Алтын бесік Атамекен Нұрсұлтан назарбаев



жүктеу 0.83 Mb.

бет3/7
Дата22.04.2017
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Шынай РАХМЕТҰЛЫ, 

ақын, жазушы (Моңғолия)

Моңғолия жерінде тұратын 

қазақтармен саяхатшы-ғалым 

Григорий Потанин 1876 жылы 

жолығыпты. 1924 жылы Моңғолия 

елінің тұңғыш Ата заңын бекітіп, 

республика мәртебесін баян-

ды етіп, астанасын белгілеген 

алғашқы құрылтайын басқарып 

өткізуге Мәскеуден жіберілген 

Тұрар Рысқұлов осы жердің қиыр 

батысындағы қазақ уәлаятының 

өкілі болып қатысқан Дәуітбай 

Тауданбекұлымен жүздесіп, 

әңгі мелесіпті. Мұндағы қандас-

тарымыздың 1920-1930 жыл-

дары кеңестік Қазақстанмен 

жалғаса бастағандығы ұлттық 

құндылықтарын сақтап қалуға 

шешуші ықпалын тигізді.

Тағдыр тепкінімен жер шары-

ның сан тарабына бытырап кетіп 

«көзі мөлдіреген» қандас тары-

мыз Алла қолдап, Қазақстан 

Президенті, Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының Төрағасы, 

әлемдік біртуар саясаткер 

Н.Ә.Назарбаевтың ұлтжанды 

кемең герлігінің шарапатымен 

90-жылдардың басынан тарихи 

Отанымызға қоныс аудара баста-

ды. Егемен Қазақ елінің барыстай 

қарымды, қарышты дамуына, атаме-

кен топырағына оралып, орналасқан 

ағайындардың алаңсыздығына, 

осы ұлы іске ұйытқы болған 

Қауымдастықтың жанқиярлық 

қызметіне, Қазақстан мемлекетінің 

біздерге деген жан-жақты көмек-

теріне разымыз. Тек қана онда 

барған жерлестеріміз «пәлен елде 

өсіп-өнген қазақ» дегізіп ат ата-

тып, сүйек сындырмай, Отанына 

адал, абыройлы болса екен-ау деп 

тілейміз.

Қазақ баласы қайда жүрсек 

те Қазақстанды Отанымыз деп 

біліп, өзімізді Қазақстан азаматы 

санаймыз. Бұл шетелде жүрген 

қандастарымыздың баршасына 

ортақ жүрекжарды сөз. Ұлттық асыл 

қасиеттерімізді тарих кешулерінен 

аман алып өтіп бүгінге жеттік. Бұл 

жақта білім, мамандық алған жас 

буындардың үлкен легі атамекен-

ге барып орын тепті, Қазақстанда 

білім игергендер тарихи От-

анымызда қалуда. Менің біраз 

жерлестерім зерттеу еңбектерімен 

ғылымға, қаламдастарым ұлттық 

әдебиетімізге тамшыдай болса да 

үлес қосты, моңғол әдебиетін қазақ 

оқырмандарына таныстырды. Қазақ 

әдебиетінің таңдаулы көптеген 

үлгілерін тәржімалау арқылы 

ұлтымыздың ұлылығын моңғол 

жұртына  танытқан  Ш.Жәмлиха, 

О.Қаһар, Ж.Хайрулла, Х.Жүкел 

қатарлы жерлестеріміз өз талантын 

ұлт мүддесіне арнады.

Қазақ диаспоралары ортасындағы 

мәдени орталықтардың ілкімді 

жұмыстары сан мыңдаған қандас-

тарымыздан қолдау табуда. Менің 

өз еңбегім де еш кетпеді деп 

есептеймін. Себебі, маған берілген 

атақ «Моңғолия мәдениетіне еңбек 

сіңірген қайраткер» болғанымен де 

менің қырық жылғы еңбегім қазақ 

мәдениетінің еншісінде. Ұлтыма әлі 

де қызмет етуге пейілдімін.

Дүниежүзі қазақтары қауымдас-

тығының 20 жылдық мерейтойы-

на бір ұсынысымды айта кеткім 

келеді. Былтыр Астанада өткен ІV 

Құрылтайда Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев: «Шетелдерде өтетін 

кіші құрылтайларды қолдаймыз, 

оған «Самұрық-Қазына» ұлттық 

әл-ауқат қоры» қолдау көрсетеді», 

– деген болатын. Еуропадағы Кіші 

құрылтайлар сияқты, Моңғолия 

қазақтарының да Кіші құрылтайы 

жылда өткізіліп тұрса, оған 

«Самұрық-Қазына» қоры қолдау 

көрсетсе деген тілегімді жеткіземін.

Баршамыздың ең ізгі тілегіміз – 

егеменді елімізді сақтайық, мейлі 

қайда нендей күйде жүрсек те 

ұлттық тәуелсіздігіміздің қырағы 

қарауылы бола білейік!

Базарбай ИМАНОВ,

Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының Ақтөбе  

облысы филиалының жетекшісі.

Ақтөбе облысына 2002 жылы от-

басыммен көшіп келіп қоныстандым. 

2005 жылғы III құрылтайға, 2011 

жылғы IV құрылтайға делегат 

ретінде қатыстым.

Президенттің тапсырмасы-

мен 2008 жылы желтоқсанда 

Қазақ стан Үкіметінің «Нұрлы 

көш» бағдарламасы жасалды. 

Бауырларымызды құшақ жая 

қарсы алған еліміздің бірден-бір 

өңірі Ақтөбе облысы болды. Бұл 

өңірде тәуелсіздік жылдарында 

Өзбекстаннан 31 857 адам, Ресей-

ден 2777 адам, Түркіменстаннан 

2356 адам, Моңғолиядан 3098 

адам, Қытайдан 701 адам, Ираннан 



19

Менің елім – Қазақстан

46 адам, Тәжікстаннан 33 адам, 

Қырғызстаннан 23 адам –барлығы 

8178 отбасы, 40 891 адам келіп 

қоныстанды.

Мемлекеттік және өңірлік «Нұр-

лы көш» бағдарламасының жүзеге 

асырылуына сәйкес Хромтау ау-

даны, Көктау ауылында 2010-2011 

жылдары жалпы сомасы 1 256 981,6 

мың.теңгеге (300 пәтер, әрбіреуі 

4 238,6 мың. теңгеден) 75 төрт 

пәтерлі тұрғын үй салынды. Әрбір 4 

пәтерлі тұрғын үйге жалпы аумағы 

40 сотық жер телімі (бір отбасыға 

10 сотық) беріліп, абаттандырыл-

ды. Барлық үйлерге электр қуаты, 

жылу-газ, су құбыры және ағын-су 

құбырлары тартылды. Ауылда 600 

орындық мектеп және инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылым 

қатарға қосылды.

Елбасымыздың «Қазақстанның 

әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 

қадам» атты мақаласына орай 

Отанға оралған қандастарымыздың 

еңбек тынысын, елді дамытудағы 

үлестерін, жетістіктерін сарапқа 

салу мақсатында Қауымдастықтың 

облыстық филиалы мен облыс  

әкімшілігі бірлесіп Ақтөбе 

қаласында қыркүйектің 14-і күні 

аймақтық «Жалпыға ортақ еңбек 

қоғамына қандастарымыздың 

қарышты қадамы» атты конферен-

ция өткізді. Конференцияда Ақтөбе 

облысының әкімі А.Мұхамбетов 

және Қауымдастық төрағасының 

бірінші орынбасары Т.Мамашев 

баяндама жасады. Батыс Қазақстан, 

Атырау, Маңғыстау облыстары-

нан келген делегаттар жарыссөзге 

шығып, сөз сөйлеп, нақты ұсыныс-

тар айтып, алдағы міндеттер мен 

мақсаттарды ортаға салды.

Көп балалы оралман ана Дүрдан 

Мұстафаева Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын 

алқа» мемлекеттік марапатына ие 

болды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 

– 2020» бағдарламасы негізінде орал-

ман Қарабалиева, Құсназаров және 

Қарабаев отбасыларына пәтер серти-

фикаттары тапсырылды.

«Кеңес дәуірінде қазақтар 

республиканың өзінде 40 пайызды 

ғана құраған еді. Бүгінде елімізде 

қазақтар үлесі 65 пайызға жетті.

Мерейтой құтты болсын, ағайын!



Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ, 

Өзбекстан

АЛТЫН ДІҢГЕК

Салтым гүлдеп,

Кетті алыс даңқым дүрлеп.

Атажұрттың аясы – жарқын дүрмек.

Дүниенің қазағын тоғыстырған,

Қауымдастық біз үшін – Алтын діңгек!

Ой қазағы қауышып қыр қазағы,

Дархан жатқан даламның кірді ажары.

Нұр-ағам бастау болған  Қауымдастық,

Көзайымы болды елдің, бір ғажабы.

Сағынайын!

...шашылдық тарыдайын...

Атажұртқа ал енді ағылайын!

Шетке кеткен қазағын шепке тартқан,

Қауымдастық екен ғой, лағыл Айым.

(Өз елім құшақ жайып жатқан тұста

Өзге елде сұлтан болып неғылайын!)

Бөгде  жұртты алдық та ауылдас ғып,

Топырағына бөтеннің бауыр бастық.

«Қайран менің бауырым, 

 

 

қайдасың?» -деп



Қасқалдақтай күй кешті-ау 

Қауымдастық.

15 миллион қазағым дүр сілкінді-ау,

О, бастан жаратқан соң бауырлас ғып.

Міне бүгін шаттықтан жанған Далам,

Қауымдастық мұнда 

 

Алтын Орда маған.



Қазақтың бүтіндігін байрақ еткен,

Құтты болғай 20-ға толған қадам!

...Мен енді Есіліме ессіз құлап,

Жайыққа қайығымды жалдап алам...

Мен – қазақпын!

Атажұрт – жаныма Күн, – 

Дедім де туған елмен жамырадым.

Атыңнан айналайын, Қауымдастық,

Сен болдың қасиетті шаңырағым.


20

Алтын бесік – Атамекен

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына арналған 

іс-шаралардың бірі  13 қазан  күні  М. Әуезов атындағы  театрда өткен   “Атамекен 

және шетелдегі қазақ жастары” атты шетелдік және оралман қазақ жастарының 

кескіндеме, графика, мүсін, гобелен және сәндік қолданбалы өнер көрмеcі болды.

Көрменің мақсаты – бейнелеу  өнер түрлері саласында шығармашылық шы-

найы туындыларын шыңдап жүрген шетелдік қандас жастарымыздың еңбектерін 

көпшілікке таныту. Олардың отансүйгіштік, рухани ұлттық нақышқа бейнеленген, 

сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау. Сырттағы қазақтардың 

мәдени-рухани мәселелеріне жан-жақты көмек көрсету. Жастар бірін-бірі таны-

сын, Қазақстанға деген патриоттық сезімдері шығармашылығын шыңдай түссін 

деген ой.

Көрмеге  Қытайдан,  Өзбекстан,  Ауғанстан    және  Астана,  Алматы,  Есік,  

қалаларынан  24 шебер еңбектерін  әкелді.

Көрмеге ұсынылған шығарма лардың тақырыбы сан алуан.  Көрмеге келген  

қонақтар  шеберлердің  қолынан  шыққан  бұйымдарға  көз  жүргіртіп,  ғажайып 

дүниелердің  тылсым  сырына  үңіле  түсті.  Жапсырма,  кестелеу,  құрақ  құрау, 

бисер  тоқу,  моншақтармен,  басқа  да  көптеген  қолданбалы  сәндік-өнердің 

құралдарымен  жұмыс  жасапты.  Әсіресе,  бізді  қуантқаны  шеберлердің    дені 

ұлттық  тақырыптарға,  халықтық  құндылықтарға  барыпты.  Мысалы,  көрмеге 

қойылған  шығармалардың  ішінде  Зейнелхан  Ботагөздің    “Бақыт  құсы”,  “Құс 

жолы”,  “Саяхаттану”  тақырыптағы    жасаған    кестелері,  сонымен  бірге  Айтау  

Кәмшаттың  “Шұғыла”  гобелені,  Абдықадыр  Асылбектің  “Күй  құдіреті”,  “От-

ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ


21

Менің елім – Қазақстан

басы”  атты  теріден  жасалған  бұйымдары,  Қуанышбек 

Нұрсәуленің  ежелгі  сақ  киімдері  мен  әшекей  бұйымдары,  

Ташкенттен  келген  шеберлер    Орманбаев  Алмастың 

қыштан  жасалған  бұйымдары және Бұхарбаев Мұхтардың  

ағаштан жасаған бұйымдары  секілді туындылары ұрпақтар 

бойындағы  отансүйгіштік  пен  тарихқа  құрмет,  өткенге 

ілтипат сезімдерді аңғартады. 

Мемлекеттік    “Дарын”  жастар  сыйлығының  лауреа-

ты, Халықаралық “Шабыт” фестивалінің 1-ші орын иегері 

Өмірзақ    Гүлназымның  “Әупілдек”,  “Дүбір”  гобелендары,  

кестелі суреттері  көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Кестелі  сурет  –  қазіргі  замандастарымыздың  кескін-

деме,  графика,  сәндік-қолданбалы  өнер,  қолөнер  сияқты 

өнердің алуан түрінен таңдап алған көркемсурет шығарма-

шылығының ерекше бір түрі. Жіптермен және маржандар-

мен кестелеп сурет салу өнері кейінгі жылдары  әйелдердің 

ғана  емес,  ер  адамдардың  айналысатын  ісіне  айналды. 

Кестелі сурет – бұл әр уақытта ерекше эксклюзивті бұйым. 

Үй иелерінің  көңілмен сыйлыққа ұсынатын заты. 

Мысалы,  көрмеге  қатысқан  алматылық  шебер  Гүлина 

Жұмабекқызы:  «Біз  әкелген  қуыршақ  киімдерін,    ұлттық 

бұйымдарды  жасауға  көптеген  уақыт  кетті.  Нәтижесінде 

көздің  жауын  алып,  көп  сұраныстарға  ие  болған  әдемі 

нәрселер дүниеге келді», – дейді. 

Қазақтың қолөнері – халқымыздың ертеден келе жатқан 

асыл  мұрасы,  өшпес  қазынасы.  Ата-бабамыздың  қолынан 

шыққан  ою-өрнек  ұлттық  қолөнердің  түрлерін  өшірмей, 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру кейінгі жастардың борышы.

Қолөнер  –  дәстүрдің  жалғасы,  сөнбестің  айғағы.  Қазақ 

халқының  тұрмысында  тоқу,  ою-өрнек,  құрақ  құрау  т.б. 

қолөнер  түрлері  арқылы  неше  түрлі  бұйымдар  жасалған. 

Бабаларымыздың ұрпаққа деген өсиет үлгісі өнер  арқылы 

жеткен. 


Қазақтың салт-дәстүрін, әшекей бұйымдарын, неше түрлі 

текеметтерін, болашақта соны өркендетуге үлес қосамыз, – 

дейді өз ойын ортаға салған жас шеберлер.

“Бұлақ  көрсең  көзін  аш”  демекші,  жастарымыздың 

жетістігін  халыққа  кеңінен  таныстыру  міндетіміз  болып 

табылады.    Көрмеге  қойылған  туындылар  көрмеге  келген 

жұртшылықтың, әсіресе қонақтардың қызығушылығын ту-

дырып,  оларға  ерекше  әсер  қалдырды.  Гобелен,  зергерлік 

өнер,  керамика,  ағаштан,  теріден  жасалған  бұйымдар 

көркемдік  талапқа  сай,  тақырыпқа  мейлінше  лайық  бол-

ды.  Көрмеге    жиналғандар  көрменің  келер  ұрпаққа  берер 

тағылымы мол екенін айтып өтті.

Әділқазылар  алқасы  келіп  түскен  еңбектерді  саралай 

отырып,  8  шебердің  туындысын  көркемдігі  жоғары  деп 

шешті. Соған орай,  Бас жүлдені  Зейнелхан  Ботагөз жеңіп 

алды.  Бірінші    орынды  өзбекстандық  Бұхарбаев  Мұхтар 

иеленді.  Екінші  орынға  Қуанышбек  Нұрсәуле,  үшінші 

орынға Өмірзақ  Гүлназым  көтерілді.

Ынталандыру сыйлықтарына  Құрымбаева Гүлдана, Ор-

манбаев  Алмас,  Сәрсенқожа  Зағипа,  Мұратхан  Айгүл  ие 

болды.

                                                                   Айгүл ОМАРОВА



22

Алтын бесік – Атамекен

Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының  

20 жылдық мерейтойына 

арналған жыр мүшәйрасына  

10 ақын қатысты. 

Әділқазылар алқасының 

шешімімен Бас жүлдені 

Қытай Халық Республика-

сында тұратын жас ақын 

Ықылас Оразбай жеңіп 

алды. Жеңімпазға Бас жүлдені 

белгілі қаламгер, Мемлекеттік 

сыйлықтың иегері Әлібек 

Асқаров  тапсырды.

Бірінші орынды  Жанат 

Боқаш (Моңғолия) иеленді.

Екінші орынға Жарасқан 

Нұрыбаев (Өзбекстан), 

үшінші орынға   Шалқар 

Қаныкей (Қытай Халық 

Республикасы) көтерілді.

Ынталандыру жүлдесіне  

Жарас  Кемелжан, Қайсар 

Қауымбек, Алтыншапақ  

Хаутай қол жеткізді. 

Сондай-ақ, ақындар  Ұларбек  

Нұрғалымұлы, Тұрдықан 

Айдарханұлы,  Сұлтан 

Дәулетханұлы арнайы  

дипломдармен  

марапатталды. 

Бөрі жыры



Ықылас ОРАЗБАЙҰЛЫ, 

Қытай Халық Республикасы, 

Бас жүлде

 

Кетем мен, кетем!



Бағзы бір 

бабамнан қалған көш қой бұл,

Арқаның желі азынап, түсімнен 

 

 



сірә кетпей жүр.

Екі қолдың жұмысын егемен 

 

 

елімнен  таба алам.



Қамсыз болса да тұрмысым – 

болашағыма садағам.

Аттай желген өмірде қақпай 

 

 



көргенше бөтеннен,

Балақтан алған күдіктен аттаймын 

 

 

   дағы кетем мен.



Қалтаңдаған қарт болсам қаламша   

 

 



қадауға жарармын,

Қарпулы қыран ер болсам,  

 

 

шаңыраққа уық қадармын.



Өндірдей өрен жас болсам кеудемді  

 

 



 

керіп өсермін,

Көктемгі нұр мен нөсерге, көктегі

 

 



    күнге төсермін.

Қабырына барып атамның 

қабырғаларымды бекіттім,

Анамнан барып бата алдым,  

 

 

 



ана тіліме жетікпін.

Асығым қалған белдер-ау, 

 

жасығың емес мен сенің,



Ғашығым қалған туған жер – 

сағынышымсың еңселім.

Алтын тұнған арнадан лайланған    

 

 



 

өзендер,


Асығасың батысқа, ашынасың 

 

 



 

сезем мен.

О, туған жер!

Тұнығыңа пісірдің, 

 

 

тұғырыңнан ұшырдың,



Қамыс құлақ тұлпардың қайыс 

 

 



ноқтасын сыпырдым.

Жиғаным мен иманым, 

 

кісілігім де киеңнен,



Сүйектен өтсе ызғарың сүйегімменен  

 

 



 

  сүйем мен.

Бір түйір топырағыңа бір туар ерлер 

 

 



 

жазым боп.

Атанын атам қомдаған атақты 

 

 



тауда жазық жоқ.

Атын бір атағаныма қомданатұғын   

 

 

 



      иығым.

Қайырлы болсын өзгеге қадірі 

 

 

 



биік ұйығым.

Елімнің ескі дәстүрі жойылмай 

 

 

тұрып аттанам,



Қазан құлағы төртеуін мойындай 

 

 



       тұрып аттанам.

Жанарым жанып жортамын, 

 

бөрімін, бірақ аш емес,



Жатырқағандар жау емес, 

 

мүсіркегендер дос емес!



Қақпанды басып кеткенде тірсегін 

 

 



шайнап қалдырған,

Бөрідей ұлың барғанда құрметпен 

 

 

   қара алдымнан.



Өзге елдің озық үрдісін апару үшін  

 

 



 

кетем мен,

Оқтан қалған оралман атану үшін    

 

 



 

кетем мен.

Отанға жетсем ордалы оттай 

 

 



жүрегім бұлқынар,

Бетімнен қаққан бұл өмір бетімнен  

 

 

        сүйер күн туар.



О, байтақ, Қазақстан деп алшаңдай 

 

 



       басып жеткенде,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл



23

Менің елім – Қазақстан

Жауда қалған жерім деп жаутаңдай 

 

 

      жасып кеткенде.



Асыға  көшіп жеткенде аппақ 

 

 



бір жаға, аппақ ар..

Осыған да Алла шүкір деп 

 

 

отыратұғын шақ болар.



Мен Қазақпын!

Зар заманның ызғары мен өкпегін

Көріп тасқа арша болып көктедім.

Оймаққа иба, аймаққа иман дарытса,

Иығымнан айға ұлыған көк бөрім.

Жаңбыр жауды, жебе жауды, қан жауды.

Тарихтың тісінде тек ән қалды.

Туырлықтай қанатымның астында,

Ту тесілу, бас кесілу болған-ды.

Жасаған жау оқыс тисе аптығып,

Ноқта салмай ноқала болған ат мініп,

Азаматым қапы кеткен шақ қанша,

Қазанатым қақпан басып, қас сынып.

Бөзінгенге сынық бесік өңгеріп,

Бала аманда бас сауғасын оң көріп

Елім қашса, құрбандықтар жау тосты,

Жайыл-сұмдар құйылатын жолда өліп.

Оғлан ұлым ойлы, батыр әрі ізгі,

Адалдықпен ада етеді парызды.

Ал қырмызы қыздарымның бұрымы,

Қайсарлықтан өрген қайыс тәрізді.

«Ойлы ғұмыр сыйлағайсың ояуға,

Бергеніңе шүкір дейтін,ей алла...»

Кетік тісті жетім ұлды әжесі

Шылауышын жайнамаз ғып жаярда...

Заман өтсе қырқысу мен аңдыспен.

Уыз да ішкен, қымыз да ішкен, 

 

 



 

қан да ішкен,

Қойдай қоңыр, жылқы мінез халықпын,

Сосын елден мейманасы мәңгі үстем!

Мен қазақпын!

 

Мінажат етем дедім мен



Жанат БОҚАШҰЛЫ, 

Монғолия,  бірінші жүлде

Сан мінажат етумен

Алла үшін мың,

Текті атаның алғысын

алға ұсындым.

«Мың өлсе де...» - тірілген

Мәңгі өлмеген,

Жұбан жырдан нәрі бар

Жан Күшімнің.

Қырандайын көңілді қанат қылып,

Жылқы мінез қанымда, қабат тұнып.

Жас жанымды тағы да жани түстім,

Қос жанарды Алтайға қадап тұрып.

Сыр білдірмес көктегі сыңар айша,

Сырбазданып қараймын, бұл қалайша?

Түйдек-түйдек жырымның қарқынымен,

Түйіндеп бір көрейін ұлы Абайша.

Бота күнім боздаған жандай болып,

Маңдайымның қатпары таңдайды орып.

Қарашыққа қадалған шалынамын!

Шатқалда өстім шағи көз талдай болып,


24

Алтын бесік – Атамекен

Қырандайын көңілді қанат қылып,

Жылқы мінез қанымда, қабат тұнып.

Жас жанымды

тағы да жани түстім,

Қос жанарды Алтайға қадап тұрып.

Қырандайын көңілді қанат қылып...

           

Ата Орда


Ақ ниетпен Атажұртым қойныңды аш!

Ризық боп сіңе бергей той күнгі ас.

Қырық елге шашыраған қазақтың,

Шаңыраққа басын қосқан – Қауымдас.

Жиырма жылда жандандырдың 

солғанын,

Панасызға ес те, пана болғаның.

Әкесізге әке болып жанашыр,

Ағасызды ағасындай қорғадың.

Америка, Еуропа жан-жағын,

Елді елмен елдестіру арманың.

Отанына отандастар орнықты

Азияны Алатауға жалғадың.

Тағы да айтам, ағыла айтам сол жағын,

Өнерліні өрге балап сомдадың.

Дара шапқан дарындарды паш еттің,

Шетте жүрген арыстарды қолдадың.

Қауымдастық қаһармандық ерлігің,

Ақталғандай болды төккен тер бүгін.

Көне Түркі бабам күле қарады,

Барлық елмен төрт құбылаң тең бүгін.

Атамекенді аңсау



Жарасқан НҰРЫБАЕВ, 

Өзбекстан, екінші жүлде

Баса жауып қиындықтың жаңбыры,

Балқып шықты жиын топтың бар мұңы.

Жерін тастап кетті сонда қазақтар,

Жатқа сіңіп дүйім көптің тағдыры.

Жаздырмақ боп арқадағы жауырды,

Шашырадық,

Бастық жатқа ауырды.

Қайран қазақ үміт қостың өзгемен,

Жеңу үшін жете қатқан ауырды.

Бөгде жұртты, бөгде нанды табыстап,

Өгейсініп атқан таңды қарыстап.

Бабаларым жасап келді аңсаумен,

Сағынумен Атажұрттан алыстап.

Міне бүгін көктен түсіп таң нұры,

Сілкін қазақ! 

Қазақстан сән құрды.

Өшкен қайта жанды деген осы ма?!

Бабалардың көне арманы жаңғырды.

Ұзақ жылдар қанша қазақ тыс қалды,

Сездір бүгін бойындағы күш барды.

Құшағыңды жайшы Атамекенім,

Қандырайын сенде қалған құштарды.

«Мен тарихи Отанымның бесігін,

Тербетуге қашан ашам есігін»,-

Деп тілегін жеткізейін үні боп,

Шетелдегі қазақтардың сезімін.

Қыста қыстау, жазда тігіп жаз үйді,

Өз елімде өмір сүрсем мәз күйлі.

Көші-қонмен бірігуіне қазақтың,

Садақа кетсең арзиды!

Қазақ пен құстар



Шалқар ҚАНЫКЕЙҰЛЫ, 

Қытай Халық Республикасы, 

үшінші жүлде

Таңбас едім тамырлас болса түс пен өң,

Аузынан иман, қолынан құран түспеген.

Көзімді ілсем көк жиекті түгел 

нұрлантып,

Көктегі күнді көтеріп ұшқан құс көрем.

Өңімде көрдім, өмірім екен бұл түсім,

Ұятым – көк ту, қанатым – қыран, 

 

 

            күн – күшім.



Қазақстаным – қалғымас қайсар рухым,

Бағзыдан бекзат аспани асқақ ұлт үшін.

Құтылып ада қатері қатты қамыттан,

Толысқан шағың, томағаңды да ағытқан.

Қанатың талмай, қара тіл, 

 

 



қанжар тұяқтым,

Ұша бер самғап, алдында жарқын,   

 

 

 



жарық таң.

Көз қызартқанмен отаршылардың   

 

 

 



      үстемі,

Тағынан ханым, тауынан 

 

 

халқым түспеді.



Құстар-ау, құстар, қазаққа тіпті 

 

 



 

жат емес,

Кеңістіктегі көлбеген анау құс жолы.

Алпыс алапан, тоқсан торала ой құсы,

Келеді-ау шіркін, жарыса 

 

 



қанат жайғысы.

Тұғыры – тауы, тұнығы – аспан арайлы,

Қашаннан егіз қазақ пен 

 

 



құстың қайғысы.

Тұлпар 


«Тамшы жас тұнып тұрса таң жанарға,

Қанатың жарық-жұрқ етіп самғағанда.

Сұңқарым мен де солай жоқ боламын,

Көкте сен, жерде тұлпар қалмағанда»,

Деп бірде мұңын іздеп арғымақтың,

Қиядан, құз-шатқалдан қарғып ақтым.

Айныған асаулықтан жылқы мініп,

Қайғыдан өзімді өзім қалжыраттым.

Еркімді ап бар арманым, бар тілегім,

Шеңберден шексіздікке тартып едім.

Ай құлақ , жұлдыз жалды тұлпар тапсам,

Салуға даяр еді алтын ерім.

Айналдым, арғымағым - ізгі өлеңім,

Осындай арманшылмыз біз дегенің.

Абай да көктен тауып мінбегенде,

Мен сені жерден несін іздегенмін.

Қалықтап қия шыңға қонар әні,

Десем-ақ Жаяу Мұса болар әлі.

Тұяғы от тұлпар мініп тұрқы бөтен,

Есіме ер Махамбет оралады.

Ол солай келе бермес күліп көктем,

Ақынға не сыйлаймын күлік деп мен.

Мың болғыр Махамбеттің арғымағын,

Қайтейін Исатайы мініп кеткен.

Барар жер, басар тауым қиыр әлі,

Тұлғалы тұлпар – мәңгі, күй - ұраны,

Ақ адал армандай бер бала жігіт,

Бір тұлпар саған бәлкім бұйырады.

Тамшы жас  тұнып тұрса таң жанарға,

Қанатың жарық-жұрық етіп самғағанда.

Сұңқарым, мен де солай жоқ болармын

Көкте – сен, жерде – тұлпар қалмағанда...

Сарыөзен жақта 

ғұндардың қу басы қалған



Қайсар ҚАУЫМБЕК, 

Қазақстан, ынталандыру жүлдесі

Айбарлы ата жауымның есігінде өсіп,

Жетімім қаңғып жоғалған, 

 

 



жесірім босып.

Бетімен кеткен бүлініп, бесігін кесіп,

Түзелмей кетті-ау қазақтың осы

 

 



 

 бір көші!

Сары нар таққан сол көштің бұйдасы қалған,

Сұңқылдап барып басталады күй

 

 

 



басы зардан.

Сарыөзен жақта ғұндардың 

 

 

қу басы қалған,



25

Менің елім – Қазақстан

Самарқан жақта сақтардың 

 

 

сырласы қалған.



Айдаһар басты ата жау қылышын    

 

 



 

   бұлғап,

Үш жүзім құрған шайқалтты 

 

 



ұлысымды ырғап.

Әуелгі қалған ұл-қызым, 

 

 

туысым қымбат,



Тәуелді болған тізгінім, құрысын 

 

 



 

бұл бақ!


Оң иығыма самғайтын қыранымды 

 

 



 

   алдым,

Сол иығыма мәңгілік 

 

 



құранымды алдым.

Қозғап бір келем қайғысын 

 

 

бұла қырлардың,



Боздап бір келем үстінде құла құмардың.

Көк бөрі текті тұқымы ем бағызы көктің,

Көктегі күн, ай - куәсі жазығы жоқтың.

Көк туым сені көрдім де қазығым еттім,

Көк тәңір өзің қолда деп тағызым еттім!

Ауылға барғанда

Өзекте ауыл... 

Өрттей жанған кешқұрым, 

Өзегімді тырнайды кеп ескі мұң. 

Құбылаға жинады күн сәулесін, 

Құйрығындай қанжирен кіл бестінің

Бура бұлтты есіп өткен сарбауыр, 

Мына көк шың – қанға малған қандауыр. 

Аулақ барып ыңыранып шөкті де, 

Ауырсынып ауық-ауық аунады. 

Саяқ кеткен жылқы үні де үрейлі, 

Сапырады бір ой қуып, бір ойды. 

Жортуылдан жеткен Жетіқарақшы, 

Құба қырдың желкесінде түнейді. 

Жез киіктің сауырындай мұңлық ай, 

Көкжиектен қашады ұзап құлдырай. 

Жүрегімдей жүдеп қалған ауылдың, 

Жетімсіреп жатқан осы тірлігі-ай!

Басынан Ойқарағай...



Жарас КЕМЕЛЖАН, 

Қазақстан,  ынталандыру  жүлдесі

Басынан Ойқарағай ой көшеді,

Оюлы, ораулы ши той көшеді.

Бораны отыз үштің борағанда,

Орағы қанға бөккен ой деседі.

Басынан Ойқарағай оқ ұшады, 

Опасыз отыз үште ой құсалы.

«Орысқа ұл бергенің – құл болғаның», –

Түрілген елдің анты, соғыс әні. 

Басынан Ойқарағай ел көшеді,

Ошаған отсыз, сусыз өрге өседі.

Сартауды сағалаған сайран жұртым,

Сансырап, сағы сынған жер кешегі.

Басынан Ойқарағай бұлт аунайды,

Бұл елді бұғау емес, құртар қайғы.

Құланы жортқан белден кісі аса алмай,

Жыланы жыра-жонын жырта алмайды.

Сартаудан сары қорым керіш аққан,

Қаңтардай қалтырайды беріш ақпан.

Басынан Ойқарағай балбал еріп,

Баурынан балқып Текес теріс аққан. 

Тау туралы сағыныш

Асқар-асқар тауларды көрмесем,

Еңсем басылады.

Асқардан биік аспанды көрмесем, 

Желкем жаншылады. 

Жүйкем тозады кеміктейін

Ұйқым қашады еліктейін.

Өрім аласарып,

Жаныма жара салып,

Өр рухым тозады өліктейін.

Адыр-адыр қырқаны көрмесем,

Жал-құйрығым қырқылады.

Тайбурылым тұяқтан тозып,

Тағы-жылқым шұрқырады.

Сағым-сағым сайларды көрмесем,

Санам сарғаяды.

Сары құмдай шөлдесем,

Сағым көшеді бәз-баяғы.

Құшағын, 

зәру боп жүргенде

Ару боп кеудеме жаз жаяды.

Бұлдыр-бұлдыр белесті сағынсам,

Бұлыңғыр күй кешем. 

Бусанар бұлттардай бұйығы еңсем.

Ұнжырғам түседі 

үйіме енсем,

Күлкім қашады күйіме енсең.

Тарылам тамұқ боп,

Жана алмай жарық боп,

Жатармын ғаріп боп, 

болмаса бордай тозармын, 

Санамды сарып боп.

Ех, сағыныш-ай!..

Атамекенге наз

Алтыншапақ ХАУТАЙ, 

Моңғолия, ынталандыру жүлдесі

Сен мені кіналамағайсың...

Құйын келгенде киіктей жосығанымды...

Жосығанымды...

Кездескен тосып ағынды

Жүрекпен жырлап, үніңе қосып әнімді

Оралсам деп ем, қалдырған қосыма мұңды...

Сен мені айыптамағайсың...

Жаутаңдаған ем...

Жәудіреп есіл жанарым,

Аттанғам алыс, айтайын несін, қарағым...

Баба тарихтың бәрібір есімде бәрі

Бабамыз біздің бастап ед көшін даланың.

Сені мені кіналамағайсың...

Жарқылдаған-ды батырдың жасын жүрегі

(Құтқара алмаған біздерді, досын, кім еді?) 

Айыптамағайсың, Алтайдан асып тілегі

Біздің еліміз Моңғолға ат басын тіреді...

Сен мені жатсынба бекер,

Бүгінде, бірақ, Бөкеннің бөктеріненмін



26

Алтын бесік – Атамекен

Шақырды мұнда сыбырлап ескені желдің.

Тарих тұсаулап араңа кеш келіп едім.

Кешігіп ұшқан Керейдің  

 

 

кептері – менмін...



Сен мені қабылдағайсың...

Сексен алтының селт еттім дауыл жасына

Сезім серпіліп, ұмтылғам бауырласыма

Сағыныштарым әлі де қауыз ашуда

Себебі неде, сыр бүккен тауыңда, сірә!

Сен мені жатсын ба бекер,

Әкелдім саған Қобданың сағыныштарын.

Сезінсең етті жүрегім алып-ұшқанын,

Сезінсең етті сезімде ғажап күш барын,

Біздің кеуденің сезінші жарылыстарын... 

Сен, бәлкім, үндемес те едің...

Саралағанда өткеннің ілкі кештерін,

Бұлаң күн – тағдыр.

Шақырса түлкі – естелік.

Оранған сағым сонау бір күнге беттегін

Сезіне алсаң, сен, бәлкім, үндемес пе едің?!

Сен мені түсін, қарағым...

Ашылып ақ таң.

Оранған сызды мұнарға,

Қолдады бізді, қазақты ізгі бір Алла.

Бағалашы деп бабама бұйырмағанды

Ұқтырып кетем қызымның қыздарына да...

Сәлемдеме 

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ, 

Қазақстан,  арнайы диплом 

Ағамның содыр ұлы бар еді,

Алтайда қалған ауылда.

«Ерлігін» естіп отырам әлі,

Тілдессем аға-бауырға.

Мектептен қайтқан «батырлар» жолда,

Тентектігіне басатын.

Бөтен балалар...

Қырғиқабақ боп,

Қырылысып кеп жататын.

Қырда өскен мығым біртоға бала,

Төбелес десе түрленер.

Сол «жігіт» екен Оспан батырдың,

Рөлін сомдап жүрген ер.

Өткенде соның бір сөзін естіп,

Тоқ жүріп өтті денемде.

«Қазақстанның туы бар шәпкі,

Ап келсін» депті келерде.

Қилы да қилы ойларға батам,

Оңаша жерде отырып.

Мектепте өткен балалық кезді,

Қайта бір бастан кешіріп...

Қаптаған бөтен балалармен,

Тең тұрып өмір сүрмекке,

Көк туды қойып маңдай тұсына,

Айбар ғып соны жүрмек пе?!.

Төртінші сынып оқитын бала,

Мың тәтті қиял ойында...

Келген, кеткеннен естіп жүрген ғой,

Қазақтың елі жайында.

Илеуге түскен инелік сынды,

Тағдыры көңіл жасытар.

Көк туға қарап ұлыған рухы,

Кеңсірікті удай ашытар...

Алаң да алаң күй кешер көңіл,

Не болар екен ғұмырың.

Қазақстанның туы бар шәпкі,

Сұратып жүрген құлыным!

Атажұртқа тағзым

Сұлтан ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ, Қытай 

Халық Республикасы, арнайы диплом

Боздақтарымның қан, тері 

 

 

төгілген далам,



Аманат жетті жолдаған көгіңнен маған.

Бек ұлдарыңдай тәрк еткен додада барын,

Азаттығыңа менің  де садаға жаным.

Бақыты үшін халқының түнекте қалған,

Арыстарымның ақ серті жүрекке қорған.

Бабаларымның өр рух, арманыменен,

Алашқа қалған байтақ жұрт ардағым ерен.

Басқыншылықтың талайын өткерген бастан,

Аярым жоқ!  Тұрандай текті елден асқан.

Бұғау заманда қуғынмен жыраққа кеткен,

Абақ Керейдің ізімін мұратқа жеткен.

Би-шешендерімнің қанығып сөзіне шырын,

Абыз даламның танытам шежіре сырын.

Бір Алла жар боп! Мейір мен  

 

 

 



шапағын төккен,

Алтыннан  қымбат әр күнім 

 

 

Отанымда өткен.



Ақыт Қажы ақиқаты 

Тұрдыхан АЙДАРХАНҰЛЫ, 

Қытай Халық Республикасы,

арнайы диплом 

Жарқырап қара түнде жаһұт жаны,

Жеткізбей армандаған бақыт таңы.

Ат жалын жайнамаз қып өтті өмірден,

Даламның Есімқан мен Ақыттары.

Мұң мұхит жүрегімде барады асып,

Шақырып шалқар далам, қара лашық.

Қажының қасиетін кетірдің-ау,

Сайтандар сақалымен жағаласып.

Қаймана қайран елдің ертеңі үшін,

Желбіреп намысыңның желкені шын.

Жазады келер ұрпақ ақ шындарға,

Сұлубай, Сүлейменнің ертегісін.

Өмір, өлім өтеді тайталасып,

Халқыма мен сырымды айтам ашып.

Тәңірім әділдікпен ұжымақтың,

Есігін берген шығар айқара ашып.

Баба тау түнеретін қас-қағымда,

Тарих жатыр сенің тастарыңда.

Қан ұйып қалған шығар аспаныңда,

Арманы кеткен ерлер ат жалында.

Бабалар рухыңның ұшқыны едім,

Ақиқатсыз өмірім...

Бықсық өлім.

Оғыландарым сендерді пір тұтсашы,

Бас изеп күн кешірген күштілерім.

Боздайды бөзінгендей шер көкірек,

Құшақтан шеркөкірек ержетіп ек.

Қажының қасиетті қағыбасы – 

Ақиқат, жалғыз Алла теңдесі жоқ.    



27

Менің елім – Қазақстан

Қазақтың мұңын мұңдап, 

жоғын жоқтаған, халықпен бірге 

жасасып келе жатқан терме 

өнері бүгінде жүдеулеу күйге түсе 

бастады. Қаптаған, алуан түрлі 

музыкаға толы өмірімізден терме 

өнері жырақтап бара жатқандай 

сезіледі. Бір кездері қанатын 

кеңге жайып, кейіннен қайта 

саябырси бастаған айтыспен 

бірге термешілер үні де бәсеңсіді. 

Дегенмен, іші-сырты бірдей сөз 

мәйегіне тұнып тұрған терменің 

орындаушылары да, тыңдаушылары 

да әлі аз емес. Адуынды Арқа 

мен Батыс өңірі, сиқыр сазды 

Сыр мен Жетісу    өлкесі терме 

мектептерінің ғажайып өкілдері 

тудырған термелер әлі көнерген 

жоқ. Кешегі өткен бабаларымыздың 

күмбірлеген көңіл-көкіректерінен 

сыр суыртпақтап, бүгінгі 

күнге жеткізіп тұрған жәдігер-

жырлар әлі де құнды. Қазір кәсіби 

орындаушылық деңгей биігіне 

көтерілген термешілер бар. 

Солардың орындауы арқылы терме 

бірде Қазтуғанның жырындағыша 

шырқау көкке өрлеп, бірде Нартай 

мақамымен сан құбыла бебеулеп, ел 

жүрегіне жетіп жатады. 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына - 20 жыл



28

Алтын бесік – Атамекен

Ғасырлар  сынынан  өтіп,  бүгінге  жеткен  бекзат 

өнердің  туы  жығыла  қоймасына  сендіретін  жайттар 

жоқ  емес.  Мұның  бір  белгісі  әлемнің  20  елінде  тұрып 

жатқан  қазақ  ұлтының  өкілдері  жиналған  Дүниежүзі 

қазақтары  қауымдастығының  20  жылдық  мерейтойы 

аясындағы  «Атамекен  және  шетелдегі  қазақ  жастары» 

атты  өнер  фестивалі  үстінде  көрінді.  Туысқан  қырғыз, 

қарақалпақ, түрікпен тәрізді түбі бір түркі халықтарының 

көпшілігінде бар жыр, дастан, терме айту дәстүріне қазақ 

елінің де беріктігі байқалды. Бұл ретте тұтастықтың бары 

қуантты. Тіл ортақ болған соң өнер 

де  ортақ  екендігін  қазақ  жерінің 

төрт  тарабынан  келгендер  ғана 

емес,    шетелдік  қазақтар  да  ба-

рынша танытты. Қытайдан келген 

термеші  мен  қарақалпақстандық 

термешінің 

орындаушылық 

шебер  лігінде,  түрлі  мақамдарды 

игеруін  де  ортақ  сипаттар  бар, 

ерекшеліктер  де  жоқ  емес.  Қазақ 

термесі осынысымен де бай, осы-

нысымен де қуатты сезіледі.

Фестиваль  бағарламасындағы  маңызды  шаралардың 

бірі саналатын шетелдік және шетелден қоныс аударған 

жас  ақындар  мүшәйрасы  мен  термешілер  сайысы 

қызықты өтті. Атажұртты аңсай жеткен шетелдік қазақтар 

мен  алыстағы  ағайынға  қауышқан  алматылықтар  сан 

жүйріктің ішінен іріктелген 10 ақын мен 10 термешінің 

өнеріне алмакезек қол соқты. М.Әуезов атындағы акаде-

миялық  қазақ  драма  театрының  сахнасынан  төгілген  сан 

түрлі мақамдағы термелер жүректерге жылы әсер қалдырды.

-  Термешілер  сайысының  негізгі  шарты  жоғары 

орындаушылық  шеберлік  таныту  болып  отыр,-  дейді 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдық ме-

рейтойы аясындағы «Атамекен және шетелдегі қазақ жа-

стары» атты өнер фестивалінің мүшәйра және термешілер 

сайысы  әділқазылар алқасының  төрағасы,  белгілі  ақын, 

халықаралық  «Алаш»  сыйлығының  лауреаты  Жәркен 

Бөдешұлы,-  Қауымдастыққа  күйтабақ  дискілерін  жол-

дап, алдын-ала тыңдалған 30-ға жуық термешінің ішінен 

іріктеліп  алынған  10  термешінің 

қай-қайсысы  да  көрермен  талға-

мына сай өнер көрсетті. Сайыстың 

ең  ұтымды  жері  бұрын  әртүрлі 

шетелдік қазақ диаспоралары шең-

берінде  ғана  танылып  келген  та-

лантты жас термешілер есімін енді 

еліміз  көлемінде  таныту  болды. 

Әрі  сырттағы  ағайынмен  мәдени 

байланысты  арттыруға  да  бұл 

шараның зор көмегі тиюге тиіс деп 

ойлаймын. Тағдыр талқысымен, сан 

құбылған  замана  екпінімен,  әлемнің  40-қа  жуық  елінде 

тарыдай  шашырап  өмір  сүріп  жатқан  қазақ  ұлтының 

өкілдері  үшін  осындай  іс-шаралар  жиі  өткізіліп  тұрса 

шет  болмас  еді.  Айтыс,  терме  өнерлері  тәрізді  ұлттық 

құндылықтарымыздың өрісін осылайша кеңейте берген-

ге не жетсін?!

Өзі де жат жерде туып-өсіп, өткен ғасырдың алпысын-

шы жыл дарындағы ұлы көш тұсында ата жұртқа оралған 

Ж.Бөдешұлының  шет те  жүрген  термеші  өнерпаздар  ту-

ралы  жанашырлық  пікірлеріне  әділқазылар  алқасының 

мүше сі, белгілі ақын, айтыскер Қайрат Құлмұхамед пен 

жас ақын Мұрат қан Шоқан да ортақтас тық тарын білдірді. 

Әділқазылар  алқасының  бірауызды  шешімімен  «Атаме-

кен  және  шетелдегі  қазақ  жас тары»  жыр  мүшайрасы  мен 

термешілер сайысының бас жүлдесі Қытай Халық Респу-

бликасынан келген жас термеші Гүлзинат Мағауияға берілді. 

Бірінші  орын ды  өзбекстандық  Мағауия  Қуатбаев  иемден-

се, екінші орынды ақтаулық Әзімхан Баймағанбет, үшінші 

орынды қытайлық Мәңгінұр Мошан еншіледі. Термешілер 

сайысының ынталандыру сыйлықтары қарақалпақстандық 

Күнқожа  Қайруллаевқа,  ақтөбелік  Ғазиза  Сарқытбаеваға, 

алматылық Айзада Қазыбековаға берілді.



Сeрік РӘСІЛОВ 

29

Алтын бесік – Жер жүзі

Әдетте  «Агро-Омск»  көрмесі  өтетін  саябақта 

ұйымдастырылған  «Көңілді  мерекеге»  («Веселый  празд-

ник) күннің аптап ыстығы да кедергі бола алмады. Біздің 

қазақтың  «Той-думан»  сөзі  орысшаға  аударылғанда 

жоғарыдағыдай  мағына  береді.  «Той  думанды»  Сібірдегі 

«Мөлдір»  қазақ  мәдени  орталығы  осымен  екінші  жыл 

қатарынан  ұйымдастырып  отыр.  Көрмеге  қойылған  ту-

ындылар саябаққа жайылды. Биші қайыңдардың астында, 

күн шуағын шашқан баққа жиналған халық сахнада болған 

әрбір жайттан қалыс қалмауға тырысты. 

Таңертеңнен кешке дейін созылған мәдениет және спорт 

мерекесін Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық ұлт 

аспаптар оркестрі ашты. Бұған дейін гастрольдік сапармен 

Қазақстаннан келген музыканттар мен әншілер «Еске алу 

күнінде»  өнер  көрсеткен  болатын.  Ұлттық  аспаптардың 

дауысына еліткен халық даланы еске алып, тау бөктерінде 

жүргендей күй кешті, ат дүбірі құлақтарына келіп, жылы 

желге жүздерін тосты. 

Бұл  мерекені  ұйымдастырушылар  тойдың  Нұрсұлтан 

Назарбаев  төрағалық  ететін  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығының  20  жылдығына  арналатынын  жеткізді.  

Омбының белсенділері бірінші күннен бастап қауымдастық 

жұмыстарына  араласқан  болатын.  Олар  көршілес  елдегі 

қандастарымен  кездесіп  қана  қоймай,  Түркия,  Германия, 

Скандинавия  елдеріне  барып,  ағайындармен  кездесу  де 

өткізді. Әр Құрылтай әртүрлі таныстықтарға толы болатын, 

біздің  қандастарымыз  үнемі  әлемнің  түкпір-түкпіріндегі 

ағайынмен  танысуға,  олардың  тұрмыс-тіршілігі  туралы 

білуге  асығатын.  Солтүстік  Қазақстандағы  Қауымдастық 

филиалының  өкілі  Сағындық  Салмурзиннің  айтуынша, 

шетелдерде  5  миллионға  жуық  қазақ  тұрады  екен.  Бұл 

дегеніміз  Қазақстандағы  қазақтар  санының  үштен  бірін 

құрайды емес пе?!

Көз  таныс  ағайынмен  кездесуден  алатын  қуаныштың 

орны бір басқа. Мен осы жолы Кормилов ауданы, Михайлов 

ауылында тұратын ерлі-зайыпты Көпжасар және Мәрияш 

Бәйменовтермен  20  жылдан  соң  тағы  кездестім.  Құрамы 

40 адамнан асатын «Бәйменовтер» ансамблін өз аудандары 

ғана  емес,  бүкіл  омбылық  қазақтар  жақсы  біледі,  әсіресе 

оның  жетекшісі  Көпжасар  ізгіліктердің  басында  жүрген 

адам ретінде танымал. 

Негізінен,  «Той-думанның»  бағдарламасы  бүге-шіге-

сіне  дейін  тамаша  жасақталғаны  соншалық,  мерекеге 

келушілердің бәрі өзіне қызықты іспен айналыса алды. Ал 

шеберлер  алеясында  қолданбалы  өнер  туындыларымен 

бірге ұлттық ас түрлері де халыққа ұсынылды. Дастарқандар 

киіз үйлерге, тіпті ен далаға кілемнің үстіне де жайылды. 

Сол  жерде  халық  қымыз  ішіп,  палау  мен  бешбармақтан 

дәм татып жатса, жастар жағы ұлттық ойындарға қатысып, 

ұлттық киім киген жігіттер бата беру мен қазақтың дәстүр-

салтына байланысты білімдерін сынға салды. Осы жерде 

Омбы  мұғалімдер  семинариясының  құрылғанына  140 

жыл  толуына  арналған  мектеп  оқушылары  арасындағы 

«Ресей-Қазақстан:  халықтар  достығы»  тақырыбындағы 

шығармалар конкурсының нәтижесі жария етілді. Сайысқа 

қатысқан  оқушылар  өздерінің  ата-тектері  турасында 

әңгімелеп берумен халықтың ілтипатына бөленіп жатты.  

Жас  спортшылар  қазақша  күрестен  жарысқа  түсетін 

кез  де  жетті  бір  кезде.  Мерекенің  қонағы,  КСРО-ның 

Еңбек  сіңірген  бапкері,  ұзақ  жылдар  бойы  Александр 

Пушницаның күрес клубымен бірлесіп жұмыс істеп жүрген 

самбошы  Василий  Грозин  спортшылардың  жағдайына 

түсіністік танытып:

Ыстық  ауа  райы  салдарынан  спортшыларға  кілемде 

белдесу қиынға түсті. Негізінен, күрес – самбоға өте қатты 

ұқсайды, - деп ойымен бөліскен болатын. 

Саханаға  ересек  өнер  иелерімен  бірге  «Әйгерім» 

балалардың би ансамблі де шығып, көрерменге керемет би 

өнерінің үлгісін ұсынды. Өнерпаздардың көпшілігі ұлттық 

киімдер сайысына қуана қатысты. Бұл сайыстың қазылар 

алқасының төрағасы Омбы педагогикалық университетінің 

профессоры,  танымал  суретші  Амангелді  Шәкенов. 

Ақсақал  жастардан  шабыт  алып,  олардың  өнеріне  тәнті 

екенін жасыра алмай:

Ата-бабадан қалған ғасырлық дәстүрді жастарымыздың 

ұмытпағаны қандай жақсы, - деп бір тамсанып қойды. 

Мереке соңында «Мөлдір» мәдени орталығының кеңес 

төрайымы Алтынай Жүнісова осы өлкеде өмір сүретін түрлі 

ұлт  өкілдерінің  назарын  өзіне  еріксіз  аудартқан  мұндай 

көңілді  думанның  Омбы  жерінде  әлі  де  жалғасатынын 

жеткізді. 



Николай ШОКУРОВ

30

2012 жылдың 31 наурызында 

Больше-Чернигов ауданы мен Са-

мара аймақтық «Ақ жол» қазақ 

ұлттық-мәдени автономиясы Самара 

облысының Мәдениет министрлігі 

мен Самара облыстық «Халықтар 

достығы үйі» мемлекеттік қазына-

лық кәсіпорнының қолдауымен 

Большая Черниговка ауылында 

жыл сайынғы дәстүрлі «Наурыз» 

мерекесін ұйымдастырған болатын. 

Әсем безендірілген аудандық 

мәдениет үйінің залына халықтың 

көп жиналғаны соншалық, ине 

шанышарға жер болмады. Жиылған 

қонақтар бүкіл Самара облысынан 

ғана емес, Саратов, Орынбор облы-

стары мен Большечернигов ауданы 

шекарада орналасқандықтан, Батыс 

Қазақстан облысынан да еді. 

Мерекенің салтанатты бөлігі 

Большая Черниговка ауылының 

бишілер тобы «Қызғалдақ» биімен 

ашты. Кейіннен «Ақ бұлақ» ансамблі 

«Наурыз-Думан» әнін халыққа 

ұсынды. Әнмен бірге жарқыраған 

алқызыл қазақы киімдер киген 

«Айгүл» би тобының бүлдіршіндері 

би өнерінің тағы бір үлгісін 

көрсеткен болатын.

Мерекеге қатысушыларды қарсы 

алған Большечернигов ауданының 

басшысы Александр Викторович 

Баландин: «Бұл мереке – табиғаттың 

түлеген, достықтың, мейірімнің, 

бірліктің жанданып, дәстүр-салт-

тың қайта жаңғырған кезеңі, бұл 

күнде мәдени сабақтастық пен 

адамдардың бір-біріне деген құрметі 

айқын көрініс табады», - деп сөз 

сөйледі. – Қазақ халқы мен орыс 

халқының менталитеттері бір-біріне 

қатты ұқсайды, олардың мәдени 

кеңістіктері біртұтас, жыл өткен сай-

ын достығымыз нығайып, сеніміміз 

артып келеді. Бәріңізді шын жүрек-

тен мерекемен құттықтаймын. 

Ниетіміз түзу болсын, Наурыз әр 

шаңыраққа бақыт, береке мен ырыс 

алып келсін! 

Сондай-ақ Самара аймақтың 

«Ақ жол» қазақ ұлттық-мәдени 

автономиясының президенті  

Тоқтарбай Қадырғалиұлы Дүсенбаев 

да жиылған көпшілікке құттықтау 

сөзін арнады: «Наурыз – халықтарды 

біріктіретін мереке. Барлығыңызды 

тамаша мейраммен құттықтаймын! 

Бәріңізге зор денсаулық, баян-

ды бақыт, елімізге бейбітшілік 

пен келісім, қуаныш пен гүлдену 

тілеймін!»

Одан әрі концерттік бағдарлама 

өз жалғасын тауып, «Айгүл» би 

ансамблі «Қара жорға» биін сахнаға 

алып шықты. Бұл би қазақ даласын-

да өте ертеде пайда болған. Бүкіл 

қазақтың буынын босатып, жанын 

сергітетін «Қара жорғаға» билеген 

жас жеткіншектер мен бойжеткендер 

нағыз шеберліктерімен тәнті етіп, 

Қазақстанның бір ұшқынын бізге 

жеткізгендей болды. 

Мерекелік құттықтау сөз сөй-

ле гендердің арасында Ресей мем-

лекеттік Думасының депутаты 

В.А.Казаков, Ресей Федерациясы 

Кеңесінің мүшесі К.Г.Кантария, Са-

Алтын бесік – Жер жүзі


31

мар облысы Үкіметі төрағасының 

орынбасары, Ақпараттық техноло-

гия және байланыс департаментінің 

жетекшісі С.В.Казарин, Самара 

облысы Үкіметі аппараты Бай-

ланыс басқармасының кеңесшісі 

Н.П.Осипова, Самара облысы 

Мәдениет министрлігінің жоба-

лау басқармасының кеңесшісі 

Н.В.Большакова, Самара губерниясы 

Думасының депутаты Г.Д.Сеткина, 

Самара губерниясы Думасы 

төрағасының бірінші орынбасары 

В.В.Соскиндер болды. Самара об-

лысы муниципалды аудандарының 

басшылары да мерекенің қонағы 

атанды. 


Көңілді мерекені Кинель-Черкаск 

ауданының «Сенім» филиалындағы 

«Чародей» ән-биі ансамблі «Ата-

мекен» биімен жалғап, сахнаға «Ақ 

бұлақ» ансамблінің әншісі Мөлдір 

Сұлтанова «Туған жер» әнін орын-

дады. 

Қазақстан Республикасы Ба-



тыс Қазақстан облысынан арнайы 

келген қонақтардың арасында 

«Қазақстан» теле-радио корпорация-

сы батысқазақстандық филиалының 

директоры А.З.Губашев, Дүниежүзі 

қазақтары қауымдастығы Батыс 

Қазақстан облысындағы фили-

алы басшысының орынбасары 

Ж.Б.Шерниязов, БҚО, Зеленов-

ский ауданы әкімінің орынбасары 

Г.М.Құлжанова, Қазақстанның 

инновация және телекоммуни-

кация жүйесі университетінің 

ректоры, техника ғылымдарының 

докторы, профессор С.М. Ах-

метов, Ж.Досмұхамедов 

атындағы педагогикалық колледж 

директорының ғылыми-әдістемелік 

жұмыс жөніндегі орынбасары 

А.Б.Есқалиева, және басқалар бол-

ды. Самар облысындағы  «Халықтар 

достығы үйі» мемлекеттік 

қазыналық кәсіпорнының дирек-

торы Д.В.Мюльбах пен Самара 

облысындағы ұлттық-мәдени 

ұйымдардың басшылары халықты 

мерекемен құттықтауын арнады. 

Қазақ ұлттық «Маржан» сән 

театрының ұсынған өнеріне, 

жарқыраған сұлу қыздар мен 

әсем көйлектерге қызықпаған жан 

қалмады. Олар осы жолы «Тұмар 

ханша» топтамасын көрерменге 

ұсынған болатын. Қазақтың ежелгі 

тарихынан сыр шертетін, сақ 

тайпасының ханшайымы болған 

Тұмар ханша қазақ қыздарының 

символы саналады. Бұл топтаманың 

дизайнері – Мөлдір Сұлтанова. 

Біздің қазақстандық қонақтарымыз 

сән топтамасына таңғалыстарын 

жасыра алмай: «Ғажайып! 

Кейіпкерді де дөп тапқан екенсіңдер. 

Тәкәппар, сұлу Тұмар ханшаны 

айнытпай салғансыздар!», - деді 

таңданыстарын жасыра алмай. 

Тұмар ханшаның рөлін «Қайрат» 

қазақ жастар ұйымының төрайымы 

Алтынай Құсаева сомдаған еді. 

Ол осыған дейін бірнеше рет сән 

театрының топтамаларына қатысқан. 

Концертке «Айгүл» халықтың 

би ансамблімен бірге «Ақ бұлақ» 

ән ансамблі, «Махаббат» вокал 

тобы, Батыс Қазақстан облысының 

өнерпаздары да атсалысты. 

Мереке барысында Сама-

ра аймақтық «Ақ жол» қазақ 



Әлем қазақтары сыр шертеді

32

ұлттық-мәдени автономиясының 

президенті Т.Дүсебаев РФ 

Мәдениет министрлігінің грамота-

сымен марапатталды. Дүниежүзі 

қазақтары қауымдастығының аты-

нан «Наурыз» мерекесін өткізудегі 

белсенділігі мен қазақ мәдени 

орталығының жұмысын бірлесіп 

жүргізуге сіңірген еңбегі үшін Са-

мара облысы, Краснояр ауданының 

әкімшілік басшысы В.Н.Моглячев, 

Самара облысы, Большечернигов 

ауданының басшысы А.В.Баландин, 

осы облыстың Красноармейский 

ауданының басшысы П.М.Елин, 

Хворостянский ауданының бас-

шысы В.А.Махов алғыс хаттарға 

ие болды. Сонымен бірге Сама-

ра облысындағы қазақ тілі мен 

мәдениет дамытуға қосқан үлесі 

үшін «Ақ бұлақ» ән ансамблінің 

әншісі Темірлан Дүсебаев пен 

«Айгүл» ұлттық би ансамблінің 

бишісі Мөлдір Сұлтановаға, «Ақ 

бұлақ» ән ансамблі мен «Мар-

жан» қазақ сән театрына алғыс хат 

табыс етілді.  Мерекелік концертті 

тәмамдаған «Ақ бұлақ» ән ансамблі 

мен Қазақстанның еңбек сіңірген 

мәдениет қайраткері Салауат 

Сұлтановтың өнері халықты тағы 

бір мәрте разы қылды. Көшеде көңіл 

көтерген қонақтарда көгілдір экранның 

көмегімен мерекелік шараны толықтай 

тамашалауға мүмкіндік алды.

Қонақтар концерт аяқталған соң 

Большечернигов ауданындағы «Туған 

жер» филиалының белсенділері 

даярлаған киіз үйлерге бас сұғып, 

«Ұлттық сарын» көрме сайысын та-

машалай алды. Көрмеге қойылған 

қолөнер туындылары, ұлттық тағам 

түрлері қандай ғажап десеңізші! 

Ал сол киіз үйлердің ішінде өткен 

«Ақындар киіз үйі» атты жыр сайысы, 

«скрапбукинг» сайысы көрермендер 

көңілінен шықты. Сайыстарға баға 

берген қазылар алқасы – аудандардың 

мәдениет басқармалырының басшылары. 

Қонақтар қазақ мәдениетінің 

сарқыншағымен жақынырақ таны-

сып, ұлттық тағамдардан дәм татуға, 

қолданбалы өнер туындыларына 

өздерінше баға беруге мүмкіндік 

алды. Ал әртістердің өнерін жиылған 

жұрт дауыс беру арқылы бағалай 

алды.


Осы шарамен бірге аудандық 

кітапханада интерактивті техно-

логияларды қолдану арқылы қазақ 

тілін оқыту сайысы өтіп, оған 

Қазақстанның Олар қаласынан кел-

ген Ж.Досмұхамедұлы атындағы 

колледждің оқытушылары қатысты. 

Айта кетерлігі, биыл ақпан айын-

да «Қазақ тілін шетелдерде оқыту 

мәселелері» тақырыбында конферен-

ция кезінде «Андас» ғылым-білім 

орталығы мен Қазақстанның Орал 

қаласындағы Қазақстанның иннова-

ция және телекоммуникация жүйесі 

университеті «Ақ жол» қазақ ұлттық 

мәдени орталығының жексенбілік 

мектебіне қазақ тілін интерактивті 

технологияларды қолдану арқылы 

оқыту мақсатында 9 ноутбук сыйға 

тартқан еді. Тағы бір компью-

тер былтырғы жылы «Наурыз» 

мерекесінде Краснояр ауданына 

берілген болатын. Қазір жексенбілік 

мектептегі тәрбиеленушілер тіл 

үйренуге мүмкіндік алды. «Ақ жол» 

орталығы үшін бастардың ана тілін 

үйренуі басты мақсат болып табы-

лады. 


Ал спортты сүйетіндерге шағын 

футболдан, армрестлингтен, қазақша 

күрестен, арқан тартудан арнайы 

спорттық сайыстар ұйымдастырылған. 

Шағын футболдан Кинель ауданының 

«Кең ел» футбол командасы жеңіске 

жетіп, екінші орын Большечерни-

гор ауданының футболшыларына 

бұйырды. Үшінші орынды Самара 

қаласындағы «Қайрат» КМОСО-ның 

футболшылары қанжығаларына бай-

лады. 


Қазақша күрес сайысында 70 

Алтын бесік – Жер жүзі

33

келіге дейінгі салмақта сынға түскен 

Болшечернигор ауданынан Ахметов 

Қайрат бірінші орын иеленіп, екінші 

орын Темірәлиев Дарханға (Хворо-

стянка), үшінші орын Молбасаров 

Асқарға (Красный Яр) бұйырды. 

90 келіге дейінгі салмақта сынға 

түскендердің арасында Құйбасов 

Александр (Большая Черниговка) 

алға озып, Аналиев Аманғали (Бол-

шая Глушица) мен Шканов Камиль 

(Красный Яр) екінші және үшінші 

орындарды өзара бөлісті. Ауыр 

атлеттердің арасынан Нұғманов Ру-

стам (Большая Гулшица) алға озды.

Арқан тартыс сайысынан Хво-

ростян ауданындағы «Жұлдыз» 

филиалының командасы бірінші 

орын иеленіп, екінші орын Боль-

шеглушиц ауданының «Елімай» 

филиалының командасына, үшінші 

орын Большечернигов ауданының 

«Туған жер» филиалының коман-

дасына бұйырды. Армрестлингтен 

70 келіге дейінгі салмақта сынға 

түскендері арасында Большечер-

ниговтан келген Имашев Марат, 

Красный Ярдан Кенжеғалиев 

Марат, Нефтегордан келген Ис-

маилов Наримандар жеңіске 

жетті. 90 келіге дейінгі салмақта 

өз бақтарын сынаған Аналиев 

Сейітқали, Кенжеәлиев Тимур 

және Бегенов Қайраттар алғашқы 

орындарды бөлісті. Ал 90 келіден 

жоғары салмақта сайысқа түскен 

Төлегенов Сағидолла бірінші орын 

иеленсе, екінші орынды Теміров 

Рамазан, үшінші орынды Теміров 

Серік ие болды. Түскі астан кейін 

қонақтар «Наурыз» мерекесі ая-

сында алғаш рет ұйымдастырылып 

отырған ауданаралық бойжеткендер 

арасындағы сұлулық байқауының 

куәсі болды. «Қазақ аруы – 2012» 

деп аталатын байқауға қатысушылар 

қазақ тілінде өз білімдерін сынға 

салып, көрермендерді қуаншықа 

бөледі. Арулардың сайысынан алға 

шыққан Ұлболсын Құсайынова 

Кинель-Черкас ауданын келген 

еді. Ал екінші орын алған бойжет-

кен Әлия Мұхамбетова Нефтегор 

ауданының тумасы. Үшінші орын 

алған сұлуымыз Динара Шүкірова 

Большеглушиц ауданынан келген. 

Жігіттердің сайысы да бұдан асып 

түспесе, кем емес. Олар спорттық 

шеберліктерін сынға салып, жамбы 

ату, оқтау тартыс бойынша сайысқа 

түсті. Әрине, олардың салмақ 

дәрежелері біркелкі болған жоқ. 

Сайыстың аты сайыс, кімнің күштілігі 

жарыс кезінде дәлелденеді емес пе?! 

Нәтижесінде бірінші орын Миндаль 

Есенғалиевке, екінші орын Кенжебай 

Түріпжановқа, үшінші орын Ерлан 

Мұхаммеджановқа бұйырды. 

Мерекелік шараның соңында сай-

ыстар мен спорттық жарыстардың 

жеңімпаздары марапатталды. Басты 

сый – қазақтың киіз үйін Болшеглу-

шиц ауданының «Елімай» филиалы 

ұтып алды. Ендігі «Наурыз – 2013» 

мерекесі Самара аймақтық «Ақ жол» 

қазақ ұлттық мәдени орталығының 

«Кең ел» филиалы жұмыс істейтін 

Кинель ауданында өтеді деп 

жоспарланған. 

Осы тамаша мерекенің өтуі не 

себепші болған Мәдениет басқар-

масына, әкімшілікке, аудандық 

мәдениет үйін, спорт бөліміне, 

кітапханаға, «Наурыз» мерекесін 

ұйымдастыруға атсалысқан Больше-

чернигор ауданының «Туған жер» 

филиалының белсенділеріне алғыс 

айтамыз. Самара облысындағы 

қазақ ұлттық мәдениетінің дамуы-

на қосқан үлестеріне осы өлкедегі 

қазақтар шексіз риза. 

Наурыз – көктемнің, махаббат-

тың, бақыттың мерекесі!

Той таусылмасын! Табиғаттың 

жаңаруы, жаңғыруы саналатын На-

урыз тойы баршамызға құт пен ырыс 

сыйласын! Наурыз мерекесі жасасын!  



Айгүл ЖӘЛЕЛОВА

Әлем қазақтары сыр шертеді

34

Алтын бесік – Жер жүзі


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал