Аналитического отчета. Рекомендации



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/4
Дата16.06.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

Министерство образования и науки Республики Казахстан  

Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ЭЫДҰ ЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ 

МЕКТЕПТЕР ЖҰМЫСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 

ТАЛДАУ ЕСЕБІНІҢ ТАРАУЫ. ҰСЫНЫСТАР  

 

 

СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ РАБОТЫ МАЛОКОМПЛЕКТНЫХ ШКОЛ 

СТРАН ОЭСР И КАЗАХСТАНА  

РАЗДЕЛ АНАЛИТИЧЕСКОГО ОТЧЕТА. РЕКОМЕНДАЦИИ  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана  

2015  




 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 кыркүйектің № 8 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 18 сентября 2015 года)  

 

 



ЭЫДҰ  елдері  және  Қазақстандағы  шағын  жинақты  мектептер  жұмысын 

салыстырмалы  талдау.  Аналитикалық  есептің  тарауы.  Ұсыныстар.  -  Астана: 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 28 б.  

 

Сравнительный  анализ  работы  малокомплектных  школ  стран  ОЭСР  и 



Казахстана.  Раздел  аналитического  отчета.  Рекомендации.  -  Астана:  НАО 

имени И. Алтынсарина, 2015. – 28 с.  

 

 

 



Аналитикалық есептің тарауына ЭЫДҰ елдері және қазақстандағы шағын 

жинақты  мектептердің  жұмыстарына  салыстырмалы  талдау  енгізілген,  іс-

тәжірибе  және  инновация,  білім  беру  процесінің  жағдайы  қарастырылған, 

ұсыныстар берілген.  

Бұл  жинақ  білім  беру  қызметкерлеріне,  білім  беру  ұйымдарының 

басшыларына,  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  институттарына,  оқулық 

және оқу-әдістемелік кешендердің авторларына арналған.  

 

В раздел аналитического отчета включен сравнительный анализ работы в 



малокомплектных  школах  стран  ОЭСР  и  Казахстана,  рассмотрены  опыт  и 

инновации, состояние образовательного процесса даны рекомендации.  

Сборник  адресован  работникам  образования,  руководителям  организаций 

образования,  институтов  повышения  квалификации  учителей,  авторам 

учебников и учебно-методических комплексов.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Ы.Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015  

© Национальная академия образования  

имени И. Алтынсарина, 2015  



Мазмұны  

 

Кіріспе ....................................................................................................................  4 

ЭЫДҰ елдерінің шағын жинақты мектептерінің жұмыстарын талдау...….  6 



Қазақстанның шағын жинақты мектептерінің жұмыстарын талдау.............  16 

Қазақстан және ЭЫДҰ елдерінің білім беру процесін ұйымдастырудың 



салыстырмалы талдауы ……............................................................................... 

 

23 



Қорытынды ............................................................................................................  25 

Әдебиеттер тізімі ..................................................................................................  27 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





Кіріспе  

 

Қазақстан  халқына  елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  жолы-2050 

стратегиясы:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауында  «осы 

ЭЫДҰ елдерінің индикаторы болашақ ұзақ мерзімді динамика көрсеткіштерін 

ескеру,  әлемнің  дамыған  30  мемлекетінің  арасында  болудың  базалық 

жолымыздың  бағдары  болып  табылады».  Президент  Қазақстанға  ЭЫДҰ 

стандарттарының бірқатарын енгізу міндетін алға қойды [1].  

Әлемдік дағдарыс жағдайында ауылдық жерлердің ең маңызды функциясы 

мемлекеттің  аумақтық  тұтастығын  сақтау  болып  табылады.  Өңірлердегі  ауыл 

халқының  қалаға  көшуі,  ауыл  мектептерінде  білім  беруді  әлсіретеді,  осының 

нәтижесінде  елді  мекеннің  жойылуына  әкеліп  соғады.  Білім  беру  жүйесінде 

шағын  жинақты  мектеп  жүйесінің  болуы  елдің  стратегиясын  айқындайды, 

сондай-ақ өңірлердегі ауылдың дамуының маңызды факторы болып табылады.  

Шағын  жинақты  мектеп  оқушыларының  дайындығының  төмендігін 

мемлекеттік және халықаралық білім беру сапасы мониторингі мәліметтерінде 

көрсетілген [2, 3, 4]. Бұл білім беру процесін ұйымдастыру, өңірлердегі халқы 

аз  елді  мекендердің  ерекшеліктеріне  және  барлық  білім  беру  жүйесіне  тән 

күрделі мәселелерді шешу, сондай-ақ, өңірлік факторларға да байланысты.  

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  басымдық  бағыттарының  бірі  шағын 

жинақты мектептер жүйесін қайта ұйымдастыру қажеттігі болып табылады [5].  

Ол  нормативтік-құқықтық  ілестірмелерді  жетілдіру  мәселелерін,  оқу-

тәрбие  процесін  ұйымдастыруды,  кадрмен  қамтамасыз  етуді,  материалдық-

техникалық жағдайларды, мектептер жүйесін қайта ұйымдастыруды, білім беру 

сапасының мониторингін, мемлекеттік мектеп жанындағы интернаттар желісін 

нығайту және кеңейтуді қамтиды.  

Қазақстанда  ауыл  бір-бірінен  айтарлықтай  қашықтықта  орналасқан,  онда 

көлік пайдалану, әлсіз дамыған жол желісі шектеулі болғандықтан, ірі ауылдық 

жерлерде  сапалы  біліммен  қамтамасыз  ету  міндеті  бар  жалғыз  ел  емес. 

Қазақстан  сияқты  бұл  ЭЫДҰ  елдерінде  халықтың  тығыздығы  төмен  және 

территориясы үлкен ауылдық елді мекендердің болуымен сипатталады. Шағын 

жинақталған  мектептердің  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  дамыған 

елдердің  тәжірибесін  саралау,  еліміздің  білім  беру  жүйесін  жаңғырту  үшін 

қажетті бағдармен қамтамасыз етеді.  

Әдістемелік  құралдың  мақсаты  ЭЫДҰ  елдері  мен  Қазақстандағы  шағын 

жинақты  мектептердің  салыстырмалы  талдау  материалдары  бойынша 

Қазақстанның  шағын  жинақты  мектептерінің  жұмысын  жақсартуға  тиісті 

ұсынымдар әзірлеу болып табылады.  

Міндеттері:  

1. 


ЭЫДҰ  елдеріндегі  шағын  жинақты  мектептердің  қызметінің 

ұстанымдарын зерделеу;  

2. 

Қазақстанның  шағын  жинақты  мектептері  қызметінің  қазіргі  жағдайын 



зерделеу;  

3. 


Қазақстан  мен  ЭЫДҰ  елдерінің  мектептеріндегі  білім  беру  процесіне 



салыстырмалы талдау жүргізу;  

4. 


Қазақстанның  шағын  жинақты  мектептерінің  қызметін  жақсартудың 

ұсыныдарын әзірлеу.  

Қазақстан  Республикасының  шағын  жинақты  мектептерінің  қызметін 

талдау  мақсатында  Шығыс  Қазақстан  облысының  бір  шама  аудандарында 

мемлекеттік  ғылыми  жоба  аясында  «Шағын  жинақты  мектептер  үшін 

болашақта  ғылыми-әдістемелік  негізінде  жарастылыстану-математикалық 

пәндері мұғалімдерін дайындау» ішінара зерделеулер жүргізілді. Қазақстандағы 

халықтың  тығыздығы  мен  шағын  жинақты  мектептерінің  санына  сәйкес 

ұстанымдар негізінде шетелдің тәжирбелері сараптауға таңдалынып алынды.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 







ЭЫДҰ елдерінің шағын жинақты мектептер жұмысына талдау  

 

Шағын  жинақты  мектеп  анықтамасында  аз  қамтылған  оқушылармен 

мектептер  параллель  сыныпсыз  3  және  4  немесе  5  сынып  бірігіп  бір  класс- 

комплектісі бар мектептерді айтады. Класс-комплектіде 1 мұғалім ғана жұмыс 

істейді.  Ондай  мектептер  көптеген  елдерде  таралған,  ең  көп  орналасқаны 

ауылды  мекендерде.  Әр  елде  ондай  мектептерге  өзінің  бағытын,  білімділік 

тәжірибесін және саясатын жүзеге асырады.  

Польша. Польшада ауыл мектептерінде оқыту деңгейін көтеру мемлекеттің 

басты  ролін  көрсету  сақталған  [6].  Ауылда  оқытуға  айтарлықтай  инвестиция 

беру қажет.  

Ауыл  жастары  ағынын  көбейту,  кәсіптік  мектептерге  жіберу,  ол  үшін 

бастауыш  білім  беретін  ауыл  мектептерінің  білім  сапасының  деңгейін  көтеру 

қажет етеді. Полшаның білім беру жүйесіндегі басты бағыттаулар:  

1.  Әрекет  ету  қағидасы  «шағын,  қымбат  және  әлсіз  мектептерді-жою» 

бірақ, қазіргі жағдайда ол бірінші кезекте тұрған жоқ. Келешегі жоқ мектептер 

және  жаңаша  оқытумен  жабдақтауға  көмек  беруді  қажет  ететін  мектептер  де 

бар.  Егер  көмек  көрсетілсе,  сонда  ғана  олар  өзінің  міндетін  орындауға 

мүмкіндік алады.  

2. 


Қаржы  мекемелеріне  және  білім  беру  басқармасына  оқушылар  мен 

бөлімдердің  санын  байланысты  белгілі  мөлшер  нормасын  бекітуді  ұсынады. 

Жұмысқа  орналасуда  мұғалімдердің  көбі  мөлшерден  тыс  болған  жағдайда 

оларға өз қаражаттарынан қосымша ақы төлеу ұсынылмайды.  

3. 

Мұғалімдерді  арнайы  біріктірілген  сыныптарда  жұмыс  істеу  үшін 



дайындау  ұсынылып  отыр.  Осыған  орай  Польша  Республикасының  ұлттық 

білім  министрлігінің  Қаулысы  арнайы  шығарылған.  Осы  Қаулы  бойынша  іс 

жүзінде  бір  де  бір  оқу  орындары  айналыспайды,  осы  бағдарлама  бойынша 

курстар және дипломнан кейінгі курстардың бағдарламасында көрсетілмеген.  

4

.  Польшада  ауыл  мұғалімдерін  екі  мамандық  бойынша  дайындау 



маңызды  екендігіне  мән  береді.  Мәдениеттен  тыс  қалған  өңірлерде  ондай 

мамандар білім сапасын арттыруды жүзеге асырар еді.  

5

.  Қашықтықтан  оқыту  үшін  телевизиялық  желіні,  радио  және  интернет, 



жаңа көмекші технологияларды кеңінен қолдану ұсынылады.  

6

.  Шағын  жинақты  мектептің  қызметін  реформау  негізінде  жаңа  бағалау 



жүйесінің тиімділігін жетілдіруге көңіл бөлуді ұсынады. Сондықтан Польшада 

ауылдық  жерлердегі  оқушыларды  білім  деңгейін  дамыту  үшін  кәсіптік  және 

техникалық училищелерге дайындауға ерекше назар бөлініп, талап етілуде [7]. 

Қазіргі кезде келесі ұсыныстар жасалады:  

1. 6 жастық бастауыш мектеп базасында ауылдық жастар үшін оқытудың 

жазғы 3 бағытымен мектеп-гимназия желісін құру. Бұл оқушы жастар үшін әрі 

қарай оқу жолын таңдауды бір жылға ұзартуға, ал білім ұйымдарына жаңа оқу 

жоспарын  әзірлеуге  және  дидактикалық,  тәрбиелік  және  қамкоршылық 

қызметін орындауға мүмкіндік бере еді;  

Бұл  ұсыныс  іс  жүзінде  жүзеге  асыру  оңай  емес,  ол  ауылға  жоғары 

біліктілікті  мұғалімдерінің  келуін,  сыныптан  тыс  жұмысты  ұйымдастыруды, 



мектептегі сабақ уақытында және сабақтан кейін де тәрбие жұмысы мектептің 

негізгі  қызметі  ретінде  және  одан  кейін  мектептің  асханасында  тамақтануды 

ұйымдастыру қажеттігін жүзеге асыруды ұсынады.  

2. «


Саяхаттаушы  мұғалім»  концепциясын  жүзеге  асыру.  Бұл  көлікжолы 

желісінің  сапасыздығына  байланысты  сирек  кездесетін  жағдай.  Сондай-ақ,  ол 

мектепте тұрақты жұмыс жасайтын мұғалімдердің сабақтарына қатысып көмек 

көрсететін,  кәсіпқой  мұғалімнің  жұмысын  ұйымдастыру  нұсқасы  да 

қарастырылуда.  Ондай  тәжірибе  бұрыннан  АҚШ-ның  шағын  ауылдық 

мектептерінде қолданып келген.  

Полшада  ауылдың  шағын  мектептерінің  жұмысын  әрі  қарай  қамтамасыз 

етуге  арнайы  «Mała  szkoła» (шағын  мектеп)  бағдарламасы  дайындалған.  Бұл 

бағдарлама мемлекеттік міндетті нормативтік құжат тізіміне сәйкес қаражатты 

қысқарту  үшін  ауыл  мектептерін  ата-аналар  бірлестігі  басқара  алады. 

Нормативтік  құжаттардың  жойылуы  және  оны  ауыстыратын  құжаттар  тізімі 

Білім туралы заңнамада да анық көрсетілген.  

Олардың  ішінде  жойылған  норма  –  жинаушы  қызметкерлер  мен  асхана 

жұмысшыларын  жұмысқа  алу  да  бар.  Оның  орнына  бұл  бағдарлама  оларға 

кететін  қаражатты  әлде  қайда  қысқарту  үшін,  осы  қызметті  ата-аналардың  өз 

күшімен,  өз  ерікімен  орындауына  мүмкіндік  береді.  Осындай  жағдайда  ата-

аналардың өз еркімен қатысуы, мектеп пен жергілікті атқарушы мекемелердің 

байланысын  нығайтады,  сондай-ақ  дау  шыққан  жағдайда  және  нашар  оқитын 

оқушылардың мәселелері қаралғанда ата-аналардың болуының пайдасы да бар.  

Оның сыртында, білім туралы заңнамада жергілікті орындаушы ұйымның 

міндеті  мектепті  қаржыландыру,  осы  бағдарлама  аясында  жергілікті 

орындаушы  ұйымның  аударған  қаржысы  шығындарды  толық  жабатындай 

болса,  сондай-ақ  шағын  мектептер  бағдарламасына  кіргенге  дейін  мектепті 

ұстау бағасының төмен болуы тиімді болар еді.  

Бұл  бағдарлама  жергілікті  орындаушы  ұйымдарының  қатысуына 

қызығушылығын қамтамасыз етеді. Практикада, егер жергілікті халық мектепті 

өздерінің келешегі деп санаса, олар өздері ұйымдасып мектепті басқаруына да 

болады.  Олар  жергілікті  орындаушы  ұйымдардан  тура  көмек  алуға,  мысалы, 

жергілікті  орындаушы  ұйымның  заңгері  ата-аналар  бірлестіктерін  құруға 

қолдау  жасайды,  заңмен  сәйкес  келетін  жарғылық  құжаттарға  және  оны 

тіркеуге көмектеседі.  

Польшада ауыл мектептері көп жағдайда мемлекеттен үлесін ала алмайды.  

Оны айқындайтын фактілер:  

техникалық базасы төмен және көп жыл жөндеу жүрілмеген мектептердің 



болуы;  

ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін әдістемелік материалдардың және 



арнайы кәсіптік біліктілікті арттыру формасының болмауы;  

мектептер  қандай  бір  сабақтан  тыс  қызметті  жүзеге  асырылмайды 



(оқушылар  оқитын  жерінен  алыс  турады  және  мұндай  жүктеменің  көбеюіне 

ата-аналар келіспейді деп түсіндіріледі);  

дайындалған  кадрлардың  жоқтығынан  ағылшын  тілін  оқыту  мүмкіндігі 



жасалмаған, (қалада ағылшын тілі басым болғанымен, ауылдың мектептерінде 



балаларды көбінесе орыс тілінде жиі оқытады);  

техникалық  оқыту  және  информатикадан  сабақ  беру  жоғары  деңгейде 



оқытылмайды,  (Польша  дегенмен  әзірше  басқа  европалық  елдермен 

салыстырғанда ыңғайлы жағдайда емес, сонымен қатар басқа елдердегіден бір 

кампьютермен  қолданатын  оқушылардың  саны  орташа,  бірақ  «Интернет  әр 

ауданға» немесе «Интер-кл@cc» орталық бағдарламасы жағдайды шамалы ғана 

жақсаратады);  

көптеген  ауыл  мектептерінде  жалпы  техникалық  білім  берудің  қазіргі 



моделі  енгізілмеген,  алайда  ол  білім  беру  саласының  көптеген  кемшіліктерін 

басуға мүмкіндік туғызар еді.  



Финляндияда.  Ауылдық  шағын  жинақты  мектептерге  Финиляндияда 

ерекше  көзқарас  қалыптасқан  [4].  Нақтылап  айтқанда,  онда,  егер  округта  бір 

бала  қалды  деп  айтылған  жағдайдың  өзінде,  мектеп  жабылмайды,  ол 

қызметатқара  береді.  Финлияндияның  8  педагогикалық  университетіндегі 

факультеттер бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жүзеге асырады.  

Оқуды  бітірген  кейін  білім  саласының  магистр  дәрежесін  алады,  оларға 

жалпы  білім  беретін  мектептерінің  1  ден  6  сынып  аралығын  оқытуға  құқық 

беріледі  (оған  ауылдық  мектептер  де  кіреді).  Пән  мұғалімдерін  елдің 

университтерде гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы факультеттерінде 

дайындайды. Көбінесе, бітірушілер орта және бастауыш мектептердің жоғарғы 

сыныптарына сабақ береді.  

Финлияндияда ауыл мектептерін құтқару үшін «Ауыл қозғалысы» ұйымы 

құрылған және жұмыс істейді. Финлияндияда ең көп шағын жинақты мектептер 

саны  Лапландия  төңірегінде  өмір  сүретін  байырғы  халық-  саамдар  тұратын 

жерде  орналасқан.  Алайда,  олардың  мәселелерін  өздерінше  шешуге  әрекет 

жасайды.  Лапандия  Үкіметі  шағын  жинақты  мектептерге,  саамдардың  тілін, 

мәдениетін  сақтауға  құнттылықпен  қарайды.  Мысалы,  балаларды  100 

шақырымдаға  мектепке  дейін  тасымалдайды.  Лапандияда  интернаттар  жоқ. 

Балаларды  тасымалдау  үшін  арнайы  такси  жалдайды,  оның  шығындарын 

муниципалитет төлейді. Лапандания аумағындағы халық тығыздығы көп емес, 

коныс-мекендер арасында анық шекаралар жоқ. Бұл солтүстік аймақтың өзіндік 

бейнесі, мұнда ертеден негізінде бұғы шаруашылығы дамыған. Сонымен қатар, 

Лапандия губерниясы демографиялық жағдайы да мардымды емес. Лапандияда 

2008  жылғы  желтоқсан  айының  мәліметі  бойынша  барлығы  670  оқушы  бар, 

олар 13 шағын жинақты мектептерде оқыған.  

Кейде  мұндай  жағдайда  оқушының  саны  12  адам  болғанда  оқытудың 

тиімді түрлерін қолдануға болады:  

кейбір  пәндерді  бір  мұғалімнің  басшылығымен  бір  кабинетте  әр  түрлі 



сынып  оқушылары  бір  уақытта  оқиды.  Лапландия  мектебінде  1-  6-шы  сынып 

бастауыш  мектеп  болып  саналады.  Көптеген  оқушылар  9-сыныптан  кейін 

кәсібіи  білімді  таңдайды,  кейде  өз  қалауымен  өзінің  мамандығы  бойынша 

жоғары оқу орнында жалғастырады.  

Финляндия  аумағында  финляндия  және  шведция  екі  мемлекеттік  тілді 

қолданады. Мектеп оқушылары оқуды ағылшын және саам тілдерін де таңдауы 

мүмкін. Өз кезектерінде, әр түрлі үш сам тілі бар, оны қолданушылар бірін-бірі 



түсіне алмайды. Саам тілін сақтау үшін Үкімет деңгейінде үш тілді де сақтауға 

барлық мүмкіндіктер жасалуда.  



АҚШ-да.  Америка  Құрама  Штаттары  Қазақстан  сияқты  үлкен 

территориясы бар ел, онда халық саны аз аграрлық аудандар да бар, сондай-ақ 

ауыл мектебі әлеуметтік-мәдени орталық болып табылады.  

Қазіргі  таңда  американың  ілім  беру  саласындағы  саясатының  ерекшелігі, 

АҚШ-ы  әрбір  мектепті  және  ауылдағы  ең  кішкентай  мектепті  де  сақтауға 

тырысады.  Егер  округтарда  өте  аз  оқушылар  қалса,  онда  бір  бөлмелі  мектеп 

құрылады. Шын мәнінде онда бір мұғалім әр түрлі жастағы балаларды оқытады 

және  бірнеше  пәндерден  сабақ  береді.  Әрбір  балалар  жеке  бағдарламамен 

оқиды.  Америкада  осындай  мектептердің  айырмашылығы,  мұғалімдерді 

материалдық  жағынан  ынталандыру.  Ауылдағы  «шағын  жинақты  мектеп» 

мұғалімдерінің жалақысы қалалық мұғалімдерден екі есе көп.  

АҚШ  шағын  жинақты  мектеп  проблемалары,  әсіресе,  кішкентай  мектеп 

проблемаларына  дейін  өсуде  [8,  9].  Америкадағы  кейбір  проблемалар 

Қазақстанға да тән, оның шешімі (мысалы, жол, көлік, казіргі заман талабына 

сай мектепті коммуникациялық құралдармен және ТОҚ -мен жабдықтау), бұл 

проблема  «сырқат»  ретінде  қаралмайды,  ол  оқыту  жүйесінің  әлеуетінің  зор 

мүмкіндігі барлығын көрсетеді.  

Бұл мектеп оқушыларға келесі басымдылықтарды айқындайды:  

– 

қызметтің  аясының  кеңдігін  (мысалы,  курстың  бөлігін  мүмкіндігінше 



өзінің дайындауы);  

− 

үлкен жауапкершілікті сезіну;  



− 

мұғалім  және  оқушыдардың  жұмысты  бірлесіп  дайындауы  (олар 

жұмысты  мұғалімдер  үшін  орындамайды,  мұғалімдермен  бірігіп  істеу 

керектігін оқушы сезіне бастайды).  

Мұғалімдер үшін бұл артықшылық былай көрінеді:  

– 

өз жұмысын үлкен нәтижелілікпен сезінеді;  



− 

директор мен мұғалімдер арасында әкімшілік кедергіні бұзады;  

− 

оқыту қызметін басқарудың демократиялық моделін қалыптастыру;  



− 

оқыту барысының жүзеге асыруын қадағалау;  

− 

«мектептік отбасы» қалыптасуын сезіну.  



АҚШ-да үлкен мектептерден қайта кішкене мектептер жасау бағдарламасы 

ашылған, осылай америкалықтар жас өспірімдердің аргессиялық толқуларынан 

құтылу жолдарын іздеуде.  

Бұл  елде  «Жетістік  барлығы  үшін»  бағдарламасы  жұмыс  істейді[10],  ол 

барлық мектептердегі мектепке дейінгі топтан бастап 6-шы сынып оқушыларын 

және  ресурстарымен  қамтамасыз  етеді,  іс  жүзінде  әр  оқушының  базалық  оқу 

дағдысын және басқа оқушылардан қалыспауды қамтиды.  

Бағдарлама  масштабтық  шарадан,  ұлттық  сараптаудан,  сынау,  мақұлдау, 

үлгерімді  көтерудің  тиімді  жағы,  жағдайлы  және  жағдайсыз  оқушылардың 

үлгерімдерінің  кемшіліктерін  бағалаудан  өткен;  бақылаудағы  мектептегі 

орташа  үлгерімді  оқушылармен  салыстырғанда  «Жетістік  барлығы  үшін» 

бағдарламаға қатысушыларды шамамен 64%-ға жоғары болды. Бағдарламаның 



негізгі элементтері енгізілді:  

барлық  мектептердің  оқыту  үдерісінде  бірігіп  оқытуда  тура  оқыту, 



практика, пікір және бағалау қамтылған;  

жаппай  оқыту  бағдарламасы,  мектепке  дейінгі  білімді  қосқанда  толық 



күн және оқудың арнайы іс шарасы, әр сыныпқа сәйкес келетін, оқушыларды 

оқу талабын қосқанда, оқушылардың үйінде әр күн сайын өз таңдауы бойынша 

кітапты әр кеште 20 минут оқу;  

оқудан  үлгерімі  өз  сыныптастарынан  қалып  жүрген  барлық  сынып 



оқушылармен,  әр  күн  сайын  20  минут  арнайы  дайындаған  нұсқаушы  және 

сертификатталған мұғалім жұмыс істейді;  

әр  квартал  сайын  әр  түрлі  жастағылар  топтарын  қайта  құру  және  оқу 



бойынша бір деңгейдегі оқушылардың оқуын бағалау;  

әр  мектепте отбасы  қолдауы  немесе ата-аналардың  қатысуын  қамтитын 



проблеманы шешу командасын құру;  

мектепке  бекітілген  көмекші  ретіндегі  тәлімгер  мұғалімдермен  оқу 



бағдарламасын,  әрбір  оқушы  оқуда  ілгері  көтерілуін,  басшылыққа  әр  квартал 

сайын  бағалауды  және  мұғалімдермен  қарым-қатынасты  ынталандыруды 

жүзеге асырады.  

Францияда.  Басқа  мемлекеттер  сияқты,  ауылдық  шағын  жинақты 

мектептердің  мұғалімдерін  дайындауда  Франция  әр  түрлі  жастағы  топтардың 

оқушылармен өздік жұмыс өткізуді және ғылымды ұйымдастыру мәселелеріне 

көп көңіл бөледі, бұл жұмыс шағын жинақты мектептердің оқыту процессінің 

негізгі түрін құрайды.  

Канадада.  1996  жылы  900-ге  жуық  шағын  ауыл  мектептері  жабылған 

болатын,  бірақ  бұл  саясатқа  қосымша  көлікпен  қаматамасыз  ету  жүйесі 

құрылған  (автобус).  Бұл  система  оқушылар  санының  өсуіне  қарамастан 

олардың елді мекенінен алыста орналасқан ірі мектептерге көлікпен қамтамсыз 

етіп  отырған.  Қазіргі  уақытта  шағын  жинақты  мектептер  жұмысын 

жалғастыруда,  оқушылары  аз  мектептер  алыс  аудандарда  орналасқан,  (көп 

жағдайда  –  шамамен  100  оқушыдан  аз)  және  автобуспен  тасымалдап  қатысу 

тиімсіз болуда. Ауылдық білім ұйымдары мектептерді біріктіруі шектеу болса 

да, осы саясатты әзірлешілердің пікірінше, алыс және ұзақ болсада, оқушылар 

мектеп автобусымен қатынасуына болады деп шешілген [4].  

Онтарияда (2006-2007 жылдан бастап OFIP) аймақтық ұйымдар бастауыш 

мектептерге  қолдау  көрсету  мақсатында,  «ерекше  қиындықтан  үздіксіз 

жетістікке жету» бағдарламасы бойынша (3 және 6 сынытарға) оқу, жазу және 

математикадан  бағалаудың  нәтижелерін  өткізеді.  OFIP-тің  қаржысы 

оқушылардың  кәсіптік  дамуы  үшін  қосымша  қорларды  және  оқу,  жазу  мен 

арифметика  пәндеріне  көмек  көрсетуге  тартылған  тәлімгерлерді  кәсіптік 

оқытуға  және  мұғалімдердің  босатылған  уақытына,  қосымша  оқытуға 

қолданылады. 2006-2007 жылдары мектеп оқушылары 3 сыныпта оқу бойынша 

аймақтық стандартқа қол жеткізсе ғана OFIP қолдауын алуға болады. Сондай-

ақ  2009-2010  жылдан  бастап  3-ші  және  6-шы  сыныптардың  оқушылары 

аймақтық  стандарттың  нәтижесінің  75%  -ын  көрсеткен  1100  мектепке  OFIP 

бағдарламасы бойынша қаржы берілген.  

10 


2002-2003 

жылдан  бастап  2010-2011  жылдары  3-сынып  оқушыларының 

аймақтық  стандарттың  34%-на  ғана  қол  жеткізген  мектептердің  екіден  үш 

бөлігі  қысқартылды  (19%  -дан  6%  -ға  дейін),  сондай-ақ  үлгерімі  төмен 

оқушылары бар бастауыш мектептер саны қысқарған.  

Австралияда.  Ірі  мектептер  бірлесіп  жұмыс  істеу,  шағын  жинақты 

мектептерді жабудан немесе біріктіру қажеттілігінен құтылу үшін, неғұрлым ірі 

мектептердің обьектілерін пайдалануды, ол мектептер басқа шағын мектептерге 

қарағанда  жақсы  жабдықталған.  Квинсленд  штатының  көрнекі  үлгі 

көрсеткендей,  неғұрлым  ірі  мектептер  желілік  сапада  қызмет  етіп,  ал  шағын 

жинақты  мектептерге  «жеткізуші»  немесе  «серіктестік»  болып  табылады. 

Шағын  жинақты  мектеп  оқушыларын  үлкен  мектептерге  бөлінген  график 

бойынша  транспортпен  қамтамасыз  етіледі.  Обьектіні  бірігіп  пайдалануда 

шағын  жинақты  мектеп  оқушылары  оқытудың  кең  көлемді  бағдарламасымен, 

сондай-ақ  би,  денешынықтыру,  информатика,  сурет  салу  пәндерінен 

практикалық  сабақтарды  жүргізуді  алдын  ала  қарастырады.  Бұл  амал  шағын 

жинақты мектептерді жабуға мүмкіндік береді [4].  

Австралияда  шағын  мектептердің  жаңадан  тағайындалған  директорлары 

әдетте  жұмыс  орнында  оқып  үйренеді.  Бұл  оқыту  формалды  және  формалды 

емес  әдістер  мен  технологияларды,  тәлімгерлікті  және  кластерлік 

механизмдерді  қолдануда  әр  түрлі  мектептердің  мұғалімдері  мен 

директорларын  байланыстырады.  Австралияның  барлық  үлкен  білім  беру 

ұйымдары  қажеттілікті  қанағаттандыратын  және  шағын  мектептердің 

проблемалары  мен  олардың  басшыларының,  сондай-ақ  барлық  мектептердің 

директорларының  контекстуальдық  мәселелерін  шешуге  әр  түрлі 

бағдарлама жасайды.  

Бұл  бағдарламалар  негізгі  топтарға  бағытталған  (мысалы,  бірінші 

басшылық  қызметке  алғашқы  тағайындалған  адамдар),  мәселелер  бойынша 

(мысалы,  оқыту  және  сабақ  беру)  және  оқытудың  әр  түрлі  әдістері  қаралады 

(мысалы,  коучинг,  талқылау  үшін  онлайн  –  топтарға  шақырылғандар). 

Университет  қызметкерлері  және  Виктория  университетінің  студенттері 

этникалық  аз  қамтылған  және  көп  балалы  отбасының  мектеп  оқушыларының 

оқытуды арттыруға байланысты шараларға қатысады.  



Швецияда.  Кластерлік  механизмдер  тұрғысынан  қаралатын  мәселелер: 

тәуелсіз  мектептердің  белгілі  саны  жағдайларына  қарай  бір-бірімен  ұқсастық 

немесе  дербестігін  жоғалтпай  бірлесіп  қызмет  етуі  [4].  Ауыл  мектептері 

«Rektorsomrade

»  кластер  немесе  «директордың  территориясы»  аясында 

топтасады  [4].  Кластерлерді  құру  мақсаты  –  шағын  жинақты  мектептердің 

мәселелерін,  оның  ішінде  кәсіптік  және  әлеуеттік  шектеулікті  азайту  болып 

табылады.Мектеп  басшылары  әкімшілік  жүктемені  азайту  үшін  ресурстарды 

басқару  және  сатып  алу  жұмыстарын  өзара  бірлесіп  жасайды.  Мектептер 

мұның алдындағы өзінің жеке ұқсастығын жоғалтпай, алдыңғы тәжірибесімен 

таратуға,  кластерге  келуіне  мүмкіндік  береді.  Кластерлік  жағдайда  мектептер 

өзінің жекешелігінен айырылмайды және озық практиканы беру мүмкіншігіне 

қол жеткізеді.  

Португалияда.  10  жылда  жабылған  1000  мектеппен  салыстырғанда  2005 

11 


пен  2008  жылдар  аралығында  шамамен  2500  мектеп  жабылған.  Елді 

мекендердегі материалдық - техникалық базасы нашар шағын мектептер басым 

болған  кезде  қала  мектептері  екі  ауысымда  шамадан  артық  көп  жүктемемен 

жұмыс  істеді.  Жүргізілген  зерттеулерде  кішкене  қалаларда  үлгерім  төмен 

екендігін,  ал  ауылдық  жерде  педагогикалық  кадрлардың  тұрақсыздығының 

коэффициент  көрсеткіші  жоғары  және  білім  сапасының  бір  текті  еместігін 

көрсетті.  Үкімет  2005-2006  жылдары  екінші  жылға  қалып  оқу  елдің  орташа 

коэффициент  көрсеткішінің  төмен  болған  жағдайда  шағын  мектептерді  жабу 

және осыған орай ірі мектептер кластерін құру шешімі қабылданған.  

Мектептерді  қайта  кұру  және  ауыстыру  бағдарламасына  бірнеше  қажетті 

ерекшеліктерді енгізді:  

жабылатын  мектептердің  орнына  алдын  ала  нақты  қандай  мектеп  түрі 



ашылатындығын (оларға 150-ден кем емес оқушысы бар, оқытуды бір деңгейде 

бере алатын, ұзартылған күн тобы және дамыту шараларын жүзеге асыратын ірі 

мектептер орталығын құруды) қарап көру еді;  

онда  ата-аналарды  мектеп  алыс  болсада,  осы  шараладың  барлығы 



олардың өздері және балалары үшін, мектеп үшін де жақсы жағдай екендігіне 

сендіру қажет және тегін транспорттың берілуі оларды ынталандырады;  

жаңа объектілерді инвестициялау үшін муниципалиттерді ынталандыру;  



өткен уақытта мектептерді жабу шешімі сәтсіздікке ұшырағанын ескеріп, 

шешімдерді қабылдау мен ақыл кеңес беруде өте мұқият болу қажет;  

мектепті жақсарту тиімділігі, мұғалімдердің оқшаулануының төмендеуі, 



жайсыз  немесе  бөлектенген  оқушыларды  әлеуметтендіру  қайта  кұру 

процессінде жаңашылдықтың пайда болуы, Білім министрлігінің (орталық және 

аймақтық),  муниципалиттің,  мектептермен  және  де  басқа  мүдделі  жақтармен 

бірлесіп қызмет ету мүмкіндігіне жағдай жасайды.  

Шағын  жинақты  мектептер  үшін  алыстағы  ауыл  балаларын  дайындауда 

оқу орталықтарын құру идеясын көптеген дамыған елдер қабылдамағанын баса 

айту керек.  

Тәжірибеде көрсеткендей, егер оқу орталығы балалардың тұратын жерінен 

алыстату болса, бұл келешекте оларға жағымсыз әсер етеді: олар кейін ауылға 

қайта  оралғанда,  оларды  жаңа  элита  сияқты  ұнатпайды  қарайды.  Қорыта 

айтқанда,  ондай  адамдар  өзінің  туған  ауылын  тастап  қалаға  кетеді,  солай 

жұмыссыздық армиясын толықтырады.  

Қорытындылай келе, халықтың тығыздығының аз болуы мектептерді жабу 

және  мектептерді  біріктіру  стратегиялық  зардаптың  бірі  болып 

табылады[4].Мектептерді  біріктіру  аясында  бір  немесе  бірнеше  мектептерді 

жабылады,  ал  оқушылар  бір  ұйымнан  екінші  ұйымға  ауыстырылып,  сол 

ұйымның  оқушыларының  жалпы  саны  артады.  Елдермен,  аймақтар  және 

муниципалитеттер мектептерді біріктіруде әр түрлі ынталандыруды, қарсылық 

және  саясаттың  тура  араласуын  да  пайдаланады.  Алайда,  мектептерді  жабу 

және  біріктіру  тиімділігі  мектептер  мен  аймақтардың  өлшеміне 

байланысты болады.  

Кейбір  осындай  жағдайларды  ЭЫДҰ  –  елдерінің  мектептер  арасында 

бірлесіп шешу мысалдары төменде берілген [11].  

12 


Бельгияда. 

Мектептер 

ынтымақтастығын 

қолдауда 

мектеп 

қауымдастықтары  еркін  серіктестер  түрінде  құрылған.  Олардың  мақсаты 



бірлесіп кадрларды, АКТ және басқада ресурстарды басқару болып табылады.  

Данияда.  Білім  берудің  міндетті  емес  сатысында  әкімшілік  топ  арқылы 

дамытылады, ол жергілікті немесе өңірлік деңгейде жұмыс жасайды, ол өз-өзін 

басқаратын  және  ресурстарды  бірлесіп  тиімді  бағытта  қолданатын 

ұйымдардан тұрады.  



Англия  (Бірлескен  Королдық).  Мектеп  федерациясы,  ұлттық  білім  беру 

көшбасшылары, 

мектеп 

жақсарту 



серіктестері 

– 

мемлекеттік 



ынтымақтастықтың түрлі тәсілдерінің дамуына ықпал етеді және т.б.  

Финляндияда.  2003  жылы  заңнамалық  реформа  оқушылардың  оқу 

жолдарын  біртұтас  қамтамасыз  ету  мақсатында  мектептер  арасындағы 

ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған болатын.  

Франция.  Мектептер  арасындағы  серітестіктерді  қамтамасз  ету  үшін 

«мектептер бассейндері» құрылған болатын, онда мектептер оқушылаға бағдар 

беру  мәселелерін  бірлесіп  шешуді,  әр  түрлі  мектептердің  өзара  білім  беруде 

сабақтастығын,  материалдық  және  адами  ресурстарды  бірлесіп  басқаруды 

жүзеге асырады.  

Венгрия.  2004  жылы,  микро  -  аймақтық  әріптестік  экономикалық  және 

кәсіби  рационалдық  негізінде  құрылған.  Венгрияның  барлық  дерлік  шағын 

өңірлерінде  мектептердің  мазмұнын  бірлесіп  ұстау  қарастырылған.  Мұндай 

бірлесу  желісі  кәсіптік  және  ұйымдастырушылық  оқытуды,  білім  беруді 

басқарудың  жаңа  түрі  және  инновацияның  тиімді  негізі  болуына 

мүмкіндік жасайды.  



Кореяда.  Шағын  мектептер  проблемаларды  жеңу  үшін  өзара  қызмет 

істейді,  мектептің  сыйымдылығына,  мұғалімдермен  алмасу  аясында,  оқу 

бағдарламаларын  ұйымдастыруда,  бірлескен  дамыту  шараларында  және 

объектіні бірлесіп қолдануда.  



Нидерландыда.  Бастауыш  білім  беруде  «жоғары  басшылық»  бірнеше 

мектептерді  өз  міндетіне  алады.  Бастауыш  мектеп  кеңесінің  80%  -ы  орталық 

басқарманың  стратегиялық  және  көмекші  қызметкерлерінен  тұратын  жоғары 

басшылық бюросы болып табылады.  



Жаңа Зеландияда. Географиялық жағдайға және қызығушылықтары ортақ 

негізінде біріктірілген мектептер кластеры дамиды.  



Солтүстік  Ирландияда.  (Біріккен  Королдық).  Орта  мектептер  оқытуды 

басқа  мектептер  мен  қосымша  білім  беретін  колледждермен  бірлесіп  жүзеге 

асырады.  

Жергілікті деңгейдегі оқу жоспарымен мектептерді қамтуды арттыру үшін 

мектептердің 

ынтымақтастық 

бағдарламасы 

жинақталып 

жасалған. 

«Мамандандарылған мектептер» моделі орта мамандандырылған мектептердің 

бастауыш  мектептермен,  немесе  бір  орта  мектеппен  серіктестігін  алдын  ала 

қарастырады.  



Норвегияда. Мектеп директоры басқаратын әкімшілік бөлімше білім беру 

үшін бірнеше мектептерді біріктіру тенденциясы сақталған. Практикада мектеп 

директорларының  муниципалитеттермен  өзара  байланысы  бір  шама  жақсы 

13 


таралған.  

Португалияда. Жалпы мектептерді басқару моделі, ұжымдық басқарудың 

құрылымы  аясында  мектептерді  топтастыру  болып  табылады.  Орындаушы, 

педагогикалық  және  әкімшілік  кеңестері  мектеп  кластерлері  бойынша  өз 

бағытындағы мектеп топтарына жауап береді.  



Шотландияда.  (Бірлескен  Королдық).  Саясаттың  негізгі  бағдары  бірлесіп 

жұмыс  істеуді  ынталандару.  «HeadsTogether»  -  басқару  тәжірибесімен 

алмасудың ұлттық масштабтағы онлайн қауымдастығы болып табылады.  

Швецияда.  Мектеп  директорларын  білім  беру  жөніндегі  муниципальдық 

директорлар  басқарады.  Бұлардың  көбі  білім  беру  жөніндегі  директорлардың 

тобын  басқарушы  мүшелері  болып  табылады,  осының  аясында  стратегиялар, 

даму  және  нәтижелер  мәселелері  талқыланады.  ЭЫДҰ  –  елдері  мен 

Қазақстанның  білім  беру  ұйымдарының  салыстырмалық  талдауы,  еліміздің 

ШЖМ-нің білім саласындағы проблемаларын анықтады:  

1.  Білім  беруге  бөлінген  мемлекеттің  жалпы  ресурстықтарының  деңгейі 

ЭЫДҰ – елдерімен салыстырғанда орташа көрсеткіштен төмен.  

2. Барлық мемлекеттік мектептер санының жартысын ШЖМ-тер құрайды, 

сондықтан білім беру қызметін көрсетуде экономикалық үнемді бола алмайды, 

ол  мектеп  ғимараттарының  көбеюіне  әкеп  соғады,  оны  ұстау  өте  шығынды 

болып табылады.  

3. 

ЭЫДҰ  –  елдерімен  Қазақстан  мектептерін  салыстырғанда,  оларда 



автономия  деңгейі  бір  шама  төмен:  бөлінетін  қаражат  өте  аз,  мектептің 

дамуына  инвестиция  құю  немесе  тиімді  ресурстарды  басқаруда 

директорлардың мүмкіндіктері шектеулі. Қала мектептерінің қаражатының 79% 

-

ы, ал ауыл мектептерінің қаражатының 93%-ы еңбек ақы шығынын құрайды. 



Бұл  проблема  ауылдың  ШЖМ-тері  мен  бастауыш  мектептерінің  ерекше 

маңызды  мәселесі  болып  тұр.  Олардың  қаражат  шығынының  99,6%-ы  еңбек 

ақы төлеуге кетеді.  

4. ШЖМ-ді ресурстық орталықтарды көбейту арқылы қолдау қажет: елдің 

барлық  ШЖМ-ңн  қамту  үшін  жаңа  РО-ды  қаржыландыру,  ШЖМ  үшін  бұл 

орталықтарды қолдауды ұлғайту. Бұл мектептердің желісін тиімді біріктіру, қай 

жерде  ШЖМ  –ді  сақтап  қалу  үшін  жергілікті  жердің  картасына  талдау 

жасалмаған.  Мұндай  жұмыс  кадрларды  және  қаражат  қорларын,  РО  –тар 

желісін  жоспарлағанда  қажет.  Сондай-ақ  ШЖМ-ді  қолдауға  қажетті  кеңестер 

жүргізілмеген.  Маңызды  оқыту  кезеңдері  алынған,  РО  –тар  тек  8-ші,9-шы 

сынып  оқушыларын  ғана  қамтыған.  ШЖМ-тер  мен  РО-дың  мұғалімдері  және 

басшылары арасындағы өзара бірлестікті кеңейтуге де болатын еді.  

5.  Білікті  мамандардың  жетіспеушілік  проблемасы.  Ауылда  орналасқан 

мектептерге  арнайы  пәндер  бойынша  мұғалімдердің  жетіспеушілігі  жиі 

кездеседі.  Мұғалімдерді дайындау  бағдарламалары  ШЖМ жағдайында жұмыс 

істейтін мұғалімдер дайындамайды.  

6.  Мұғалімдер  мен  мектеп  басшылары  үшін:  қажетті  білім  беру  үшін 

қандай білім, дағдылар мен құндылықтар қажеттілігі және мектепті басқаруда 

тиімділікті керек ететін стандарттар жоқ.  

7. 


ЭЫДҰ  –  елдеріндегі  оқу  сағатының  ресми  орташа  көрсеткіштеріне 

14 


сәйкестендіру үшін, Қазақстан оқу сағатының шамасын реттеу қажет, әсіресе 1-

4 сыныптар үшін.  

8.  ШЖМ-дің  жартысына  дейіні  (44%)  міндетті  оқыту  бойынша  барлық 

кезеңдерін оқытады, ол көбінесе бастауыштың (1-4 сыныптары) немесе негізгі 

орта білім беру (5-9 сыныптары) оқытуды білдіреді. 2013-2014 оқу жылдарында 

біріктірілген  сыныптарда  оқитын  оқушылардың  саны  әр  түрлі,  ол  ШЖМ 

оқушыларының аз бөлігін (22%)-ын және сыныптардың (27%)-ын құрайды, ал 

республика бойынша сыныптар -6%, оқушылар 2% -ды ғана құрайды [12].  

Қорытындылай  келе,  елді  мекендерің  тығыздығы  төмендігінің  салдарына 

небір стратегиялық мектептерді жауып және біріктірулер болады [4]. Мектепті 

біріктіру  шарасында  бір  немесе  бірнеше  мектепті  жабу,  ал  бұл  ұйымның 

оқушылары  басқа  білім  ұйымына  ауыстырылады,  онда  ол  мектептегі  барлық 

оқушылар  саны  көбейеді.  Кейбір  елдерде,  өңірлер  мен  муниципалитеттер 

мектептерді  біріктіруге  әр  түрлі  ынталандыру  көмегімен  үйлестіреді.  Алайда 

мектепті жабу және қосу өңір мектептерінің көлеміне байланысты.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

15 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал