Алшын шежіресі



жүктеу 0.75 Mb.

бет3/8
Дата22.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ХЭРЭМ I. (жәндік) тиін; ~ний хорил тиіннің қорғағы, тиіннің ұясы; ~ний 

хонгио  тиіннің  ұясы,  тиіннің  үңгірі;  хар  ~  қара  тиін;  хув  ~  құбаң  тиін, 

бурыл тиін.

31

 

Жоғарыда  Урунгу  өзенінің  бойын  мекендеген  Масқарлар  туралы  



Грумм- Гржимайлодан үзінді келтірілген еді. Бұл өзеннің моңғолша атауы 

да бұлғынға байланысты- Булган-Гол= Бұлғынды өзен. 

Саят-үрәңқайлардың  Қосоғол  көлінің  маңында  тұратын  бір  руы 

Халюш немесе Қалиушын деп аталады

32

  - кәмшат аулуаушылар деген сөз, 



қараңыз: 

ХАЛИУ 1. (жәндік) қама, қамшат, 2. (тері) қамшат тері; ~малғай қамшат  

тымақ; ~зах қамшат жаға.

33

 

Алшын шежіресінің Шекті Тілеуді Едігеден тарқататын вариантында  



Қалу деген атамыз бар. Тарих зерттеуші Аманбай Құнтөлеуов Қалу туралы 

былай дейді: 



«Әлқисса, Кіші жүздің 25 рудан тұратын аталығын  – 12 ата Байұлы, 7 

ата  Жетіру  және  6  ата  Әлім  құрайды.  Әлімнің  бір  баласының  аты 

Жаманақ  (Шекті  аталады-  А.  Қ.)  екені  жоғарыда  айтылды.  Осы  арада 

айта  кететін  қайшылығы  мол  бір  мәселе  бар.  Бір  шежіреде  Шектіден- 

Шыңғыс,  Өріс,  Баубек  туды  десе,  екіншісі:  Шектіден-  Шыңғыс,  Өріс, 

Баубек және Қалу (Мәку) туған дейді. Ал осындағы Қалу Шектінің баласы 

ма,  жоқ  па?-дейтін  сұраққа  жауап  іздеп,  келесі  бір  шежіренің  авторы, 

қазақтың әйгілі тарихшысы М. Тынышбаевтың тұжырымдауын қаперге 

алсақ, ол тумаған болып шығады».

34

 

Қалу есімі де аң-құсқа байланысты. Қазаққа мағынасы түсініксіз бұл сөз қаз 

дегенді білдіреді: 

ГАЛУУ қаз, қоңырқаз (құс); ~ны дэгдээхэй қоңырқаздардың балапаны; 

шувуу  ганганах  қоңырқаздар  қаңқылдау;  тэжээмэл  ~  асыранды  қаз,  үй 

қазы; зэрлэг ~ жабайы қаз.

35

 

                                                           



31

 Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж.  662-б.

 

32

  



Г.Грумм-Гржимайло. Западная монголия и Урянхайский край. Ленинград,1926 ж. 3-

т. 10- б. 

33

 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж. 560-б. 



34

 Әл-Қүланды А. Қ. Ұранға шыққан Бақтыбай. Алматы, Дәуір, 2010 ж. 85-б.   

35

 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж. 118-б. 



24 

 

 



13 ғасырда Саян тауларының Минусин ойпатын, Енисей бойын мекен 

етіп  Алшындармен  аралас-құралас  болған  қырғыз  халқының  ішінде  де 

аңшылыққа байланысты ру атаулары баршылық. 

Мысалы  Бұғы, Құсшы, Жапалақ, Киік Найман, Бозторғай,  



Соколок, 

(СОГОО марал; согооны чих маралдың құлағы.

36



Кодогочун  

(ХӨДӨГ кэдек, орман кептері (көгершін тәріздес кішкене көгілдір құс)

37

 ) 



рулары. 

Қырғыздарда Кесек, Бай  кесек, Жоо кесек, Қазақтарда Алшындарда және 

Арғындарда  Қаракесек  руы  бар.  Бұл  жерде  кесек  сөзі  моңғолша  күшіген 

деген сөз 



ХЭСЭХ II күшіген (құс).

38

 



Қырғыздардың еншілесі хакастарда Тиін руы бар. 

Алшынның  Таз  руының  атауы  да  құсқа  байланысты  –  моңғолша  тазқара 

деген құсты тас деп атайды.  

ТАС I (құс) таз, тазқара; ~ын булга~ын хөөмий тазқараның жемсауы. 

39

 



Алшындар бүркіт, сұңқар, қаршыға, сапсаң, бөктергі, ителгі сияқты 

алушы құстарды баптап өздері алатын аң-құстарға түсуді үйреткен, ол өнер 

саятшылық деп аталады. Саятшылық сөзінің төркіні Саян тауларын мекен 

еткен  Орман  елінің  атауы-  Саят  (Сойот-  Үрәңқай)  сөзі  екені  айтпаса  да 

түсінікті. 

Саятшылық өнері ептілікті, төзімділікті талап етеді. Балапан бүркітті 

құз  қиясынан  алып,  баулып,  бабына  келтіріп  аңға  салғанша  бірнеше  жыл 

кетеді.  Құстың  құндақ,  тұғыр,  томаға  сияқты  әбзел-жарақтарын  әзірлеу 

өзінше бір өнер. 

«Наши умелые и воинственные предки создали универсальные правила 

работы с птицей и различные атрибуты в виде колпака на птичью голову, 

специального  устройства  для  ношения  ее  на  руке  и  другие.  Все  они 

используются и сегодня. За многие столетия к правилам охоты с ловчей 

птицей, по сути ничего не добавилось- настолько совершенными они были 

                                                           

36

 Б. Базылхан. Монгол-казах толь.Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 415-б. 



37

 Сонда, 605-б. 

38

 Сонда, 663-б. 



39

 Сонда, 453-б. 



25 

 

 



изначально... Любопытно, что казахские ханы во время охоты использовали 

исключительно аксункара (белого сокола), почитая его аристократической 

птицей».      

дейді  ғалым  Нәпіл  Базылхан  «От  двуглавого  орла  до  аристократического 

аксункара» деген мақаласында 

40

 



 

Жартасқа салынған сурет

41

 

Қазақ хандарының аңға ақсұңқар салуы Шыңғыс хан дәуірінен бұрынырақ 

бастау алған үрдіс болса керек. Орман елімен қырғыз нояндары жоғарыда 

айтылғандай, Шыңғыс ханға тарту ретінде ақбоз ат, қара бұлғынмен қатар 

ақсұңқар сыйлағаны соның дәлелі. Шыңғыс ханның немересі Күйік хан 500 

ақсұңқармен  саятшылық  құратынына  әйгілі  жиһангез  Марко  Поло  куә 

болған. Шыңғыс хан өзі де сұңқар салып, аңға шығып отырған. 

 Алайда,  Шыңғыс  хан  аңға  тек  сән-  салтанат  құру  мақсатында 

шықпаған.  Оның  аңшылықты  мемлекет  деңгейіне  көтергені,    әскерінің 

жорықтарға әзірлігін сынау үшін және шынығып-шыңдалуын арттыру үшін 

жоспарлы түрде аңшылық ұйымдастырып отырғаны тарихтан белгілі: 

«Ловитву Чингис Хан строго содержал, говорил, что-де лов зверей 

подобает  военачальникам:  тем,  кто  носит  оружие  и  в  боях  бьется, 

надлежит  ему  обучаться  и  упражняться  (дабы  знать)  когда  охотники 

доспеют дичь, как вести охоту, как строиться, и как окружать дичь, по 

числу людей глядя. Когда соберутся на охоту, пусть высылают людей на 

дозор  и  осведомляются  о  роде  и  числе  дичи.  Когда  не  заняты  военным 

делом, пусть непременно ревнуют об охоте и войско к тому приучают.  

Цель  не  только  сама  охота,  а  больше  то,  чтобы  воины  приобвыкали  и 

закалялись, и осваивались со стрелометанием и упражнением»

42

  

                                                           

40

 (www.centrasia.ru/newsA.php?st=1364645820) 



41

 

Сонда 



42

 (Ала ад-Дин ата-Мелик  Джувейни. История завоевателя мира- Тарих-и джахангуша. 

О порядках заведенных Чингис ханом после его появления, и о ясах, кои он повелел. 

пер. В. Ф. Минорского. О составе Великой Ясы Чингис Хана. Вернадский Г.В. 

Исследования и материалы по истории России и Востока. вып. 1.Брюссель,1939 ж.) 


26 

 

 



Бұл  тұрғыдан  қарағанда  жастайынан  басын  қауіп-қатерге  тігіп,  түз 

тағысын аулап, әдіс-айласын, мергендігін шыңдап өскен алшындар Жошы 

ханның    қол  астына  өткен  13-ғасырда  соғыс  әрекеттеріне  дайын 

жауынгерлер еді.  

Алшындардың  кейінгі  елі  Ноғайлының  жырларында  Қамбар 

батырдың  аңшы  болуы,  Ер  Тарғынның  әкесі  Естеректің  аңшы  болуы,  ер 

Едігенің бабасының есімі  Аңшыбай батыр болуы сол дәуірде аңшылық пен 

батырлық бір-біріне жақын ұғымдар болғанының айғағы. 



«В Алтайско-Саянских горах с доисторических времен жили люди, а 

бурная  история  Великой  степи  издревле  перемешивала  ее  народности  в 

этнические  группы...  В  борьбе  за  существование,  в  опасных  переправах 

через  бурные  реки  и  высокие  перевалы,  в  охоте  на  медведей  и  козерогов 

формировался  особый  тип  азиатского  горца-  это  были  смелые  до 

отчаянности люди, физически крепкие, умеющие владеть оружием и легко 

переносящие  жару  и  холод.  И  в  самом  центре  этой  страны  из 

разноплеменных элементов сложилась с незапамятных времен не слишком 

многочисленные, но стойкие и сильные племена.»

43

 

Сонымен,  Алшындар-  13  ғасырда  Байкал  көлінен  батысқа  қарайғы 

тайгада-  Саян,  Алтай  тауларынан  бастау  алатын  Енисей,  Обь,  Ертіс 

өзендерінің және олардың бассейніндегі Тұба, Алаш, Адай, Беріш, Шеркеш, 

Таз,    Кеті,  Әлім,  Шекті,  Тобыл  т.с.с.  өзендердің  бойында,  Төлес  көлінің 

жағасында  өмір  сүріп,  Бай  тайга,  Қабақ  тайга,  Кесек  тайга,  Қынық  тайга 

сияқты таулы тайгаларда, Сақал тауында аңшылықты кәсіп еткен саят- 

үрәңқайлар мен төлестер. Келесі беттегі картада XIII ғасырдағы Алшын 

рулары  мен  тайпалары  осы  аталған  топонимдердің  географиялық 

координаттарына  сәйкес  орналастырылған.  Ол  топонимдердің  ірі 

масштабтағы карталарын  келесі тарауларда келтіреміз.  



 

 

 

      

                                                           

43

 В. А. Чивилихин.Память. Москва, Алгоритм, 2007 ж. 88-б



.   

 


27 

 

 



 

1

207 



жы

лғ

ы 



ор

ман 


ел

і-

Алшы



ндар 

ка

рта



сы

 


28 

 

 



АЛШЫН, АЛАШ СӨЗДЕРІ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ 

Алшын  атауының  түп-төркінін  іздеyмен  алшынды  «алаша», 

«ала+ат+шын», «лашын» т.с.с. қазақ сөздеріне тірейтін әуесқойларды былай 

қойғанда,  саясаттанушылар  да,  мүйізі  қарағайдай  тарихшы  ғалымдар  да 

айналысуда. 

Қауымдастылық 

генетикамен 

машықтанып 

жүрген 

PhD, 


саясаттанушы Жақсылық Сәбитов «Согласно Рашид ад-Дину, алшины - это 

другое  название  алчи-татар,  которые  занимали  в  Золотой  Орде 

статусные  позиции».

44

 деп  Рашид  әд-Динге  айтпағанын  айтқызып, 

алшындарды татарлардан тарқатып жіберді. 

Ал  тарих  ғылымының  докторы,  профессор  Т.  О.  Омарбеков 

түркіттердің  мемлекетін  құрған  Ашина  туралы  аңыз  бен  Сарыүйсіннің 

баласы Қалша Қадыр туралы аңыздың арасындағы ұқсастықтарды саралап, 

түркіттердің ашын (ашина) руының аты  алшын атауына сатылап өзгерген 

дей тұра, былай дейді:«Кейінгі қазақ Кіші жүзінің түп аталарының ежелгі 

Алтай- Саян өңірінде Алақшындармен аралас-құралас болып көшіп-қонып 

жүргендерін  біз  теріске  шығармаймыз...  Әсіресе  біз  үшін  алакчиндерді, 

боманы Кіші жүздегі тайпалардың жинақы аты алшынмен туыстастыру 

аса маңызды»

45

 



Г.  Грумм-Гржимайло  «Западная  Монголия  и  Урянхайский  край» 

деген еңбегінде ХV ғасырда  Шыңғысханның Жошы-Шайбан тармағынан 

тараған  Әбілхайыр  ханның  ұлысына    біріккен  рулардың  атын  алачин 

(қазақша «алашын» болып оқылуы керек- С.Д.) деп атайды.

46

 Бұл ғалым осы 



еңбегінің 415 бетінде татарлардың  алшы-татар деген руын «аньци-татар» 

деп жазған. 

Орыстың екінші бір ғалымы В. В. Радлов 1869 жылы Сібірге барған 

экспедициясында Кузнецк Алатауының таулы ормандарындағы алты болыс 

бұратана халықтардың ішінде 296 ер, 322 әйел адамнан тұратын ачын деген 

ел бар екенін айтады. 

47

 

«По реке Чулым и западнее до р. Томи, в районах, включающих в себя 



вышеуказанные  р.  Берш,  оз.  Берчи-куль,  Буришские  скалы,  р.  Алчедат,- 

                                                           

44

 Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики The Russian Journal of 



Genetic Genealogy (Орыс нұсқасы) 5-т, №1, 2013 ж.33-б. 

45

 Алшын атауының мәні мен мазмұны. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ. 



Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. №4 (27), 2010 ж.18-б., №1(28) 

2011ж.8-11бб. 

46

 Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 2-т. Ленинград, 1926 



ж. 531,534- бб. 

47

  В.В.Радлов.



 

Из Сибири. Страницы дневника. Москва,1989ж. 94- б.

  


29 

 

 



проживает  тюркское  племя  Қызыл,  в  составе  которого  имеются  роды 

большой  ачин  и  малый  ачин;  отсюда  получил  название  и  город  Ачинск… 

Если в слове «Алчедат» выбросить окончание множественного числа «т», 

получится  «Алчед»,  что  также  близко  к  нашему  «алшын»-  дейді 

Мұхамеджан Тынышпаев.

48

  

Ал  Шәкәрім  қажы  «Бұрынғы  кезде  Алақшын  деген  ел  болған, 



қытайша Пома дейді. Енисейде жүрген қырғызбен нәсілдес. Алшын содан 

шыққан болар» деп ұйғарған. 

Алшын сөзі қайдан шыққанын білу үшін ол сөздің нені білдіретінін 

анықтау  керек.  Бір  қарағанда  «алшын»  сөзі  қазақ  сөзі  сияқты,  бірақ  олай 

емес.  Қазақ  тілінде  ондай  сөздер  баршылық,  оны  біз  күнде  қолданамыз, 

бірақ  этимологиясын  қазбаламаймыз.  Мысалы  ыдыс-аяқ,  бала-шаға, 

абысын-ажын  сияқты  қос  сөздердегі  «аяқ»  деген  не?  Дене  мүшесінің 

ыдысқа қандай қатысы бар? Бала-шағадағы «шаға» деген не? Қазақ тілінде 

«қызыл шақа», «шақалақ» деген сөздер бар, олардың шағаға қандай қатысы 

бар, т с.с. 

Бұл сөздер моңғол тілінен келген сөздер. Ыдыс-аяқтағы «аяқ» моңғолшадан 

аударғанда  ыдысты  білдіреді.  Бала-шағадағы  «шаға»  баланы  білдіреді,  ал 

«ажын» абысын деген сөз. 

13  ғасырда  Алшындар  (Саят-үрәңқайлар)  моңғол  тілінде  сөйледі. 

Оның  дәлелі  ретінде  алшындар  көбірек  тұратын  Қазақстанның  батыс 

өңірінде қазір де қолданылатын моңғол сөздерін келтіруге болады, мысалы, 

«нән»  (тым,  өте,  әбден),  «ежіге»  (қызыл    ірімшік  ),«малақай»  (тымақ, 

құлақшын),  «биялай»  (қолғап)

49

.  («Биялай»  сөзін  батысқазақстандықтар 



жалпы  қолғап  ретінде  қолданса,  қазақ  саятшылары  үшін  бұл  сөз  қыран 

құсты қолына қондырарда киетін арнайы былғары қолғапты білдіреді).  



Алшын  сөзі  моңғолдың  «алығшын»-  аңшы

50

 деген  сөзінен 

шыққан.  Аңшы  моңғол  тілінде  «аншын»

51

 деп  те,  «алығшы»



52

 деп  те 

айтыла береді.   

                                                           

48

  М.Тынышпаев.Материалы к истории киргиз-казакского народа.Ташкент,1925 ж.21-б. 



49

  Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 109,296,354,788- бб. 

50

 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 28-б. 



51

  Сонда 


52

  Сонда 


30 

 

 



«Алаш» ұранын алшындар Алтайдан алып келді, XIV ғасырда ол әлі 

жалпықазақтық  ұран  болған  жоқ,  ол  сөздің  мағынасы  моңғолшадан 

аударғанда «өлтіруші» дегенді білдіреді  дейді Мұхамеджан Тынышпаев 

53

   



Расында да «алаш» сөзінің екінші мағынасы «өлтіргіш, қырғыш», алайда 

бірінші мағынасы-«аңшы» екенін моңғол-қазақ сөздігінен көруге болады:

54

 

АЛААЧ   1. аңшы;    2. өлтіргіш, қырғыш.  



Кәсібі аңшы Алшындардың ұраны да «Алаш» (аңшы) болуы - заңдылық. 

Сонымен, 



Алшын= алығшын= аншын=алығшы= алаш= аңшы 

Алшы-татар*= аньци-татар= аңшы-татар 

*Алшы-татар  жөнінде  қысқаша  түсініктеме.  Рашид  әд-Диннің  айтуы  бойынша 

татарлар алтыға бөлінеді: тұтықұлиуыт-татар, алшы-татар, шаған-татар, құйын-

татар, терат-татар, барқұй-татар. Татарлардың аңшылықты кәсіп қылған тайпасы 

алшы-татар  деп  аталған,  олардың  алшындарға  еш  қатысы  жоқ.  Батудың  тұсында 

басшы болған алшы-татар Ит-қараның есімі де аң-құсқа байланысты –-моңғолшадан 

аударғанда «ұзақ қарға» деген сөз. 

 

АЛШЫНДАР 1207 ЖЫЛДАН КЕЙІН

 

Алшындар  («Орман  елі»)  жоғарыда  «Моңғолдардың  құпия 

шежіресінен»  келтірілген үзіндіде айтылғандай, 1207 қоян жылы Шыңғыс 

ханның үлкен ұлы Жошының қол астына өтті.  



«Шыңғыс қаған жарлық етіп анаға, ұлдарға,інілерге ел бөліп берейін 

деп өзінің ұлыс жинап қиналғандар  

анам еді ғой, 

ұлдарымның ағасы Жошы еді ғой, 

інілерімнің кенжесі Отчығын еді ғой 

деп  шешесіне  Отчығынның  үлесі  түмен  ел  берді.  Шешесі  азсынып  үн 

қатпады.  

Жошыға тоғыз мыңдық ел берді. 

                                                           

53

  М.Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа, Ташкент, 1925 ж.     



53-54 бб. 

54

 Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 27- б. 



 

31 

 

 



  

Шағатайға сегіз мыңдық ел берді. 

Өгедейге бес мыңдық ел берді. 

  

Тұлұйға бес мыңдық ел берді.  

Қасарға төрт мыңдық ел берді.  

Алчытайға екі мыңдық ел берді.  

Белгүтейге бір мыңдық ел берді».

55

 

Сонымен,  Алшындардың  (саят-үрәңқайлардың)  бұдан  былайғы 

тағдыр-талайы  Жошы  ханның  және  оның  қолбасшылары  мен 

ізбасарларының іс-қимылына тығыз байланысты болды. 

1211  жылы  Жошы  бауырлары  Шағатай,  Үгедеймен  бірге  Ұлы  Қытай 

қорғанының солтүстігіндегі Шаньси провинциясын жаулауға қатысты.   

1216 жылы Жошы Сүбетеймен бірге Дешті Қыпшақ жаққа қарай терең рейд 

жасап,  алдыңғы  жылдары  Шыңғыс  ханнан  жеңіліс  тауып,  қашып  жүрген 

меркіттердің  қалдықтарын  Ырғыз  өзенінің  бойында  талқандағаны,  сол 

маңда 60 мыңдық  хорезмшах Мұхамедтің әскерімен кездесіп қалып ымырт 

жабылғанша  соғысқаны  тарихтан  белгілі.  Бәлкім  осы  шайқастарда  саят-

үрәңқайлар алғаш рет Алшын туының астына бірігіп, өздерінің руласы әрі 

қолбасшысы  Сүбетейдің  соңынан  «алаш»  деп  ұрандатып  жауға  шапқан 

болар... 

1219 жылы Орта Азия жорығы басталды. Жошы әкесінің тапсырмасымен 

Сыр бойындағы Сығнақ, Баршынкент, Жент қалаларын бағындырды. 

1645-1663  жылдары  Хиуаны  билеген  Әбілғазы  Баһадүр  ханның 

шежіресі осы және осыдан кейінгі оқиғаларды қысқаша баяндайды.  



«Когда Чингиз-хан пошел [войною] на Иран и Туран, государем этих 

стран  был  Султан  Мухаммед-хорезмшах.  Столицей  его  был  Ургенч.  Не 

будучи  в  состоянии  сразиться  с  Чингис-ханом,  он  бежал  и  направился  в 

Мазендеран. Чингис-хан захватив Бухару, Самарканд и Ташкент, послал на 

Ирак, Гилян, Мазендеран, Азербайджан и Гюрджестан (Грузия) тридцать 

тысяч  человек  во  главе  с  двумя  своими  беками  по  имени  Джебе-нойон  и 

Субетай-бахадур. Своего младшего сына Тули-хана он послал на Хорасан с 

пятидесятью  тысяч  человек.  Своего  старшего  сына  Джучи-хана,  своего 

второго  сына  Чагатай-хана,  своего  третьего  сына  Угедей-хана,  всех 

                                                           

55

  Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. 1-т. Алматы, Дайк-Пресс, 



2005ж.301-б.

 

                                     



32 

 

 



троих с восемьюдесятью тысячами человек он послал на Ургенч, потому 

что он был столицей Султана Мухаммеда-хорезмшаха и местом, где жили 

нукеры  и  [хранилась]  казна.  [В  то  время]  в  Ургенче  хорезмшаха  не 

было.Султаны  (сыновья  хорезмшаха),  укрывшись  в  городе  из-за  мирских 

благ  и  ради  своей  веры,  восемь  месяцев  сражались  [с  моголами].  На 

девятый  месяц  сыновья  Чингис-хана  взяли  город  и  предали  жителей 

поголовному избиению.   Чагатай и Угедей повернули и направились к своему 

отцу в Термез, а Джучи с приданными ему нукерами  из Ургенча пошел в 

Дет-и кыпчак. Кыпчакский народ собрался. И произошла битва. Джучи хан 

победил  и  перебил  [всех]  попавших  [ему]  в  руки  кыпчаков;  те  из  них, 

которые спаслись, ушли к иштякам…Кыпчаки обитавшие между Итилем 

и  Тином,  рассеялись  на  [все]  четыре  стороны…  Джучи  хан  взяв  в  плен 

[всю]кыпчакскую молодежь, поселился в кыпчакском юрте. Из могольской 

[страны]  он  переселил  сюда  свою  семью  и  все  или,  которые  дал  [ему] 

отец...  Затем  Джучи-хан  умер;  [его]  юрт  достался  его  сыну  Саин-хану. 

Двадцать четыре человека из потомков Джучи-хана царствовали в этом 

юрте. В его [Cаин-хана] время этот юрт называли Саин-хановым юртом. 

Потом этот юрт достался Мангытам. Первым из них был Идукибий, из 

рода Ак-Мангыт, сын Кутлы-Кайалы. После этого [юрт этот] называли 

Мангытовым юртом».

56

  

Бұл шығармадан Алшындарға қатысты бірнеше кезеңдерді байқауға 

болады. 

Біріншісі, Жошының қыпшақтарды жеңіп, отбасын және әкесі берген 

елдерді  Қыпшақ  даласына  көшіріп  келуі.  Олардың  қайда  көшіп  келгені 

туралы шежіреші айтпайды, бірақ басқа тарихшылар Жошы Ертіс өзенінің 

жағасына  көшіп  келді  дейді.  Әкесі  берген  9  мың  елдің  ішінде  орман  елі- 

алшындар болуы кәміл.  

Екіншісі,  1227  жылы  Жошы  қайтыс  болғаннан  кейінгі  оның 

жұртының – (оның ішінде алшындардың да) тағдыры. Жошы жұрты оның 

үлкен ұлы Батуға тиді. (Әбілғазының шежіресіндегі Сайын-хан - осы Бату. 

Сайын – моңғолшадан аударғанда жақсы, ұнамды, жайлы дегенді білдіреді.) 

Бату  1236-1242  жылдары  Батысқа  жорық  жасап,  елін-  жерін  кеңейтіп, 

Еділдің бойынан Сарай салдырды. Алтын Орда деп аталған осы мемлекет 

15  ғасырда  Қасым  хандығы,  Астархан  хандығы,  Өзбек  хандығы,  Қазақ 

хандығы,  Қырым  хандығы,  Бұхара  хандығы,  Хорезм  хандығы  сияқты 

хандықтарға бөлініп кетті. Алшындардың азғана бөлігі сол бөлініп шыққан 

жұртпен кетті , негізгі бөлігі Жошының шөбересінің есімімен аталған Ноғай 

                                                           

56

 А.Н.Кононов. Родословная туркмен. Сочинения Абу-л-Гази (Бахадур-хана) хана 



хивинского . Москва, 1958. 44-45 бб. 

33 

 

 



Ордасының  құрамында  қалды,  оны  моңғолдың  маңғыт  руынан  шыққан 

Едіге және оның ұрпақтары Ноғай Ордасы ыдырағанға дейін биледі. 




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал