзімде  енгізілуі  мүмкін. Мүндай  жағдайда  тіркеу  бөліміне

өзгерістерді керсету арқылы жазбаша тапсырыс түседі.

Оқу жылы бойы дербес оқу жоспарына өзгеріс еңгізуге тиым салынады

Жеке  оқу  жоспарын  талдаудың  нəтижесі  бойынша  факультет  декандары

ағымдағы  жылдың   10 наурызына  дейін  жаңа  оқу  жылына  жүмыс  оқу

жоспарын құрастырады.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал