Анықтамалық библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді



жүктеу 285.31 Kb.

бет2/3
Дата08.01.2017
өлшемі285.31 Kb.
1   2   3

15 –  

Қазақстанның  халық  жазушысы  Әзілхан 



Нұршайықовтың туғанына 95 жыл (1922 - 2011)* 

18 –  

Жазушы  Юрий  Васильевич  Антроповтың 

туғанына 80 жыл (1937 - ). 

19 –  

Қазақтың  белгілі  жазушысы,  ғалымы,  көрнекті 

мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  Қазақстандағы 


14 

 

оқу-ағарту  ісінің белсенді  ұйымдастырушыларының 



бірі  Әди  Шәріпұлының  туғанына  105  жыл  (1912  – 

1993) . 


23 –  

Жазушы, аудармашы Уақап Қыдырханұлының 

туғанына 85 жыл (1932 - ). 

Жазушы, 


ақын, 

драматург 



Әлібек 

Қаңтарбаевтың туғанына 70 жыл (1947 - ). 

25 –  

Кеңес  Одағының  Батыры  (27.02.1945)  Иван 



Михеевич  Астафьевтің  туғанына  95  жыл  (1922  – 

1945). 


-  

Кеңес  Одағының  Батыры  (1943)  Қойгелді 



Аухадиевтің туғанына 110 жыл (1907 – 1943). 

 

Айы мен күні 



белгісіз мерейтой иелері мен еске алынатын күндер 

 

Жазушы,  ақын,  балалар  әдебиетіне  де  қалам 

тартқан  Фатих Динисламовтың туғанына 100 жыл 

(1917  –  1965).  Шығармалары:  «Намыс»  (1944), 

«Семсер»  (1948),  «Күшік  пен  мысық»  (1959),  «Аю 

мен  бала»:  балаларға  арналған  ертегілер  (1961), 

«Қоқиланған қораз»: Ертегі (1965), «Көл жағасында» 

(1966). 

Жерлес  кинооператор  Анатолий  Лаптевтің 

туғанына 75 жыл (1942 - ). 

Ақын  Виктор  Веригиннің  туғанына  65    жыл 

(1952 - ). 

Ақын  Асқар  Лекеровтың  туғанына  105  жыл 

(1912  –  1964).  Шығармалары:  «Достар»  (1955), 

«Гауһар»  (1965),  «Түз  гүлі»  (1968),  «Өмір  оты» 

(1969) атты өлеңдері бар. 

Ақын  Дмитрий  Рябуханың  туғанына  95  жыл 

(1922  –  1972).  Шығармалары:  «Колхоз  даласы» 

(«Колхозное  поле»)  атты  өлең  жинағы,  «Дорогой 

мира»,  «Новоселы»,  «Чиликане»  т.б.  өлең  кітаптары 

бар. 


15 

 

Ақын  Байқадам  Шөкшеұлы  Бабықовтың 

туғанына  325  жыл  (1692  –  1779).  Шығармалары: 

«Өмір  туралы»,  «Бұл  дүние»,  «Келіндерге»,  «Не 

жаман» т.б. 



Әдебиетші, 

сыншы, 

аудармашы, 



қоғам 

қайраткері,  Абайдың  немере  інісі  Кәкітайдың  ұлы 



Даниял  Ысқақовтың  туғанына  120  жыл  (1897  – 

1945).  


Ақын, 


қоғам 

қайраткері 



Тұрлықан 

Қасенұлының туғанына 115 жыл (1902 – 1942). «Кім 

күшті?»  (1929),  «Ерлер  әңгімесі»  (1934),  «Оспан 

комсомол» (1934), «Нүкен» (1935) атты поэмалардың 

авторы. 


 Ақын,  педагог,  этнограф,  абайтанушы  Садық 



Қасимановтың  туғанына  115  жыл  (1902  –  1977). 

Шығармалары:  «Өс,  өс,  бөбек»  (1961),  «Сиқырлы 

сыбызғы» (1961), «Қазақ халқының өнері» (1962). 

Ақын,  Ә.  Тәңірбергеновтің  дарынды  шәкірті 



Қауметұлы Шұғыбанның туғанына 120 жыл (1897 – 

1943).  Шығармалары:  «Әріп  өлгенде»  (1924), 

«Ботақара батыр» (1930) т.б. өлеңдердің авторы. 

Қазақ  халқының  батыры  Көкжал  Барақ-



батырдың  туғанына  315  жыл  (1702;  басқа 

мәліметтер бойынша XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. ортасы). 



Глубокое  ауданындағы  Бобровка  ауылының 

құрылғанына 250 жыл (1767). 

Ақын  Дулат  Бабатайұлының  туғанына  215 

жыл (1802 – 1874).* 

Халық  композиторы,  әнші,  ақын  Әсет 



Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867 – 1922). 

«Салиха-Самен»,  «Перизат»  т.б.  қисса-дастандардың 

авторы. 

Семейде  «Сары  -  Арқа»  газетінің  жарыққа 

шыққанына 100 жыл толады (1917 – 1918). 

Қазақ ССР-інің 50 жылдығы атындағы Өскемен 



педагогикалық  училищесіне  55  жыл  (1962;  қазіргі 

16 

 

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі). 



Жазушы  Келіс  Рахымжановтың  туғанына  60 

жыл (1957 - ). 



Зайсанға  қала  мәртебесі  берілгеніне  45  жыл 

(1972). 1864 жылы құрылған. 





Шульбі  ГЭС-інің  іске  қосылғанына  30  жыл 

(1987). 


 

 

 



 

 

Аталып өтілетін мерейтой иелеріне қысқаша 



анықтама және әдебиеттер тізімі 

 

13 наурыз 

 

Физика-математика ғылымдары бойынша 

қазақтың тұңғыш доценті 

Боқаев Сәдуақас Хасенұлының 

 туғанына 110 жыл 

(1907-1942) 

 

Боқаев  Сәдуақас  Хасенұлы  (1907-



1942)  -  физика-математика  ғылымдары 

бойынша  қазақтан  шыққан  тұңғыш 

ғалым,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық  университетінің  негізін 

қалаушылардың 

бірі, 


физика-

математика 

факультетінің 

бірінші 


деканы. 

 Семей  қаласында  туған.  1932 

жылы  Мәскеу  университетін  бітіріп,  сол  жылы  аталмыш 

университеттің  аспирантурасына  түсті.  Бірақ  Қазақ  АКСР 

Халық  ағарту  комиссариаты  оны  Алматыға  шақыртып 

алды. 


1932-1936 

жылдары 


Қазақ 

педагогикалық 



17 

 

институтының  ассистенті,  кафедра  меңгерушісі,  деканы, 



профессоры,  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  кафедра 

меңгерушісі 

қызметтерін 

атқарып, 

студенттерге 

математиканың  арнаулы  салаларынан  дәріс  оқыды.  Қазақ 

АКСР 

Халық 


ағарту 

комиссариаты 

жанындағы 

терминология  комиссиясының  мүшесі  болды.  С.Боқаев 

дифференциалдық  теңдеулер,  арнаулы  функциялар, 

конформдық  түрлендіру  теориясының  және  олардың 

механикада  қолдану  мәселелерін  зерттеумен  айналысты. 

Сонымен  қатар  орта  және  жоғары  оқу  орындарына 

арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. 

 Доцент  С.Боқаев  тарих  кафедрасының  меңгерушісі, 

профессор  Ж.Асфендияров,  М.Маркович  және  тағы  да 

басқа әріптестерімен бірлесе отырып, Мәскеу мемлекеттік 

университетінің  озат  тәжірибелерін  оқу  процесіне  енгізді. 

Болашақ  академик  О.Жәутіковтың  дипломдық  жұмысына 

жетекшілік етті. 

 Жас  ғалым  1935  жылы  28  жасында  Мәскеу 

мемлекеттік  университеті  жанындағы  математика  және 

механика  ғылыми-зерттеу  институтында  кандидаттық 

диссертация қорғады. 1937 жылы 30 жасында репрессияға 

ұшырап, түрмеде улап өлтірілді деген дерек бар. 

 2007 

жылы  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 



педагогикалық 

университетінің 

физика-математика 

факультетінде Сәдуақас Боқаевтың туғанына 100 жыл толу 

құрметіне «Физика-математика пәнін оқытудың әдістемесі 

мен  теориясы»  атты  республикалық  ғылыми-тәжірибелік 

конференция  және  Семей  қаласындағы  педагогикалық 

институттың оқушылары арасында олимпиада өтті. 

 Боқаев  Садуақас  Хасенұлы  -  дарынды  математик, 

өзінің  қысқа,  бірақ  жарқын  да  мазмұнды  өмірінде 

қазақстандық 

математиктердің, 

педагогтардың, 

инженерлердің,  экономистердің,  сондай-ақ  еліміздің 

мектептері  мен  жоғары  оқу  орындары  оқытушыларының 

жаңа  әрі  жас  толқынын  дайындауға  баға  жетпес  үлес 

қосқан ғалым. 


18 

 

 



 

Әдебиеттер 

 

Боқаев  С.    [Мәтін]:  [қысқаша  өмірбаяны]  // 

Қазақстан:Ұлттық  энциклопедия  2  т.–  Алматы,  1999.  –  Б. 

361. 


 

 

 

 

18 наурыз 

Қазақтың тұңғыш баскетболшы қызы 

Дүйсенова Шолпанның туғанына  

90 жыл 

 

Дүйсенова  Шолпан  (18.03.1927  жылы  туылған, 

Шығыс  Қазақстан  облысы  Зайсан  қаласы)  —  қазақ 

қыздарынан  шыққан  тұңғыш  баскетболшы.  1950  —  60 

жылдары Қазақстан құрама командасында ойнап, команда 

капитаны  болды.  Дүйсенова  Алматы  дене  тәрбиесі 

институтын бітіргеннен (1950) кейін Алматы дене тәрбиесі 

техникумында, 

“Динамо” 

командасында, 

кейіннен 

Қарағандының  политехнология,  кооп.  институттарында 

жаттықтырушылық  әрі  ұстаздық  қызмет  атқарды. 

Дүйсенова  көптеген  шәкірт  баулып,  оларды  республика 

құрама командасына қосты. Алматы қаласы командасының 

құрамына  Дүйсенова  Қазақстанның  (1947  —  1960), 

Қазақстан 

мен 


Орта 

Азия 


республикалары 

спартакиадасының (1954 — 1956) чемпионы атанды. 1954 

—  1955  жылдары  Дүйсенова  КСРО  жастар  құрама 

командасына  қабылданды.  КСРО  Жоғары  Кеңесінің 

“Құрмет”  грамотасымен  (1955),  Бүкілодақтық  спорт 

комитетінің дипломдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 

грамоталарымен, дипломдарымен марапатталған. 

 


19 

 

 



Әдебиеттер 

Дүйсенова  Ш.    [Мәтін]:  [қысқаша  өмірбаяны]  // 

Қазақстан:Ұлттық  энциклопедия  3  т.–  Алматы,  1999.  –  Б. 

303-304. 

 

 

 

10 сәуір 

Малдыбаев Оралбек Бейсембайұлының 

 туғанына 95 жыл 

(1922-2011) 

 

1922 жылы 10 сәуірде  ШҚО Самар 



ауданы    Көк-Жота  ауылында  дүниеге 

келген.  Төрт  айлық  курсты  аяқтап,  1940 

жылы  Самар  ауданының  Жаңажол 

жетіжылдық  мектебінде  мұғалім  болып 

еңбекке 

араласа 


жүріп, 

Семей 


педагогикалық 

техникумында 

білім 

алды.  Алайда,  1941  жылы  Ұлы  Отан 



соғысы басталып, ол өз еркімен майданға 

аттанды. 

1942  жылы  ауыр  жарақат  алды.  Әскери  госпитальда 

ұзақ  уақыт  емделген  соң,  әскер  қатарынан  босатылды. 

Майданнан  оралған  соң  1943  жылы  Самар  ауданы 

Бастаушы орта мектебінің директорлығына, одан соң, 1944 

жылы  Зайсан  аудандық  білім  бөлімінің  меңгерушілігіне 

жіберілді.  1945  жылғы  қаңтарда  Зайсан  аудандық 

комсомол комитетінің бірінші хатшылығына сайланды. 

1948  жылы  БЛКЖО  Орталық  Комитеті  жанындағы 

Москва  жоғары  комсомол  мектебін  бітірді.  1948-1950 

жылдары  алдымен  насихат  жөніндегі  хатшысы,  кейін 

Шығыс  Қазақстан  облысы  комсомол  комитетінің  бірінші 

хатшысы  болып  қызмет  істеді.  1950-1955  жылдары  түсті 

металлургия  өнеркәсібінің дамуына ықпал етті. 1955-1957 


20 

 

жылдары  Күршім  аудандық  партия  комитетінің  екінші 



хатшысы  ретінде,  одан  соң    аудандық  атқару  комитетінің 

төрағасы  ретінде  тың  жерлерді  игеруге  қатысты.  1959 

жылы  Тарбағатай  аудандық  партия    комитетінің  бірінші 

хатшылығына  сайланды.  1962  жылы  облыстық  мәдениет 

басқармасының    бастығы  қызметіне  тағайындалды.  1965 

жылдан  бастап  төрт  жыл  Таврия  аудандық  партия 

комитетінің  бірінші  хатшысы,  кейін  Ұлан  ауданы 

құрылған  кезде  аудандық  партия    комитетінің  бірінші 

хатшысы болып қызмет  істеді. Кейінірек  жиырма жылдан 

аса облыстық мәдениет басқармасын басқарды. 

Оралбек 

Бейсембайұлы 

КСРО 

Мәдениет 



министрлігінің  мәдени  насихат  жөніндегі  бүкілодақ 

комитетінің  мүшелігіне,  шетелдермен  мәдени  байланыс 

жөніндегі  мүшелігіне,  шетелдермен  мәдени  байланыс 

жөніндегі  облыстық  комитеттің  төрағалығына  сайланған. 

Өз  мүгедектігіне  қарамай,  Оралбек  Бейсембайұлы  88 

жылдық ғұмырының 73 жылын еңбекке арнады. 

Оралбек  Бейсембайұлы  5  –  шақырылған  Қазақ  КСР 

Жоғары  кеңесінің  депутаты  болды,  халық  депутаттары 

Шығыс  Қазақстан  облыстық  кеңесінің,  21  –  шақырылған 

халық  депутатары  Өскемен  қалалық  кеңесінің,  халық 

депутатары 

Тарбағатай, 

Күршім, 

Ұлан 


аудандық 

кеңестерінің 

депутаттығына 

сайланған. 

Ол 

Ұлан 


ауданының  және  Өскемен  қаласының  Құрметті  азаматы, 

сондай-ақ,  республикалық  дәрежедегі  дербес  зейнеткер 

болды.  

 



Әдебиеттер 

 

Иманғали М. Биыл отбасын құрғанына да 65 жыл 



толыпты  //  Дидар. – 2010. – 12 сәуір. – Б. 5.   

 

Танымал тұлға  //  Ақ Ертіс. – 2005. – № 2-3. – Б. 



72-76.   

 

Оралбек  Бейсембайұлы  Малдыбаев    //    Дидар.  – 



2010. – 25 қазан. – Б. 5.   

21 

 

 



Малдыбаев  О.  Ардан  аттаған  жоқпыз  [Мәтін]    / 

О. Малдыбаев. - Өскемен: Шабыт, 2006. – 132 б. 

 

Елубай  О.  Алтайым,  алтын  бесігім  [Мәтін]    /  О. 



Елубай. - Алматы: «Әл-Фараби», 2000. – 192 б. 

 

 



 

27 маусым 

Журналист, ақын 

Тұрғазы  Нұқаевтың туғанына  

80 жыл 

(1937-2001) 

 

Қаламы  қарымды  журналист  әрі 



облысымызға  белгілі  ақтаңгер  ақын, 

Қазақстан 

Жазушылар 

және 


журналистер 

одақтарының 

мүшесі 

Тұрғазы  Нұқайұлы  Нұқаев  1937  жылы 



Шығыс 

Қазақстан 

облысы 

Ұлан 


ауданының  Түяқ  ауылында  дүниеге 

келді. Ел жақсылары қудалауға түскен зұламат  заман оны 

ата-анасынан  ерте  айырды.  Төрт  жасында  соғыстың 

сұрапылына  тап  болды.  Сөйтіп,  ол  қабырғасы  қатып, 

бұғанасы бекімей жатып – ақ колхоз шаруасына араласты. 

Жетімдіктің  батпан  жүгін  арқалай  жүріп,  еңбекпен  ерте 

есейді.  Бұл  өмір  сынағының  өзі  жас  таланттың  бойына 

еңбекқорлық, тиянақтылық дәнін екті. 

1956 жылы Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік 

педагогикалық институттың қазақ тілі - әдебиеті мен тарих 

факультетіне түсіп, оны 1960 жылы тәмәмдады. Ақынның 

әдебиетке,  оның  ішінде  поэзияға  деген  талабының 

ұшталып,  талантының  ашыла  түскені  сол  кезден  бастау 

алды  десек,  қателеспейміз.  Сол  жылдардан  бастап  –  ақ 

оның  өлеңдері  мен  балладалары,  басқа  да  балаң 

туындылары  аудандық  және  облыстық  газет  беттеріне 

жарық көре бастады. 


22 

 

Жоғары  оқу  орнын  бітіріп  келгеннен  кейін  ауыл 



мектептерінде    ұстаздық  қызмет  етті.  Қатардағы 

мұғалімнен  мектеп  директорлығы  қызметіне  дейінгі 

жолдан  өтті.  Шығыс  Қазақстан  облыстық  партия 

комитетінің 

насихат 

бөлімінде 

істеді. 

Облыстық 

«Коммунизм  туы»  (қазіргі  «Дидар»)  газетінің    жауапты 

хатшысы  және  газет  редакторының  бірінші  орынбасары 

қызметтерін  атқарды.  Бірқатар  жас  журналистердің 

қанатының  қатайып,  қаламының  ұшталуына  қол  ұшын 

беріп,  ағалық  қамқорлығын  көрсетті.  Газет  жұмысының 

ауыр жүгін өзгелермен қоса  арқалады.  «Дидар» газетінде 

істеген жылдар ішінде Т. Нұқайұлынан тәлім тәрбие алып 

республикамыздың  сан  қиырында  журналист,  жазушы 

болып жүргендер қаншама. 

Сонда істей жүріп, оның өнерге, оның ішінде өлеңге 

деген  өзіндік  көзқарас,  айқын  да  сара  жолы  қалыптасты. 

өлең,  баллдаларды  да,  көркем  очерк  пен  проблемалық 

мақалаларды  да  өндірте  жазды.  өзгеше  стильмен  өзінше 

жазды. 


Республикалық  және  облыстық  баспалардан  оның 

«Тұңғыш»,  «Ұлы  даланың  ұлымын»  атты  өлеңдер  мен 

баллада, поэмалар жинақтары және  «Әз ағамыз - Әнекең», 

«жарқыраған қос жұлдыз» атты көркем – публицистикалық 

кітаптары  жарық  көрді.  Тұрғазы    Нұқаев  өмірінің  соңғы 

жылдары  «Казцинк»  ашық  акционерлік  қоғамының 

«Казцинк жаршысы» газетінде қызмет атқарды. 

1978 жылы "Жалын" баспасынан "Тұңғыш" атты жыр 

кітабы  жарық  көрді.  Жылдар  өткен  сайын  ақын  талай 

күрделі  тақырыптарды  игерді,  өлеңдерінің  көркемдік 

қасиеттерін жетілдіре түсті. Шығармалары әрдайым нақты 

өмір  тәжірибесінен  алынған  шынайылығымен  оқырман 

жүрегінен  орын  алған.  "Ауыл",  "Жол  үстінде",  "Тау 

тарланы"  т.б  лирикалық  дастандары  мен  толғаулары 

осының айқын куәсі. Сондай-ақ Т. Нұқайұлының көптеген 

шығармаларында  ел  бірлігі,  өзара  ынтымақ  мәселелері 



23 

 

айқын,  анық  айтылып,  береке  бірлік,  ынтымақты 



нығайтуға шақырады. 

Тұрғазы  Нұқайұлы  З.Баянов  атындағы  облыстық 

журналистер жүлдесінің иегері.  

Ақын Т.Нұқайұлы 2001 жылы қайтыс болды. 

 

 

 



 

Әдебиеттер 

 

 



Алтай Ө. Жұлдыздар жайлы сыр: (Қазақстан 

Жазушылар 

одағының 

мүшесі 


Т.Нұқайұлының 

«Жарқыраған қос жұлдыз» атты ғұмырнамалық кітабының 

тұсаукесер рәсімінен) //  Дидар. – 1999. – 8 мамыр. – Б. 6.  

 

 Ерқасов  К.  Тұрғазы  ағаны  еске  алу  кешінен  



//  Ақ Ертіс. – 2003. – №2. – Б. 14-15.   

 

Қаңтарбаев  Ә.    Ғұмырлы  болыңыз  аға: 



(Өскемен қаласының ақыны Т.Нұқаев туралы)  //  Дидар. – 

19970. – 26 маусым. – Б. 4.   

 

Қасенов  С.  Аға  рухын  аңсау    //    Дидар.  – 



2003. – 5 сәуір. – Б. 6.   

 

Кәртаева 



А. 

Өңіріміздегі 

қаламгерлер 

шығармашылығы  //  Мәдениет жаршысы. – 2008. – №3. – 

Б. 39-43.   

 

Нұқайұлы  Т.  Жарқыраған  қос  жұлдыз 



[Мәтін]  / Т. Нұқайұлы. - Өскемен, 1999. – 172 б. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

24 

 

21 шілде 



 

Жазушы 

Таупық Рымжановтың  

туғанына 80 жыл 

(1937  ж.т.) 

 

Таупық  Рымжанов  1937  жылы  21 



шілдеде  Шығыс  Қазақстан  облысына 

қарасты  Абыралы  ауданының  Дегелең 

ауылдық кеңесіндегі Төлебай ауылында дүниеге келген.  

Дегелең  1949  жылы  «Семей  ядролық  сынақ  алаңы» 

деген атпен полигонға айналды да, Абыралы жұрты 1953 – 

1954 жылдары басқа облыс – аудандарға көшірілді. 

Бастауыш  мектепті  Дегелеңде,  орталау  мектепті 

Қайнарда,  орта  мектепті    Таскескенде  бітірді.  1962  жылы 

Семей  педагогикалық  институтының  физика-математика 

факультетін  бітірген  соң,  қырық  жылдай  ұстаздық  етті. 

Оқу  ісінің  меңгерушісі,  мектеп  директоры  қызметтері 

болды. 


Әдебиетпен  ерте  айналысқанымен,  кітаби  дүниелері 

кештеу  жарық  көрді.  1984  жылдармен  2004  жылдар 

аралығында он шақты кітаптың авторы дәрежесіне жетті. 

«Зәйтүнқарлығаштың  ерлігі»  (1984  ж.),  «Өлместің 

жұлдызы»  (1994  ж.),  «Алтын  ара»  (1995  ж.)  «Гүл  ағашы» 

(1999  ж.)  ертегі  –  повестерін  оқырман  қауым  жылы 

қабылдады. 

 

 



 

 



Әдебиеттер 

 

Балалар  бағының  бағбандары  [Мәтін]  /  Алматы:  



Балалар әдебиеті, 2008. – 300 б. 

 

Рымжанов  Т.  Суталқан    //    Ақ  Ертіс.  –  2009.  – 



№.5.- Б. 39-53.  

25 

 

13 қыркүйек 



Ғалым, химия ғылымының докторы

профессор 

Мәмбетқазиев Ережеп 

Әлхайырұлының  

туғанына 80 жыл   

(1937 ж.т.) 

 

 

Мәмбетқазиев  Ережеп  Әлхайырұлы  



1937 жылы 13 қыркүйекте , Астрахан облысының Калинин 

селосында туған.(Ресей). 

1963 ж. - ҚазПИ-ді бітірген. 

1963  -  1984  жж.  ғылыми  педагогикалық  жұмыстар 

атқарды.  

1981  ж.  -  химия  ғылымынын  докторы  атағын 

Мәскеудегі  М.  Ломоносов  атындағы  Мемлекеттік 

Университетінде қорғаған.  Профессор (1983)  

Қазақстан 

Республикасының 

Ұлттық 

Ғылым 


академиясының академгі (2003).  

1989  жылдан  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясының 

академигі, 

бірнеше 


халықаралық 

Академиялардың;  

жоғарғы мектептердің академигі.

  

2001  жылдар  Шығыс  Қазақстан  Мемлекеттік 



Университетіінін  ректоры.  

 1993  -  1995  ж.  Қазақстан  Республикасының    Білім 

министрі болып қызмет істеген.  

 Өскемен 

 

қаласының 



 

құрметті 

азаматы, 

С.Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  құрметті  ректоры; 

Қазақстан  халықтары    Ассамблеясының    мүшесі, 

«Парасат»  орденінің  иегері.  Президент  пен  Үкіметтің 

қолдауын  тапқан  және  тәжірибеге  енгізілген  білім  беруді 

реформалаудағы 

инновациялардың 

авторы. 


Оның 

бастамасымен  1991  жылы  Өскемен  педагогикалық 

институты  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  университеті 

болып  өзгертілді,  ол  ҚР-дағы  үшінші  және  Қазақстан 



26 

 

тәуелсіздігін  алғаннан  кейінгі  бірінші  университет  болды. 



Республикада Халықаралық серіктестік негізіндегі бірінші 

–  ҚАЕУ  құрды.  Қазақстан  Республикасында  тестілеу 

жүйесін, үш тілде оқытуды, үздіксіз көп сатылы білім беру 

жүйесін  енгізудің  бастамашысы  болды,  бұл  бастама 

арқылы  республикада  ШҚМУ  бірінші  болып  магистрлер 

мен 


бакалаврларды 

дайындай 

бастады. 

Ғылыми 


зерттеулерді  дамытты,  материалдық  базаны  нығайтты: 

университет бірнеше ірі ғимаратқа ие болды, Сібе көлінде 

оқу-ғылыми-өндірістік  кешен  салынды;  ӨПИ  меншігіне 

«Панкратьев  бағы»  атты  бақ  шаруашылығы  берілді. 

ШҚМУ  Университтердің  еуразиялық  ассоциациясы  мен 

«Сібір  ашық  университеті»  ассоциациясына  мүше  болды. 

Моңғолияда ШҚМУ филиалы ашылды. 

1994 


жылдан 

Қазақстан-Америка 

еркін 

университетінің  (Өскемен  қаласы)  Президенті.  Негізгі 



ғылыми 

жұмыстарының 

бағыты 

координациалық 



қосылыстар  электрхимиясы;  табиғат  қорларын  тиімді 

пайдалану  мен  қоршаған  ортаны  қорғаудың  химиялық, 

биологиялық  әдістеріне  арналған.  Түсті  металлургия 

кәсіпорындарындағы 

түсті, 

сирек 


металдарды, 

өнеркәсіптің  ақаба  және  қайтымды  суларындағы  сынап 

және  соған  сәйкес  элементтерді,  ауыр  металдарды  бөлу 

және  анықтау  әдістерін  енгізді.  Сонымен  қатар 

шараптарды  диметалдау,  қаракөл  терілерін  өңдеуде  және 

сақтауда  қолданылатын  технологиялық  ерітінділерді 

жасап,  өндіріске  енгізді.  Мәмбетқазиевтың  тікелей 

қатысуымен  жаңа  технологиялар  енгізу  жөніндегі  неміс 

концерні  “Штокхаузен”  мен  “Альдос”  фирмасының 

базалық  кәсіпорны  Қазақстан-Герман-Ресей  экологиялық 

орталықтары  ашылды  (1996).  Осы  орталықтар  негізінде 

таза су және жаңа технологиялар ҰЗИ құрылды.  

650-ден  астам  ғылыми  әдістемелік  еңбектердің 

авторы,  олардың  көпшілігі  АҚШ,  Қытайда,  Монғолияда 

басылып  шыққан.  Е.  Мәмбетқазиев  “Парасат”  орденімен 

марапатталған. 



27 

 

15 – желтоқсан 



Халық жазушысы 

Әзілхан Нұршайықовтың 

туғанына 95 жыл 

 (1922 -2011). 

 

 



Қазақ  әдебиетінде  елеулі  орын  алатын  белгілі 

қаламгер,  халық  жазушысы,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

лауреаты Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда 

Шығыс  Қазақстан  облысының  Жарма  ауданында, 

Келінсүйегі  деген  жерде  туған.  Бала  күнінде  алғашында 

ақын,  артынан  инженер  болсам  деп  арман  етті.  Соңғы 

арманға  табан  тіреп,  ауылдан  жетіжылдық  мектепті 

бітіргеннен кейін Алматыдағы, ол кезде тау-кен институты 

аталатын 

(қазіргі 

политехникалық) 

оқу 


орнының 

жұмысшы 


факультетіне 

түседі. 


Алайда 

жағдайға 

байланысты 

Семейдегі 

Абай 

атындағы 



Қазақ 

педагогикалық  училищесіне  барып  оқуға  мәжбүр  болды. 

Осы кезде инженер болу үміті өшіп, ақындық арман қайта 

оянды.  1941-1945  жж.  Қызыл  Армия  қатарында  қызмет 

етті. Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері, әскери әңгімелері 

мен  очерктері  майдандық,  республикалық  және  облыстық 

газет беттерінде жиі басылып тұрды. Соғыстан кейін Қазақ 

мемлекеттік  университетінің  филология  факультетін 

бітірді.  «Қазақстан  пионері»  газетінің  бөлім  меңгерушісі, 

«Социалистік  Қазақстан»  газетінің  әдеби  қызметкері, 

бөлім  меңгерушісі  және  редактордың  орынбасары, 

Павлодар  облыстық  «Қызыл  ту»  газетінің  редакторы, 

республикалық  «Қазақ әдебиеті»  газетінің  бас редакторы 

болып  қызмет  істеген.  Қазақ  Совет  энциклопедиясы  тіл, 

әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақ 

КСР  Ғылым      академиясының  М.О.Әуезов  атындағы 

Әдебиет  және  өнер  институтының  ғылыми  қызметкері 

болған. Көп жылдар бойына Қазақстан Жазушылар Одағы 



28 

 

проза  кеңесінің,  жас  әдебиетшілер  кеңесінің  төрағасы 



болып келді. 

Ә.  Нұршайықов  өзіндік  көзқарас,  қолтаңбасы  бар 

қаламгер.  Ел-жерді  көп  аралаған,  әр  алуан  адамдармен 

кездескен,  өмір  оқиғаларын,  кейіпкерлерді  де  ойдан  емес, 

керісінше  қалың  көптің  ішінен  іздеп  табады.  Әр  алуан 

көрініс-жайттардан  өзінше  байлам-қорытынды  шығарып, 

зерттеп  зерделейді.  Жазушы  шағын  жанрдан  көлемді 

туындыға 

дейін 

болашақ 


шығармасының 

дерек-


материалын 

молынан 


жинап, 

естелік-сұхбат, 

хат 

жазбаларға  да  зор  маңыз  беріп,  көңіл  күнделігіне  түсіре 



береді.  Мұның  соңы  белгілі:  ауызша  әңгімеден  роман-

диалогқа  дейін  қалың  көпке  көркем  қалыпта,  жүйелі, 

жинақы, тартымды сипат-үлгіде жетеді. 

Алғашқы  очерк,  әңгімелер  жинағы  «Алыстағы 

ауданда»  деген  атпен  1956  жылы  жарық  көрген. 

Алпысыншы  жылдардан  бастап  біржола  көркем  прозаға 

ауысты.  Жиырмадан  астам  кітабы  шыққан:  «Махаббат 

жыры»  (повестер,  1964),    «Тоғыз  толғау»  (1977), 

«Автопортрет» (әдеби портреттер, 1977), «Махаббат қызық 

мол  жылдар»  (1970)  романы  және  «Ақиқат  пен  аңыз» 

(1976)  роман-диалогі,  «Екі  естелік»  (1985),  «Жамбылға 

хат»  атты  әскери  естеліктері  (1996)  және  т.б.  Бұл 

туындылардың  бірқатары  «Жазушы»  баспасынан  бірнеше 

дүркін  орыс  тілінде  де  басылып  шықты.  «Песня  любви» 

(1965,  1975,  1982);  «Истина  и  легенда»  (1982),  Мәскеудің 

«Советский  писатель»  баспасынан  «Истина  и  легенда» 

(1980)  және  «Дорогой  памяти»  (1985)  кітаптары  жарық 

көрді. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі украин («Дніпро», 

1984)  және  чех  (1985)  тілдеріне  аударылып  жарияланды. 

Жеке шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдаван, татар, 

якут тілдеріне аударылған. 1980 жылы «Ақиқат пен аңыз» 

роман-диалогі  үшін  қазақ  КСР-інің  Абай  Атындағы 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. 

И.  Буниннің  шығармаларын,  М.  Шолоховтың  «Адам 

тағдыры»,  П.  Павленконың  «Жарияланбаған  хат» 


29 

 

әңгімелерін,  А.  Якобсонның  «Қорқау»  пьесасын  және 



басқа туындыларды қазақшалады. 

II  дәрежелі  Даңқ,  «Құрмет  Белгісі»,  Халықтар 

достығы  және  II  дәрежелі  Отан  соғысы  орденімен, 

«Жауынгерлік  еңбегі  үшін»,  «Батырлығы  үшін»,  «1941-

1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысында  Германияны 

жеңгені  үшін»,  «Тың  және  тыңайған  жерлерді  игергені 

үшін»  медальдарімен,  3  мәрте  Қазақ  КСР  Жоғары 

Кеңесінің  Құрмет  Грамотасымен  марапатталды  (1962, 

1972, 1982).   

Журналист-жазушы  Ә.  Нұршайықовтың  ақындық 

өнері,  шығармашылық  мұрасына  жіті  көзбен  ден  қойсақ, 

көптеген  қаламгерлер  секілді,  өлең-өнерді  өмірдің  басты 

мұраттарының  бірі  ретінде  ерте  серік  еткені,  сол  арқылы 

айнала  әлемді,  адам  қайратын,  еңбек  сипатын,  жастық-

достық  сырларын  қал-қадірінше  көңіл  көрігінде  қорытып, 

көркемдік  көкжиегіне  еркін  де  сергек,  серпінді  түрде 

құлаш  сермеуі  терең  танылады.  Айқын  аңғарылатыны: 

көзбен  көріп,  көңілмен  сезінген  қайсыбір  құбылыс, 

көріністерді қаз-қалпында табиғи баяндап, жүйелі де жеңіл 

жеткізеді.  Ой  мен  сөз,  сыр  мен  сезім  тұтастығында  да 

бірлік-байланыс  мұраттары  айқын,  жан  жылуы  мен  көңіл 

шуағынан  мол  мейірім,  сән-салтанат  сипаттары  сезіледі, 

терең  талғам  мен  тебіреніс-тербелістердің  де  бары 

байқалады. 

Осы  бағыт-ізденістерді  Ә.  Нұршайықов  «Әсем», 

«Ботагөз»,  «Ғажайып  адам»,  «Ескі  дәптер»,  «Махаббат 

жыры» сынды лирикалық повестерінен, «Талқы», «Асық», 

«Баяндама»,  «Телеграмма»  секілді  әңгіме-эсселерінде 

терең дамытады. 

 

 



 

 

 



 

30 

 

 




1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал