«Алпамыс батыр» ертегісі зссе



жүктеу 15.02 Kb.
Дата08.11.2022
өлшемі15.02 Kb.
#23478
Алпамыс батыр эссе республика
Alphabet worksheets for kids (1)

«Алпамыс батыр» ертегісі зссе
Кітап - оқығандікі, білім - тоқығандікі... Мен оқуға құштармын! Менің соңғы оқыған кітабым Алпамыс батыр жайында болатын. Мен өз елімнің батырлары жайында оқығанда кеудемді мақтаныш пен батырлық сезімі кернейді. Алпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жақсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған деп ойлаймын. Идеясы - батырлықты дәріптеуге негізделген деп санаймын.
Мен осы ертегіні оқи отырып, мен де Алпамыстай әке - шешеге қорған бола алатын, туған жерін шексіз сүйетін және қорғайтын азамат болуды мақсат етемін. Ал Ұлтан болса, әкесі Байбөріні түйе бағуға, шешесі Аналықты шөпшек тергізуге, Құлтай көкесін қой бағуға, Жәдігерді қозы бақтыруға жеккен. Ата - ана, туыс-туған қадіріне жетпеген Ұлтанның әрекетін қолдай алмаймын. Мен Алпамыстың ана алдында – құрмет, ата алдында - қызмет еткен нар тұлғасына ерекше тәнті болдым. Алпамыстың ерлігі және Байшұбар аттың аса сезімтал ақылдылығына таңырқадым. «Күш атасын танымас» - дегендей Алпамыстың Ұлтан мен Тайшық ханның кесірінен тоз - тозы шыққан Қоңырат елін қайта қалпына келтіріп, бейбіт заман орнатқан ерлігіне іштей толғанып, риза болдым. Алпамыс батыр Қараман баһадүрдің екі қолын шауып, басын алып, ақ білектің күшіне, ақ найзаның ұшына сеніп жеңіске жетті. Ал менің заманым болса, білекті - бірді, білімді- мыңды жығатын, біліммен ғылымның құлағын бұрайтын, цифрлық сауаттылық, жаһандану заманы. Қазіргі заманның Алпамысы деп мен Үшкемпіров Жақсылық атамды айтқан болар едім. Жақсылық атам да Алпамыс секілді ел намысы үшін талай палуанды жыққан, білімі мен білігін біріктіріп ауыл шаруашылығын қолға алып, Отанының шын жанашыры болды.
Ойымды қорыта келе, болашақта мен де елімнің бетке ұстар азаматы боламын. Өмірде қараны ақ, өтірікті шындық, жамандықты жақсылық жеңетініне кәміл сенемін. Болашағылыз жарқын болсын десек оқуға құштар болайық! «Пайда ойлама ар ойла, талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» – деп Абай атамыз айтқандай қазіргі заманның Алпамысы болуым үшін әлі талай кітап оқуға тиістімін. Өз елім мен кіші Отаным Ұлытау жұртына қамқор, пана болар азамат болатыныма Бексұлтан бек сенеді!
жүктеу 15.02 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет