Алшын шежіресі



жүктеу 0.75 Mb.

бет4/8
Дата22.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 

АЛШЫН РУЛАРЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ 

 Кезінде  қазақтан  шыққан    тұңғыш  инженер-теміржолшы,  қоғам 

қайраткері,  тарихшы    Мұхамеджан  Тынышпаев  өзінің  география, 

топография, геодезия саласындағы кәсіби білімін пайдаланып, «Қазақтың 



ең ұсақ рулары тарихының өзі милади жыл санауынан ары кететіндіктен

алаштың ең ірі тайпасы  - алшындардың тарихы да ғасырлар қойнауына 

ұласуға  тиіс.  Ендеше  оның  іздерін  географиялық  атаулар  мен  тарихи 

деректерден іздестіріп көрейік»,

57

 

деп Алшын руларының этимологиясын 

Таулы  Алтай  топонимдерімен  байланыстырған  еді.  Қазір  құпия  болмай 

қалған  Кеңес  Армиясының  Генштабының  ірі  масштабтағы  әскери-

топографиялық  карталарын  пайдаланып,  Алтай  –  Саян  аймағының  әрбір 

шаршы  метрінен  сол  іздерді  іздегенде  бұл  ғұлама  ғалымның  бір  ғасырға 

жуық уақыт бұрын бізге берген бағыт-бағдарының дәлдігіне тәнті боласың.    

 

Әлім 

          Жоғарыда  Жақсылық  Сәбитов  қазақ  Алшындары  14-ғасырда  өмір 

сүрген Алау батырдан тарайды деп есептейді дедік. Жақсылық негізге алып 

отырған Т.Үсенбаевтің «Алшын шежіресі» бойынша Әлім- Алау батырдың 

бесінші  ұрпағы  болып  келеді.  Әлім  шежіре  бойынша  Қаракесектің  ұлы, 

Кәдірқожаның немересі, Аққожаның шөбересі, Қыдуардың шөпшегі, Алау 

батырдың неменесі, 3 әйелі болған, інісінің аты- Шөмен. 

Ал  М. Тынышпаев болса, Әлім атауы қандай да бір қожаның немесе діни 

пірдің құрметіне қойылған сияқты дейді.

58

 



           Шындығына келсек, Әлім- адамның аты емес. Әлім (Әлімұлы)- Қазақ 

хандығының құрамында Шекті, Шөмекей, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, 

Кете руларын біріктірген тайпаның аты. 

           Әлім атауы Саяндағы Арқарлы тайгасының тау жоталарынан бастау 

алатын Әлім өзеніне байланысты. Әлім Енисей өзенінің бассейніне жатады, 

ұзындығы 155 км Бөдий өзеніне (Лас өзен) құяды, ол өз кезегінде 325 км-лік 

Қамсарыға  құяды,  Балқаш-Кем,  Саз-Кем  деген  салалары  бар,  35-беттегі  

картаны қараңыз. Жошының Қоян жылғы (1207 ж.) мобилизациясына дейін 

                                                           

57

 М. Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент. 1925 ж. 



20-б. 

58

 Сонда, 24-б. 



34 

 

 



осы  өзеннің  жағасында  өсетін  жабайы  алмамен  азықтанып,  Арқарлы 

тайгасында  арқар  аулап,  аңшылықпен  айналысып  жүрген  халық  әлімдер 

деп  аталған.  Әлім-  моңғол  тілінде  алманы  білдіреді.

59

 Қазіргі  заманда  ол 



өзен Алмалы болып аталар еді. 

АЛИМ      алма;   ~ ны мод      алма ағашы. 

Моңғол  алфавитінде  де  кирилл  әріптері  қолданылғаныменен  олардың 

дыбысты бейнелеу жүйесі қазақшадан өзгешелеу.  

Моңғол фонетикасы бойынша «ж, ч, ш үшеуінен басқа дауыссыздан кейін 



келген  «и»-дің  алдыңғы  шеніндегі  «а»  дыбысы  қазақ  тіліндегі  «ә»  болып 

айтылады. 

Мысалы:   

                    барих- бәріқ                          тарих- тәріқ 

                    харих- хәріқ                          алимәлім»

60

 

                                                           

59

 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 31-32 бб. 



60

 Сонда, 809-б. 



35 

 

 



 

 

Шекті 

           Шекті  атауын  шежірешілер  негізінен  таңбамен  байланыстырады. 

«Алшын  шежіресінен»

61

 алынған  Әлімнің  ұлы  Жаманақ  жылқысына  қос 



шек таңбасын салып, содан Шекті атаныпты дейтін әңгіме қазір ғаламторда 

сайттан-  сайтқа,  мақаладан-  мақалаға  көшіп  жүр.  Ол  тұжырым  негізсіз 

екенін дәлелдеп көрейін. Біріншіден, Шектінің таңбасы қос шек емес, қос 

                                                           

61

 Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі. Қызылорда, Тұмар, 2003 ж. 96-б. 



36 

 

 



шек дегенде әңгіме домбыраның шегі (малдың ішегінен жасалған) туралы 

болса, таңбамыз 2 параллель сызық болуы керек. Ондай таңба бар, бірақ ол 

шектінікі  емес,  қыпшақтікі.  Егер  әңгіме  Х  таңбасы  туралы  болса,  ондай 

таңба  шектіде  жоқ,  ол  ашамай  таңба-  ашамайлы  керейдікі.  Менің  ағам 

Меркебай  Тағыбергенов  (1936-2014)  біздің  таңбамыз  –  адалбақан, 

ұранымыз- Бақтыбай дейтін. 

           Тарихшы  ағамыз  Аманбай  Құнтөлеуов  Шектінің  ұраны  Бақтыбай 

батыр  туралы  еңбегінің  мұқабасында  Шектінің  таңбасы  ретінде 

адалбақанды бейнелеген:

 

«Адалбақан - киім, қамшы, ат әбзелдерін, кейде тұтқалы ыдыс-аяқ ілетін 



бұтақтары бар, ағаштан жонып, немесе темірден ілгіш салынатын, күміс 

құймалармен  әшекейленетінкөбінесе  бұталы  арша  ағашынан  кесіп 

жасалынатын бақан түрі»

62

 

         Ал шын мәнінде Шекті атауы өзенге байланысты.  Алтайдың Оңтүстік 

Чүй жотасынан,  теңіз деңгейінен 3262  метр биіктіктен 87̊  23’  ш.б. бастау 

алатын  Шекті  деген  өзен  бар.  Шекті  Арғыт  өзенінің  Жасадыр  саласына 

келіп құяды,келесі картаны қараңыз. 

                                                           

62

 (Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия) http://kk.wikipedia.org/wiki/Бақан 



37 

 

 



 

Алдында келтірілген «Моңғолдардың құпия шежіресінен» үзіндіде 

«Бажықыттан бергі орман ел-жұртын Жошы бағындырып...»деген 

жолдар бар. Мұндағы Бажықыт дегеніміз, Арғыт өзенінің Ақ алақа деген 

саласына құятын тау өзені, картада- Байжигит.  Бұл өзеннің бастаулары 

мына төменгі картада көрсетілгендей, Шектіден батысқа қарай  50км 

жерде жатыр. 

 


38 

 

 



 Демек,  Жошының  «аннексиялау  аймағының»  шеті-  шектілердің 

территориясының батыс шекарасы. Арғыт өзені ол зонадан шығысырақта 

болғандықтан,  ол  өзенді  бойлай  мекендеген  Арғын  тайпасы  Жошының 

жасақтарымен  кездеспеген.  Арғындар  моңғолдардың  1207  жылғы  бұл 

жорығынан хабардар болып, тез арада батысқа үдере көшкен сияқты.  Бұл 

ой  Мұхаметжан  Тынышпаевтың  «Аристов  замечает,  что  аргыны  во 



времена  Чингисхана  поддались  на  запад  впереди  найманов  и  кереев;  в 

отношении  факта  передвижения  именно  в  таком  порядке  замечание 

Аристова  верно,  но  передвижение  аргынов  произошло  без  сомнения  до 

Чингис-хана»

63

 деген тұжырымымен үйлеседі. Ал шектілерге келер болсақ, 

олардың  арғындармен  шекаралас  бір  бөлігі  арғындарға  ілескен  сияқты. 

Таңбаларына  қарай  жоғары  және  төменгі  болып  бөлінетін  осы  шектілер 

«тоқал арғын» деген атпен белгілі.  

Алшынның рулары арғынның Қуандық бөлімінде де бар, олар беріш 

пен ағыс. «На территории Акмолинского уезда расселился в основном род 



куандык из племени аргын с его отделениями: алтай, карпык, берш, темеш, 

агыс,  калкаман;  северо-  восточную  часть  уезда  (по  р.  Сленты)  заняли 

канжигали, часть рода, расселившегося в Павлодарском уезде; на северо- 

западе  расселился  род  караул  племени  аргын,  а  в  северной  части-  род 

курсары племени керей».

64

 

Бұл жерде айтылып отырған берішті Шәкәрім қажы Беруші 



65

 деп тарқатса, 

саясаттанушы    Жақсылық  Сәбитов  өзі  құрастырған  шежіреде  Борши  деп 

келтіреді

66

 

Ал енді мұндағы екінші руға келетін болсақ, «Алшын шежіресінде» Ағыс 

былай  тарқатылады:  Алшын-Алау  батыр-Қыдуар-Аққожа-Кәдірқожа-

Қаракесек-Әлім-Жаманақ-Шыңғыс- Жақайым- Ағыс.



67

 

Бұл  шежіредегі  әртүрлі  қожалар  мен  ертеги  кейіперлерді  қаперімізге 



алмасақ,  Ағыс  Алшынның  руы  екені  түсінікті.  Ал  енді  Арғын  тайпасы 

Арғыт өзенінің бассейнін мекендегеніне келесі карта дәлел бола алады.  

                                                           

63

 М.Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент. 1925 ж.7-б 



64

 

 



В.В. Востров, М.С.Мұқанов.Родоплеменной состав и расселение казахов. Алма-Ата, 

Наука, 1968 ж.186-б. 

65

 Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі.WikiBilim.Кітап 



http://kitap.kz/book/5338-turik_qyrhyz_qazaq_am_xandar_shezhres/ 

66

 Ж.Сабитов. Происхождение аргын и маджар. The Russian Journal of Genetic Genealogy 



(Орысша нұсқа)1-том , №1, 2009 жыл,41-бет 

67

 Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі, Қызылорда,Тұмар,2003 ж.97-98 бб. 



39 

 

 



 

Картадан  Шегенді  өзені,  оның  Ақбұлақ  өзеніне  құятыны,  Ақбұлақтың 

Көксуға  құятыны,  Көксудің  Арғұтқа  құятыны  көрініп  тұр.  Егер  Арғын 

тайпасының Шегендік руы осы Шегенді өзеннің жағасын жайлаған болса, 

Арғын атауының Арғытқа байланысты болуы заңды. 

Шектілер  кейбір    Алшын  шежірелері  бойынша  Өріс,  Жақайым,  Баубек, 

Бөлек боп бөлінеді.  

Өрістен- Айдарбек, Есеналы. 

Жақайымнан- Ағыс, Көгіс, Ақбура, Тоқбура. 

Баубектен- Темірбақты, Жанқылыш. 

Бөлектен- Айт, Бұжыр. 

Айттан- Тілеу, Қабақ. 



 

 

40 

 

 



Қабақ 

«Қариялардың деректеріне қарағанда, Қабақ пен Тілеу аталарымыз 

жоғарыдағыдай  батырлықтарымен  қоса  өз  заманында  ел  басқаруға 

араласып,  билікті  өте  сауатты  жүргізген.  Олардың  ел  билігіне  араласу 

кезеңдері  атақты  Жалаңтөс  баһадүрдің  бүкіл  Орта  Азияны  басқарып 

тұрған  кезіне  сәйкес  келеді.  Батыр  өзінің  дәуірі  жүріп  тұрған  кезінде 

Әйтекенің атасы Ақшаны Коқанға хан сайлап, шөмекейден Айтқұлды би 

етіп, ал Қабақ атамызды Ташкенттің бегі етіп тағайындаған»( «Бабалар 

рухы».  Оразбай  Әділбаев,  зейнеткер,  Шалқар  ауданының  құрметті 

азаматы. Ақтөбе облысы.) 

Шалқар өңірінде Оразбай ағамыз сияқты ақсақалдардан Тілеу мен Қабақтың 

батырлығы мен билігі туралы осындай әртүрлі әңгімелерді есітуге болады. 

Дей тұрғанмен де, Қабақ- кісі есімі емес. Қабақ атауы Төлес көлінен 

оңтүстікке қарай 80 км жерден басталатын Қабақ тайгасымен байланысты. 

Моңғолша таулы орманды тайга деп айтатынын жоғарыда келтірдік. Қабақ 

тайгасы  теңіз  деңгейінен  2000-2500  м  биіктікте  орналасқан,  Кіші  Ұлаған, 

Атыркол өзендерімен шектеседі, келесі беттегі картаны қараңыз.Ұлаған деп 

моңғолша қызылқат жемісін айтады,

68

ал Атырголдың мағынасы- тың өзен



69

Жошының  Қоян  жылғы  (1207  ж.)    әскери  мобилизациясына  дейін  осы 



Ұлаған  өзенінің  жағасында  өсетін  қызылқатпен  қоректеніп,  Қабақ 

тайгасында аң аулап жүрген халық Қабақ деп аталған. (Қабақ- моңғолша да 

қабақ, жар, жарқабақ дегенді білдіреді).  

Алшындар  XVI  ғасырда  Ноғай  Ордасында  болды  дедік.  Ноғай 

Ордасының  биі,  Едігенің  шөпшегі  Сейд  Ахмет  (Сейдақ)  1540  жылдары 

бауыры  Шейх-Мамайдың  қысымына  шыдамай  билігін,  елін  тастап 

Хорезмге (Хиуаға) көшіп кетеді. Ол туралы тарихшы Аманбай әл-Құланды 

былай дейді: 



«Ноғай  Ордасының  сыртқы  жағдайы  кәмелденгенмен,  оның  ішкі 

жағдайы  көңілге  қонымды  емес-ті.  Аяқ    астынан  әлеуетті  Сейдақ  би 

ноғайлардың тізгінен айрылып, өзіне қарасты жұртымен Хорезмге қоныс 

аударды...  Тарихи  деректер  Сейдақпен  бірге  Хорезмге  30  мың  ел  көшті 

дегенді келтіреді (106,154)»

70

 

 

                                                           



68

 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж.505- б. 

69

 Сонда, 51-бет



 

70

  Едіге би және Ноғай Ордасы. Алматы, Дәуір, 2013 ж. 298-299 бб. 



 

41 

 

 



 

Осы Хорезмге (Хиуаға) көшкен түрлі рулардың ішінде қабақ руы да болды. 

Бұл  рулар  болашақ  қарақалпақ  халқының  негізін  қалады.  Хиуа  жерінде 

Әмудің  Аралға  құяр  сағасындағы  (қазіргі  Қарақалпақстанның  және 

Түрікменстанның  территориясында)  Қоңырат,  Қытай,  Қыпшақ,  Маңғыт, 

Қабақлы қалалары сол рулардың тарихын еске салғандай. Қабақлы сөзінің 

мағынасы  «Қабақтан  шыққан»  дегенді  білдіретіні  түсінікті  болса  керек. 

Тарихта Қабақтан шыққан хан да болған, ол қысқа уақыт болса да, Хиуаны 

билеген. 



«И после де того приехали в Хиву гурленцы и аралцы тысяч с пять, а 

с  собою  привезли  Кабаклы  хана  и  в  Хиву  вошли  с  многим  боем  силно,  и 

учинили Кабаклы владелцом. И тот де  Кабаклы хан Арал хановых детей 

обеих  велел  удавить  до  смерти.  И  после  того  приехал  из  Каракалпаков 

каракалпацкой Тобурчюк салтан, с ним человек со сто, и дошед до Хивы в 

близости,  остановился,  И  Кабаклы  хан  выехал  из  Хивы,  того  Тобурчук 

салтана встретил, и, зазвав его в Хиву в город, говорил, чтоб ему, Тобурчюк 

салтану,  быть  владельцом  близ  Хивы  в  городе  Ургенех.  И  жил  в  Хиве 

Тубурчюк  салтан  дня  с  два.  И  Кабаклы  хан  к  Тобурчюк  салтану  пришел 

ночью на постоялый двор, и его и многих людей его убили до смерти. 

 И  после  де  того,  в  нынешнем  в  204  году,  в  октябре  месяце  собрався  в 

хивинский город лутчие люди аталыки, и Кабаклы хан в то время ехал из 

костелы, и аталыки де его остановя на улице, говорили с великим криком, 

что  де  он  всеми  ими  смутил  и  салтанов  перевел,  и  оттого  де  у  них 

42 

 

 



учинилась  меж  собою  сеча  и  глад.  И  в  том  же  месте  его  убили  до 

смерти».

71

 

Бұл  материалды  мына  бір  электронды  ресурстен  алынған  ақпарат  та 

растайды: 

«Хиуа хандарының тізімі: 

Ильбарс-хан I ( -1511-1525)  

Султан Ходжа-хан I ( -1525-1527)  

Хасан Кулы-хан I ( -1527-1530)  

Суфьян-хан I ( -1530-1531)  

Буджунга-хан I ( -1531-1533)  

Аванак-хан I ( -1533-1534)  

Кол-хан I ( -1534-1540)  

Агатай-хан I ( -1540-1546)  

Дост-хан I ( -1546-1558)  

Ходжа Мухаммед-хан I ( -1558-1603)  

Араб Мухаммед-хан I ( -1603-1622)  

Ильбарс-хан II ( -1622-1623)  

Исфандияр-хан I ибн Араб Мухаммед ( -1623-1642)  

Саид Мухаммед-хан I ( -1642-1643)  

Надир Мухаммед-хан I ( -1643-1645)  

Абдул Гази-хан I ибн Араб Мухаммед (24.VIII.1603-1645-1663)  

Ануша-хан I ( -1663-1686)  

Худайда-хан I ( -1686-1689)  

Эренг-хан I ( -1689-1694)  

Джучи-хан I ( -1694-1695)  

Кабаклы-хан I ( -1695-1695) 

Кулы Мухаммед-хан I ( -1695-1697)  

Шах Нияз-хан I ( -1697-1701) 

Муса-хан I ( -1701-1703)  

Араб Мухаммед-хан II ( -1703-1703)  

Ходжа Мухаммед-хан II ( -1703-1714)  

Эдигер-хан I ( -1714-1714)  

Эренг-хан II ( -1714-1715)  

Шир Гази-хан I ( -1715-1728)  

Ильбарс-хан III ( -1728-1741)  

Абу Мухаммед-хан I ( -1741-1742)  

                                                           

71

 Посольские материалы Русского государства. История Казахстана в русских 



источниках. Алматы, Дайк-Пресс, 2005 ж. 422-б. 

 


43 

 

 



Абдул Гази-хан II ( -1742-1745)  

Гарип-хан I ( -1745-1750) Бану Гарип  

Абдалла Карабай-хан I ( -1750-1753)  

Султан Тимур Гази-хан I ( -1753-1764)  

Гарип-хан II ибн Гарип ( -1764-1791)  

Абдул Гази-хан III ибн Гарип ( -1791-1804;1806-1806-?)  

Ильтузар Инак-хан I ибн Иваз (-1804-1806) Кунграт  

Мухаммед Рахим-хан I Бахадур (-1806-1825)  

Аллакули-хан I Бахадур (-1825-1842)  

Мухаммед Рахим Кули-хан I (-1842-30.I.1846)  

Мухаммед Амин-хан I Бахадур (-1846-.III.1855)  

Абдалла-хан I (-1855-1.IX.1855)  

Кутлуг Мухаммед Мурад Бахадур-хан I (-1855-1856)  

Махмуд-хан I (-1856-1856)  

Мухаммед-хан I (-1856-.IX.1864)  

Мухаммед Рахим-хан II Бахадур (1845-1864-1910)  

Исфандияр-хан II Джурджи Бахадур (1871-1910-1.X.1918)  

Сеид Абдалла-хан I (-1918-1920-1920)  

Жунейт хан яумт (түркмен) (1920) »

72

 

Қабақ  –  Қарақалпақ  байланыстығының  тағы  бір  көрінісі  -  екеуінің 

құрамында да Хангелді, Жангелді, Аралбай руларының болуы. 

Осы күнге дейін«қарақалпақ» атауының этимологиясы туралы ортақ 

пікір жоқ, оны қарақалпақ ғалымдарының өздері де растайды. 

«По  мнению  известных  историков  С.П.  Толстова,  П.П.  Иванова  и  Т.А. 

Жданко  Приаральские  печенеги  связывали  свои  жизненные  пути  со 

здешними огузами и основали последнюю (орфографиясы өзгеріссіз беріліп 

отыр  -  С.Д.)  этап  в  формировании  каракалпакской  народности.  Значит 



окончательное  приобразование  каракалпаков  в  единю  народность 

завершилась здесь на побережьях Арала и Амударьи. Именно в это время, 

случается переименование Восточных печенегов, и они стали называться 

«каракалпаками».  Середине  XIв.  на  территорию  восточных  печенегов, 

переселились  кипчаки  из  Сибири  и  Иртыша  и  смешались  местными 

народами.  По  мнению  С.П.  Толстова  именно  кипчаки  впервые  назвали 

восточных печенегов «каракалпаками» смотря по их головным уборам. В 

Шажаре Бердаха встречается такие строки 

«Малик улы разы хақ, жаслығында қойды ғұлпақ, кийген екен қарақалпақ, 

соннан қалпақ болған екен». Значить каракалпаки приобрели свое название 

еще в XI в.Этого доказал С.К. Камалов объявив по итогам книги тюркского 

                                                           

72

 http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=109061 



 

44 

 

 



ученого  Зия  Куртера  «Каракалпак»  который  был  издан  1974  г.  Помимо 

этого  они  были  отмечены  в  русских  летописьях  и  в  произведениях 

восточных авторов. Здесь надо отметить тот факт, что в совместном 

труде археологов М. Мамбетуллаев и М. Туребекова отмечает следующее 

«Нельзя  сказать,  что  каракалпакское  наименование  происходит  от 

названия  «Черных  клобуков»(то  есть  қара  бөриклилер)  за  то,  что  они 

сходно  слышатся»,  «Также  нельзя  утверждать  что  каракалпаки 

приобрели  свое  название,  из  за  цвета  своих  головных  уборов.  На  ряду  с 

этими он привел несколько положительных и отрицательных примеров в 

употреблении  слов  «черные»,  «белые».  По  мнению  К.  Мамбетова  слова 

«кара»  означает  простому  народа,  или  обозначает  «переживание».  В 

труде  Г.А.  Хидоятова  «Моя  родная  история»  слова  «кара»  обозначает 

«народ».  Значить  эти  задачи  все  еще  требует  глубоко  и  специальных 

исследований».

73

  

Қарақалпақ атауы қабақ атауынан пайда болуы мүмкін. 

Егер осы лекциядағы Г.А.Хидоятовтың 

«қара» сөзі «халық» дегенді білдіреді деген ойын әрі қарай дамытсақ, 



қабақ=қарақабақ(қабақ халқы)=қарақапақ=қарақалпақ 

болар еді.  

Ал  енді  қазақ-хиуа  қатынастары  және  олардың  зерттелуі  жайында 

тарихшы Радик Темиргалиев былай ой өрбітеді: 



«Наверное, многие читатели из школьного курса всемирной истории 

помнят,  что  Древний  Хорезм  был  одним  из  тех  мест,  где  когда-то 

зарождалась человеческая цивилизация. Но этими же сведениями знания, в 

основном, и ограничиваются. Просто потому, что история этой страны 

очень мало изучена. Существующая литература труднодоступна, причем, 

даже  книги  советских  историков  при  всех  своих  несомненных 

достоинствах уже серьезно устарели.  

Подобному  положению  дел  способствовала,  в  первую  очередь, 

ликвидация Хорезмской республики большевиками, кроившими границы по 

национальному принципу. Это решение в то время даже вызвало критику 

со стороны такого великого ученого, как В. В. Бартольд, понимавшего, что 

таким образом разрушается самостоятельная культурная традиция и те 

же  историки  теперь  бросят  все  свои  усилия  на  изучение  прошлого 

образовавшихся “социалистических наций”. 

Сейчас дело обстоит еще хуже, чем в советские времена. Историков 

современного  Узбекистана  в  большей  степени  заботит  наследие  эмира 

Тимура, туркменские ученые во главе с покойным Ниязовым дали миру пока 

только “Рухнаму”, а историческая наука автономного Каракалпакстана, 

                                                           

73

  Истории Каракалпакстана. Текст лекции. Каракалпакский государственный 



университет им. Бердаха. Кафедры «Истории Узбекистана и Каракалпакстана» 

Кандидат исторических наук доцент А.Р. Кудияров. 



45 

 

 



которая  всегда  представляла  собой  печальное  зрелище,  кажется, 

окончательно  умерла  вместе  с  Аральским  морем.  Некогда  мощная 

российская  школа  востоковедения  также  пребывает  в  упадке.  Новые 

труды  издаются  очень  редко  и  мизерными  тиражами,  а  внимание 

российских историков теперь в большей степени обращено на Китай или 

Индию.  

Что касается историков Казахстана, то по работам некоторых из 

них  быстро  становится  понятно,  что  они  не  имеют  никакого 

представления  об  истории  Средней  Азии.  К  сожалению,  хивинцы,  как  и 

кокандцы, в понимании таких ученых в истории появляются лишь для того, 

чтобы отчаянно пограбить мирное казахское население. Но история Хивы 

тесно переплетена с историей казахского народа, и наряду с неизбежными 

для  всех  соседей  конфликтами  существовали  и  стороны  других  видов 

взаимоотношений.  Многие  страницы  этой  совместной  истории,  к 

сожалению, практически не исследованы. Одной из таких малоизвестных 

тем  является  история  казахских  правителей  Хивы  в  XVIII  в.,  которой 

автор и хочет посвятить данную статью. 

В  истории  Хорезма  и  Хивы  (В  XVII  веке  столица  Хорезма  была 

перенесена  из  окончательно  зачахшего  Ургенча  в  Хиву,  и  в  источниках 

стало все чаще фигурировать название “Хивинское ханство” или просто 

“Хива”)  отношения  с  кочевниками  всегда  имели  огромное  значение. 

Кочевники  основывали  правящие  династии,  пополняли  армию,  покупали 

произведенный  в  Хорезме  товар  (с  высокой  добавленной  стоимостью), 

взамен снабжая страну дешевым скотом и рабами. Клинками кипчаков и 

туркмен  была  создана  огромная  империя  Хорезмшахов,  павшая  затем  в 

ходе  монгольского  завоевания.  При  разделе  улусов  Чингисхан  отделил 

Хорезм  от  Мавераннахра  и  Хорасана  и  отдал  своему  старшему  сыну 

Джучи вместе с Дешт-и Кипчаком. И даже после развала Золотой Орды, 

правители Хорезма продолжали ориентироваться на союз со степью. За 

это, эмир Тимур, взяв Ургенч, приказал полностью разрушить его и засеять 

ячменем землю, на которой расположен город. Но город ожил и спустя сто 

лет сумел освободиться от власти Самарканда.  

С начала XVI века в Хорезме утвердилась новая династия чингизидов, 

пришедшая  из  кипчакской  степи.  Эта  династия  сохраняла  свой  трон  в 

течение  двух  веков,  несмотря  на  постоянное  давление  правителей 

Мавераннахра.  Выстоять  Хорезму  в  немалой  степени  помогал  и 

традиционный союз с правителями Казахского ханства. Но в конце XVII – 

начале XVIII вв. Хива оказалась в глубоком кризисе. Перевороты следовали 

46 

 

 



за  переворотами, и  правители  слетали  с  престола как  шашки,  снятые  с 

доски. Летописцы так и называли этот период «игрой в ханы».

74

 

Алшын  шежірелерінде  қатар  айтылатын  Тілеу  мен  Қабақты  17 

ғасырда өмір сүрген адамдар ретінде қарастыратын ақсақалдардың, барлық 

алшын  14  ғасырда  жалғыз  Алаудан  туды  деп  есептейтін  саясаткер 

Жақсылық  Сәбитовтің,  күллі  қазақты  Ақарыс,  Бекарыс,  Жанарыстан 

тудыратын  шежірешілердің  аргументтерінің  осал  жері  ортақ.  Түсіндіріп 

көрейін. 

Менің 7-ші атам Шектінің ұраны болған Бақтыбай батыр.  

 

Бақтыбай батыр. Суретші  С.Баталов 

Ол  белгілі  тарихи  тұлға,  орыс  елшісі  Кутлу-Мухамед  Тевкелевтің 

күнделігінде,  Әбіш  Кекілбаевтың  «Үркер»  романында,  т  с.с.  басқа  да  

құжаттарда  аты  аталған.  Өмір  сүрген  уақыты  -батырдың  ұрпағы,  тарих 

зерттеушісі Аманбай Құнтөлеуұлы әл-Құланды ағамыздың жазуы бойынша 

1698-1767  жылдар  аралығы.  Бақтыбай  ұрпақтарының  арасында  жас 

Бақтыбай  батырлығымен  алғаш  рет  қалмақтармен  болған  соғыста  көзге 

түсті  деген  әңгіме  бар.  Сол  оқиғалар  туралы  Аманбай  әл-Құланды  былай 

дейді. 

«...Алайда  «Ақтабан-  шұбырынды...»  кезінде  де  қазақтардың  бәрі 

бірдей  ата  мекенін  тастап  босып  кеткен  жоқ  еді.  Қазақ  ұландарының 

едәуір бөлігі, әсіресе Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз батырлары тама 

Есет,  табын  Бөкенбай,  шекті  Бүкірек(Құл),Тайлақ,  Сырлыбай,Сартай, 

                                                           

74

 Радик Темиргалиев. Казахские ханы Хивы. http://www.zonakz.net/articles/31203 



 

47 

 

 



Бақтыбай,  Бәйімбет,  кете  Арал,  Әжібай,  Жөнекей,  Бақай,  Киікбай 

Жайықтың  арғы  бетіне  өтіп,  құба  қалмақтардың  жолына  тосқауыл 

қойып  үлгерді,  олардың  оңтүстік  пен  арқадан  ағылған  жоңғар 

жасақтарына қосылмауын қатаң қадағалады» 

75

 

Осы операцияны жүзеге асырған Әбілқайыр ханның әскері қанша 




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал