Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/20
Дата29.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

 
2.1.Ақша нарығының тҥсінігі және функциясы  
  Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  қаржылық  қызметінде,  яғни  олардың 
ағымдағы  ӛтімділігін  қамтамасыз  етуде  тауарлар  мен  қызметтерді  сатушылар  мен  сатып 
алушыларға ақшалай қаражатты бӛлу  және қайта бӛлу  механизмін қамтамасыз ететін ақша 
нарығының  қаржылық  құралдары  маңызды  рӛл  ойнайды.  Кез  келген  қаржы  құралының 
негізін ақша құрайтыны белгілі. 
  Эволюция  процесінде  олар  ұдайы  ӛзгеріп  отырады  әрі  олардың  бүгінгі  күнгі 
жағдайын  толық  аяқталған  кезеңіне  жатқызуға  болмайды.  Белгілі  бір  сатыда  құнның 
эквиваленттік  формасы  пайда  болды:  ар  жиынтығынан  бір  тауар  жеке  бӛлініп  алынады, 
осының  нәтижесінде  қалғант  басқа  тауарлар  ӛзгереді.  Эквивалент  –  тауарларға  қойылатын 
талап әзірленді: 
-
 
бӛлінушілік; 
-
 
ықшамдылық; 
-
 
біртектілік. 
Жалпы  эквивалент  осы  аталған  ерекшеліктерге  ие  болғандықтан  эквивалент 
тауарлардан  жеке  бӛлінеді.  Одан  ары  дамыту  процесінде  металдан  тауарлардың  жалпыға 
ортақ эквиваленті ретінде ақша бӛлініп алынады, қйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиді. 
  Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінкен бӛлініп, ең алдымен оның ӛзі 
бір  мезгілде  жай  және  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  тауар-ақша  болды.  Одан  арғы  тарихында 
ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға кӛшеді. 
Осы заманғы кезеңде борыштық міндеттемелер туралы тиісті жазуы бар банк ақшалары 
пайда болады. Оның пайда болуына тауар алмасу процесін жүзеге асыруға қажетті тауарлық 
қатынастардың тұрмыс тіршілікте кеңінен қолданылуы себеп болды.  
  Тауар-ақша қатынасын сызба бойынша кӛрсетуге болады:  
 
                               ӛндіріс құралы 
 
Т – Д –                                                                ӛндіріс – Т’ – Д’ 
                                    
                                жұмыс күші 
 

60
 
 
  Осы  тауар  айналымын  бұлайша  бӛлуге  ақшалай  қатынастардың  дамуы,  жинақтау 
құралы  және  тӛлем  құралы  ретіндегі  ақша  функцияларының  пайда  болуы  себепкер  болды. 
Ақшалай  қатынастардың  пайда  болуы  мен  дамуы  тікелей  баспа-бас  операцияларын  жүзеге 
асырудың мүмкіндіктерін бірден тӛмендетіп тастады. Ақшаға деген қажеттілік нақты тауар 
ретінде болатын еңбектің екі жақтылық сипатындағы қайшылықты жою үшін туындайды. Ол 
тек бір ғана жолмен – жалпыға ортақ эквиваленттегі тауарлардан ақшаны жеке бӛліп алумен 
шешіледі. 
  Ақша бастапқыда әр түрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларында болды. 
Содан  кейін  оларды  алтын,  күміс  және  бақыр  тиындар  алмастырды.  Ал,  тиын  формасын 
несие деп аталатын ақша алмастырады. 
  Несиелік  ақшаның  ең  алғашқы  тарихи  түрі  –  вексель.  Ол  иесіне  (беруші  жақ)  қарыз 
алушылардан  белгіленген  мерзім  ішінде  осы  аты  аталған  ақшалай  соманы  тӛлеуін  талап 
етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ, басқа тұлғаға 
да  берілуі  мүмкін.  Ол  осылайша  белгілі  бір  ақша  түрінде  болады,  алайда  мұнда  жалпыға 
ортақ эквивалент рӛлін атқармайды.  
  ХIV  ғасырдың  соңында  алтын  монометаллизм  жағдайында  банкир  векселі  ретінде 
болатын  несие  ақшасының  әр  түрлілігі  ретінде  банкнот  пайда  болды.  Банкнот  эмиссиясын 
бастапқыда  кез-келген  банк  жүзеге  асыратын,  алайда  эмитент  рӛлін  мемлекет  ӛз  мойнына 
алды.  
   ХVI-  ХVII  ғасырларда  қолма-қолсыз  ақша  есеп  айырысу  қолданысқа  ене  бастады. 
Сонымен бірге, несие ақшасының жаңа формасы – белгілі бір ақша сомасын чек иесіне тӛлеу 
немесе оның атына аудару турасындағы банк шоты иесінің жазбаша бұйрығын білдіретін чек 
пайда болды. 
  Бүгінгі  таңда  тәжірибеде  таурлар  алтынмен  емес,  қағаз-несие  ақшасымен  дарытады, 
ал  алтынмен  арадағы  байланысының  үзілуіне  оларды  қымбат  металдармен  еркін 
айырбастаудың  тоқтауы  себеп  болды.  Ендігі  жерде  несие-қағаз  ақша  жалпыға  эквивалент 
ретінле алға шығып, алтынның рӛлін атқарады. Ақша ретінде құн белгілерін пайдалану оған 
бірқатар  тауарлық  сипаттарды  дарытады:  олар  сатылады  және  сатып  алынады,  тауарларға 
айырбасталады. Алайда ақшаның тауарға тән ең басты ерекшелігі жоқ – оның ӛзіндік құны 
болмайды. Осылайша, ол (ақша) құн ӛлшемі рӛлін атқарады. 
  Салыстырмалы  түрде  ақшаның  жаңа  фомасына  девиз  (французша  devises)  – 
халықаралық  есеп  айырысуда  қолданылатын  шетелдік  валютадағы  тӛлем  құралы  болып 
табылады.  Бастапқыда  ол  экспорттаушы  импорттаушының  атына  жазып  беретін 
коммерциялық  аудармалы  вексельдер  (тратт)  түрінде  болды.  Ол  алтын  девиз  стандарты 
кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің 
корреспонденттік  байланысының  және  әлемдік  сауданың  ұлғаюына  орай  девиз  банк  тӛлем 
құралының  формасына  енеді:  вексель,  чек,  аккредитив,  телеграфтық  аудару,  сондай-ақ 
мемлекетаралық  ӛзара  қысқа  мерзімді  несиелер  («своп»).  Девиздер  халықаралық  тӛлем 
айналымында  банкнот  және  шетелдік  бағалы  қағаздар  түрінде  болады.  Елдердің 
валюталарында  тұлғалануы  арқылы  халықаралық  сауда  мен  тӛлем  айналымында  негізгі 
рӛлді  де  ойнайды.  Соңғысы  ретінде  орталық  банктердің,  қазынашылық  және  үкіметтік 
органдардың ӛтемдік ресурстардың құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде 
тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады. 
  Белгілі болғандай, ақша мынадай функцияларды орындайды: 
-
 
құн ӛлшемін;  
-
 
айналым құралын; 
-
 
тӛлем құралын; 
-
 
жинақтау құралын; 
-
 
әлемдік ақша. 
Ол  құн  ӛлшемі  ретінде  мінсіз  болып  табылатындықтан  тауар  құнын  бағалауға 
мүмкіндік береді. Ақшаның осы фунцияларындағы майда (ұсақ) еместері есеп айырысу үшін 

61
 
 
пайдаланылады,  яғни  бұл  арада  саны  арқылы  жоспарланған  тауардың  құнын  бағалауға 
болатын  ақша  турасында  айтылып  отыр.құн  ӛлшемі  ретіндегі  ақша  функциясы 
макроэкономика  шеңберінде  кәсіпорындардағы  НД,  ЖҰӚ  есеп  айырысуларында  белсенді 
түрде  қолданылады.  Ол  бизнес-жоспардың  негізгі  кӛрсеткіштерін  бағалауға  мүмкіндік 
береді.  
2.2.Экономикадағы ақша нарығының ролі. 
Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы 
ӛзара  қарым–қатынасты  тікелей  орнататын  (опосредствует)  нақты  ақшаның  рӛлін 
орындайды.  Бұл  функциялардағы  ақша  осы  заманғы  нарықтық  қатынастарды 
қалыптастырады әрі тікелей айырбас құны ретінде алңа шығады. 
Ақшалай  қатынастың  дамуы  тауарды  сату  процесінде  оған  тӛленетін  сәттің  пайда 
болуына  әкеп  соқты.  Бұл  жағдайда  жаңа  ақшалар  –  тӛлем  немесе  есеп  айырысу 
міндеттемелері  (вексель,  несие,  ақша  жіне  т.б.)  пайда  болады.  Тауарды  алу  сәтінде  сатып 
алышы  сатушыға  тиісті  сома  қашан  және  қай  жерде  берілгені  (табыс  етілгені)  кӛрсетілетін 
ақшалай  міндеттемелерді  береді  (табыс  етеді)  кӛрсетілетін  ақшалай міндеттемелерді  береді 
(табыс етеді). Бұл арада ақша тӛлем құралы фунциясын орындайды. 
Қорлану  құралы  ретіндегі  ақша  функциясы  тарихи  тұрғыдан  алғашқы  пайда 
болғандардаң  біріне  жатса  да  ол  тӛлем  құралы  ретіндегі  ақша  пайда  болғаннан  кейін  ғана 
даму  жолына  түсті.  Уақытша  бос  ақша  қаражаты  жинақ  ақшаға  айналды,  содан  кейін 
қорлану  ретінде  түрленеді  (трансформацияланады).  Мұның  соңғысы  (қорланған  ақша)  ӛз 
кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі кӛздері болып 
табылады. 
Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді. Алғашқы 
кезде,  ол  алтын  түрінде  қолданылады.  Қазіргі  заман  жағдайында  әлемдік  ақша  ретінде 
бітқатар  мемлекеттердің  тұрақты  валюталары  немесе  әлемдік  несие  ақшалар  алға  шыға 
алады.  Бұл  сапада  олар  жоғарыда  аталған  барлық  тӛрт  функцияны  атқара  береді,  яғни 
ақшаның осы функциясы біріктіруші ретінде болады.  
Бүгінгі  таңда  ұлттық,  ішкі  мемлекеттік  айналымдардың  және  мемлекеттік  ақшалай 
ағындар  ауысуларының  арасындағы  айырмашылық  жойылып  келеді.  Жоғарыда  аталған 
барлық  ақша  функциялары  елдердің  экономикалық  ынтымақтастығында  толықтай 
қолданылып жүр. 
Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын анықтауға болады: 
1)
 
тӛлем  функциясы  –  операцияларды  жүзеге  асыру  прцесінде  оған  қатысушылардың 
арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық; 
2)
 
коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен 
рәсімделетін  тӛлемнің  мерзімін  ұзарту,  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің 
коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді; 
3)
 
есеп алу функциясы және т.б. 
     Қаржы  нарығына  қатысушылардың  арасындағы  ақша  айналымы  процесінде 
мыналардың: 
1)
 
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ондағы жұмыспен қамтылған халықтың
2)
 
кәсіпорын мен салалар ішіндегі бӛлімшелердің ; 
3)
 
жабдықтаушылар мен тӛлеушілердің; 
4)
 
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің; 
5)
 
мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс қорлардың; 
6)
 
несие жүйесі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің; 
7)
 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  және  биржаның,  сақтандыру  ұйымдарының, 
мүліктік  қорлардың  және  қаржы-несие  жүйесінің  басқа  да  құралдарының  немесе 
буындарының субъектілердің 

62
 
 
8)
 
халық  пен  мемлекеттің,  сондай-ақ  қоғамдық  ұйымдар  мен  қаржы  инфрақұрылымы 
құралдарының  арасында  ақша  қатынастары,  деп  аталатын  жүйені  құрайтын 
қаражатты қайта бӛлу бойынша белгілі бір қатынас пайда болады. 
Бұлардың  барлығы  капиталдың  қалыптасуын,  олардың  бӛлінуін,  экономикалық  және 
әлеуметтік  дамудың  тиімділігін  пайдалануды  әрі  бағалауды  қоса  қамтитын,  қорларға  ақша 
ресурстарының ауысу процесін бейнелейді. 
 
2.3.Қазақстандағы ақша нарығының қҧрылымы 
Ақша  нарығының  қолда  бар  құралдарына  қарай  әрі  қазақстандық  қаржы  нарығының 
ерекшеліктерін ескере отырып, оның мынадай сегменттерін бӛліп кӛрсетуге: 
1.
 
Қолма-қол ақша нарығы                                                      
2.
 
Тӛлем (банкнот) нарығы                          
3.
 
Вексельдер мен   борыштық қолхаттар   нарығы 
4.
 
Банк акцепттер  нарығы 
5.
 
Чектер нарығы      
Қазақстан  Республикасы  аумағында  ақша  нарығының  қаржылық  құралдарымен 
мынадай операциялар айналымда қолданылады: 
-
 
қолма-қол ақша (банкнот) табыстау; 
-
 
чек беру; 
-
 
вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау
-
 
тӛлем карточкасын пайдалану; 
-
 
борыштық қолхаттардың айналымы. 
  Ең  алдымен  айналысы  түпкі  қорытындысында  нарықтағы  тауардың  айналымын 
жүзеге  асыратын  қолма-қол  ақша  қаражатының  нарығы  туралы  айта  кету  керек.  Ол 
кӛрсетілген  қызметтің  тӛлемақысы  ретінде  алға  шығады.  Бүгінгі  таңда  қолма-қол  ақша 
айналысы шектелсе де Қазақстан халқы тауарлар мен қызметтің тӛлемақыларын тӛлеу үшін 
(негізгі тағам ӛнімдерін сатып алғанда, слесардың, сантехниктің және т.б. қызмет-ақыларын 
тӛлегенде), сондай-ақ айырбастау пунктерінде валюта айырбастағанда, қарыз бергенде және 
т.б. қолма-қол қаражатты пайдаланады. 
 
2.4. Ақша нарығының қҧралдары 
Бүгінгі  таңда  ақша  қаражаттарының  негізгі  айналымында  қолма  –  қол  ақша 
айналымының кӛп бӛлігін алмастырған қолма – қолсыз ақша айналымы орын алып отыр. Ол 
ӛзкезегінде  қызмет  кӛрсеткені  үшін  тӛлем  ӛндіріп  алатын  коммерциялық  банктер  арқылы 
жүзеге асырады. Міне, осы жерден қолма – қолсыз ақша есеп айырысу нарығы пайда болмақ. 
Бұл арадағы ақша айналымы мыналар: 
-
 
тӛлем тапсырмасы 
-
 
тӛлем талап тапсырмасы 
-
 
акккредитивтер 
-
 
ҚР  –  сы  заң  актілерімен  белгіленген  басқалары  да  тӛлем  құжаттары  арқылы  жүзеге 
асырылады: 
-
 
ақша  міндеттемесін немесе ақша тӛлемі туралы нұсқауды қамтитын тӛлем құжатын 
беру немесе ұсыну 
-
 
ақша  тӛлемі  туралы  нұсқауды  қамтитын  тӛлем  құжатын  немесе  электрондық 
хабарлануды табыстау 
Олар клиенттің банктегі шотын пайдалану арқылы және оларды пайдаланбайақ ҚР- сы 
заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
Тӛлем  тапсырысымен  есеп  айырысу  шаруашылық  жүргізуші  субъектілендің 
арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асырулардың ең қарапайым тәсілі  болып табылады.  
Бұл  құжат  шаруашылық  жүргізуші    субъектінің  белгілі  бір  соманы  ӛзінің  шотына  басқа 
субъектінің шотына аудару туралы тапсырмасын білдіреді. Ол жазылған күнінен бастап 10 

63
 
 
күн  жарамды  болып  табылады.  Мұнда  оның  жазылған  күні  есепке  алынбайды,  яғни  есеп 
айырысуға  қабылданбайды.  Егер  банк  шот  иесі  басқа  нәрселерді  кірістірмесе,  онда  тӛлем 
шотта  қаражат  болғанда  ғана  орындауға  тӛлеушіден  қабылданады.  Тӛлем  тапсырмалары 
мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін. 
Мерзімді тӛлем мына нұсқаларда орындалады: 
-
 
аванстық тӛлем, яғни тауарды жӛнелткенге дейінгі тӛлем; 
-
 
тауарды  жӛнелткеннен  кейінгі  тӛлем,  яғни  тауарлардың  тура  акцепті  жолымен 
болатын тӛлем; 
-
 
ірі мәмілелердегі біртіндеп тӛленетін тӛлем.  
 
2.5. Қолма қол және қолма қолсыз қаржы пайдалану арқылы тӛлемдер 
Қолма-қол ақшамен тӛлеу заңды тӛлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын 
түрінде  жүзеге  асырылады.  Тӛлемнің  бұл  түрінде  тӛлеуші  басқа  бір  тұлғаның  алдында  ӛз 
міндеттемесін орындау үшін банкнотты немесе тиынды арқылы орындай алады. 
  Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға 
ӛз  шотынан  белгілі  бір  соманы  банктің  тӛлеуін  бұйыратын  тӛлеушінің  жазбаша  ӛкімінің 
кӛмегімен жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибеде ақшалай және есеп айырысу чектері бӛліп 
кӛрсетіледі. 
  Ақшалай  чек  қолма-қол  ақшасын  банкте  ұстаушының  тӛлемдері  үшін,  мысалы, 
еңбекақы, шаруашылық қажеттіліктері, іс-сапар шығыстары және т.б. қолданылады. 
Есеп  айырысу  чегі  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысуда  қолданылады.  Бұл  –  нақты 
тұлғаға  немесе  чекті  кӛрсеткенге  (чекті  ұстаушыға)  онда  (чекте)  кӛрсетілген  белгілі  бір 
соманы  банктің  тӛлеуін  әмір  ететін  ағымдағы  шот  иесінің  (чек  берушінің)  сӛзсіз  жазбаша 
бұйрығын қамтитын құжат. Есеп айырысу чектері ӛтелген немесе ӛтелмеген болуы мүмкін.  
Атаулы  чек  (нақты  тұлғаның  атына  жазылған),  ұсынбалы  чек  (ұсынушының  атына 
жазылатын)  және  ордерлі  чек  болады.  Ордерлі  чек  белгілі  бір  тұлғаның  пайдасына  немесе 
оның  бұйрығы  бойынша  жазылады,  яғни  чек  беруші  оны  жаңа  иесіне  индоссаменттің 
кқмегімен беруі ықтимал. Оның үстіне, чек кроссталған – бет жағына екі параллель сызықтар 
жүргізілген  болуы  мүмкін.  Кроссталу  ӛз  кезегінде  жалпы  және  арнайы  болуы  ықтимал. 
Бірінші жағдайда (сызықтардың арасында  «банктің» белгісі болмайды) оны тӛлеуші банкке 
немесе  ӛзінің  клиентіне  тӛлейді.  Мұндай  чекті  ұстаушы  тұлға  оны  сызықтардың  арасында 
атауы кӛрсетілген банкке ғана ұсынады. 
Чек  айналымының  басқа  да  артықшылықтары  бар:  чек  басқа  тӛлем  құралдарының, 
оның  ішінде  пластикалық  карталардың  және  валютаның  кӛмегімен  есеп  айырысу  мүмкін 
болмаған барлық жағдайларда есеп айырысуға мүмкіндік береді. 
Экономиканы  ақша-несие  тұрғысынан  реттеуде  вексельдер  сатылатын  және  сатып 
алынатын  нарықтың  рӛлі  ерекше.  Оның  маңызы  –  экономикада  ақша  ағымын  бірқалыпты 
етуінде  жатыр.  Вексельді  коммерциялық  деп  аталатын  несие  рәсімдейді.  Сату-сатып  алу 
объектісі болып табылатын олар тӛлем мерзімін ұзартуды қамтамасыз ете отырып, нарықта 
айналысқа түседі. 
Вексельдік  операциялар  банк  несиесі  қызметінің  ең  маңызды  әрі  келешегі  зор 
бағыттарының бірі болып табылады. Вексель нарығының міндеті – негізінен қысқа мерзімді 
ақша  қаражаттарды  қайта  бӛлу,  ал  оның  объектісіне  коммерциялық  және  қаржылық 
вексельдер  жатады.  Бірыңғай  ақша  нарығының  бӛлігі  болып  табылатын  оның  екі  деңгейі 
болады. Оның алғашқы резидентіне несие мекемелері мен оның клиенттері жатады, ал оның 
негізін  есептік,  комиссиялық,  ломбардтық  операциялар  және  банктің,  басқа  да  несие 
институттарының  операциялары  немесе  жеке  дисконтерлердің  вексельдерінен  болатын 
операциялар  құрайды.  Екінші  субъектіге  несие  мекемелері:  бір  жағынан  –  Ұлттық  банк, 
екінші  жағынан  –  екінші  деңгейлі  банктер, оның ішінде коммерциялық  банктер кіреді. Бұл 
деңгейдегі  нарық  операцияларының  басым  бӛлігін  бірінші  сыныпты  вексельдерді  қайта 
есептеу мен қайта кепілге салу құрайды. Банк жүйесінде мамандандыруды дамыту, есептік 

64
 
 
операциялардың 
тәуекелділігін 
орталықсыздандырып 
қайта 
бӛлу 
қажеттілігі 
институционалдық  құрылымы  тек  банк  мекемелерінен  ғана  тұратын  әрі  арнайы  несие  
институттарының есеп үйлерінің, есептік банктердің және басқа да мекемелердің тӛңірегінде 
топтасатын аралық деңгейдің нарықта пайда болуын ұйғарады. 
   Вексельдік  айналым  әртүрлі  салаларды  қамтуы  мүмкін.  Біріншіден,  банк  ссудасын 
(вексель  –  солосын)  беру  барысындағы  банк  пен  клиенттің  арасындағы  қатынасты; 
екіншіден, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қатынасты; үшіншіден, банктің араласуынсыз 
(делдалынсыз) жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қатынасты. 
  Біздің  елімізде  вексель  бағалы  қағаздарға  жатпайды,  ол  ҚР  «Қазақстан 
Республикасындағы  вексель  айналысы  туралы»  заңына  сәйкес  тӛлем  құралы  мен  несиелеу 
құралы болып табылады. Вексель – бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір 
орында және белгілі бір мерзімде тӛлеуді сӛзсіз міндеттеме. Бұл ешқандай жағдайға тәуелді 
болып қалмайтын дерексіз қарыз міндеттемесі.    
  Вексельге тән белгілер:  
-
 
ақшалай міндеттеменің сӛзсіз сипаты, яғни вексель беруші белгілі бір соманы тӛлеуді ӛз 
мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға вексельдік соманы тӛлеу туралы бұйрық 
қандай да бір шартпен шектеліп қалмайды; 
-
 
міндеттеменің  дерексіз  сипаты,  яғни  вексельдің  мәтініде  ол  қандай мәміленің  негізінде 
берілгеніне сілтеме жасалмайды; 
-
 
осы  құжатты  толтырудың  қатаң  формалданған  рәсімі,  яғни  форма  барлық  қажетті 
реквизиттерді қамтуы керек, ӛйткені қажетті реквизиттердің біреуі болмай қалса, вексель 
түкке жарамсыз болып қалады; 
-
 
есеп  айырысудың  ақшалай  формасы,  яғни  міндеттеменің  тек  ақша  қаражаты  болуы 
мүмкін.  
Вексельдер екі негізгі түрге бӛлінеді: жай вексель және аударылатын вексель.   
Жай  вексель  (соло)  –  несие  берушіге  (вексель  ұстаушыға)  ақша  қарадаттардың  нақты 
сомасын  белгілі  бір  орында  және  белгіленген  мерзімде  қарыз  алушы  (вексель  беруші) 
тӛлейтін, қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель немесе 
үшінші тұлғаға қаражатты аудару жӛніндегі несие берушінің бұйрығы бойынша вексель.  
Жай вексельдің негізгі белгісі  – онда қарыз алушы тұлғаға вексельді  жазып беретін  – 
вексель  беруші  жатады.  Вексель  ұстаушы  оны  ӛзінің  берешегін  вексель  берушіге  аудару 
арқылы ӛз контрагенттерімен есеп айырысуда пайдалана алады.  
Аудармалы вексель (тратта) – бұл вексельдік қатынасты үш тараптан реттейтін құжат: 
несие  беруші  (транссант),  қарыз  алушы  (трассат)  және  тӛлемді  алушы  (ремитент). 
Аударылатын  вексельдің  шығарылуы  мен  трассант  (вексель  беруші)  нақты  ақша  сомасын 
белгілі  бір  орында  және  белгілі  бір  мерзімде  ремитентке  тӛлеу  туралы  ұсынысы  мен 
трассатқа вексель жазып береді (трассалайды).  
Ремитент  вексельді  алғанымен  онда  кӛрсетілген  трассаттың  тӛлемді  жүзеге 
асыратынына  сенімсіз.  Сондықтан    да  алдымен  борышқордың  вексель  сомасын    тӛлеуге 
келісім  бергенін  немесе  бермегенін  біліп  алу  керек.  Осы  мақсатта  вексель  акцепт  үшін 
трассатқа бағыт алады. 
Коммерциялық банктері вексельдермен нақты операцияларды жүзеге асыра алады: 
1)
 
вексельдер  есебі.  Мұнда  банк  клиенті  ӛтімді  қаражатты  сатып  алады,  ал  банк  оны 
вексель  берушіден  тікелей  алады  және  қолайсыз  қаржы  жағдайында  ғана  соңғысы 
вексельді  ұсынушыға  жүгінеді.  Егер  банк  тауар  мәмілесіне  негізделген  вексель  есебіне 
қабылдайтын  болса,  онда  ол  оның  уақытылы  тӛленгеніне  және  мәміленің  ауарлы 
сипатына сенімді болуы керек. Осыған орай, клиенттің несиені ӛтей алатын қабілетін әне 
вексельдердің дұыс рәсімделуін тексеру қажет. Банк есебіне вексельді қабылдаудан бас 
тартудың себебі бойынша қандай да бір түсіндірме беру міндетті емес. Оған кӛрсетілеген 
қызметтердің  қатарына  клиенттің  вексельді  жоғалтқаны  және  бұл  тұрысында  басқа 
банктерге  хабарланғаны  туралы  ӛтінішін  қабылдау  кіреді.  Қазақстандық  банктердің 

65
 
 
есептік мӛлшерлемелері МБҚ, қайта қаржыландыру мӛлшерлемелері,  несие пайыздары 
бойынша табыстылыққа қарай МЕККАМ жӛніндегі аукционнан  кейін әрбір сәрсенбіде 
белгіленеді. Қажет болған жағдайда бұдан гӛрі жиі белгіленеді. 
2)
 
вексельдер  акцепті  және  авалы  (Вексель  бойынша  ризалық  және  вексель  бойынша 
кепілдік). Акцепт – вексель тӛлеміне жазбаша келісім, аваль – вексельдік кепіл беруші, 
оны  жүзеге  асыратын  тұлға  шамасына  қарай    басқа  тұлғаның  вексель  бойынша 
міндеттемесін  орындау  жауапкершілігін  ӛз  мойнына  алады.  Банк  қолданыста  бар 
клиенттің  несие  желісі  шегінде  немесе  берілген  кепіл  құнының  шегінде  аударылатын 
вексельдердің    акцептісін  жүзеге  асырады.  Бұл  жағдайда  банк  клиенті  вексель  беруші 
ретінде  алға  шығады,  ал  банк    тӛлеуші  ретінде  болады.  Қазақстандық  банктерде 
клиенттердің  вексельдерін  акцептілеу  және  авалдау  операцияларының  жалпы 
табыстылығы (есеп барысындағы есептік мӛлшерме + акцепт немесе аваль үшін пайыз) 
ҚР Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мӛлшермесінен тӛмен болмауы керек. 
  Мысалы,  А  субъектісі  3  ай  ішінде  ӛтеу  мерзімінен  жалпы  номиналды  сомасы 
100000000  тенгеге  вексель  жазып  береді.  Банк  оның  векселін  акцептейді  (авалдайды)  және 
барлық  операциялардың  бас  кезінде    акцепт  үшін  750000  теңгені    құрайтын  3%  жылдық 
мӛлшерінде алады. Осы мерзім шіндегі есептік мӛлшерме ұсынылатын күнге  15% жылдық 
белгіленеді.    Тӛлем  сомасы  97510000  теңгені  құрайды,  осылайша  вексельдер  есебі 
барысында  табыс  2470000  теңгені  құрайды.  Барлық  операциялардың  жиынтық  табысы  – 
3220000 теңге. Таза табыс – 2576000 теңге. 
3.
 
Вексельдердоминациясы  (ескертпе).  Егер  вексель  алушы  тӛлем  күні  ӛзіне  тиесілі 
соманы қандай да бір себептермен (жол жүру, іс сапар және т.б.) тӛлеу орнында бола алмай 
қалған  жағдайда  ол  бұл  істі  банкке  тапсырады.  Сол  үшін  банк  клиенттен  біршама  тӛлемді 
ӛндіріп алады. 
Қазақстанға жаңа технологияның енуіне байланысты тағы бір құралды – тӛлемді жүзеге 
асыруға,  ақшаны  қолма  –  қол  алуға,  валютаны  айырбастауға  және  эмитентпен  әрі  оның 
жағдайымен  анықталатын  басқа  да  операцияларды  орындауға  мүмкіндік  беретін 
ақпараттарды  қамтитын  құрылғылар  мен  электрондық  терминалдар  арқылы  ақшаға  қол 
жеткізудің  құралы  ретінде  тӛлем  карточкаларын  пайдаланудың,    қолданудың  мүмкіндігі 
туды. Тӛлем карточкалары дебеттік және кредиттік, болып бӛлінеді (24.08.2000ж. №331 ҰБ 
бекіткен  ҚР  –  да  тӛлем  карточкаларын  шығару    мен  пайдалану  ережесі).  ҰБ  тӛлем 
карточкаларын  шығарумен  және  ҚР  –  да  оны  шығарудың  әрі  пайдаланудың  талаптарын 
белгілеумен  байланысты  қызметті  лицензиялайтын  бірден  –  бір  (  жалғыз)  орган  болып 
табылады. 
Тӛлем карточкасын беру кезінде мыналармен келісім – шарт жасалады: 
-
 
тӛлем карточкасын берудің шарты 
-
 
оны пайдалану арқылы тӛлемді жүзеге асырудың шарты  
-
 
тӛлем карточкасын беру туралы келісім – шарттың негізінде әр түрлісін ұстаушыларға 
бірнеше  тӛлем  карточкасы  берілетін  жағдайында  қосымша  карточкалар  берілетін 
тұлғалардың тізімі (немесе оларға жасалған сілтемені) 
-
 
тӛлем карточкаларын алу және шектеу шарты 
-
 
тӛлем карточкасының қолдану мерзімін немесе оның беру туралы келісім – шартының 
мерзімі 
-
 
тараптардың құқығы мен міндеттемелері  
-
 
тараптардың жауапкершіліктерін қамтитын келісім шарт. 
Жеке тұлға тӛлем карточкасын алған күнінен бастап оның иесі болып табылады. 
Тӛлем  карточкасын  ұстаушының  оны  (тӛлем  карточкасын)  алғанын  айғақтайтын 
құжатқа қойылған қолы немесе осы фактіні бір мәнде айғақтайтын басқа да куәлік растаушы 
ретінде  қызмет  етеді.  Банктерді  пайдаланбай  –  ақ  бір  –  біріне  қарыз  беруде  халық  ақша 
нарығының  қаржылық  құралы  ретінде  қарастыруға  болатын,  нотариалдық  кеңселермен 
расталған  борыш  қолхаттарын  рәсімдейді.  келешектегі  ауыл  шаруашылық  ӛнімдерінің 

66
 
 
кепілімен  шығарылатын  ӛнімдердің  кепілімен  шығарылатын  ауыл  шаруашылық  қолхаты 
секілді  қаржы  құралының  да  пайда  болғанын  айта  кеткен  жӛн.  Бүгінгі  таңда  елімізде  осы 
қарыз міндеттемесі вексельдермен салыстырғанды әлдеқайда кең таралған. 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал