Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/20
Дата29.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

 
Ӛзін-ӛзі бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Ақша нарығы нені білдіреді? 
2.
 
Ақша  нарығы  қандай  функция  орындайды?  Осы  функцияның  спецификасы 
қандай? 
3.
 
 Ақша  нарығының  негізгі  қаржылық  құрамы  қандай?
Неге    Қазақстанда 
депозиттік  сертификаттыңкӛп  бӛлігі  бағалы  қағаздарға  жатады?  Неге  қаржы 
нарығының  ақша нарығына қатынасы? 
4.
 
Ақша  чегі  мен  есеп  айырысу  чегінің  айырмашылығы  неде?  Қандай  түрлерін 
білесіздер? 
5.
 
Вексель  дегеніміз  не?  Вексельдің  қандай  түрлерін  білесіздер?  Аудармалы 
вексельдің ерекшелігі? 
6.
 
Қазақстан  Республиасындағы  коммерциялық    банктері  вексельмен  қандай 
операция жасайды? 
7.
 
Тӛлем карточкалары дегеніміз не? Тӛле карточкаларының қандай түрлері  болады? 
8.
 
Қазақстанда қаржы нарығының құрылымы қандай? 
9.
 
Қаржы  нарығының  тӛлем  құралдары?  Олардың  ерекшелігі  неде    және  қаржы 
нарығындағы рӛлі қандай? 
10.
 
Тӛлем тапсырмасы, тӛлем талап тапсырмасы, аккредитиві мен есеп айырысу қалай 
жүзеге асады? 
 
Ҧсынылатын әдибиет: №№ 5-7, 27-29 
 
 
 
3 -тақырып. Депозит нарығының қызметтерінің ерекшеліктер 
 
Дәріс  тапсырмасы: 
1.
 
Депозит нарығының мәні және функциялары  
2.
 
Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы  
3.
 
Депозит нарығының құралдары: түсінігі және түрлері 
 
3.1.Депозит нарығының мәні және функциялары  
Кез  келген  нарықтық  экономикада  банктік  жүйе  негізгі  тӛрт  функцияны  жүзеге 
асырады: 
1)
 
жинақ  ұстаушылар  мен  инвесторларлар  арасында  делдал  қызметін  атқарып,  қысқа 
мерзімді  депозиттерді  орта  мерзімдіге,  орта  мерзімді  депозиттерді  ұзақ  мерзімді 
депозиттерге айналдырады; 
2)
 
тартылған  ақша  қаражаттары  негізгі  және  фракциондық  резервтік  жүйе  жағдайында 
несиелік ақшаларды қалыптастырады, сӛйтіп айналыстағы ақша массасын  кӛбейтеді; 
3)
 
банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша ұсынысына әсерін 
тигізеді; 
4)
 
орталық  банкпен  белгіленген  шектеулер  шегінде  қызметін  жүзеге  асыра  отырып,  оған 
ақша – несие саясатын жүргізуге кӛмектеседі. 
Нарықтық  қатынастардың  дамуымен  байланысты  ресурстарды  тарту  құрылымы  да 
кӛптеген  ӛзгерістерге  ұшырап,  банк  жүйесіне  жеке  және  заңды  тұлғалардың  бос 
қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады. 

67
 
 
Қазіргі  банктік  тәжірибеде  салымдардың  және  депозиттік  шоттардың  кӛптеген 
түрлері кездеседі. Бұл банктерді бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтарды 
және  уақытша  бос  қаражаттарды  тартып  осы  банктік  ресурстарға  деген  әр  түрлі  клиенттер 
тобының сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруға ұмтылуымен байланысты. 
Қазақстан  Республикасының  «ҚР  банктер  және  банктік  қызметтер  туралы»  заңында 
депозит анықтамасы келесідей берілген. 
Депозит  дегеніміз  -    бұл  бір  тұлғаны,  депозиторды  екінші  тұлға  –  банкке  (соның 
ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша немесе белгілі бір уақыт ӛткеннен кейін 
толығымен  немесе  бӛлшектеп,  алдын  ала  келісілген  сыйақымен  немесе  сыйақысыз  тікелей 
салымшыға (депозиторға) қайтарылуы тиіс немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға 
берілуі тиіс ақша сомасы. 
Банктік  депозит  –  салымшының,  банкке  алдын  ала  келісілген  сый  ақы  қосылып 
қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары. 
Депозиттік  операциялар  коммерциялық  банк үшін  оның  ресурсын  қалыптастырудың 
ең  негізгі  кӛзі  болып  табылады.  Жеке  тұлғалар,  іскерлік  фирмалар,  акционерлік 
компаниялар,  жеке  кәсіпорындар,  коммерциялық  емес  ұйымдар,  үкіметтік  мекемелер, 
мемлекеттік  кәсіпорындар,  жергілікті  билік  органдарының  қаражаттары  коммерциялық 
банктерге  қызығушылықпен  орналастырады.  Бұл  салымдардың  үлкен  сенімділігін 
қамтамасыз  етеді,  екіншіден  салымшылар  ӛз  салымдарын  кез  келген  уақытта  қайтаруды 
талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс 
әкеледі. 
Банктерге  орналастырылған  уақытша  бос  ақша  қаражаттары  салымшы  үшін  екі  рӛл 
атқарады,  яғни,  бір  жағынан  кіріс  әкелетін  ақша  ретінде,  ал  екінші  жағынан  салымшыға 
табыс әкелетін капитал рӛлін атқарады. 
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады: 
1)
 
банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға; 
2)
 
депозиттік операциялар қызмет етуі керек; 
3)
 
банк  балансының  оперативтік  ӛтімділігін  демеу  мақсатында  икемді  депозиттік  саясат 
жүргізілуі керек; 
4)
 
банк  балансының  ӛтімділігін  жоғары  дәрежеде  демеп  отыратын  мерзімдік  салымдарға 
депозиттік  операциялармен  қарыз  аударылуы  қажет;  депозиттік  операциялармен 
қарыздарды  беру  бойынша  операциядардың  арасында  мерзім  және  сомалары  бойынша 
ӛзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет
5)
 
депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану  
 
3.2.Қазақстандағы депозит нарығының қҧрылымы  
    Жинақ  кассаларының  жалпы  жүйелік  жобасы  1826  жылы  пайда  болды.  Бұл 
мекемелер  алғашында  1775  жылдары  барлық  губернияларда  және  уездік  қалаларда 
қайырымдылықты дамыту үшін құралғын болған. Одан жинақталған қаражатқа ауруханалар, 
мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатан болған.  
    Кейіннен  қаржы  жүйесінің  дамуы  нәтижесінде  1860  жылы  Мемлекеттік  банк 
құрылды,  оның  бӛлімшелер  торабы  Қазақстан  территориясында  да  құрыла  бастады. 
Мемлекеттік  банктің  бірінші  бӛлімшелері  Орал,Петропавловск,  Семей  және  Верный 
қаларында  құрылды,  жинақ,  несиелік-есеп  айырысу  операциялары  жүргізілетін.  Ұсақ 
салымшыларға 
қызмет 
кӛрсетілетін, 
салымдар 
жалпы 
негізде 
алынатын, 
ал 
қаржылардықайтару және ұсақ несие беру орталық касса есебінен жүргізілетін, яғни қаражат 
осының есебінен алынатын болған. 
    Үкімет  тартылған  қаражаттардың  сақталуын  қамтамасыз  етті,  кассалар  салым 
құпиясын  сақтауға  міндеттенді.  Клиенттерге  шот  ашылып,  жинақ  кітапшасы  берілетін 
болды,  сонымен  қатар  ай  сайын  процентер  есептелініп  тұратын.  Егер  шотта  30  жыл 
аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына айлатын болды. 

68
 
 
     Біртіндеп  Қазақстанның  несие  жүйесі    Ресей  империясының  несиелік  жүйесінің 
құрамдас  бӛлігі  болды.  Осы  кезеңде  үш  деңгейлі  несие  жүйесі  болды:  бірінші  деңгей  – 
Мемлекеттік  банк,  екінші  деңгей  –  Банк  секторы,  бұл  кӛбінесе  жинақ  және  коммерциялық 
банктер, үшінші деңгей – мамандандырылған несие институттары. 
     Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды. Жинақ ісі 
– бұл ӛркениеттің дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы экономикалық процесс, кез 
келген дамыған қоғамның ӛміріне қажетті элемент. Жинақ ісі ӛзінің пайда болуынан бастап 
мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын 
банктің  пайдалануы  мемлекеттің  дамуына  және  сол  мезетте  халықтың  тұрмысының 
жақсаруына алып келеді.  
    Қазақстан  территориясында  1898  жылда  84  жинақ  кассалары  болды,  1897  жылдан 
бастап  барлық  уездік  қазынашылықтарда  кӛптеген  банктік  операциялар  енгізілді:  ақша 
айырбастау,  купон  бойынша  проценттер  тӛлеу  және  процентті  қағаздар  бойынша  капитал 
тӛлеу,  жинақ  кассаларының  операциялары,  Мемлекеттік  банк  мекемелерінің  ордерлары 
бойынша  қаражаттарды  қабылдау  және  беру,  жеке  қаражат  сомаларын  аудару,  ағымдағы 
шоттарға мерзімді  және мерзімсіз салымдарды қабылдау, процентті қағаздарды кепілге қоя 
отырып ссуда беру және тағы да басқа қызмет түрлері кӛрсетілетін болды.  
     Жинақ  қызметінің  дамуының  екінші  кезеңі  жиырмасыншы  ғасырдың  екінші 
жартысына  тиеді.  Ақтӛбеде  1923  жылы  жинақ  кассасы  ашылды,  1936  жылы  Алматы 
қаласында  СССР  Жинақ  Банкісінің  филиалы  ашылды.  Осы  жылдардан  бастап  жинақ 
жүйесінің  халықтың  кӛптеген  массасына  арналған  жинақ  жүйесінің  жаңа  тармағы  дами 
бастады.  
    Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан болатын. 1929 жылы 
Қазақстандағы  барлық  жинақ  кассаларының  қызметін  басқарумен  айналысатын 
Республикалық жинақ кассасы құрылды. Салымшылардың кӛп мӛлшерін тарту мақсатында 
жинақ кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, колхоздар мен совхоздарда ашылатын болған.  
    Мемлекеттік  қарыздарды  орналастыру  есебінен  түскен  қаражаттар  1922-1925 
жылдары мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын құрады, ал 1925-1928 жылдары – 6.8 пайызын 
құрады. Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда маңызды рӛл атқарды. 
    Жинақ  қызметін  дамыту  мақсатында  комиссиялар  құрылып,  заңдар,  қаулылар 
қабылдана бастады. 
     Кейіннен  1988  жылы  жүзеге  асқан  банктік  реформа  екі  деңгейлі  банк  жүйесін 
қамтыды: орталық банк – мамандандырылған банктер.  
    Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ,  1990  жылдың  желтоқсанынан  бастап  Қазақстан 
нарықтық  экономика  талаптарына  сай  келетін  банктік  жүйені  қалыптастыруға  кірісті.  1991 
жылдың қаңтарында «Қазақ ССР-ндағы банктер және банктік жүйе туралы » Заң қабылдады. 
     1993  жылы  Жинақ  Банкісі  Қазақстан  Республикасына  тиесілі  «Қазақстан  жинақ 
банкісі» болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылады. 
    Қазіргі  кезеңде  депозиттік  операциялар  екінші  деңгейлі  банктердің  пассивтерінің 
негізі  болып  табылады.  Коммерциялық  банктерге  халық  сенімі  арттып  отыр,  соның 
нәтиежсінде  салымдардың  мӛлшері  де  артуда.  Банктер  депозиттерді  әр  түрлі  шарттармен 
беруде. Бұлар баларға арналған жинақ депозиттері, зейнеткерлерге арналған депозиттер және 
т.б. 
Қазіргі кезеңде халыққа банктік қызмет кӛрсету нарығында тӛрт негізгі жүйеқұраушы 
екінші  деңгейлі  банктерді  қарастыруға  болады.  Олар:  Қазақстанның  Халық  Жинақ  Банкісі, 
Казкоммерцбанк,  Банк  Туран  Алем  және  Банк  ЦентрКредит,  қаражат  тарту  және  басқа  да 
банктік қызмет кӛрсету аясында ӛзара негізгі бәсекеге түсішу банктер де осылар табылады. 
Аталып кеткен банктер стратегиялары бәсекелестердің қаржылық жағдайына, олардың орын 
алатын нарық сегменттеріне және түрлеріне байланысты ажыратылады. 

69
 
 
Егер  жеке  тұлғалардың  депозиттерін  қарастыратын  болсақ,  осы  аталған  банктер 
арасында  алдағы  орынды  Халық  Жинақ  Банкісі  алып  отыр.  Халықтың  теңгелік 
депозиттерінің 70 пайызына жуығы осы банк үлесіне тиеді. 
Жалпы депозиттерге деген сенімсіздік банктердің банкрот болу қаупімен байланысты 
туындап  отыр.  Осы  мәсені  шешуге  бағытталған  салымдарды  сақтандыру  жүйесі  құралып 
отыр.  Жеке  тұлғалардың  депозиттерін  сақтандыру  процесіне  ЖАҚ  «Жеке  тұлғалардың 
салымдарын кепілдендіру   (сақтандыру) қоры» жауапты болып отыр.  
 
3.3.Депозит нарығының қҧралдары: тҥсінігі және тҥрлері 
Банктермен  тартылатын  депозиттердің  кӛлемі  негізінен  негізгі  4  факторға  тәуелді 
балып келеді: 
1) халықтың ақшалай табыстарының кӛлемі; 
2) олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі; 
3) салымдар бойынша нақты пайыз мӛлшерлемесі; 
4) елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық ӛнімдердің дамуы. 
Ақша  қаражаттарын  сақтандыру  шоттарына  аудару  ерікті  сипатта  жүзеге  асады.  Әр 
бір  салымшы  ақша  қаражатын  орналастыру  кезінде  кӛптеген  шарттарды  ескере  отырып 
банкті  ӛз  қалауынша  таңдайды.  Банк  менеджері  депозит  мерзіміне,  мӛлшшеріне,  оған 
есептелетін  пайыз  және  тағы  да  басқа  шарттармен  салымшыны  таныстырып,    толық  және 
ақысыз  кеңес  беруі  тиіс.  Әлемдік  банктік  тәжірибеде  депозиттерді  топтаудың  әр  түрлі 
критерийлері  қалыптасқан.  Солардың  ішінде  ең  кӛп  тарағандары  мыналар:  талап  еткенге 
дейінгі  депозиттер,  мерзімді  және  жинақ  салымдары  деп  ажыратылады.  АҚ  «Қазақстан 
Халық  Банкінде»  жеке  тұлғалардың  салымдары  бойынша  операциялар  жүргізу  тәртібінің 
инструкциясына  сәйкес  салымшы  бір  немесе  бірнеше  салым  түрлері  бойынша  бір  немесе 
бірнеше бар шот ашып жинақ салымын жасай алады. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан 
кері  алу  үшін  жинақ  кітапшаларын  міндетті  түрде  ұсынуы  керек.  Депозиттердің  басқа 
түрлеріне  қарағанда  жоғары  пайыздарды  тӛлеуінің  жинақ  салымдарын  құнтты  демеу  және 
салымшылардың  жинақтарын  банктерде  сақтауды  ынталандыру  үшін  пайдаланылады. 
Халық  пен  коммерциялық  емес  ұйымдар  кәдімгі  жинақ  салымдарын  кеңінен  қолданады. 
АҚШ  –  та  корпорациялар,  фирмалар  және  басқа  да  коммерциялық  ұйымдар  үшін  шоттың 
шекті сомасы 150 мың долларкӛлемінде  белгіленген. 
Халықтың  салымдарын  тарту  мақсатында  жинақтардың  түрлі  формалары 
қолданылады:  ұтысқа,  сыйлыққа,  жастарға  және  т.б.  мақсаттарға.Әдетте  ол  халыққа 
қосымша  қызметтерді  (пошталық,  телеграфтық,  саудалық  және  т.б.)  ұсынулармен  бірге 
жүреді.  Жинақ  шоттарының  тұрақты  мерзімі  болмайды  және  шот  иесінен  ақшаны  кері  алу 
туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді. 
Жинақ  салымдары  мерзімді  салымдардың  маңызды  бӛлігін    құрайды.  Мерзімдік 
салымдардың басқа бір түрі  – мерзімді депозиттік сертификат болып табылады. Ол банкіге 
тұрақты  пайыздық  мӛлшерлемемен  белгілі  бір  мерзімге  банкіге  қаражаттарды  енгізгендігін 
куаландыратын  ақшалай  құжат,  оларды  компанияларға,  фирмаларға  және  ӛте  бай 
иемденушілірге  100  мың  доллардан  кем  ӛмес  сомада  беріліді.  Олар  екінші  ретті  нарықта 
сатылуы  және  басқа  тұлғаға  ӛтуі  мүмкін  –  берілетін  және  салымшының  ӛзінде  қалатын, 
берілмейтін  болады.  Ақшаны  мерзімнің  аяқталуымен,  тек  сертификаттарды  ұсыну  арқылы 
банктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін. 
Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады: 
1)
 
ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды: 
2)
 
салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады: 
3)
 
шотқа  ақша  қаражатын  салу  немесе  алу  кезеңінің  жинақ  кітапшасы  депозитормен 
ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы кӛрініс табады. 
Жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар: 
-
 
мерзімді жинақтаушы салым: 

70
 
 
-
 
қосымша толықтырылатын салым: 
-
 
ағымдағы жинақтаушы салым. 
Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы салымды 
шоттан  алынатын  мерзімі  белгіленеді.  Мерзімді  жинақтаушы  салым  бойынша  тӛленетін 
сыйақы мӛлшері басқа жинақтаушы салмдарымен салыстырғанда жоғары болып келеді. 
Қосымша  толықтырылатын  жинақтаушы  салымы.  Бұл  шотқа  алдын  ала  келісілген 
ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген күнде  беріледі (жаңа 
жылда, мектеп бітірген кезде және тағы басқа). 
Ағымдағы  сақтандыру  салымы  –  негізінен  жалақыны  аудару  үшін  пайдаланылады. 
Бұл шот бойынша ақша қаражаттарының келіп түсуі және аударылуы еркін жүзеге асады. 
Америка  банктерінің  тәжірибесінде  1982  жылы  ақша  нарығының  ДСДР  депозиттік 
шоттары пайда болды және олар резервтік талаптарға жауап берген кезеңінде жинақтаушы 
шоттар категориясына жатқызылатын болды. 
Бұл шоттардың ерекшеліктерін мыналардан байқауға болады: 
1)
 
ақша нарығының басқа инструменттерінің ставкалары ӛзгеруі нәтижесінде шот бойынша 
ставка мӛлшері апта сайын ӛзгеріп отырады; 
2)
 
салым  мерзімі  алдын  ала  келісіледі,  алайда  банктер  клиенттерінің  қаражатты 
алатындығын 7 күн бұрын хабарлауын талап етеді; 
3)
 
салымдар салымдарды сақтандыратын федералды корпорациямен сақтандырылған; 
4)
 
шот иесі үшінші тұлғаларға тӛлемдер жүргізу үшін шот бойынша айына тек 6 аударымды 
жүзеге асыруға құқығы бар. 
 
Ӛзін-ӛзі бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Депозит нарығы нені білдіреді?  
2.
 
Депозит деген не? Қазақстан нарығында қандай депозит түрлері бар?  
3.
 
Жедел депозиттің талап етуіне дейінгі депозиттен қандай айырмашылығы бар?  
4.
 
Жинақ салымдар депозитінің ерекшеліктері қандай?  
5.
 
Қазақстан нарығындағы депозиттің институционалды құрылымы қандай? 
6.
 
Қ.Р. депозитті сақтандыру жүйесі нені білдіреді? Оның механизмі қандай? 
 
Ҧсынылатын әдибиет: №№ 5-7, 27-29 
 
 
 
4- тақырып. Несие нарығы, оның мәні және маңызы 
Дәріс  тапсырмасы: 
1.
 
Несие нарығының мәні және функциялары  
2.
 
Қазақстандағы несие нарығының құрылымы  
3.
 
Несие нарығының құралдары: түсінігі және түрлері  
4.
 
ҚР несие нарығының даму ерекшеліктері 
 
4.1.
 
Несие нарығының мәні және функциялары  
  Несиені  экономикалық  категория  ретінде  қарыз  мәселесі  негізінде    кӛрінетін  және 
дамитын  ӛндірістік  қатынас    арқылы  анықтау  керек.  Қарыз  мәселесі  несиесі  экономикалық 
категория ретінде ӛз бетінше сипатталмайды, оны мәлім негізінде пайда болатын ӛндірістік 
байланыстар немесе жүзеге асыру формасы мәмілесі болып табылатын ӛндірістік қатынастар 
сипаттайды. Несие шаруашылық жүйелердің ауысуына жағдай жасап отырып ӛзі де ауысып 
отырады, ӛз мазмұнын ӛзгертеді. Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі кӛзқараста қарастыруға 
болады:  біріншіден,  оның  техникалық  заңдылық  белгілері  кӛзқарасынан,    екіншіден, 
әлеуметтік  мазмұны,  яғни  осы  келісім  негізінде  ӛсетін  және  дамитын  немесе  ӛнда  ӛз 
кӛрінісін табатын ӛндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұргысынан бұл екеуі 

71
 
 
бір-бірінен  бӛлінгісіз,  олар  ӛзара  байланысты  және  себепші.  Бірақ  экономикалық  талдау 
үшін маңыздысы қарыз мәселесінің экономикалық мазмұны, яғни ӛндірістік қатынастардың 
белгілі  бір  формаларымен    байланысты  шаруашылық  әдістері,  жұмыс  тәсілдері  емес, 
ӛндірістік қатынастардың ӛзі б.т. 
Несие  –  ӛндірістік  қатынастарды  білдіретін  экономикалық  категория.  Несие 
экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап ӛту керек.  
Ол  ӛндірістік  күштердің  тек  белгілі  бір  дамуында  пайда  болады.    Экономикалық 
категориялар  –  жалпы  тарихи  категориялар.  Несиенің  және  несиелік  қатынастардың  пайда 
болуына  табиғи  негіз,  тауар  шаруашылығы  болып  табылады.  Қолдан-қолға  тауарлардың 
қозғалысы  ретінде  тауарлар  айырбасы,  қызметтер  айырбасы  несие  жайындағы  қатынастың 
пайда болуына негіз б.т. Ақша қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің 
де себептері б.т. Несие ұдайы ӛндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен 
келіп шығады. Несие берілген сайын ол шар, субъектілердің ӛндірістік капиталы ақшалай , 
ӛндірістік және тауарлық формада болады. Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық 
қатынастардың  біртұтас  жүйенің  элементі  ретінде  кӛрсететін,  оның  мәнді    анықтығын 
білдіретін сапаларын  тану б.т. Сондықтан несиенің мәні  және қажеттілігі туралы жоғарыда 
айтылғандарға  қосымша  оның  құрылымын  ,  қозғалысының  заңдылықтарын  қарастырайық. 
Несиелік  мәміледе  қатынас  субъектілері  қарыз  беруші  және  алушы  болады.  Кредитор  мен 
қарыз алушының қалыптасуы тауар ӛндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.  
Кәсіпорындарды,  фирмаларды,  мекемелер  мен  тұрғындарды  несиемен  қамтамасыз 
етуді  ұйымдастыру,  несие  жүйесінің  қызмет  етуі  шаруашылық  құрылымдардың  дамуында 
ерекше маңызды орын алады. Несие механизмі қызмет етуінің үздіксіздігі мен тиімділігінен 
тек  жеке  шаруашылық  бірліктерінен  қароажатарды  дер  кезінде  алуды  ғана  екмес,  сонымен 
қатар  толығы мен мемлекеттің экономикалық дмму типтері де тәуелді болады.  Ең алдымен, 
ӛнім  ӛткізумен  ӛндіріс  процесінің  үздіксіздігін  қамтамасыз  етуде  несиенің  ролі  зор. 
Кәсіпорындар,  ұйымдар  және  басқа  да  шар  жүргізуші  объектілердің  несиеге  деген 
қажеттілігі  ӛнім  ӛткізуден  түскен  қаражаттардың  түсу  уақытының  материалдық 
құндылықтарыды  сатып  алу,  еңбекқақы  тӛлеу  мен  қызмет  кӛрсетуге  тӛлем  жасауға  кеткен 
шығындарды  ӛтеу  уақыты  арасы  сәйкес  келмегендігінен  туады.  Бұл  шығындарсыз  ӛндіріс 
тоқтап  қалуы  мүмкін.  Мұндай  қаражаттың  бар  болуы  мен  олардың  тұтыну  арасындағы 
уақытша  қарама-қайшылық  несие  кӛмегімен  шешіледі,  яғни  несие  арқылы  ӛнім  ӛткізу  мен 
ӛндіріс процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. 
Қаражаттарда  уақытша  қажеттілік  маусымдық  ӛндіріс  пен  ӛнімнің  жеке  түрлерін 
тұтынумен  байланысты  пайда  болуы  мүмкін.  Ӛндірістік  шығындарда  маусымдық  үзіліс 
ӛндірісінің  кеңеюіне  несие  үлкен  роль  ойнайды.  Несие  негізгі  қорларды  сатып  алу  үшін 
(қаражат  қӛзі  ретінде),  жетілген  жаңа  жабдықтарды  сатып  алу  үшін,  ӛндіріске  жаңа 
технологияны  енгізу  үшін,  тағы  да  басқалары  үшін  қаражат  кӛзі  ретінде  кӛрініс  табады. 
Белгілі  бір  бағытта  несиені  қолдану  бӛтжеттік  қаржыландырумен  салыстырғанда  біраз 
артықшылығы  бар.  Капиталды  салымдар  үшін  қаражаттарда  қажеттілікті  анықтау  үшін 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  барынша  кӛп  қаражаттарды  алуға  және  оларды 
бақылаусыз тиімсіз жұмсауға ұмтылады, себебі оларды қайтаруды ешкім талап етпейді. Ал, 
несиені  пайдаланғанда  ұтылыс  болмайды,  ӛйткені  қарызға  алынған  қаражаттар  пайызбен 
қайтарылатындықтан.  
Ақша  айналымы  сферасында  несие  маңызды  роль  атқарады.  Қолма-қол  ақшаны 
несиелік  операцияларымен  ауыстыру  функциясын  орындай  отырып,  несие  айналымдығы 
ақша  айналымын  ұйымдастыруда  оң  әсерін  тигізеді.    Нарық  қатынасы  қалыптасуының 
қазіргі жағдайында несиелік қатынастар сферасы, кеңеюінде және несие салымдары кӛлемі 
ұлғайып  жатыр,  осылай  экономикалық  дамунда  несиенің  ролі  жоғарлайды.  Нарықтық 
экономиканың дамуымен несиелік қатынастарды кеңейту үшін басқа да мүмкіндіктер пайда 
болады.  Кӛбінесе  коммерциялық  және  ипотекалық    несиелер,  вексельдер.  Сонымен  қатар 
акциялар мен басқа да құнды қағазды кепілге беру арқылы несие берілетін болады. 

72
 
 
Инфляция  кезінде  де  несие  ролі  зор  болады.  Себебі  несиелеу  арқылы  айналымдағы 
ақша  массасын  реттеуге  мүмкіндік  туады  және  ақша  бірлігін  сатып  алу  мүмкіндігін 
тұрақтауға кӛмектеседі. Сонымен қатар несиелік қатынастардың кеңеюіне несиелеудің жаңа 
әдістерін, мысалы проектті қаржыландыру сияқты, қолдану оң әсерін тигізеді. Осының бәрі 
экономиканы  басқарудың  нарықтық  әдістері  кезінде  несиенің  қажеттілігі  күшейеді,  оның 
ролі  жоғарлайды  және  ӛндірістік  кеңеюіне  әкеледі.  Несиенің  мәні  нақты  функцияларында 
кӛрінеді.  Қазіргі  экономикалық  әдебиеттерде  несиенің  2  функциясын  ажыратады.  Олар 
құнды қайта бӛлу мен нақты ақшаны несиелік операцияларымен алмастыру. 
Қайта бӛлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындағы несиелік қатынастар құн 
айырбасы  процесінде  уақытша  босаған  қаражатты  борышқорға  берумен,  сосын  осы  құн 
бастапқы  иесіне  қайтарылу  жолымен  қайта  бӛлу  стадиясында  пайда  болады.  Шаруашылық 
субъектілері мен азаматтардң уақытша босаған ресурстарын басқаларға  уақытша қолдануға 
беру,  құнды  қайта  бӛлу  процесін  білдіреді.  Несие  арқылы  құндықайта  бӛлу  микро  және 
макроэкономикалық  деңгейде  жалпы  ішкі  ӛнім  мен  ұлттық  табыс  қайта  бӛлінеді.  Несиенің 
екінші функциясы нақты ақшаларды несиелік операциялармен алмастыру болып табылады. 
Біздің кӛзқарасымыз бойынша несие келесі қосымша 2 функция атқарады:  капиталды 
орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату және бақылау.  
Капиталды  орталықтандыру  мен    шоғырлануын  жылдамдату  функциясы.  Несиелік 
механизм қосымша құнның капиталға айналу процесіне ықпал тигізеді және жеке жинақтау 
шекарасын кеңейтеді. Ӛндіріс масштабының үлкеюі үшін жеке шаруашылық субъектілерінің 
қаражаттары  жеткіліксіз,  сондықтан  қосымша  құнның  бӛліктері  ағылып  несиелік 
мекемелерде  жинақталады  және  мәнді  кӛлемге  жетткеннен  кейін  ұдайы  ӛндірісті  кеңейту 
процесіне белсенді әсер етеді.  
Несие  капиталының  орталықтандыру  маңызды  роль  атқарады.  Ол  жеке 
кәсіпорындардың мешіктің ұжымдық формасына айналуына ықпал тигізеді.  
 Бақылау  функциясы.  Оның  мазмұны  ӛзіне  алған  міндетті  уақытында  орындалуды 
болдырмауға  бағытталған  борышқордың  қаржылық  жағдайын  бақылауға  сәйкестендіріледі. 
Сондықтан  несиелік  процесс  уақытында  несиелеудің  барлық  принциптерінің  сақталуы 
бақыланады.  Сол  арқылы  креторлға  қарызды  беру  туралы  және  несиелеудің  тәртібін 
қатаңдату  туралы  немесе  қарызды  уақытынан  бұрын  қайтаруды  талап  ету  туралы  шешімді 
қабылдай алады.  
Мемлекет жоғарыда айтылған несиенің  функцияларын қолдана отырып банк жүйесі 
арқылы  бар  ресурстарды  үнемді  қолдануға  жетуге,  шаруашылығы  салаларын  дамытуға, 
солай  барлық  қоғамдық  ӛндірістің  тиімділігін  жоғарлата  алады.  Несие  экономикалық 
категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объкетілерге тән тұрақты, 
қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Экономикалық әдебиеттерде несиенің негізгі 
2  формасы  қарастырылады:  коммерциялық  және  банктік.  Сонымен  қатар  кӛптеген 
жарияланымдарды несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, фирмалық және 
т.б жақызады.  

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал