Алтын ұяның абыройы



жүктеу 46.94 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі46.94 Kb.

Алтын ұяның абыройы 

Мен  үшін  бұл  жалғанда  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетінен  артық,  ыстық,  қадірлі  ешбір  оқу  орны  жоқ.  Орыстардың  «әр 

бақаға  ӛзі  үйренген  батпақтан  артығы  жоқ»  деген  мақалына  бағынғандықтан 

емес,  білім  беріп,  ел  қатарына  шығарған,  күні  бүгінге  дейін  бауырына  басып, 

сенің табысыңды ӛз жетістігіндей кӛрген алтын ұядан артық не болмақ! 

Менің кұрбыларым - ӛртеңге шыққан ұрпақ. Олар ес біліп келе жатқанда, 

алаш  азаматтары  ӛз  елінен  аластатылып,  атылып-шабылды.  Ер  жетіп  келе 

жатқанда, қызыл қырғынды кӛрді. Бұғанасы қата бастағанда, әке-ағаларын қан 

майданға  аттандырып,  бақайлары  майыса  ауыр  еңбекке  жегіліп,  жетім-

жесірлердің кӛз жасымен кӛктеді.

 

1945  жылы  сонау  Арқадан  жеті  күн  жол  жүріп  жетудң  ӛзі  жас  ӛрімнің 



білімге ынта қойып келгендігінің кепілі еді. Кәзіргідей әке-шешесінің мазасын 

алып,  ақшасын  шашып,  «диплом  алсам  болды»  дейтін  пиғыл  ол  кезде 

түсімізге де кірмейтін. 

Алтын  ӛндірісінің  баласы  инженер-геолог  боламын  деп  келе  жатканда, 

кәзіргі  Қазыбек  би  кӛшесімен  Достық  даңғылының  қиылысындағы  еңселі  де 

ә

сем  ғимаратты  кызықтап  ішіне  кіргенде,  мейірбанды  Қайыржан  Бекхожин 



емтихансыз  оқуға  алса,  Алматыда  бұл  ғимараттан  артық  шаңырақ  бола  ма?! 

АГУ-дың  жеті  қабатты  корпустары  кәзір  екі  жақтан  ӛкпесін  қысып  тұрса  да, 

бәрібір менің кӛңілімде ол ғимараттың ӛресіне жете алмайды. 

Ә

рине, ауыртпалықтан аяқ алып жүре алмай жүрсек те, еліміздің рухани 



ӛ

ркендеуіне  «кірпіш  болып  қалануға»  жанталасқанымыз  ӛтірік  емес.  Қазақ 

университетін  ол  кезде  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумы  тӛрағасының 

орынбасары  И.К.Лукьянец  басқарғанына  қарамай,  КазПИ-дің  даңқы  күшті 

болатын.  Біз  солармен  бәсекелесіп  ӛстік.  Олар  бізге  жаңа  жетіліп  келе 

жатырсыңдар  деп  қарайтын.  Олардың  мұғалімдері  де  бізден  гӛрі  атақтылау, 

белсенділеу  болатын.  1947-1952  жылдардағы  идеологиялык  айғайда,  әсіресе 

қ

азақ  ұлтшылдығын  әшкерелеуде  Каз-ПИ  түлектерінің  даусы  қатты  шығып, 



біразға  дейін  басылмай  қойған-ды.  Ӛзінің  түпкі  ниетін  кӛмкерлей  білгендері 

кӛзге  түсіп,  қатарға  тез  ілікті.  Оның  есесіне  біздің  оқытушылаымыздың  кӛбі 

соғыс жылы эвакуациямен келген зиялылар университеттің білімін, дәрежесін 

кӛтергенін айтпау күнә болмақ. 



Артта  қалған  60  жылдың  ӛресінен  қарағанда,  Қазақ  Ұлттық 

университетінің  ӛсу-даму  кезендері,  басқаларға  қалай  екенін  қайдам,  ӛзіме 

теңіз  толқынына  ұқсайтын  тәрізді.  И.К.  Лукьянец  тұсынан  алған  екпін  XX 

партия  съезіне  дейін  кӛтерілумен  келді.  Н.С.  Хрущевтің  айғайына  малданып 

қ

алғандар кӛп нәрседен алданды. ҚКП Орталық Комитеті ӛзінің ескі үйін беріп, 



«кұрмет»  кӛрсетіп  жатқанымен,  университет  комплексін  саламыз  дегенді 

сонау  40  жылдардың  аяқ  шенінде  естігенімізбен,  70  жылдарға  дейін  еш 

ғ

имаратын 



кӛре 

алмадық. 

Кәзіргі 

Қ

.И. 



Сәтбаев 

атындағы 

Қ

азақ 


политехникалық  университетінің  орнына  КазГУ  орнайды  деген  жобадан  құр 

қ

алдық.  Сәтбаев  даңғылы  университет  кӛшесі  аталуы  содан  болатын.  Ескіні 



алып,  жамап-жасқап,  шенеунік  отыратын  кішкене  кабинеттерден  аудитория 

жасап  жүргенде,  оқу  сапасына  ептеп  болса  да  зиян  тигені  сӛзсіз.  Отыратын 

орын болмай, аулада сабақ ӛткізген кездер болған. 

Қ

азақ  университетінің  Одақтық  және  әлемдік  деңгейде  аты  шығуы,  сӛз 



жоқ, бүкіл республика деңгейіндегі әкімшілік, мәдениет, ӛнер, әдебиет, ғылым-

білім  саласында  біздің  түлектеріміздің  үлес-салмағы  50-70  пайызға  жетуіне 

байланысты.  Барды  жарқыратып  кӛрсете  білген  ректор  Ӛ.А.  Жолдасбеков 

екенін  ұмытпайық.  Қанша  пысық  болса  да,  дүниежүзілік  грант  алу,  Әлемдік 

университеттер бірлестігіне СССР-дың 11 оқу орнының бірі біздің қара шаңырақ 

болуы  әншейінгі  мақтан  емес.  Ұлттық  университеттің  сол  кездегі  абырой-

беделі әлі де болса кӛңілге қуаныш ұялатады. Қайта құру мен ӛтпелі дәуірлерде 

университет  беделі  шырқау  биікке  кӛтеріліп  кетті  деуге  дәтім  бармайды.  Ал 

жаңбырдан  кейін  қаптап  кететін  саңыраукұлақтарда,  бірді-бір  елерлік 

профессоры,  жӛндемді  оқу  базасы  жоқ  «қалта»  университеттерді  былай 

койғанда,  қандай  данышпан  академик,  кемеңгер  профессор  бастаған 

жекеменшік  оқу  орындарының  ішінде  КазГУ-дың  абройы  аспан  мен  жердей 

екені  белгілі.  Оған  соңғы  кезде  шыққан  грант,  кредитпен  оқуға  түсушілердің 

саны - нақты дәлел. 

Ӛ

зіме  етене  таныс  филология  фақультетінің  соңғы  үш-тӛрт  жылдағы 



студенттер қабылдауын алатын болсам, қазақ бӛліміне аз дегенде жылына 150-

200  студент  қабылданды.  Жер-жердегі  оқу  орындары  Алматы  алыс,  үйдің 

қ

асынан  білім  алғаның  ӛзіңе  де,  ата-анаңа  да  салмақ  салмайды  ғой  деп, 



талапкерлерді  алдаусыратып  алып  қалып  жатқандарын  естіп  қана  қоймай, 

кӛзімізбен кӛріп те жүрміз. 

Кезең  киындығы, әрине, үлкен тосқауыл, бірақ ол  әйтеуір диплом алсам 

деген ниеттегілерге емес, шын білім алуға, болашақтағы зор арманына жетуге 



талпынғандарға  обал  болып  жүрмесін.  Бұл  ой  мемлекеттік  статусы  барларға 

айтылып отырған наз болса, ақша үшін жанын жалдап, оқу жүйесінің берекесін 

қ

ашырып жүрген кӛзқамандар балғын жас түгіл, елдің де келешегін ойламасы 



ақиқат. Қазақтың Ұлттық университетінің жетпіске аяқ басуы бар ӛмірін шәкірт 

тәрбиелеуге  бағыштағандарды  талай  ащы  да  тұщы  ойларды  айтып  тастауына 

мүмкіндік береді. Ӛйткені ӛз құрамында 250 доктор-профессоры, 800-ге тарта 

кандидат-доценті  бар  Университеттің  интеллектуалды  байлығын  ұтымды 

пайдалану жайы ойландырады. 

Жасыратыны жоқ, бұлардың бәрі соңғы кездегі конвейерден шыққандар 

емес және жастары  келіп,  алжи  бастағандар  да  емес.  Республиканың  жоғарғы 

оқу  орындарында  қызмет  істеп,  атақ  алып  жатқандардың  басым  кӛпшілігі  - 

КазГУ-дың  түлегі.  Демек,  жер-жердегі  оқу  орындарының  шәкірттері  екінші 

қ

олдан дәріс тыңдап жүр деген сӛз. Әрине, кәзір бәрін шешетін қаражат болып 



бара  жатканда,  атақты,  ел  таныған-білетін,  ӛзінің  мектебін  жасап  үлгерген 

ұ

стаз-ғалымдарды  ара-тұра  шақырып,  білімі  мен  білігін  алуды  кеңінен 



қ

олданбай тұру - күнә. 

Сонсын, 

қ

аптап 



кеткен 

мәлішке 


емес, 

мемлекет 

есебіндегі 

университеттерге  айрықша  пайдасы  тиетін,  кадрларды  дайындауға  ықпал 

жасайтын  ғалымдарды  ӛз  кұрамына  тарту,  тіпті  қажет  болса  жерлестігін  де 

ескеріп,  кӛшіріп  алып  жағдайын  жасаса,  Алматыда,  әзіресе,  КазГУ-де 

шоғырланған,  қатардағы  оқытушы  деңгейінде  қызмет  атқарып  жүргендер, 

жылы  да  абройлы  орындарын  қимағандары  ӛз  орбитасына  тартудың  амалын 

мықтап ойластырған абзал. 

Иманғали    Тасмағамбетов    Атырауға    сорпаның    бетіне    шыққан 

қ

айраткерлерді  жинап,  жағдай  жасаған  кезінде,  әр  саққа  жүгірткендер  кӛп 



болды. Кәзір олар игілікті еңбек етіп жатыр. 

Сондықтан Қазақ даласының әр тұсынан аймақтық орталық бола алатын 

қ

алаларда  ірі  ұстаздар  мен  ғалымдардың  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  жасау 



шарт.  Ол  үшін  кӛптеген  әкімшілік  шаралары  керек  емес,  идеялас,  пікірлес, 

тіпті,  әрі-беріден  ұялас  жетекші  ғалымдарды  жекелеп  те,  топтап  та  кӛшіріп 

алудың  жайын  ойластырған  жӛн.  Сонда  Алматыда,  әсіресе,  КазГУ-де  ақыл-

кеңес  алып, диссертация  корғайтын  едім  деп  шапқылай  беретіндер  тыйылды. 

Біртіндеп  ӛздерінің  ғылыми  кеңесі  мен  мектептері  ұйымдасады.  Мысал  үшін, 

Ресейдің ең алыс түкпіріндегі Томск қаласын еске түсіріңіздерші. 



Елдің  даңкы  оның  зиялыларына  тікелей  байланысты,  тіпті,  әрі-беріден 

соң  экономиканың  гүлденуі,  шарықтауы  ғылым-білімге  тікелей  тәуелді.  Олай 

болса, қазақ сахарасының әрбір ӛлкесі гүлдену үшін оларға мықты әкім апарып 

кою  емес,  кӛбіне-кӛп  істің  кӛзін,  жетілудің  жүйесін  білетіндерді  жинау  қажет. 

Қ

азақ  университетінің  білімі  мен  ғылыми  байлығын  ел  мақсатына 



пайдаланудың жолын мықтап ойластырған абзал. 

Қ

азақ  уиверситетінде 8  ғылыми-зерттеу  институты  бар, олардың  бәрі  де 



химия-техникалық  бағытта.  Ал  қоғамдық  гуманитарлық  салада  Фараби 

орталығы  болғанымен,  әлі  қанатын  кеңге  жайып  кете  алмай  жатыр.  Және 

ректорат  жанындағы  орталықтан  гӛрі  күшті  факультеттердің  қарамағында 

ә

зірге  зертхана  (лаборатория)  ашып,  ӛнімді  ісіне  қарай  институтқа 



айналдырып жіберу жайын ойластырған дұрыс. 

Ә

лемдегі  игі  тәжірибелерді  сыртқы  түріне  қарап  емес,  мәніне  қарап 



қ

абылдаған  жӛн.  Мәселен,  университеттік  білімді  бакалавр  және  магистр 

жүйесіне  бӛлу  біздің  жағдайымызда  дұрыс  емес  деп  білемін.  Университетте 

тӛрт жыл оқып, жоғары білімнің дипломын алмай шыққандардың біразы тіпті, 

мектепке орналаса алмай жатыр дегенді естиміз. Ал, ғылыммен айналысқысы 

келгенде  аспирантураның  маңынан  жүре  алмайды.  Ал,  магистратураны 

бітіргеннен  кейін  докторантураға  қабылданады.  Мәскеу  университеті  бұл 

«жаңалықтан»  бас  тартып,  бұрынғыша  оқытып  жатыр.  Шетелдің  оқу  жүйесі 

совет  заманындағылардан  тәуір  болып  кӛрмегенін,  тек  сәндік  мода  үшін 

ӛ

згертіп, кейін зиянын мықтап тигізеді. 



Білім мен ғылымды жақындастырудың дүниежүзілік тәжірибесіндегі бір 

амал  —  ғылыми  күштің  шоғырлануына  қарай  факультет  жанынан  ғылыми-

зерттеу  институтын  ұйымдастыру.  Ӛздерінің  қалауымен  бір  ғылым  саласын 

үң

гіп  зерттеп  жүрген  мамандарды  факультеттің  деканы  оқу  жоспарына  сай 



бірнеше  дәріс  оқу,  практикалық  сабақ  ӛткізуге  еркін  пайдалана  алады.  Оған 

қ

осымша ақша керек емес, қайда жатқызамын, қалай қарсы аламын деп басын 



ауыртпайды.  Ӛз  қарамағындағы  мамандарды  емін-еркін  аудиторияға  кіргізіп, 

оқу  мен  ғылымды  бір-біріне  жақындатқанда  ғана  керемет  нәтиже  кӛреміз. 

Ә

сіресе,  ғылымын  басқа  мекемеде,  оқуын  басқа  жақта  оқытудан  ешбір  пайда 



кӛрмей  келе  жатқанымыз  кӛпшілікке  мәлім.  ӛркендеген  елдерде  біздегідей 

арнаулы  ғылым  академиясы  жоқ,  бар  болса  клубтар  дәрежесінде.  Ӛмірмен 

тікелей  байланысы  жоқ  зерттеулердің  ӛндірісте  жүзеге  асуы  ӛте  қиын,  кейде 

тіпті,  елеусіз  қалады.  Сондықтан  Қазақ  университеті  жанындағы  Фараби 

орталығы гуманитарлық білім институттарының ұйытқысы болып, Білім және 


ғ

ылым  министрлігімен  тығыз  байланысты  болса,  аяғымыздағы  бірқыдыру 

тұсаулар  алынады.  Ал,  университеттің  бес  жылдық  тұтас  курсын  бітірген  жас 

маман  ғылым  мен  білімнің  ең  соңғы  жаңалығын  естіп,  біліп,  ӛмірге  араласар 

еді. 

Қ

азақ  ұлттық  университетінің  білімнің  қай  саласынан  болмасын  білікті 



маманы бар, творчестволық потенциялы мол екені, аймақтық екені, аймақтық 

оқу  орындарына  ғылыми-методикалық  кӛмек  беруге  толық  мүмкіндігі  бар 

екендігі  айтпаса  да  түсінікті.  Тойымыз  ілгерінді  ойлармен  жарқырай  түссе, 

ынталы  жастар  оны  жүзеге  қалтқысыз  асырып  жатса,  қазақ  елінің  абройы 

бұдан  да  гӛрі  асқақтай  берері  сӛзсіз.  Рухани  байлығымызды,  ұлт  зиялыларын 

тиімді пайдалана білейік. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал