Алматы облыстық қоғамдық газет



жүктеу 272.95 Kb.

бет1/3
Дата14.09.2017
өлшемі272.95 Kb.
  1   2   3

Алматы облыстық  қоғамдық  газет

Raimbek.ordabeknur@mail.ru

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы 

Ұ л ы б р и т а н и я   ж ә н е   С о л т ү с т і к 

И р л а н д и я   П а т ш а й ы м ы   I I 

Е л и з а в е т а м е н   к е з д е с т і 

« Қ ы с - 2 0 1 5 »   к о м а н д а л ы қ - ш т а б т ы қ   о қ у ,   ж и ы н ы

Тілек

«

Мәңгілік ел» құшағында 



мәңгілік,

Қарсы алатын әр бір атқан таң 

күліп.

Дана сөз боп шарлап кетті 



даласын,

Батыр баба әруағы жаңғырып.

                                                      

«Райымбек» деп атын қойып 

газеттің,

 Өр еліңнің өр көңілін мәз еттің.

 Орындалсын алға қойған бар 

мақсат,


Ортаймасын  ұжымдағы  нар 

екпін.


Тайсалмағын еңбектенгін жаның 

сап,


Рухтанамыз «Райымбекке» 

жазылсақ.

          

 

Баспасөз -баршаға!

 Елбасы кездесу барысында Патшайымға 

Біріккен Корольдікке сапарының 

қорытындылары туралы әңгімелей отырып, 

екі жақтың арасында көптеген келісімдердің 



№14 (14)

7 қараша

Сенбі.

2015

қой жылы

Ел бірлігі—   ең асыл қасиет. 

Н. Ә.  НАЗАРБАЕВ.

Газет 6 шілде 

2015 жылдан шығады.

Құрыштан  құйылған  құдірет,  қарттарым            

аман - сау жүрші

«Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі 

жаңамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек»

Н.Ә. Назарбаев 

2016


 

           

 

“Райымбек”



 

2016


 газетіне жазылыңыз! 

Алдағы жылға жазылу пошта     

бөлімшелері мен газеттің   редакциясында 

жүргізіледі.

 Жазылу  : Бір жылға -

 3120 

теңге,  

алты       айға - 



1560

 теңге.

Индекс: 66139

Бенефициар

ТОО “Орда- Бек- Нұр”

БИИН (ИНН)141140004928.

ИИК KZ23563В350000063832

БИК KPSTKZKA

КБЕ 17

АО “Казпочта” 

Райымбекский

РУПС г. Алматы.

БИН 010841003446.

Байланыс тел: 8 (72777)2-25-42, 

ұялы: 87753729645, 87052210979

жасалғанын ризашылықпен 

атап өтті. Қазақстан Президенті 

еліміздің сыртқы саясатында 

британдық вектордың маңызы 

жоғары екенін, оған елдеріміздің 

арасындағы жоғары деңгейдегі 

байланыстар ғана емес, іскер 

топтардың, академиялық 

қ о ғ а м д а с т ы қ т а р д ы ң , 

сондай-ақ екі мемлекет 

ведомстволарының арасындағы 

мықты серіктестік байланыстар 

да айғақ болатынын айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан 

Назарбаев қазіргі уақытта 

жүргізіліп жатқан Қазақстан 

экономикасын жаңғырту 

жөніндегі реформаларға және осы 

үдерісте британдық капиталдың 

атқара алатын рөліне тоқталды.

ІІ Елизавета патшайым да өз 

сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Лондонға ресми сапарының 

қорытындыларына жоғары баға 

беріп, оның нәтижелері екі ел 

 О

блыс әкімдігінің ғимаратында Алматы 



облысы әкімінің бірінші орынбасары 

Махаббат Бигелдиев «Басқару органдары 

мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесі 

күштерінің қыс мезгілінде болуы мүмкін 

төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 

іс-қимылы» тақырыбында жиын өткізді.



Жемқорлық – 

дерт

«Нұр Отан» партиясы 

Райымбек аудандық 

ф и л и а л ы н ы ң 

ұйымдастыруымен 

арасындағы достық қарым-қатынастарды 

одан әрі нығайтуға және Қазақстан 

мен Біріккен Корольдік халықтарының 

өркендеуіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Басты мақсаты - «Қыс-2015» деп аталатын 

төтенше жағдайлардың алдын алу 

жөніндегі командалық-штабтық оқуларды 

тиісті деңгейде өткізуге барлық құзырлы 

органдардың дайындығын пысықтау.

Негізгі баяндаманы облыстық төтенше 

жағдайлар жөніндегі департаменті азаматтық 

қорғаныс басқармасының басшысы полковник 

М.Боранбаев оқыды. Өз баяндамасында «Қыс-

2015» командалық-штабтық оқуларын өткізудің 

мақсаттарымен таныстыра келе, қазіргі уақытта 

өзге өңірлердегі ауа райының қолайсыздығынан 

орын алған апатты жағдайларға да тоқталып өтті. 

Алматы облысында ауа райын болжаушылардың 

пайымдауынша қаңтар айында күн райының 

күрт суытуы мен қатты желдің тұруы 

болжанғандықтан, штаб дайындығын арттыру, 

арнайы күштердің өмір сүруді қамтамасыз ететін 

нысандардың, көліктік қатынас магистральдары 

мен өзге де стратегиялық маңызды нысандардың 

қалыпты жұмыс істеу жағдайын сақтап тұруын 

қамтамасыз ету, түрлі дағдарысты жағдайларларда 

оның салдарын жою мақсатында құрылған 

арнайы қызметтер мен құрылымдардың 

дайындығын, негізгі мақсаттарына сәйкестін, 

құрамы мен санын тексеру қажеттігін мәлімдеді.

Жиынды қорыта келе облыс әкімінің 

бірінші орынбасары М.Бигелдиев:

-  Халқымызда «Сақтансаң сақтайды» деген сөз 

бар. ҚазГидрометтің айтуынша, 2016 жылдың 

қаңтар айының орта тұсында Қазақстан 

аумағында күннің қатты суытуына қатысты 

ауыр метереологиялық жағдай күтілуде. 

Соның салдарынан орын алуы ықтимал электр 

сымдарының, байланыстың үзілуі, сумен, 

газбен және жылу қуатымен қамтамасыз ететін 

нысандардың техногендік апаттан бұзылуы, 

жолдардың тайғақтануы мен басты көлік 

магистральдарын қар басып қалу жағдайларына 

дайын болуымыз керек. Осында жиналған 

барлықтарыңыз төтенше жағдайларды алдын 

алу бойынша құрылған комиссияның мүшесі 

болғандықтан, аталмыш оқу-жаттығуларға үлкен 

мән беруді тапсырамын, - деп сөзін қорытты.

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел, өркендеуші 

ел» партиялық жобасы аясында  партия 

филиалының мәжіліс залында аудандық 

«Сәулет және қалақұрлыс бөлімі» ММ 

қызметкерлерімен бірлескен «Сыбайлас 

жемқорлықпен күрес, ортақ парызымыз» 

атты дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиын 

барысында аудандық партия филиалының 

консультанты Л.Асқарова  «Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 

талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықты  

болдырмау, оның алдын алу  мақсатында, 

Қазақстан Республикасының  2015 - 2025 

жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  стратегияның  жүзеге асырылуы 

жайлы бірқатар мәселелерді ортаға салды. 

Аудандық «Сәулет және қалақұрлыс 

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 

басшысы Е.Тәуекелов Әр мемлекеттік 

қызметкер үшін табыстылықтың, жоғары 

жетістіктерді. Білім мен материалдық 

игіліктің басты өлшеміне айналуы тиіс. 

Жұмыс барысында және қоғамдық 

ортада мәдениет пен ізгілікті ұштастыру, 

дана халқымыздың өсиет етіп кеткен 

ұлағатты сөздерін жадымызда ұстасақ, 

қоғамымызда сыбайлас жемқорлық 

індеті өзінен-өзі жоғалатындығына 

сенімді екендігіне тоқталды. Сондай- 

ақ  әріптестерін жемқорлықтан алыс 

 

болуға шақыратындығын айтты.



«Нұр Отан» партиясы Райымбек

аудандық филиалы

Қолдасын деп батыр баба 

әруағы,


Әр бір саннан  күтіп жүрсін бар 

ұрпақ.


Тот баспасы белгілі ғой асылдың,

Есімі елге қуат берсін батырдың.

Тылсым жақта жатқан шығар 

қуанып, Әруағы Мұқағали 

ақынның.

Жазылса да қайсы ауылдан, 

қайдан кім,

Оқығандар айтқанына таң 

қалсын.

Райымбек боп,Қабанбай боп, 



Қарасай,

Әр бір үйдің қорғанына 

айналсын.

Шеризат МЕКЕБАЕВ

 Облыс аудандарында ардагерлер кеңесінің 

конференциялары өтуде. Жақында 

Райымбек ауданының ардагерлер кеңесінің 

конференциясы болды. Конференция 

жұмысына аудан әкімі Жанат Тәжиев қатысты. 

Конференция жұмысын аудандық мәслихат 

хатшысы Е. Құдабаев жүргізді. Аудандық 

ардагерлер кеңесінің  төрағасы С. Оразаев есепті 

баяндама жасады. Тексеру комиссиясының 

хабарламасы тыңдалды. Баяндаманы 

талқылауға Нарынқол ауылдық ардагерлер 

кеңесінің төрағасы М. Абиров, жұмыспен 

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 

басшысының орынбасары Т. Қозыбағар, білім 

бөлімінің басшысы Р. Таударбекова, Ұзынбұлақ 

ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Тақабаев, 

ішкі істе бөлімі бастығының орынбасары 

Е. Сейдалиев, Кеген аурухана дәрігері Р. 

Ұланқызы, Шырғанақ ауылдық округінің әкімі 

Қ. Бектенов жолдастар жарыс сөзге қатысты. 

 Конференцияда аудан әкімі Ж. Тәжиев 

сөз сөйлеп, қорытындылады. Райымбек 

аудандық ардегерлер кеңесінің төрағалығына 

Совет Оразаев сайланды. Конференцияда 

қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.



Жалғасы екінші бетте

Райымбек аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы Совет Оразаевтың аудандық VI 

конференциясында  жасаған есепті баяндамасынан.



Құрметті 

делегаттар, 

қадірменді 

қауым!

 Елбасының жақында 

Біріккен  ұлттар ұйымының 

салтанатты жиынында 

қазақ тілінде сөйлеуі,  қазақ 

халқының мәдениетін 

бір көтерді. Елбасының 

өз еліміз ғана емес, 

әлемнің болашағына жол 

 

Дерек пен дәйектер

*Ауданда 66 бастауыш ұйымда 7876 зейнеткер бар.

*2010ж. аудан орталығынан Райымбек батырдың ескерткішіне     8 млн 584 311 қаржы 

жұмсалған.

*2011ж. Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы мерей тойына 8 млн 18 610  қаржы 

жұмсалған. М. Мақатаевтың мұражайы жабдықталып, анасы Нағиманға күмбез 

орнатылды.

*2012ж. Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың 100 жылдығы аталып, аудан 

орталығынан ескерткіш бюст орнатылды.Оған 9 млн548 қаржы жұмсалды.

*2013ж. Алматы қаласында Райымбек батыр бабамыздың ескеркішіне 7 млн теңге 

берілді.

*2014ж. Балалар әдебиетінің классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығы 

атап өтіліп, той шараларына 8 млн 535 теңге жұмсалды.

*2015ж. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын өткізу, соғыс, еңбек ардагерлеріне сый-сыяпат, 

материалдық көмек көрсетуге  8 млн 572т жұмсалды.

төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы салық 

төлеушіге дербес жоюға құқық беру.

Камералдық бақылау  салық қызметі органдарында бар 

салық есептілікті, халықаралық шарт негізінде бюжеттен 

немесе  шартты банктік салымнан төленген табыс салығын 

қайтаруға салықтық өтінішті, өзге де уәкілетті мемлекеттік 

органдардық салық салу обьектілері және салық салуға 

байланысты обьектілер  туралы  мәліметтерін, салық 

 

төлеушінің қызметі бойынша  әртүрлі ақпарат  көздерінен 



алынған  мәліметтерді бір-бірімен салыстыру  арқылы 

жүргізіледі. Кмералдық  бақылау нәтижелері бойынша, 

бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған 

бұзушылықтардың сипаттамалары қосыла беріле отырып, 

камералдық бақылау нәтижелері бойынша  хабарлама 

рәсімделеді.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша 

анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны 

орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген 

(оны алған)  күннен бастап  отыз жұмыс күн ішінде жүзеге 

асырады. Салық төлеушінің анықталған бұзушылықтар 

жататын салық кезеңі үшін салық  есептілігін немесе 

белгіленген талаптарға сәйес түсініктемені табыс етуі 

камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған 

 

бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалғаны 



болып  табылады. Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада  

көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық 

 

қызметі органдарына бұзушылықтар анықталған кезең үшін 



салық есептілігін ұсынады. Салық төлеуші хабарламада 

көрсетілген бұзушылықтармен  келіспеген жағдайда салық  

қызметі органдарына анықталған  бұзушылықтар жөнінде  

түсініктеме береді. Түсініктемеде салық төлеушінің қол 

қойған күні, түсініктемені табыс еткен  тұлғаның аты-

жөні, тұрғылықты жері, сәйкестендіру номері, хабарламада  

көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып 

табылатын мән-жайлар, жалғанған қосышалар тізбесі 

көрсетілуі тиіс. Камералдық   бақылау  нәтижелері бойынша 

анықталған  бұзушылықтарды  жою туралы хабарламаны 

белгіленген мерзімде орындамау салық төлеушінің 

банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата 

тұруға әкеп соғады.  Жүргізілген камералдық бақылау 

 

нәтижелері  бойынша салық органы қорытынды жасайды, 



қорытындыны жасау күні камералдық  бақылаудың 

 

аяқталған  күні болып табылады.



Қ.УСКЕЛЕНОВ  

бөлім  басшысы 

     

                                               

   

ЗАҢДЫЛЫҚТАР ҚАТАҢ 

САҚТАЛСЫН 

1

4-1) ФИСКАЛЬДЫҚ ДЕРЕКТЕР ОПЕРАТОРЫ – ОРТАҚ 



ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР 

ЖЕЛІЛЕРІ БОЙЫНША САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНА 

АҚШАЛАЙ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР ТУРАЛЫ 

МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖЕДЕЛ РЕЖИМДЕ БЕРУДІ 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН, ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АЙҚЫНДАҒАН 

ЗАҢДЫ ТҰЛҒА.  

      1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 

АҚШАЛАЙ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР, ЕГЕР ОСЫ 

ТАРМАҚТА ӨЗГЕШЕ БЕЛГІЛЕНБЕСЕ, МIНДЕТТI 

ТҮРДЕ БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ 

АРҚЫЛЫ ЖҮРГIЗIЛЕДI.

      ОСЫ ТАРМАҚТЫҢ ЕРЕЖЕСI:

      1) ЖЕКЕШЕ НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ 

АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУ 

БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН 

АДАМДАРДАН БАСҚА, ДАРА КӘСІПКЕРЛЕР РЕТІНДЕ 

МІНДЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУГЕ ЖАТПАЙТЫН 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ;

      2) ҚЫЗМЕТІН:

      ПАТЕНТ НЕГІЗІНДЕ АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМIН 

ҚОЛДАНА ОТЫРЫП;

      АШЫҚ САУДА БАЗАРЛАРЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 

ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТIЛЕРI ҮШIН АРНАУЛЫ 

САЛЫҚ РЕЖИМI ШЕҢБЕРIНДЕ;

      ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШІН 

АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН 

ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ОСЫ АРНАУЛЫ САЛЫҚ 

РЕЖИМІ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ДАРА 

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ (АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫ 

ӨТКІЗУШІЛЕРДЕН БАСҚА);

      3) УӘКІЛЕТТІ ОРГАНМЕН КЕЛІСУ БОЙЫНША 

КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК 

ОРГАН БЕКІТКЕН НЫСАН БОЙЫНША БИЛЕТТЕРДІ 

БЕРЕ ОТЫРЫП, ҚОҒАМДЫҚ ҚАЛА КӨЛІКТЕРІНДЕ 

ТАСЫМАЛДАУ БОЙЫНША ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ 

КӨРСЕТУ БӨЛІГІНДЕГІ;

      4) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ 

БАНКІНІҢ АҚШАЛАЙ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРЫНА 

ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.

Салық жүйесінде

Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

,

Райымбек



2

Сенбі,7 қараша,  2015  қой жылы

      ҚЫЗМЕТІ ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖЕЛIСI ЖОҚ ЖЕРЛЕРДЕ 

ОРНАЛАСҚАН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ ҚОСПАҒАНДА, 

БЕНЗИНДI (АВИАЦИЯЛЫҚ БЕНЗИНДI 

ҚОСПАҒАНДА), ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН, АЛКОГОЛЬ 

ӨНІМІН КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БӨЛШЕК 

САУДАДА ӨТКIЗУДI ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН САЛЫҚ 

ТӨЛЕУШІ АҚШАЛАЙ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАР АРҚЫЛЫ 

САУДА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ КЕЗІНДЕ ДЕРЕКТЕРДІ 

ТІРКЕУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БЕРУ ФУНКЦИЯСЫ БАР 

БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУҒА 

МІНДЕТТІ.

                    РҚАО-НЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ!

 БҰЛ АБЗАЦ 01.07.2014 БАСТАП ҚОЛДАНЫСҚА 

ЕНГІЗІЛЕДІ - ҚР 28.11.2014 № 257-V ЗАҢЫМЕН 

(ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУ ТӘРТІБІН 10-БАПТЫҢ 12) 

ТАРМАҚШАСЫНАН ҚАРАҢЫЗ).

      БҰЛ РЕТТЕ БЕНЗИНДІ (АВИАЦИАЛЫҚ БЕНЗИННЕН 

БАСҚА), ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН, АЛКОГОЛЬ ӨНІМІН 

КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БӨЛШЕК САУДАДА 

ӨТКІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІДЕ 

ОСЫНДАЙ БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН 

ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТ 2015 ЖЫЛҒЫ 1 

ШІЛДЕДЕН БАСТАП ТУЫНДАЙДЫ.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ 

БЕЛГІЛЕГЕН ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ, ҚЫЗМЕТІ ОРТАҚ 

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР 

ЖЕЛIСI ЖОҚ ЖЕРЛЕРДЕ ОРНАЛАСҚАН САЛЫҚ 

ТӨЛЕУШІНІ ҚОСПАҒАНДА, ДАРА КӘСІПКЕРЛЕР 

ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР 2016 ЖЫЛҒЫ 

1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ДЕРЕКТЕРДІ ТІРКЕУ ЖӘНЕ 

(НЕМЕСЕ) БЕРУ ФУНКЦИЯСЫ БАР БАҚЫЛАУ-КАССА 

МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ 

ЕТУГЕ МІНДЕТТІ.

 АУМАҒЫНДА ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖЕЛІСІ ЖОҚ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-

АУМАҚТЫҚ БІРЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫ 

УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНМЕН КЕЛІСЕ 

ОТЫРЫП, УӘКІЛЕТТІ ОРГАН БЕЛГІЛЕГЕН 

ТӘРТІППЕН УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ИНТЕРНЕТ-

РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛУҒА ЖАТАДЫ.

      2. ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ЕСЕПТІ 

ТОҚСАННАН КЕЙІНГІ АЙДЫҢ  20-СЫНАН 

КЕШІКТІРМЕЙ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ БОЙЫНША 

САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНА УӘКІЛЕТТІ ОРГАН 

БЕКІТКЕН НЫСАНДА ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ 

КӨЛІК ТАСЫМАЛДАРЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚҚА 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІГІНДЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ 

БИЛЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ ТАБЫС 

ЕТЕДІ. 


      3. САУДА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ НЕМЕСЕ ҚОЛМА-

ҚОЛ АҚША АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 

КЕЗІНДЕ АҚШАЛАЙ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРАТЫН САУДА АВТОМАТТАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТ 

КӨРСЕТУДІ ТӨЛЕУ ТЕРМИНАЛДАРЫ МОДЕЛЬДЕРІ 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМГЕ ЕНГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ-

КАССА МАШИНАЛАРЫМЕН ЖАРАҚТАНДЫРЫЛАДЫ. 

      4. БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ 

КЕЗIНДЕ МЫНАДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ: 

      1) АҚШАЛАЙ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРМЕН 

БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТ БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІН 

БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН САЛЫҚ 

ОРГАНЫНДА ЕСЕПКЕ ҚОЮ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;

      2) ТАУАР, ЖҰМЫС, КӨРСЕТIЛЕТIН ҚЫЗМЕТ 

ҮШІН ТӨЛЕНГЕН СОМАҒА БАҚЫЛАУ-КАССА 

МАШИНАСЫНЫҢ ЧЕГІН НЕМЕСЕ ТАУАР ЧЕГІН 

БЕРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ;

      3) БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫНА САЛЫҚ 

ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ 

ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТIЛЕДI.



  ҚОСЫМША КІРІС КӨЗІ

Камералдық бақылау-

 салық 


төлеуші (салық агенті) табыс еткен  салық есептілігін, 

уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-

ақ салық төлеушінің  қызметі туралы басқа да  құжаттар мен 

мәліметтерді  зерделеу мен талдау  негізінде   салық  қызметі 

органдары  жүзеге асыратын  бақылау.

 Камералдық  бақылау қателерді  басқару жүйесінің 

 

құрамдас бөлігі  болып табылады.



 Камералдық  бақылаудың мақсаты-салық органдары 

камералдық  бақылау нәтижелері бойынша анықтаған 

бұзушылықтарды  салық органдарына тіркеу есбіне 

қою,салық  есептілігін ұсыну және салық және бюджетке  

Құрыштан құйылған құдірет, қарттарым аман сау жүрші

сілтеуі бәріміздің мақтаныш пен қуаныш сезіміне бөледі. 

Соңғы 5 жылда барлық жетісулықтармен бірге өркендеу, 

өрлеу жолына түсіп, экономикалық, әлеуметтік әлеуетіміз 

өрге басты. Ең бастысы – ынтымақ – бірлігіміз қалыптасты, 

қаймағы бұзылмаған қазақи қалпымыз сақталуда. Елбасы 

Мойнақ ГЭС- інің ашылуына келгенде мен мақтанышпен 

хабарлағынымда: «Білемін, білемін аға, халқымызға, 

үлкен- кіші бәріңізге рахмет, менің ыстық ықылас, зор 

алғысымды жеткізіңіз,» - деп ризашылық білдірді. Яғни, 

шекараның шебінде, еліміздің ең шетінде жатқан біздің 

тағдырымыз Елбасының үнемі назарында екен. Елдің 

осындай ауызбіршілігінің арқасында: біртуар жерлес 

мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығын 

дүркіретіп өткіздік. Атыраулықтар берген бағасы оған 

дәлел. Сол кездегі облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов 

дайындықты ерекше назарда ұстап, Мақатаевтың 

 

мұражайын, өнер мектебін, мәдениет үйін күрделі 



жөндеуден өткізіп, қариялардың тілегін орындады. Талас 

ауылына деиінгі  жолды жасатып берді. Мұқағалидың 

анасы Нағиманның күмбезін жасатып, ас бердік. 

Д.А.Қонаевтың 100 жылдығын айтулы дәрежеде 

өткізіп, ескерткіш бюст қойылды. Димекең «Ей 

Байкен, жер шарын жеті айналсаң да мұндай ел, 

мұндай жерді таппайсың» дегенін қалай ұмытамыз. 

Балалар әдебиетінің классигі Бердібек 

Соқпақбаевтың 90 жылдығын халқымыз ерекше 

атап өтті. Келген қонақтар «Ақын, жазушыларын 

қастерлейтін мұндай елді көргеміз жоқ» деп кетті. 

Айтулы ақын жерлесіміз Еркін Ібітановтың 

 

да 80 жылдығы жоғары дәрежеде өтті. 



Шәлкөденің ел жұрты, айтулы азаматтары, 

қарияларының бастамасымен Қожбанбет бабамызға 

ескерткіш койып ас берілді. Әрине мұның барі айтуға 

оңай, бірақ ел –жұрт  азаматтарымыз біріксе, елдік, 

азаматтық танытса, алмайтын асу, қамал жоқ деген 

бабалар ұлағаты бекер айтылмағанын көрсетеді. 

Кешегі күркіреп күндей өткен соғыстағы жеңістің 70 

жылдығын да аудан халқы лайықты өткізді.  Соғысқа кеткен  

6729 азаматтың есімдері ауыл – ауылдағы  Ескерткіштен 

орын алды. Тіпті елеусіз қалған тыл ардагерлеріне де 

 

Ескерткіш тақта қою өріс алды. Ұзынбұлақ, Жылысай 



бастаған бұл істі Саты, Текес, Қарасаз ауылы жалғастырып 

еді, биыл Кеген, Жалаңаш, Бөлексаз, Тұйық, Сарыбастау 

ауылдары қолдап, қалған ауылдар да қолға алуға бекініп отыр. 

Ауданда «Қайран Ерлер, Қаһарман ардагерлер», « Соғыстың 

соңғы   солдаттары» атты кітаптар жарық көрді. Ақай  ауылының 

жанашыр азаматтары «Ұрпаққа аманат» деп кітап шығарды. 

Қазір соғыс ардагерлерінің 7- еуі, соғыс жесірлерінің 

165-і , тыл ардагерлерінен 613 –і ғана қалды. Бұлардың 

қай –қайсысы да атаусыз, қамқорлықсыз қалған жоқ. 

Кегендегі соғыс ардагері Жаңабаев Тұрсынға аудан 

әкімі Жанат Жолдасбекұлы келіскен үй сатып алып 

берді. Соғыс ардагерлеріне  «ұялы телефон» берілді. 

Соғыс ардагерлері, тыл ардагерлері ақшалай, заттай 

марапатталып, жеңіс медальін омырауларына тақты. 

Аудан әкімі Жанат Жолдаспекұлының қолдауымен 30 

тыл ардагері  «Керім ағаш» шипажайында демалып 

қайтты. Қарттар күнінде 40 ардагерлері аудан орталығына 

шақырылып, дастархан жайылып , сый- сияпат көрсетілді. 

«Асар» акциясына байланысты ҰОС және тыл 

ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға  ауыл жастарынан, 

мектеп оқушыларынан арнайы жасақ құралып, 

үйлерін, аулаларын тазарту, қарын күреу, көгалдандыру

отын, суын дайындап беру т.б қамқорлыққа алынды. 

Мұқағали айтпақшы « Қариялар азайып бара жатыр, 

бірі мініп келместің кемесіне , бірі күтіп әнеки 

жағада тұр» демекші, ардагерлер саны жыл өткен 

сайын азаюда. Бұл - өмір заңы, заманымыз тыныш, 

ұрпағамыз аман болсын. Өмірден озғандардың 

 

топырағы  торқа, жандары жанатта болсын дейік.



 Келесі жылы атақты 1916 жылғы Қарқара- Албан ұлт –азаттық 

көтерілісінің 100 жылдығы, оған дайындық та басталып кетті.

 « Бала өлгенше, шал өлсін» деп опат болған ата –

бабаларымыздың рухын жаңғыртып, оны жоғары 

дәрежеде өткізу – Райымбек жерін басып жүрген 

әрбір адамның азаматтық борышы! Елдігімізді 

тағы да бір әлейім жұртқа көрсетейік, ағайын!

«Құрыштан құйылған құдірет, қарттарым аман сау жүрші» 

демекші қарттар денсаулығына қамқорлық жыл  өткен сайын 

мемлекет тарапынан да,билік басшылары әкімдер тарапынан 

да жақсарып келеді. Ауданда орталық аурухана, 3 ауылдық, 

ауыл –ауылда    фельдшерлік пункттер қарттарға қызмет етеді.

Ауруханалардан «ардагерер бөлмесі» жабдықталған. 

Ардагерлер дәрігерлік байқаудан өткізіліп тұрады. Дегенмен, 

қарттардың дәрігерлік көмекке көңілі толмайды. Әсіресе, 

алыс ауылдардағы зейнеткерлер дәрігерлік қызметке әлі зәру.  

Нарынқол ауылының ардагерлер  ұйымының 

төрағасы Абиыров Медетхан Мәдениет үйі, кітапхана 

ғимаратын облыс әкіміне айтып күрделі жөндеуден 

өткізсе, ауыз су мәселесі облыс әкімі А. Баталовтың 

бақылауында тұр, жыл аяғына дейін шешімін табады.

Кегеннің әжелері мен ақсақалдары 380 балалар 

бақшасын, 225 адамдық емхананы және 

 

О.Жандосов  атындағы мұражайды жасатты. 



Жалаңаш ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы 

 

Сыбанбаев Әріп 20 шақырымдық Торайғыр –



Жалаңаш жолын жай жөндеу мәселесін көтеріп жүр.

Қақпақ ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сүйіндіков 

Нүсіп «Жартоған» су каналын жөндетуге бастамашы 

болып, Көкбелдегі мешітке қаражат жинап берген. 

Жылысай ауылының ақсақалдар алқасының 

төрағасы Таубалдиев Болат ескерткіштерді 

қамқорлыққа алып, 6 көшеге асфальт төсетуге, 

ауызсу қоймасын тазартуға бастамашы болды. 

Ұзынбұлақ ауылының ақсақалдар алқасы Тақабаев 

Марат барлық көшелерді электр жарығымен 

қамтуға, көшеге асфальт төсеуге мұрындық болып, 

мәдениет үйін күрделі жөндеу мәселесін көтеруде. 

Осы азаматтар қазіргі уақытта Абыз Әлмерек бабамызға 

ескерткіш қоюға арнайы қор құрып, бастамашы болып келеді.

Ауыл әкімдері осындай мәселелердің 

бәрінде ақсақалдардың көмегіне сүйенеді.

Ауыл –ауылдағы есеп беру, сайлау жиналыстарын өткізгенде 

ақсақалдар ұйымының « Әжелер алқаларын» сайлауды 

ұсындық, оған жөнді мән берілмеді. Шынында, от басының 

тұнығы, ынтымақ – бірлігі осы әжелерге байланысты емес 

пе? Ене мен келін, абысын -ажын, қыз  балаға қырық үйден 

тыйым осы әжелердің қолында емес пе? Бірде Тоғызбұлақта 

батасын беріп қосқан жас отбасындағы бала мен келін бір 

жыл болмай ажырасамыз деген тоқтамға келеді. Тексеріп 

қараса бәрі екеуінен болады. Ене ескі, келін жаңа, адуынды 

ене келінге отырса опақ, тұрса сопақ, ақырын жүрсе шу аяқ, 

қатты жүрсе қу аяқ жасап, күн көрсетпеген. Оған шыдамаған 

келін төркініне кетпек болған. Ақсақалдар алқасына құда 

– құдағи, төңірегін шақырып, енені сабасына түсірген. 

 

Осындай енелер ауыл – ауылда жоқ па? Осыны әжелер 



өз алқасында қарап, бітістірер еді ғой. Оның қызметін 

ешбір әкім, құқық органдары атқара алмайды емес пе?

 «Мәңгілік Ел » жасаймыз деп жатырмыз. Қазақтын 

әдет - ғұрып, салт – дәстүрінсіз жас ұрпақ қалай мәңгілік 

ел мәдениетін жасай алады. Қазақи дастархан: құрт, 

май, ірімшік жасап, айран, қымыз ашыта алмайтын 

қыз, ат ерттеп міне алмайтын ұл өсіп барады. Қаймағы 

бұзылмаған қазақи ауыл, біздің мектептер, ауыл 

қариялары осы істі қолға біз алмасақ кім алады?

Республикалық ардагерлер ұйымының V съезі « Ата –баба 

дәстүрі ұрпаққа аманат» деп мектептерде сыныптан тыс, 

тәрбие сағаттарын жүргізудің бағдарламасын жасады. 

 

«Әке – тірек, ана –жүрек, бала - тілек» , « Атадан өсиет, 



анадан қасиет», «Қыздың өзі үйде, қылығы түзде» т.б 

қарияларсыз өтпейді. Әр пенденің 

басына келетін тағдыр тауқымет. 

Жер –жердегі бейіттер қоршалып, 

олардың өзі бір ауыл болып барады. 

Қазақтай өлімін қастерлейтін халық 

жоқ шығар. Сондықтан да «Қазақтың 

өлгенінің жаманы жоқ. Тірісінің 

өсектен «аманы жоқ» дейді халық. 

Көп ауылда ақсақалдар жерлеу 

мәселесін түбегейлі шешуге тырысады. 

Мәселен, Кегенде көр қазушыларды 

шығару, қонақасына қазан – ошақ, 

шыны – шәйнегін, палатка, стол, 

орындығына дейін ақсақалдар 

бірігіп, қаржы шығаратын. Соңғы кезде бұл дәстүр 

де сиыр құймышақ болып, сұйылып барады. 

Сөзімді қорытындылай келе бастауыш ардагерлер 

 

ұйымдарының төрағаларына  жұмыс жасау үшін 



жағдай туғызу керек. Оншақты төрағаға  ғана отыратын 

орын берілген, қалғандары үйлерінен шақырылып 

жұмыс істейді. Оларға қызметкер деу үшін міндетті 

жағдай жасау керек қой. Еңбек еленуімен қымбат.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал