Алматы: Жазушы, 1985. Т 399 б. Ахтанов Т. Керуен: Әдебиет туралы ойлар. Алматы: Жазушы, 1969. 339 б



жүктеу 43.96 Kb.

Дата10.06.2017
өлшемі43.96 Kb.

206 

«Автор  аса  шебер  диалогтармен,  қысқа  әсерлі  суреттермен,  қазақ 

халқы үшін үлкен өзгеріс жылдары болған отызыншы жылдардың бірінші 

жартысының  көркем  суретін  жасаған.  Біз  романнан  сол  кездегі 

адамдардың  психологиясын,  мінез-құлқын,  жүріс-тұрысын  да  көреміз. 

Солардың  өздеріне  ғана  тән,  қарапайым  болса  да  ішінде  поэзия  жатқан 

тілдерін  көреміз,  даусын  естиміз.  Автор  әсерлі  детальдармен  қысқа 

эпизодтардағы кейіпкерлер арқылы сол кезеңнің суретін толықтыра түседі. 

Бұл  жағынан  оның  Чехов  шеберлігінен  үйренгенін  байқауға  болады. 

Кейбір  қысқа  көрінетін  кейіпкерлерді  есте  қаларлықтай  дәл  етіп  беруге 

келгенде,  Мұстафин  алғырлықты,  жазушылық  байқампаздықтың  жақсы 

танытады» [3, 79 б.] 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Ахтан Т. Кесек кісі // Егеменді Қазақстан. -1992. – 9 қазан. 

2.  Ахтанов  Т.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы:  Әдеби-сын,  өнер  туралы 

мақалалар. Алматы: Жазушы, 1985. – Т.5. -399 б. 

3.  Ахтанов Т. Керуен: Әдебиет туралы ойлар. –Алматы: Жазушы, 1969. – 339 б. 

 

 



 

УДК 821.512 

 

МӘҢГІЛІККЕ ҰЛАСҚАН ҒҰМЫР 

 

Ғалымжанова З.Т 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты, Арқалық қ. 

 

 

«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан 

Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл 

ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл - кері 

қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»,- деген Елбасымыздың 

сөзінде  үлкен  мән  бар  [1].  Өткен  күн,  өткен  тарих,  жасалған  ізгілікті  іс 

ешқашан  ұмытылмай,  халық  жадынан  өшпей  ғасырдан  ғасырға  жалғаса 

беруі заңдылық. Осындай үлкен құрметке ие тұлғалардың бірі, әрі бірегейі 

– Ы.Алтынсарин.  

1841  жылы  20  қазанда  Қостанай  қаласындағы  Затобол  ауданында 

дүниеге  келген  Ы.Алтынсариннің  есімі  бірнеше  салада  зор  құрметпен 

аталады. Ең алғашқысы, оның халыққа білім беру, ағарту саласына қосқан 

үлесі  болатын.  Қазақ  даласында  тұңғыш  рет  орыс  үлгісіндегі  пәндік  білім 

беретін  мектеп  ашып,  оған  орыс  алфавиті  негізінде  оқулықтар  жазды,  өзі 

сабақ  беріп,  жаңа  талапка  сай  келетін  мұғалімдер  дайындауға  күш  салды. 

Жергілікті  жерлерден  мектеп  ашу  ісіне  бар  ынтасымен  кірісті.  Қазақ 

балаларына  арналған  алғашқы  мектеп  Торғай  қаласында  1864  жылы  



207 

8  қаңтарда  ашылды  да,  Ыбырайдың  өзі  соған  мұғалім  болады.  

1864-1889  жылдар  арасындағы  дейін  жиырма  бес  жылдық  өмірін  қазақ 

балаларына  арнап  мектеп  ашу,  оларды  оқыту,  тәрбиелеу,  оларға  арнап 

оқулықтар,  оқу  құралдары  және  әдістемелік  кітаптар  жазу  жұмысына 

арнайды.  Аталған  жылдар  ішінде  қазақ  қыздары  үшін  мектеп-интернат, 

ауыл  шаруашылық  және  қолөнер  училищелерін  аштырды.  Ағартушы 

ғалым  қазақ  халқының  жарқын  болашағын  тек  оқу-ағарту  ісімен,  білім-

ғылыммен,  сол  білім-ғылымды  ел  ішіне  көптеп  тарата  алатын  мектеппен 

байланыстырған. 

Ол 1879 жылы  «Қазақ  хрестоматиясы» деген атаумен ана тіліміздегі 

тұңғыш  оқулықты  жарыққа  шығарды.  Ұлы  ұстаздың  оқулықты  жазудағы 

мақсаты хрестоматияның алғы сөзінде былайша нақтыланды: «Бұл кітапты 

құрастырғанда  мен,  біріншіден,  осы  біздің  ана  тілімізде  тұңғыш  рет 

шыққалы отырған жалғыз  кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп 

жүрген  қазақ  балаларына  оқу  кітабы  бола  алу  жағын,  сонымен  қабат, 

жалпы  халықтың  оқуына  жарайтын  кітап  бола  алу  жағын  көздедім..». 

Автордың ойлаған мәселесі өз деңгейінде жүзеге асты. 

Ы.Алтынсариннің  ақындық  қабілеті  де  ерекше.  Оның  қаламынан 

туындаған  «Сөз  басы»,  «Өнер-білім  бар  жұрттар»,  «Балғожа  бидің 

баласына жазған хаты», «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері терең мазмұн мен 

ішкі  сезімнің  астасқан  бірлігіндей.  «Сөз  басы»  деп  аталған  өлеңі  қазіргі 

оқулықтарда «Кел, балалар, оқылық» деген атпен танылды.  

«Бір құдайға сыйынып, 

Кел, балалар, оқылық, 

Оқығанды көңілге, 

Ықыласпен тоқылық...», -деп бастаған өлеңі ғасырдан ғасырға тарап 

барып,  туған  халқының  талай  ұрпақтары  үшін  құрна  сөзіндей  қайталап 

айтатын иман лұғатымен бір бас еді [2]. 

Ы.Алтынсарин  халықты оқу-білімге шақыруда әдеби туындылардың 

көп  ықпалы  бар  екенін  түсіне  отырып,  өнер  мен  білімнің  уақыт  көшінде 

жаңғырып,  жаңарып  отыратынын  «Айшылық  алыс  жерлерден,  көзіңді 

ашып-жұмғанша,  жылдам  хабар  алғызды»  деп  әдемі  өрнектейді.  

«Ата-анаңды  өнер  білсең  асырарсың,  надан  боп,  білмей  қалсаң  аһ 

ұрарсың»,-  деген  жолдар  сол  кезде  сауаттандыруға  шақырып,  насихат 

есебінде айтылғанымен бүгінгі таңда да маңыздылығын жойған жоқ. Қайта 

мағыналық көлемі ұлғайып, замана көшінен қалмауға үндеп тұрғандай.  

Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  Алтынсариннің  орны  ерекше.  Проза 

жанрының негізін қалаған, балаларға арнап алғаш рет әңгіме жазған шебер 

жазушы.  Оның  қаламынан  туындаған  «Бай  баласы  мен  жарлы  баласы», 

«Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Надандық», «Лұқпан хакім», «Бір уыс 

мақта», «Асыл шөп», «Мақта қыз бен мысық» әңгімелерінде терең мағына, 

тағылымды  тәрбие  ізі  жатыр.  Перзентіне  жақсы  тәрбие  беруді  көздеген 

әрбір  ата-анаға  ой  саларлық  дүние  деп  айтуға  толық  негіз  бар.  Өмірде 

кездесетін  жақсылық  пен  жамандықты,  ақ  пен  қараны  ажырату  үшін  екі 

жақты  нәрсені  салыстыра  отырып  шынайы  әңгімелеу  жазушының 



208 

таланттылығы  мен  парасаттылығын  көрсетеді.  Қазіргі  кезде  «Мақта  қыз 

бен  мысықты»  сүйіп  оқитын,  тыңдайтын  кішкентай  оқырмандар  қатары 

көбейгені  шындық.  Көркем  шығарманы  оқу  арқылы  олар  мейірімділік, 

қайырымдылық, ізеттілік сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, көңіліне 

тоқиды.  

Сондай-ақ,  Алтынсарин  әңгімелерінің  бір  парасы  еңбексүйгіштікті 

дәріптейді.  «Еңбек  етсең  емерсің»  дегенді  ұғынымды  түрде  жеткізеді. 

«Өрмекші,  құмырсқа,  қарлығаш»  әңгімесінде  ең  кішкентай  жәндіктердің 

де  өмір,  тіршілік  үшін  тыным  таппай  еңбек  етіп  жүретінін  көрсете  келіп, 

оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де 

еңбек  ет,  босқа  жатпа  дейді.  Ал,  «Әке  мен  бала»  шығармасында  теріс 

мінез-құлық, еріншек, жалқаулықтың зияны көрсетіліп, үлкеннің айтқанын 

тыңдау  керектігі,  еңбектің  кішісі  мен  үлкені  болмайтындығы  айтылады. 

Шағын  әңгіменің  оқиғасы  былайша  өрбиді:  «Бір  адам  он  жасар  баласын 

ертіп,  егістен  жаяу  келе  жатады  да,  жолда  қалған  аттың  бір  ескі  тағасын 

көріп,  баласына  айтты:  «Балам,  ана  тағаны  ала  жүр»,  -  деп.  Бала  әкесіне: 

«Сынып  қалған  ескі  тағаны  не  қылайын»,  -  деді.  Әкесі  үндемеді.  

Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар 

екен,  соған  жеткен  соң  әкесі  қайырылып,  тағаны  соларға  3  тиынға  сатты.  

Одан  біраз  өткен  соң,  шие  сатып  отырғандардан  3  тиынға  бірталай  шие 

сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып 

жеп,  баласына  қарамай,  аяңдап  жүре  береді.  Біраз  жер  өткен  соң  әкесінің 

қолынан  бір  шие  жерге  түседі.  Артынан  келе  жатқан  бала  да  тым-ақ 

қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына 

салды.  Біраздан  соң  және  бір  шие,  одан  біраз  өткен  соң  және  бір  шие, 

сонымен,  бала  әрбір  шие  тастаған  жерге  бір  еңкейіп,  шие  теріп  жеді.  

Ең  соңында  әкесі  тоқтап  тұрып,  баласына  шиені  орамалымен  беріп  тұрып 

айтты:  «Көрдің  бе,  бағана  тағаны  жамансынып,  жерден  бір  ғана  іліп 

көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын 

деп,  бір  еңкеюдің  орнына  он  еңкейдің.  Бұдан  былай  есіңде  болсын,  «аз 

жұмысты  қиынсынсаң,  көп  жұмысқа  тап  боларсың,  азға  қанағат  етпесең, 

көптен құр қаларсың», - деді» [3].  

Қазақтың  әдеби  тілі,  оның  қалыптасуы  мен  дамуы,  ана  тілінің 

тазалығы Ы.Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылады. 

Қазақ  ауыз  әдебиетін  зерттеп,  қазақтың  жұмбақтары,  дастандары, 

мақал-мәтелдері  жөнінде  ғылыми  мақалалар  жазды.  «Қобыланды  батыр», 

«Қара  батыр»,  «Жәнібек  батыр»  эпостарынан,  қазақ  халқының  тарихынан 

үзінділерін  баспа  бетіне  жариялады.  Ол  Орыс  географиялық  қоғамы 

Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды. 

Ағартушы-демократ,  ақын,  балалар  әдебиетінің  негізін  қалаған 

жазушы, этнограф Ы.Алтынсариннің есімі зор құрметке лайық.  

Заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.О.Әуезов  Ыбырай  Алтынсарин 

туралы  былай  жазды:  «Ыбырай  орыстың  мәдениет  мектебін  танымаса, 

Ушинский  бастаған  педагогикалық  жаңалықтарды  білмесе,  орыстың 

адамгершіл,  прогрессшіл  классикалық  әдебиетінің  нәрінен  қорек  алмаса, 



209 

Ыбырай  болмас  еді…  Ыбырай  да  сол  бір  бағытта  болумен  қатар,  өмірі, 

еңбек  еткен  ортасы,  әлеуметтік-қоғамдық  қайраты,  әрекеті  жөнінде 

Шоқанға  да,  Абайға  да  ұқсамайды.  Ыбырай  жаңағы  екеуінің  де  ісін  өз 

өмірінде  еңбегіне  түйістіріп,  қоса  білді.  Сөйтіп,  ол  екеуі  де  істеген  тың 

тарихтың  ұзақ  өрісі  бар,  зор  келешегі  бар  істердің  үлгісін  өз  қолымен 

орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық 

жасап,  «бұратана»  елдер  үшін  тың  үлгідегі  мектеп  ашушы.  Қазақтың  ең 

алғашқы  мәдениетті  мектебін  жасаумен  қатар,  жазушылық  пен 

оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы».- десе, көрнекті 

әдебиетші  ғалым  Қ.Жұмалиев:  «ХІХ  ғасырда  қазақ  даласынан  шығып, 

орыс,  Европа  мәдениетіне  қолы  жеткен  оқымысты,  халық  ағартушылар 

дәрежесіне  көтерілген  әрі  педагог,  әрі  ақын-  жазушы  Ыбырай 

Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор» ,- деп баға 

берді [4]. 

А.Құнанбаевтың:  «Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл, 

ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озбақ.  Онан  басқа  нәрсеменен  оздым 

демектің  бәрі  де  ақымақтық»,  –  деген  даналық  ойына  сүйенсек,  аталған 

қасиеттерімен  озық  екенін  өз  кезеңінде  танытып  кеткен  ұлы  ағартушы 

Ы.Алтынсариннің  орны  бөлек,  мұрасы  баға  жетпес  байлығымыз  болып 

табылады.  

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде, педагогикасында ерекше 

қолтаңбасы  қалған  ұлы  ұстаздың  саналы  ғұмыры  ұрпақтан  ұрпаққа  үлгі-

өнеге  болып,  тағылымға  толы  еңбектері  ғасырдан  ғасырға  сол  қалпында 

сақталып жете беретініне сенімім кәміл.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  www. egemen.kz.  

2.  Ысмағұлов Ж. Алтын ғасырдың ақ таңы.Арыс, 2009 

3.  Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы, 2003ж  

4.  Ыбырай Алтынсарин тағлымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал