Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/20
Дата29.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

8.4.Туынды бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері 
Опцион  –  бұл  келісім-шарттың  орындалуын  немесе  орындалуынан  бас  тартуды 
білдіретін  келісім-шарт.  Опциондық  келісім-шартта  бір  тұлға  сатады,  ал  бір  тұлға  сатып 
алады. Опционның сатып алушысы опционның орындалуын таңдау құқығын алады және ол 
үшін сыйақыны опцион сатушысына тӛлейді (опциондық сыйақы). Опционды сатушы тұлға 
келісім-шартта тіркелген баға бойынша активті сатып алуға немесе сатуға міндетті. 
Американдық  және  еуропалық  опциондарды  бӛледі.  Американдық  опцион  келісім-
шарттың  бітуіне  дейін  кез-келген  күні  орындалуы  мүмкін;  еуропалық  опцион  тек  келісім-
шарт біткен кезде ғана орындалады. 
Мәміле  сипаты  бойынша  опционның  сатып  алушысына  активті  сатуға  немесе 
сатпауға құқық беретін сату опционын (пут) және сатып алушыға келісілген баға (орындалу 
бағасы, немесе страйк-баға) бойынша сатып алуға немесе сатып алмауға құқық беретін сатып 
алу опционы (колл). 
Опцион коллды сатып ала отырып және керісінше – опцион путты сатып ала отырып, 
инвестор актив курсының ӛсуін күтеді. 
Опцион коллдың ішкі құны – бұл активтің нарықтық бағасы мен орындалу бағасының 
арасындағы айырма. Ішкі құн опционның жедел орындалуымен болжанады. Одан басқа, ол 
опцион мерзімі аяқталуымен де анықталуы мүмкін. 
Берілген  опционның  ішкі  құнын  анықтаудың  жалпы  ережесін  келесі  түрде  жазып 
алуға болады: 


X
S

,
0
max
 
Егер  активтің  нарықтық  құны  орындалу  бағасына  тең  немесе  одан  кем  болса,  онда 
опцион  орындалмайды  және  оның  ішкі  құны  нольге  тең.  Егер  нарықтық  баға  орындалу 
бағасынан артық (

  X)  болса,  онда  опцион  орындалады  және  оның  ішкі  құны    S  –  X  тең. 
Опцион коллдың ішкі құнының акцияның бағасына тәуелділік графигі 8 суретте кӛрсетілген. 
 
Ӛзін-ӛзі бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Туынды бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? 
1.
 
Туынды бағалы қағаздар нарығының құралы қандай? 
2.
 
Фъючерс нені білдіреді? 
3.
 
Оцион нені білдіреді? 
4.
 
Фъючерс опционнан қандай айырмашылығы бар? 
5.
 
Депозитарлық жазбаша келісім нені білдіреді? 
6.
 
Депозитарлық жазбаша келісімнің қандай түрлерін білесіз? 
7.
 
Коносамент нені білдіреді? 
8.
 
Қазақстанда БҚН-ң құрылымы қандай? 
 
Ҧсынылатын әдибиет: №№ 1-4, 27-29 
 
 
9-тақырып. Валюта нарығы және валюталық операциялар 
Дәріс  тапсырмасы: 
1.
 
Валюталық нарықтың дамуы  
2.
 
Биржалық және биржадан тыс валюталық нарық  
3.
 
Нарыққа қатысушылар  
4.
 
Валюталық операциялар 
 
9.1. Валюталық нарықтың дамуы  
Валюталық  нарықтар  –  уақтылы  есеп  айырысуларды  жүзеге  асыруды,  валюталық 
қаражаттарды  біршама  тиімді  пайдалануын,  валюталық  операцияларға  қатысушылардың 

101
 
 
валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, 
валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі 
және халықаралық тӛлем айналымына қызмет етеді. 
Валютаны айырбастау операциялары ежелде  «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда 
және ортағасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық  XIX ғасырда 
қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады: 
-
 
байланыстың  электронды  құралын  кеңінен  қолдану  және  олар  бойынша  есеп 
айырысуларды  жүзеге  асыруда  шаруашылық  қызметті  интернационалдандыру  негізінде 
валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді; 
-
 
операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады; 
-
 
валюталық  операциялар  техникасысәйкестендірілген,  есеп  айырысулар  банктің 
корреспонденттік есепшоты арқылы жүргізіледі; 
-
 
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың 
кең дамуы; 
-
 
алып  –  сатарлық  және  тӛрелік  операциялар  коммерциялық  мәмілемен  байланысты 
валюталық  операциялардан  біршама  асып  түседі.  Олардың  қатысушыларының  саны 
бірден  ӛсті  және  олардың  құрамына  банктер  мен  ұлт  аралық  корпорациялардан  (ҰАК) 
басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады; 
-
 
тұрақты  экономикалық  жағдайларға  тәуелсіз  ӛздерінің  биржалық  тауарларына 
байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның тұрақсыздығы. 
Халықаралық есеп айырысудың ӛзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей 
қабылданған  тӛлем  құралының  болмауында.  Сондықтан  да  сыртқы  сауда,  кӛрсетілген 
қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық тӛлемдер бойынша есеп айырысудың 
қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып 
табылады. 
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың ең алдымен 
сатылған  тауарлар  және  кӛрсетілген  қызметтер  үшін  валюталық  түсім  алған 
экспортерлардан;  сатып  алған  тауарлары  мен  кӛлік  және  кеме  компанияларынан  алынған 
қызметтері  үшін тӛлемдерді  тӛлеуде импортерден;  сондай   – ақ кӛрсеткен қызметтері  үшін 
фрахты,  сақтаныдыру  сыйақысы,  брокерлік  және  банктік  комиссия  түрінде  валюталар 
алатын  сақтандыру  қоғамдары  мен  банктерден;  дивидент  тӛлеуге,    займды,  несиені  және 
оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан 
туындайды. 
Атқарымдық кӛзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды: 
1)
 
халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы; 
2)
 
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру
3)
 
әлемдік валюталық, несиелік және қаржылық нарықтардың ӛзара байланысы; 
4)
 
банк, 
кәсіпорын, 
мемлекеттің 
валюталық 
резервтерінің 
әртараптандырылуы 
(диверсификациясы); 
5)
 
валюталық бағамды реттеу
6)
 
қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы; 
7)
 
экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу. 
 
9.2. Биржалық және биржадан тыс валюталық нарық  
Валюта  нарығы  –  сұраным  мен  ұсыным  негізінде  валюталарды  сатып  алу  –  сату 
шоғырланған  ресми  орталық  және  шетел  валютасымен  тӛленетін  тӛлем  құжаттарын  сатып 
алу–  сату  жӛніндегі  тұрақты  экономикалық  және  ұйымдық  қатынастар  жүйесі.  Мұнда 
еуродепозиттер  нарығы,  еуронесиелер  нарығы,  еурооблигациялар  нарығы  қамтыладыды. 
Биржалық валюталық нарық  және биржадан тыс (банкаралық) валюталық нарық түрлеріне 
бӛлінеді.  Дүниежүзілік  аса  ірі  валюталық  нарықтар  АҚШ–  та,  Ұлы  Британияда,  ГФР–де, 
Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурде, орналасқан.  

102
 
 
Валюта  нарығында  операциялардың  екі  түрі  қолданылады,  олар:  «спот»  (валютаны 
дереу  жеткізу)  «форвард»  –  келісілген  бағам  бойынша  уағдалы  уақыттан  кейін  (бір  айдан 
және одан кӛп уақыттан кейін) жеткізу. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды 
бӛліп қарауға болады: 
1)
 
шаруашылық  байланыстардың  интернационалдануы  негізінде  валюталық  нарықтардың 
интернационалдануының күшеюі; 
2)
 
байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану; 
3)
 
әлемнің барлық бӛліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау; 
4)
 
банктердің  корреспонденттік  шоттары  бойынша  жазбаша  түрде  негізделетінвалюталық 
операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру; 
5)
 
коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық 
валюталық мәмілелер кӛлемін ұлғайту. 
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге  халықаралық 
сауда  мен  оған  байланысты  кӛрсетілген  қызметтер  және  халықаралық  капиталдар  мен 
несиелер қозғалысы негіз болып табылады. 
Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі: 
1)
 
Орналасу аумағына қарай: 
-
 
Халықаралық; 
-
 
Ұлттық (жергілікті); 
-
 
Аймақтық. 
2)
 
Валюталық шектеуге қатысты: 
-
 
Еркін нарық; 
-
 
Еркін емес нарық.      
Халықаралық  валюталық  нарықтар  ірі  дүниежүзілік  қаржы  орталықтарында 
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью – йорктегі, Франкфрут – на – Майенедегі, 
Париждегі,  Цюрихте,  Токио,  Сингапурдағы,  Гонконгтағы  валюталық  нарықтарды  бӛліп 
айтуға  болады.  Бұл  нарықтарды  халықаралық  тӛлем  айналымында  кеңінен  қолданылатын 
валюталармен операциялар жүзеге асырылады. 
Аймақтық  және  жергілікті  нарықтарда  белгілі  бір  конвертирленетін  валюталармен 
операциялар  жүргізіледі.  Оның  қатарында  сингапур  доллары,  сауд  риалы,  кувейт  динары 
және т.б. бар. 
 Ұлттық  валюталық  нарықтар  деп,  ережеге  сәйкес,  халықаралық  операцияларды 
жүргізуге маманданбаған, ӛз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар 
және  банктер  болуы  мүмкін)  валюта  бойынша  қызмет  кӛрсететін  сол  елдің  аумағында 
орналасқан  банктердің  жүзеге  асыратын  операцияларының  жиынтығын  айтады.  Сонымен 
қатар,  ішкі  ұлттық  нарықтағы  операцияларға  жекелеген  компаниялар  арасында    жасалатын 
операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды,  сондай– ақ валюта биржасында 
жүргізілетін  операцияларды  да  жатқызады.  Жоғарыда  келтірілген  сипаттамаға    қарап, 
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 2000 жылы операциялар 
кӛлемі USD – 1136574 мыңды құрайды. 
Сол  немесе  басқа  елдің  ішкі  валюталық  заңдылықтарының  ырықтандырылуына 
байланысты  ресми  валюталық  нарық  «қара  нарықпен»  толықтырылуы  мүмкін.  «Қара 
нарықтың»  болуы  барлық  ТМД  елдеріне  тән  сипат.  Қазақстанда  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының кӛптеп ашылуы пайда массасын 
ӛсіру  үшін  банктер  арасында  бәсекені  ұлғайта  отырып,  «кӛше»  нарықтарында  валютамен 
сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына 
әкелді. 
 
9.3. Нарыққа қатысушылар  
1. Валюталық нарықтар –  уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық 
қаражаттарды  біршама  тиімді  пайдалануын,  валюталық  операцияларға  қатысушылардың 

103
 
 
валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, 
валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі 
және халықаралық тӛлем айналымына қызмет етеді. 
Валютаны айырбастау операциялары ежелде  «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда 
және ортағасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық  XIX ғасырда 
қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады: 
-
 
байланыстың  электронды  құралын  кеңінен  қолдану  және  олар  бойынша  есеп 
айырысуларды  жүзеге  асыруда  шаруашылық  қызметті  интернационалдандыру  негізінде 
валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді; 
-
 
операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады; 
-
 
валюталық  операциялар  техникасысәйкестендірілген,  есеп  айырысулар  банктің 
корреспонденттік есепшоты арқылы жүргізіледі; 
-
 
валюталық  және  несиелік  тәуекелді  сақтандыру  мақсатында  валюталық  операциялардың 
кең дамуы; 
-
 
алып  –  сатарлық  және  тӛрелік  операциялар  коммерциялық  мәмілемен  байланысты 
валюталық  операциялардан  біршама  асып  түседі.  Олардың  қатысушыларының  саны 
бірден  ӛсті  және  олардың  құрамына  банктер  мен  ұлт  аралық  корпорациялардан  (ҰАК) 
басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады; 
-
 
тұрақты  экономикалық  жағдайларға  тәуелсіз  ӛздерінің  биржалық  тауарларына 
байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның тұрақсыздығы. 
Халықаралық есеп айырысудың ӛзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей 
қабылданған  тӛлем  құралының  болмауында.  Сондықтан  да  сыртқы  сауда,  кӛрсетілген 
қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық тӛлемдер бойынша есеп айырысудың 
қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып 
табылады. 
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың ең алдымен 
сатылған  тауарлар  және  кӛрсетілген  қызметтер  үшін  валюталық  түсім  алған 
экспортерлардан;  сатып  алған  тауарлары  мен  кӛлік  және  кеме  компанияларынан  алынған 
қызметтері  үшін тӛлемдерді  тӛлеуде импортерден;  сондай   – ақ кӛрсеткен қызметтері  үшін 
фрахты,  сақтаныдыру  сыйақысы,  брокерлік  және  банктік  комиссия  түрінде  валюталар 
алатын  сақтандыру  қоғамдары  мен  банктерден;  дивидент  тӛлеуге,    займды,  несиені  және 
оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан 
туындайды. 
Атқарымдық кӛзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды: 
-
 
халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы; 
-
 
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру; 
-
 
әлемдік валюталық, несиелік және қаржылық нарықтардың ӛзара байланысы; 
-
 
банк,  кәсіпорын,  мемлекеттің  валюталық  резервтерінің  әртараптандырылуы 
(диверсификациясы); 
-
 
валюталық бағамды реттеу; 
-
 
қатысушылардың  валюталық  бағам  айырмасы  ретінде  алатын  алып-сатарлық 
пайдасы; 
-
 
экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу. 
Валюта  нарығы  –  сұраным  мен  ұсыным  негізінде  валюталарды  сатып  алу  –  сату 
шоғырланған  ресми  орталық  және  шетел  валютасымен  тӛленетін  тӛлем  құжаттарын  сатып 
алу–  сату  жӛніндегі  тұрақты  экономикалық  және  ұйымдық  қатынастар  жүйесі.  Мұнда 
еуродепозиттер  нарығы,  еуронесиелер  нарығы,  еурооблигациялар  нарығы  қамтыладыды. 
Биржалық валюталық нарық  және биржадан тыс (банкаралық) валюталық нарық түрлеріне 
бӛлінеді.  Дүниежүзілік  аса  ірі  валюталық  нарықтар  АҚШ–  та,  Ұлы  Британияда,  ГФР–де, 
Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурде, орналасқан.  

104
 
 
Валюта  нарығында  операциялардың  екі  түрі  қолданылады,  олар:  «спот»  (валютаны 
дереу  жеткізу)  «форвард»  –  келісілген  бағам  бойынша  уағдалы  уақыттан  кейін  (бір  айдан 
және одан кӛп уақыттан кейін) жеткізу. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды 
бӛліп қарауға болады: 
-
 
шаруашылық  байланыстардың  интернационалдануы  негізінде  валюталық  нарықтардың 
интернационалдануының күшеюі; 
-
 
байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану; 
-
 
әлемнің барлық бӛліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау; 
-
 
банктердің  корреспонденттік  шоттары  бойынша  жазбаша  түрде  негізделетінвалюталық 
операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру; 
-
 
коммерциялық  валюталық  мәмілелермен  салыстырғанда  алыпсатарлық  және 
арбитраждық валюталық мәмілелер кӛлемін ұлғайту. 
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге  халықаралық 
сауда  мен  оған  байланысты  кӛрсетілген  қызметтер  және  халықаралық  капиталдар  мен 
несиелер қозғалысы негіз болып табылады. 
Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі: 
1)
 
Орналасу аумағына қарай: 
-
 
Халықаралық; 
-
 
Ұлттық (жергілікті); 
-
 
Аймақтық. 
2)
 
Валюталық шектеуге қатысты: 
-
 
Еркін нарық; 
-
 
Еркін емес нарық.      
Халықаралық  валюталық  нарықтар  ірі  дүниежүзілік  қаржы  орталықтарында 
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью – йорктегі, Франкфрут – на – Майенедегі, 
Париждегі,  Цюрихте,  Токио,  Сингапурдағы,  Гонконгтағы  валюталық  нарықтарды  бӛліп 
айтуға  болады.  Бұл  нарықтарды  халықаралық  тӛлем  айналымында  кеңінен  қолданылатын 
валюталармен операциялар жүзеге асырылады. 
Аймақтық  және  жергілікті  нарықтарда  белгілі  бір  конвертирленетін  валюталармен 
операциялар  жүргізіледі.  Оның  қатарында  сингапур  доллары,  сауд  риалы,  кувейт  динары 
және т.б. бар. 
 Ұлттық  валюталық  нарықтар  деп,  ережеге  сәйкес,  халықаралық  операцияларды 
жүргізуге маманданбаған, ӛз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар 
және  банктер  болуы  мүмкін)  валюта  бойынша  қызмет  кӛрсететін  сол  елдің  аумағында 
орналасқан  банктердің  жүзеге  асыратын  операцияларының  жиынтығын  айтады.  Сонымен 
қатар,  ішкі  ұлттық  нарықтағы  операцияларға  жекелеген  компаниялар  арасында    жасалатын 
операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды,  сондай– ақ валюта биржасында 
жүргізілетін  операцияларды  да  жатқызады.  Жоғарыда  келтірілген  сипаттамаға    қарап, 
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 2000 жылы операциялар 
кӛлемі USD – 1136574 мыңды құрайды. 
Сол  немесе  басқа  елдің  ішкі  валюталық  заңдылықтарының  ырықтандырылуына 
байланысты  ресми  валюталық  нарық  «қара  нарықпен»  толықтырылуы  мүмкін.  «Қара 
нарықтың»  болуы  барлық  ТМД  елдеріне  тән  сипат.  Қазақстанда  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының кӛптеп ашылуы пайда массасын 
ӛсіру  үшін  банктер  арасында  бәсекені  ұлғайта  отырып,  «кӛше»  нарықтарында  валютамен 
сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына 
әкелді. 
Институционалдық  кӛзқараспен  қарағанда,  валюталық  нарық  банктер,  банкирлер 
үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді. 
Әлемдік  тәжірибеде  кӛрсеткендей,  нарықтық  экономика  жағдайында  халықаралық 
валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады: 

105
 
 
1)
 
Нарықтық реттеу; 
2)
 
Мемлекет тарапынан реттеу. 
Нарықтық  және  мемлекеттік  валюталық  реттеу  бірін  –  бірі  толықтырады.  Біріншісі, 
бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе; ал екіншісі,валюталық қатынастарды 
нарықтық  реттеудегі  теріс  салдарды  жоюға  бағытталған.  Екі  реттегіш  арасындағы  шекара 
нақты  жағдайлардағы  тиімділікке  және  шектеуге  байланысты  анықталады.  Сондықтан  да 
олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады.    
 Жалпы  Қазақстан  Республикасының  «Валюталық    реттеу  туралы»  заңына  
(13.06.2005 ж.) сәйкес, «валюта - мемлекеттердің заңды тӛлем қаражаты ретінде қабылданған 
ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат 
металдардан  жасалған  тиындар  (айналымнан  алынған  немесе  алынатын,  бірақ  айналымда 
жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма  – қол және 
қолма – қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай  – ақ шоттардағы, 
соның ішінде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары». 
Осы заңда «валюталық операцияларға» мынадай түсінік берілген: 
1)
 
валюталық  құндылықтарға  меншік  құқығының  және  ӛзге  де  құқықтырдың    кӛшуіне, 
сондай  –  ақ  валюталық  құндылықтарды  тӛлем  қаражаты  ретінде  пайдалануға 
байланысты операциялар;  
2)
 
валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен кӛрсетілген 
бағалы  қағаздарды  және  тӛлем  құжаттарын,  резиденттер  шығарған  номиналы  жоқ 
бағалы  қағаздарды  Қазақстан  Республикасына  әкелу,  жіберу  және  аудару,  сондай  –  ақ 
Қазақстан Республикасынан әкету,жіберу және аудару. 
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады: 
1)
 
шетел валютасы; 
2)
 
номиналы шетел валютасында кӛрсетілген бағалы қағаздар және тӛлем құралдары; 
3)
 
резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;  
4)
 
тазартылған құйма алтын; 
5)
 
резиденттер  мен  резидент  еместер  арасында,  сондай  –  ақ  резидент  еместер  арасында 
операциялар  жасалған  жағдайда  қолданылған  ұлттық  валюта,  номиналы  ұлттық 
валютамен кӛрсетілген бағалы қағаздар және тӛлем құжаттары. 
6)
 
резиденттер  мен  резидент  еместер  арасында,  сондай  –  ақ  резидент  еместер  арасында 
операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы 
қағаздар; 
Мұндағы резиденттерге жататындар: 
1)
 
ҚР–  ның  тұрақты  тұрғыны,  соның  ішінде,  уақытша  шетелде  немесе  республикадан 
тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға; 
2)
 
ҚР– ның  заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика 
ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен ӛкілеттігі; 
3)
 
ҚР– нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және ӛзге де ӛкілеттіліктер 
жатады. 
Ал резидент еместерге резидент құрылымында кӛрсетілмеген ҚР– ның   барлық заңды 
және  жеке  тұлғалары  немесе  одан  тысқары  жерлердегі  олардың  филиалдары  мен 
ӛкілеттіктері жатады. 
Кейбір  экономикалық  әдебиеттерде  валюталық  құндылықтар  қатарына  бағалы 
металдар  (алтыннан  басқа  да)  мен  табиғи  асыл  тастарды  (алмаз,  рубин,  изумруд,  сапфир, 
александрит және жемчуг) жатқызылады. 
 
9.4. Валюталық операциялар 
Валюталық  операциялар  ағымдық  операциялар  және  капитал  қозғалысымен 
байланысты операцияларға бӛлінеді.        
1. Ағымдық операцияларға жататындар: 

106
 
 
-
 
тауарлар,  жұмыстар  және  қызметтер  үшін  тӛлемнің  не  аванс  тӛлемінің  мерзімін  180 
күннен  аспайтын  мерзімге  ұзартуды  кӛздейтін  экспорт-импорт    мәмілелері  бойынша 
есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар; 
-
 
180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу
-
 
салымдар  (депозиттер),  инвестициялар,  заем  және  ӛзге  операциялар  бойынша 
дивиденттерді, сыйақыларды және ӛзге де табыстарды алу және аудару; 
-
 
гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын  аударымдар, мұрагерлік соманы, 
жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару
-
 
осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық ӛзге де 
валюталық операциялар. 
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар: 
-
 
инвестицияларды жүзеге асыру; 
-
 
интеллектуалдық меншік обьектілеріне ерекше құқықты толық беруді кӛздейтін 
мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар; 
-
 
мүліктік    құқыққа  және  ӛзге  де  жылжымайтын  мүлік  құқығына  тӛлеуге 
аударымдар; 
-
 
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін тӛлемнің, не аванс тӛлемінің мерзімін 
180 күннен асатын мерзімге ұзартуды кӛздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша 
есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар; 
-
 
ӛздері  тіркелген  мемлекеттердің  заңдары  бойынша  банк  операцияларын  жүзеге 
асыруға  құқығы  бар  шетел  банкілерінде  және  ӛзге  де  қаржылық  ұйымдарда 
салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру; 
-
 
зейнетақы  активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық 
аударымдар; 
-
 
жинақтау  сипатындағы  сақтандыру  және  қайта  сақтандыру  шарттары  бойынша 
халықаралық аударымдар. 
Шетел валютасымен операциялар жасау үшін банк лицензия алуы қажет. Лицензиялау 
заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен іске асырылады, шексіз мерзімге 
беріледі  және  атаулы  болады,  яғни  үшінші  тұлғаларға  берілмейді.  Қазіргі  таңда  бӛлшек 
сауданы  іске  асырумен  және  қолма  –  қол  шетел  валютасын  беру    қызметімен,  сондай  –  ақ 
капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жасау қызметі лицензияланады. Капитал 
қозғалысымен  байланысты  қаражаттардың  резидент  еместерден  резиденттер  пайдасына 
ӛтуін қарайтын Ұлттық Банкпен келесі валюталық операцияларды тіркеу тәртібі анықталған.  
Барлық  Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалармен орындалуы міндетті  ҚР 
Ұлттық  Банктің  Қазақстан  Респубдикасының  Қаржы  Мининстрлігімен  келісе  отырып  және 
ӛкілетті  мемлекеттік  статистика  органымен  валюталық  операцияның  тәртібі,  есептеу 
формасы мен есептілігі белгіленеді. Әрбір жеке және заңды тұлға республикадағы валютаны 
реттеу  заңына  сәйкес  ҚР  Ұлттық  Банкіне  және  ӛкілетті  банкке  олардың  жүйелі 
мұқтаждықтарына сәйкес қажетті ақпараттармен құжаттарды беруі міндетті. 
Банк валюталық  операциялардың лицензияда кӛрсетілген жағдайда және келесілерге 
сәйкес жүргізуге құқығы бар:  
-
 
шетел  валютасындағы  қаражаттарды  заңды  және  жеке  тұлғалардың  шотына  , 
салымына орналастыруға және қабылдауға; 
-
 
банктер  мен  ұйымдарға  шетел  валютасындағы  несие  және  қарыздарды  тарту  және 
ұсыну; 
-
 
заңды  және  жеке  тұлғалардан  шетел  валютасындағы  тӛлем  құжаттарын  сатып  алу 
және сатуды жүзеге асыру; 
-
 
валюталарды сатып алу мен сатуды жүргізу; 
-
 
шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу
-
 
ӛз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет кӛрсету; 

107
 
 
-
 
шетел  валютасында  саудалық  және  саудалық  емес  операциялар  бойынша  есеп 
айырысуды жүзеге асыру; 
-
 
халықаралық тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру. 
Валюталық  операцияларды  жүзеге  асыруға  құқық  берілген  банктер  уәкілетті  деп 
аталады. Валюта нарығында банктің ролін анықтайтын негізгі фактор банктің кӛлемі, оның 
репутациясы,  бӛлімшелер  мен  филиалдардың  шетелдік  желісінің  даму  деңгейі,  жасалатын 
халықаралық банктік есеп айырысудың кӛлемі болып табылады. Сондай – ақ банк және оның 
валюта  саясаты  орналасқан  орындарда  кезең  сайын  енгізілетін  валюталық  шектеулер, 
телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рӛл атқарады. 
2000  жылдың  сәуірінен  бастап  Ұлттық  Банк  теңгенің  еркін  қалқымалы  бағамын 
белгіледі. Ол Ұлттық Банк қатысуынсыз валюталық нарықта сұраныс және ұсыныс негізінде 
ұлттық  валюта  бағамын  құрылуын  болжайды.  Мұндай  жағдайда  валюталық  реттеудің 
маңызы кенеттен ӛседі, негізгі міндеттері келесілер болып табылады: 
1)
 
Қазақстан    Республикасының    аумағында  жүргізілетін  валюталық  операциялардың 
жүргізілу тәртібі  мен қағидаларын  анықтайтын нормативтік құқықтық  актілерді  шығару, 
валюталық 
операциялар  субъектінің 
құқықтары 
мен 
міндеттері, 
валюталық 
заңдылықтарды бұзаны үшін жауапкершілік; 
2)
 
валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау; 
3)
 
валюталық  нарық,  жүргізілген  валюталық  операциялар  кӛлемін  және  құрылымының 
жағдайын талдау. 
Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды 
жинау,  валюталық  заңдылықтардың  орындалуына  бақылау  жасау,  заңмен  кӛзделген 
санкцияларды қолдану шараларын білдіреді. 
Сондай  –  ақ  мемлекеттік  халықаралық  есеп  айырысу  және  валюталық 
құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. 
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
келесі негізгі әдістерді қолданады: 
-
 
валюталық  операциялар  оьъектілері  мен  субъектілерін,  валюталық  операциялар 
субъектілерінің  құқықтары  мен  міндеттерін,  жіктелуін,  валюталық  құндылықтармен 
айналысу тәртібін белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 
белгілеу; 
-
 
сипатына,  субъектісіне,  объектісіне,  кӛлеміне  байланысты  белгілі  валюталық 
операцияларды жүргізуге шектеу енгізу; 
-
 
шетел валютасын пайдаланатын қызметтерді лицензиялау; 
-
 
валюталық операцияларды тіркеу; 
-
 
валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау
-
 
валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау; 
-
 
валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс. 
Айырбастарды  жүргізу  үшін  валюталық  нарық  қызмет  етеді,  яғни  сұраныс  пен 
ұсыныс  нәтижесінде  қалыптасатын  бағам  арқылы  шетел  валютасын  ұлттық  валютаға 
айырбастау немесе сатуды жүзеге асырудың ресми орталықтары. 
 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал