«AltynKargaly» демалыс шипажайы Құрметті ата-аналар!



жүктеу 13.99 Kb.

Дата11.05.2017
өлшемі13.99 Kb.

«AltynKargaly» демалыс шипажайы 

 

 

Құрметті ата-аналар! 



 

Алматы  қаласында  2015  жылдың  18-28  қазан  аралығында  «AltynKargaly» 



демалыс  шипажайында  мектеп  жасына  дейінгі  кохлеарлы  имплантты  балаларға 

арналған  есту-сөйлеу    қабілетін  оңалту  сессиясы  өтеді  (кіру  -  18  қазан  түстен  кейін, 

шығу - 28 қазан кешке сабақ аяқталған соң). 

Санаторияда  4  мезгіл  тамақ,  кешкі  айран,  сауна,  бассейн  бар.  Тізімде 

көрсетілмеген қызмет түрлеріне жеке ақы төленеді. 

Қонақүйде  тұру,  жол,  тамақ,  аппаратты  баптау,  балаларға  арналған  сабақтар 



тегін.  Балалармен  бірге  келгендерге,  яғни  баланы  алып  жүретін  адамның  жолы, 

қонақүйде тұруы, тамағы тегін.  

Теміржол  билеті  қатты  орындықты  вагонға,  яғни  плацкартқа  алынады.  Бару, 

қайту билеттерін алу қажет. Билетті сақтап қойыңыз. 

 

Ата-аналарға арналған маңызды ақпарат!!! 

1.  Баланың  ауырғаны  туралы  анықтамаларды  алып  келу  керек:  сурдологтың  (  есту 

қабілетінің 

деңгейін 

анықтайтын 

маман) 

есту 


қабілетін 

тексерудегі 

қорытындылары;  аудиограммалар;  есту  протезін  қолдану  нәтижелері;  есту 

аппараттарын  баптау  нәтижелері;  операция  алдындағы    сурдопедагогикалық 

тексеру нәтижелері; операция жасаған клиниканың берген көшірмелері. 

2.  Қамқор, жанашыр ана ретінде өзіңізбен бірге дәрі-дермектер алып жүргеніңіз абзал 

(дене  қызуынан,  іш  өтуден,  бас  ауруынан,  дене  қызуын  өлшейтін  құрал). 

Санаторияда алғашқы медициналық  көмек  көрсететін медбике болады.  

3.  Өзіңізбен бірге балаға тамақ беруге, ішуге ыңғайлы ыдыс-аяқ болуы тиіс. Сонымен 

қатар  баланың  сүйікті  ойыншықтарын,  кітаптарын,  қарындашы  мен  бояуларын, 

сурет салуға арналған альбомын ала келуге болады. 

Егер  бала  ауырып қалса,  отбасылық  бір  жағдайлар  туындап  жатса  немесе  басқа 

да төтенше жағдайлар орын алып жатса алдын ала ескертуіңізді сұраймыз. 


Сессияға қатысты және басқа да сұрақтарыңыз туындап жатса мына телефон нөміріне 

хабарласыңыздар:  8  (727)  3958326,  8-7018262202  (координатор)  немесе  мына 

электронды поштаға жазуға болады: 

info@satr.kz, center.satr@gmail.com

 

Балалардың  тізімін  және  қосымша  ақпараттарды 



www.satr.kz

  сайтынан  алуға 

болады. 

10 күндік қызмет пакеті 

 

№ 

Қызмет 

Саны 

Сөйлеу процессорін баптау 



 



Жеке 

сабақтар 

(сурдопедагогикалық 

және 


логопедтік) 

20 


Топтық  сабақтар 



Ата-аналарға арналған семинарлар 





 

«AltynKargaly» демалыс шипажайының мекенжайы: 

050043, Қазақстан Республикасы 

Алматы қаласы, Жандосов көшесі 204 

Телефон Ресепшн +(727) 2-500-828 



 

Жету картасы: 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал