Алтын медальмен бітірген (1903)



жүктеу 222.92 Kb.

Дата18.01.2017
өлшемі222.92 Kb.

АҚБАЕВ Жақып

 (7.11.1876, Қараған-

ды облысы, 

Қ

арқаралы ауданы — 



4.7.1934, Алматы) —  Қазақстанда  ұлт-

азаттық  қозғалысқа  қатысушы,  қоғам 

қ

айраткері,  қазақ халқынан шыққан 



тұңғыш право магистрі. Санкт-Петер-

бург университетінің заң факультетін 

алтын медальмен бітірген (1903). 

1903-1905 жылдары  О м б ы сот меке-

мелерінде  қызмет еткен. 1905-1907 

жылдардағы бірінші россиялық рево-

люция Ақбаевтың саяси көзқарасының 

шыңдалуына үлкен әсер етті. Бұл  ж ы л -

дары Ақбаев Омбы, Петропавл, Семей, 

Павлодар, Баянауыл,  Қарқаралы  қала-

ларында демонстрацияларға  қатысып, 

митингілер мен жиналыстарда сөз 

сөйледі. «Степной край» (Омбы) газе-

тінде отарлау аппаратының озбырлы-

ғы мен жүгенсіздік әрекеттерін, само-

державиенің халыққа жат саясатын 

әшкерелеген мақалалар жазып, еңбек-

шілерді патша өкіметінің отаршылық 

саясаты мен езгісіне  қарсы күреске 

шақырды. 1906-1918 жылдары (ішінара 

үзілістермен) Семей округтік сотында 

қ

ызмет істеді. 1906 жылы императорға 



тіл тигізгені, патша үкіметіне  қарсы 

үгіт-насихат жүргізген мемлекеттік 

қ

ылмысы үшін тұтқындалып, 1908 жылы 



Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы 

патша өкіметіне  қарсы күресін тоқтат-

пағаны үшін Тобыл  қаласына жер ау-

дарылды. 1917 жылы февраль бур-

жуазиялық-демократиялық револю-

циясын Якутияда айдауда жүріп  қар-

сы алды. 1917 жылы мартта саяси  қыз-

меті үшін уақытша өкімет тарапынан 

қ

уғындалып, тұтқынға алынды. 1917 



жылы Алашорда үкіметінің мүшесі 

болып сайланды. 1917 жылы 7 июльде 

Колчактың әскери-далалық соты  А қ -

баевты әскери-казак диктатурасын 

құ

латып, Совет өкіметін  қалпына кел-



тіру үшін халықты көтеріліске шақыр-

ды деген айыппен өлім жазасына кес-

ті. Совет өкіметінің  қалпына келтірі-

луімен азаттық алған Ақбаев 1919-1927 

жылдары Семей губревкомының  құ-

рамында заң бөлімін басқарып, Семей 

облыстық сот мекемелерін  ұйымдас-

тыру ісіне белсене  қатысты. 1927-1928 

жылдары Сырдария округтік адво-

каттар коллегиясының мүшесі болды. 

1929  ж ы л ы жалған айыптармен реп-

рессияға  ұшырап, Воронежге  ж е р ау-

дарылды. 1934 жылы сырқатының мең-

деуіне байланысты түрмеден босаты-

лып, Алматыға келген соң көп  ұзамай 

қ

айтыс болды. Ақбаев  қазақтың әдет-



ғұрып заңдарын, соның ішінде семья-

неке правосын зерттеп, баспасөз бе-

тінде публицистикалық материалдар 

жариялады. 

Тарихи 

тұлғалар 



Жақып 

мырза 


Ақбайұлы 

Қарқаралы 



АЛАШТЫҢ АЗАМАТЫ 

1. 


Бүгінгі  қазақ баласы Әлихан Бөкей-

хановты, Ахмет Байтұрсыновты жақсы 

біледі дей аламыз. Оған да шүкіршілік 

айтайық, ағайын... Ал сол Әлихан мен 

Ахметтердің сенімді серігі, оң  қолы мен 

қырағы көзі болған  Ж а қ ы п м ы р з а Ақ-

баевты  қазақ  қауымы біледі деп айта 

аламыз ба, ағайын?  Ж о қ , айта алмай-

мыз. Керісінше, «білмейді» деген сөзді 

дау-дамайсыз-ақ, нық сеніммен айтуға 

болады. «Не жазып ем,  құдай-ау, мен 

қ аза қ қ а... » деп хал қ ын а мұңын шағ а сә-

лем жолдаған Ахмет Байтұрсынов сияқ-

ты сол Ақбайдың  Ж а қ ы б ы да оңаша ой 

толғап, мұңайған болар-ау... Ал сонда 

Ақбайдың  Ж а қ ы б ы кім еді? Біраз ізде-

ніп, тер төксек те, «біліп болдық, түсініп-

түйсіндік» — дей алмаспыз, дегенмен, 

оқырман  қауым арасында ынта туды-

рып, ойтүрткі боларғықтай материал 

жинаған тәріздіміз. Соларды өзіңізге 

жеткізіп, ортаға салғанды жөн көрдік, 

оқырман  қауым... 

...Жеке басқа табыну кезеңіндегі ең 

а л ғ а ш қ ы репрессиялар жиырмасыншы 

жылдардың аяғы мен отызыншы жыл-

дардың басында-ақ басталып кеткені 

тарихтан  ж а қ с ы мәлім. Бұл нәубетке 

алдымен 

ұ шырағанда р хал қ ымызды ң 

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, 

М а ғ ж а н  Ж ұ м а б а е в , Жүсіпбек Аймауы-

тов тәрізді аяулы  ұлдары болатын. Сол 

кездегі өлкелік партия комитетінің бірін-

ші хатшысы Филипп Исаевич Голощекин-

нің 


қ аза қ даласынд а «кіші Октябрь 

революциясын жасау» жоспарының не-

гізсіздігін дәлелдеген алқалы топқа күйе 

жағылды, түрлі-түрлі  ж а л а л а р жабылды. 

Бұл нәубет 

қ ар қ аралылы қ 

қ аһарман , 

қ аза қ хал қ ыны ң азаттығ ы жолындағ ы 

қ айтпас- қ айса р күрескер  а з а м а т  Ж а қ ы п -

мырза Ақбаевты та  құрбандыққа шалды. 

Ол сол бір  қатерлі кезең — ойранды жыл-

дарда, дәлірек айтқанда, 1929 жылы 

ж а л ғ а н айыптармен Рессейдын Воронеж 

қаласына же р аударылды. 

Тағдыр осы Воронеж  қаласына бұ-

рынды-соңды Халел мен  Ж а н ш а Дос-

мұхамбетовтерді де, Мұхаметжан Ты-

нышбаев пен Елдос Омаровты да, Кә-

рім Тоқтыбаев пен басқа да бір топ  қа-

зақ зиялыларын, сол бір шақтағы  қазақ 

атты халықтың бетке шығар  қаймағы, 

намысын жыртып, сөзін сөйлерлік,  қан-

дай майдан,  қай айқаста болсын есесін 

жібермей, халқының сыбағасын мол етіп 

қ айтар а ала р сайдың тасындай екшеп 

алған деуге боларлық асыл азаматтарын 

да алып келген болатын. Кілең «Сен тұр, 

мен атайын» дерлік, жөн-жоба, бұрынғы-

соңғы тәртіптерден  ж а қ с ы хабардар, 

бұдан да  ж а м а н кездерде де «оза шауып, 

жүлде алған» адамдар  ж а ң а жерде, 

байырғы достас орыс  қаласында тез 

топтасып, естерін лезде-ақ жинап,  ұйым-

даса  қалады.  Ж а ң а мекенде бірін бол-

маса бірін білетін  ж а қ с ы ескі таныстар 

да кездесіп, көмек көрсетіп,  қол  ұшын 

берерлік  ж а ң а достар табылды. Солар-

дың нәтижесінде небір кедергі-кесапат-

тарды жеңіп, бұрын келген зиялылар 

кейінгілерді тез үйіріп, жеделдете  қа-

тарға  қосып, ақыл-көмектерінің арқасын-

да әп-сәтте-ақ есін жйғызып,  ж а ң а жағ-

дайдағы тұрмысқа тез жаттықтырып 

отырды. Кейін келгендер сол бұрын ке-

ліп «осы аралық» болып кеткендердің 

көмегімен аз-кем еркіндікке  қол жеткізіп, 

тездетіп жұмысқа орналасып жатты. 

Сонда бұлардың бәріне де  т а қ қ а н кінә, 

артқан  ж а л а біреу-ақ еді: бай-шон-

ж а р л а р д ы ң  ұрпағы, өздері де «исі шық-

қан» байлар , атышулы Алашорд а пар-

тиясының мүшелері, 

ұ йымдастырып , 

басқарушылары. Ал ол кез, сол бір ала-

сапыран шақ үшін бұлардан ауыр  қыл-

мыс, кешірілмес күнә жоқ еді ғой. Ал, осы 

«қылмыстардың» сырына көз жүгіртіп 

көрелікші. Мал, байлық жинау адам ба-

л а с ы н а , айып бола ма?! Ата-баба 

б а й - ж о н ж а р болған екен деп,  ұрпағы 

құрып кетуі керек пе?! «Әкесі үшін бала -

сы жауап бермейді», — деген сталиндік 

«қағида»  қайда?! Ал, алаш екенсің, 

алаштың азаматы екенсің, түптеп кел-

генде,  қ а з а қ екенсің деп айыптаудың 

жөні  қалай болар екен?! «Алашорда» 

деген партия болды ма, болса ол тұқым-

тұғиянымен  құртып жіберерліктей  қыл-

мысты, күнәлі ме еді?! Бір сәт осы сауал-

ға да жауап іздеп көрелікші.  Қазіргі 

кезде бұл сауалға жауап іздерліктей 

сәт те туып, тірнектеп жинарлық дерек-

тер де баршылық сияқты. Оған да «шү-

кіршілік» айтқанымыз,  қанағат тұтқаны-

мыз жөн болар әзірге... 

Іс жүзінде сол Алаш партиясының 

өзі  құр дақбырт, баяғы репрессияларды 

бастап берудің сылтауы ретінде ғана 

айғайға  ұласқан шаруаның өзі деуге бо-

лады. Өйткені Совет өкіметіне  қарсы, 

ұ лтшыл-буржуазиялы қ деп жүрген он-

дай партия бар болса, оны ең алдымен 

С а м а р а д а ғ ы Комуч (Құрылтай жиналы-

сын шақыру комитеті), Уфадағы Дирек-

тория танып, табысар еді ғой, байланыс 


орнатып,  қоян-қолтық әрекет  ж а с а м а с 

па еді? Ал, іс жүзінде осы Комуч та, Ди-

ректория да «Алашорданы» білмеген, 

ғой. Колчактың өзі 1918 жылдын 22 ок-

тябрінде: «Правительство Алаша — 

«Алашорду» считать прекратившим свое 

существование», — деген ғой. Және бір 

күлкілі  ж а й мынада: 1917 жылы Алаш-

орда үкіметі дегеннің мүшесі болып сай-

ланған  Ж а қ ы п Ақбаевтың сол жылдың 

7 июлінде Колчактың әскери-далалық 

соты «әскери-қазақ диктатурасын  құла-

тып, Совет өкіметін  қалпына келтіру 

үшін халықты көтеріліске шақырды» 

деген айыппен өлім жазасына кескен 

ғой, ол бұл  ж а з а д а н Совет өкіметінің 

қалпына келтірілуіне байланысты ғана 

аман  қалған емес пе?! Сонда «Алаш-

орданың»  ұлттық-буржуазиялық өкімет 

екені рас болса, оның басшыларының 

бірі  Ж а қ ы п т ы колчактық сот мұндай 

ж а з а ғ а кеспес еді ғой, олай жасайтын-

дай, өз «сыбайластарын» өлім жазасы-

на кесерліктей олар «жынды  қойдың 

миын жегендей»  а қ м а қ т а р емес  қой. 

Оның үстіне О. Кэру сияқты тарих-

шының: Алашорда «никогда не была 

больше чем комитетом, который собирал 

съезды и издавал манифесты», — де-

ген тұжырымы мен және тарихшы С. 

Зеньковскийдің: «Правительство Алаш-

Орды существовало менее чем номиналь-

но» — деуі («Непролетарские партии 

и организации национальных районов 

России в Октябрьской революции и граж-

данской войне». Москва, 1980, с. 135) те-

гін болмаса керек. Мұндай пікірлермен 

санаспауға болмайды. 

Алашорданы  қ а ғ а з жүзінде «дәлел-

деп», Совет өкіметінің жауы етіп шығару, 

сол арқылы «кіші Октябрь революция-

сын» іске асыруға кедергі боларлық, 

танымдары мықты негізделген, тәжіри-

белері мығым,  қ а з а қ даласында сүйеніші 

аса күшті зиялы  қауымды тұқыртып 

ұстау, түрлі  ж а з а л а у л а р мен жерау-

даруларға жол ашып, мүмкіндік  ж а с а у 

Голощекинге, ол арқылы өзіндік «бола-

шақ жоспарлары» бар Сталинге  қажет 

болды. Содан келіп А. Богачев пен Н. 

Мартыненколарға, С. Брайнин мен 

Ш. Шафироларға Орталық Комитеттің 

бірінші хатшысы Голощекиннің уақыт 

тудырған «әлеуметтік заказы» берілді, 

қ а з а қ с т а н д ы қ Сталинні ң  к ө з қ а р а с ы 

мен соның негізінде  ж а с а л ғ а н тұжырым-

дарын «дәлелдеп беру» тапсырылды. 

Аталған адамдар өз міндеттерін «абы-

роймен, мінсіз» орындап шықты... 

Бұл ретте олар еріксізден  ж а с а л ғ а н 

бұрмалауларға дейін барды: көмекке 

қ а з а қ тілін білетін  қ а з а қ зерттеушілерін 

алмастан, араб әрпімен басылған,  қазақ 

тіліндегі нұсқалар жөнінде тұжырымда-

рын білдірді, оларды өздерінше редак-

циялап, газет-журналдарда  ж а р и я л а н -

ған жобаларды бекітілген шешім, про-

грамма ретінде алды, әлде бір авторлар-

дың сол басылымдарда  ж а р и я л а ғ а н 

ж а з б а л а р ы н д а ғ ы жеке пікірлерді ресми 

тұжырымдар, 

қабылданған шешімдер-

ден алынған бап ретінде  ұсынды. 

Осылардың нәтижесінде «алашорда-

лықтарды» 

қ а л ы п т а с қ а н партияны ң 

туын көтеріп, советтік  ж а ң а өкіметке 

қарсы аяусыз, жеңілмей то қ талмайты н 

мейірімсіз күресуші  ұлтшыл-буржуазия-

лық партияның мүшелері етіп көрсетуге 

«теориялық негіз жасалып, сталиншіл-

голощекиншіл системаның жандайшап-

тарына жол ашылды. Бұл ретте, тіпті, 

Бүкілроссиялық Орталық Атқару Ко-

митетінің 1919 жылгы апрельдің 4-індегі 

қаулысына сәйкес Алашорда  қ озғалы -

сына  қатысқандарға кешірім  ж а с а у және 

олардың өткендегі  қызметі үшін  қуда-

лауға үзілді-кесілді тыйым салу жөнін-

дегі шешімі ескеде, есепке де алынбай 

қ алды . 

Бас жендет Сталиннің үнсіз келісі-

мімен ВЦИК-тің әлгінде ғана аталған 

шешімі  қабылданғаннан кейін жиырма 

жыл шамасы кейінде Алашорда партия-

сы дегеннің мүшелері ғана емес, жалпы 

алғы алаштың баласы, Алаш сөзін аузы-

на алғандар жаппай  қудалануға түсті. 

Ату, асу, жер аудару, соттау дегендері-

ңізге жол ашылды. Алаш осылайша бұ-

рынғыдай ел атауы болудан 

қалды, 


«алаш», «алашорда» деген сөздердің өз-

дері  қорқынышты, жеккөрінішті сөз бо-

лып  қалды. «Бір  құдайының өзін»  қор-

қып  құрметтеп сыйлауы да, лағне т ай-

тып, боқтауы да оңай,  қазағың сөйтіп өз 

атынан жеріді,  қайтып атамайтындай бо-

лып  қатты жеріді. Сол жек көру мен же-

рінуден  қ а з а ғ ы ң әлі де толық арылып 

кете алған жоқ. Соның нәтижесінде  қа-

зақтардың, 

Қ а р қ а р а л ы 

қ а з а қ т а р ы н ы ң 

арасында бір кездегі пір тұтып, «халық 

азаттығы жолындағы айнымас күрес-

кер» деп мақтанышпен атаған Ақбайдың 

Жақыбын шамасы келгенше  а з ы р а қ 

атауды, бір кездегі ерлік еңбегін елеп-

ескермеуге тырысып, реті келсе атаусыз 

калдыруды көксейтін адамдар жоқ емес, 

тіпті, өкінішке  қарай, баршылық та... 



II. 

Ж а қ ы п Мырза Ақбаев 1876 жылғы 7 

ноябрьде сол кездегі Семей облысына 

қ арайты н  Қ а р қ а р а л ы уезінің Берік қ ар а 

болысында туған. Ақбайдың ЬІбырай 

бастаған  б а л а л а р ы осы өңірдегі барынша 

ауқатты, мейлінше бай әулеттен өрбіген-

ді. Олар осы уездің  Қу болысындағы 

Ақайдың  ұрпақтарымен ежелден бақта-


лас өскен, соған орай ру-партия талас-

тарында бірде жеңіліп, бірде-жеңіп де-

гендей нық тірестіре отырған сол кездегі 

беделді, белді, өз өңіріндегі ағайындас, 

ауылдастарын билеп-төстеген, азулы ру-

басылары болатын. Ыбырай (Жақып-

тың ағасы)  ұ з а қ  ж ы л д а р бойына осы 

Берікқара елінің болысы болған, өз ай-

наласындағыларға, ауылдастарына сөзі 

де, тізесі де  қатты батқан, өте  қатал ел 

қ анауш ы болған адам . Сол ел  қ анаушы -

лығы мен болыс кезіндегі заңсыз, адам-

шылыққа  ж а т  қылықтары үшін оны іні-

сі, оқыған-түйгені көп, мәдениетті, демок-

рат  ж а с  Ж а қ ы п (документтегі аты-Жа-

қып Мырза ) же к көрген, Ыбырайды 

«кісі  қанаушы», «халыққа жексұрын 

болыс» деп атаған, онымен өле-өлгенше 

айтысып, өлтіре сынап өткен. 

Өзінен алты-ақ  ж а с үлкен, өзіне әрдай-

ым үлгі-өнеге тұтқан, соған орай өзі де 

соның ізімен өсігі-жетілуді, әр кезде со-

ның көмекшісі, оң  қолы болуды мұрат 

тұтқан Әлихан Бөкейханов сияқты, «қа-

зақтың басын біріктіріп ел болуын аңсап, 

сол мақсатқа жету жолына, өз бойында-

ғы бар  қасиетін: ақыл-ойын, өнер-білі-

мін, жігер-қайратын бар саналы өмірін 

арнаған адам. Егер де өз ағасы Ыбырай-

дың ізін  қуып, өзінің бас пайдасын ғана 

ойлап, өз заманының талабына орай 

мансапқор болса, патша өкіметінің шен-

шекненіне  қызығып,  ұ л ы қ болуды көк-

сесе, өзі көркем, өзі шешен, ақылды, іс-

кер  Ж а қ ы п қ а ең оңай жол осы болар еді, 

патша өкіметінің  құзыры күшті,  ұлығы 

болып шығар еді. 

— Санкт-Петербург университетінің 

заң факультетін алтын медальмен біті-

ріп шыққан  қ а з а қ былай тұрсын, орыс 

жігіттері де өте аз болатын. Демек, 1903 

жылы университет тамамдап шыққан 

Ж а қ ы п т ы ң биік  л а у а з ы м д а р ғ а  б а р а р жо-

лы тым даңғыл болатын. Алайда, ол бұ-

лай  ж а с а ғ а н жоқ. 

Ол өзінің үлгі-өнеге тұтқан  ұстазы 

Әлиханның ізіне түсті, Ахмет Байтұрсы-

нов, Міржақып Дулатовтармен бірге 

Әлихан Бөкейхановтың сенімді серіктері 

бола білді. Солармен  қол  ұстаса жүріп, 

туған халқының  қамын ойлады, белін 

бекем буынып, елі үшін еңбек етті. Халық 

басына бостандық күні туатынына деген 

берік сенім шалыс басып, тар жол, тай-

ғақ кешулерде адасып,  қателессе де, 

алған бетінен  қайтара алмады. Аяғын 

шалыс басып, адасса да,  қиналып  қате-

лессе де сол жолда адасты, осы жолда 

қателесті, өзінің пікірлес, үзеңгілес дос-

ұ стаздарыме н  қ анда й жағдай- қ иыншы -

лықтар болса да бірге болып, бірге бөліс-

ті, әрқашан солармен бірге болды. 

Онжылдықтар бойына созылған фео-

далдық-капиталистік, отарлық езу мен 

қ ана у қ а л ы ң халық б ұ қ арас ы арасынд а 

патша чиновниктеріне  қарсы, әлеуметтік 

және  ұлттық правосыздыққа  қарсылық 

идеяларын тудырып, 

қ алыптастырға н 

болатын. 

Ал, 1905 — 1907  ж ы л д а р д а ғ ы револю-

ция  қ а з а қ халқының Әлихан, Ахмет, 

Ж а қ ы п сияқты алдыңғы  қатарлы, сана-

лы өкілдерінің бойында таптық және 

ұ лтты қ мүдделерінің оянуына жән е өзін-

дік талаптар сұрыптап,  қоя білуіне жағ-

дайлар жасады.  Қ а з а қ еліндегі езілген 

бұқараның саяси және экономикалық 

талап-тілектері патшадан тек  қ а н а діни 

насихаттағы еркіндік пен бірлі-жарым 

саяси праволарын алуға ғана тырысқан 

үстем тап өкілдерінің талап-мүддесінен 

шалғай  ж а т қ а н еді. 

Қ а з а қ елінің  қ а л ы ң  б ұ қ а р а өкілдері 

өздерінің түрлі петициялары мен сөйле-

ген сөздерінде  қ а з а қ жерлерін түрлі сыл-

таулармен  б а с қ а л а р д ы ң пайдасына алып 

беруге, алым-салықты күшейту арқылы 

қ анауға , отарлауш ы лауазы м иелерінің 

бассыздықтары мен түрлі озбырлықта-

рына  қарсылықтары барған сайын кү-

шейе түсіп отырды. Бұл заңсыздық іс-

тердің негізінен орыс чиновниктерінің 

қолымен жасалы п отырғаны ң көрген 

қ а з а қ халқының осы кездегі күшті на-

разылығы патша өкіметімен бірге оның 

негізгі тірегі болып көрінген орыстарға 

қарсы бағытталға н еді.  Қ а з а қ елінің сол 

тұстағы оқыған зиялы азаматтарының 

демократиялық бөлегі  қ а з а қ т ы ң  қалың 

еңбекші бұқарасының, кедей шаруалар-

дың талап-мүдделерін  қызу  қолдаған еді. 

Солардың бірі — алдыңғы 

қатарлы, 

озық саяси ағым, идеяларды колдану-

шы зиялылар ретінде  қалыптасқан  Ж а -

қып А қ бае в болды. Ал,  қ а з а қ елінің үстем 

тап әулетінен шыққан  Ж а қ ы п қ а бұл кез-

де, бір жағынан,  қазақ  қоғамының XIX 

ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басын-

дағы дамуының саяси-әлеуметтік жағ-

дайлары ықпал  ж а с а ғ а н болса, екінші 

жағынан, Рессейдегі революциялық оқи-

ғалар күшті әсер еткен болатын. Санкт-

Петербург университетінде оқып жүр-

ген кезіндегі студенттер арасындағы 

күшті өріс алған саяси  ж ұ м ы с т а р ғ а  Ж а -

қып та  қатыспай, сырттап  қ ал а алмаға н 

болатын. Бұл жөнінде,  Ж а қ ы п Ақбаев 

тың революциялық еңбегі туралы белгілі 

тарихшы ғалым Б. Сүлейменов алғаш-

қ ыларды ң бірі болып жоғар ы бағалаға н 

болатын (Қазақ ССР Ғылым академия-

сының хабаршысы,  Қоғамдық ғылымдар 

сериясы, 1966, № 1, 35-бет). 

Осы ретте  Ж а қ ы п т ы ң студент бола жү-

ріп  қолы жеткен газеттерге түрлі сипат-

тағы мақалаларын жолдап,  ж а р и я л а п 

тұрғанын айта кеткен жөн. Мәселен, 


СУРЕТТЕ: Жақып  А қ б а е в Алматы  қаласында ағайын — туыстарының арасында. 

Сурет  ж а й ы н д а А. Жақыпованың естелігінде, 75-бетте айтылған. 

«Санкт-Петербургские ведомости» газе-

тінің 1901 жылғы № 69 санында және 

«Киргизская степная газетада» (1901 

жылғы 25 марттағы № 12 санында) сол 

кездегі салық салудың  қанаушылық си-

патын сынап жазған. Осылардың соңғы-

сында мынандай жолдар бар: «...ескі 

тәртіп бойынша күш правоны билеп, 

жүгенсіз күштер әділдік атаулының үнін 

шығармай келеді. Менің бағы  ж а н б а ғ а н 

сорлы халқымның бірге бастан кешірген 

ж а з ғ ы тұрмысын бақылауларым салық 

төлеудің  ж а ң а , прогрессивті түрлерін 

кіргізген  ж а ғ д а й д а ғана жеке бас бос-

тандығына және кедей,  қаналған  қыр-

ғыздардың тұрмыс күйін аз да болса 

ж а қ с а р т у ғ а  қызмет еткен болар еді». 

Сол кезде патша өкіметі орнатқан тәр-

тіпті бұлайша сынау екінің бірінің  қолы-

нан келе бермесе керек. 

Қ а з а қ с т а н тарихында  ж а қ с ы мәлім 

болғанмен, тек соңғы кездерде ғана 

жұртшылықтың онымен танысуы мүм-

кін болып отырған  « Қ а р қ а р а л ы пети-

циясы» дегеннің авторларының бірі 

осы  Ж а қ ы п Ақбаев деген деректер бар. 

Бұл петиция 1905 жылы маусым айында 

осы  Қ а р қ а р а л ы уезіндегі  Қоянды жәр-

меңкесінде жазылып, 14500 адамның 

қолы 

қойылып Петербургке Министр-



лер Советіне жөнелтілген. Ол кезінде 

Ресей әкімшілік орындарында үлкен 

мазасыздық, үрей тудырған. Осы пети-

ция жайында Мұхтар Әуезовтің кейін-

ректе былай деп  ж а з ғ а н ы бар: «1905 

жылы  Қ а р қ а р а л ы д а Ахаңмен басқа біраз 

оқығандар бас  қосып, кіндік үкіметке 

қ а з а қ халқының атынан петиция (арыз-

тілек) жіберген. Ол петицидағы атал-

ған үлкен сөздер біріншіден, жер мәселе-

сі.  Қ а з а қ т ы ң жерін алуды тоқтатып, 

переселендерді жібермеуді  с ұ р а ғ а н , 

екінші,  қ а з а қ жұртына земство беруді 

сұраған, үшінші, отаршылардың орыс 

қ ылма қ саясатына н  құтылу үшін ол күн-

нің  құралы барлық мұсылман жұртының 

қосылуында болғанды қ та н  қ а з а қ ж ұ р -

тын муфтиге  қаратуды сұраған. Петиция-

дағы тілек  қылған ірі мәселелер осы. Ол 

күндегі ой ойлаған  қ а з а қ баласының 

дертті мәселесі осылар болғандықтан, 

Ахаңдар бастаған іске  қыр  қазағының 

ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көп-

шіліктің оянуына себепші болған». 

Міне, бұл «Петицияны»  ж а з у ғ а уни-

верситеттің  з а ң факультетін алтын ме-

дальмен бітірген, ойы  ұшқыр, тілі өткір, 

орыс тілінде ана тіліндегідей шебер  ж а з а -

тын, Омбы сот мекемелерінде беделді 

қызметтерде жүрген,  қ а з а қ б ұ қ арасы -

ның арасында зор беделге ие  Ж а қ ы п т ы ң 

қатысуы, оны заңғ а келістіріп,  з а ң тілі-

мен ретке келтіруі заңды. Оның үстіне 

осы «Петицияда»  қозғалатын проблема-



лар  Ж а қ ы п т ы ң өз өмірінде бел шеше 

араласқан, сол кездердегі  м а қ а л а л а р ы 

мен сөздерінде жиі  қозғап, беріле әңгіме-

леп жүрген жайлары болатын. 1905 

1907 жылдардағы революция кезінде 

саяси  қызметін ерекше өрістеткен  Ж а -

қып Омбы, Петропавл, Баянауыл ,  Қар-

қ аралыд а өткен митингілер мен де-

монстрацияларда үкіметке  қарсы, саяси 

сөздер сөйлеп, оларға  қатысушыларды 

бүкілхалықтық забастовкаға шығуға 

үндейді, сайлау және сайлану правосы, 

сөз және баспасөз бостандығы үшін, 

патша өкіметін  құлату үшін күреске шы-

ғуға шақырады. 

Ж а қ ы п Ақбаев халықтың патша шы-

ғарған «17 октябрь манифесіне»  қат-

ты наразылығы жайында  құлшына ке-

ңінен  ж а з а д ы . Ол: «Манифест толық 

жүзеге аспаған  ж а ғ д а й д а дененің жеке 

мүшелерінің ас  қорытатын  қарынмен 

байқалмайтын күресі тәрізді жасырын 

және немесе ашық айқас  ж а л ғ а с а бе-

ретін болады, ал мұның өзі бүкіл дене-

нің  құрып бітуіне әкеліп соғуы әбден 

мүмкін», — деп ескертті. (Рефераты до-

кладов научной конференции препода-

вателей, посвященной 30-летию КАЗГУ 

им. С. М. Кирова, Алма-Ата, 1964 год). 

Манифестің  ж а л ғ а н документ екендігін, 

патшаның оны жүзеге асырмайтынды-

ғын, жүзеге асыруға мүлде мүддесіз 

екенін бейнелі сөздермен өткір сынаған 

Ж а қ ы п «орыс патшасының жалаңбұт 

қ алғанын » дәлелдейді. Оны осы тұстағы 

патша өкіметіне  қарсы жүргізген баспа-

сөз бетіндегі және ауызша үгіті үшін 

патшалық  з а ң орындары белгілі  з а ң  қыз-

меткеріне  қарсы  қылмысты іс  қозғайды. 

1906 жылы Ж. Ақбаев  қылмысты істер 

Ережесінің 103 және 129 статьяларымен 

(жоғары мәртебелі патша  а ғ з а м ғ а тіл 

тигізгені және сол тұстағы  құрылысты 

құлату үшін үгіт жән е насихат жүргіз-

гені үшін) айыпталады да, 1908 

жылы  қарулы күзетпен бес  ж ы л ғ а Якут 

облысына жер аудару үшін Омбы  қала-

сына жөнелтіледі. Бұл арада ішкі істер 

министрі  Д а л а өлкесінен  Қ а п а л ғ а поли-

ция бақылауында болуға кесіп, жер ауда-

рады. Ал, бұл арада да үкіметке  қарсы 

насихатты тоқтатпаған Ж. Ақбаев 1910 

жылы тағы да сол ішкі істер министрінің 

үкімімен  Қапалдан Тобол губерниясына 

жер аударылады. 

Демек,  Ж а қ ы п Ақбаевтың 1905-1907 

жылдардағы революцияға белсене  қа-

тысқан  қ а з а қ халқынан шыққан алғаш-

қы юрист екендігіне, оның патш а өкі-

меті тұсындағы саяси көзқарастары мен 

түрлі талпыныс-әрекеттерінің прогре-

с и в т і - ж а л п ы  д е м о к р а т и я л ы қ  б а ғ ы т т а 

болғандығына, өзінің демократиялық 

мүдде-идеяларын белсенділікпен жүзеге 

асыруға сол күндерден  Ұлы Октябрь 

социалистік революциясы  ж а с а л ғ а н ғ а 

дейін бір сәт те саябырлатпағанына 

кәміл сенуге болады. Осы арада «Боль-

шевик  Қазахстана» журналының 1933 

жылғы октябрь айындағы санында  ж а -

рияланған тарихшы, профессор  С а н ж а р 

Аспандияровтың мақаласындағы мынан-

дай жолдар еріксіз еске  о р а л а д ы . « 1 9 0 5 

жылғы революция  Қ а з а қ с т а н д а ғ ы ре-

волюциялык  қозғалыстың дамуына үл-

кен әсерін тигізді. Орыс жұмысшылары 

мен шаруаларының күресі езілген халық-

тар тобының санасына әсер етпей  қалған 

жоқ.  Қ а з а қ зиялылары пайда бола бас-

тады. Мектеп ашылып, білімге деген 

ұмтылыс туып, газеттер шығарыл а бас-

тады. Осы кезеңдегі  қ а з а қ интеллигент-

терінің революциялық ролін  ж о қ қ а шы-

ғаруға болмайды. Феодалдық-рулық 

құрылыстың ыдырай бастауы,  ұ лтты қ 

шоғырлануға талаптану,  ж а з б а әдебие-

тінің дами бастауы, әдеби тілді  қалып-

тастыру,  қ а з а қ зиялылалы басқарған 

б у р ж у а з и я л ы қ - д е м о к р а т и я л ы қ 

қ о з ғ а -

лыстың алғашқы  қадамдары міндетті 

түрде прогрессивтік бағытта болғанына 

еш күмәнданбау керек». Бұл жайды ле-

ниндік еңбектерде жиі  ұшырасатын көз-

қ арас : езілген  ұлттың  ұ лтшылдығына н 

біз жалпыдемократиялық элементтерді 

көреміз дейтін пікір растай түседі. 

Әлихан Бөкейханов 1916 -жылы Петро-

градта басылып шыққан «Бірінші Мем-

лекеттік думаның он жылдығына» атты 

ж и н а қ қ а енген  « Д а л а өлкесіндегі сай-

лау» деген мақаласында  Ж а қ ы п Ақбаев-

тың шешендік өнері мен  қоғамдық бел-

сенді  қызметіне аса жоғары баға бер-

ген. «...Бұрын ойына келгенін істеген, енді 

митингілерде үнсіз тұрған 

құдыретті 

жергілікті әкімшілік  қызметін ол тәрізді 

мейірімсіздікпен сынағанға 

қ а з а қ т а р 

тұңғыш рет куә болды», — деп  ж а з ғ а н 

Ә. Бөкейханов. Ол осылайша  « қ а р а ж ү з -

дікшілермен  қызметтес болғысы келме-

гендіктен бостандық күндері отставкаға 

шыққан» бітіртіруші (мировой) судья 

Ж а қ ы п Ақбаевтың шешендігі мен  қоғам-

дық белсенділігін әңгімелеу арқылы 1905 

жылғы 


қ а з а қ т а р арасындағ ы саяси 

ахуал, тыныс-тіршіліктен аталған кітап-

та тәп-тәуір мағлұмат берген. 

Ж а қ ы п т ы ң 1916-1917  ж ы л д а р д а ғ ы 

қ оғамды қ  қызметі жайынд а  Қ а р қ а р а л ы 

уезіндегі Уақытша үкіметтің комиссары 

Николай Вайснердің 1917жылғы 12 май-

дағы Семей атқару комитетіне жолда-

ған баяндамасы мен (Қарағанды облыс-

тық мемлекеттік архиві, № 11с/329-

қор, тіркеу № 1,2-іс, 2-10 беттер) Семей 

облыстық прокурорының міндетін атқа-

рушының Омбы сот палатасының Бас 

прокурорының атына 1917 жылдың 



22 июнінде жолдаған  ұсыныс хатында 

(Омбы облыстық мемлекеттік архиві, 

190-қор, тіркеу № 3, 1092-іс, 58-бума, 6-9 

беттер)  ж а н - ж а қ т ы тәптіштей баяндал-

ған деуге болады. Әрине, бұл екі автор да 

Ж. Ақбаевты барынша жек көріп, жаман-

дап жазып отыр. Соның өзінде Ақбаев 

Ж а қ ы п т ы ң сол  қысылтаяң тұстағы  қо-

ғамдық  қызметі,  қ а з а қ халқының ғана 

емес,  Қ а р қ а р а л ы өлкесінің барша тұр-

ғындарының, оның ішінде орыстардың 

арасында аса жоғары беделге ие екендігі 

жайлы (Уақытша өкімет комиссары мен 

патша өкіметінің прокуроры мұны  қала-

сын-қаламасын мейлі) баяндалады. Уа-

қ ытш а өкіметтің Семей облыстық ат қ ар у 

комитетінің тағайындауы бойынша мей-

лінше мол өкілдіктерге ие болып келген, 

басты міндетті  Қ а р қ а р а л ы уезінде Уа-

қытша өкіметке  қ ажетт і тәртіп орнату, 

уезд билігін толықтай өз  қолына алып 

алған осындағы  қоғамдық  ұйымдар мен 

армияның Біріккен комитеті мен оның 

нақты басшысы Ж. Ақбаевты «жуасыту», 

реті келсе  қамап, жер аудару болып та-

былатын Н. Вайснер басынан өткерген 

қияметтерін,  Ж а қ ы п т ы тұтқындап, ауда-

ру былай тұрсын, өз басының  қайғысы-

мен әуре болып кеткендігін «көзіне жас 

ала отырып» баяндаған. Бұл  ұ з а қ баян-

дамадан «далада бірқатар беделге ие» 

Ж. Ақбаевтың март айының бас кезінде 

аталған Комитеттің вице-председателі 

болып сайланғанын, ал оны бұл  қызмет-

тен «жылжытудан» ешқандай да нәтиже 

шықпағандығын, нәтижесінде жер ауда-

рылуға, тұтқындалуға тиісті  Ж а қ ы п т ы ң 

қ ал а ж ұ ртшылығ ы (ішінде орыстар да 

бар) мен  қыр  қазағының жаппай  қол-

дауының нәтижесінде аталған Комитет-

тің председателі болып сайланғандығын, 

комиссар Н. Вайснер мейлінше  қолдаған, 

оның  ж а з б а с ы бойынша, «барлық  ж а -

ғынан да өте  ж а қ с ы адам», уезд бастығы 

Макаревичтің орнынан алынып, оның 

орнына «Ақбаевтың досы» Аяғановтың 

тағайындалғанын, ең ақырында Вайс-

нердің өзінің де «комиссарлықтан мас-

қ ар а боп босап  қ алғанын » білеміз. 

Екінші документте  Ж а қ ы п Ақбаевтың 

1904-1905 жылдары Омбы сот палата-

сындағы жұмысынан өз еркімен кеткен-

нен кейін (ал оның бұл жұмысынан кету 

себебін Әлиханның баяндауында жоға-

рырақта айтқан болатынбыз) «өтірік, 

ж а л а арыздар жазумен» шұғылданып 

жүргені,  қырғыздар арасындағы партия-

лық күреске  қатысатынын,  қырғыздар-

дың өздерінің айтуы бойынша, олардың 

өздерінің тапсыруы-сұрауымен ақыл-

кеңес беріп, көмектесетіндігі айыпталып 

жазылған. Тиісті лауазым иелері орыс-

тардың: нотариус Чемодановтың, бітісті-

руші судьялар Азбукин мен Лысенков-

тардың кінәлаулары бойынша, «осы жыл-

дың март айында, мемлекеттік төңкеріс-

тен кейін  Қ а р қ а р а л ы уездік атқару коми-

тетінің  құрамына сайланған  Ж а қ ы п Ақ-

баевтың... уездегі орыс тұрғындарға, 

оның ішінде лауазым иелеріне  қарсы 

науқан ашқанын, халықтың негізгі бө-

легі  қырғыздар болғандықтан, уездегі 

өкімет билігі соларға берілуі тиіс екен-

дігін дәлелдеуге күш салып, үгіт жүргі-

зіп жүргенін» айыптап  ж а з ғ а н . 

Обалы не, прокурор мырзаның біз 

тілге тиек етіп отырған  Ұсыныс хатында 

Ж а қ ы п Ақбаевтың пайдасына айтыл-

ған пікірлер де бар. Мәселен, Ахмет Ая-

ғанов Ақбаевтың  е ш қ а ш а н да  қырғыз-

дарды орыстарға  қарсы болуға үгітте-

мегенін, тек  қана уездік комитетке не-

гізгі тұрғын халық —  қ ы р ғ ы з д а р д а н 

өкілдердің көбірек енуі  қ а ж е т екенін ай-

тып дәлелдегенін, бітістіруші судьялар 

Азбукин мен Лысенковты комитет  құра-

мына кіргізуге  қарсы болғанын, бұл  ұсы-

нысын аталған лауазымды мырзалардың 

комитеттің басқа мүшелеріне үстемдік 

жүргізуі әбден мүмкін екендігімен дәлел-

денгенін айтқан. Уездік комитеттің және 

бір мүшесі Смағұл Бекбаев  Ж а қ ы п Ақ-

баевтың  қырғыздар арасында өзінің оқы-

ған, білімді, ақылдылығымен беделге 

ие болғанын, сол үшін де  қырғыздардың 

оны уездік комитет басында көргісі келе-

тінін, ал бұл  ұсыныс  қаланы билеп  қал-

ған орые тұрғындарға  ұнамайтынды-

ғын,  Ж а қ ы п т ы ң  қырғыздарға патша 

берген бостандықтардың мәнін  ұдайы 

түсіндіріп жүргенін,  қырғыздарды орыс-

тардан бөлектенуге ешқашан да үгітте-

мегенін, тек  қана полицияның орнына 

милиция болуы керек екенін, мұның ар-

тықшылықтарын айтып түсіндіргенін, 

ал орыс чиновниктерінің мұны өздеріне 

қ арс ы үгіт деп түсініп отырғанын әңгі-

мелеген. Прокурор мырза осыларды 

баяндай келіп,  Ж а қ ы п Ақбаевтың үсті-

нен  ж а з ы л ғ а н  Қ а р қ а р а л ы уезінің 3-учас-

келік сотында екі арыздың, Павлодар 

уезінің 1-учаскелік сотында екі арыздың 

жатқанын, олардың иелері мәртебелі 

судьялар Азбукин, Лысенков, нотариус 

Чемоданов,  қала старостасы Ситников 

екендігін (бұлардың бәрінің де өздеріне 

қ арсыла с Ж. А қ баевта н кек алуды көз-

деп жүргенін айтпайды, әрине) хабар-

лай отырып, Бас прокурорға ешқандай 

да  ұсыныс айтып,  Ж а қ ы п т ы  ж а з а л а у 

жөнінде тілек білдірмейді. «Үнсіз  қалсам, 

аталған мырзалар жоғарыға арыз айдап 

жүрер» деп ойлаған прокурордың өз 

міндетінен осылай  құтылғысы келгені, ал 

іс жүзінде оның өзінің Ж. Ақбаевты іш-

тей 

қолдайтыны бай қ алы п отырады. 



Шынында да,  Ж а қ ы п Ақбаевтың тала-

бы өте орынды еді.  Қарағанды облыстық 



архивінде кездейсоқ  с а қ т а л ғ а н кейбір 

документтерге  қарап, ол талаптардың 

өте әділ екеніне көзімізді жеткізгендей 

болдық. Мәселен, 1917 жылдың 20 мар-

тында Уақытша үкіметтің комиссарла-

рының бекітуі бойынша  Қ а р қ а р а л ы уез-

дік Біріккен атқару комитетінің  құрамы-

на бүкіл 22 болыс ел  қ а з а қ т а р д а н ,  Қар-

қ арал ы  қ аласыны ң басындағы «қырғыз-

дар, татарлар, сарттар мен бұқарлық-

тардан» небары 13-ақ адам кірген. Оның 

есесіне  қаладағы "ат төбеліндей ғана 

орыстар мен  қазақ-орыстардан 15 адам 

кіріпті. Ал, олардың ішіндегі азуы алты 

қ ары с купецтер, алпауыт казактар , су-

дьялар, бүкіл 

Қ ар қ аралын ы жылда р 

бойына «ашса алақанында, жұмса жұ-

дырығында»  ұстап келе жатқан,  қ а р қ а -

ралылықтар күні бүгінге дейін аттарынан 

қорқатын Гаврил Рязанцев ,  З а х а р Чер-

вев, Алексей Тысяцкий, Анатолий Лы-

сенко, Роман Азбукин, Яков Ситников, 

жергілікті команда бастығы Прохоро-

вич сияқты кілең  қорқау  қ а с қ ы р л а р  қай 

қ а з а қ қ а билік, есе бергендей еді?! Бұ-

ған  Ж а қ ы п Ақбаев, Нарманбет Орман-

бетов, Нығмет Нұрмақов, Мұхсын мен 

Фатих Бекметовтер сынды жергілікті 

ұлттардың, осы же р т ұ рғындарыны ң 

оқыған, көзі ашық азаматтары  қ а л а й ш а 

шыдасын?! Ақшалы  қапшықтарға, ал-

пауыттарға  қарсы шыққан оларды кейін-

нен «орыстарға  қарсы шықты, орыстарды 

қуғысы келді» деп айыптағанымы з арға 

сия ма?! 

Осыдан келіп, аумалы-төкпелі іске 

жергілікті команда солдаттары мен  Қар-

қ аралыны ң түпкілікті 

қ аза қ -орыстар ы 

мен  қ а з а қ т а р д ы ң  қалың  б ұ қ а р а топтары 

араласады да, комитет  құрамынан Аз-

букин, Лысенков, Чемоданов, Рязанцев, 

Ситников, Тысяцкийлер шығарылады. 

Солдаттар  Ж а қ ы п т ы тұтқындау жөнін-

дегі жарлықты орындаудан бас тартады, 

іс насырға шабатын болғандықтан, жер-

гілікті үкіметтің басындағылар  қ а ш қ а н ы 

қ ашып , тығылғаны тығылып, бас сауға-

лап тынады. Әділдік салтанат  құрып, 

Ж а қ ы п т а р жеңіске жеткенмен, бұл да 

тұрақты болмайды. 

Ал байлық пен билік иелерінің  « Ж а қ ы п 

Ақбаев 


қ ы р ғ ы з д а р д ы ң  а р ы з - ш а ғ ы м 

жазуына көмектесіп, дау-дамай көбей-

теді, сол арқылы  қырғыздарды өкімет 

орындарына, заңға бағынбауға бау-

лиды» — деген тәрізді шағымдарына 

Ж а қ ы п т ы ң өзі былай деп жауап береді: 

«Мен жәбір көрген өзімнің  қандас  қыр-

ғыз бауырларыма орыс және  қырғыз 

әкімшіліктері жасап отырған озбырлық-

тарға  қарсы өтініш-тілектер мен арыздар 

жазып беруге міндеттімін, олардың бұл 

тәрізді өтініштерін орындамауға менің 

ешқандай да  қақым жоқ, ал осының мені 

екінші рет айыпкерлер орындығына отыр-

ғызуға жеткілікті деп білетіндерге ме-

нің бәлендей  қарсы айтар дауым жоқ» 



(Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік архи-

ві, 64-қор, тіркеу № 1,-5832-іс, 151-

бет). 

П а т ш а өкіметі тұсында бірнеше рет 

түрмеге  қамалып, екі рет жер аударыл-

ған, бірнеше рет ірі көлемдегі  а қ ш а л а й 

айып төлеген  Ж а қ ы п Ақбаевты жоғары-

да айтқанымыздай, 1991 жылдың янва-

рында Колчак пен Анненков контрраз-

ведкасының агенттері Колчактың әскери-

қ а з а қ диктатурасыны ң жау ы ретінде, 

халықты колчактық және атамандық 

өкіметті  құлату мақсатында және совет 

өкіметін  қалпына келтіруді көздеген  қа-

рулы көтеріліске үндеп, шақырғаны үшін 

тұтқынға алады. Ал, сол жылдың 7 

июлінде колчактық әскери-дала соты оны 

ату  ж а з а с ы н а үкім шығарады. Ж. Ақ-

баев үкімді бұзу үшін арыз беруден бас 

тартады, «арыз  ж а з » деп үгіттеген әкім-

дерге  Ж а қ ы п айтыпты деген, халық ара-

сына кей, тараған «қырғыздарды ескі 

тәртіпті  қиратуға шақырғаным рас бол-

са, сол ескі тәртіпті мылтық күшімен  қор-

ғап отырған үш мың орыстың жандай-

шап, алпауыттарын  ж о қ  қ ы л а р отыз 

мың  қырғыз табылмас дейсің бе?» — 

деген сөздерді айтқан ғой. 

Қ а л а й болған күнде де, — мейлі,  Ж а -

қыптың әлгі  қ а һ а р л ы сөздерінің әсері-

нен:  қорықсын, мейлі, осы кездегі  қызыл 

әскерлердің Колчак әскерлерін жаппай 

қаусатып, дүркірете  қууды бастаға н ке-

зінде  қ а з а қ т ы ң  Ж а қ ы п Ақбаевтардай 

беделді адамдарынан көмек күтіп, ал-

даусыратқаны болсын, мейлі, Ақбаевқа 

шығарылған үкімді бекітуге тиісті кор-

пус командирі Березовскийдің онымен 

Петербург университетінде бірге оқыған 

кезінде ақыл-көркіне, алғыр ойлы білім-

ділігіне тәнті болғандықтан да, үкімді 

бекітуге дәті бармағаны болсын, әйтеуір 

әскери-дала сотының  қатал үкімі күшіне 

енбестен  қалады. 

Сонымен патша өкіметі мен онан кейін-

гі Уақытша үкіметі сияқты Колчак үкі-

метінің ашық жауы ретінде әлденше рет 

қ амалып , түрмеде отырған, же р аудары-

лып, түрлі айыптар төлеген,  а қ ы р соңын-

да өлім  ж а з а с ы н а да кесіліп, одан да 

аман  құтылған  Ж а қ ы п Ақбаев Алашор-

да үкіметінің мүшесі болып сайланған 

жылдарын Колчак түрмесінде өкізді. 

Одан шыққаннан кейін Совет өкіметі-

нің өзінің күні кешегі жауларына-ала-

шордашыларға кең көлемді кешірім жа-

риялаған Совет өкіметінің ізгі ниетті 

қ адамын , одан шыға р игіліктерді пайда-

лануға бел байлаған  Ж а қ ы п әуел баста-

ғысынша өзінің «сорлы халқына»  қызмет 

ж а с а у ғ а кірісті.  Д а р ы н д ы юрист совет 


өкіметі тұсында Семей губерниясында-

ғы  з а ң орындарын, сот мекемелерін  ұй-

ымдастырушы, сол кездегі  о л а р д ы ң  қиын 

істі  ж о л ғ а  қоюшы бола білді.  Д ә л осы 

кезде 1917  ж ы л ы  ұ й ы м д а с қ а н  Қ а р қ а р а -

лы уездік Біріккен  а т қ а р у комитетінде 

өзі председатель болып жүргенде сол 

комитеттің мүшесі бола жүріп, Петер-

бург университетін бітіріп келген, көп-

ті көріп, көпті білетін өзінен көп  ж а й л а р ғ а 

қ анығып , көпті үйренген, ал б ұ л күндері 

өзінің күйеу баласы,  б о л а ш а ғ ы н а н көп 

үміт күттірген, ағасы  Ы б ы р а й д ы ң  қызы 

Зүпнүннің зайыбы Нығмет  Н ұ р м а қ о в 

көп көмегін берді,  қиын  ш а қ т а  қол  ұшын 

беріп, дұрыс-түзу  ж о л ғ а түсіп, оған тез 

көндігіп кетуіне көмектесті. Сөйтіп өзінің 

бір кездегі Нығметтей  б а л а жігітке жаса-

ған  ж а қ с ы л ы ғ ы еселеп  қайтты. Бостан-

д ы қ т а ғ ы өмірінің соңғы  ж ы л д а р ы н осы 

Семей, онан кейін  Қызылорда губерния-

л а р ы н д а ауыр науқаспен  а л ы с а - а й қ а с а 

жүріп, адвокаттық  қызметтер атқарды. 

М а қ а л а м ы з д ы ң  б а с қ ы  ж а ғ ы н д а айтқа-

нымыздай, Голощекин мен голощекинші-

лерге, соларды бет перде есебінде  ұста-

ған  б а с қ а л а р ғ а әлде  қ а л а й себептер үшін 

сол тұстағы  қ а з а қ  з и я л ы л а р ы н  құрту  қа-

жеттігі-туды. Міне, осы кезде  б а я ғ ы Ала-

шорда тәрізді  қ ұ б ы ж ы қ т ы тірілту керек 

болды. (Мұны бүгінде  б а с қ а ш а дәлелдеу-

дің бәрі  ж а й ғана сөз  қ у а л а у тәрізді). 

Осыдан кейінгі  ж е р д е  Ж а қ ы п Ақбаев-

тың бір кезде «Степной край» газетінде: 

«Мен дұрыс  ұйымдастырылған, ар-иман-

ды аттамай  ж ұ м ы с істейтін соттан еш-

қ а ш а н д а  қ оры қ паймын , мен Россияд а 

кең өріс алған полиция бассыздықта-

рынан ғана  қорқамын», — деп ашына 

ж а з ғ а н ы н д а й , сол  б а с с ы з д ы қ т а р Совет-

тік Россия жерінде де кең өріс алды. Бас-

қ а д а  а л а ш о р д а л ы қ т а р м е н бірге  Ж а қ ы п 

Ақбаев та «үштік соттың» үкімімен орыс-

тың Воронеж  қ а л а с ы н а  ж е р аударылып 

кете барды. Осында жүргенде бұрын-

ғы ескі ауруы асқынып кетті. Соның әсе-

рімен ол жүріп-тұруға,  е ш қ а н д а й жұмыс 

істеуге  ж а р а м а й  қалды.  Қиын күндерде 

бір кездегі үзеңгілес,  қ а р у л а с ,  қызмет-

тес,  ж а л п ы тілегі бір достары көмекке 

келіп,  Ж а қ ы п т ы еліне,  А л м а т ы ғ а  қай-

тарттырды. Осында келіп, 1934  ж ы л ы ау-

ыр науқастың салдарынан, көрген азап, 

ауыр тұрмыстың  с а л д а р ы н а н Алаштың 

асыл  а з а м а т ы ,  А р қ а н ы ң  а р д а қ  т ұ т а р ерен 

адамы аянышпен о дүниеге аттанды. 

Ж а қ ы п т ы ,  о қ ы р м а н д а р ы м ы з д ы ң әр-

қ а л а й  қ абылдайтындығы н біле отырып, 

әдейілеп «Алаштың  а з а м а т ы » атап отыр-

мыз. Алаш — арғы ата-бабаларымыз-

дан келе  ж а т қ а н көне сөз екені көпші-

лікке белгілі.  Х а л қ ы м ы з  е ж е л д е н - а қ елге 

қ а м қ о р болға н 

қ адірменд і адамдары н 

«Алаштың  а з а м а т ы » атап, 

қадірлеп, 

құрметтеген ғой. Ешкімді де  ж а т көр-

мейтін халқымыз танымайтын адамын 

да  « а л а ш т ы ң  а з м а т ы н ы ң бөтендігі жоқ», 

— деп  құрметтеп  қ а р с ы алып келген. Мі-

не, осылайша «Алаштың азаматы» деген 

сөз ең  қадірменді  а д а м ы н а  а р н а л ы п ай-

тылған 

қ а з а қ т ы ң . Соңғ ы  ж ы л д а р д а , 



кейінгі  о н ж ы л д ы қ т а р д а осы бір аяулы 

сөзден безініп, енесінен жеріген төлдей-

ақ жерініп, безініп кеттік. Соның салда-

рынан  « а л а ш қ а »  қ а т ы с т ы  қ а н д а й әң-

гімелерден де сырт  а й н а л а т ы н д ы шыға-

рып алдық. Осы тұрғыдан келгенде «Ала-

шордаға»,  ж а л п ы «Алаш» атына  қарсы 

науқан  ұйымдастырған голощекиндер, 

мартыненколар, брайниндер мен шафи-

ролар,  құрамысовтар,  т о ғ ж а н о в т а р мен 

исаевтар өздерінің  а л д а р ы н а  қойылған 

«мәртебелі» міндеттерін «абыроймен» 

орындап шықты: ежелгі  қ а з а қ халқы 

өзінің байырғы аяулы атауынан безіп 

шығып, еңкейген кәрісінен еңбектеген ба-

ласына дейін таспен атып «өлтіріп тын-

ды». «Кіші Октябрьді» өткізу барысын-

да»,  « Қ а з а қ с т а н партия  ұйымын боль-

шевизациялау» тұсында республиканың 

кадрлар корпусын ыдыратып, бір-біріне 

әдейі  қарсы  ж а у ы қ т ы р ы п  қойды, ырың-

жырыңды күшейтті. Әлихан Бөкейханов-

тай тұңғыш  қ а з а қ экономисін, Ахмет 

Байтұрсыновтай  а л ғ а ш қ ы советтік ағар-

тушысын,  Ж а қ ы п  А қ б а е в т а й  қ а з а қ хал-

қ ына н  ш ы қ қ а н  т ұ ң ғ ы ш прав о магистрін, 

осылар сияқты  « а л а ш т ы ң аяулы аза-

маттарын», ылғи шетінен «ығай мен сы-

ғай» дерлік, бірінші орындарда тұрған 

а л ғ а ш қ ы л а р мен  т ұ ң ғ ы ш т а р д ы итжек-

кенге айдатып, түрмеге тықты, «тұны-

ғымызды  л а й л а й д ы - а у , бетімізге келіп 

бөксемізді  ж а л а ң а ш т а й д ы - а у , халықты 

дүрліктіріп, соңдарынан ертеді ау» деген 

ардагерлерімізді  ж о қ  қылды. Бәрінен де 

біздердің  ж а н ы м ы з ғ а бататыны — сол 

ардагерлерімізді  « а л а ш т ы ң азаматы» 

деген атаумен бірге  х а л ы қ санасынан 

мүлде өшіріп  т а с т а у ғ а талпыныс  ж а с а -

ғандары  ж ә н е де бұл  ж о л д а олардың та-

быссыз еместіктері. Содан келіп кезінде 

ел  қадірлеп, көсем тұтып, соңдарына ер-

ген  А л а ш т ы ң  а з а м а т т а р ы н ы ң жасам-

паз істері былай тұрсын, есімдерінің өзін 

ж а п п а й  ұмыта бастаппыз.  Қ а с ы н а келіп 

Ж а қ ы п т а р д ы ң атын атап, ол туралы 

естіген-білгендерін айтуды сұрағаны-

ңызда, шетінен өзін  « а р а н д а т қ а л ы тұр-

ған» адамды, «әзәзілді» анықтап көріп 

алып, тиісті жерге тезірек  х а б а р л а ғ ы с ы 

келгендей-ақ, бетіңе  о ж ы р а я  қ а р а п , тез-

детіп  қ а с ы ң н а н тайып тұратынын  қай-

терсің? Тіпті, Алматы мен  Қ а р қ а р а л ы 

қ а л а л а р ы н а арнай ы іздеп бары п жолы қ -

қ анд а «осыла р біледі ғой, айтаты н шы-

ғар-ақ» деген  Ж а қ ы п қ а  ж а қ ы н деген, 

ж ө н - ж о б а білерлік екі  а з а м а т т ы ң маңы-

на да  о т ы р ғ ы з б а ғ а н ы н а  т а ң  қалып,  ж а -



ғамызды  ұстағанымыз бар... Ата-анасын 

ұмытқан мәңгүрттік дегеніміздің өзі осы 

емес пе екен? 

Байыбына барып, ой тереңіне үңілетін 

болсақ, әлгі  а з а м а т т а р д ы бәлендей кінә-

лай  қоюдың да реті шамалы сияқты. Бұл 

барша халықтың (оның ішінде  қ а з а қ 

халқының да) басына төніп алып, әлі 

күнге салқынын жоғалтпай тұрған  қа-

ралы бұлт, зілзала дерттің салдары,  қа-

ғидаға айналып кеткен  қағидалардың 

зардабы ғой... 

Ал,  Ж а қ ы п Ақбаевтың тірнектеп жи-

нап,  қадірлеп зерттеген, мұқияттылық-

пен шұқшия  т а л д а ғ а н  ұрпағы болатын-

дай  ж а ғ д а й д а халқы үшін атқарған, ке-

зінде «алаштың асыл азаматы», «хал-

қының бостандығы жолындағ ы белсенді 

де белгілі күрескер» аталуға лайық ең-

бегі бар, оларымен  қоса артында мол 

мұра да  қалдырған ардагер екені дау-

сыз. Ақбаевтың  қаламынан кезінде аса 

бағалы зерттеу еңбектер туған. Солар-

дың бірі Орыс географиялық  қоғамының 

Семей бөлімшесінің  Ж а з б а л а р ы н д а 1907 

жылы жарық көрген  « Қ а з а қ т а р д ы ң  қа-

тардағы правосы, оның ішінде семьялық-

неке правосы» деп аталатын еңбегі. Онан 

кейін  Қ а з а қ ССР-ы Ғылым академиясы-

ның право секторы 1948 жылы «Қазақ-

тың әдетті правосы бойынша материал-

дар» атты жинақты басып шығарған бо-

латын. Осындағы әдет-ғұрыптар жиын-

тығы жайлы  ж а з б а л а р д ы ң авторы көр-

сетілмеген, ал солардың авторы Жақып 

Ақбаев деген пікірге біз де толық  қосы-

ламыз. Ж. Ақбаев кезінде  қ а з а қ халқы-

ның шығуы туралы ғылми  ж о ғ а р ы ма-

ңызға ие, соған орай ғылми әдебиетте 

жиі  қолданылып та жүрген еңбек жаз-

ған. Оның әр кезде мерзімдік баспасөз 

беттерінде  ж а р и я л а н ғ а н заң, право жай-

лы көптеген  м а қ а л а л а р ы бар. Еш жерде 

жарияланбаған, алайда ғылми, таным 

дық мән-мағнасы зор хаттары, жоғары 

орындарға жолдаған шағымдары мен 

хаттары да көп. Мәселен  Қазақстандық 

праволық әдебиетте жиі аталып жүрген 

граф сенатор Паленнің атына жолдан-

ған хаты оның авторы  Ж а қ ы п Ақбаев-

тың Россиядағы өмірге көзкарасын көп 

ж а й л а р бойынша анықтап алуға көмек-

тесерлік  қ ұ ж а т болып табылады. Ал түрлі 

ой-толғаныстарын осындай түрлі жаз-

балар арқылы ғана білдіру мүмкін болған 

ж а ғ д а й д а  ж а з ы л ғ а н әр тұрғыдағы түр-

ліше мазмұнды мұндай хаттар, жазба-

лары көп-ақ  қой. 

Ж а қ ы п Ақбаев  Қ а р қ а р а л ы н ы ң атақ-

ты байы Халиолланың  қызы Гүлбішке 

үйленгенін жергілікті тұрғындар жақсы 

біледі. Осы екеуі дүниеге екі  ұл және төрт 

қыз әкеліп, ер жеткізген. М ұ ра т пен Кә-

мелшат есімді  ұлдары  Ұлы Отан соғысы-

на  қатысып,аман оралғанмен, сол соғыс 

зардабынан елге, Алматыға келіп  қай-

тыс болған. Аргуния, Асфазия, Найма-

ния, Андремада есімді  қыздары әке ат-

ына  л а й ы қ  а з а м а т т а р болып өскен, жоға-

ры білім алған, ғылым жолына түсіп, 

білікті ғалым атанған аяулы жандар. 

Қазір б ұ ларды ң Н ұ рла н атты үлкен 

ғалым-химик баласын өсіріп отырған Ар-

гуниясы мен Найманиясы Алматыда 

аман-есен жүріп жатыр. Зайыбы Гүл-

біш осы бертінде ғана осыдан екі жыл бұ-

рын Алматыда дүниеден  қайтты. 

Алаштың асыл азаматы, Арқаның 

ардақтыларының бірі  Ж а қ ы п Ақбаевтың 

өмір жолы жайлы әзірге айтарымыз осы. 

Осы таяуда ғана, өткен жылғы 7-санын-

да «Наш современник» журналы: «Букей-

ханов был крупнейшим деятелем своего 

времени, видным экономистом. Но до пос-

леднего времени  д а ж е и представить 

было невозможно, что в Казахстане кто-

то решится написать и издать объектив-

ную биографию  Б у к е й х а н о в а » , — д е п 

ашына жазғанындай,  Ж а қ ы п Ақбаев 

туралы да алпыс жыл бойына ауыз ашу-

ға болмады ғой. Сол  а л а ш т ы ң азаматы 

жайлы  а л ғ а ш қ ы дерлік осы мақаланы 

жазушының да, оның жазғандарын 

болашақта оқушылардың да  қорқа со-

ғып, байқап айтуы, оған байқап үн  қо-

суы заңды сияқты. Екінші бір жағынан 

Ж а қ ы п пен  Ж а қ ы п сияқты ардагерлер 

жайында іркілместен айтып-жазуымыз, 

олардың объективті өмірбаянын жазуы-

мыз — бүгінгі өмір талабы. Ал, осы жол-

да еңбектенуге тілек білдірушілер мен 

«е-е-ой-й», мынау мынаны  қайдан ал-

ды, мынау не дейді-ей?» — деп, дереу 

тырнақ астынан кір іздеуге кірісушілер-

ге айтарымыз: 

— Әзірге 

қ олыңызғ а тимей жатуы 

ғажап емес. Осы  ж а қ ы н д а ғана кітап 

дүкендеріне түскен  « Қ а з а қ ССР. 4 том-

дық  қ ы с қ а ш а энциклопедия» атты кітап-

тың төртінші томын  қ о л ы ң ы з ғ а алып, 

653-бетін ашып  қ а р а ң ы з . Әлихан Бөкей-

ханов, Халел Досмұхаметов, Міржақып 

Дулатов, Сұлтанбек  Қожанов, Смағұл 

Сәдуақасов,  М ұ х а м е т ж а н Тынышбаев 

сынды асыл азаматтармен бірге олар-

дың әріптестері, тағдырлас серіктері  Ж а -

қып А қ баев қ а д а  « Қ а з а қ СС Р  — т ө р т 

томдық  қ ы с қ а ш а энциклопедиясына  қо-

сымша» — деген бөлімде шағын мақала 

арналыпты. «Ақбаев Жақып...  Қазақ-

станда  ұлт-азаттық  қозғалысқа  қатысу-

шы,  қоғам  қайраткері,  қ а з а қ халқынан 

шыққан тұңғыш право  м а г и с т р і » , — д е п 

басталған осы мақала 

қ аражүздіні ң 

аузына  құм  құйып, тілекшілеріміздің та-

лабына  қанат байлар деген ойдамыз. 

Қ ала й болған күнде д е  Ж а қ ы п т а р д ы ң 

алдындағы борышымызды өтеп,  ұрпақ-

тарына оның ақ-адал есімін  қайтарып 

берейік, толыққанды бейнесін жасайық. 

Бұл бүгінгі  ұрпақтың кезек күттірмес па-

рызы болса керек. 



Қарқаралы. - 1991. - № 1. - 65-73 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал