Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа! Әйел – үйдің ажары



жүктеу 0.49 Mb.

бет1/5
Дата07.03.2017
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4   5

8-НАУРЫЗ 

ХАЛЫЌАРАЛЫЌ ƏЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН!



Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!

Әйел – үйдің ажары,

Бала – үйдің базары.

Жақсы  әйел  теңі  жоқ  жолдас,  түбі 

жоқ сырлас.

Әйел күліп тұрса, әлем күліп тұрады.

ДАНАЛЫЌ СҐЗДЕН ДƏН ІЗДЕ

АРДАЌТЫ АНАЛАР, АСЫЛ АРУЛАР!

Елбасы – Ұлт көшбасшысы     Н.Ә.Назарбаевтың 

әр  жылғы  Жолдауынан  жұртшылық  жаңалық 

күтетіні  анық.  Өйткені  жарқын  болашағына 

үміт  артады.  Президенттің  халыққа  биылғы 

Жолдауы  “Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту 

–  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты”  деп  ата-

лады.  Атынан да белгілі болып тұрғандай, онда 

әлеуметтік-экономикалық  бағытқа  басымдық 

берілген.  Қазақстандықтардың  жұмысқа  тарты-

луы,  қолжетімді  баспана  мәселесін  қолға  алу, 

өңірлерді  дамыту,  тұрғындарға  мемлекеттік 

қызмет  көрсетудің  сапасын  арттыру,  жаңа  та-

лап  бойынша  мемлекеттік  басқару  тәсілдерін 

жетілдіру,  сот  және  құқық  қорғау  жүйелерін 

жаңғырту,  индустриялық-инновациялық  жоба-

лар,  ауылшаруашылығын  дамыту,  Қазақстанда 

адами  капиталдың  сапалы  өсуіне  орай  салалық 

бағыттарда  бірқатар  келелі  міндеттерді  шешу 

алға  қойылып  отыр.  Міне,  осы  негізгі  он 

бағыт  бойынша  атқаратын  істерін  талқылаған, 

Жолдауға қолдау көрсетілген жиындардың жер-

жерде өтіп жатқаны белгілі.

Жолдаудың  жетінші  тарауындағы  еліміздегі 

адами капиталдың өсуі дегеніміз, бұл, ең  алды-

мен, білім беру мен денсаулық сақтау мәселесін 

дұрыс  жолға  қою  деген  сөз.  Біріншіден,  оқыту 

үдерісіне  озық  әдістемелер  мен  технологиялар-

ды енгізу қажет.

Жетінші ақпан күні университеттің кезектен 

тыс кеңейтілген Ғылыми кеңес мәжілісі болып, 

онда  Жолдауды  насихаттау  және  оны  жүзеге 

асыру барысындағы міндеттер талқыланды. Бұл 

жөнінде  баяндама  жасаған  университет  ректо-

ры,  ҚР  ҰҒА-ның  құрметті  академигі  Ж.Әділов 

Жолдаудың  ерекшелігіне,  маңызы  мен  мәніне 

тоқталды.  Аталмыш  жиынға  Қазақстан  Ре-

спубликасы  Парламенті  Мәжілісінің  депу-

таттары  Г.А.Баймаханова  мен  Ю.Е.Тимошен-

ко  қатысып,  Жолдауға  қатысты  өз  ойларын 

ортаға  салды.  Сөзінің  соңында  кезінде  Қазақ 

Ұлттық  техникалық  университетінде  доцент 

болып  қызмет  істеген  Галина  Александровна 

“депутаттық  қабылдаудың  бір  орны  осында  – 

ҚазҰТУ-да деп есептеңіздер” деп көпшілікті бір 

желпіндіріп тастады.

Бағыты айқын, бағдары бар елдің болашағы 

зор. Жолдауға байланысты шығып сөйлегендердің 

сөзі  осыған  саяды.  Ә.Бүркітбаев  атындағы 

Өнеркәсіптік  инженерия  институтының  сту-

денті  Ж.Жалғабаева,  экономика  және  бизнес 

институтының  директоры  С.Әбдіғапарова, 

болашағынан  мол  үміт  күттірген  маман 

Р.Сыдықов  және  басқалар  Жолдауда  айтылған 

асқаралы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін 

ҚазҰТУ-да барлық мүмкіндіктің бар екенін, тек 

жұмыла еңбек ету керектігін тілге тиек етті.

Кафедра  меңгерушісі,  ғылым  докторы, 

тәжірибесі  мол  ұстаз  Алексей  Филиппович 

Цеховойдың    сөзі    де    көпшілікке  ой  салды, 

көкейден  шықты.  Ол      өзі  басқарып  отырған 

кафедра  жұмысын  Жолдаудағы  міндеттер-

мен  тығыз  байланыстыра  отырып,  бес  ба-

сым  бағытты  қысқаша  талдады.  Ол  басқару 

тәсілдерін  жетілдіру  жолдарын,  білімдегі, 

ғылымдағы  педагог  кадрлардың  біліктілігін 

арттыратын  интеграцияланған  орталық  туралы, 

инфрақұрылымды  дамыту,  басшылардың  ре-

зервін даярлау сияқты  кафедра меңгерушісінің 

де  орнына  лайықты  кадрларды  алдын  ала 

әзірлеу  секілді  орамды  ойларын  ортаға  са-

лып,  оны  ректордың  жасаған  баяндамасымен 

қабыстырды.

Ректор баяндамасын слайд арқылы өрнектеп, 

ҚазҰТУ-дың  қол  жеткен  табыстарын  және 

міндеттерін  саралады.  Дамудың  ғылыми  ба-

сым  бағыттары  ескеріле  отырып,  университет 

құрылымдары қайта құрылды. Бүгіндері ҚазҰТУ 

құрамында – 7 институт. Бакалавриат мамандығы 

бойынша 46, магистратура мамандығы бойынша 

да 46 және PhD докторантура  мамандығы бойын-

ша  22,  барлығы  114  лицензия  бар.  Салыстырып 

қарасақ,  былтыр  бұл  кезеңде  университетте  106 

лицензия болған екен. Тәрбие жұмысын жандан-

дыру мәселесі де баяндамада тыс қалған жоқ.

Иә,  атқарар  жұмыс  ауқымды,    бағытымыз 

айқын. Іске, сәт!   

 

                



  

 М. ӘБДІХАЛЫҚ,

журналист 

БАЄЫТЫ АЙЌЫН ЕЛДІЅ 

БОЛАШАЄЫ ЗОР

  Жолдауға – қолдау!

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ГАЗЕТІ

ГАЗЕТА  КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ТЕХНИЧЕСКОГО  УНИВЕРСИТЕТА имени К. И. САТПАЕВА

2000  жылдың 

қазан айынан шығады

№2 (116)


ақпан

2012 жыл


РУХАНИЯТ. АДАМГЕРШІЛІК. САМҒАУ.        РЕАЛЬНОСТЬ. АНАЛИЗ. СТРАТЕГИЯ.

(«Президент және халық»,  10 ақпан, 2012 жыл.

Жолдау  туралы  топтама  материалдарды 

газеттің 2-3 беттерінен оқи аласыздар)

Баршаңызды  келе  жатқан  үлкен  мереке, 

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамы-

мен  шын  жүректен құттықтаймын! 

Бүгінде    әйел  азаматшалардың  қо-

ғамдағы  рөлі  ерекше.  Әйел  ана  атанып, 

бір  қолымен      бесік  тербетсе,  екінші  ер 

азаматтың  жары,  тірегі,  сүйеніші.  Әйел 

–  еңбеккер,  әйел  –  қайраткер.  Әйел  –  Ана. 

Сәби  сүйгізіп,  адамзат  баласының  өсіп, 

өркендеуіне,  дамуына,  ошағында  отының 

өшпеуіне дәнекер – бәріміз  құрмет  тұтатын, 

ардақтайтын қымбатты ханымдар, асыл аналарымыз бен арулар еке-

нін  жақсы  түсінеміз. Түйіндеп  айтсақ,  тіршіліктің  тірегі – Ана.

Тәуелсіз   Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық,  сонымен    қа-

тар,    рухани,   мәдени дамуына  әйел азаматшалар зерделі еңбектері-

мен зор үлес қосуда. Соның жарқын бір көрінісін  университетіміздің 

ішкі  өмірінен    де  байқауға  болады.  Студент  жастарға  білім,  тәлімді 

тәрбие беруде жемісті еңбек етуде. ҚР Президентінің  Жолдауларын-

да  айтылған  міндеттерді  жүзеге  асыруда  алдыңғы  шептен  табылуда. 

Олардың  ерен  еңбегін  біз  шын  бағалаймыз.

Мерекелеріңізге  тағы  да  құтты  болсын  айтамыз!  Отбасында  ба-

қыт пен қуанышқа кенеліңіздер! Ер азаматтың тірегі, сүйікті  жары, 

жүрегін  жаулаған  арман-тілегі,  ардақтысы  болыңыздар!

        Ізгі тілекпен,

        ректор                                            Жексенбек  ӘДІЛОВ

Президент  Жолдауын 

халық   қолдауда. 

2-3 беттер

Бойы 18 метр алып адам.  12-бет

Встреча с консулами...

4-стр

Кәсіби шет тілін үйретудің 

тәсілі.  5-бет

Отанды сүйетін патриот 

болуымыз қажет. 6-бет

«Әулие Валентин» күні қандай 

мереке?  7-бет

В Институте промышленной 

инженерии имени А.Буркитбаева.

8-9 - стр 

Қазанға ет өзі түспейді...  11-бет

    Бїгінгі нґмірде:              Сегодня в номере:



ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ПРЕЗИДЕНТІ – ҰЛТ 

КӨШБАСШЫСЫ 

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ 

ҚАЗАҚСТАН 

ХАЛҚЫНА 

ЖОЛДАУЫ


ПОСЛАНИЕ 

ПРЕЗИДЕНТА – 

РУКОВОДСТВО 

К ДЕЙСТВИЮ

Десять путей к 

процветанию 

Коллажды жасаған Д.Сәрсенбеков 


  ХАЛЫЌ ЌОЛДАЄАН КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУ

2

Мен Президент Н.Ә. Назарбаевтың 



бұған  дейінгі  Қазақстан  халқына 

Жолдауларын  тыңдап,  оқып,  лек-

цияларымда  қолданып  келген  бола-

тынмын.  Жолдаулардың  бұрынғы 

кеңес  жылдарындағы  қабылданатын 

бесжылдық  жоспарлардан  айыр-

машылығын  талдап  айтатын  едім. 

Бұрынғы  Кеңес  дәуіріндегі  жоспар-

лар біріншіден, өте үлкен мемлекетке 

сай  қабылданғандықтан,  оның  әрбір 

жеке адамға тиімділігі байқалмайтын. 

Сондықтан, әр адам  тек өзіне міндет-

телген  жұмысты  ғана  білетін.  Екін-

шіден,  ол  жоспар  қабылданғаннан 

кейін заңға айналып, қатаң әрі қасаң 

болып,  оған  творчестволық  өзгеріс 

жасауға  ешкімнің  еркі  болмай-

тын.  Жеке  адамға  нақты  тиімділігі 

де  көрінбейтін.  Ал,  егемендігіміз-

ді  алғалы  бергі  қабылданып  келе 

жатқан  Жолдаулар  –  ол  халықпен 

тікелей  әңгімелесуге,  оған  бағыт-

бағдар жасауға, оның творчестволық 

мүмкіндігін  ашуға  бағытталған. 

Айтылған  мәселелерді  ілгері  да-

мытуда  әркім  ерікті,  оның  үстіне 

бұл  жолдаулар  әр  адамның  өміріне, 

тұрмысына  тікелей  байланысты  жа-

салатын  болған.  Соның  нәтижесінде 

еліміз  бұрынғы  Ресей  орталығына 

бағындырылған  қатаң  тәртіптен 

құтылып, тез дамудың «Қазақстандық 

жолына»  түсті,  өтпелі  дәуірдің 

қиындықтарын  саналы  оймен  жеңу 

арқылы тез дами бастады. Қазақстан 

әлемдік аренада тек өз орнын тауып 

қана қойған жоқ, ірі дамыған 50 елдің 

қатарына  жетуді  алдына  мақсат  етіп 

қоя  білді.  Ол  мүмкіндікті  орындауға 

ішкі  потенциалымыздың  бар  еке-

нін  байқадық,  соның  көзін  аштық. 

Бізді  әлем  таныды,  бізбен  есептесе-

тін  болды.  Қарым-қатынас  жасауға 

ынталылығын көрсетуде. Осылардың 

кілті  –  Президент    басшылығына 

халқымыздың  зор  сенімі,  тұтас  бір-

лігі.  Сондықтан  Жолдауды  дамудың 

жаңа белесі деп түсінеді, қуанышпен 

қабылдайды.  Өйткені,  біз  тәртіпке 

үйренген елміз. 

«Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту – Қазақстан дамуының бас-

ты   бағыты» деп   аталатын   Жолдаудың 

басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  ол 

әрбір  адамның  тұрмыс  жағдайына, 

өмір 


тіршілігіне 

арналғандығы. 

Елбасының өзі айтқанындай, Жолда-

уда  сайлаушылар  тілектерін,  «Жаңа 

өзен»  сабағын  ескергені  байқалады. 

Онда он басым мәселе, атап айтқанда, 

адамдарға жұмыс орнын көбейту, не-

сиеге  баспана  ұсыну,  елдің  қуатын 

арттыру,  халықтың  денсаулығын 

нығайту,  сақтау,  адам  капиталының 

сапасын  арттыру,  ғылым,  білім 

дәрежесін  көтеру,  судьялардың  сот 

төрелігін  жүргізгенде  заңмен  ар-ож-

данды  басшылыққа  алуы,  сот  үкімін 

қайта қарауды азайту, жергілікті өзін-

өзі  басқаруды  дамыту  проблемасы, 

денсаулық әркімнің жеке басына ғана 

емес, сондай-ақ қоғамға, мемлекетке 

қажет екендігі, зейнетақы мәселелері, 

кадрларды  сапалы  дәрежеде  сарап-

тау,  спорт  кешендерін  көпшіліктің 

тиімді пайдалануы және т.б. көптеген 

мәселелер қамтылған. Жалпы алғанда 

сол  10  басым  мәселенің  8-і  адам 

өміріне, тұрмыс жағдайын жақсартуға 

арналғанын көреміз. Сонымен қатар, 

Жолдауда Астана, Алматы, Шымкент, 

Ақтау сияқты ірі және орта, кішігірім 

қалалар  проблемасы,  олардың  эко-

номикасы  мен  мәдениетін  ойласты-

ру  баса  айтылды.  Енді  «Богатырь», 

«Қарашығанақ»,  «Қашаған»  кен 

орындары  мен  ENRC,  «Қазақмыс» 

компанияларының  басым  активтері 

мемлекет иелігінде болатынын естіп, 

біліп отырмыз. Бұл, әрине, қуанатын 

жағдай,  егемендігімізді  күшейтетін 

іс-әрекет. 

Ауылшаруашылығы, 

әсіресе, отгон назарда болды. Мұның 

бәрі  әлі  де  5-6  жылға  созылатын 

дағдарыс  «алмағайып  заманда»  жа-

салып  отырған  үлкен,  батыл,  біздің 

қолымыздан келетін, шамамыз жете-

тін бастама болып табылады. 

Көтерілген  мәселе  сан-салалы. 

Олардың бәрі зерттеледі, іске асыры-

лады. Бұл әлемдік дағдарысқа қарсы 

тосқауыл  ғана  емес,  оларды  басып 

өтіп,  алға  озатын  бағдарлама  дер 

едік. 

Ал  енді  мен  Президентіміз 



Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

жоғары интеллектілігі туралы айтсам, 

артық  болмас  деймін.  Елбасымыз 

ерекше  оратор, шешен сөйлейтіндігі 

белгілі.  Әл-Фараби  айтқандай,  бұл 

басшы  адамға  керек  қасиеттердің 

бірі. Ол кісі екі тілде де бірдей шешен 

сөйледі. Мемлекетіміздің сан-салалы 

бір жылдық, одан да ілгері атқаратын 

жұмысын  бір  баяндамаға  сыйғызуы, 

ресми сөзді қайталамай, жаңылыспай, 

қағазға  қарамай  айтып  беруі  – 

Елбасының зеректігін, Қазақстанның 

ішкі  және  сыртқы  жағдайын  бес 

саусағындай  егжейі-тегжейлі  жақсы 

білетіндігін  тағы  дәлелдеді.  Әлемде 

талай  басшылар  болған.  Олардың 

бәрінде  мұндай  қабілет  болды  ма, 

жоқ  па,  айта  алмаймын.  Мәселен, 

В.И.Лениннің  «Что  такое  советская 

власть?»  деген  тақырыпта  радио-

дан  сөйлеуі  керек  болған.  Сонда  7-8 

минутқа  созылған  бұл  сөзді  В.И.Ле-

нин  алдымен  қағазға  жазып,  ал 

сөйлегенде  жатқа  айтқан  көрінеді. 

Сондай-ақ, 1941 жылы үшінші шілде-

де бүкіл елге арнап И.Сталин радио-

дан Ұлы Отан соғысы жайында 15-20 

минуттай  сөйлегенде,  кино,  радио 

операторлары  жазып  алуға  үлгере 

алмай  қалып,  кейін  ол  сөзді  әлгілер 

жанын орамалға түйіп, тарихқа керек 

деп, Сталинді әрең дегенде көндіріп, 

өзін  қайта  сөйлетіп,  сөзін  жазып 

алған  көрінеді.  Біздің  бүгіндері  кей-

де  көріп  қалатынымыз  сол  жазып 

алынған  материал  екен.  Әлгі    жыл-

дарда  идеология  жұмысын  қолына 

алып,  оны    жүргізген  А.А.  Жданов: 

«Еркін  сөз  сөйлегенде,  салынған  із-

ден  шығып  кетпес  үшін  әлсін-әлсін 

қағазға қараймын» деген екен. Бірақ, 

мұның бәрі еркін сөйлеудің өте қиын 

және  жауапты  екенін  байқатады. 

Қандай  басшы  болмасын  ол  сөзін 

ұдайы  болмаса  да  қағазға  қарап 

айтқан. Кезінде Л.И.Брежнев те еркін 

сөйлегенде  блокнотына  анда-санда 

болса да қарап айтатын. Бұл тұрғыда 

Н.Ә.Назарбаевтың  интеллекті  басқа, 

ерекше жоғары екенін біз тағы да осы 

жолдау кезінде байқадық. Бұл әсірелеу 

емес, таза шындық. Жолдауға байла-

нысты осыны да айтқан жөн дегім ке-

леді.  Уақытында  айтылмаған  сөздің 

құны  да  болмайды.  «Жақсының 

жақсылығын  айт,  нұры  тассын»  де-

мей ме дана халқымыз. 



Досмұхамед КІШІБЕКОВ, 

ҚР ҰҒА академигі.         

ДАМУДЫЅ ЖАЅА БЕЛЕСІ

В  конце  января  текущего  года  Прези-

дент  Н.А.Назарбаев  обратился  с  очеред-

ным  Посланием  к  народу  Казахстана.  С 

первых строк  до последней буквы Посла-

ние  дает  мощный  энергетический  посыл 

народу, в котором четко сформулированы 

не просто задачи, а конкретная Программа 

развития всех отраслей промышленности, 

образования, сельского хозяйства, медици-

ны, культуры. Это – стратегический доку-

мент, учитывающий и раскрывающий все 

реалии сложной, стремительно меняющей-

ся современности.

В  Послании  по  пунктам  выявлены  со-

стояние и перспективы развития Казахста-

на: во-первых – это ускорение экономиче-

ской  модернизации,  которое  немыслимо 

без  модернизации  промышленности,  раз-

работки и внедрения новых высоких техно-

логий с ориентацией на запросы рыночной  

экономики,  во-вторых  –  это  социальная 

модернизация,  т.е.  повышение  качества 

жизни людей.  

В своем новом Послании Президент по-

ставил  перед  народом  Казахстана    десять 

направлений.  Седьмым  направлением  гла-

ва  государства  назвал  качественный  рост 

человеческого капитала. Это прежде всего 

образование и здравоохранение. В области 

образования  необходимо  ориентироваться 

на  новую  инновационную  модель    ВУЗа 

- «Назарбаев  Университет», готовить спе-

циалистов с ориентацией на запросы рын-

ка.  Казахский  национальный  технический 

университет  имени  К.И.Сатпаева  готовит 

инженерные кадры почти во всех областях 

промышленности, начиная с геологической 

разведки месторождений полезных ископае-

мых и кончая производством чистых метал-

лов в металлургии, т.е. специалистов в об-

ласти геологии, горного дела, обогащения, 

цветной  металлургии,  нефтегазового  дела,  

машиностроения,  полиграфии,  робототех-

ники,  автоматических  систем  регулирова-

ния,  информационных  систем,  экологии,  

инженерной  защиты  окружающей  среды, 

биотехнологии,  химической  технологии, 

полиграфии, строительства,  архитектуры и 

дизайна и др.  

Послание  Н.А.Назарбаева  насыщено 

новыми  идеями  в  области  образования,  и 

это  обязывает  КазНТУ  быть  достойным 

флагманом  технического  образования  в 

Республике Казахстан.

Резюмируя,  можно  сказать,  что  реше-

ние  специфических  проблем  исследова-

тельского университета – это  инвестиции 

в глобальное развитие нашей страны. 



Раиса КАЗОВА,

доктор химических наук,

академик КАПЭ,

 профессор кафедры

 «Прикладная экология» 

ÑÒÐÀÒÅÃÈ×ÅÑÊÈÉ ÊÎÌÏÀÑ ÐÀÇÂÈÒÈß

Дәстүрге  айналған  Елбасының  жыл 

сайынғы  халыққа  Жолдауы  биыл  да  өз 

жалғасын  тапты. Ел болашағы жастардың 

қолында  екендігін  Елбасымыз  әр  сөзінде 

айтып  жүр.  Жолдауда  нақты  он  бағыт 

алға  қойылды.  Соның  ішінде  жастарды 

жұмыспен  қамту,  жаңа  мамандықтарға 

оқыту,  жас  отбасыларды  тұрғын  үймен 

қамтамасыз  ету,  мемлекеттік  тілді  дамы-

ту  мәселелеріне  қатысты  айтқан  Елба-

сы  сөздері  көпшіліктің  көңілінен  шықты 

деп  ойлаймын.  Өткен  жылы  «Қазақстан 

Республикасындағы  мемлекеттік  жастар 

саясаты    туралы»  Заңға  өзгертулер  мен 

толықтырулар  енгізілді.  Соның  жалғасы 

ретінде  осы  Жолдауда  жастарды,  оның 

ішінде отбасылы жастар мен кәсіпкерлерді 

қолдау  мәселесі  күн  тәртібіне  қойылып 

отыр.  


Жолдауда  білім  берудің  замана-

уи  әдістемелері  мен  технологияларын 

ұдайы  енгізіп  отыру  аталған  саланы 

жаңғыртудағы  басты  міндеттердің  бірі 

ретінде  алға  қойылды.  Жастардың  еңбек 

ете  жүріп,  қалаған  мамандығын  игеру-

ге  мүмкіндік  алуын  жаһандық  дағдарыс 

жағдайында  жасалған  зор  қамқорлықтың 

белгісі деп білеміз.

Қазақта «Білекті – бірді, білімді – мыңды 

жығады»  деген  сөз  бар.  Сол  айтпақшы, 

жастарға  ең  алдымен,  сапалы  білім  керек. 

«Қазақстанның  болашағы  –  жастардың 

қолында»,  –  деп  Елбасы  бекер  айтпайды. 

Елбасымыз  тек  бұл  Жолдауында  емес,  әр 

сөзінде  жастар  саясаты  мәселесіне  ерекше 

көңіл бөліп, жастарға сенім артып отырады. 

Жолдауда  оқыту  үдерісінің  тәрбиелік 

мәнін  күшейту  қажеттігі  де  айтылған. 

Осыған байланысты біздің университеттің 

алдына да жаңа міндеттер қойылмақ. Оны 

жүзеге  асыру  үшін  университет  ұжымы 

жұмыла еңбек етеді деп ойлаймын. 

 

Өрден БАЙМОЛЛА,



Жастар жөніндегі 

комитетінің төрағасы

ЖАЛЄАСЫН ТАПЌАН ЖАЌСЫЛЫЌ



 

Ж О Л Д А У Д А Є Ы   1 0   Б А Є Ы Т   Б О Й Ы Н Ш А   О Ѕ Д Ы   Ґ З Г Е Р І С Т Е Р   Б О Л А Д Ы 3

Ақпараттық  технологиялар  және 

телекомуникациялар 

институтының   

ұжымы ҚР Президентінің халыққа Жол-

дауын  ден қоя тыңдап, талқылады. 

Институт 

директоры, 

профес-


сор  Бахытжан  Ахметов  жиналы-

сты  ашқан  сөзінде  Президент  Жол-

дауы  Қазақстанның  экономикасын 

нығайтудың  және    халықтың  әл-

ауқатын  көтерудің  кепілі  екенін  атап 

өтті. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында 

алда  атқарылар  міндеттерді  он  бағыт 

бойынша нақты белгілегені мәлім.

Жолдауда көрсетілген 10 бағыт бой-

ынша  айтылатын  негізгі  мәселелердің 

бірі  –  Қазақстандағы  адам  капита-

лына  баса  мән  берілуі  еді.  Бұл  өз  ке-

зегінде  білім  беру  мен  денсаулық 

сақтау  саласымен    тығыз  байланысты. 

Бұл  бағыт  бойынша  институт  про-

фессоры,  Ақпараттық  технологиялар 

кафедрасының  меңгерушісі  Дулат 

Шоқаев сөз алып, өз пікірін білдірді. Ол 

оқыту үдерісіне қазіргі ақпараттық тех-

нологиялар  мен  телекоммуникациялық 

құралдарды 

енгізуді 

толығымен 

құптайтындығын  атап  өтті.  Әсіресе, 

оқытушылар  құрамының  сапасын 

көтеру, базалық техникалық білім беру 

стандарттарын  жетілдіру,  жоғары  оқу 

орындары  оқытушыларының  біліктілі-

гін көтеру маңызды мәселе. «Елбасының 

білім беру сапасын көтеруде білім сала-

сы қызметкерлерінің кәсіби шеберлікте-

ріне зор мән беру керектігін құптаймын. 

Бұл  өте  өзекті  мәселе.  Бүгінгі  таңда 

біліктілігі  төмен  оқытушылардың  да 

бар  екені  жасырын  емес»,-  деді  ол  өз 

сөзінде. 

  Институт  директорының  орын-

басары,  доцент  Гүлназ  Набиева  өз 

сөзінде  Президенттің  оқыту  үдерісінің 

тәрбиелік жағын күшейту мәселесімен 

толық келісетіндігін атап көрсетті. Па-

триотизм, мораль нормалары, адамгер-

шілік, ұлтаралық келісім, дене тәрбиесі 

мен рухани тәрбие, заңға бағыну, жаңа 

қоғам  адамына  қажет  қасиеттерді 

жастардың бойында қалыптастыру үшін 

білім берумен қатар, тәрбие жұмысына 

да көп көңіл бөлу қажет болып отыр.   

Желілер 

мен 


жүйелерді 

бағдарламалық қамту кафедрасының до-

центі Фарида Абдолдина Президенттің 

қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде 

дамыту  бағытын  қолдайтындығына 

ырзалығын білдірді.

Институт директоры оқытушы-про-

фессорлар  құрамы  мен  студенттерді 

Елбасының сындарлы саясатын қолдап

Жолдауда 

айтылған 

міндеттерді 

жүзеге асыру үшін жұмыла еңбек етуге 

шақырды.    

                             Нұрлан ОМБАЕВ,



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал