Аманкелді аманкелді



жүктеу 0.52 Mb.

бет1/4
Дата24.01.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4

АМАНКЕЛДІ

АМАНКЕЛДІ

    

    

              

              

арайы

арайы

1935 жылғы 15 маусымнан бастап шығады

А у д а н д ы қ   а п т а л ы қ   г а з е т

e-mail: amangeldy-arai@mail.ru ■ http://baq.kz/kk/regional_media/media/224



№ 47 (7637)  

28  ҚАРАША  

2014  ЖЫЛ  

ЖҰМА

1 ЖЕЛТОҚСАН - ТҰҢҒЫШ ПРЕ ЗИДЕНТ КҮНІ

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

        Құрметті аудан тұрғындары! 

      Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Прези-

дент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

       2012 жылы Парламент Сенатының жалпы 

отырысында 1 желтоқсанды – Қазақстанның 

Тұңғыш  Президенті  күні  деп  атау  жөнінде 

шешім  қабылдады.  Бұл  шешім  «Қазақстан 

Республикасындағы  мерекелер  туралы» 

Заңына  толықтырулар  түрінде  рəсімделді. 

Егеменді  еліміздің  айтулы  мерекесін  атап 

өту Тəуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, 

шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар 

берген Ұлт Көшбасшысына деген зор құрмет 

деп білемін. 

      Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбіш-

ұлы  Назарбаевтың  халық  жəне  мемлекет 

алдындағы  еңбегі  орасан  зор.  Елбасының 

көрегендік  саясатының  арқасында  Тəуелсіз 

Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі алдыңғы 

орынға  шықты.  Мемлекет  басшысының 

жүргізіп  отырған  салиқалы  ішкі  жəне 

сыртқы  саясаты  əлеуметтік-бағдарлы  эко-

номикасы бар заманауи, қарқынды дамушы 

мемлекет құруды қамтамасыз етті. 

    Елбасы əлемдегі дамыған мемлекеттердің 

бай тəжірибесін таразылай отырып, еліміздің 

жаһандық  өркениет  көшіне  қосылуының 

бірден-бір дұрыс жолын нұсқап жəне жүзеге 

асыруды  өз  жауапкершілігіне  алып,  оны 

жыл  сайынғы  халыққа  арналған  Жолдау-

М Е Р Е К Е Л І К     Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А У Л А Р

ларында  баяндап  келеді.  Елбасымыздың 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 

жаңа Жолдауында да мемлекетімізді, эконо-

микамызды  дамытудың  барлық  бағыттары 

мен даму жолдары айқын көрсетілді. Елба-

сы бұл Жолдауында тұрақтылық пен ұлттар 

арасындағы  келісімді  ел  дамуының  негізі 

ретінде  қарастырып, «Нұрлы  Жол» - біздің 

креативті  ырғақты  жастарымыздың  күш-

жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!», 

– деп жастарға үлкен сеніммен ұран таста-

ды.  


          Елбасы  Жолдауында  аталған  міндеттер 

бойынша 


аудан 

əкімдігі, 

ауданның 

өкілетті  жəне  атқарушы  органдары  ау-

дан  экономикасының    барлық  саласының  

одан  əрі  дамуын  қамтамасыз  ету  жолында 

қолда  бар  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдала-

на  отырып  жұмыс  атқаруда.  Жыл  сайын 

ауданымыздың 

əлеуметтік-экономикалық 

даму 

көрсеткіштері 



жоғарылап, 

экономикалық  өсу  үрдісі  елеулі  түрде  алға 

қадам  басып,  халықтың  əл-ауқаты  жақсара 

түсуде. 


         

        Құрметті жерлестер! 

      Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың  ел  игілігі 

жолындағы  тамаша  бастамаларын  жүзеге 

асыруға  үлесімізді  қосып,  алға  қойған 

мақсаттарға бірге қол жеткізейік!



Жансұлтан ТАУКЕНОВ,

Аманкелді ауданының əкімі

         Құрметті аудан тұрғындары!

      1 желтоқсан барлық қазақстандықтар үшін 

ерекше  мереке – Қазақстан  Республикасы 

Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. 

Бұл  мереке  жаңа  Тəуелсіз  мемлекеттің 

негізін 

қалаушы 


ретінде 

Нұрсұлтан 

Əбішұлы  Назарбаевтың  айрықша  еңбегіне 

құрмет  ретінде  белгіленді.  Нұрсұлтан    На-

зарбаев    Қазақстан  басшылығына  қиын 

кезеңде келді.

    Алайда Мемлекет басшысының кемеңгер-

лігі  мен  саяси  ерік-жігері  қиындықтарды 

жеңіп,  елімізді  экономикалық  дамытудың 

келешектегі  стратегиясын  дайындап,  қиын 

реформаларды  іске  асыра  алды.  Бүгінде 

бұл  стратегияны  бүкіл  əлем  жаңғыртудың 

қазақстандық үлгісі, дамудың қазақстандық 

жолы ретінде танып отыр.

    Президенттің  идеясы  Отанымыздың 

байлығын 

адал 

еңбегі 


мен 

еселеп 


жатқан 

металлургтерге, 

шахтерлерге, 

ауылшаруашылығы 

қызметкерлеріне, 

мұғалімдерге 

жəне 

барша 


еңбек 

адамдарының жанына жақын əрі түсінікті.

        Осы  жылдар  ішінде  Қазақстан  өзінің 

əлеуметтік-экономикалық жəне саяси даму-

ында əлемдік бағытта келе жатыр. Қоғамдық 

саяси  өмірдегі  біздің  табыстарымыз  бен 

жетістіктеріміз - мемлекетімізді  əлемдік 

қауымдастықтың  мойындауына  мүмкіндік 

туғызып, өзінің лайықты орнын алды.

    Бүгінде «Мəнгілік ел» болуға ұмтылған 

Қазақстан Елбасының басшылығымен 2030 

жылдарға  дейін  межелеген  істеріне  күні 

бұрын қол жеткізіп, енді 2050 жылда жетер 

асуларды белгілеп отыр.

        «Нұрлы  жол - болашаққа  бастар  жол» 

атты Елбасының халыққа жолдауын жүзеге 

асыруға  өз  сайлаушыларын  жұмылдыра 

отырып,  аудандық  мəслихат  депутаттары 

да  елмен  бірге  жаңа  табыстарға  жетіп,  өз 

сайлаушыларының  сенімін  ақтап,  халыққа 

адал қызмет жасай беретін болады!

     


     Қымбатты жерлестер!

    1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан 

халқы өзінің кемеңгерлік таңдауын жасады, 

уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетті. 

Бүгінде 

біздер 


Нұрсұлтан 

Əбішұлы 


Назарбаевтың 

тікелей 


басшылығымен 

Қазақстан 

экономикалық 

гүлденген, 

демократиялық  жəне  əлеуметтік  мемлекет 

болып қалыптасты деп толық сеніммен айта 

аламыз.

        Сіздерді  Тұңғыш    Президент    күні 



мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Біздің  ортақ  Отанымыз – Қазақстан  Ре-

спубликасы  жасасын!  Еліміздің  Тұңғыш 

Президенті - Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан 

Əбішұлы Назарбаев жасасын!

Əділ САМАТОВ,

Аманкелді аудандық мəслихатының хатшысы


2

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 47  (7637)

28 қараша 2014 жыл

            Президент  күні – 

жалпыхалықтық  мереке.  Бұл 

күні  біз  өзімізден  кейінгі 

жастарға 

Елбасымыздың 

Тəуелсіздіктің 23 жылында 

жасаған  еңбегін  ерекшелеп  ай-

тамыз.  Əрине,  оның  өмірбаяны 

жөнінде де əңгімелеп отырамыз 

ғой. Дегенмен, Тəуелсіздігімізді 

баянды 


ету 

жолындағы 

еңбегі  ересен  емес  пе?!  Егер 

Назарбаевтың  орнында  басқа 

біреу  болса,  біздің  тағдырымыз 

қалай  болар  еді?  Тағдыр  біздің 

таланымызға Назарбаевтай алу-

ан қырлы, ақылды да парасатты 

Президентті тарту етті. 

 

 



Біздер, 

көпті 


көрген 

аналар 


еліміздің 

жəне 


Елбасымыздың  тілегін  тілеп 

отырамыз. 

Еліміздің 

өсіп-


өркендегенін көріп бір қуансақ, 

Елбасымыздың  елін  жақсы 

басқарып,  ілгері  мемлекеттер 

қатарына қосып келе жатқанына 

жəне  бір  қуанамыз.  Күнделікті 

газет-журналдардан,  теледидар 

хабарларынан  ол  кісінің  жасап 

жатқан  жұмыстарынан  хабар-

дар  болып  отырамыз.  Жақында 

жарияланған  «НҰРЛЫ  ЖОЛ – 

БОЛАШАҚҚА  БАСТАР  ЖОЛ» 

атты Жолдауын оқып, бір жасап 

қалдық. Бір жасап қалуымыздың 

себебі - көптеген  іргелі  мем-

лекеттер  дағдарыс  дауылы-

нан  үрпейісіп  жатқанда,  біздің 

Қазақстанымыз 

өркендеудің 

жаңа жолдарын белгіледі. Қанша 

ма  миллиардтаған  қаржылар  ел 

игілігіне жұмыс істегелі отыр?! 

Соларды  оқып,  біле  отырып, 

көңілің 

көтеріледі. 

Еліңнің 

еңсесі биіктігіне мерейің өседі. 

 

Бір 


кезде 

Елбасы-


мыз 

Қазақстанның 

түрлі 

байлықтарынан 



түсетін 

қаржыны  Ұлттық  қорға  жинау 

жөнінде  ұсыныс  айтқан  бола-

тын.  Кейбіреулер  «Бұл  дұрыс 

емес,  түскен  қаржыны  халыққа 

бөліп  беру  керек»  дегенді 

АНАЛАР АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ

Бижамал БЕКТЕПБЕРГЕНОВА,

тыл жəне еңбек ардагері, 110 жастағы қарт ана

айтқан  еді.  Сонда  Елбасымыз 

«Бұл  қаржыны  Ұлттық  Қорда 

жинақтап  қояйық.  Егер  ел  ба-

сына  түрлі  қиындықтар  түсетін 

болса,  сол  кезде  халықтың 

игілігіне  жаратамыз»  деген  бо-

латын.  Міне,  оның  осы  сөзінің 

ақиқатқа айналғанына да куə бо-

лып отырмыз. Түрлі дағдарыстар 

кезінде  еліміз  Ұлттық  Қордағы 

қаржы  арқылы  қиындықтан 

шығып,  даму  жолына  түсті. 

Қарап  отырсақ,  Қазақстанның 

қай  дағдарыс  кезінде  болмасын 

берекесі  қашқан  жоқ.  Қайта 

қай салада болмасын қарыштап 

дамыды.  Алуан  құрылыстар 

салынып,  заводтар  ашылды. 

Халықтың  тұрмысы  жақсарды. 

Халыққа 

деген 


қамқорлық 

арта  түсті.  Аллаға  мың  шүкір 

дейік,  Елбасымыздың  еңбегінің 

жемісін көп ұлтты халқы молы-

нан көріп отыр. 

 

Осындай 



кемеңгер 

Президентімізді 

қалай 

дəріптесек  те  артық  емес. 



Оның  үстіне  ол  Тұңғыш  Пре-

зидент  деген  атақтың  иесі! 

Сол  құрметті  атақты  абырой-

мен  алып  келе  жатыр.  Ақыл-

ойының, 

білім-тəжірибесінің 

молдығына  қайран  қаласың! 

Үнемі  жұмыс  үстінде  жүреді. 

Елінің қамын ойлап, тыным тап-

пайды. Жаңалыққа жаны құмар. 

Елімізді 

ОБСЕ 


саммитінің 

өтуі,  енді  міне  «ЭКСПО-2017» 

көрмесіне  əзірліктің  басталуы - 

біздің осы сөзіміздің дəлелі деп 

білемін. 

   Мен, ауданымыз бойынша ең 

ұзақ жасап отырған кісімін. Қазір 

жасым 110-ға  қарап  тұр.  Осы 

ғұмырымның  ішінде  бейнетті 

де,  зейнетті  де  көп  көрдім.  Ең 

үлкен  қуанышым – еліміздің 

Тəуелсіздігін көріп қана қоймай, 

соның  жемісін  жеп,  қызығын 

қызықтауым 

болып 

отыр. 


Мен  өз  басым  Президентіміз 

Нұрсұлтан 

Əбішұлы 

Назарбаевтың істеп келе жатқан 

істеріне  дəн  ризамын.  Мен 

1928  жылғы  үлкен  тəркілеуді, 

1932  жылғы  аштықты, 1937-

38  жылдардағы  қуғын-сүргінді 

өз  көзіммен  көрдім.  Онда  жас 

кезім,  еш  нəрсенің  парқына 

терең барған жоқпыз. Үкіметтің 

ұранына  ілестік.  Ұлтымыздың 

мақтанышы  болған  жандарды 

«халық  жауы»  дегенге  сендік. 

Сенбесек те сендірді. Ол кездегі 

біздің  көрген  күнімізді  адам 

баласының  басына  бермесін. 

Киер 


киімге, 

ішер 


асқа 

жарымадық.  Дамылсыз  жұмыс 

істедік.  Колхозды  алға  басты-

ру  үшін  уақытпен  санаспай 

еңбек еттік. Ол кезде қазіргідей 

жағдай  жоқ.  Мен  сол  кездегі 

жандардың  еңбектеріне  қайран 

қаламын.  Олардың  бəрін  Еңбек 

Ері деуге болады. 

       Нұрсұлтан Əбішұлы біз секіл-

ді  қарапайым  жандардың  бала-

сы  екен.  Оның  да  əке-шешесі 

біз  сияқты  белшешпей  еңбек 

еткен.  Балаларының  тұңғышы 

Нұрсұлтан  сол  қиындықтардың 

бəрін 


көзімен 

көрген. 


Сондықтан  да,  ол  қарапайым 

адамдардың  тыныс-тіршілігін 

жақсы  біледі.  Оларға  жаны 

ашиды.  Адамдарға  əрқашан 

көмектесуді  өзіне  мұрат  санай-

ды.  Мен  мұны  Елбасымыздың 

сөзінен де, ісінен де таныдым.

          Аллатағала Президентіміз 

– 

Ұлт 


Көшбасшысы 

Н.Ə.Назарбаевқа зор денсаулық, 

бақытты  да  ұзақ  ғұмыр  берсін! 

Нұрекең  елін  өзі  ойлағандай 

əлемдегі  дамыған 30 елдің 

қатарына қосу жолында жан ая-

май еңбек ете берсін! Біздер ол 

кісіге тілекшіміз. Тілегіміз – ол 

кісінің  амандығы!  Атқа  мінген 

азамат  аман  жүрсе,  халқын  тек 

қана  жақсылыққа  жеткізеді  деп 

білеміз. 



Тасты ауылдық округі.

ЕЛІН  СҮЙГЕН,  ЕЛІ  СҮЙГЕН  ЕЛБАСЫ

ПРЕЗИДЕНТ САЛДЫРҒАН ҚАЛА

        Суреттерде:  Елбасымыз - Ұлт  Көшбасшысы 



Н.Ə.Назарбаевтың  басшылығымен  өмірге  келген  Астана 

қаласындағы  сəулетті  ғимараттар.  Бұлардың  қай-қайсысы 

болмасын əлемдік өркениет пен сəулет өнерінің озық үлгілерін 

бойына  сіңіріп  отырып,  салынған  құрылыстар.  Олардың  əр 

қайсысының  өмірге  келуіне  Елбасымыздың  тікелей  қатысы 

бар.  Ол  кісі  Астанада  салынатын  əрбір  құрылыстың  жоба-

сын жіті қарап, сараптап, көркемдік тезінен өткізіп, нұсқау 

береді. Демек, Нұрсұлтан Əбішұлы Астана қаласының бас ар-

хитекторы. Астана оның төл перзенттерінің бірі іспетті.

    Бүгінгі  таңда  Тұңғыш 

Президентіміз 

Нұрсұлтан 

Əбішұлы  Назарбаевтың  тікелей 

көңіл  бөліп  араласуына  бай-

ланысты 

денсаулық 

сақтау 

мекемелерінің 



материалдық 

базасын  жəне    оның  ішінде 

кадрлардың 

білімі 


мен 

біліктілігін  көтеру  жөнінде 

көптеген іс-шаралар атқарылып 

жатыр. 


      Осы тарапта біздің аудандық 

ауруханаға  жас  маман,  яғни 

жас  дəрігерлер  келу  үстінде. 

Оларға  тиісті  бағдарлама  бой-

ынша  тұрмыстарына  керекті 

жағдайлар жасалып, баспаналар 

берілуде.  Алдағы  уақытта  да 

бізге  жас  дəрігерлер  келеді  де-

ген үмітіміз бар. Біліктілігін арт-

тыру мақсатында арнайы қалаға 

барып,  оқып  келіп  жатқан  жа-

старымыз да бар. 

  Аудандық  денсаулық  сақтау 

ұжымы  өзінің  ұйымшылды-

ғымен,  белсенділігімен    көзге 

түсіп жүрген мекемелердің бірі. 

Қазіргі  таңда  бірнеше  рефор-

малар  болып  жатыр.  Соңғы  ре-

форма - жалпы  салауатты  өмір 

сүру деген бағдарлама.  Бұл бес 

ЕЛБАСЫМЫЗҒА ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ ТІЛЕЙМІН

Бимағанбет КЕНЖЕБЕКОВ,

аудандық орталық аурухана хирургия бөлімінің меңгерушісі, 

Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дəрігері

жылдық бағдарлама. Халықтың 

денсаулық  сақтау  саласында 

атқарылып жатқан жағдайлар.

        Ал  өзім  жайлы  айта  кетсем,  

1965  жылы  Алматы  медици-

на  институтын  тəмəмдағаннан 

кейін 


жолдамамен 

осы 


Аманкелді  ауданына  қызметке 

орналастым. Сол жылдан бастап 

1968 жылға дейін бас дəрігердің 

орынбасары  болып жұмыс жа-

садым. Ал 1968 жылы аудандық 

партия 


комитетінің, 

оның 


бюросының  шешімімен  бас 

дəрігер  болып  тағайындалдым.  

1988  жылға  дейін  аудандық 

аурухана  мекемесін 20 жыл 

басқарып келдім. Бас дəрігер бо-

лып қызмет атқарып, қолымнан 

келгенше 

халыққа 


қызмет 

жасадым.  Сонымен  қатар  өз 

мамандығым 

бойынша 


от-

ашы болып үзбей қызмет жасап 

келемін.  Сол 1965 жылдан  бері 

13-14  мыңдай  операция  жа-

садым.  Алдағы  жылы  қызмет 

еткеніме 50 жыл толады.

            Сегіз  балам  бар,  сегізі  де 

жоғарғы  оқу  орнын  аяқтады. 

Қазір  кенже ұлым Нұрлыбектің 

қолында  тұрып  жатырмын.  Ол 

Б.Қолдасбаев  атындағы  орта 

мектепте тарих пəнінің мұғалімі. 

Ол  өз  ортасында  беделді. 

Кəсібінің  маманы.  Келінім,  екі 

немерем бар.  Бүгінгі таңда міне, 

көріп отырғандай  73-тен асып, 

74-ке  аяқ  бастым.  Денсаулық 

жетсе,  халыққа  қызмет  етіп, 

жастарға тəлім-тəрбие беріп, ба-

рымды саламын. 

      Біздің  алаңсыз  қызмет 

етуімізге жағдай жасап отырған 

Елбасымыз – Нұрсұлтан Назар-

баев! Сондықтан да, Елбасымыз  

аман, халқымыз тыныш болсын!


3

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 47  (7637)

28 қараша 2014 жыл

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ - ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА САМҒАУЫ

   Арғы-бергі дəуірлерге көз 

жүгіртіп,  ойланар  болсақ, 

халқымыздың 

тарихын-


да  ХХ-ХХІ  ғасырлардың 

алар  орны  ерекше.  Біздің 

ұлтымыз 

осы 


кездерде 

жүздеген  ұлы  тұлғаларды 

дүниеге  əкелді.  Солардың 

ішінде  орны  ерекше  тұлға 

–  тұңғыш  Президентіміз 

Нұрсұлтан  Əбішұлы  На-

зарбаев!  Ол  өмірге  ХХ 

ғасырдың 20-30-шы 

жылдарындағы  ойранның 

соңында жəне сұрапыл Ұлы 

Отан  соғысы  басталар  ал-

дында,  яғни  екі  жойқын 

оқиғаның ортасында өмірге 

келді. Осы жылдарда өмірге 

келген өз қатарластарындай 

халқы  бастан  кешірген 

ауыртпалықтарды  көзімен 

көрді. Жоқшылықтың дəмін 

де бір адамдай татты. Еңбек 

жолын  жоғары  оқу  орны-

нан  емес,  зауыттан  баста-

ды. Еңбек болғанда кəдімгі 

Теміртаудағы 

Қазақстан 

Магниткасында  жұмысшы 

болды.  Қазақтың  тұңғыш 

кенші  мамандарының  бірі 

атанды.  Алаулаған  жалын 

мен  аптап  оттың  ортасы-

нан 


шынығып 

шықты. 


Ол  кезде  оны  ешкім  де 

Қазақстан Президенті бола-

ды деп ойлаған жоқ. Алай-

да,  кеудесіне  кемеңгерлікті 



Хайролла БƏЙДІЛДИН,

соғыс жəне еңбек ардагері

БІЗ  ПРЕЗИДЕНТІМІЗБЕН  МАҚТАНАМЫЗ

Аллатағала 

өзі 


құйған 

ол 


Қарағанды 

жерінде 


шынығып, 

шыңдалып 

шықты.  Қатардағы  гор-

новойдан 

Елбасылық 

жолға  дейінгі  аралықты 

өзінің 

адал 


еңбегімен, 

ж а р а т ы л ы с ы н д а ғ ы 

даналығымен, 

кең 


пейілімен  жүріп  өтті.  Ең 

кереметі – Аллатағала оның 

қолына Қазақ Мемлекетінің 

тізгінін 

ұстатты. 

Сол 


тізгінді  міне, 25 жылдан 

бері  қарай  мықтап  ұстап 

келеді.  Билікке  келу  бар 

да,  оны  ұстап  тұру  бар. 

Бұрынғы  СССР,  қазіргі 

ТМД Мемлекеттері арасын-

да  тұңғыш  Президенттік 

қызметті  теңселтпей  ұстап 

келе  жатқан 2 Прези-

дент  бар  екенін  біз  жақсы 

білеміз.  Оның  бірі – біздің 

Нұрсұлтан Əбішұлы Назар-

баев  болса,  екіншісі – Ис-

лам  Əбдіғаниұлы  Кəрімов. 

Əрине, 

Өзбекстанның 



жағдайы бізге қарағанда көп 

жеңіл.  Оның  жерінің  орна-

ласуы жəне ұлтының көптігі 

игі  ықпал  етсе,  Қазақстан 

жері  үлкен  де  ашық  дəліз 

іспетті.  Солтүстікте    -  Ре-

сей,  шығыста – Қытай 

секілді 


алып 

империя-


лар  орналасқан.  Сонымен 

қоса,  Қазақстанда 100-ден 

астам  ұлт  өмір  сүруде.  Де-

генмен,  біздің  ақылына  па-

расаты  сай  Президентіміз 

Тəуелсіздіктің 23 жылында 

елін  барлық  қиындықтар 

мен 


қатерлерден 

аман 


алып 

шықты. 


Əртүрлі 

қақтығыстардың 

алдын 

алып, 


берекесіздіктерге  

жол бермеді. Бүкіл əлеммен 

байланыс  орнатты.  Қазақ 

жері  мен  Қазақ  елінің 

байлығын əлем боп игеруді 

жүзеге асырды. Жан-жақтан 

инвестиция 

құйылды. 

Нəтижесінде,  Қазақ  елі 23 

жылдың ішінде адам таны-

мастай өзгерді.   Нұрсұлтан 

Əбішұлының  бір  ерлігі 

–  Қазақ  елінің  астана-

сын  Алматыдан  Ақмолаға  

көшіруі  болды.  Бұл    жəйт 

еліміздің  дамуына  даңғыл 

жол  ашты.  Шынында  да, 

астана – Мемлекеттің орта-

сында  болуы  керек.  Алай-

да, мұны Назарбаевқа дейін 

ешбір  басшы  шеше  алған 

жоқ.  Астананың  Ақмолаға 

көшірілуі - əсіресе, 

солтүстіктегі жəне орталық 

облыстардың 

қарқынды 

дамуына  негіз  қалады.  Ал 

оның  халыққа  жақсылығы 

өте  көп  болды.  Біз  мұны 

күнделікті 

өмірімізден 

көріп  отырмыз.  Астанаға 

бару  үшін  баяғыдай 2-3 

күн  жүрмейміз.  Бүгін  кеш-

ке  поезға  отырсақ,  ертең 

тəңертең  Астанада  бола-

мыз.  Барған  шаруамыз-

ды  бітіріп,  кешке  кері 

қайтамыз.  Осының  өзінен-

ақ  көп  жақсылықты  тануға 

болады. 

      Біз,  қарт  кісілерміз. 

Соғыста елді қорғап, тыңда 

еңбек 


еттік. 

Соғыстың 

зардаптарын 

басымыз-


дан  кешірдік.  Сол  кез-

де 


халқымыз 

осындай 


Тəуелсіз  мемлекет  болады 

деп ойлаған жоқпыз. Біздің 

еліміздің  бағына  қарай 

билікке 


Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  келгені  өте 

жақсы  болды.  Ол  əлемдік 

деңгейдегі 

ысылған, 

шыңдалған 

саясаткер. 

Елінің 


есесін 

ешкімге 


жібермейді. 

Ұлтының 


мүддесін  сұңғылалықпен 

қорғай 


біледі. 

Ешбір 


Президентке 

алдырмай-

ды.  Қайта  оларды  өзінің 

ыңғайына  көндіре  біледі.   

Біз,  өз  Президентімізбен 

мақтанамыз!  Қазаққа  дəл 

қазіргідей  кезде  Назарбаев 

секілді тамаша тұлға керек. 

Ол  амандық  болса  елімізді 

биікке шығарады. Дамыған 

елдердің  қатарына  қосады. 

Біз  бұған  шүбəсіз  сенеміз! 

Өйткені  Тəуелсіздігіміздің 

өткен 23 жылында  На-

зарбаев  бізді  тарихи  зор 

жетістіктерге 

жеткізді. 

Демек,  алдағы  уақытта 

да  ол  Қазақ  елін  əлемдегі 

дамыған  өркениетті  елдің 

қатарына қосады. 

   1 желтоқсан – Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 

Президенті 

күні 

бо-


лып  мереке  ретінде  ата-

лып  өтуі  өте  орынды. 

Себебі,  əлі  есімізде, 1991 

жылдың 1 желтоқсаны 

күні Қазақстанда алғаш рет 

жалпыхалықтық Президент 

сайлауы  болып  өтті.  Сол 

сайлауда  Нұрекең  Прези-

дент  болып  сайланды.  Ол 

күн - Қазақ халқы үшін аса 

қадірлі күн! Сондықтан да, 

бұл  күннің  мереке  ретінде 

белгіленуі 

бəріміздің 

көңілімізден  шықты.  Бұл 

күні біз өз Президентімізге, 

оның  еңбегіне  лайықты 

құрмет  жасауымыз  керек. 

Істеген  істерін  айтып  оты-

руымыз керек. Егер Түркия 

республикасы 

Кемал 


Ататүрікті қалай дəріптесе, 

біз де Нұрсұлтан Назарбаев-

ты дəл солай ардақтауымыз 

керек. Ол - қазақ халқының 

бағына туған асыл Перзент 

жəне    Президент!  Оны 

Атақазақ  деп  атасақ,  артық 

болмас деп есептеймін!



Есір ауылы.

   Жақында Б.Қолдасбаев 

атындағы  орта  мектептің 

педагогикалық 

ұжымы 

Елбасымыздың  «Нұрлы 



жол – болашаққа  бастар 

жол»  атты  Жолдауын 

талқылады. 

    Мектеп  директоры 

А . К . А й т м а ғ а н б е т о в 

педагогикалық  ұжымға 

Елбасымыздың 

жаңа 


Жолдауының  мəні  мен 

маңызы  туралы  кеңінен 

əңгімелеп берді. 

    -  Бұл  Жолдау – осыған 

дейінгі 

барлық 


Жол-

даулардан 

өзгеше! 

Мұнда 


адамдарға 

қамқорлық 

ұшан-теңіз. 

Мемлекетіміздің 

өсіп-

өркендеуінің 



нақты 

көріністерін  осы  Жолда-

удан  көруге  болады.  Ре-

спублика  халқына  жаса-

лынатын  қамқорлықтар 

нақты 


көрсетілген. 

Бөлінетін  қаржылардың 

көлемі  көңілге  қуаныш 

ұялатады.  Өзге  елдер 

əлемдік дағдарыс кезінде 

не 


істерлерін 

білмей 


дағдарып 

жатқанда, 

Қазақстан  өзінің  өсіп-

өркендеуін 

одан 

əрі 


жеделдеткелі отыр. 

     Өз басым Елбасымыз-

дың  Жолдауын    үш 

қайтара  оқып  шықтым. 

Сондағы  алған  əсерім - 

еліміздің  болашақта 30 

елдің  қатарына  сөзсіз 

қосылатынына 

берік 

негіз  бар.  Қазақстан – 



үсті-үстіне  дамып  келе 

БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

Біз,  ұстаздар  қауымы  жас 

ұрпаққа білім мен тəрбиені 

егіз  қатар  беруіміз  керек. 

Бұл  екеуі  бірімен  бірі 

тығыз байланысты. Тəрбие 

бермей білім берсеңіз – ол 

зиянды. Сол сияқты тəрбие 

беріп,  білім  бермесеңіз 

де  ұрпақтың  болашағы 

бұлдыр. Сондықтан білімді 

қаншалықты  терең  бер-

сек, тəрбиені соншалықты 

ауқымды жүргізуіміз шарт. 

Бізге  мемлекетіміз  барлық 

жағдай 

жасап 


отыр. 

Сондықтан  біз  мектеп 

оқушыларына  жан-жақты 

білім  мен  тəрбие  беріп, 

Тəуелсіз  еліміздің  ертеңгі 

қайраткерлері  етуіміз  ке-

рек! – деді Абай Кəрімұлы.

    Оның  сөзін  оқу-

тəрбие 

ісінің 


орын-

басары 


Г.Медетова, 

ағылшын  тілі  мұғалімі 

А.Хамидоллақызы,  мате-

матика  пəнінің  мұғалімі 

Ж.Ермағанбетова 

ба-


стауыш  сынып  мұғалімі 

Ə.Мұхамеджанова  жəне 

басқалар 

бірауыздан 

қолдады.  Мектеп  ұжымы 

Елбасымыздың  биылғы 

Жолдауын 

жүзеге 


асыруға 

бір 


кісідей 

ж ұ м ы л ат ы н д ы қ т а р ы н 

бідірді.

Өз тілшіміз.

жатқан  ел  екенін  Жол-

дауды  оқыған  əр  адам 

түсінеді  деп  білемін.  Бұл 

–  біздің  Елбасымыздың 

көрегендігі. Жолдауды ерте 

жариялауы – өте  орынды 

болды.  Республика  халқы 

енді  сол  Жолдауды  Жаңа 

жылдан  бастап  құлшына 

жүзеге  асыратын  болады.  

Біз  де  солардың  біріміз. 

Өз  басым  мектебіміздің 

ұжымы  жас  ұрпаққа  білім 

беру 

саласындағы 



қол 

жеткен  жетістіктерін  ба-

янды  ете  отырып,  оқу-

тəрбие  жұмысын  одан  əрі 

жетілдіреді  деп  сенемін. 

Суреттерде: Б.Қолдасбаев атындағы орта мек-

тепте Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» атты Жолдауын талқылаудан 

көріністер.

      Мемлекет  Басшысы  Н.Ə.  Назарбаевтың 

2014  жылдың 11 қарашасындағы  «Нұрлы 

жол – болашаққа  бастар  жол»  атты 

Қазақстан  халқына  Жолдауы  Қазақстан 

халқы  үшін,  жалпы  Қазақстан  үшін  аса 

маңызды  бағдарламалық  құжат  болып  та-

былады.


    Жолдауда  айтылып  өткендей  «Біз 

Жалпыұлттық  идеямыз – Мəңгілік  Елді 

басты  бағдар  етіп,  тəуелсіздігіміздің  даму 

даңғылын  Нұрлы  Жолға  айналдырдық. 

Қажырлы  еңбекті  қажет  ететін,  келешегі 

кемел  Нұрлы  Жолда  бірлігімізді  бекем-

деп,  аянбай  тер  төгуіміз  керек. Məңгілік 

Ел – елдің  біріктіруші  күші,  ешқашан  та-

усылмас  қуат  көзі.  Ол  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы 

Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 

тұғыры!  Жаңа  Қазақстандық  патриотизм 

дегеніміздің  өзі – Мəңгілік  Ел!  Ол – бар-

ша  Қазақстан  қоғамының  осындай  ұлы 

құндылығы.».

 

Тиісінше 



Президент 

Жолдауында 

əрі  қарай  дамуға  серпін  беретін  ба-

сым  бағыттарды  белгіледі:  көліктік-

логистикалық инфрақұрылымдарды дамы-

ту;  индустриялық  инфрақұрылымдарды 

дамыту; 

энергетикалық 

инфрақұры-

лымдарды  дамыту;  ТКШ  мен  су  жəне 

жылумен 

қамтамасыз 

ету 

желілері 



инфрақұрылымдарын жаңғырту; тұрғын үй 

инфрақұрылымдарын  нығайту;  əлеуметтік 

инфрақұрылымдарды дамыту; шағын жəне 

орта  бизнес  пен  іскерлік  белсенділікті 

қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.

      Тоқтала  кетсек,  Жолдаудың  төртінші 

бағытына  сəйкес,  ТКШ  мен  су  жəне 

жылумен 


қамтамасыз 

ету 


желілері 

инфрақұрылымдарын 

жаңғырту. 

Инвестицияларға 

жалпы 

қажеттілік 



қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал