Алшын шежіресі



жүктеу 0.75 Mb.

бет6/8
Дата22.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ХӨНӨГ  (ыдыс)  1. көнек;  2. шелек;  3.оқшантай, дәрі қалта; 

87

 



Демек, көнек шынымен де поручик Я.П. Гавердовскийдің жазғанындай көне 

шөмекей руы. 

Сары Қашқынға келейік. Шежіре бойынша Сары- Шөмекейдің Бозғұл 

тайпасынан. Ал бозғұлдың мағынасы- қашқын, қараңыз: 



БОСГОЛ   босқын, қашқын (адам)

88

 



Бұл тайпаның құрамында Дулаттың Құдайқұл, Жәдік, Қанай рулары  бар.  

18-19 ғасырларда  Башқұрттардың Табын тайпасының Теляу бөлімшесінде  

Сары  және  Көнек  рулары,  ал  Сунарсы  тайпасының  Байки  бөлімінде 

Шөмекей руының өзі болған.

89

  

Шөмекейді  құраған  төрт  тайпаның  бірі  Аспан  дедік.  Мына  картада 



Саян  тауларынан  бастау  алып,  Енисейге  құятын  Аспан  деген  өзен  бар, 

келесі  бетті қараңыз. 

                                                           

86

 С.К. Хойт. Об этнониме хойт (хойид) 



http://journal.iea.ras.ru/online/2005/EOO2005_5c.pdf  

 

87



 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 611-б 

88

  Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж.83-б. 



89

  http://www.bashklip.ru/forum/16-64-1 



58 

 

 



 

Сонымен,  Шөмекей  -  Орман  елінен  шыққан  рулар  одағы,  кейбір  рулар 

шөмекейге кейінірек келіп қосылған. 

Ілгеріде  үрәңқайлық  Жаршытай  ақсақалдың  (Сүбетей  батырдың 

әкесі) Темүшін дүниеге келгенде көрігін арқалап, сыйлыққа бұлғын жөргек 

алып келгені туралы «Моңғолдың құпия шежіресінен» үзінді келтіріп едік.

90

 

Ол үзіндіде назар аударарлық екі нәрсе бар. Біріншісі- бұлғын терісінен кез-

келген  аңшы  жөргек  істей  алмайды,  ол  үшін  теріні  илеп,  өңдей  алатын 

шебер  болу  керек.  Екінші  назар  аударарлық  нәрсе,  Сүбетейдің  әкесінің 

көрік  арқалап  жүргені.  Онысына  қарағанда,  Жаршытай  ақсақал  металл 

балқыту жөнінен де шеберлігі бар. 

Моңғолша шеберді «дүй» дейді

91

 , ал «дүйт» дегеніміз- шеберлер деген сөз. 



Шөмекейдің  ұраны  «дүйт=дөйт»  болғанына  қарағанда,  олар  үрәңқай 

тайпасының шеберлер кастасынан болса керек.  



 

Қаракесек 

Қаракесектер Алшында да, Арғында да бар.  Екеуінің түбі бір – Саян 

таулары. Сол таулардың Тыва мен Краснояр өлкесі шектесетін тұсындағы 

теңіз деңгейінен 2600 м биіктіктегі орманды жоталарының бірі – Кесек тайга 

деп  аталады.  Кесек  сөзі  моңғолшадан  аударғанда  күшіген  деген  құсты 

                                                           

90

  Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері.1-т. Алматы, Дайк-Пресс



2005ж.110-б.  

 

91



  Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 201-б. 

59 

 

 



білдіреді  деп  ілгеріде  айтқан  едік.  Шамасы  мұнда  күшігендер  көп  болса 

керек.  


  

Осы тайгада аңшылықты кәсіп етіп, күн көріп жүрген саян-үрәңқай тайпасы 

Кесек  деп  аталған.  Кесектердің  үрәңқай  тайпасы  екенін  Грумм-

Гржимайлодан көреміз. 



«Засим,  и  Африканов-«Урянхайская  земля  и  ея  обитатели»  в  «Изв. 

Вост.-Сиб. Отд. И. Русск. Геогр. Общ.», 1890, XXI, № 5 называет четыре 

кости  в  составе  ойнарского  сумына:  тонгкак,  байгара,  кизек-соин  и 

иргиз...» 

92

 



                                                           

92

 Г.Грумм-Гржимайло.Западная Монголия и Урянхайский край.3-т.Ленинград,1926 ж. 



11- б. 

60 

 

 



Осы кесектерден бөлініп, 13 ғасырда Алшынның және Арғынның құрамына 

кірген  топтар  Қаракесек  атанған.  Ал  Орман  елі-Алшындармен  аралас-

құралас болған қырғыздардың құрамында Кесектердің де, Қаракесектердің 

де  болуы  олардың  қырғыздарға  әр  мезгілде  кезең-  кезеңімен  қосылғанын 

байқатады. 

Т. Үсенбаевтың «Алшын шежіресі» бойынша Қаракесектен Есіл мен 

Тобыл  туады,  Тобылдан  Үңгіт  туады.  Бұл  руларға  байланысты  Ресейдің 

Дивногорск  қаласының  маңында  Енисейге  құятын  аралары  20  км  Тобыл 

және Үңгіт өзендері бар екенін атағанымыз жөн болар. 

 

 

 

Үңгіттер Жаппас руының құрамында да бар. 



Қаракесектің құрамында Шектіде кездесетін Қалу, Шоң,Тілеу -Қабақ,Төлес, 

Назар  рулары  бар.  Ол  Шекті  мен  Қаракесек  руларының  бір-біріне 

жақындығын байқатады.  

 


61 

 

 



Қарасақал 

Моңғол  Алтайының  Қытай  жағында  теңіз  деңгейінен  2765  м  биік  Сақал 

тауы бар. 

 

Осы  тауды  мекендеген  ел  Сақал  аталған.  Олардан  бөлініп  шыққан 



Қарасақал руы қазақ алшындарының құрамында екені белгілі. Ал енді осы 

тайпалар тағы қайда бар? 

Орыс  ғалымы  академик  В.В.Радловтың  жазуы  бойынша  алтайлықтар 

«алтай-кижи»  және  «чуй-кижи»болып  екіге  бөлінеді.  «Чуй-кижидің»  бір 

руы сақал деп аталады. 

93

      



              Грумм-Гржимайлоның айтуы бойынша Үрәңқай өлкесінде Жадана 

өзенінің бойында Сайын-ноян қосынында қарасал деген ру болған. 

94

 

                                                           



93

  В.В.Радлов. Из Сибири.Москва, Наука, 1989 ж. 95-96 бб. 

94

  Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 3-т. Ленинград,1926 



ж. 16- б. 

  


62 

 

 



              Тыва Уикипедиясында 19 ғасырда алтай үрәңқайларының арасында  

Қарасаян қосынында қарасақал руының, Көк моншақ қосынында адай мен 



шүңгір руларының болғандығы айтылады.

95

 



Бұл мәліметтер қарасақал тайпасының Орман елі екенінің айғағы. 

               Шекті тайпасында кездесетін біраз рулар Қарасақалдың құрамында 

да  бар.  Олар-  Баубек,  Төлес,  Шүңгір,  Пұсырман,  Асан-Үсен.  Бұл  осы  екі 

рудың аралас-қораластығын көрсетеді.  



 

Төртқара 

          Төртқара 

туралы  Алтай-Саян  өлкесінен  ешқандай  топоним 

кездеспеді. 

Алайда Грумм-Гржимайло 19 ғасырда  Үрәңқай  өлкесінде қаратод деген 

рудың  Дорокөл    көлінің  және  Азасу  өзенінің  жағасында  өмір  сүргенін 

айтады.

96

  Мүмкін, қаратод дегеніміз тодқара=төртқара шығар. 



Кейбір  тарихшылар,  мысалы  М.С.Мұқанов  пен  В.В.  Востров 

 

төртқара  руын  найман  тайпасының  матай  руынан    бөлініп  шыққан  деп 



есептейді.Таңбаларын  салыстыра  келіп,  олар  төртқараның  бір  бөлігінің 

керейден шыққанына  күмән келтірмейді.  



«Возвращаясь  к  вопросу  о  происхождении  этого  рода,  необходимо 

указать, что как и предыдущий, род торткара определенно недавнего (не 

раньше  XVI-XVII  вв).  происхождения,  и  как  нам  кажется,  основная  его 

масса по каким-то неизвестным причинам отделялась от племени найман 

(рода  матай),  в  составе  которого  имеется  подразделение  торткара. 

Часть  рода,  несомненно,-  выходцы  из  племени  керей,  с  которым  у  нее 

совершенно одинаковая тамга». 

97

 

Жақсылық Сәбитовтың аталған  еңбегінің

98

 тіркемесіндегі кестеде 



Y-хромосомаға тест тапсырған төртқара руының екі азаматының екеуінің де 

гаплотобы С3с1 болып шыққаны көрсетілген. Ал найманның матай руынан 

тест  тапсырған  5  азаматтың  төртеуінің  гаплотобы  О3,  біреуінікі-  R1b1a2. 

                                                           

95

 Тува-Википедия  https://mn.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%83%D0%B2%D0%B0 



 

96

  Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 3-т. Ленинград,1926 



ж. 16- б. 

97

  М.С.Мұқанов, В.В.Востров. Родоплеменной состав и расселение казахов. Алматы, 



Наука. 1968ж. 102-б. 

98

 Ж. Сабитов. Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики  The Russian 



Journal of Genetic Genealogy (Орысша нұсқа): 5-т, №1, 2013- ж.    

63 

 

 



Осы  матай  руының  төртқара  бөлімшесінен  жалғыз  азамат  гаплотобын 

анықтаган екен, оныкі де R1b1a2 болып шығыпты. 

  

Генетикалық  генеалогияның  бұл  нәтижелері  Мұқанов  пен 



Востровтың    пікірін  растамайды,  керісінше  төртқаралардың    Алшын 

тайпасына жататынын дәлелдейді. 

           Төртқараның құрамында Шекті тайпасында бар Баубек, Айт, Тілеу-

Қабақ, Андағұл, Сейітқұл, Айдарбек  рулары кездеседі. Бұл да төртқараның 

Орман елі- Алшын екенінің қосалқы дәлелі. 

 

Кете 

«Китя  (кидя,  Нi-ti)  упоминаются  в  числе  тех  18  племен,  князья 

которых  были  собраны  в  1120  году  Елюй-Даши  и  засим  под  его 

предводительством  во  главе  своих  отрядов  выступили  на  запад  для 

завоевания  государства  Караханидов.  В  настоящее  время  китя  входят  в 

состав  отдела  алчин  подотдела алимулы  Малой  киргиз-казачьей  орды.  В 

племени  алчин  Аристов  видит  метисов  тюрков  и  белокурых  динлинов, 

помещая  их  родину  в  стране  Алакчин,  лежавшей  на  Енисее,  при  устье 

Ангары,  где,  согласно  одному  из  узбекских  преданий,  все  лошади  были 

пегими, а очаги золотыми. А если так, то и китя могут быть потомками 

белокурых динлинов». 

99

  

Мұндағы  динлиндер туралы тұжырымды ( ол кәсіби тарихшылардың 

мәселесі деп ойлаймын) және ала- шұбар ат пен алтын ошақ туралы аңызды 

елемесек,  бұл  үзіндінің  мәйегі-  кетелер  Алакчин  елінен  шыққан 



алшындардың руы.    

Алдыңғы  тарауларда  «алшын»  сөзі  моңғолдың  «алығшын-аңшы» 

деген сөзінен шыққан деп едік. Ал Алакчин елі дегеніміз де- сол аңшылар 

елі.  Қырғыздың  «ч»-шыл  говорындағы  алакчин,  қазіргі  моңғолша  кирилл 

әрпімен алагчин деп жазылады, ал моңғол фонетикасының заңдылығымен 

алығшын  деп  оқылады.  Алығшын  сөзі  қалай  алшынға  айналды  дегенде, 

Алшындардың 13 ғасырда Жошымен бірге Дешті Қыпшаққа кетіп, олардың 

көне түрік-моңғол тілі қыпшақ тілінің ықпалына түскенін, ал қырғыздардың 

сол  Енисей  аңғарында    Минусин  ойпатында  қалып  қойғанын,  сондықтан 

олардың  тіліне  басқа  тілдердің  көп  ықпалы  болмағанын  ескеру  керек. 

Мысалы, ауыл сөзі  моңғолша- аил, қырғызша да- аил. Шәй сөзі моңғолша- 

                                                           

99

  

 



Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 3-т. Ленинград,1926 

ж. 14- б.

 

 


64 

 

 



цай,  қырғызша  да-  цай.  Рахат=жаргал  (моңғ.)=жыргал  (қырғ.). 

Көлік=унаа=унаа. Қызық,тамаша=сонын =сонын, т.с.с. 

Кете  тайпасы  туралы  М.С.  Мұқанов  пен  В.В.  Востров    Грумм-

Гржимайлоның  біз  ілгеріде  келтірген  пікірін  қайталай  келе,  Мубаракшах 

айтқан хита тайпасы осы болар деп ой түйеді. Олар кетенің құрамына алты 

ру кіретінін айтады.

100

 

 



 

«Алшын шежіресіне» келетін болсақ, автордың айтуынша Кердерінің 

Кетебике сұлуынан тараған ұрпақ «кете» атанған.

101


 

Шын мәнінде Кете руының этимологиясы Кеті өзеніне байланысты. 

 

Ұзындығы 1621 км болатын бұл өзен Батыс Сібір жазығымен ағып отырып 



Обь өзеніне құяды. Осы өзеннің бойында ежелден тұратын тайпа Кете деп 

аталған. 



 

 

 

                                                           

100

 М.С.Мұқанов, В.В.Востров. Родоплеменной состав и расселение казахов. Алматы, 



Наука. 1968ж. 93-94бб. 

101


 Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі. Қызылорда. Тұмар, 2003ж. 91-б. 

 


65 

 

 



Байұлы 

Алаш өзенінің жоғарғы ағысы ауданы 600 шаршы шақырымды алып жатқан 

Бай-тайганы жағалайды. Аң-құсқа бай осы тайгада  аңшылықты кәсіп етіп 

жүрген халық Жошының әскеріне Байлар деген атпен кірсе керек.   

 

Байұлы деген атау тарихи құжаттарда алғаш рет 1561 жылы кездеседі. Сол 



жылдың 23 маусымында Ноғай Ордасының биі Смайылдың  Орыс патшасы 

Иван Грозныйға жазған хатында Байұлы ұлыс ретінде аталады.

102

  

 



Алаша 

Саян тау сілемдерінен бастау алатын Қаракөл және Чульча  өзендері 

қосылып ұзындығы 125 километрлік Алаш өзеніне айналады. Бастапқыда 

ағысы қатты тау өзені Кемшікке қосылар тұсында Алаш даласына шығып 

қарқынын бәсеңдетеді. Осы жазықта қой-ешкі, жылқы, қодас бағып тіршілік 

етіп жүрген халық 13 ғасырда Алашы деп аталған, Алшынның құрамындағы 

Алаша осы болар. 

                                                           

102

  История Казахстана в русских источниках ХVI- XX веков. I- т. Алматы, Дайк-Пресс, 



2005 жыл, 126- б. 

 


66 

 

 



 

Алаш өзені. Саян таулары. Тыва республикасы.

103

  

 

Алаша тайпасының құрамында Албанның Қоңырбөрік, Дулаттың Құдайғұл, 

Жәдік,  Бектеміс,  Бұзау,  Ботпай,  Шектінің  Тілеу  мен  Қабақ  рулары 

кездесетініне қарағанда, Алаша- рулар конфедерациясы.  



 

 

                                                           

103

 http://www.travelzone.lv/rossija/raft/1983_alas/index.html 



 

67 

 

 



Адай 

          Адайлардың  өткен  ғасырда  Үрәңқай  өлкесінің  Кемшін  қосынында 

кездесетіні  туралы  Грумм-Гржимайло  еңбегінен  ілгеріде  үзінді  келтірдік. 

Бұл ғалым адайлар қырғыздың адыгене болімінде де бар екенін айтады.

104

 

Сонымен  бірге  хакастың  қызыл  бөлімінде  Адай  руынан  басқа,  Ақ 



адай,  Көк  адай  рулары  болған.  Оны  анықтаған-    швед  зерттеушісі  

Страленберг

  (Штраленберг)  Табберт  Филипп  Иоганн.  Тарихи  деректер 

бойынша ол 1709 жылы капитан шенінде орыс-швед соғысына қатысады. 

Алайда Полтава түбінде орыстарға тұтқынға түсіп, Сібірге жер аударылады. 

Ол  жақта  қарап  жүрмей  1721-1722  жылдары  Д.Г.Мессершмидтің 

экспедициясына қосылып, Ертіс, Обь, Томь, Енисей өзендерінің бассейнін 

зерттейді.  Сол  экспедициясында  ол  Ұжұр  болысының  Парна  ауылында 

тұратын 97 жасар Шола Ичигеев деген қариядан хакастың қызыл бөлімінің 

руларын жазып алады. Ол рулардың тізімінде жоғарыда аталған АдайАқ 



адай, Көк адай руларынан басқа Алшынның Алаша, Алтын,Таз рулары 

болған.


105

 

Тыва  Уикипедиясында  19  ғасырда  алтай үрәңқайларының  арасында   



Көк моншақ қосынында адай руының болғаны айтылады.

106


 

       Т.  Үсенбаевтың  «Алшын  шежіресінде»  Адайдың  ұрпақтары  ретінде 

Табын  тайпасының  Лабақ  руы,  Арғынның  Алтай,  Қарпық  рулары, 

Қалмақтың  Бұзау  руы,  Алшынның  Төртқара,  Байбақты,  Қаракесек,  Таз 

тайпалары  кездеседі. Тағы бір қызығы Адай Байұлының құрамында болса, 

Адайдың  құрамында  Байұлы  бар.  Мұқанов  пен  Востров  адай  таңбаларын 

зерттеу арқылы бұл тайпаның әуелден белді тайпа екенін, оның қоластына 

әржақтан әртүрлі рулар кіргенін байқаған.

107

 

 

«Процесс роста адаевского рода происходил, вероятно, на протяжении всей 

его  долгой  истории  и  объяснялся  тем,  что  адаевский  род  даже  в  своем 

первоначальном виде представлял собой многочисленный и сильный род, 

под эгиду которого охотно подпадали слабые соседние роды или  их части. 

Часть  этих  пришельцев  принимала,  возможно  адаевскую  тамгу,  а  часть- 

сохраняла свою».   

 

                                                           

104

  Г. Грумм-Гржимайло. Западная монголия и Урянхайский край. Ленинград, 1926 ж.  



3-т. 15-б. 

105


 http://www.khakasia.com/forum/index.php?threads/ 

106


 

Тува-Википедия  https://mn.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%83%D0%B2%D0%B0

 

107


   

В.В. Востров, М.С. Муканов. Родоплеменной состав и расселение казахов. Наука, 

Алматы, 1968 жыл, 86-87 бб.

 


68 

 

 



      Бұл  тарихшылардың  айтуына  қарағанда,    Ұлы  жүз  руларының  ішінде 

жекелеген Кіші жүз кірмелері бар.

108

 Аталмыш ғалымдар оның себебін Кіші 



жүз тайпаларынының, оның ішінде адайлардың батысқа қайтып келгенше 

Түркістан  жақта  үш  ғасырдай  уақыт  жүріп  қалғанымен  түсіндіреді.  Шын 

мәнінде Ұлы жүз Дулаттың құрамында Құдайғұл, Бектеміс, Бұзау рулары 

бар.  Бұл  рулар  Адайда  да  бар.  Бірақ  біз  оларды  Адайдан  Дулатқа  кірген 

рулар деп толық сеніммен айта аламыз ба?  

          Бір  қызығы  дәл  осы  рулар  Алашаның  құрамында  бар.  Онымен  қоса 

Алаша руында Дулатта бар Жәдік руы да бар. Бұдан шығатын тұжырым, бұл 

рулар Кіші жүзден Ұлы жүзге кірген рулар емес, керісінше Ұлы жүзден Кіші 

жүзге өткен рулар.  

Қауымдастық  генетика    мен  тарихты  ұштастырып  жүрген    ғалымдар 

осындай тұжырымдарды зерттесе құба -құп болар еді. 

 

Адайлардың Орман елі болғанын осы картадан көреміз.     



Қазіргі  Ресейдің  Иркутск  облысында  теңіз  деңгейінен  1500  м  биіктіктегі 

самырсын тайгасынан бастау алатын ұзындығы 41 шақырым Адай өзені бар, 

                                                           

108


  Сонда, 87-б. 

69 

 

 



ол Зима өзеніне құярдан бұрын Үлкен Адай және Кіші Адай болып, екіге 

бөлінеді. Адай халқы осы өзендердің бойын мекендеп, тайгада аңшылықпен 

айналысса керек.    

 

Беріш 

            М.С.Мұқанов  пен  В.В.  Востровтың  жазуына  қарағанда  Беріш  Кіші 

жүздің  ірі  тайпаларының  бірі.  Олар  Беріштің  жайық,  есенғұл,  қаратоқай, 

құлкеш,  бегіс,  есен,  жаңбыршы,  себек,  бесқасқа  сияқты  тоғыз  рудан 

тұратынын,  олардың  бір  бөлігінің  аты  Байбақты  екенін  жазады.  Бұл 

тарихшылардың ойынша бір кездері осы Байбақтының бір бөлігі Беріштен 

бөлініп  шығып,  өз  алдына  дербес  руға  айналған.    Олар  Байбақтыны  да 

Берішті де  қыпшақ руы деп есептейді, оның дәлелі ретінде  Египетке сұлтан 

болған  Бейбарыс  пен  Қалауынның  қыпшақтың  буржоглы  руынан  екенін 

алға тартады.

 109

 

           Бұл  тұжырымды  тексеру  үшін  генетикалық    генеалогияның 



нәтижелерін  қарап  көрейік.  Жақсылық  Сәбитовтың  аталмыш  еңбегінің 

тіркемесіндегі  кестеден    ДНК-тест  тапсырған  Беріш  пен  Байбақтыларды 

іздейміз. 

110


 Олар  төртеу  екен-  үш  Беріш,  бір  Байбақты.  Олардың 

гаплотобын  қарасақ,  екі  Беріш  пен  бір  Байбақты  С3с1  болып  шықты.  Ол 

деген сөз олар Алшын кластеріне жатады- Орман елі,  тек бір Беріш Есенғұл 

R1b1a1 екен. Демек, бұл тұжырымдар әлі де зерттеуді қажет етеді.  

           Сұлтан Бейбарысқа келер болсақ, ол мамлюк

111


 

 еді. 


Моңғолша құлды  буурж  дейді.

112


   Буржоглы  деп  жүргеніміздің  мағынасы 

«құлдан шыққан» болуы мүмкін. 

Біздіңше  Беріш  атауының    этимологиясы  гидронимге  байланысты. 

Шығыс Саян тауларының солтүстік беткейлерінен бастау алатын ұзындығы 

629 шақырым  Енисейдің оң арнасы Қан өзені бар. Сол Қан өзеніне құятын 

Үлкен және Кіші Беріж өзендерінің жағасында өмір сүріп, аңшылықты кәсіп 

еткен тайпалар  Беріш деп аталған.  

                                                           

109

 В.В. Востров, М.С. Муканов. Родоплеменной состав и расселение казахов. Наука, 



Алматы, 1968 жыл, 102-103 бб. 

110


 Ж. Сабитов. Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики  The Russian 

Journal of Genetic Genealogy (Орысша нұсқа): 5-т, №1, 2013- ж.    

 

111


 ( Мамлюктер- ортағасырлық Мысырда түркілерден (қыпшақ) және 

кавказдықтардан (гүржін, шеркес) шыққан  жас құлдардан жасақталған әскери каста), 

https://ru.wikipedia.org/wiki/Мамлюки 

112


 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 98-б. 

 


70 

 

 



         

 

Байбақты 

          Байбақты  шежіре  бойынша  Жан-Бақты,  Дін-Бақты  еншілестерімен 

бірлесіп  Байбақты  альянсын  құрайды.  Байбақты  атауына  байланысты 

топонимдер  Саян-Алтай  өлкесінде  кездеспеді.    Мұқанов  пен  Востров 

Байбақтыны Беріштен бөлініп шыққан ру деп есептейді. Ол туралы Беріш 

тарауында  айтылды.  Ескере  кететін  бір  жәйт  Байбақты  тек  Беріштің 

құрамында  ғана  емес,  сонымен  бірге  Адайда,  Төртқарада,  Шөмекейде  де 

бар.Байбақты  атауын  тарихи  этнонимдерден  іздесек,  Рукн-әд  дин 

Бейбарстың  қолжазбасында  1293  жылы  Алтын  Орданың  ханы  Тоқтының 

түменбасы Ноғайдың ақыл- кеңесімен өлтіртілген 23 әмірінің бірінің есімі 

ретінде кездеседі.

113

 

 Екінші  Байбақты-  Ноғай  Ордасының  биі  Жүсіптің  1551  жылы  14 



қазанда  Мәскеуге  келген  елшісі.  Оның  Иван  IV-ге  тапсырған  хаты  Орыс 

мемлекетінің елшілік материалдарының арасында сақталыпты.

114

 

 



                                                           

113


  История Казахстана в арабских источниках, 1-т. Алматы, Дайк-пресс, 2005ж. 98-б. 

114


  История Казахстана в русских источниках. 5-т. Алматы, Дайк-пресс, 2007ж. 99-б 

 


71 

 

 



Байбақтының құрамында Алтай- Саяннан келген ру бар. 

 

Ол- Қынық тайгасында аңшылықты кәсіп еткен халық, қынықтар. 




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал