Анықтамалық библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді



жүктеу 285.31 Kb.

бет1/3
Дата08.01.2017
өлшемі285.31 Kb.
  1   2   3

 


 

Құрастырушыдан 

Шығыс 

Қазақстан 



облыстық 

балалар 


және 

жасөспірімдер  кітапханасы  «Шығыс  Қазақстанда  2017 

жылы  аталып  өтілетін  және  еске  алынатын  күндер»  атты 

кезекті күнтізбесін басылымға әзірледі. 

Күнтізбе    екі  тараудан  тұрады.  Бірінші  тарау  аталып 

өтілетін  және  еске  алынатын  күндер  тізбесінен  тұрады. 

Аталмыш  тізімде  өмірбаяны  мен  шығармашылығы 

талданатын есімдер жұлдызшамен белгіленген, ал айы мен 

күні белгісіз атаулы күндер  бөлек тізбемен көрсетілген. 

Ал,  екінші  тарау    мерейтойлары  аталып  өтілетін  

ақын-жазушылардың, 

мәдениет 

қызметкерлері 

мен  


өлкеміздің  құрметті  азаматтарының    өмірбаяны  мен 

шығармашылығы  туралы  қысқаша  анықтамалар  мен 

әдебиеттер тізімімен жабдықталған. 

Ұсыныс  көрсеткіштегі  еске  алынатын  есімдердің 

алфавиттік    көрсеткіші  қажетті  мерейтой  иесін  тез  табуға 

көмектеседі. 

Көрсеткіш  облыс  кітапханашыларына,  мәдени  шара 

ұйымдастырушыларға, 

телерадио 

және 


баспасөз 

қызметкерлеріне,  жалпы  балалар  мен  жасөспірімдерге 

тәрбие  беретін  ұйым  жетекшілеріне,  сонымен  қатар 

облысымыздың  тарихын,  мәдениетін  жетік  білгісі  келетін 

барша оқырмандарға арналады. 

Даталарды анықтау және нақтылау облыстық балалар 

және 

жасөспірімдер 



кітапханасының 

анықтамалық-

библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді. 

Осы  көрсеткіш  туралы  пікірлеріңізді,  ескертпелер 

мен  ұсыныстарыңызды  мына  мекен-жай  бойынша 

жолдауларыңызды сұраймыз: 



Өскемен қ-сы, 

Ғарышкер к-сі, 6/2 

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы 

Ақпараттық-библиографиялық бөлім 

e-mail: childrenlibrary@mail.ru 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі көрсетілмеген аталып өтілетін 



және еске алынатын күндердің  тізбегі  

 

ҚАҢТАР 

 

1 –  

 

Хасенов  Мұхамметқалидің  –  туғанына  90 

жыл  (1927  –  1987).  Жазушы,  драматург.  Әдеби 

қызметпен  1957  жылдан  бері  шұғылданады.  Оның 

«Сарыарқа»,  «Жоғалған  күнделік»,  «Сырласу», 

«Қайсар»,  «Тағы  да  махаббат  туралы»  т.б. 

пьесалары    сахналанып  жүр.  1973  жылы  пьесалар 

жинағы  шықты.  «Ботагөз»  (1957),  «Біздің  Күләш» 

(1967), «Шәкен Айманов» (1974) атты көркем және 

деректі  фильмдер  сценарийінің  авторы.  Ол  1959 

жылдан  КСРО  Кинематографистер  одағының 

мүшесі. 

Қазақ 


КСР 

Жоғарғы 


Кеңесінің 

Грамотасымен марапатталған. 



 

-  

Жаңбырбаев  Әбілқасымның  –  туғанына  90 

жыл  (1921  -  )  Актер,  режиссер,  Қазақстанның 

Халық әртісі 

2 –  

 

Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет 

қайраткері П. Семенов Тян -Шанскийдің туғанына  

185  жыл.  Семенов  1856-57  жылдары  Тян-Шаньға 

саяхат  жасаған.  Бұл  орасан  зор  тау  жүйесінің 

жанартаудан  пайда  болғанын  дәлелдеп,  оның 

орографиясын  және  биіктік  белдемдігін  анықтады, 

ірі  мұздықтарды  ашты.  Сырдарияның  бастауларын 

зерттеп, 

Шу 


өзенінің 

Ыстықкөлден 

ағып 

шықпайтынын дәлелдеді. 



 -  

 

Кеңес  Одағының  Батыры  Мұхамадиев  Хамза 



Мұрсалимовичтің туғанына 110 жыл  (1907  - ). 27 

тамыз  1943  жылы  батыр  атағы  берілген.  Алтын 

Жұлдыз 

Батыры 


және 

Ленин 


орденімен 

марапатталған. 



3 –  

 

Суретші Марат Жүнісовтің туғанына 70 жыл 

(1947  –  1999).  «Осенний  этюд»  (1986),  «Жители 


 

Солнца»  (1991),  «В  плену»,  «Генри  Фольгер» 



(1996),  «Аттила  – вождь гунов»,  «Поцелуй»  (1999) 

картиналарының авторы. 



4 –  

 

Ақын,  жазушы  Ерқасов  Көпеннің  туғанына 

65  жыл.  «Қарлығаш»  (1984),  «Төрткүл  дүние» 

(1998)  ұжымдық  жыр  жинақтарында  жарияланған. 

2003  жылы  «Ағажай  Алтай»  атты  кітабы  жарық 

көрген. 


10 –  

Кеңес  Одағының  батыры  Федор  Сергеевич 



Берестовтың  туғанына 90 жыл (1922-1944)  

20 –  

Кеңес 


Одағының 

батыры 


Ізғұтты 

Айтықовтың туғанына 90 жыл  (1922-1944) 

 

АҚПАН 

 

2 –  

 

   Үлбі ГЭС-нің алғаш іске қосылғанына 75 жыл. 

5 –    Ақжар  ауылының  (  Шығыс  Қазақстан  облысы 

Тарбағатай  ауданы)  іргетасы  қаланғанына  95  жыл 

(1922). 

8 –  

 

Жазушы Бейбіт Сапаралының туғанына 55 жыл 

(1962  -  ).  Семей  облысы,  Абай  ауданы,  Қарауыл 

ауылында  туған.    «Адалбақан»  (1992),  «Құнанбай 

қажы»  (1995),  «Байшөгел»  (1995),  «Президенттің 

балалық  шағы»  (1995),  «Олжастың  балалық  шағы» 

(1996),  «Раббымыз  бір  –  күншығыс,  күнбатыста. 

Восток и Запад – один мир» (2002) атты кітаптардың 

авторы.  

9 –  

 

Қазақстан  Республикасының  түсті  металлургия 

өнеркәсібін 

өркендетушілердің 

бірі, 

екі 


рет 

Социалистік  Еңбек  Ері  атанған  Нәби  Құлшыманұлы 



Жақсыбаевтың  туғанына  105  жыл  (1912  –  1975  ). 

Зырян мырыш комбинатының бұрынғы директоры. 

 

 

 


 

НАУРЫЗ 

 

1 –  

Ақын Төлеужан Исмайыловтың туғанына 

85 жыл (1932-1973) 

4 –  

 

Геолог, 


инженер 

Павел 

Петрович 

Буровтың  туғанына  115  жыл  (1902  –  1944). 

Облысқа  сіңірген  ерен  еңбегі  үшін  мәңгі  есте 

сақтау  мақсатында  бұрынғы  Медвежий  көшесі 

1946 жылы Буров көшесі деп аталды.  



7 –  

 

Авазбакиева  Магинур  Фатқұлқызының  

туғанына 110 жыл (1907). Биология ғылымының 

докторы. 

13 –  

  

Боқаев Сәдуақас Хасенұлының туғанына 

110  жыл  (1907  –  1942).  Мәскеу  мемлекеттік 

университетінің  тұңғыш    қазақ  түлегі,  физика-

математика  ғылымдары  бойынша  қазақ  халқы 

арасынан  шыққан  тұңғыш  доцент.  Абай 

атындағы  (ҚазПИ)  қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетінің негізін салушылардың бірі.* 

18 –  

 

Дүйсенова  Шолпанның  –  туғанына  90 

жыл  (1927).  Қазақ  қыздарынан  шыққан  тұңғыш 

баскетболшы.* 

19 –  

  

Жазушы-натуралист 



Владимир 

Николаевич  Нетисовтың  туғанына  80  жыл. 

«Встречи 

с 

природой», 



«Узелки» 

атты 


кітаптардың авторы. 

23 –  

 

Кеңес 


Одағының 

Батыры 


Николай 

Александрович  Шарабариннің  туғанына  110 

жыл (1907 - ). Батыр атағы Н. А. Шарабаринге 

1943 жылы 29 қазанда берілді. 

24 –  

 

Жазушы  Есімжанов  Төлеуғалидың  – 

туғанына 75 жыл (1942 - 1978).  

26 –  

 

Жазушы 


Мұратбек 

Оспановтың 

– 

туғанына  55  жыл  (1962).  Қазақстан  Жазушылар 



одағының 

мүшесі, 


бірнеше 

жыр 


мүшәйраларының жеңімпазы. 

 

29 –  



 

Жазушы 


Владимир 

Николаевич 

Петровтың туғанына 90 жыл (1927 – 1998).  25 

повесть  пен  әңгіме  авторы.  Жазушының  туған 

жері 

туралы 


«Единая 

параллель» 

тетралогиясына  оның  «Черемша»  романы  да 

кірді.  Соңғы  жазған  кітаптары  –  «Хрустальный 

глобус»,  «Большой  блеф»  (1983),  «Альпийская 

крепость» (1986).   

 

СӘУІР 

 

10 -  

Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,өңіріміздің 

құрметті 

азаматы 

Малдыбаев 

Оралбек 

Бейсембайұлының  дүниеге  келгеніне  95  жыл 

(1922-2011)* 



15 –  

Инженер-металлург, 

Халық 

Қаһарманы» 



Куленов 

 

Ахат 

 

Сәлемхатұлының                                 

туғанына 85 жыл (1932-). 



23 –  

 

Дмитрий 

Гордеевич 

Панкратьевтің 

туғанына  150  жыл  (1867  –  1956).  Өлкеміздің 

тарихында  Д.  Г.  Панкратьевтің  есімі    еңбегі  сіңген 

бақ  өсіруші  маман  ретінде  белгілі.  1937  жылы 

Панкратьевтің 

басшылығымен 

Өскемен 

қаласындағы  қазіргі  Головков,  Горький,  Урицкий, 

Ушанов, 

Орджоникидзе, 

қазіргі 

Тоқтаров 

көшелеріне  3000  түп  ағаш  отырғызылған.  1942 

жылы  көктемде  Зайсаннан  әкелінген  екі  жылдық 

жүзім 

(виноград) 



көшеттерін 

Аблакеткада 

отырғызып,  өнім  алған.  Сондай-ақ,  Панкратьев  өз 

бағында маньчжур жаңғағын егіп,  1949 жылы одан 

алған өнімі үш тоннаға жеткен 


 

24 –  



 

Жазушы-эмигрант, 

жерлесіміз 

Георгии 

Дмитриевич  Гребенщиковтың  туғанына  135  жыл 

(1882  –  1964).  Петроградта  «В  просторах  Сибири» 

атты екі томдық әңгімелері (1915), «Змей Горыныч» 

(1916),  «Степь  да  небо»  (1917),  1916  жылы 

«Чураевы»  атты  көптомдық  эпопеясының  бірінші 

кітабы  басылып  шықты.  Гребенщиков  50  жылжық 

шығармашылық  қызметінде  30  шақты  әдеби  және 

публицистикалық шығарма жазған. 



29 - 

Шаңғы 


спортының 

чемпионы 



Алексей 

Полтораниннің туғанына 30 жыл (1987 - ). 

30 –  

Металлургтердің 

мәдениет 

сарайының 

(ДКМ) ашылғанына 60 жыл (1957). 

 

МАМЫР 

 

3 –  

 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

Жарлығымен  Семей  облысы  таратылып,  Шығыс 

Қазақстан  облысының  аумағына  енгізілгеніне  20 

жыл.  Шығыс  Қазақстан  облысының  шекаралары 

өзгертілді (1997) 

5 –  

 

Ақын,  аудармашы  Төкен  Әбдірахмановтың 

туғанына  100  жыл  (1917  –  1990).  «Қарғаш»  (1952), 

«Бекет  Өтетілеуов»  (1960),  «Жаңа  ғасыр  көгінде», 

«Мектеп» (1969)  шығармаларының авторы. 

9 –  

 

Кеңес 


Одағының 

Батыры 


Закария 

Белімбаевтің  туғанына  100  жыл  (1917  –  1982). 

Батыр атағы 1943 жылы 17 қазанда берілген. Ленин 

орденімен,  2-ші  дәрежелі  Отан  соғысы  медалімен 

марапатталған. 



15 –  

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық 



 

  орталығының  (ҰЯО)  құрылғанына  20  жыл  (1992). 

ҰЯО  полигон  кешенінің,  ғылыми  ұйымдары  мен 

нысандарының негізінде құрылды. 

 

МАУСЫМ 

 

7 – 

Кеңес  Одағының  Батыры  Жанғазы  Әкімұлы 

Молдағалиевтің  туғанына  100  жыл  (1917  –  1943). 

Батыр  атағы  1944  жылы  19  наурызда  берілген.  Ж. 

Ә.  Молдағалиев    Қызыл  Жұлдыз  және  Ленин 

орденімен марапатталған. 



13 –  

Ақын Мерғали Ибраевтың туғанына 75 жыл 

(1942-1997) 

15 –  

 

Жазушы Әміренов Тәңірберген туғанына 110 

жыл    (1907  -  1985).  «Жұмбақ  тас»  (1967);  «Қанды 

қанжар» (1973); «Жол мұраты» (1977) атты өлеңдер 

жинағының авторы. 

25 –  

 

Өскемен  мырыш  зауытының    алғашқы 

өнімін бере бастағанына 60 жыл (1952). 



27 –  

Ақын  Тұрғазы  Нұқаевтың  туғанына  75  жыл 

(1937-2001)* 

 

ШІЛДЕ 

 

13 –  

 

Ғалым,  филология  ғылымының  кандидаты 

(1992) 

Қорабай  Серікқазы  Сыбанбайұлының 

туғанына  55жыл (1957). 



21 –  

 

Балалар әдебиеті саласында қалам тартып келе 

жатқан  Таупық  Рымжановтың  туғанына  75  жыл 

(1937 - )* 



25 –  

 

Социалистік  Еңбек  Ері,  Өскемен  қорғасын-

мырыш  комбинатының  бұрынғы  директоры  (1949  - 

1963),  Ленин  ордені,  Еңбек  Қызыл  Ту  ордендерінің 

иегері  Артем  Мисакович  Вартанянның  туғанына 

100 жыл (1912 – 1980). 



10 

 

 



-  

 

Өскемен 

педагогикалық 

институтының 

құрылғанына  60  жыл  (1952;  қазіргі  С.  Аманжолов 

атындағы 

Шығыс 


Қазақстан 

Мемлекеттік 

университеті) 

 

ТАМЫЗ 

 

1 –  

 

Композитор,  педагог,  қоғам  қайраткері, 

Қазақстанның  Халық  артисі  (1975)  және  КСРО 

(1981)  Халық  артисі,  «Қамар  сұлу»  (1965), 

«Алпамыс»  (1972)  атты  опералардың  авторы 

Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 80 жыл (1932 - ). 

 -  

 

Жазушы, 


Баубек 

Бұлқышев 

атындағы 

Қазақстан  жастар  және  журналистер  сыйлығының 

лауреаты  Думан  Рамазанның  туғанына  50  жыл 

(1967) 


11 –  

 

Өскемен 

орталық 

мәдениет 

үйінің 

ашылғанына  55  жыл  (1962;  қазіргі  Үлбі 

металлургия зауытының орталық мәдениет үйі). 

17 –  

Жазушы        Серік  Ғабдуллаұлының  туғанына 

80  жыл.  (1937  -  2014  )  «Көктем  лебі»  (топтама 

1975);  «Бұқтырма  сарыны»  (1978);  «Көктем  – 

көкөрім 

шағым» 


(1982) 

және 


т.б. 

жыр 


жинақтарының авторы. 

18 –  

 

Кескіндемеші,  Екінші  дүниежүзілік  соғысқа 

қатысқан,  «Қызыл  жұлдыз»  орденімен  және 

медальдармен марапатталған Хайдар Рахымовтың 

туғанына 100 жыл (1917 – 1980). 

20 –  

 

«Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің, одан 

кейін 

«Социалистік 



Қазақстан» 

(«Егемен 

Қазақстан»)  газетінің  Шығыс  Қазақстандағы 

меншікті  тілшісі  болған  Кеңесхан  Зәкеновтың 

туғанына 80 жыл (1937 – 1993). 

21 –  

 

Семей  ядролық  полигонының  құрылғанына 

70  жыл  (1947).  Қазақстан  Республикасының  

Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтің  қаулысымен  1991 


11 

 

жылы 29 тамыз күні полигон жабылды. 



25 –  

 

Слямхан  Жапархановтың

 

туғанына  90  жыл 

(1927  -  )  ғалым,  геолог-минерал.  ғылымының 

докторы, профессор. 



27 –  

Журналист, 

жазушы 

Мусин 

Меңғали 

Шаймарданұлының туғанына 90 жыл (1927) 

 

 



 

ҚЫРКҮЙЕК 

 

1 –  

Ақын  Михаил  Иванович  Чистяковтың 

туғанына 100 жыл (1917 – 2006). 



13 –  

 

Ғалым,  химия  ғылымының  докторы 

(1981), 

профессор 

(1983), 

«Қазақстан-

Американдық  еркін  университеті»  жеке  оқу 

орнының  негізін  салушы  және    президенті, 

«Парасат»  орденінің  иегері  Мәмбетқазиев 

Ережеп  Әлхайырұлының      туғанына    80  жыл 

(1937 - )* 



 -  

Өскемен  ТЭЦ-інің  іске  қосылғанына  70 

жыл (1947). 



-  

Семейде  жазушы  М.  О.  Әуезовтың  95 

жылдығына 

орай 


қоладан 

жасалған 

ескерткіштің  ашылғанына  25  жыл  (1987). 

Ескерткіш  авторлары:  Т.  С.  Досмағамбетов,  В. 

В. Катцев, А. С. Қайнарбаев. 

19 –  

 

Театр  сыншысы  Қуандықов  Қажықұмар 



Кенжебекұлының туғанына 90 жыл (1927 - ). 

28 –  

 

Қазақ 


әдебиетінің 

классигі, 

қоғам 

қайраткері,  филология  ғылымының  докторы, 



профессор,  Қазақ  КСР  ҒА-нің  еңбек  сіңірген 

ғылым  қайраткері  (1957)  Мұхтар  Әуезовтың 

туғанына 120 жыл (1897 – 1961). 

30 –  

Кеңес Одағының Батыры (26.10.1944) Лев  



12 

 

  Михайлович Рощиннің туғанына 95 жыл (1922 

– 1958). 

-  

Семейде, Абай алаңында орналасқан Абай 



ескерткішінің  ашылғанына  45  жыл  (1972). 

Ескерткіш  авторы  мүсінші  Д.  Г.  Элбакидзе, 

сәулетші Шингараев. 

 

ҚАЗАН 



 

2 –  

Жазушы  Назырбаев  Қайырдың  туғанына 

70  жыл.  (1947  -  ).  Баспасөз  саласындағы  мінсіз 

қызметі  үшін  халық    депутаттары  Шығыс 

Қазақстан    облыстық    Кеңесінің  грамотасымен 

марапатталған.  ҚР-ның  Мәдениет  және  ақпарат 

министрлігінің 

«Мәдениет 

қайраткері» 

белгісімен 

марапатталған. 

Қатонқарағай 

ауданының Құрметті азаматы. 

Әнші, композитор Арыстанбек Кәкиевтің 

туғанына 50 жыл (1967- ). 

14 –  

 

Жазушы, 


аудармашы 

Шарбану 

Бейсенованың  туғанына  70  жыл  (1947  -  ).  

Қазақстан  Республикасы  Жоғары  кеңесінің 

құрмет  грамотасымен  (1985)  марапатталды. 

«Тағылымды 

тағдырлар» 

кітабы 


үшін 

Халықаралық

 

«Алаш»  әдеби  сыйлығы  берілді 



Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері (2007). 

28 –  

 

Эстрада әншісі, Қазақстанның халық артисі 

(1986),  Бүкілодақтық  комсомол  (1985)  және 

Қазақстан комсомол сыйлығының иегері (1976), 

«Парасат»  орденімен  марапатталған  (2001), 

Қазақстан  Мемлекеттік  сыйлығының  иегері 

(2004) 

Роза 

Қуанышқызы 

Рымбаеваның   

туғанына 60 жыл (1957 - ) 

 

 

 


13 

 

ҚАРАША 



 

 

6 –  

Өскемендегі  «Юбилейный»  кинотеатрына 

50 жыл (1967). 



20 –  

Мәдениеттанушы,  философия  ғылымының 

докторы (1997), профессор (1997Ғабитов Тұрсын 

Хафизұлының туғанына 70 жыл (1947 -). 

27 –  

Айтыс  ақыны  Қалихан  Алтынбаевтың  

туғанына  90  жыл.  (1927-2002).  Өз  өмірінде  отызға 

тарта  айтысқа  түседі.  Оның  айтыс  өлеңдері  

«Ақындар  жыры»  (1961);    «Айтыс»  (3  том,    1966),  

«Ақындар  шықты  айтысқа»  (1969),  «Қазақтың 

қазіргі 

поэзиясы» 

(1975) 

жинақтарында 



жарияланған.  «Дала бесік»,  «Қиял қанатында» жыр 

жинақтарының,  «Қалбатау»,  «Ақсуат»,  «Көкпекті» 

танымдық зерттеу кітаптарының авторы. 

29 –  

Ақын,  аудармашы  Зейнолла  Тлеужановтың 

туғанына 70 жыл (1942 - ).

 

 



 

ЖЕЛТОҚСАН 

 

6 –  

«Достық  үйін»  құру  туралы    актіге  қол 

қойылғанына 25 жыл (1992). 



10 –  

Жазушы,  драматург  Әділбек  Таусаровтың 

туғанына 70 жыл (1947 – 1999). 

13 –  

Семейде  желтоқсан  құрбаны

 

(1986)  Қайрат 



Рысқұлбековқа арналған «Халық қаһарманы» бюст-

ескерткішінің ашылғанына 15 жыл (2002). 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал