Алты алаштың Алаш ардақтысы И.Әлімбековтің туғанына 120 жыл • Мәдени мұра



жүктеу 64.91 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі64.91 Kb.

Алты алаштың 

Алаш ардақтысы 

И.Әлімбековтің 

туғанына -

120 жыл 

• Мәдени мұра 

Б

үгінгі бостан елдің ұлт болып ұйысқан 



бес ғасырлық тарихында небір тар жол, 

тайғақ кешулер аз болған жоқ. Халық басына 

зұлмат бұлты болып үйірілген қилы замандар-

да ақыл-ойының шұғылалы шуағын елім деп 

еңіреген ерлер талайсыз жұртының жарқын 

болашағы үшін қатерлі күреске арнады. 

Қилы кезеңде қылша мойнын кеңестік 

жүйенің қылпылдаған қылышының жүзіне то-

сып, сол бір ұлы майданда «үштіктің» үкімімен 

қыршынынан қиылған алаш арыстарының бірі 

— Имам Әлімбеков. Туғанына 120 жыл толып 

отырған Имам Алаш қайраткері, ағартушы-

демократ ретінде есімі тарих жадында 

мәңгілік қатталып қалған өткен ғасырдағы са-

наулы ғана қазақ зиялыларының бірі болды. 

Ол ұлтымыздың ұлы тұлғалары Әлихан Бөкей-

ханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков-

термен бірге басын бәйгеге тіге жүріп, «Алаш» 

партиясын ұйымдастырды, қаналған жұрты-

ның ащы зары мен нала мұңын сырлаған «Са-

рыарқа» газетінің негізін қалап, оның алғашқы 

редакторы болды. Өнер-білімнен кенже қал-

ған елінің нұрлы ертеңін білімнен іздеген алаш 

ардақтысы ат-жалын тартып мінісімен оқу-

ағарту салаларында белсенді еңбек етті. Хал-

қына, қалтқысыз қызмет ете жүріп, шалғай 

қиырларда алғашқы сатылы мектептер ашуға, 

онда берілетін білімнің сапасына айрықша 

көңіл бөле білді. Өкінішке орай, бүкіл саналы 

тіршілігін алашының озық жұрттар қатарынан 

көрінуіне түн қатып, түс қаша жүріп еткен 

жанкешті еңбегінің тәтті жемісінің шырынын 

тату бақыты бұйырмай, небары 52 жасында 

«халық жауы» ретінде НКВД оғынан өмірі үзіліп 

кете барды. 

Өткен ғасырдың алғашқы отыз жылын-

дағы ел тарихындағы соқталы оқиғалардың 

басы-қасында болған И.Әлімбеков жайлы сол 

кездегі қоғам қайраткерлерінің шығармала-

рынан аздап болса да деректер табуға бола-

ды. Алайда «Алаш» партиясының негізін 

қалаушы, ағартушы-публицист жайлы күні 

бүгінге дейін толыққанды жазылған еңбек жоқ 

деуге болады. Қасиетті Қарқаралы өңірінің 

тумасы, Алаш қайраткері Имам Әлімбеков 

жайлы әйтсе де қолына қалам ұстап оның 

ғұмырдерегін толықтыруға, қоғамдық 

қызметтерінің қалың қауымға белгісіз жақта-

рын зерттеп білуге талпыныс жасап жүрген 

ғалым-қаламгерлер, журналистер мен өлке-

танушылар жоқ емес. Осы ретте бүгінде 

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұра-

тын белгілі өлке зерттеуші Юрий Попов, қара-

ғандылық тележурналист Гүлнар Бұхарбаева, 

экономика ғылымдарының докторы, акаде-

мик Рәшит Кәреновтің соңғы 12-15 жылдың 

мұғдарында облыстық «Орталық Қазақстан» 

республикалық «Егемен Қазақстан» газеттері 

мен «Азия-Транзит» танымдық альманағында 

жарық көрген мақалаларынан алаш арысы-

ның өскен ортасы, қоғамдық ағартушылық 

қызметі, қоғам қайраткері отбасының кейінгі 

тағдырлары төңірегінде көптеген түйінді 

мәселелерге жауап табуға болады. 

Қамшының сабындай келте ғұмырында 

шолпан жұлдыздай жарқ етіп туып, ақыл-ой ас-

панында өшпес ізін қалдырған Имам 1885 

жылы Қарқаралы уезі, Ақсары болысындағы 

Уақ қыстауында өмір есігін іңгәлап ашады. 

Әкесі Әлімбек өз дәуірінің ойы зерек, ақылға 

ұста адамы болады. Арабша хатқа жүйрік, 

көңілі кенен қария баласына жас шағынан-ақ 

терең білім беруді ниет етеді. Ол баласын ауыл-

дағы молдада үш-төрт жыл оқытқаннан кейін 

Қарқаралыдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға 

береді. Алғашқы сатылы мектепті ойдағыдай 

тәмамдаған балаң жігіт таудай талабына қанат 

байлап, Семей қаласындағы мұғалімдер семи-

нариясына барып түседі. Осы оқу орнында 

кейіннен елдегі оқу салаларының тізгінін ұста-

ған көптеген талапты шәкірттермен бірге 

оқиды. Осында қазақтың тұңғыш академигі 

Қаныштың ағасы Әбікей Сәтбаевпен қатар 

жүріп, білім алады. Семинарияны сәтті аяқта-

ған талапты түлекке қаладағы гимназияда 

оқытушы болуға жолдама беріледі. 

О

сы жылдарда жас оқытушы көне ша-



һарда тұратын қазақтың озық ойлы 

азаматтарымен жете танысып, олардың ара-

сында рухани достық күн озған сайын нығая 

түседі. Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Ер-

меков, М.Әуезов тәрізді әлемдік ақыл-ойдың 

небір жауһар еңбектерімен жете танысқан 

азаматтардың ықпалымен оның бойында осы 

жылдарда демократиялық ой-пікірлердің те-

рең іздері қалады. Жасынан білім бұлағынан 

мейірлене сусындаған талапты азамат осы 

жылдарда өзі де патша үкіметінің отарлау са-

ясатына, елдегі білім беру ісінің кенжелеп 

отырғандығына алаңдаушылық білдіріп, әр 

түрлі басылымдарда орыс, қазақ тілдерінде 

мақалалар жариялай бастайды. 1993 жылдың 

2 наурызында республикалық «Халық кеңесі» 

газетінде белгілі қоғам қайраткері, республи-

ка ағарту наркомы, «Еңбекші қазақ» газетінің 

алғашқы редакторларының бірі Смағұл Сәду-

ақасовтың «Трудовая Сибирь» журналынан 

аударылып басылған «Қазақ әдебиеті» атты 

тарихи талдау очеркінде Имам Әлімбековті 

саяси публицист, очеркист ретінде атауы, 

оның қаламгерлік қарымының жоғары болға-

нын көрсетсе керек. Оның ел тұрмысының сан 

алуан қырларын шеберлікпен суреттеп, пат-

ша өкіметінің отарлау саясатына қарсылық 

білдірген мақалалары 1910 жылдан бастап 

Семей, Новосибирск, Омбы қалаларында 

шығып тұрған орыс тілді газет-журналдарда 

үнемі басылып тұрған. Сонымен қатар қазақ 

ауылдарындағы тұрмыс түйткілдерін сөз ет-

кен әйел теңдігі, өнер-білімнің кең өрісі 

жөніндегі жазбалары «Айқап», «Дала уәләя-

ты», «Қазақ» тәрізді газет-журналдарда ба-

рынша мол жарық көріп, «ұйқыдағы» елдің са-

насын сілкуге қызмет етуі оның қашанда қай-

наған қоғамдық істердің бел ортасында бол-

ғандығын көрсетеді. Имекеңнің Алаш партия-

сындағы алған орны көрнекті мемлекет және 

қоғам қайраткері, ақын-жазушы Сәкен Сей-

фуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты шығар-

масында былай атап көрсетіледі: «Алаш» 

партиясының Семейде уақытша областной 

комитеті ашылды. Комитетке кірген кісілер: 

Әлімхан Ермекұлы, Рақымжан Мәскекұлы, 

Имам Әлімбекұлы, Тұрағұл Құнанбайұлы, т.б. 

болды». Осы кезеңде Имекең «Алаш» партия-

сының Семей облыстық ұйымы төрағасының 

орынбасары, 1918-1919 жылдары шығып 

тұрған аталмыш партияның орталық үні «Сары-

арқа» газетінің бас редакторы болған, сонымен 

қатар алаштықтардың атты әскер полкін жа-

сақтаушылардыңда бірі болған. 

Әйгілі алаш қайраткері И.Әлімбеков 1900 

жылдың өзінде Сарыарқаның қиыр пұшпағын-

дағы шағын ауылды тастап шығып, өмір өрісін 

алыстан іздегенін әр жылдарда мерзімдік ба-

сылымдарда жарық көрген оның туыс-ағайын-

дарының, үзеңгілес-серіктес болған жерлесте-

рінің жазбаларынан айқын аңғаруға болады. 

Мұндай құнды деректерді алаш қайраткерінің 

жиені, Қостанай қаласының тұрғыны Мақат 

Рақымбековтің, алаш арысының туған ұлы 

Мейрам Имамұлы Әлімбековтің, қызы Әлимаш 

Имамқызының, келіні Ақсия Сафарованың, 

немере туысы Ормаш Қалиевтің облыстық ба-

сылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген 

естелік дестелерінен кездестіреміз. Кезінде 

танымал журналист-ғалым Рамазан Сағымбе-

ков облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде 

шығарып тұрған «Мирас» тарихи-танымдық 

беттерінде Имам Әлімбекұлының тағдырына 

қатысты мақалалар жариялап, алаш арысының 

өмірбаянын толықтыруға игі қадамдар жасал-

ғаны белгілі. Осы игі шаруалардың басы-

қасында болып, көзден жырақ, көңілден таса 

қалған белгілі тарихи тұлғаның ел үшін жаса-

ған өлшеусіз қоғамдық қызметін, сол жолда 

көрген бейнет-мехнатын халық жадында қайы-

ра жаңғыртуда облыс жұртшылығына кеңінен 

танымал тележурналист Гүлнар Бұхарбаева-

ның ерен еңбегі де атап өтуге тұрарлық. 

И

мам туған ұясынан бала шағында атта 



нып, өмірінің қызулы шағын негізінен 

халық ағарту ісіне арнап, елінің сәулелі күнге 

жетер шағын аңсап басын тауға да, тасқа да 

соқты. Оның білім бұлағынан сусындауы Қар-

қаралыдан басталады. Осында жасөспірім 

төменгі ауылшаруашылық мектебінде, қала-

лық, сонан кейін екі кластық орыс-қырғыз 

училищесінде оқыды. Қарқаралыда ол Ахмет 

Байтұрсыновпен танысып, Әлімхан Ермеков-

пен достасты. Арада он жыл өткенде рухани 

жақындық бұл қазақ зиялыларын «Алашорда» 

партиясының белгілі тұлғалары дәрежесіне 

жеткізді. Семей мұғалімдер семинариясын 

бітіргеннен кейін И.Әлімбеков Семейтау мен 

Қуда, Павлодар мен Семейдің қалалық 

мектептерінде ұстаздық етті. 1917 жылдың 

наурыз айында патша билігінің қысымымен 

Мәскеу мен Минск қалаларында саяси кінәсін 

жуу үшін елден жырақ кетуіне тура келеді. 

1917-1920 жылдар аралығында ол алаш 

серкелерімен бірге «Алаш» партиясын құруға 

белсене қатысады. Ол құрамына Халел Ғабба-

сов, Садық Дүйсенбаев, Әлімхан Ермеков, 

Райымжан Мәрсеков, Тұрағұл Құнанбаев, Әли-

хан Бөкейханов кірген Семейдегі «Алаш» 

партиясының уақытша комитетіне мүше болып 

сайланады. Семейде совет өкіметі орнағанда 

қаланың Завод-Затон ауданынан совдепке 

мүшелікке сайланады. Осында халыққа білім 

беру ісін басқарып, өнеркәсіп және сауда ко-

миссары қызметін қосымша атқарады. 

С

емейде Кеңес өкіметі уақытша құлаған 



кезде ол Ә.Ермековпен бірге Уфа, Са-

мара, Челябинск, Омбы қалаларында болып 

«Алашорда» үкіметінің қызметіне қызу арала-

сады, 1919 жылдың 4 наурызында Колчактың 

барлау қызметі И.Әлімбековті тұтқиылдан 

тұтқындап, оның үйіне тінту жүргізеді. 

Ол мұнда сол жылдың 9 шілдесіне дейін 

қапаста ұсталады. Қарқаралыда совет өкіметі 

толық орнағаннан кейін Имам туған жеріне 

оралады. 1920-1930 жылдар ішінде Қарқара-

лы революциялық комитетінің, кейіннен уездік 

атқару комитетінің мүшесі болады. Осы жыл-

дарда ол халық ағарту ісіне белсене араласа-

ды. Қаладағы педагогикалық техникумның 

негізін қалап, оның тұңғыш меңгерушісі бола-

ды. Сонымен қатар қаладағы екі басқышты 

мектепте дәріс беріп, бала күнгі досы Ә.Ерме-

ковпен қайыра қызметтес болады. 

Имам Әлімбековті «Алашорданы» ұйымда-

стырушылардың бірі ретінде саяси қудалау 

1930 жылдың сәуір айында басталады. Бір 

жылдан соң бостандыққа шыққан оны арада 10 

күн өткенде қайыра тұтқындап, Семей түр-

месіне жібереді. Мұнан әрі тағдырына бұлт 

үйіріліп, қызыл кеңес чекистерінің қарауылы-

на іліккен Имекеңнің қылыштың жүзінде қыл-

пылдаған аласапыран өмірі басталады. Осы 

кезеңдерде Қарағанды, Омбы, Көкшетау қала-

ларын паналап, әр жұмыстың басын бір шала-

ды. Алайда елінің ертеңіне сеніммен қараған 

алаш арысы төбесінен қаншама қара аспан 

төнсе де, жүрген жерінде жалпақ жұртын оқу-

білімге үндеп, жас ұрпақтың жарқын болаша-

ғына қолынан келгенінше қамқорлық жасауға 

тырысады. Кезінде алаш қайраткерінің өмір 

соқпағына түсіп, оның пәнибаяндық жолын 

біршама зерттеген қарағандылық өлкетанушы 

Юрий Попов «Алашордашы Әлімбеков» атты 

мақаласында былай деп жазады: «Қарағанды 

облыстық ҰҚК архивін ақтарып отырып, ста-

линдік қудалаудың тағы бір құрбаны, белгілі 

алашордашы Имам Әлімбековтің қамауда 

отырып, өз қолымен жазған өмірбаянын тауып 

таң қалдым» дей келіп, оның 1932 жылдың та-

мыз айында «Қарағандыоблхозбалық» одағын-

да қызмет істеп жүрген шағында тұтқындалып, 

үш жылға «Белбалтлагерьге» жер аударылға-

нын жазады. Жазықсыз жапа шеккен ол кесімді 

жазасын өтегеннен кейін қайыра Қарқаралыға 

оралады. Туған жеріндегі Бесоба орталау мек-

теп-интернатына меңгеруші болып тағайын-

далады. Алаш қайраткерінің үміт пен күдікке 

толы өмір жолының тұйықталар кезін Ю.По-

пов былай суреттейді: «1937 жылдың 14 на-

урызында И.Әлімбеков пәтерінде тінту 

жүргізіледі. Оның алашордаға байланысын ай-

ғақтап, ілік боларлық «Алашорда тарихының 

очеркі», Абай өлеңдерінің томы, төрт фотосурет 

алынады. Сөйтіп, тағы тұтқындалып, тергеуге 

түседі. Ауылдан куәгерлер топтап шақырылып, 

сұрау алынбаған бесобалық қалмайды. Бұл тер-

геу-жауапқа «Жұмысшы» мойынсерігінің бүкіл 

мүшелері қамтылады. 1937 жылдың 12 

қыркүйегінде тергеу аяқталады. 

Күстаналау сол кезге тән құбылыс - «ке-

ңеске қарсы үгіт-насихат жүргізді» болып та-

былады. Екі күннен кейін Қарағанды облысы-

ның НКВД үштігі оны ату жазасына кесу 

жөнінде үкім шығарады. 15 қыркүйек күні үкім 

орындалады. Өкінішке орай, оның жерленген 

жері белгісіз, архивтен бұл жөнінде ешбір де-

рек таба алмадым». Халқының бақыты үшін 

заманның бар жәбір-жапасына шыдап, жан 

дүниесі қаншама жаншыла жүрсе де, өмірінің 

соңғы демі бітер шағын қияға біткен емендей 

қасқая қарсы алған қазақ зиялысы Имам 

Әлімбековтің тұтқындалған күні жайлы 

кезінде облыстық «Орталық Қазақстан» 

газетінде естелік жазған танымал ғалым, фи-

лософия ғылымдарының кандидаты Оңайбек 

Құдышұлы былай сыр шертеді: «Мен Имам 

ақсақалды көзіммен көріп, одан тәлім-тәр-

бие, дәріс алғандардың бірімін. 

1937 жылы Қарқаралы ауданының Бесоба 

орталау мектебінің 6-класында оқитынмын, 

Наурыздың орта кезі, қар еріп жатқан кез. 

Мектебіміз екі қабатты үйде болатын. Үстіңгі 

қабатында оқу бөлмелері, астында интернат 

орналасқан. Бір кезде сырттан айқай-шу 

естіліп, далаға шықсам, бір топ бала-шаға 

дүркіреп, жиналып тұр екен. Бақсақ, өзіміздің 

қадірлі ұстазымыз, мектеп директоры Имам 

ағайды ұстап алып жөнелтейін деп жатыр де-

ген суық хабарды естіп есеңгіреп қалдық. 

Ол кезде екі жағында екі милиционері бар 

ат-арба Қарқаралыға бет түзеп те үлгерді. 

Сүйікті ұстазын қимай жылап-сықтаған 

шәкірттер сол көліктің соңынан қалмаған соң, 

милиционерлер аттың астына алуға айналды. 

Ол кезде 7-класта оқитын балалар ересек, 

еңгезердей жігіт болатын. Олар Имекеңді ай-

дап әкетіп бара жатқандарға тас жаудырды... 

Осыдан аз күн өткен соң, ауылдың ең таң-

даулы азаматтарын топырлатып әкете баста-

ды. Ашаршылықтан ат-тонымызды ала 

қашып, бүкіл Батыс Сібір өлкесін аралап, енді 

елге келіп, ес жинағанда көргеніміз осы бол-

ды. Бала кезімнен осылай көкейімде қалып, 

есейгенде есімнен кетпей, жан дүниемді 

жәбірлеп жүрген «Алаш», «Халық жауы», «Сат-

қын» деген ұғымдардың мәніне көзім кейін-

нен жетті». 

Т

үйіндеп айтқанда, ұлтын ұлықтап, 



қалың елі қазағының қаймағы бұзыл-

май озық жұрттар қатарынан көрінуін арман-

дап өткен алаш арыстарының бірі, Қарқара-

лы өңірінің тумасы Имам Әлімбеков кеңестік 

жүйенің жапқан жаласы, жаққан күйесінен 

тазарып, араға елу үш жыл салып қана ақтал-

ды. Қара ормандай қалың жұртымен қайыра 

қауышқан ағартушы, қоғам қайраткері, қала-

мы қарымды баспасөз майталманын есте 

қалдыру жөнінде шара алынуы қажет-ақ. 

Бүгінде асыл азамат, айналасына білім нұрын 

шашқан өз кезеңінің озық ойлы тұлғасының 

туғанына 120 жыл толуын атап өту шараларын 

өткізуге оның соңында қалған ұрпақтары, бе-

собалық жерлестері берік қам жасауда. 

Өйткені, өткен ғасырдағы ел, қоғам тарихын-

да өзіндік орны бар, шоқтығы биік рух шырақ-

шысын ұмытуға ешбір қақымыз жоқ. 



Ғаббас СМАҒҰЛОВ, 

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай отырғандар) 



Алашорда қайраткерлері

 Мұқтар САМАТОВ, 

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ және И.ӘЛІМ-

БЕКОВ. 

Орталық Қазақстан.-2005.-22 қыркүйек.-10 б. 

арысы еді 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал