ҚАнат исламның АҚТЫҚ шешімі шемпион 11 украинаны не күтіп тұР?



жүктеу 0.84 Mb.

бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Газет 1992 жылдың 17 қаңтарынан шыға бастады

Бөлшек саудадағы бағасы келісімді

№4 (975) 30 ҚАҢТАР 2014  ЖЫЛАН  ЖЫЛЫ     

www.kazakhstanzaman.kz

АСТАНА АЖАРЫ   03



ҚАНАТ 

ИСЛАМНЫҢ 

АҚТЫҚ ШЕШІМІ

ШЕМПИОН 11



УКРАИНАНЫ 

НЕ КҮТІП ТҰР?

САЯСАТ  04



Әлемде Қазақстан 

суицидтен үшінші орында! 

Бұл індетті қалай тоқтатамыз?

«Кешіріңдер,  барлығыңызды  жақсы  көремін!»  —  деп  бір-екі 

ауыз  қоштасу  сөзін  тастаған  оқушы  қыз  тоғызыншы  қабаттан 

секіріп  кеткен.  Бұл  қадамға  қыршын  өмірін  қиып,  ол  неге 

барды? Жұмбақ өлім. Шахтинск қаласында да 13 жасар мектеп 

оқушысы өз еркімен өз өмірін қиды. Күн сайын осындай қаралы 

хабарды  теледидардан  естіп,  жүрек  ауырып  қалады.  Суицид. 

Өз-өзіне қол салу. Сан түрлі  себеппен төнген ауыртпалықтарға 

шыдамай  өмірін  үзетін  жанкештілердің  қаралы  тізімін  қалай 

тоқтатуға  болады?  Әлемде  Қазақстан  Ресей  мен  Албаниядан 

кейін суицидтен 3 орында екен! Сұмдық қой бұл! Яғни бізде адам 

факторына дұрыс мән бермейді деген сөз. Бұдан өткен дерт жоқ. 

Алла  тағаланың  аманат  етіп  берген  тәтті  өмірін  қандай  адам 

қиып  кете  алады?  Түсінбейсің.  Түсінетінің,  білетінің  жүректерді 

қатыгездік  жайлаған.  Иман  жоқ.  Иман  болмаған  соң,  сабыр 

да  ол  жүректерге  ұяламайды...  Әлеуметтік  жағдайымыздың 

нашарлығы да бұл апат-дертке кінәлі. Әлде тәрбиеміз бе ақсап 

жатқан?  Иә,  қалай  тоқтатамыз  бұл  апатты?  Зор  сұрақ.  Біздің 

білуімізше,  балабақшаларда,  мектептерде,  отбасыларда  иман 

сабақтары  жүрмейді.  Тәрбие  жүйемізде  қателік  бар.  Әрине, 

өмір  сүрудегі  қиындықтар,  жоқшылықтар  да  бұған  бірден-бір 

себепші.  Үкімет  2012-2014  жылдарға  арналған  суицидке  қарсы 

ведомоствоаралық  жұмыс  жоспарын  бекітті.  Яғни  бұл  дертке 

мемлекет те алаңдаулы. “Дағдарыс орталықтары” да бар. Бірақ 

әзірге  бұл  қайғылы  оқиғалардың  тізбегі  тоқтамай  тұр.  Бұған 

халық болып қарсы тұрып, күресуіміз керек. Мұндай тажал ойды 

тоқтатпасақ, дерт дендей бермек. Ажал дегенін істей бермек. Ал 

адам өмірінен артық ештеңе жоқ қой, уа,  жарандар!



Ертай Айғалиұлы

Денсаулық 

сақтау 

саласындағы 



басты басымдық 

— алғашқы 

медициналық-

санитарлық 

көмекті дамыту. 

Міндетті 

медициналық 

сақтандыру 

енгізу мәселесін 

зерттеген жөн. 

Мемлекеттің, 

жұмыс 


берушілердің 

және 


қызметкердің 

денсаулық 

үшін ортақ 

жауапкершілігі 

— медициналық 

қызметтің барлық 

жүйесінің басты 

қағидаты.



Н. Назарбаев

БҰЛ СҰМДЫҚ ҚОЙ!



«АМТ»-ДА АДАМДАР 

АЗАЙЫП, АПАТТАР 

КӨБЕЙІП БАРАДЫ

«АМТ-ның» басшылығы экономика деге

нді 

негізінен қызметкерл



ерді топырлатып 

қысқартып, айлық-шайлық атаулыны күрт 

төмендету деп түсін

етінге ұқсайды. Мін

е, 

осыдан келіп жылқы жылының алғашқы 



айларының өзінде-ақ екі жарым мыңға жуық 

қызметкер мен жұмысшы «жаутаңдап», 

жұмыссыз қалмақ.

ЭКСПО өтпе

й, 

ес жимайтын 

шығармыз... 

Оның 


мемлекетімізге 

шаш етекте

н 

тигізер пайдасы 



мен қарапайым 

халыққа берер 

қайырын уақыт 

көрсете жатар, 

бірақ әйтеуір, 

қалай ЭКСПО 

— 2017–ні жеңіп 

алдық, солай ішке

н-

жегеніміз желкемізде



н шыға бастағаны 

рас. Әрине, бұл орайда ашығын айтып, 

қолыңнан наныңд

ы тартып алып 

жатқан ешкім жоқ.

06

07



«ПОРНОҚҰЛДЫҚ 

ДЕРТІ» 


немесе 

АЗҒЫНДЫҚТАН 

АУЛАҚ ЖҮР!

3 164 503!!! Қазақстандықтар осынша рет 

желтоқсан айында тек “Яндекс” сайтынан 

порнография іздеген.

Әр жыл сайын бұл сұрау салу 30%-ға өсуде. 

Бұның ішінде Алматы мен Астана қалаларында 600 

мыңнан асып жығылса, Жамбыл облысы барлық 

аймақ ішінде асқан белсенділік көрсетіп жатыр.

Әрбір жыныстық қатыгездік қылмыстың негізінде 

порнография жатыр.

10

“МҰРАГЕРЛІККЕ 

ҮМІТКЕРЛЕРДІ” 

ЖАЗҒАНДАРҒА 

НЫҒМАТУЛИННІҢ КЕҢЕСІ 

АРАЛАС МЕКТЕП —  ДҮБӘРА ҰРПАҚ ҰСТАХАНАСЫ     

05

    


 ТАМАҚТАНУ ӘДЕБІ ҚОЛ ЖУУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛЕ МЕ?     

09

   



ТҮРКИЯДАҒЫ  ҚАЗІРГІ ДАҒДАРЫС     

08

 



ХАБАРЛАНДЫРУ

12.11.2013 жылы Айхан Муаздың аты-

на берілген шетелдіктің тұру ықтиярхаты 

төлқұжаты  жоғалуына  байланысты  жа-

рамсыз деп танылсын.

ЕРМЕК САХАРИЕВ

И.Тасмағамбетов:

 

«Олардың бәрі Бас қаладан 

жұмыс таба алмайды!»

Иманғали  Тасмағамбетов:  «Мен  Үйлестіру  кеңесінен  Бі-

лім  және  ғылым  министрлігіне  елордада  сұранысқа  ие  емес 

мамандықтарды  қайта  қарау  туралы  ұсыныс  жасау  мәселесін 

өтініп  сұраймын.  Қазақстан  университеттерінде  сол  баяғы 

дәстүр  әлі  қайталанып  жатыр.  Қараңызшы,  заңгерлер  немесе 

юриспруденция  мамандарын  дайындайтын  жоғары  оқу  орын-

дары  түлектерінің  98  пайызы,    экономистердің  85  пайызы 

Астанада  сұранысқа  ие  емес.  Олардың  бәрі  Бас  қаладан 

жұмыс таба  алмайды.  Бұл  ретте  мен  психикасы сыр  бере-

тін  ондай  түлектер  жұмыс  таба  алмай,  ақыры  қылмыс  жо-

лына  түсіп  кете  беретінін  жоққа  шығармаймын.  Сондықтан  да,  жастар  ісі-

не  аса  мұқият  болу  керек.  Министрлік  жоғары  оқу  орындары  даярлайтын 

мамандықтардың  реестрін  қайта  қарамаса,  онда  алдағы  уақытта  үлкен 

жүйелі проблемаларға тап болуы мүмкін.  Соның бір мысалы — Киев-

те, Украинада болып жатқан жағдай. Онда орта немесе егде жастағы 

азаматтар жоқ, кілең жастар.  Украин жастарының басбұзарлыққа 

барып  жатқаны  —  жұмыссыздықтың  себебінен.    Жастардың 

оқулары да «ақылы», жылына бір барып қаржысын құяды, 

сосын жарты жыл бос жүре береді. Сондықтан бұл 

мәселеге  баса  назар  аударылса  деп 

сұраймын». 



02

АҚПАРАТ-САРАП

30 ҚАҢТАР ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Қазақ  поэзиясының  тамырын 

тереңге  жайған  алып  бәйтерегінің 

құлағанын  естіп,  күңіреніп  кеттік. 

Еліміз  тәуелсіздіктің  туын  көтеріп, 

мемлекет болған тұста да тек әдеби 

шығармашылығымен  ғана  емес, 

жас  мемлекеттің  құндылықтарын 

қалыптастырып,  оның  тұрақты 

қуат алуына да белсене араласып, 

халық  жүрегінде  мәңгі  орын  алған 

тұлға  еді.  Беу,  жалған,  күллі  қазақ 

қыздарын «сөйлеткен» дуалы ауыз 

да өтті өмірден. Өлімімен әдебиеттің 

тұтас бір дәуіріне нүкте қойды.

Ақиық  ақынды  «өлді»  деуге  еш-

кім  де  сенер  емес.  Сондықтан 

халқы  Фаризаны  «Ол  өлген  жоқ, 

өлмейтіндердің  қасына  кетті»,  — 

деп, өзін-өзі жұбатуда. 

Қазақ  халқына  қаралы  азаға 

қайғыра  көңіл  айтамыз.  Аяулы 

апамыздың  иманы  саламат  бо-

лып, жан нұры пейіште шалқысын, 

жатқан жері жайлы, топырағы торқа 

болсын!

«Қазақстан-ZAMAN»

 газеті мен «Мөлдір бұлақ» 

журналы ұжымдары

Мұқағалидай тарланға «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...» деп жыр  

жаздырған,  талай дарынды ақындарға ұстаз, жастарға қамқор болған, 

саясат сахнасында із қалдырып, ұлттың жоғын жоқтаған аяулы ақын Фа-

риза Оңғарсынова қара орман қазағын қайғыға батырып, бақи дүниеге 

сапар шекті.



ӨТТІ ӨМІРДЕН ӨЛЕҢНІҢ ПАДИШАСЫ

Коммунистер 

«Өлім жазасын» 

қолдайды 

Лаңкестер мен кісі өлтірушілерге өлім жазасын 

кесу  туралы  бастама  көтерген  Мәжіліс  депута-

ты  Владислав  Косарев:  «Өйткені  мұндай  ауыр 

қылмыстардан адамды тек қорқыныш қана тоқтата 

алады»,— деп, ол басқаратын  коммунистер фрак-

циясы  қылмыстық  заңнаманың  жұмсартылуына 

қарсылық  білдірді.  Заң  бұзушылардың  жазасын 

жеңілдетуді  бас  прокуратура  ұсынған-ды.    Ком-

мунистер  болса:  «Мұндай  қадам  қылмысты  ке-

рісінше  көбейтеді»,—  деген  пікірге  ден  қойған.  

Коммунистер  жетекшісі:  «Бас  прокуратураның 

ұсынысы — заңды бұзғандардың жазасын тікелей 

жеңілдету деген сөз. Қоғам бұған қарсы. Себебі, 

қылмыскерлерден қорлық көретіндер — осы біздің 

қарапайым азаматтарымыз», — деді қатуланып. 

Қазақстанның  қылмыстық  заң  жобасында 

ел  Президентіне  қастандық  жасағаны  үшін 

(кісі  қазасы  болмаса  да)  өлім  жазасы  белгі-

ленген.  Бас  прокуратура  бұл  бапта  жазаның 

ең  ауыр  осы  түрін  қалдыру  керек  дейді. 

Өткен  аптаның  соңында  парламенттің  заң 

шығару және сот-құқық реформасы комитеті 

Қазақстан  конституциясындағы  «Өлім  жаза-

сы» бабынан сәйкессіздік тапты. Қылмыстық 

кодекстің  жалпы  және  ерекше  бөлімдерінде 

экстремистік  қылмыс  үшін  тағайындалатын 

жаза  нормаларында  қайшылық  бар  болып 

шықты.  Мысалы,  адам  өміріне  қастандық 

жасағаны  үшін  өлім  жазасына  кесілмейді, 

бірақ  Қазақстан  президентіне  қатысты  бап-

та  өлім  жазасын  қолдануға  рұқсат  берілген. 

Кісі  өлімі  болмаса  да,  бес  қылмыс  түрі  үшін 

(жалдамалы кісі өлтіру, тұңғыш президенттің 

өміріне  қастандық,  президент  өміріне 

қастандық,  диверсия,  террорлық  акті)  өлім 

жазасы қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 

жаңа жобасында 16 қылмыс құрамы бойынша 

өлім  жазасын  қолдану  қарастырылған.  2003 

жылдың желтоқсанында Қазақстан президен-

ті  өлім  жазасы  туралы  үкімдерді  орындауға 

мораторий  жариялады.  Бірақ  мораторий 

қылмыстық  жаза  түрі  ретінде  өлім  жазасын 

мүлде жойған жоқ және мораторий аяқталған 

соң бір жылдан кейін орындалуы мүмкін. 1990 

жылдан  өлім  жазасын  қолдануға  морато-

рий  енгізілгенге  дейінгі  кезеңде  Қазақстанда 

өлім  жазасына  кесілген  536  адамға  қатысты 

сот  үкімі  орындалған.  Forbes.kz  сайтының 

хабарлауынша,  қазір  өмір  бойына  бас 

бостандығынан  айырылған  жүзге  жуық  адам 

түрмеде жазасын өтеп жатыр.



«Өлім жазасы» 

бабындағы қайшылық

«Нұр  Отан»  партиясы  жанындағы 

Жемқорлыққа 

қарсы 


іс-қимыл 

жөніндегі  республикалық  Қоғамдық  

кеңесінің  отырысы  өтті.  Дөңгелек 

үстелді  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаты,  сол  кеңестің    төрағасы 

Қайырбек  Сүлейменов  жүргізді. 

Төраға  жемқорлық  көрсеткішінен 

140-орында  Гондураспен  иық  тіре-

стіре тұрғанымызды да атай отырып, 

жемқорлықпен  күрестің  серпінді  ке-

зеңінің басталатындығына сендіруге 

тырысқандай.  Алатын  айлығынан 

табатын «шайлығы» әлденеше орап 

жататын  өмірге  әбден  үйренген 

қарасы қалың үлкенді-кішілі шенеунік-

терімізді  айлыққа  «телміртіп»  қоюға 

шамасы жете ме, әлде қағаз жүзінде 

тәртіптей ме, оны уақыт көрсетеді.

Отырыстың  қорытындысы  бойын-

ша  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылды 

күшейту 

жөнінде 


тәжірибелік 

ұсыныстар  әзірленді.  Сондай-ақ, 

жемқорлыққа қарсы үздік плакаттың 

жетінші  республикалық  байқауының 

жеңімпаздары марапатталды. 

Армандау  артық  болмас  әрі 

бағытымыз  да  өркениетті  қоғам 

құру  жолы  ғой  деп  Transparency  Int-

ernational  халықаралық  ұйымының 

жемқорлық  деңгейіне  қатысты  әлем 

елдерін (177 мемлекет алынған) 2013 

жылға  түзген  рейтингінде  алғашқы 

ондыққа  еніп,  жемқорлық  деңгейі 

төмен,  салыстырмалы  түрде  барын-

ша таза саналған елдерді ұсына ке-

туді жөн санадық.  



1. Дания 

2. Жаңа Зеландия

3. Финляндия

4. Швеция 

5. Норвегия

6. Сингапур

7. Швейцария

8. Нидерланды

9. Австралия

10. Канада

Дереккөз: cpi.transparency.org/

cpi2013/results/ 

Жемқорлықтан 140-орындамыз...

А.Перуашевтің 

уәжі жөн

«Ақ  жол»  партиясының  

төрағасы, 

ҚР 


Парламен-

тi  Мәжiлiсiнiң  депутаты  Азат 

Перуашев: 

«Елде 


офсет-

тiк  саясат  мәселесiне  қатысты 

басымдықтарды  белгiлеп  алған 

жөн.  Мәселе  елдегi  мұнай-газ 

және 

кен-тау 


салаларындағы 

трансұлттық компаниялар өздерiнiң 

қажеттiлiктерiн  қамтамасыз  ету 

үшiн  осында  өндiрiстер  ашуға 

ынталандыруға  қатысты  болып  отыр.  Офсеттік  саясат 

қазақстандық  үлесті  дамыту  бағдарламасының  заңды 

жалғасына айналуы қажет. Егер бiз бұрын инвесторлар-

ды  олардың  талаптарымен  шақыртқан  болсақ,  қазiр 

ресурстық ұлтшылдық туралы айтудың уақыты жетті. 

Яғни табиғи байлықтарды пайдаланудан түскен пай-

даны Қазақстан азаматы көруі тиіс. Былтыр инду-

стрия министрлігі «Офсеттік саясат туралы» заң 

жобасын  жасақтаған  болатын.  Бірақ  ол  сол 

күйі  парламентке  түскен  жоқ.  Біз  Үкіметке 

сол заң жобасын қайта жасақтауға кірі-

суді ұсынамыз», — дейді.  

                        

Депутат 

үндеуін 

шенеуніктер 

құлаққа іле ме?

    


  Мәжіліс  депутаты  Оразкүл  Асанғазы: 

«Қазір, Құдайға шүкір, қазақ тілі ғылымның 

да,  техниканың  да  тілі  болды.  Бірақ 

мемлекеттік  басқаруға  әлі  жеткен  жоқ. 

Сондықтан 

жандарыңызды 

сәл-сәл 

қинаңыздар.  Жұмыстарында  қазақша 

сөйлейтін адамдарға жол ашу керек, қазақ 

тілі биліктің тілі болуы шарт. Сіздің меке-

ме,  сіздердің  бастауыш  ұйымдарыңызда 

кез  келген  жаза  алатын  адам  өзінің  ана 

тілінде  жазсын,  жиналыста  өзінің  ана  ті-

лінде сөйлесін. Халықтың күтіп отырғаны — осы. Егер сіз-

дер сөйлемесеңіздер, Президенттің айналасында жүрген 

адамдар сөйлемесе, кім сөйлейді бұл тілде? Мен біле-

мін,  қиын,  орысша  оңай,  бірақ  біз  тілді  қазақ  тіліне 

ауыстыруымыз керек»,— деп, шенеуніктерді күні-

түні тынбай қазақ тілін оқып меңгеріп, оны би-

лікте сөйлетуге үндеді. Тек оны шенеунік-

тер құлаққа ілсе деңіз... 

Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан 

Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  жолдаған  «Қазақстан  жолы 

–  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  

Жолдауы  «Қазақстан  –  2050»  Демократиялық 

күштердің  жалпыұлттық  коалициясының  отыры-

сында талқыланды. 

Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Төрағасының 

бірінші  орынбасары  Бауыржан  Байбек,  ҚР  Пре-

мьер-министрінің  бірінші  орынбасары  Бақытжан 

Сағынтаев,  саяси  партиялардың,  үкіметтік 

емес  ұйымдардың  жетекшілері,  ҚР  Парламент 

Мәжілісінің депутаттары қатысты.  

Кезекті  «Қазақстан-2050»  Жалпыұлттық  де-

мократиялық  күштер  коалициясы  жиын  соңында 

Үндеуін жария етті: Қазақстанның тәуелсіздігі және 

мемлекетіміздің өркендеуінің нышаны — Астана;

• Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен 

келісім;


• Зайырлы қоғам және жоғары руханият;

• Индустрияландыру мен инновацияларға негіз-

делген экономикалық өсім;

• Жоғары әлеуметтік стандарттарға сай Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамы;

• Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

• Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, 

өңірлік  мәселелерді  шешуге  жаһандық  тұрғыдан 

қатысуы.

Құрманғали Нұрғалиев

Демократиялық күштер жалпыұлттық 

коалициясы үндеу жариялады

«Жалған 

транзит» 

әшкереленді

 

ҚР  ҚМ  Кедендік  бақылау  комитетінің 

бөлім  бастығы  Ерден  Жұма:  «Соңғы 

уақытта контрабанданың жиі қолданатын 

тәсілі 

«жалған 


транзит» 

болып 


отыр.  Яғни  шетелдік  тауарлар  Кеден 

одағының  кедендік  аумағы  арқылы 

транзитпен 

тасымалдана 

отырып, 

кедендік  рәсімдеусіз,  заңсыз  қалып 

қояды. Мәселен, тауарлар декларацияда 

Түркиядан және басқа да мемлекеттерден 

Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға 

өтеді  деп  көрсетілген.  Алайда,  бұл 

тауарлар  Қазақстан  Республикасының 

аумағында қалып, Қырғызстанға құм мен 

бұрын пайдаланылған тауарлар өткізіліп 

келген. «Өткен жылы «жалған транзиттің» 

47  фактісі  анықталып,  олар  бойынша 

21  қылмыстық  іс  қозғалды»,  —  деп 

мәлімдеді.  

Ереуілшілер 

жазалануы 

мүмкін 

ҚР Қылмыстық Кодексінің жаңа жобасының 400-бабын-

да еңбек дауын қоздырғаны үшін ереуілге қатысушыларға 

айыппұл  салу,  түзету  жұмыстарына  жіберу  және  үш 

жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыру  қарастырылған. 

Баптың  бірінші  бөлімінде  егер  сот  ереуілді  «заңсыз», 

ал  «оған  қатысушылар  БАҚ  немесе  әлеуметтік  желілер 

арқылы ереуілге жария түрде шақырған» деп тапса, сот 

ереуілге  қатысушыларға  1000  айлық  есептік  көрсеткіш 

көлемінде  айыппұл  салу,  түзету  жұмыстарына  жіберу 

немесе  бас  бостандығынан  бір  жылға  дейін  шектеу 

сияқты жаза тағайындай алатыны жазылған. Ал баптың 

екінші бөлімінде жаза күшейтіліп, түрмеге қамау мерзімін 

үш жылға дейін ұзарту қарастырылған. Заңсыз ереуілге 

қатысушылар  «азаматтардың  немесе  ұйымдардың 

құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе 

мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян 

келтірген  не  жаппай  тәртіпсіздікке  әкеп  соқтырған  іс-

әрекеттері үшін» бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

33 өзбек әуе 

шабуылынан мерт болды

Agence  France-Presse:  «Пәкстан  әуе  күштерінің  «Талибан» 

қозғалысы  өкілдерінің  лагеріне  жасаған  шабуылы  салдарынан 

Германияның  3  азаматы  мен  33  өзбек  көз  жұмды»,  —  деп 

хабарлайды. Шабуыл салдарынан ұзын саны 40 шақты адамның 

көзі жойылыпты: оның 33-і Өзбекстан азаматтары деседі. Дерек 

көзі  әскерилердің  «Өзбекстанның  исламдық  қозғалысы»  атты 

лаңкестік  топтың  базасына  оқ  жаудырғанын  айтады.  Әзірге 

аталған  мәліметті  неміс  билігі  мен  Өзбекстан  ресми  түрде  иә 

растаған, иә жоққа шығарған жоқ. Ал, ресми деректерге сүйенсек, 

Пәкстан  әуе  күштерінің  бірнеше  күннен  бері  жалғастырып  келе 

жатқан  шабуылынан  «Талибанның»  аймақтағы  көшбасшысы 

Уәли Мұхаммед ажал құшқан көрінеді. 

Қырғызстанда 

экстремистердің көзі 

жойылды

Қырғыз-Қытай шекарасында қарулы қақтығыс болды. Қытайдың 

Шыңжаң-Ұйғыр  автономиясынан  көрші  елге  баса  көктеп  кірген 

белгісіз  топ  қырғыз  сарбаздарына  оқ  жаудырды.  Шекарадағы 

қақтығысқа Қырғызстан Премьер-министрі Жанторо Сатыпалдиев 

те  жедел  жауап  қатып,  сарбаздарға  Қытай  аумағынан  келген 

топтың  көзін  жоюға  бұйрық  берген.  Заң  бұзушылар  Ыстықкөл 

облысында орналасқан «Пикиртик» шекара бекетіне басып кірген. 

Белгілі болғаны, шекарадан өткендер саны 20- ға жуықтайды екен. 

Қырғызстан  ақпарат  құралдарына  сүйенсек,  шекара  бұзғандар 

— Шыңжаңдағы ұйғыр экстремистері болуы мүмкін. 

Биліктегі жаңа кадрлық 

тағайындаулар 

ҚР  Бәсекелестікті  қорғау  агенттігіне  жаңа  басшы  тағайындалды. 

Енді бұл ведомствоны Ғалым Оразбақов басқарады. ҚР Премьер-

министрі  Серік  Ахметов  агенттік  ұжымына  жаңа  басшыны 

таныстырып, мемлекеттік органның алдына Елбасы қойып отырған 

бірқатар  маңызды  міндетті  атап:  —  «Отандық  кәсіпорындарға 

Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  пен  Кеден  одағы  аясында  теңдей 

мүмкіндікті  қамтамасыз  ету  маңызды.  Бизнеске  қолайлы  орта 

қалыптастырып, бәсекелестікті дамыту керек», — деді.  Сондай-ақ, 

Үкімет басшысының Жарлығымен Болатбек Қуандықов Тұтынушы-

лар құқын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.  

АПТ


АНЫҢ АР

ДА УӘЖІ


Полицейл

ерге ескерту

сіз 

оқ атуға тыйым салынд

ы

Мәжіліс 


«Ішкі  Істер 

органдары» 

туралы 

жаңа  заңд



ы  бірауыздан 

бекітті. 

Соған  сәйкес, 

Ішкі  істер 

министрлігі 

өміріне 


қауіп  төнге

н 

жағдайда 



полицияға 

ескертусіз 

оқ  атуға 

рұқсат  етуді 

талап  етке

ніне 


қарамастан

,  ендігі 

жерде   

полицейл


ер  ескерту

сіз  оқ  ата 

алмайтын 

болса, 


тұрғындард

ың  да  травматикалық 

қару  алып 

жүруіне 


тыйым 

салынды. 

Мәжілісме

н Азат Перуашев: 

«Травматикалық 

қаруды 


қазіргі 

кезде қылмыстық 

топтар оқпе

н ататын 

қаруға айналд

ырып отыр 

екен. 

Сондықтан 



еркін  айналымдағы 

қаруды 


әскери 

қаруға  айналд

ырмас 

үшін оған тыйым салу керек деп шештік», — де



йді. 

03

АСТАНА АЖАРЫ

30 ҚАҢТАР ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



НАҒАШЫБАЙ 

ҚАБЫЛБЕК

mart.75_2010@mail.ru

Статистикаға жүгінсек, елімізде 90 күннен 

асып кетсе де, қарызын төлей алмай жүрген 

жеке  тұлғалар  санының  тұрақты  өсу  үрдісі 

байқалған.  Бұл  мақтанатын  жаңалық  емес. 

Былтырғы  жылғы  11  айда  90  күннен  артық 

несиесін төлей алмаған жеке азаматтардың 

қарызы 15,3 пайызға көтерілгені — сөзіміздің  

жарқын  дәлелі.  Егер  бұлай  жалғаса  берсе, 

қарапайым  халықтың  әлеуметтік  жағдайы 

сыр  беріп,  артының  неге  апарып  соғарын 

ойлаудың өзі қорқынышты.

Елді  жиі  аралап,  небір  келеңсіздіктермен 

бетпе-бет  келіп  жүрген  депутаттар  ақыры 

халықты құрсауына салған қарызға да мой-

ын бұрды-ау. «Шыдамның да шегі бар» деді 

ме, жоқ әлде ел-жұрттың аманатына қиянат 

жасағысы келмеді ме, мәжіліс депутаты Ни-

колай Кузьмин «халықтың қарызға өмір сүруі 

қауіпті»  деп  Бас  уәзір  Серік  Ахметов  пен 

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке 

депутаттық сауал жолдады. «Депутаттық са-

уал жолдауыма халықтың екінші деңгейдегі 

банктерге  тұтынушылық  қарызының  күрт 

өсуі болып отыр. Осы көрсеткіш 2013 жылғы 

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2,2 трил-

лион  теңгені  құрады.  Тек  қана  2012  жыл 

мен  2013  жылдың  қараша  айлары  арасын-

да  тұтынушылық  қарыз  48  пайызға  өсіп, 

701 млрд. теңгені құрады», — деп, ешкімнің 

бет-жүзіне  қарамады.  Депутаттың  айтуын-

ша,  жақсылық  пен  жамандықтың  итжығыс 

түсіп  жататыны  секілді,  бір  жағынан  алып 

қарағанда,  екінші  деңгейдегі  банктердің 

халықтың  төлеу  қабілеттілігін  ұлғайта  от-

ырып, тауарлардың тұтынушылық нарығын 

белсенді  несиелендіруі  қолдауға  тұрарлық! 

Алайда  гәп  мынада  болып  шықты.  Бан-

ктерді  тұтынушылық  несиелендіруге  тауар 

өндірушілер мен ірі сауда орталықтарының 

иелері  өз  тауарларын  өткізу  мақсатында 

күштеп  итермелейтін  көрінеді.  Осы  фак-

тіні  алдыға  тартқан  депутат  сөзін  былай 

сабақтады:  «Біз  Батыс  Еуропа  және  басқа 

да  елдердің  тәжірибесінде  мемлекеттің 

қарызға өмір сүруінің қауіпті екендігін көрдік. 

Содан  неге  сабақ  алмасқа?»  —  деп,  өзінің 

шарасыздығын да көрсетіп қалды.

Сауалының  соңында  ол ұсынысын төте-

сінен қойды. «Менің осы айтқандарыма бай-

ланысты Мәжілісте Қазақстанның қаржылық 

жүйесінің  беделін  көтеру  мақсатында 

дайындалған  «ҚР  кейбір  заңнамалық  акті-

леріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған 

екінші  деңгейдегі  банктерді  одан  әрі  да-

мыту  мәселесі  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  заңының  жо-

басы қарастырылды. Осы айтылғандардың 

негізінде,  сіздерден  2011-2012  жылдар 

аралығында екінші деңгейдегі банктер бер-

ген  тұтынушылық  несиелерді,  олардың 

қайтарылу  динамикасын  нақты  талдап,  не-

сие  алушыға  қалыпты  өмір  сүруіне  қажетті 

қаражатты  қалдыратын,  несие  алушының 

төлем қабілетін сапалы қарастыратын, банк 

үшін  шектеуші  іс-шараларды  дайындап, 

халықтың несиеге беріліп кету үрдісін ретте-

уге қажетті шараларды қолдануларыңызды 

өтінемін»,  —  деп,  мәжіліс  депутаты  көптің 

көкейінде жүрген проблеманың басын ашып 

берді.  Мұның  ақ-қарасын  ажыратып,  тиісті 

шара  қолдану  Үкіметтің  еншісіне  өтті.  Бізге 

ақырын күту ғана қалды.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал