Алматы «Сардар» баспа үйі



жүктеу 10.06 Kb.

бет1/20
Дата09.04.2017
өлшемі10.06 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1
Алматы 
«Сардар» баспа үйі 
2014 жыл
Қазақ тілі этимологиясының 
ғылыми-теориялық негіздері

2
Қ 23
ƏОЖ 81 37
КБЖ 81. 2 Қаз - 3
Қ 23
Қайдар  Əбдуəли.  Ғылымдағы  ғұмыр  Қазақ  тілі  этимологиясы-
ның ғылыми-теориялық негіздері – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 256 - 
бет. 2014 ж.
ISBN 978-601 – 7174 - 42- 2 
ISBN 978-601 – 7174 - 48- 4 - (Т.6)
Бұл  кітапта  «Қазақ  этимологиялық  сөздігін»  жасауға  болатын  эти-
мологиялық зерттеулердің ғылыми-əдістемелік негіздері, мақсаты мен мін-
деттері, əдістері мен принциптері көрсетілген. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми 
зерттеулердің  ғылыми-тəжірибелік  нəтижелері  жинақталған.  Этимология-
ның  түрлері  сараланып,  ғылыми  этимологияның  қазақ  тіл  білімінде  қа-
лыптасқан  өзіндік  ғылыми  əдіснамалық  дəйегі  нақты  ғылыми  зерттеулер 
негізінде дəлелденген.
ƏОЖ 81. 37 
КБЖ 81.2 Қаз – 3
© Қайдар Ə., 2014 
© «Сардар» баспа үйі, 2014
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі 
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
тапсырысы бойынша 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен 
қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы» аясында шығарылды
Жауапты редакторы:
филология ғылымдарының докторы, профессор
Манкеева Жамал Айтқалиқызы
ISBN 978-601 – 7174- 48- 4 - (Т.6)
ISBN 978-601 – 7174 - 42- 2

3
АЛҒЫ СӨЗ
Əрбір  өркениетті  ел  өз  тілінің  мəдениетін  көтеріп,  танымдық  қасиетте-
рін арттырып отыруды – жалпы мəдениеті мен өркендеп өсуінің, міндетті түр-
дегі игілікті істерінің бірі деп санайды. Себебі жұртшылықтың жалпы сауатын 
арттыру, сөйлеу, пікір айту, жазу мен ауызекі сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс 
сақтау,  сөздің  мазмұн-межесін  терең  түсіне  білу,  сондай-ақ  əрбір  сөздің  шығу, 
қолдану төркінімен хабардар болу – əрбір тілдік ұжымның міндеті болып санала-
ды. Осы арада көптеген өркениетті елдердің өмірінен көзге ұрып, көңілге жағым-
ды  болып  тұратын  жақсы  əдеттерінің  бірегейлеріне,  мəселен,  ана  тіліндегі 
сөздердің  шығу,  таралу,  даму  төркінімен  жақыннан  таныс  болып  отыруын 
жатқызуға  болады.  Тілдің  бұл  мəселесін  арнайы  қарастырып,  зерттеуге  бағыт-
талған этимологиялық ізденістерді бір жүйеге түсіріп, жөн-жосық көрсету үшін 
этимологиялық  зерттеудің  ғылыми-теориялық  негіздерін  айқындау – қазіргі  қа-
зақ тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі. 
Қазақ  тілі – түркі  тілдерінің  қыпшақ  тілдері  қауымдастығына,  алтай 
тілдерінің  бір  тармағына  жататын  тілдердің  бірі.  Ол  Шығыс  түркі  тілдерінің 
құрамына  кіретін  Үйсін,  Қаңлы,  Қыпшақ,  Арғын,  Найман,  Алшын  т.б.  дербес 
тайпалардың  Үш  Жүз  тобынан  тұратын  қауымдастықтың  ортақ  тілі  болып 
саналады.  Жалпы  қазақ  тілі  өзіндік  ерекшеліктерімен,  Үш  Жүз  одағы  жəне 
жеке  тайпалар  бойынша  айтарлықтай  бір  қасиеттерімен  іштей  жіктелмей, 
диалектілерге  бөлінбей  біртұтас  тіл  ретінде  (монолитті  тіл  ретінде)  қа-
лыптасқан.  Қазақтардың  тілінде  азын-аулақ  жергілікті  ерекшеліктер  (атап
айтқанда,  Қазақстанның  оңтүстік,  солтүстік,  шығыс,  батыс,  орталық  ай-
мақтарындағы  жəне  Қытай,  Монғолия,  Өзбекстан,  Түркіменстан,  Қарақал-
пақстан,  Қырғызстан,  Иран,  Ауғанстан,  Түркия,  Ресей,  Еуропа  т.б.  шет  ел-
дердегі  қазақтардың  сөйлеу  тіліндегі  ерекшеліктер)  орын  алғанымен,  олардың 
жазуында, əдеби тілінде ешқандай ерекшелік байқалмайды. Сондықтан да, қазақ 
тілі  «бейдиалектілі»  тілдердің  қатарына  жатады.  Дегенмен,  қазақ  тілі  көне 
тілдердің  бірі  ретінде,  сондай-ақ  жер  көлемінің  кеңдігіне  байланысты  көпте-
ген басқа жұрттармен (орыс, араб, иран, қытай, үнді, Еуропа т.б. халықтары-
мен)  тығыз  қарым-қатынаста  болып  келгендіктен,  олардың  тілдік  əсерін  де 
көп көрген, жіті араласқан халықтардың қатарына кіреді. Бұл факторлар эти-
мологиялық ізденістерде ескерілетін бірден-бір мəселе. 
Мемлекеттік  мəртебесіне  сай  қазақ  тілінің  барлық  сөз  байлығын  толық 
қамтып,  жан-жақты  да  терең  зерттеген  ғылыми-теориялық  еңбектер  мен 
сөздік құрамының мағына-мəнін ашып, қолданыс аясын кеңейтіп, жүйелі етіп 
көрсете  алатын  толыққанды  лексикографиялық  зерттеулер  əлі  де  аз.  Қазақ 
тілінің  сөздік  кұрамында  ерекше  орын  алатын  ең  көне,  əрі  байырғы,  құнарлы 
да,  жиі  қолданылатын  бай  қазынаның  көзін  ашатын  лексикологияның  өзекті 
саласы – этимология.  Қазақ  этимологиясы  тек  бір  тілге  ғана  тəн  жалқы  ка-
тегория  емес,  ол  түркі  тілдерінің  баршасына  тəн,  тіпті  олардан  басқа  да 
көптеген тілдерде кездесетін əмбебап құбылыс. 

4
Этимологиялық зерттеудің дамып, қалыптасуы бір-біріне тығыз байланыс-
ты  екі  үдерісті  қажет  етеді.  Оның  біреуі – этимология  жасаудың  ғылыми-
теориялық  негіздерін  жан-жақты  айқындап  алу,  яғни  қазақ  тіліне  қатысты 
этимологиялық  зерттеуге  негіз  болатын  теориялық  бағдарлама,  практикалық 
көрсеткіш  жасау.  Олар  болмаған  жағдайда  əркім  өз  бетімен  əрекеттенуге  жол 
ашады.  Екіншісі – ғылыми-теориялық  бағдарламаға  сəйкес  орындалуға  тиісті 
нақтылы  əрекеттер,  яғни  мақала,  не  сөздік  түрінде  жасалатын  тіліміздегі  қа-
жетті сөздерді этимологиялық жағынан анықтау.
Ғылыми этимологияны орындаудан бұрын дайындық ретінде қыруар жұмыс 
атқарылуы  тиіс  жəне  олар  этимологиялық  ізденістердің  алдына  қойып,  анық-
тап  алған  нақтылы  міндеттеріне  байланысты.  Ең  алғашқы  міндет – күні  бү-
гінге  дейін  қазақ  тілі  бойынша  жүргізілген  этимологиялық  зерттеулер  мен 
этимологиясы  айқындалған  сөздердің  жалпы  санын  анықтап  алу.  Осымен  бай-
ланысты  қазақ  тілі  бойынша  күні  бүгінге  дейін  жасалған  этимологияларды  сын 
көзбен саралап өту, жарайтындарын қабылдау міндеті туындайды. 
Келесі  міндет – бұл  сөздердің  этимологиясы  қай  деңгейде  орындалғанын 
айқындау. Осы мəселеге орай қазақ тіліндегі этимологиялар үш түрлі сипатқа ие 
деп айтуға болады. Олардың бір тобы – ғылыми теориялық негізде айқындалған 
этимологиялар.  Ғылыми  этимологияда  оның  дəстүрлі  принциптері,  тілге  тəн 
өзгерістердің ғылыми заңдылықтары түгел сақталып жасалады. Екінші тобы –
қызықты  этимологиялар.  Бұл  этимологиялық  топта – дəлелдеу  тəсілдері  мен 
уəждерін  айқындау  əдісі  өте  қызық,  алайда  ғылымдық  негізі  шикілеу  болады. 
Үшінші  тобы – халықтық  (жалған)  этимологиялар.  Этимологияның  бұл  түрі-
не – ғылымдық негізі жоқ, тек сөздің сыртқы тұлғасының ұқсастығына ғана сү-
йеніп, жобалап, жорамалдап айтыла салған, тегі жалған этимологиялар жатады. 
Бұл  топтарға  жататын  этимологияларды  талдап-таратып,  дұрыс-бұ-
рыстығын  айқындап  отыру – этимологиялық  сөздік  жасауда  атқарылатын  да-
йындық  жұмыстардың  бірі.  Тіл-тілдің  лексикалық  байлығы  оның  сөздік  қорын-
дағы  сөз  санымен  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  сапасымен  де,  мағыналық 
ауқымымен  де  өлшенеді.  Əдетте,  тіліміздегі  көптеген  сөздер  өзінің  бір  мағына-
сымен  ғана  шектеліп  қалмай,  даму  барысында  екі,  үш,  тіпті  одан  да  көп  мағы-
нада  қолданылатындығы  белгілі.  Демек,  əрбір  тілдің  сандық  дамуынан  сапалық 
дамуына көрнекі мысал бола алатын осы құбылыс. 
Тарихқа  көз  жіберетін  болсақ,  жалпы  түркі  тілдері  бойынша  алғашқы 
этимологиялық  сөздік – венгер  ғалымы  А.Вамбери  тарапынан  бұдан 153 жыл 
бұрын  жарияланса,  одан  кейін – көптомдық  жалпытүркілік  этимологиялық 
сөздік  Э.В.Севортян  тарапынан  шамамен  жүз  жылдан  аса  уақыт  кейін  жарық 
көрді. Бұл сөздік түркі тілдері сөз байлығының түбір сөзі табиғатын айқындау-
ға бағышталған. Осы сияқты сөздіктер шет елдерде де жарық көріп келеді. 
Э.В.Севортян  түркі  тілдері  этимологиясының  жаңа  бір  өрелі  кезеңін  бас-
тап  берді.  Түркология  тарихындағы  алғашқы  этимологиялық  сөздіктен  кейін, 
жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Э.В.Севортян сөздігі шамамен жүз жылдан аса 
уақыттан кейін дүниеге келіп отыр. Бұл нені көрсетеді? А.Вамбери сөздігі жал-
пы  тюркология  тарихында  түркі  тілдерінің  этимологиялық  сөздігін  жасаудағы

5
ең  алғашқы  тəжірибесі  болатын.  Ол  өз  уақытының  талабына  сай  дүние  бол-
ғанымен, XX ғасырда бүкіл жер жүзінде жылдам қарқынмен дами бастаған түр-
кология ғылымының биік талаптарына толық жауап бере алмады. Арада өткен 
жүз  жыл  бедерінде  шарықтап  дамыған  түркология  ғылымы  түркі  тілдерінің 
болашақ  этимологиялық  сөздігіне  аса  жоғары  талап  қойғаны  да  заңды.  Ондай 
сөздік жасау үшін уақыт та, зор дайындық та қажет болды. Мұның сыртында 
сан  салалы  түркология  ғылымының  қол  жеткен  мол  табыстарын  саралай  тү-
сіп, отыз шақты тірі, өлі түркі тілдерін зерде елегінен өткізіп, заман талабына 
сай «Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі» сияқты үлкен еңбекті дүниеге кел-
тіру үшін Э.В.Севортян сынды білікті де білгір, осы мақсатқа өзінің барша сана-
лы  ғұмырын  бағыныштаған  ғұлама  ғалымның  болуы  да  қажет  еді.  Міне,  сон-
дықтан  да  Э.В.Севортян  басшылығымен  дүниеге  келген  «Түркі  тілдерінің  эти-
мологиялық  сөздігі»  түркі  халқының  мəдени  тарихындағы  елеулі  оқиға  болып 
саналады. 
Алайда одан берідегі кезеңде жеке түркі тілдеріне байланысты тіл білімде-
рінің даму деңгейі мен зерттеу нəтижелері этимологиялық сөздіктің əр ұлттық 
тіл бойынша жасалуының қажеттілігін көрсетіп отыр.
Мəселен, Қазақстан ғалымдарының да этимология туралы күрделі ой-пікірі-
нің  жинақталып,  өзіндік  бағыты  мен  тəжірибесінің  нəтижесі  ретінде  осыдан
елу  жылдай  бұрын  «Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігінің»  жарық 
көргені  белгілі.  Оның  бер  жағында  бүгінгі  түркі  тілдерінің  біразында  (мысалы, 
қырғыз, саха, шуаш, өзбек т.б. тілдерінде) арнайы этимологиялық сөздіктер жа-
рияланды.  Біздің  пайымдауымыз  бойынша,  қазақ  тіл  білімінде  жасалған  жүзде-
ген  этимологиялық  ізденістер,  мың  бес  жүздей  сөздің  этимологиясының  ай-
қындалуы,  этимологиямен  сабақтас  түбіртану  бойынша  жүргізілген  зерттеу-
лердің  нəтижесінде  этимологиялық  сөздікке  енуі  тиіс  бір,  екі  буынды  тұлғалар 
жан-жақты  қарастырылып,  оларға  қатысты  сөзжасам  моделдерінің  тізімі  ай-
қындалды.  Осының  барлығы  «Қазақ  тілінің  этимологиялық  сөздігін»  жасаудың 
ғылыми-тəжірибелік алғышартын белгілеп, міндеттерін анықтайды.
Осыған  орай  жүргізіліп  жатқан  зерттеулер  мен  этимологиялық  сөздіктер 
жасаудың  дайындық  барысы  бұл  жұмыстың  қиындығын,  жауапкершілігінің 
молдығын,  кез  келген  маманның  қолынан  келе  бермейтін  əрекет  екендігін,  кез 
келген  адам  кірісіп  кететін  іс  еместігін  көрсетеді.  Алайда,  осы  себептерге  бай-
ланысты  егеменді  елдің,  тəуелсіз  мемлекет  тілінің  бүгінгі  қоғамдық-əлеуметтік 
талаптарына  жауап  беріп,  оның  тарихы  мен  мəдениетін,  рухани  құндылықта-
рын  анықтауға  қажет  тілдік  деректердің  əлеуетін  көрсетудің  кешенді  үрдісін 
бағдарлап  отыру – тілші  қауымының  борышы.  Осымен  байланысты  қолға  алы-
нуы  тиіс  этимологиялық  зерттеуге  ерекше  көңіл  бөлу – ұлттың  мəдени  ғұмы-
рындағы өте жоғары бағаланатын еңбектердің бірі. 

6
Түркі этимологиясы: зерттеу нәтижелері
мен ғылыми ұстанымдары
«Адамзат  мəдениетінің  ұлан-байтақ  Еуроазиялық  жазықтықтағы 
үлкен бір аумағы «Түркі əлеміне» тəн. Ол ғана емес, бұл феномен Жер 
шарының екінші жартысына да етек жайғаны айқындала бастады» деп
1
 
белгілі  тілші  ғалым  Ə.Ахметов  көрсеткендей, «түркі  тектес  халықтар 
«Түркі əлемінің» тарихи шеңберінен шығып, жер жүзіндегі 50-ден астам 
мемлекеттің құзырында жасайтын ең ірі халықтар тобына еніп отыр».
Тілінің, салт-дəстүр, дала мəдениетінің тұтастығымен ерекше көзге 
түсетін «түркі əлемі» туыстық, жақындық, қауымдастық жағынан да бұл 
кең дүниеде жападан жалғыз емес. «Алтай теориясы» бойынша түркілер 
тамыры  тереңнен  қосылатын  (біреулер  оны  генеалогиялық,  енді  біреу-
лер тарихи байланыс деп қарайтын) бер жағы моңғол, тұңғыс-манжұр,
ар жағы жапон, корей, угрофин, орал халықтарымен де жақындығы ғы-
лыми дəлелденген нəрсе. Бұл қауымдастықты салыстыра зерттеу «Алтай 
теориясының» өзекті мəселесі.
Алайда  осы  бір  ғылымға  белгілі  жалпылама  мағлұматты  атап 
өтуіміздегі  мақсатымыз:  кең  байтақ  Еуроазия  жазықтығында  есте  жоқ 
ескі замандардан бері қалыптасып, өзіндік барша болмысы айқындалған 
«Түркі  əлемінің»  өзегі,  ұйытқысы  болып  саналатын, «өлісі»  бар, «ті-
рісі» бар, көптеген түркі тілдерінің өзара алыс-жақындығына, ортақ заң-
дылықтарымен  қатар  өзіндік  айырмашылықтары  да  этимологияға  қа-
тысты.
Неге біз «түркілердің тегі бір, сөз түбірі (төркіні) ортақ» дей тұра, 
сол тілдердің жеке-дара дамуын, дербестігін мойындаймыз? Неге «түркі 
əлемін»  құрайтын  түркілердің  бір  тобы  өзара  жақсы  (тілмашсыз-ақ) 
түсініссе, екінші бір тобы өзді-өзін шала түсініседі, не мүлдем түсінбей-
ді, аудармашыны қажет етеді?
Міне,  туыстас  түркі  тілдерінің  табиғатын,  тарихи  даму  үрдісін  та-
нып-білудің алғашқы шарты осы сауалдарға жауап беруге байланысты. 
Ол  сауалдың  бір  сыры  түрік  ғалымдарының  түркі  тілдерінің  (біздің 
термин бойынша) баршасын «түрік тілінің леһжелері (яғни «түрік тілі-
нің диалектілері») деп қарап, əрбір жеке тілді «қазақ түрікшесі, «өзбек 
1
 
Ахметов Ə. Азия-Берингия-Америка

7
түрікшесі», «татар  түрікшесі»  т.т.  деп  атауды  дəстүрге  айналдыруында 
болып отыр.
Бір қарағанда бұлайша атау тарихи логикаға жат емес. Ондағы аяқ 
тірер  негіз: «түрік  тілдері»  деген  атау  (яғни  отандық  түркітанушылар-
дың дəстүрлі қолданып келген «түркі тілдері» - орысша «тюркские язы-
ки») барша түркі тілдеріне өкілеттік міндетін атқарып тұрған атау. Екін-
шіден, *түрк>* түрік атауы VIII ғасырдан бастап, Кіші Азия аймағына жан-
жақтан  жиналып,  шоғырланып,  тоғысу  барысында  қалыптасқан  конгломе-
рат (қырық ру) қауымның жиынтық атауы. Бұл тоғысу процесінде (қыпшақ, 
қаңлы,  үйсін,  қарлуқ  т.б.)  көптеген  түркі  тайпаларының  ішінен  оғыз  тай-
пасы тарихи беделі өсіп, этникалық доминант болып саналса да, түрк>түрік 
атауы  Кіші  Азияда  шоғырланған  барша  тайпаның  ортақ,  жиынтық  атауы 
болып  қалыптасты.  Міне, «түрк>түрік  тілдері»  атауының  «қолданысында 
тарихи негіз бар» дегенде айтар уəжіміз осы. 
Шындыққа салыстыру арқылы көз жеткізуге болатыны дəлелдеуді ке-
рек  етпейтін  тұжырым.  Түркі  тілдері  қаншама  жеке-дара  дамыса  да,  қым-
қиғаш  араласуы  бұрынғы  замандарға  қарағанда  əлдеқайда  шектелсе  де, 
белгілі топ арасындағы, əсіресе тіл саласындағы жақындық мол сақталғаны 
да  белгілі.  Мəселен,  қыпшақ  тобына  жататын  қазақ,  қырғыз,  татар,  ноғай, 
башқұрт, қарақалпақ, қарашай т.б. халықтардың өкілдері өзара тілмəшсіз-ақ 
еркін  қарым-қатынас  жасай  береді.  Оғыз  тобына  жататын  түрік,  əзербай-
жан,  түрікмендер  туралы  да  осыны  айтуға  болады.  Ал,  енді  осы  екі  топ 
тілдердің өкілдерінің өзара ауызша қарым-қатынасында дəл сондай жағдай 
бар деп айту қиын.
Енді, «осы бір құбылыстың себебі, түп-төркіні неде?» деген заңды са-
уал туады. Бұл сауалдың жауабы бізді тіл дамуындағы объективті себептер-
ден  көрі,  барша  түркі  тілдерінің  ортақ  даму  заңы  мен  əрбірінің  ішкі  даму 
заңдылықтарына бастайтыны белгілі.
Мəселен, екі топты құрайтын оғыз тілдері мен қыпшақ тілдері өкілде-
рін алып қарайық. Бұлар, тарихына бақсақ, екі басқа дүниеде пайда болған 
тайпалардан  емес,  кезінде  бір  географиялық  аумақта  өзара  жақын,  көрші-
лес елдер ретінде бір-бірімен тайпалық конфедерация түрінде жіті аралас-
қан этностар болып саналады. Солай бола тұрса да, көріп отырғанымыздай, 
бүгінгі  түрік  тілі  мен  қазақ  тілінің  арасында  елеулі  айырмашылықтардың 
қалыптасып  үлгіргенін  байқау  қиын  емес.  Олар  ең  алдымен  фонетика  са-
ласынан,  одан  соң  морфология,  одан  соң  синтаксис  салаларынан  байқала-
ды.  Дыбыс  пен  морфологияға  байланысты  өзгерістердің  көбісін  біз  лек-
сикалық бірлік тұлғаларынан айқын көреміз.

8
Жалғамалы (агглютинативті) құрылымға жататын түркі тілдерін дер-
бестік деңгейіне көтеріп тұрған ең басты заңдылықтарға дыбыстық өзге-
рістердің сан алуан түрлерін (дыбыс алмасу, дыбыс сəйкестігі, ерін, езу 
үндестігі,  метатеза,  дыбыстық  модификация,  опрощение,  умляут, 
дыбыстың түсіп қалуы, дыбыстық ұласым, геминация, ашық, жабық, 
тұйық  буынның  қалыптасуы  т.б.  отыздан  астам  заңдылықтарды)  жат-
қызуға болады. Міне, осы заңдылықтардың əрбір тілде жүзеге асуында 
пайда  болатын  комбинациялық  варианттар  бір  ортақ  ілкі  түбірді  сан 
құбылтуы мүмкін.
«Өлі», «тірі»  түркі  тілдерінде  ертеден  қалыптасқан  бір  буында 
(моносиллаб)  ілкі  түбірлердің 6 классикалық  үлгісі  бар.  Олар - Г,  ГС, 
СГ,  СГС,  ГСС,  СГСС
2
.  Жалғамалы  тіл  құрылымында  ең  бастапқы 
лексикалық  бірліктер  осы  үлгілер  бойынша  қалыптасты  десек,  түркі 
тілдерінің өзара жақын-алыстығын пайымдаудың бір шарты да осы тек-
тес,  мағыналас,  төркіндес  түбірлердің  ішкі  даму  заңдылығы  бойынша 
туындаған  ирварианттардан  айқын  көреміз.  Мысалы,  түркі  тілдерінің 
бəрінде де ең жиі қолданылатын «жер», «су», «от», «тау», «үй» ұғым-
дарын білдіретін бес ілкі түбірді кесте арқылы салыстырып көрейік:
ТІЛДЕР:
"земля"
"вода"
"огонь"
"гора"
"дом"
түрік
yеr
su
ateş
dag
ev
əзербайж.
yer
su
od
dag
ev
башқұрт
yir
hiv
ut
tav
цу
қазақ
jer
sur
ot
tav
ьу
қырғыз
cer
su
ot

ьу
өзбек
yег
suv
ot
tag
ьу
татар
cir
su
ut
tav
цу
түрікмен
yer
suv
ot
dag
цу
ұйғыр
jдr
su
ot
tag
цу
хакас
cir
sug
ot
tag
ib
тува
cer
sug
ot
dag
цg
2
 
(*Г - дауысты дыбыс белгісі, С- дауыссыз дыбыс).
* Мысалдар (жазылуы да) Түркияда жарияланған: «Karşilaştirmali tьrk lehgeleri suzlugb I 
Ankara, 1991» атты салыстырма сөздіктен келтірілді.

9
алтай
jer
guu
ot
tuu
ьj
шуаш
зег
şïv
vut
tu
kil*
Көріп  отырғанымыздай, 13 түркі  тілі  бойынша  салыстырылып 
берілген ең қарапайым, əрі жиі қолданылатын 5 сөздің ("жер"су", "от", 
"may", "үй")  таңбалануында 30-дан  астам  айырмашылық  байқалады. 
Олар, əдетте, əрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктері деп қаралады жə-
не  ол  ерекшеліктер  біз  жоғарыда  көрсеткен  дыбыс  заңдылықтарына 
сəйкес жүзеге асып отыр. Бірақ қалай болғанда да, бұл түбірлердің шы-
ғу тегі бір екендігіне ешкім дау айта алмайды.
Сонда  бүгінде  дербес  тіл  санатына  жататын 30 шақты  тілдің  бір-
бірімен  бірде  тым  алыстап  кеткен,  енді  бірде  өте  жақын  ортақ  ерек-
шеліктері  мен  айырмашалықтары – бұл  тілдердің  əр  бағытта  үрдіс  ал-
ған  ішкі  даму  заңдылықтарының  ғасырлар  бойы  өз  тұрғысынан  елеп-
екшеп, саралап, өзіндік (айтылу, жазылу) норма етіп алған, тұрақталған 
қалып-күйі.
Осы құбылысты бір буынды (моносиллабикалық) ілкі түбір деңге-
йінде  алып  қарайтын  болсақ,  түркі  тілдерінің  ғасырлар  бойы  қалыпта-
су  эволюциясының  ғажайып  көрінісін  байқауға  болады.  Ол  үшін  біз 
түркі  тілдеріндегі  о  баста  жалпылама  бір-ақ  мағынаға  қатысты,  ортақ 
абстракциялы мəнге ие бір буынды ілкі түбірдің біреуін алып, оның əр 
тілдегі тұлғалық қалпы мен одан туындаған туынды сөздерді салысты-
рып көрсетуді жөн көрдік. Ескерте кететін бір жағдай: туынды тұлғадан 
бөліп алып, көрсетіп отырған бір буынды ілкі түбір бір тілде жеке-дара 
қолданылса,  енді  бір  тілде  "өлі  түбір"  ретінде  тек  сөз  құрамында  ғана 
кездеседі, сондықтан да мағынасы айқын емес.
Жеке  бөліп  алып  қарайтынымыз –"кесу", "пішу", "ойып  жазу", 
"пішен", "піштіру", "пышақ", "пышақ бысы" сияқты өзара жақын, ортақ 
процестерді аңғартатын, көне түркі ескерткіштер тіліндегі bič "срезать" 
(ДТС, 98) түбірімен төркіндес бір түбір: быс ~ бич ~ бес ~ биж ~ бий ~ 
бис ~ быж ~ пыс ~ пыш ~ пыч ~ піш т.т. 20 шақты варианты бар: 
қаз
3
.:  *пыш > пышақ ('нож');
*быс > пышақтың бысы ('лезвие ножа');
*піш > nішmipy ('холостить');
*піш > пішу ('кроить'); 
*піш > пішен ('покос'); 
*біт > бітікші ('писарь
1
).
3
 
Мысалдар түпнұсқа бойынша берілді

10
тува:    *биж > бижек ('нож'); 
             *биж > бижир ('писать'); 
             *биж > бижик ('письменность'); 
             *бис > ('лезвие'; 'острие'), бистиг ('режущий'); 
             *быж > быжыр ('кроить');
башк.: *быс > бысак ('нож');
*бес > бесеу ('кроить'); 
*без > ('лезвие'; 'острие'), 
*бес > бесеу ('холостить');
хакас: *пыч > *пычах ('нож');
*пыз > пызырға ('кроить'); 
*пыс > пысханы ('кройка'); 
*піс > пычах пізі ('острие ножа'), 
*піч > пічік ('письмо, письменность');
түрік: *bіз > Ьізаk ('нож');
*bіз > bізтек ('кроить'); 
*bіз > bізте ('кроить');
əзерб.:  *быч > бычаг ('нож');
* бич > бичмəк ('кроить');
ұйғыр.: *пич > пичақ ('нож');
*пич > пичим ('крой'); 
*бис > ('лезвие'); 
*пүт > ('письмо');
түрікм.: *пыч > пычак ('нож');
*бич > бичме ('крой'); 
*бич > бичме ('холощение') т.б.
Бұл  тізімді  басқа  түркі  тілдері  бойынша  да  жалғастыра  беруге 
болады. Бірақ осы келтірілген мысалдардан да біз барша түркі тілдері-
не  ортақ  бір  ілкі  түбірдің  өзі-ақ  оның  ретроспективті  де,  перспективті 
бағытта да эволюциялық дамуының шарықтау шегінің соншалықты кең 
екендігін көруге болады.
Бұл,  əрине,  мəселенің  тек  бір-ақ  жағы.  Екінші  жағы – осыншама 
өзгерістерге ұйытқы болып отырған зандылықтардың табиғатында. «Не-
ге о бастағы бір ғана ортақ түбірден (егер біз түркі тілдерінің шығу те-
гі,  түп-тамыры  бір  деген  тұжырымды  мойындасақ!)  тараған  лексема-
лық  бірліктің  бір  тілдің  өз  ішінде  де,  тілдер  арасында  да 20-30 ва-
риант  (дұрысы - инвариант)  болып  қалыптасып,  соншама  тілдің  дер-

11
бестігіне негіз болып тұр» – деген занды сауалға жауап беру үшін осы
заңдылықтардың  өзін  жан-жақты  да  терең  зерттей  түскен  жөн.  Салыс-
тырмалы түріктану мен этимология ғылымдарының бүгінгі тандағы ең 
өзекті  мəселелерінің  бірі  осы  болмақшы.  Тіл  фактілері  мен  оның  сан 
алуан  зандылықтарына  бүгінгі  таңда  етек  жайып  отырғандай  жеңіл-
желпі,  атүсті  қарау  бұл  проблеманың  дұрыс  шешілуіне  кедергі  болма-
са, жөн бағыт бере алмайды.
Тегі де, түбірі де бір түркі тілдерінің шынайы қалыптасу, даму та-
рихын  тереңнен  түсіндіретін  этимология  мен  түбіртану  мəселені  ілкі 
түбір  деңгейінде  тарихи-салыстырма  тəсілімен  ғана  шеше  алады.  Қа-
зіргі жаһандану заманында тамырымызды «тіл мен ұлт» сабақтастығын-
да танып, «Түркі əлемін» танып-білудің тілдік негізін жаңғырту да, мі-
не, осы проблемаға байланысты. 
Түркітанудағы этимологиялық зерттеулердің жаңа серпін алып, ке-
лесі деңгейге көтерілуі 1981 жылы СССР ҒА. Тіл білімі Институтының 
түркі  жəне  моңғол  тілдері  секторларының  «Түркі  тілдерінің  этимоло-
гиялық  сөздігінің»  авторы  көрнекті  түркітанушы  ғалым  Э.В.Севортян-
ның 80-жылдығына арналған біріккен мəжілісінен бастау алды деп ай-
туға болады.
Бұл жиында этимологиялық зерттеулердің теориясы мен тəжірибесі 
кеңінен  сөз  болып,  қатысушылар  этимология  мəселесін  тек  қана  орта-
лықта ғана емес, ұлттық республикаларда да қарқынды дамытып, зерт-
теу барысы мен нəтижелерінің негізінде мерзімді түрде тəжірибе алма-
сып тұрса деген қорытындыға келді.
Осыған орай, кеңестік түркологтар комитетінің қолдауымен екінші 
жиын 19 жылы Чебоксарыда, ал үшінші кеңейтілген мəжіліс 1986 жы-
лы Қазақ ССР ҒА Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Алматы-
да өтті.
Түркі  тілдері  бойынша  этимологиялық  ізденістердің  жалпы  жəне 
жеке  мəселелері,  байырға  қалпын  жаңғыртудың  нақты  əдістері  мен  тə-
жірибелері  жан-жақты  талқыланатын  бұл  тектес  ғылыми  шаралардың 
іске  асырылуы  осы  жылдардағы  ұлттық  тіл  білімі  орталықтарында  тіл
тарихының  кең  түрдегі  этимологиялық  зерттеулерге  ұласуымен  сабақ-
тасып, нақты түркі тілдері бойынша (соның бірі – қазақ тілі) этимоло-
гиялық сөздіктердің дайындалуын қамтамасыз етуге ықпал еткені белгілі.
Осымен  байланысты  сол  кезде  белгілі  этимолог-ғалым  Абаев  атап 
көрсеткендей,  үндіевропалық  тілдердің  тіл  білімінде  жасграмматистік 

12
дəстүрдің  ықпалымен  соңғы  кезде  этимологияда  əдістемелік  тоқырау 
байқалса,  түркітануда  керісінше,  оған  қарама-қарсы  жағдаят  қалыпта-
са бастады. Бұл пікірдің қазақ тіл біліміне де тікелей қатысы бар екенін 
атап өту жөн.
Сонымен, 70-жылдардан  бастап,  өзінің  ауқымдылығымен,  тілдік
деректердің  ғылыми  талдауының  тереңдігімен  сипатталатын  түркіта-
нудағы этимология дамуының жаңа кезеңі басталды.
Осы  арада,  сөз  жоқ,  үлкен  бетбұрыстың  мəні  болған – Э.В.Се-
вортянның  «Түркі  тілдерінің  этимологиялық»  сөздігінің  жарық  көруі 
(1974  ж.).  Ғалымның  ісін  жалғастырушы  К.Мусаев,  Л.С.Левитскаялар-
дың  көрсеткеніндей,  Э.В.Севортянның  теориялық  жəне  кең  көлемді 
фактологиялық материалды кешенді талдауы осы саладағы зерттеулерге 
шығармашылық  серпін  беріп,  түркі  этимологияға  қосқан  үлкен  үлес 
болды
4
.
Түркі  тілдері  бойынша  ең  алғашқы  Г.Вамбери  сөздігі  мен  Э.В.
Севортянның  сөздігінің  арасындағы  жүз  жылдық  кезең  тек  барлық  ті-
рі  лексикографиялық  материалдардың  жинақталуымен  ғана  емес,  со-
нымен  қатар  салыстырмалы-тарихи  лексикологияның,  түркі  түбірінің 
фоно-морфо-семантикалық  құрылымы  проблемасының  теориялық  не-
гізделуімен,  этимологиялық  реконструкцияның  əдістердің  үнемі  жеті-
луімен сипатталады
5
.
Кең  көлемде  жəне  сан  алуан  көздерден  жан-жақты  жинақталған 
фактілер  мен  ғылыми  ізденістердің  нəтижелері,  содан  туындаған  құл-
шыныс  берік  ғылыми-əдістемелік  негізге  сүйенген  қазіргі  кезеңдегі 
түркі  этимологиясының  жоғары  даму  сатысына  көтеріліп,  жалпы  жəне 
жеке этимологияның көкейтесті мəселелерін шешудің тиімді жолдарын 
табуына мүмкіндік берді.
Соның  негізінде  көптеген  түркі  тілдері  қолданылып,  оларды  тұ-
тынушылар өмір сүріп жатқан, этимологиялық ізденістердің сенімді дə-
йегі  табылатын  «шеткері»  аймақтардағы  осы  мəселеге  қатысты  ғылым 
деңгейінің көтерілуіне септігін тигізді.
Қазіргі  уақытта  өз  тілінің  генезисін  сол  тілді  тұтынушының  тари-
хымен,  лексикасының  тарихи  құрылымын  фонетикалық,  морфология-
4
 Левитская Л.С., Мусаев К.М. Э.Севортян и тюркская историческая лексикология // Теория и 
практика этимологических исследовании. С.95-98.
5
 Калужиновский С. Этимологические исследования по якутскому языку: Двусложные 
основы 1-3 // RocznikOrientalistyczny 1977; Т.ХХХІХ. Z.2.S.5-14: Т.Х2.1.S. 71-82; 1979. 
Т.ХZ.Z.2.S.39-49; Исследования в области этимологии алтайских языков. 1. 1979, т.б.

13
лық  жəне  семантикалық  аспектілері  арқылы  анықтап,  сөз  төркінін  із-
демейтін бір де бір түркі тілі жоқ деуге болады. Осы ғылыми үдерістің 
алғашқы  тəжірибелері  ретінде  кейбір  тілдер  бойынша  этимологиялық 
сөздіктер де жарық көрді
6
.
Бұл  үрдістің  даму  жалғастығын,  мысалы,  чуваш  тілшілері  М.И.
Скворцов  пен  Н.И.Егоровтың  зерттеулерінен,  татар  тілі  бойынша – 
Р.Ахметованың,  Ф.Хакимзяновтың,  И.Абдулиннің;  башқұр  тілі  бойын-
ша – З.Г.Ураксиннің,  Т.Гариповтың,  Э.Ф.Исибердиннің,  С.Ф.Миржано-
ваның,  А.Г.Шайхуловтың;  якут  тілі  бойынша – Н.К.Антоновтың,  Г.В.
Поповтың; өзбек тілі бойынша – Г.А.Абдурахмановтың, А.Хаджиевтің, 
Д.Х.Базарованың,  К.А.Шарипованың;  тува  тілі  бойынша – Б.И.Тата-
ринцевтің,  қырғыз  тілі  бойынша – О.В.Субракованың,  сол  сияқты  Ка-
бардино-Балкария  мен  Карачаево-Черкессиядағы – М.А.Хабичевтің, 
Ш.Х.Ақбаевтың, И.М.Омаровтың, С.Я.Байчаров, ұйғыр тілі бойынша – 
Г.С.Садвакасовтың,  Г.Талиповтың,  В.Махпировтың  еңбектерінен  көру-
ге болады.
Түркі этимологиясын дамытудың әдістері, 
критерийлері мен қағидалары
Түркі  этимологиясының  да  лингвистиканың  басқа  салалары  сияқ-
ты өзіндік əдістері мен қағидалары бар.
Этимологиялық  зерттеу  нысанының  ішкі  даму  заңдылығымен  са-
бақтас  əртүрлі  үрдістер,  əдістер,  қағидалар,  критерийлер  мен  тəсілдер 
анықталды.
Этимологиялық  зерттеулердің  нақты  нысаны  мен  мақсатына  сəй-
кес  көрсетілген  əдістер  мен  мақсатына  сəйкес  көрсетілген  əдістер  түр-
леніп,  біріктіріліп,  кейде  жіктеліп  таңдалады.  Оларды  атап  айтсақ:  са-
лыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-салғастырмалы (типологиялық) əдіс-
тері,  ішкі  жəне  сыртқы  реконструкция,  талдау,  сатылы  идентификация 
əдістері; құрылымдық жəне дистрибутивті əдістер; компоненттік талдау, 
морфемалық мүшелеу жəне сипаттамалы əдістер, семантикалық талдау 
əдісі;  жоққа  шығару  жəне  қарама-қарсы  қою  əдісі  жəне  фонетикалық, 
морфологиялық, семантикалық критерийлер, т.б.
6
 Егоров В.Г. Этимологический словарь чувашского языка. Чебоксары, 1964; Қазақ тілінің 
қысқаша этимологиялық сөздігі. А.1966; Ахметьянов Р.Г. Краткий историко-этимологический 
словарь татарского языка (на татарском языке) Казань, 2001.

14
Əрине, көрсетілген əдістердің жағымды да жағымсыз сəттері зерт-
теу барысында байқалады. Себебі О.Н.Трубачев атап көрсеткендей, «кез 
келген өнімді əдістің өзі əрдайым тиімді бола бермейді»
7
.
Дегенмен  түркі  тілдерін  зерттеу  тəжірибесінде  əбден  сыналған 
салыстырмалы-тарихи  əдіс  этимологиялық  ізденістердің  басты  тала-
бына жауап беріп, түрколог-компаративистің қолында тарихи шындық-
ты  диахрондық  материал  арқылы  танытуда,  тілдік  фактілерді  байырғы 
күйінде жаңғыртушы əдіс ретінде ешқандай шектеусіз пайланыла алады.
Өзінің  əмбебаптық  сипатына  сəйкес  салыстырмалы-тарихи  əдістің 
бойынан басқа да түрлі əдістер мен зерттеу тəсілдері табылады. Мыса-
лы, екі, я одан да көп буынды құрылымдардың морфемалық мүшеленуі 
түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеудің нəтижелеріне сүйенуді қажет 
етеді
8
.
Бұл əдістің артықшылығы этимолог-зерттеушіге тіл дамуының нə-
тижесіндегі  күрделі  құбылыстарды  түсінуге,  олардың  бейнесінің  туыс 
тілдердегі көріністерін, жалғамалылық сипатына сай жəне өзіндік тарихи 
ерекшеліктеріне  сай  құрылымдық-семантикалық  күрделенуін  анықтау-
ға  көмектеседі.  Осының  барлығы  тілдегі  тарихи  құбылыстарды  терең 
түсіндіруде, түркі тілдерінің салыстырылуы нəтижесінде іске асады.
Барлық  этимологиялық  мектептер  мен  бағыттар  этимологизация 
барысында этимологиялық нысанның өлшемдерінің қажеттілігін мойын-
дайды.  Бұл  параметрлерді  этимологиялық  реконструкцияның  үш  ас-
пектісі (фонетикалық, морфологиялық, семантикалық) немесе зерттеудің 
критерийлері деп те атайды.
Бұл критерийлермен қатар этимологияда мəдени аспекті яғни тари-
хи қағида да ескерілуі қажет. Критерийлер бір-бірімен тығыз байланыс-
та болады жəне этимологиялық міндеттерді шешуде олардың əрқайсы-
сы  есепке  алынуы  тиіс.  Кез  келген  этимологияның  толықтығы  мен
тұтастығы  осы  арқылы  анықталады.  Мысалы,  фонетикалық  критерий-
лердің мəніне морфологиялық критерийлер де еніп, екеуі қосылып, кез 
келген  лексикалық  бірліктен  фономорфологиялық  құрылымын  анық-
тайды.  Сол  сияқты  семантикалық  критерий  де  алдыңғы  екеуімен  ұш-
тасады. Кейбір ғалымдар, мысалы, О.Н.Трубачев сөз төркінін анықтау-
7
 
Трубачев О.Н. О семантической теории в этимологическом словаре. Проблемы омонимов 
подлинных и ложных и семантическая типология//Теория и практика этимологических 
исследовании. М., 1985. С. 13
8
Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986

15
да,  негізінен,  семантикаға  сүйену  керек  деп,  оны  «тартылыс  нүктесі» 
ретінде санайды
9
.
Ал, этимологияның фонетикалық критерийі белгілі бір тілдің, ия 
тілдік  семьяның  болмысына  тəн  барлық  фонетикалық  заңдылықтарды 
ескеріп отырады.
Түркі  тілдерінде  мұндай  заңдылықтардың 30 түрлі  түрі  бар:  син-
гармонизм  (дауыстылардың  лабиалды  жəне  палаталды  үндестігі),  да-
уыссыздардың  ассимиляциясы,  дыбыстардың  өзгерісі  (дыбыс  алмасуы 
мен  дыбыс  сəйкестігі),  дыбыстардың  түсіп  қалуы  мен  редукция  құбы-
лысы,  дыбыстардың  ұзаруы  мен  кірігуі,  геминация  жəне  созылыңқы 
дыбыстардың жасалуы, метатеза, апакопа жəне элизия, протеза, эпитеза, 
эпентеза, парагота, флексия, фузия, дауыстының шағылысуы жəне ашық 
буын, гиперагглютинация, гаплология, вокализация, дифтонгизация, фо-
нетикалық деформация т.б.
Түркі  тілдерінің  фонетикалық  құрылымын  түзетін  элементтердің 
кешені  төмендегі  заңдылықтар  арқылы  анықталады:  жеке  тілдер  мен 
диалектілердің өздеріне тəн сапалық белгілерімен қалыптасуы мен тари-
хи дамуының үдерістері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы т.б.
Бұл  заңдылықтардың  ықпалының  критерийлігі  соншалық  біркел-
кілігін ғажап сақтаған қазіргі түркі тілдері, дегенмен өзіндік фонетика-
лық  бағыттарымен  тармақталып,  тіпті  кейде  мүлдем  алшақтап  кеткен. 
Соның  нəтижесінде  түркі  тілдерінің  көрсетілген  белгілерінің  шынайы 
ататүркілік күйін қалпына келтіру оңайға соқпайды.
Фонетикалық  критерийлердің  көмегімен  тіл  фактілерінің  статика-
лық та, динамикалық та күйін, диахрондық та, синхрондық та тұрғыдан 
зерттеуге болады.
Агглютинацияның  күрделі  үдерісінің  негізінде  байырғы  жалпы-
түркілік  түбірлер  мен  негіздер  жатқандықтан,  жалпытүркілік  базистік 
лексика  саласындағы  фонетикалық  бағыттағы  этимологиялық  ізденіс-
тер  ретроспективалық  түрде  түркі  тілдерінің  генетикалық  туыстығы 
бастау алып, тілдік құбылыстар туындайтын түбірлерге қарай ойысады.
Осы  жолда  этимолог  фонетикалық  заңдар  мен  заңдылықтар  кеше-
нінің сан алуан көріністеріне кездеседі. Мысалы, байырғы түркі түбірі-
нің  құрылымы  мен  мəртебесін  анықтау – субститут  проблемасының 
өзекті  мəселесі.  Ол – жалпы  түркілік  немесе  ататүркілік  нұсқасын,  ия 
белгілі  бір  фонеманың,  ия  морфеманың,  ия  лексеманың  проформасын 
табу.
9
Трубачев О.Н. Көрсетілген еңбек. 6-14 б.

16
Субституттың  көрінісінің  нақты  формалары  бар:  сөз  басы  мен  со-
ңы; түркі түбірінің жарыспалығы мен тұрақсыздығының себептері т.б.
Мұның  барлығы  фонетикалық  реконструкция  үшін  аса  маңызды. 
Түркі  тілдеріндегі  фономорфологиялық  құбылыстарды  анықтаудың 
қиындығы, орхон-енисей жəне көнеұйғыр ескерткіштерінен ежелгі, мы-
салы,  сөз  басындағы  қатаң  немесе  ұяң  дауыссыздардың  байырғылығы 
туралы жорамалды айғақтайтын жазба деректердің болмауы.
Ал,  түркі  фонетикасының  көне  белгілерін  сақтап  қалған  Сібір-
дегі  түркі  тілдеріне  жасалған  сілтемелер  əзірге  қажетті  ғылыми-эти-
мологиялық негізбен толық дəйектеле қойған жоқ. Əлі күнге дейін сөз 
басындағы  дауссыздардың  (и/  д/  т/  з/  ж/  ш/  с/  ц/  н  т.б.)  байырғылығы 
туралы мəселе түпкілікті шешілген жоқ.
Түркі тілдерінің тарихи дамуының əртүрлі кезеңдерінде түркі түбі-
рі тілдің шынайы бірлігі болып, оны зерттеудің этимологиялық аспекті 
фонетикалық критерийлермен тығыз байланысты болады.
Этимологияның  морфологиялық  критерийлері  түркі  тілдерін-
дегі  бір  типті  жəне  бірдей  лексико-семантикалық  топтардың  төменгі 
байланыстарын  айқындауға  көмектеседі.  Ол  ең  алдымен,  диахрондық 
жəне  синхрондық  тұрғыдан  дамытушы  сөзжасамның  əртүрлі  модель-
дерімен байланысты.
1.  Этимолог  нақты  бір  тілдегі  сөздің  құрылымын  анықтау  бары-
сында, тұрақты түрде сол тілдің қолданысындағы сөзжасамның, форма-
жасамның  жəне  сөзөзгертімнің  модельдері  мен  тəсілдеріне  сүйенеді. 
Егер тілде олар жоқ болмаған жағдайда туыстас тірі жəне өлі тілдердегі 
көріністерін іздейді.
Осы тектес этимологиялық реконструкциялардың сəтсіздігі көбіне-
се  əрбір  тілде  немесе  жалпы  түркологияда  сөзжасамның  морфология-
лық  тұлғаларының  ортақ  корпусының  болмауымен  байланысты.  Сон-
дықтан əрбір тілдің ғылыми этимологиясы үшін алдынала грамматика-
лық тұлғалар мен сөзжасам модельдерінің толық тізімі түгендеу жұмы-
сы жүргізілуі тиіс: өлі, бəсең өнімді жəне өнімді.
2.  Аффикстердің  шынайы  мағынасын  лексикалық  негіздердің  ка-
тегориялық  топтарына  байланысты  айқындау;  негіз  жəне  одан  туында-
ған құрылымның мағынасының сəйкестігін, оладың жалғануына қатыс-
ты хронологиясы мен жалғастығын айқындау т.б.
3.  Морфемалық  тұлғаларды  бара-бара  өлі  элементтер  қатарына 
қосатын көнелену (архаизация) мен этимологиясын көмескілендіру (де-

17
этимологизация) нəтижесінде туынды түбір морфемамен бірігіп кеткен 
үдерістердің  заңдылықтарын  ескеру.  Бұл  арадағы  этимологиялық  ре-
конструкцияның  мəні – қазіргі  кезде  құрамы  ажыратуға  келмейтін  тү-
бір-негіздерді,  түбір  жəне  аффикстік  морфемаға  жіктеу.  Осыған  орай 
этимологияның тиімді əдіс-морфемалық, немесе компоненттік мүшелеу 
əдісі.
4.  Этимологияны  ашудың  морфологиялық  критерийлерін  сөз  ту-
дырушы  аффикстердің  «талғап»  жалғанатын  қабілетін  ескеруі  қажет. 
Себебі түбір лексемалардың лексико-семантикалық ерекшеліктеріне жə-
не  атаудың  уəжіне  байланысты  сөз  тудырушының  модельдерінің  бел-
гілі бір топтарын түзеді.
Мысалы,  қазақ  тілінде-қа//-ке //ға//-ге  моделінің  мынадай  семан-
тика-анатомиялық  терминдерді  туғызуы  кездейсоқтық  па?  Қаңқа>
қаң+қа  «скелет», «каркас» (чего-либо);  қолқа>қол+қа  «трахея»;  жүй-
ке>жүй+ке  «нерв», «мозжичок»;  желке>жел+ке  «шея», «затылочная 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал