Аманжолов қ.Ғ. Қызыл сызық



жүктеу 12.12 Kb.

бет1/22
Дата15.01.2017
өлшемі12.12 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

      АМАНЖОЛОВ Қ.Ғ.
        Қызыл  сызық.  Мақалалар  мен  сұхбаттар  жинағы.  – 
Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2013. – 288 бет.
       ISBN 978-9965-22-439-3
Белгілі  қаламгер,  ақын,  аудармашы,  Қазақстан  Журналистер 
одағы сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжоловтың «Қызыл 
сызық» кітабына руханият саласына қатысты ой-толғамдары мен 
көркем эсселері, əдеби портреттер, тəуелсіздігімізді алуан қыры-
нан айшықтап бейнелейтін мақалалары жəне белгілі тұлғалармен 
сұхбаттары топтастырылған. 
Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 
УДК 070
ББК 76.01
А 52
УДК 070
ББК 76.01
А 52
ISBN 978-9965-22-439-3
© Аманжолов Қ.Ғ., 2013
© «Қазығұрт» баспасы», 2013
Қазақстан Республикасы 
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды

3
ƏЗИЗ ЖҮРЕК
немесе 
ЕҢ ХАЛЫҚШЫЛ ЖАЗУШЫ
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары арман қуып Алматыға 
келген біздің толқынға жазушы ағаларымыз Ілияс Есенберлин 
мен Əзілхан Нұршайықовтар ғажайып сый əзірлеп қойған еді. 
Ол  əйгілі  «Қаһар»  жəне  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  ро-
мандары  болатын.  Əлбетте,  жұрттың  бəріне  белгілі  жай,  мұ-
ның  бірі  қазақтың  ертеректе  жабылып  қалған  тарихын  қайта 
көтеріп,  ұлтымыздың  ерлігін,  қаһармандық  рухын  толғады. 
Ал,  екіншісі  халқымыздың  бойындағы  адамгершілік,  махаб-
бат,  сүйіспеншілік,  адалдық,  азаматтық  сияқты  мəңгі  өлмес 
ізгілікті  қасиеттерін  асқақтата  жырлады.  Бəлкім,  соңғы  жар-
ты ғасырдай уақытта осы екі романнан əр сыпатта артығырақ 
туындылар  жазылған  да  болар,  бірақ  оқырман  қауымның 
осыншалықты ыстық сүйіспеншілігіне бөленген, дəл осылар-
дай  шын  мəніндегі  шынайы  халықтық  кітапқа  айналған,  қа-
зақ  қауымын,  зиялы  ортаны,  студенттер  мен  ауыл-қалаларда-
ғы басқа да жастар санасын нақ осы «Қаһар» мен «Махаббат, 
қызық мол жылдардай» дүр сілкіндіріп, қайран Ғафаң – Ғафу 
Қайырбековше қайырғанда, ғаламат сенсация тудырған басқа 
əдеби  шығарманы  мүлдем  жоқ  демесек  те,  тап  басып  айту 
қиын.  Міне,  осы  кездерден  бастап  талай  буын  ұрпақты  талмай 
тəрбиелеген  Əзілхан  Нұршайықов – бүкіл  Алаш  үшін  ардақты 
Əзаға,  ұлттық  жазушыға,  жай  ғана  суреткер  емес,  абыз  тұл-
ғаға айналыпты. 

4
Менің пайымдауымда, Əзағаң əр қазақтың жақыны: бауы-
ры, ағасы, інісі, атасы. Ол ешкімді алаламайды, мен қазақпын 
дегеннің баршасына ортақ, бəрімізге бірдей. Бүкіл жан дүние-
сімен, бүтін болмысымен Əзағаңдай əділеттіні табу да қиын-
ның қиыны. Ешкімге қылдай қиянат жасамай өткен, ешкім ту-
ралы жаман ойламаған кісі де осы біздің Əзағамыз болар деп 
ойлаймын.  Сонда  да  болса  Əзағаңның  бір  бүйрегі  журналис-
терге  бұрып  тұратынын  байқаған  сияқтымын.  Бұлай  болмауы 
мүмкін  де  емес  қой.  Себебі,  жарты  өмірін  журналистікпен  өт-
кізген,  облыстық  жəне  республикалық  газеттердің  басшысы 
болған, «Автопортретінде»  өзін  журналист  ретінде  бейнеле-
ген,  сонымен  бірге  журналистік  қаламгерліктен  өмір-бақи, 
яғни,  өмірінің  соңына  дейін  қол  үзбеген  осынау  шын  мəнін-
дегі үлкен жүректі адам өзін журналист қауымнан əсте бөлек 
санамаушы  еді.  Əзағаңның  журналистік  ортамен,  нешеме  мер-
зімді басылымдармен қарым-қатынасы, өзінен кейінгі журна-
листердің  бірнеше  буын  жас  толқындарымен  достығы  да  бір 
ғанибет. Əрине, аға жүрегінен орын алған газеттердің алдың-
ғы  қатарында  өзінің  үлкен  шығармашылығының  қанатқақты 
мекені  болған  сүйікті  «Социалистік  Қазақстаны»,  оған  жал-
ғасқан «Егемен Қазақстаны» тұратын.
Бүйрегі  журналистерге  бұрып  тұратын  деген  сөзімді  жан-
дандырайын. 1977 жыл болар, өзім қызмет істеп жүрген Көк-
шетаудағы  облыстық  газеттің  редакторы  Жанайдар  Мусин 
ағамыздың «Ақ алаң» атты алғашқы романы «Жазушы» баспасы-
нан  жарық  көрді.  Бұл  жағдай  көкшетаулықтар  үшін  айта  қа-
ларлықтай  қуанышты  əдеби-мəдени  оқиға  болғаны  түсінікті 
шығар. Ал енді көп ұзамай осы кітап жайында республикалық 
«Жұлдыз» əдеби журналында сол кездегі есімі елге танымал, 
дүркіреп  тұрған  атақты  жазушы  Əзілхан  Нұршайықовтың  іл-
типатты  рецензия-пікір  жариялатуы  «Ақ  алаңды»  ақ  жолға 
түсіріп, бағын ашып, оның авторын да демеп, абырой-беделін 
биіктете  көтеріп  жібергені  рас  еді.  Əзағаң  сол  мақаласында 
өз  көңілінде  авторға  деген  журналистік  рухани  туыстық  се-
зімі  оянғанын  жасырмай  айтады.  Ол  кітап  шықпай  жатып-ақ 
романның  қолжазбасына  жабық  пікір  де  жазған  екен.  Сонда 
авторы  кім  екенін  білмей  тұрып-ақ  қолжазбаны  ұнатқан,  одан 

5
келешекте əдебиетіміздің белгілі қайраткерлерінің бірі шыға-
ды-ау деген үмітін де жасырмай айтқан. Артынан сол қолжазба 
көрнекті  кітап  болып  шыққасын  дүкеннен  сатып  əкеліп,  қай-
тадан  көз  жүгіртіп  қараған.  Содан  оның  авторы  сонау  шал-
ғайдағы  алыс  елде  жатып,  облыстық  газеттің  редакторы  дей-
тін жауапты да ауыр қызметті атқара жүріп мынадай кесек 
дүние,  күрделі  роман  жазғанына  Əзағаңның  əзиз  жүрегі  рия-
сыз қуанған. Иə, ол кісінің көп адамнан бөлек бір қасиеті сол, 
басқалардың  табысына,  сəттілігіне  жарқылдап,  жарқын  жүз-
бен қалтқысыз қуана білуші еді.
Осы жəйттен соң Əзағаң мен Жанайдар ағаның ғана емес, 
Əзағаң  мен  жалпы  Көкшетаудың  арасына  да  бір  көзге  көрін-
бес  дəнекер  жіп  тартылып  қалғандай  еді.  Жазушыға  деген 
ықыласымыз  жас  кезімізден-ақ  онсыз  да  бөлек,  ерек.  Оның 
үстіне осының алдында ғана облыстық «Көкшетау правдасы» 
газетінде бірге істейтін əріптесіміз, сол кездегі газеттің белді 
журналисі,  жас  талапкер  жазушы,  бүгінгі  Парламент  Сена-
тының  депутаты  Жабал  Ерғалиев  Қазақ  университетінің  жур-
налистика  факультетінде  сырттай  оқи  жүріп  Ə.Нұршайықов 
шығармашылығы,  яғни  очерктері  бойынша  дипломдық  жұмыс 
қорғағанын білеміз. Бұған қоса Əзағаң өзінің «Тоғыз толғау» 
кітабында  көкшетаулық  атақты  ағаларымыз  ақын  Жақан  Сыз-
дықов  пен  Совет  Одағының  Батыры,  академик-ғалым  Мəлік 
Ғабдуллин туралы əдемі толғап жазғанына да іштей ырза бо-
лып жүретінбіз. Жазушыға деген құрмет-сүйіспеншіліктің дəл 
осындай толғағы жетіп лүпілдеп тұрған шағында, дəлірек айт-
қанда, 1980 жылдың күзгі егін орағы қызып тұрған қыркүйе-
гінде баяғы ел аралайтын журналистік əдетпен Əзағаң салып 
ұрып Көкшетауға келе қалсын. Осы жайды мен кейін Жанай-
дар Мусинге арнаған өлеңімде: «Жанай-жаным деп Алматыға 
ағып Ғафекең келе қалатын, Ыстық ықыласымен Көкшеге ке-
ліп Əзілхан аға соғатын» деп жырға да қосқанмын.
Ə.Нұршайықовтың  арнайы  сапарлап  келуін  көкшетаулық 
журналист  қауым,  оның  ішінде  бірен-саран  ақын-жазушылар 
да бар, мерекедей қабылдап, мəре-сəре боп қалдық. Əзағаң ре-
дакция  қызметкерлерімен  кездесіп,  əдебиет  пен  өмір  жайын-
да əңгіме айтып, сұрақтарға жауап бергені есімде. Сосын бəріміз 

6
ол  кісіні  ортамызға  алып  суретке  түстік.  Редакциямызда  келген 
атақты, құрметті кісілермен естелік суретке түсетін сондай бір 
дəстүр  болушы  еді.  Міне,  дəл  қазір  осы  жолдарды  жаза  оты-
рып, «Көкшенің əр тасында аты қалған» деп аталатын, аяулы 
ағамыз  марқұм  Жанайдар  Мусинге  арналған  естеліктер  кіта-
бына  енген  сол  суретке  қарап,  қимас  күндерді  еске  аламын. 
Көптің  назары  соншалықты  жылы  жүзбен,  шуақты  ілтипат-
пен Əзілхан ағаға үйірілген. Əзағаң аса сабырлы, байсалды ой 
үстінде  отырғандай.  Ол  кісінің  екі  жағында  Жанайдар,  Əуез, 
Октябрь  ағалар.  Қалғанымыз  ту  сыртында  қаумалай  түрегеп 
тұрмыз. Көп жыл бірге жұмыс істеген əріптестерім. Бəріміз де 
біртүрлі толқулымыз. Бəріміз де қазіргіден жасырақпыз. Енді 
ше?!  Бұдан  аттай 32 жыл  бұрынғы  сурет  қой.  Əзағаң  əлі 60-қа 
толмаған, 58-де.  Құдай-ау,  тура  дəл  қазіргі  менің  жасымда  екен 
ғой. Ендеше, мен бұл күндерде сол Көкшетау сапары кезінде-
гі Əзағаңмен түйдей құрдаспын. Мұндай да сəйкестік болады 
екен-ау. Ал, сол кезде 27 жаста екенмін. Өмірді, еңбек жолын 
жаңа бастап жатқан алғашқы жылдарда қазақ əдебиеті мен қа-
зақ баспасөзінің атақты тұлғасы Əзілхан Нұршайықовпен кез-
десіп, көптің ортасында, көптің бірі болып, ақ батасын алған-
дай  күй  кешіппіз,  ілтипатты  сөзін  жақын  жерден  тыңдаппыз. 
Қазір  Əзағаңның  өмірден  өткеніне  бір  жылдан  асып  барады. 
Сол  суреттегі  жəне  бес-алты  адам  бақилық  болған...  Нұрхан 
Ысқақов, Əуез Өтеев, Октябрь Бұхарбаев ағалар, Шəрипа мен 
Жаңылсын  апайлар,  қатар  құрбы  Бауыржан  Бектасов,  Мəули 
Əлімов, Ойран Асанбаевтар. Бəрі де сонда Əзағаңның ұла-
ғатты əңгімесін тыңдаған еді. Нұрлары пейіште шалқысын.
Əзілхан аға содан Жанайдар Мусинді жанына ертіп аудан-
дарды  аралап  кетті.  Сол  кезде  Володар,  Рузаев  жəне  Зеренді 
аудандарында болғанын білетінмін. Алматыға қайтып оралған 
соң  жазып  жариялатқан  жолжазба  очеркін  «Қазақ  əдебиеті» 
газетінен оқыдық, ұмытпасам. Сонда Əзағаң Көкшетау өңірі-
нің  атақты  аупартком  хатшылары  Баян  Жанғалов,  Мəулетбай 
Кəрімов, Тəткен Боқановтардың бітім-болмыс, бейнелерін əде-
мі  суреттеп,  ел  мен  жерді,  еңбек  тынысын  келістіре  жазғаны 
əлі  есімде.  Егін  орағының  дүбірлі  күндерінде  қанша  еңбек 
адамдарымен  кездессе,  соның  бəрін  тəптіштеп,  өзіне  тəн  мейі-

7
ріне бөлеп жазған. Көкше еліне деген ықыласы риясыздығын 
танытқан.
Жылдар  жылжып  өтіп  жатты.  Мен  Алматыға  қоныс  ауда-
рып,  əуелі  «Жұлдыз»  журналында,  одан  соң  республикалық 
басқа  басылымдарда  қызмет  істей  бастадым. 1991 жылдың 
мамырында  Көкшетау  облыстық  партия  комитетінің  хатшы-
сы болып істеп жүрген жерінен Жанайдар ағамыз да меңдеген 
ауыр науқастан бақи сапарына аттанып кете барды. Осыдан 
бес жыл өткенде, аяулы ағамыздың 60 жылдығы қарсаңында, 
дəлірек айтқанда, 1996 жылдың қаңтарында Алматыдағы маған 
оның  інісі,  заң  саласының  қызметкері  Еркін  Баймурзин  хабар-
ласып,  Жəкең  туралы  кітап  шығарғалы  жатқандарын  айтып, 
соған,  лажы  болса,  Əзілхан  Нұршайықовтың  естелік  лебізін 
жаздырып алсаңыз дұрыс болар еді деген өтінішін айтты.
Шыны  керек,  бұрын  сөйлесіп  көрмеген,  мен  сырттан  жа-
қын тартып, жақсы көріп жүрсем де өзімді мүлдем танымай-
тын  үлкен  жазушыға  жүрексіне,  іштей  қобалжулы  көңілмен 
телефон  соққаным  рас.  Алыстан  асқар  таудай  көрінетін  Əзағаң 
жақындағы  адамды  да  қасына  жақындатқыш,  жанына  жақын 
тартқыш,  шынымен-ақ  шынайы  кішіпейіл,  жалпыға  бірдей  жа-
нашырлық жайдарман пейілден жазбайтын жан екен. Бəлкім, 
ол  кезде  бірден  дəл  осылай  ойлаған  жоқ  шығармын.  Бірақ 
жанымның  тереңінде  Əзағаңа  деген  дəл  осындай  құрмет  пен 
ілтипат  əрдайым  бүлкілдеп  жатқаны  рас.  Кейінгі  жылдарда-
ғы  жиірек  жүздесулеріміз,  сөйлесулеріміз,  аздаған  араласу  осы 
ойымды бекіте түскендей.
Əзілхан аға сол жолы менің өтінішім бойынша өзі ауырып 
жатқанына  қарамастан  марқұм  Ж.Мусин  туралы  он  шақты 
күннен  ұзатпай  «Жанайдар  жəне  оның  жерлестері»  деген  екі 
баспа  табаққа  жуық  жазушылық  толғаныс  естелігін  жазып 
шығып,  менің  қолыма  ұстатты.  Естелікті  алуға  барарда  кə-
дімгідей толқығаным есімде. Жанайдар аға туралы өзімнің де 
жазған  өлеңімді  ала  барып,  Əзағаға  беріп  едім  (Кейін  ол 
өлеңім  Ж.Мусиннің  мерейжасына  орай  «Қазақ  əдебиеті»  га-
зетіне  шыққан  болатын).  Сонда  Халима  апайды  көрдім.  Ал, 
Əзілхан  ағаның  сол  естелік  мақаласы  тура  он  жылдан  кейін, 
2006  жылы  «Көкшенің  əр  тасында  аты  қалған»  деп  аталатын, 

8
жазушы-журналист  Ж.Мусин  туралы  естеліктер  кітабында  жа-
рық көрді. Осы істің басы-қасында жүрген жігіттердің ескер-
меген  бейқамдығынан  Əзағаңның  қолына  ол  кітаптың  тие  қой-
мағанын  біліп,  мен  Еркін  Баймурзиннен  кітапты  алдыртып, 
ағаның қолына тапсырдым. 
Көкшетау сапарында болғанына 16 жыл өткенде жазылған 
естелік  мақаласын  оқи  отырып  Əзағаңның  жадына,  кісі  та-
нығыштығына,  оқиғалардың  өрмегін  сетінетпей  жүйелеп  өр-
бітуіне  қайран  қалғандайсың.  Күнделік  жүргізетін  ұқыпты-
лықтан адамдық əрі қаламгерлік ұлылыққа дейін бір-ақ қадам 
екенін  осы  жəйт  аңғартып  тұрғандай.  Диалогтар,  эмоциялар, 
танысулар,  əңгіме-дүкендер,  кездесулер – бəрі  қаз-қалпында 
маржандай тізіліп суретке түскен. Сондай қарапайым. Сондай 
нанымды.  Сондай  ғажап.  Əрбір  күннің  оқиғасы  сағатына  дейін 
қолмен  қойғандай  тақылдап  сайрап  тұр.  Жанайдар  Мусиннің 
қаламгерлік, журналистік һəм адами жарқын бейнесіне орна-
тылған ең жақсы, ең ықыласты, бейілді ескерткіштердің бірі де 
осы Əзағаң естелігі болса керек. Сол үшін осынау ұлы жүрек-
ке өзімді алғыскер де қарыздар сезінгендеймін.
«Егемен  Қазақстан»  газетінің  Алматы  бөлімшесінде  қыз-
мет  істеуіме  байланысты,  əсіресе,  соңғы  екі-үш  жылда  Əзілхан 
ағамен  телефон  арқылы  жиірек  сөйлесіп,  өзімен  де  ара-тұра 
көзбе-көз  жиірек  ұшырасып  жүрдім.  Бұл  дүниеде  Қорғанбек 
деген  журналист  қаламгер  бар  екенін  Əзілхан  Нұршайықов 
сияқты  Алаш  ардақтысының  танып-білу  фактысының  өзі-ақ 
мен  үшін  зор  бақытпен  барабар-тын. «Қызғызстан:  бір  үміт, 
бір  күдік»  деген  мақалам  туралы: «Қорғанбек,  сенің  бұл  ма-
қалаңды мен мақала деп емес, Қырғызстан туралы поэма деп 
қабылдадым»  деп  төбемді  көкке  жеткізе  көңілімді  өсіргені 
естен сірə, кетер ме.
2010  жылдың  маусым  айының  бас  кезінде  маған  Сауытбек 
Абдрахманов  телефон  соғып: «Əзағаңа  хабарлас,  Елбасы  ту-
ралы  мақала  жазуға  тапсырыс  беріп  едік,  ауырыңқырап  жүр 
екен, ойларын ауызша əңгімелеп айтып беретін болар, мате-
риалды  жазуға  көмектесуің  керек»  деді.  Мен  дереу  Əзағаңа 
хабарластым.  Ертеңіне  айтқан  уағында  үйіне  бардым.  Ағаға 
бір  мейірбике  келіншек  дəрі  егіп  жатыр  екен.  Амандасқан 

9
соң  бір  сағаттай  кабинетінде  күтіп  отырдым.  Бұрын  да  бір-
екі  рет  болғанмын.  Екі  жақ  қабырғадағы  сөрелер  кітаптан 
қайысып  тұр.  Баукеңмен  түскен,  басқа  да  суреттер  көзге  ша-
лынады.  Əртүрлі  кəдесыйлар,  жəдігерлер.  Əрбіреуі  бір-бір 
тарих  екендігі  аңдалады.  Əзағаңа  тəн  ұқыптылық.  Қымбатты 
қимас  нəрсені  қастерлеу.  Үлкен  үстел  үстінде  де  текше-тек-
ше  үйілген  кітаптар.  Қақ  төбесінде  кең  аялы,  арнайы  жарық 
түсіргіш.  Əзағаңның  жұмыс  кабинеті,  жазу  үстелі.  Əрбір  затын 
көзіммен  аялай  қарап  отырмын.  Кейде  тұрып,  кейбір  кітап-
тарды,  жəдігерлерді  қасына  жақын  барып  қараймын.  Əзағаң 
көрші  бөлмеде  саңқылдап  сөйлеп  жатыр.  Ауырып  жүрсе  де 
əзіл-қалжыңын қалдырмай, дауысы жайдары шығады. 
Мен  диктофонымды  сайлап  келсем,  мақаланы  Əзағаңның 
айтуымен  өз  қолымнан  жазып  шығады  екенмін  деп  ойласам, 
ол  бүкіл  шаруаны  өзі  негізінен  бітіріп  қойған  екен.  Тек  кейбір 
соңынан  келген  ойларды  қағаздарға  бөлек-бөлек  түсірген  екен. 
Кейде  тұтас  абзацтар,  кейде  жекелеген  сөйлемдер.  Солардың 
қайсысы қай жерге келетінін, қалай бастыру керектігін маған 
ежіктеп түсіндірді. Мерейлі 70-ке толғалы жатқан Елбасы ту-
ралы  ой-толғанысына,  ол  кісінің  қасиет,  өнегесін  қалай  үлгі 
тұту  керектігіне  соншалықты  ыждағатпен  қарауы  таңғалар-
лық еді. Əрбір сөз тіркесінің, əрбір үтір, нүкте, сызықша, леп, 
сұрау белгілеріне дейін дұрыс түсуіне, қате басылып кетпеуі-
не, қалып қоймауына сонша бір неміс ұқыптылығымен зер са-
луы  маған  деген  талапты  да  күшейткені  сөзсіз  еді.  Сабырлы 
болдым,  Əзағаңның  барлық  базынасын  көтердім,  қызметімді 
тіпті  құрақ  ұшып,  шын  көңіліммен,  барша  ықыласыммен  ел-
пілдеп атқардым десем, болады.
Мақаланы  компьютерге  тергізіп  жатқанда,  теріп  бола  бер-
ген  кездерде,  тіпті,  өзіне  қайта  апарып  оқытып,  газетке  басу-
ға  рұқсатын  алғаннан  кейін  де,  оны  айтасыз,  Астанаға  жібе-
ріп  қойған  соң  да  Əзағаңның  мақалаға  қосар  толықтырула-
ры таусылар болмады, толас таппады. Оларды өз үйінен факс 
арқылы  жіберіп  отырды.  Бəрін  енгіздік.  Кейіс  білдірмедік. 
Ə.Нұршайықовтың Елбасы туралы өзгеше толғанысы «Заман-
дасқа  хат»  деген  атпен 22 маусым  күнгі  санда  жарық  көрді. 
Мемлекет  басшысының  қасында  қолына  микрофон  ұстап 

10
сөйлеп  тұрған  суреті  қоса  берілді.  Сонымен  бірге  Нұрсұлтан 
Əбішұлының: «Құрметті  Əзеке!»  деп  басталатын,  өз  қолы-
мен  жазылған  жаңа 1992 жылмен  құттықтауының  факсими-
лесі  қатар  шықты.  Халық  жазушысы  Ə.Нұршайықов  басқа-
лар сияқты Елбасын жалпылама, жайдақ мадақтамай, орынды-
орынсыз жалпақтап жарамсақтанбай, салиқалы əңгіме айтты, 
өмір туралы, заман мен қоғам хақында, биік лауазымды қыз-
метті азаматтардың қалай алып жүруі, кішіпейілділік пен қа-
рапайымдылықты,  адамдық  пен  арды  сақтай  білулері  хақын-
да  тебірене  толғанды.  Сөйтіп  бұл  мақала  «Егеменнің»  де  абы-
ройын көтере түсті.
Бұл  кезде  Əзағаңмен  жиі  телефондасып,  менің  дауысым-
ды  айтпай  танитын  дəрежеге  жеткем.  Аға  қоңырау  шалды. 
Даусынан  қуаныштың  байсал  лебі  ескендей. «Қорғаш,  маған 
бүгін  Елбасы  телефон  соқты.  Мақаланы  оқыған  екен,  рахме-
тін  айтты. «Сіз  «Президентті  мақтай  берудің  керегі  жоқ,  оның 
ісін  жақтай  білу  керек»  депсіз.  Оныңыз  дұрыс»  деп  айтты. 
Едəуір  сөйлестік.  Ойда  жоқ  жерде  патша  телефон  соққанда 
адамның аузына қапелімде сөз де түспей қалады екен. Прези-
дент денсаулығымды сұрап еді, «Шалдарша шапқылап жүріп 
жатырмын,  Нұреке»  деп  айттым.  Осыным  қалай  өзі,  дұрыс 
болды ма, Қорғаш?» дейді Əзағаң. «Əрине, дұрыс, Əзаға. Өте 
дұрыс  жауап  бергенсіз.  Басқа  не  дейсіз?»  деймін  мен. «Ал 
енді,  Қорғаш,  Елбасы  маған  ризашылық  білдіріп,  үлкен  ба-
сымен  арнайы  телефон  соғып,  рахметін  айтып  жатса,  біздің 
үнсіз қалуымыз жарамас. Маған осы мақаланы жазуға тапсы-
рыс  берген  Сауытбек  қой,  мен  бір  формасын  тауып, «Егемен 
Қазақстан»  республикалық  газеті  акционерлік  қоғамының 
президенті Сауытбек Абдрахмановтың атына алғыс хат жа-
зып, Елбасына ілтипатымызды солай білдірейік. Осы ойды 
Сауытбекке өзің айтқаның дұрыс болар» деді Əзағаң.
«Əзағаң  солай  да  солай  деп  жатыр.  Елбасының  телефон 
соғуына  газет  арқылы  алғыс-рахметін  білдірмекші»  деп  Ə.Нұр-
шайықов сəлемін дереу өзіміздің басшымыз Сауытбекке жет-
кіздім. Сауытбек əуелі «Туһ, Əзағаң да пиарщик болып алып-
ты  ғой»  деп  күлді  де,  сəлден  кейін: «Жарайды,  хатын  жет-
кіз,  ақылдасып  көрейік»  деді.  Əзілхан  ағаның  «Алғыс  хаты» 

11
газеттің 25 маусым күнгі санында жарияланды. Елбасымен 
арадағы əңгімесі сонда егжей-тегжейлі баяндалған. Əрине, ел 
Президентінің  Ə.Нұршайықов  мақаласын  оқып,  қөңіл  бөлуі, 
оның жалпы жұртқа жария етілуі Əзағаң үшін ғана емес, біз-
дің газет үшін де, жалпы зиялы қауым үшін де үлкен абырой 
екендігіне сөз бар ма.
Сөйткен  əзиз  жүректі  Əзағаң  да  өмірден  өтті.  Соның  ал-
дында  ғана  Азиаданың  құрметті  алаугері  ретінде  Өскеменге 
барып келген жолы: «Несін айтасың, Қорғаш, мына ағаларың 
шал болса да желе жортып жүгіргенде алаугер жастардың бə-
рінен  озып  кетті  ғой»  деп  шаттанған  болатын.  Иə,  ағаның 
көңілі  жас  еді,  өмірге  құштар  еді,  жүрегі  тұнып  тұрған  ізгі-
лікті  махаббат  еді.  Əсіресе,  қайтыс  болар  қарсаңында  бейне 
бір бой жазғандай көбірек сапарлады. Астанада. Шымкентте. 
Тағы басқа жерлерде. Шақырушылардың қай-қайсысының да 
көңілін  қалдырмады.  Өскеменде  Қысқы  Азия  ойындарының 
құрметті алаугері болған кезіндегі Əзағаңның бірнеше қас-
қағым  сəттерін,  өзінің  немересі – жас  қыз  балаға  аталық  мейі-
рімін  төккен  миятты  мезеттерін  «Егеменнің»  меншікті  тіл-
шісі Оңдасын Елубай суретке түсіріп алған екен. Оларды со-
дан  кейін  шыққан  «Алашты  асқақтатқан  Азияда»  атты  фото-
альбом  кітабына  жариялады.  Менің  ойымша,  жазушы  Əзіл-
хан  Нұршайықовтың  көзі  тірісінде  түскен  ақырғы  суретте-
рі  осылар,  ал  оны  ең  соңғы  рет  суретке  түсірген  адам  біздің 
Оңқаң – Оңдасын Елубай болар.
2011  жылдың 24 қаңтарында  қазақтың  ұлы  ақыны  Қадыр 
Мырза  Əлі  өмірден  озды.  Əзағаң  осы  ауыр  қазаға  байланыс-
ты  қимастыққа  толы  қоштасу  лебізінде: «Жасың  тоқсанға  кел-
генде артыңдағы інілерің өмірден кетіп жатса, оларға жоқтау 
жазу  қиын  екен.  Жастардың  өмірден  озғанына  өзің  кінəлі-
дей  күй  кешесің.  Жер  басып,  тірі  жүрген  соң  оларды  жоқта-
масқа  да  амал  жоқ»  деп  егіліп  еді.  Осыдан 20 күн  өткенде 
Əзағаң өзі де бақилық болды. Сол бір күндерде Қазақстанның 
халық жазушыларының ішіндегі ең халықтық, жазушылық бі-
тім-болмысы  бұрынғы  Сəбең,  Сəбит  Мұқанов  тұрпатындағы 
алып  жазушыдан  айрылғанымызды  сезінгендей  едім.  Қадыр 
қазасына  егілген  сол  сөзінде  Əзағаң: «Қазақта  атақты  ақындар 

12
көп.  Бірақ  атақтылардың  бəрі  бірдей  ардақты  бола  бермейді. 
Сен  сол  ең  ардақты  ақындарымыздың  бірі  едің  Қадыржан» 
деп  еді.  Осылай  деп  өзі  айтқандай,  Əзілхан  аға  да  қазақтың 
ең ардақты жазушыларының бірі еді.
Иə, жоғарыда айтқанымдай, жақсылық жағдай бола қалса, 
Əзағаң  əруақыт  сүйіншілеп  «Егеменнің»  Алматыдағы  бөлім-
шесіне  телефон  соғушы  еді.  Қуанышын  бөлісіп,  мəз  болушы 
еді.  Елбасыға  «Шалдарша  шапқылап  жүріп  жатырмын»  деп 
айттым  деп  соншалықты  бір  риясыз  көңілмен  ағынан  жа-
рылғаны  əлі  күнге  көз  алдымда.  Бірақ  «Қорғаш,  айналайын, 
амансың  ба?»  деп  аялайтын  Əзағаңның  мейірімге  толы  мақ-
пал қоңыр үні енді естілмейді.
Əзағаң  халық  жүрегінде  махаббат  жыршысы  болып  қала-
ды.  Ізгіліктің  жыршысы.  Ерліктің  жыршысы.  Арыстан  жүректі 
Баукеңнің алқауына бөленген жазушы. Халыққа мейлінше кең 
тараған,  оқырманы  ең  көп  жазушы.  Бір  ғана  «Махаббат,  қы-
зық  мол  жылдар»  мен  «Ақиқат  пен  аңыз»  осыған  айғақ.  Ана 
бір  жылдары  туған  халқына  «қазақ  ұлтшылдығын»  таңғаны 
үшін  əпербақан  Горбачевқа  наразылық  хатын  жолдаған  ұлт-
жанды қайраткер. Елбасымыз əрдайым құрмет тұтқан, қайтыс 
боларынан  екі  ай  бұрын  ғана  ел  Президентінің  қолынан 
«Отан»  орденін  алған  отаншыл  абыз.  Өзі  де  қазақ  қыздары 
сайлап қойған Махаббат Президенті. Менің пайымдауымдағы 
Əзағаңның əзиз жүрегі осындай. Ол жүрек қазағым деп, хал-
қым деп əлі де дүрсілдеп соғып тұрғандай. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал