Ана сүтімен емізу



жүктеу 14.19 Kb.

Дата06.05.2017
өлшемі14.19 Kb.

Ана

 сүтімен емізу 

Емшектегі  балалар  үшін,  әсіресе  алғашқы  айларда,  ана  сүтінен  артық 

ештеңе жоқ. Ол барлық қажетті қоректік заттар, ферменттер, гормондар мен 

қорғаныш  факторларын  қамтып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  бала 

асқазанында  тез  қорытылып,  сәбидің  ағзасында  тез  тартылады.  Сондықтан 

баланы мүмкіндігінше ұзағыақ емізу  өте маңызды. 

Ана  сүтінің  бірегей  химиялық  құрамы  бала  жасушаларымен  туыстық 

қатынаста болады. 

Лактация  кезінде  емшек  сүт  құрамы  сәбидің  ас  қорыту  органдарының 

дамуына  байланысты  синзронды  түрде  бірнеше  рет  өзгереде.  Босанғаннан 

кейінгі  алғашқы  2-3  күнде  қою  сарғыш  түстес  уыз  бөлінеді.  Ол  ақуыз  бен 

минералды  заттарға  бай  болғанмен,  майлар  мен  көмірсулар  уызда  азырақ. 

Уыз  құрамындағы  ақуыз  бала  қанының  құрамындағы  іркітпен  өте  жақын 

болғандықтан,  бала  ағзасында  оңай  қорытылып,  толығымен  сіңеді.  Баланың 

алғашқы  күндері  емген  уыздің  аз  ғана  мөлшерінің  өзі  оны  керек  заттардың 

барлығымен қамтамасыз ете отырып, диатезбен ауруына кдергі болады.  

Лактацияның үшінші күнінен бастап «Өтпелі сүт» бөлінеді. Бұл сүттің 

құрамында  ақуыз  азайып,  майлар  мен  көмірсулардың  үлесі  артады.  Осыдан 

бастап  бұрынғы  ананың  тамақтану  сапасына  байланысты.  Ана  сүтінің 

ақуызы  тез  қорытылатын  альбумин  мен  глобулин  деген  іркіт  ақуыздардан 

тұрады. Одан кейін казеин деп аталатын ақуыз 4-5 күндері пайда болады.  

Ана  сүтінің  құрамындағы  майлардың 90-95  %  -ы қорытылады.  Липаза 

деген  майды  ыдырататын  арнайы  фермент  те  ана  сүтінің  компоненті  болып 

табылады.  Майлар  бала  ағзасының  дұрыс  өсуі  мен  дамуына  ықпал  ететін  А 

және Е дәрумендеріне өте бай. Майдың мөлшері күні бойы өзгеріп отырады, 

кешке қарай көбейеді.  

Ана  сүтінің  көмірсулары,  негізінен  сүтті  қант  лактозасынан  тұрады. 

Лактозаның 

бифидогенді 

құрамы 


бала 

ішектерінің 

пайдалы 

микрофлорасынынң  өсуіне  ықпал  етеді.лактозаның  көп  бөлігі  аш  ішекте 

қорытылады, дегенмен аз бөлігі тоқ ішектен өтеді. 

Ана сүтінің құрамындағы минералды заттар баланың өсуі мен дамуына 

оңтайлы  болып  табылады.  Кальций  мен  фосфор  тез  қорытылатын  формада 

және  мінсіз  қатынаста  (2:1)  болып  келеді.  Ондай  балаларға  мешел  ауруы 

қорқынышты  емес.  Ана  сүтіндегі  барлық  минералды  заттар  өте  жақсы 

қорытылады.  Қорғаныс  факторлары  да  (арнайы  иммунологиялық  белсенді 

заттар мен жасушалық элементтер) ана сүтінің бірегей ерекше құрамы болып 

табылады. 



Оның  құрамында  баланың  ауыз  қуысы  мен  ішектеріндегі  зиянды 

бактерияларды  жоятын  лизоцим  деп  аталатын  зат  бар.  Сонымен  қатар  ана 

сүтіндегі лизоцим сиыр сүтіндегіге қарағанда 100 есе белсендірек. 

Ана  сүтіндегі  дәрумендер  бала  ағзасының  талаптарын  толығымен 

қанағаттандырады.  Есіңізде  болсын,  олардың  құрамыы  едәуір  дәрежеде 

ананың тамақтануына байланысты. 

Тағы  да  бір  ана  сүтінің  жасанды  қоспалардан  алмастыра  алмайтын 

қасиеті – баланың өсуі мен дамуын реттейтін гормондар кешені. 

Тұрақты  психика,  жақсы  қарым-қатынас,  ізгі  ниеттілік,  жақындарына 

аяулы сезім – ана сүтін емген адамдарға тән қасиеттер. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал