«Ана тілі құламайтын бәйтерек» атты қазақ тілі және әдебиеті пәндер бірлестігі апталығының талдауы



жүктеу 55.68 Kb.

Дата24.04.2017
өлшемі55.68 Kb.

Рудный қаласы әкімдігінің «№19  орта мектебі»  КММ 

 

 



 

 

 



 

 

 «Ана тілі -  құламайтын бәйтерек» атты 



қазақ тілі және әдебиеті пәндер бірлестігі  

апталығының талдауы  

2015-2016 оқу жылы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рудный 2015-2016 

Қазақ тілі және әдебиеті  бірлестігі апталығына  талдау. 

21-26.09.2015 жылдың  мектеп жоспарына сай Тілдер мерекесіне байланысты «Ана 

тілі құламайтын  бәйтерек»атты қазақ тілі және әдебиеті бірлестігінің  апталығы болып 

ӛтті. 


        Апталықты ӛткізудегі мақсат оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті  пәндеріне деген 

қызығушылығын,құштарлығын арттыру және танымдық қабілеттерін дамыту. 

     Мектеп  ішінде  директордың  бұйрығымен  жоспар    жасалып    іс-  шаралар 

ұйымдастырылды.  Құрылған  жоспар  бойынша  барлық  сыныптар  қамтылды.Апталық 

салтанатты  жиынмен  басталды.Салтанатты  сап  түзеу  мемлекеттік  әнұраннан  

басталып,жоғарғы  сынып  оқушылары  және    қазақ  тілі  және  әдебиеті  мұғалімдерінің 

жасаған сценарий  бойынша жүргізілді. 

Қазақ  тілі  және  әдебиеті  бірлестігінің  құрылған  жоспары  бойынша    апталықтың  

салтанатты ашылуы,ашық сабақтар,сыныптан тыс іс шаралар,коучинг ӛткізілді. 

 

     



      

 

        



 

21.09.2015  жылы  «

Ана  тілі-  құламайтын  бәйтерек»

  атты  тақырыпта  апталықтың  ашылуы 

салтанатты түрде ӛтті. Апталықтың ашылуына әдәстемелік бірлестік жетекшісі және бірлестік мүшелері 

жауапты болды. Апталықтың ашылуына барлық сыныптар,сынып жетекшілері қатысты. 

Салтанатты  жиын  қазақ  тілі  және  әдебиеті  мұғалімдерінің  дайындаған  сценарий  бойынша 

жүргізілді.Ашылу    салтанатын    жүргізген  қазақ  тілі  және  әдебиеті  пәні  мұғалімі  Аханова  Мадина 

Махмудқызы және 9 «А»сынып оқушысы Толсинов Жасұлан.Апталықтың ашылу салтанатына орай сӛз 

кезегін  мектеп  директоры  Серік  Қайырханұлы  алды.8  «Б»сыныбы  оқушысы    Қаламбекова  Айнұрдың   

орындауында  «Туған  тілім»  ӛлеңі    мәнерлеп  оқылды.  «Туған  тілді  аялайық»  атты  кӛрініс  қойылды. 

Аталған кӛріністің мақсаты:Ана сүтімен бойымызға тараған ана тілін құрметтеу,бағалау, тіл тазалығын 

сақтау,тілді шұбарламай сӛйлеу.Кӛрініс   музыкамен    жақсы әрленген,слайдтар тақырыпқа сай шебер 


құрылған. 7 «б»сынып   оқушылары  орындауында «Жаса,қазақ тілі»  әні  орындалды. Қазақ тілі және 

әдебиеті  мұғалімдері  апталықтың  ашылу  салтанаты      бойынша  алға  қойған  мақсаттарын    толығымен 

орындап  шықты.Оқушыларға  арнап  сӛзжұмбақтар,  ребустар,  аннаграммалар  жасалды.  Жауабы  бір 

жетінің  кӛлемінде    қазақ  тілі  және  әдебиеті  мұғалімдеріне  тапсырылды,оқушылар        алғыс  хаттармен 

марапатталды. Атап айтсақ, 8 «в»сынып оқушысы Онтекова Жансая, 6 «Б»сынып оқушысы Джузбаева 

Гульфия  ,7 «Б»  оқушысы  Кучерова Малика белсенді қатысты. Ӛкінішке орай,оқушылардың  аталған 

сайысқа қатысу  белсенділігі тӛмен болды. 

     


      

 

   



   

 

Қыркүйектің  22  –де  ӛткен 



«  Сӛйлемнің  құрамы»

  атты  ашық  сабаққа  талдау.  Ашық  сабақ    8  «в» 

сыныбында  ӛтті.  Сабақтың  мақсаты  оқушыларға  сӛйлемнің  құрамына  не  жататынына  түсінік 

беру,сӛйлем  мүшелері  болудың  шарттарын  ұғу,тұрлаулы,тұрлаусыз  мүшелер  терминіне  түсінік 

беру.Еліміздің атақты тұлғаларын таныта  отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Сынып тӛрт 

топқа  бӛлінді.Үй  тапсырмасы  «Сӛйлемнің  түрлері»  жайында  топтарға  тапсырмалар  берілу  арқылы 

анықталды.Жаңа  сабақ  Сӛйлемнің  құрамы  бӛлімін  «Мағынаны  тану»  атты  кезеңінен 

басталды.Оқушыларға  сұрақтар  қою  арқылы  сӛйлемнің  құрамына  нелер  енетіні    анықталды.  «Ойлан, 

талқыла»  бӛлімінде  әр  топқа  сӛйлемдердің  ішінен  оқшау  сӛздерді,тұрлаулы  мүшелерді,тұрлаусыз 

мүшелерді  анықтау  қажет  болды.  34-жаттығуға  байланысты  Балуан  Шолақтың  кім  екенін 

таныту,шығармашылығымен  таныстыра  отырып  тапсырма  орындалды.  Сабақ  барысында  Абайдың 

қарасӛздерін    тыңдата  отырып,терме  диктант  жұмысы  жүргізілді.Карточкалармен  жұмыс 

жүргізілді.Сабақты  қорыту  бӛлімінде  Семантикалық  картамен  жұмыс  жоспарланды.  Бағалау 

кӛрсеткіштері  берілді,тапсырмалардың  кілті  дайындалды.  Бірақ  соңғы  қорыту

 

бӛліміне  уақыт  жетпей 



қалды,ӛз ойым жоспарланған тапсырмалардың кӛп болуы,оқушылардың баяу қимылдауы. Сабақ ӛздік 

бағалау  тәсілі  арқылы  жүргізілді.Сабақтың  кезеңдері  мұғалімнің  сӛзімен  қорытындыланбай  қалып 

жатты,оған себеп уақытты дұрыс жоспарламау. 

Ұсыныс:Сабақтарда 

уақытты 

кезеңдерге 

қарай 

дұрыс 


бӛлу.Сабақта 

оқушыларды 

кӛп 

сӛйлетіп,оқушыларға жаңа сабақты ашқызып үйрету,оқушылардың білім мен білігін дамыту     



 

Қыркүйектің 23 күні 

«Дарынды және талантты балаларды анықтау»

атты тақырыпта коучинг ӛтті. 

Ӛткізген мұғалім Бегайдарова Шынар Даниярқызы. 

  

   


 

     


    

 

     



 

Коучингке    қатысқан  мұғалімдер  ұжымы.  Коучинг  сессияны  бастамас  бұрын  қатысушы  мұғалімдерді 

«Филология», « Жаратылыстану», «Ӛнер» топтары болып  бӛлді. Коучигтің тақырыбы мен мақсатымен 

таныстырды.  Сабақта  А-4  парақтары,  стикер,  интерактивті  тақта,  флипчарт,  маркер  қолданылды. 

Ұжымда жағымды хал ахуал тудыру мақсатында бос ыдысты толтыру  тренингін  ӛткізді. Мұғалімдерге 

сұрақтар  қойылды,  пікір  алысты.  Дарынды  балалар  Жамбыл  Дүйсенов,  Жансая  Абдумалик  жайында 

қысқаша бейнежазбалар кӛрсетті.Мұғалімдер кӛрсетілген бейнежазбалар бойынша ӛз ойларын  айтты. 

Топтастыру  кезеңінде  қатысушылар  топпен  жұмыс  істеді.  Берілген  сұрақтарға  кластер  жасап,ӛз 

ойларын топ алдында қорғады.Келесі кезеңде үш топқа берілген тапсырмаларды орындап,жауаптарын 

тексерді.  Педагогикалық  жағдаяттарды  қарастыра  отырып,одан  шығу  жолдарын  қарастырды.Кері 

байланыс  кезеңінде  Эдвард  де  Бононың  «  Ойлаудың  алты  қалпағы»  әдісін  қолданды.Қатысушы 

мұғалімдер  ӛткен  коучинг  сессияның    қорытындысын  жасай  отырып,ӛз  пікірлерін  айтты.    Жалпы 

коучинг  барысында  топтастыру,СТО  стратегиясы,ақпараттық  коммуникативтік    технологияларын  

қолданды.  Коучинг  ӛте  тиімді  ӛтті,  ұстаздар  Шынар  Даниярқызына  жылы  лебіздерін  білдірді.Ұстаз 

алдына қойған мақсатына жетті. 

 Қыркүйек  айының  23  жұлдызында  қазақ  тілі  және  әдебиеті  пәні  мұғалімі  Усенбаева  Майра 

Абдикадирқызы  5 «В»сыныбында 

« Ертегілер  туралы түсінік»

  тақырыбына  ашық сабақ ӛткізді 


    

    


 

      


      

 

Сабақ  барысы    «Кӛбейту  кестесі»,  «Миға  шабуыл»,  «Семантикалық  карта»,  «Эссе», 



«Шығармашылық  жұмыс»    атты  әдіс-  тәсілдерден  тұрды.Сабақта    математика,тіл,тарих  пәндерімен 

байланыс  болды.Сабақты  ұйымдастыру  кезеңі  сәтті  ӛтті.  «Бұғылардың  кездесуі»  сыныпта 

ынтымақтастық  хал-  ахуалды  тудыру  мақсатында  ұйымдастырылды.Мұғалім  сабаққа  ӛте  жақсы 

дайындықпен  келген,оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  кӛрнекі  құралдар  кӛп 

қолданылды.Үй  тапсырмасы  мақал-  мәтелдерді  жатқа  айту,тӛрт  минут  уақыт  берілді.  Сыныпты 

геометриялық  пішіндер  әдісімен    бес  топқа    бӛлді.  «Миға  шабуыл»  әдісі    барысында  мұғалім 

оқушылардан  ауыз  әдебиеті  туралы  және  оның  түрлері    жӛнінде  сұрақтар  қоя  отырып,алдарына 

үлестірмелі  қағазда  кӛбейту кестесін  таратты,соны орындау  арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын 

ӛздері  анықтау  керек    болатын.  Сабақтың  тақырыбын  анықтауда    уақыт  кӛп  кетті  де,  соңғы 

тапсырмаларға  уақыт  жетпей  қалды.  «Ертегілер  еліне  саяхат»  атты  эссе  жазылды,оқушылар  ӛз 

ойларын,қиялын жұмыс барысында жақсы жеткізді. Топпен жұмыстар мына тақырыпта жүргізілді:І топ 

Ертегінің кез келген түріне шағын кӛрініс ойластыру 



ІІтоп    Адасқан сӛзді тап. Алдын ала оқушылардың алдына сӛздердің қиындысы берілд

і. 


ІІІ топ Қазіргі заманға сай ертегі ойлап табу. 

ІV топ Ертегінің үш түрін түсіндіру постер. 

V  топ      Ертегінің  жалғасын  табу.  Берілген  тапсырмалар  бойынша  оқушылар    ӛздік  бағалау  түрін 

жүргізді.Ӛкінішке орай, Фонетикалық талдау жұмысы,Семантикалық жұмыс түрлерін жүргізуге уақыт 

жетпеді.  Оған  себеп  мұғалімнің    сабақ  кезеңдерінің  біріне  кӛп  тоқталып,кӛп  уақыт  бӛлуі,ол  кӛбіне 

сабақтың  тақырыбын  анықтауда  байқалды.Мұғалім  қазіргі  үлгідегі  жаңаша  әдіс-  тәсілдерді  сабақта 

тиімді қолданды.Оқушылардың сабаққа қызығушылын арттыра білді. 

Ұсыныс:Уақытты тиімді пайдалана алу,тәжірибелі ұстаздардың сабағына жиі қатысып,іс- тәжірибемен 

алмасу. 

Қыркүйектің    25  күні  10  «А»  сыныбында 

«Махамбет  Ӛтемісұлы  ӛмірі  мен  шығармашылығы»

  атты 


ашық сабақ ӛтті. Сабақты ӛткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бегайдарова Шынар Данирқызы. 

     

    


 

    


   

 

Сабақ сыныпта жағымды ахуал тудыру мақсатында сергіуі сәтінен «Сәлем- сӛздің атасы» атты тренинг 



түрінен  басталды. Сабақта  интерактивті тақта, түсті қағаз,постер,маркерлер,компьютер пайдаланылды. 

Сабақ барысы Блум таксономиясы бойынша жүргізілді. Үй тапсырмасы Дулат Бабатайұлы тақырыбы 

бойынша алған білімдерін «Ыстық орындық» әдісі бойынша тексерілді.Жаңа сабақ тақырыбы 

оқушылардың ӛздігінен білім алу әдісі арқылы іске асырылды. 

І топ « Мұғалімдер» Махамбет Ӛтемісұлының ӛмірі шығармашылығы жӛнінде компьютерде 

таныстырды. 

ІІтоп. «Ғалымдар» кітапханадан,интернет желісінен тың материал жинап  таныстырды. 

ІІІтоп. «Ақындар» «Менің атым Махамбет» ӛлеңін жатқа айтып,тақырыбы мен идеясын ашты. 

ІVтоп «Тілшілір»Махамбет жӛнінде сұхбат интерактивті тақтадан кӛрсетілді. 

Vтоп «Жазушылар» Махамбет тақырыбына эссе жазды.Сабақ барысында оқушылар жаңа сабақты 

ӛздері ашып,ӛздері меңгерді. Оқушылардың тіл байлығы жақсы,сыныпта осындай тәсілмен сабақ 

жүргізілетіндігі оқушылардың белсенділігінен байқалып тұрды.Сабақ барысының жоспарлануы сәтті 

ӛтуі мұғалімнің ӛз ісінің шебері екендігін айқындады.Ұлытау тобының орындауындағы « Жұмыр 

қылыш» күйіне сергіту сәтін тиімді ӛткізді.  Топпен жұмыс түрлеріне «Атадан туған аруақты ер» 

ӛлеңімен жұмыс жасауға берілді.Бес топқа әр түрлі тапсырмалар беріле отырып,оқушылар аталған ӛлең 

бойынша біліктілік дағдыларын дамытты.Оқушылар « Раунд Робин» әдісі арқылы  сабақ барысында 

алған мәліметтерді бірін- бірі қайталамай бір сӛйлеммен жеткізді.Сабақ соңында Рефлексия «Тілек 

ағашы» арқылы сабақ барысын бағалады.Мұғалім инновациялық жаңаша әдіс- тәсілдерді сабағында 

шебер қолдана білді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғары. 

Ұсыныс:Мұғалімнің сабағына тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандар  қатысып отырса,тәжірибе алмасу 

жұмыстары жүргізілсе. 


25 қыркүйекте 5 сыныптар арасында 

«Білгірлер сайысы»

 тақырыбы бойынша интеллектуалдық ойын 

ӛткізілді. Жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аханова Мадина Махмудқызы 

  

  

  



 

  

  



 

Сайыстың мақсаты:оқушының  білімі мен біліктілігі арқылы ой ӛрісін дамыту,ұшқырлық,ойлау 

қабілетін шыңдау,шапшандық пен нақтылыққа бейімдеу.Әдісі:сайыс сабақ.Интерактивті 

тақта,слайд,қима қағаздар қолданылды.Алдын ала тағайындалған топтар шақырылып 

таныстырылды.Әділқазылар алқасын сайлады,сайыстың мақсатымен таныстырды,топтардың 

ұраны,таңбасымен,атымен таныстырылды. Сайыс жеті турдан тұрды.  

«Бәйге» атты турда оқушылар сұрақтарға бір минутта жауап беру керек болды,әділқазылар алқасы 

бағалап отырды. «Полиглот» кезеңінде мақал- мәтелдерде айтылмаған сӛздерді тауып,сӛзді үш тілде 

айту.Келесі «Кӛрерменнен кӛрімдік» бӛлімінде топ ойыншылары қима қағаздағы сӛздерді алып 

қимылмен немесе жуық сӛздермен түсіндірді.Келесі турда топ оқушылары ойларынан ӛтірік ӛлеңдер 

шығаруы тиіс болды. 

«Жеті қазына» бӛлімінде берілген тапсырмаға эссе,ӛлең жазып айтты.Келесі турда топ жетекшісі 

қалаған әрпін таңдап алу арқылы мақал- мәтелдер айтты.Дайындыққа бір минут уақыт берілді. «Жекпе 

жек» бӛлімінде әр топтың жетекшілері шығып берілген  «Қазақстандықтар» сӛзіне бірнеше сӛздер 

құрады.Сайыс соңында әділқазылар алқасы барлық турдың қорытындысын  шығарды. 

Жалпы сайыс жақсы ӛтті.Мұғалім оқушыларды сайысқа қызықтыра білді.Әйтсе де сайыстың 

тапсырмаларын  қызықты ойластыру керек еді.  

Қыркүйектің 26 жұлдызында 9 сыныптардың қатысуымен Абайдың  170 жылдығына арналған  

Абай- дана, Абай- дара қазақта!

 тақырыбы бойынша іс шара ӛтті.Ӛткізген мұғалім Сергазина Дина 

Ғазизқызы. Сахна тақырып бойынша безендірілген,презентация,Абай әні, «Бала Абай» кӛрінісіне 

лайықталып безендірілген сахна. Әдісі: сценарий бойынша ӛткізу. Іс шараны жүргізушілер 9 «а»сынып 

оқушылары Толсинов Жасұлан және Абдибекова Мӛлдір.Абайдың дүниеге келуі жӛнінде презентация 

жүргізілді. 

Бала Абай атты кӛрініс қойылды,Абайдың « Ғылым таппай мақтанба», «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», 

«Әсемпаз болма әрнеге», «Ӛлсем орным қара жер сыз болмай ма?» «Сенбе жұртқа тұрса да қанша 

мақтап», «Жапырағы қураған ескі үмітпен», «Ішім ӛлген,сыртым сау», «Қалың елім қазағым» ӛлеңдері 

мәнерлеп жатқа оқылды. Ӛкінішке орай,дайындықта жақсы оқыған оқушылар кӛп алдында сӛздерін 

ұмытып қалып жатты.Абайдың он жетінші қарасӛзіне кӛрініс қойылды,9 «б»сынып оқушысы 


Нұрдуллаева Малика Абайдың екінші қарасӛзін нақышына келтіріп оқыды. Мектептің жас ақын 

қыздары 9 «а» сынып оқушысы Абдибекова Мӛлдір, 9 «Б» сынып оқушысы Нұрдуллаева Малика  Абай 

рухына арнап ӛздері  жазған ӛлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жалпы іс- шараның ӛтілуін қанағаттанарлық 

деп бағалаймын. 

    

   


  

        


 

                         



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал