Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 4.51 Kb.

бет6/10
Дата22.04.2017
өлшемі4.51 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Кәсіпорынның  аумағы  шегінде,  шикізат  және  материалды,  жартылай 
фабрикаттарды және ыдысты  кӛліктік тасымалдауда орындалады? 
2.
 
 Кәсіпорынның сыртқы кӛлігіне жатқызамыз; 
3.
 
 Кәсіпорынның экономикалық балансын құрудың мақсаты
4.
 
 Ӛнім сапасы – бұл; 
5.
 
Ӛнімнің техникалық деңгейі – бұл; 
6.
 
 Сәйкес келу бағасы – бұл; 
7.
 
 Стандартизацияға анықтама беріңіз
8.
 
 Сертификация– бұл; 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 

61 
 
Лекция № 10 
10 тақырып. Кәсіпорынның қҧрал-сайман шаруашылығын 
ҧйымдастыру 
 
Лекция 
мақсаты:Кәсіпорынның 
құрал-сайман 
шаруашылығын 
ұйымдастыруынбілу, құрал-сайманның классификациясын және қажеттілігін 
анықтау. 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын басқару органдарының 
құрылымы, міндеті және мазмұны 
2.
 
Құрал-сайманның классификациясы және индексациясы 
3.
 
Құрал-сайманға деген қажеттілікті анықтау 
 
Қойма  шаруашылығын  ұйымдастырудың  міндетіне  кәсіпорынның 
қызметіне қажетті шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай 
фабрикаттарды,  аяқталмаған ӛндіріс ӛнімдерін және  сатуға шығарған дайын 
ӛнімді  сақтау  және  тұтынушыларға  жіберу  сияқты  жұмыстар  жиынтығы 
жатады. 
Материалды  құндылықтардың  сақталуы,  олармен  ӛндірісті  үздіксіз 
қамтамасыз  ету,  айналым  қаржыларының  айналу  жылдамдығы,  ӛнім  сапасы 
мен құны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды. 
Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі. 
Қызмет  кӛрсету  саласына  қарай  қоймалар  цехаралық  (орталық) 
(кәсіпорынның  барлық  бӛлімшелерін  қамтуға  арналған)  және  цехтық  (яғни, 
дайын ӛнім сақтайтын қоймалар) болып бӛлінеді. 
Сақталатын  материалды  құндылықтар  атауларына  қарай  қоймалар: 
әмбебап (кӛп атаулы немесе әр түрлі материалдарды сақтауға арналған) және 
арнаулы  қоймалар  (яғни  біртекті  материалдарды  сақтауға  арналған)  болып 
бӛлінеді. 
Қойма  аумағына  қарай  ашық,  жабық  және  жартылай  жабық  болып 
бӛлінеді. 
Қоймалардың  құрылымы  сақталатын  материалдардың  физика-химиялық 
талаптарына  сай  болып,  қойма  аумағы  толығымен  пайдалануы  тиіс.  Қойма 
жұмыстарын  жүргізу  барысында  барлық  қауіпсіздік  шараларын  орындалуы 
басты шарт болып табылады. 
Қоймалардың 
аумағы 
сақталатын 
құндылықтардың 
максималды 
мӛлшеріне  қарай  есептеледі.  Қойманың  жүк  тұратын  аумағында  және  ӛзге 
жалпы  аумағының  ішінде  есіктер  мен  ӛту  жолдары,  сұрыптау  аумақтары 
және тағы басқа орындар болуы тиіс. 
Қойманың  пайдалы  аумағы  дәл  немесе  шамамен  есептеледі.  Қойманың 
шамамен  есептеген  аумағы  қоймадағы  қордың  максималды  мӛлшерінің  1 

62 
 
шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен 
анықталады. 
Қойма  жұмыстарын  ұйымдастыруда  еңбекті  кӛп  қажет  ететін  жұмыс 
түрлерін,  қол  еңбегін  азайту  мақсатында  қоймалардағы  же-текші  тасу-тиеу, 
ыдысқа салу, орау жұмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау 
қажет. 
Сыртқа тасымалданатын материалды құндылықтар сапа және сан жағынан 
тексеруден  етеді.  Қабылданған  материалдар  қабылдау  актілерімен  бекітіледі. 
Меншікті ӛндіріс ӛнімдері тек сандық тексеруден етеді. 
Қабылданған  материалды  құндылықтар  алдын  ала  белгіленген  орынның 
шамасына, маркаларына қарай орналастырылады. 
Қоймадан  сыртқа  шығарып  алынатын  материалдар  ӛндірістік  тұтыну 
дайындығынан  ӛткізіледі.  Дайындық  жұмыстары  материалдардың  түріне 
қарай жүргізіледі. 
Материалды  құндылықтардың  келіп  түсуі  мен  тасып  әкетілу  есептері 
қоймаларда  және  бухгалтерияда  жүргізіледі.  Қоймаларда  есеп  жүргізу  үшін 
картотека  жасалынады.  Мұнда  әрбір  номенклатуралық  бап  бойынша  кіріс-
шығыс  карточкалары  болады.  Бұл  карточкалар  бойынша  бухгалтерлік 
ведомость толтырылады.Бұл ведомость алдымен жекелеген цехтар, қоймалар 
бойынша, ал содан кейін жалпы кәсіпорын бойынша толтырылады. 
 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Сапаны қамсыздандыру – бұл? 
2.
 
Сапа 
менеджменті 
– 
бұл 
белгілі 
бір 
қызмет 
бойынша 
координацияланған? 
3.
 
Ақаудың пайда болуын не куәландырады? 
4.
 
Ақау классификацияланады? 
5.
 
Парето анализінде қандай эап болмайды? 
6.
 
Тихниклық бақылауға анықтама беріңіз? 
7.
 
Ӛнімнің сапасын анықтайиын эргономикалық кӛрсеткіш? 
8.
 
Кәсіпорынның    энергетикалық  шаруашылығы  құрылымы  неден 
тәуелсіз? 
9.
 
Кәсіпорынның жүк айналымы – бұл? 
 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
 

63 
 
Лекция №11 
11 тақырып. Кәсіпорынның жӛндеу шаруашылығын ҧйымдастыру 
 
Лекция мақсаты:Кәсіпорынның жӛндеу шаруашылығын 
ұйымдастыруынбілу, жӛндеу жұмыстарын жоспарлау және нормативті 
базасын анықтау. 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
Жӛндеу шаруашылығын басқару органдарының құрылымы, міндеті 
және мазмұны 
2.
 
Құралдары техникалық қызметтен ӛткізу және жӛндеуді 
ұйымдастырудың нысаны мен әдістері 
3.
 
Жӛндеу жұмыстарын жоспарлау және нормативті базасы 
 
Жоспарлау  басқару  функцияларының  ең  бастысы  болып  табылады. 
Шетелдік  мамандардың  анықтауы  бойынша  фирманың  ішкі  жұмыстарын 
жоспарлау  жүйесінде  шешім  қабылдау  фирманың  тиімді  жұмыс  істеуін  және 
болашақта  дамуын  қамтамасыз  етеді.  20-шы  жылдары  ірі  концерндер 
фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға аса зор кӛңіл бӛлді. Бұл кезеңде ірі 
монополистік  бірлестіктер  бірыңғай  жоспарсыз  ӛмір  сүре  алмай  қалды. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  де  мұндай  қажеттілік  одан  әрі  қатты 
сезіле  бастады.  Мұның  негізгі  себебі  ғылым  мен  техника  жаңалықтарына 
және басқа да проблемаларға тығыз байланысты болды. Ғылыми-техникалық 
прогресс  кезеңінде  ӛндірістің  жаңа  салалары  дами  бастады.  Есептеуіш 
машиналар  ӛндірісі  қаулап  дами  бастағандықтан,  электрондық-есептеуіш 
машиналардың пайда болуы фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға үлкен 
ӛзгерістер енгізе бастады. Электронды-техникалық машинамен бірге жаңаша 
математикалық  әдістер  қолданыла  бастады.  Мұның  бәрі  жоспарлауды 
жоғары деңгейге кӛтерді. Шетелдік кәсіпорындар ӛз жұмыстарын жоспарлау 
үшін  арнаулы  машиналар,  техникалар,  ақпараттарды  қолданды.  Қазіргі 
кезеңде  ірі  ӛндірістік  кәсіпорындар  ӛз  жұмыстарын  ұзақ  мерзімге 
жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның 
негізгі мақсаттарымен анықталады: 
-
 
ӛзгертулер мен анықсыздықты болдырмау; 
-
 
негізгі міндеттерге ерекше назар аудару
-
 
экономикалық тиімділікке жету жэне бақылауды күшейту. 
Кәсіпорынның  (фирманың)  ішкі  жұмыстарын  жоспарлаудың  негізгі 
элементтеріне мыналар жатады: 
1)
 
болжау; 
2)
 
мақсатты анықтау (міндет қоя білу); 
3)
 
жоспарға түзету енгізу; 
4)
 
бюджегті құрау; 
5)
 
жоспарды нақтылау. 

64 
 
Болжау.  Болжаудың  құралынажеке  салалардағы  экономиканы,  жеке 
аймақтардың  даму  перспективасын  оқып  үйрену  жатады.  Соның  негізінде 
компаниялар  мен  жеке  бӛлімшелер  ӛзінің  міндеттері  мен  мақсаттарын 
анықтайды.  Болжау  -  фирманың  нарықтық  стратегиясы  мен  маркетинг 
жұмыстарына тығыз байланысты болады. 
Міндеттерді  қоя  білу.  Болжау  жасаудың  негізінде  жалпы  міндеттер 
анықталады.  Олардың  жуық  уақыттары  белгіленеді.  Ресурстармен 
қамтамасыз ету мүмкіншіліктері анықталады. 
Жоспарды  түзету.  Жоспардың  бағдарламасы  жасалу  кезінде  оның 
орындалу  мерзімдеріне  түзетулер  енгізіледі.  Бағдарламаның  жеке  сатылары 
бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, ӛндірістік және 
ӛнім ӛткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады. 
Бюджетті  құрау.  Бюджет  дегеніміз  -  ақшамен  есептелінген  жоспар, 
кірістер  мен  шығыстар  балансы  және  натуралдық  шамадағы  кәсіпорынның 
дүние-мүлкі  жатады.  Бюджеттің  негізгі  түрлеріне  мыналар  жатады:  кірістер 
мен  шығыстар  сметасы,  материал  шығындарының  сметасы,  күрделі  қаржы 
сметасы,  кассалық  бюджет  және  тағы  басқалар.  Сонымен  бірге  әрбір 
операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады. 
Жоспарға  түзету  енгізу  және  оны  нақтылау.  Жоспарға  түзетулер  енгізу 
жэне  жоспарды  нақтылау  жүргізілгеннен  кейін  жоспарды  жүзеге  асыру 
басталады.  Түзетулер  кэсіпорында  болатын  отын,  энергия,  шикізат  пен 
материалдардың  уақтылы  келіп  түсуіне  байланысты  енгізіледі.  Түзетулер 
енгізуді  негізінен  әкімшілік  жүргізеді.  Түзетулер  мен  жоспарды  нақтылау 
табыстың мӛлшеріне де байланысты болады. 
Жоспарлаудың кезеңдері: Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады: 
1)
 
стратегиялық мәселелерді талдау; 
2)
 
кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау
3)
 
дамудың ұтымды вариантын таңдау 
Бірінші  кезеңде  кәсіпорын  жұмыс  істейтін  нарық  талданады.  Талдау  екі 
жақты болады: 
1)
 
нарықтық  ортада  кәсіпорын  қызметінің  оңтайлы  сәттерін  ойластыруы 
керек; 
2)
 
нарықтық ортадағы кәсіпорын қызметінің  кемшіліктері қарастырылады. 
Кәсіпорын  нарықта  ӛз  орнын  табу  кезінде  әр  түрлі  кездейсоқ 
проблемаларды  кездестіруі  мүмкін:  тұтынушылардың  талабының  ӛзгеруі, 
ғылым  мен  техниканың  жаңа  жетістіктерінің  енгізілуі,  нарықтың  ӛзгеруі 
жэне бәсекелестердің стратегиясының ӛзгеруі,  қаржы қиыншылықтары тууы 
мүмкін. Осы мәселелерді шешкеннен кейін келесі кезеңге ӛтуге болады. 
Екінші  кезеңде  кэсіпорынның  күшті  жэне  әлсіз  жақтары  жӛнінде  каталог 
жасалынады.  Бұл  каталогқа  нарықтық  орта  жӛніндегі  ӛзгерістер  енгізіледі. 
Осы каталогтың кӛмегімен қол жеткізуге болатын мақсаттар анықталынады. 
Үшінші  кезеңде  жасалынған  каталогтың  негізінде  кәсіпорынның 
дамуының  барлық  материалдық  және  ұйымдастырушылық  құралдары 
анықталынып, сӛйтіп үш негізгі кӛрсеткіш талданады: 

65 
 
1)
 
кәсіпорынның нарықтағы орны; 
2)
 
кәсіпорынның қайсы сала мен шаруашылық секторына жататындығы; 
3) 
ӛндірістік  бағдарламаның  ассортименттік  құрылымы.Бұл  кезең  ең 
күрделі  кезеңге  жатады.  Себебі  алдыңғы  екікезеңнің  ақпараттары  негізінде 
талдау жасалынып, кәсіпорынның дамуының ұтымды варианты анықталады. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Жоғары сапаны қажет ететін тауарларға  бақылау қажет? 
2.
 
Конвейер қадамы деген не? 
3.
 
Жоспарлау түрін атаңыз? 
6.
 
Жӛндеу жұмыстарының жылдық кӛлемі тең? 
7.
 
Жӛндеу аралық период Тж анықталады?  
4.
 
Жӛндеудің  жоспарлы – ескерту жүйесінің  ӛзіне  не кіреді? 
5.
 
Бизнес – жоспар бӛлімдері? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
 
 
Лекция № 12 
12 тақырып. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын 
ҧйымдастыру 
 
Лекция мақсаты:Кәсіпорынның энергетика шаруашылығын 
ұйымдастыруынбілу, кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз етуді анықтау. 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының мәні және міндеті 
2.
 
Кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз ету 
3.
 
Энергетикалық шаруашылықтың қызметі мен құрылымы 
 
Ӛндірістік  кәсіпорынның  маркетингтік  қызметінің  негізгі  мақсаты  болып 
ӛнімге  сұранысты  қалыптастыру  жэне  оны  ынталандыру,  кәсіпорынның 
жұмыс  жоспары  мен  басқару  жұмыстарында  үғымды  шешімдер  қабылдай 
білу  және  ӛнімнің  нарықта  алатын  үлес  салмағын  арттыру,  сату  кӛлемін 
арттыру арқылы табысты молайту болып саналады. 
Кәсіпорында  маркетингтік  қызметті  ұйымдастырудың  негізгі  мақсатына 
ӛндірілген ӛнімді сату емес, сатылатын ӛнімді ӛндіру болып саналады. 

66 
 
Кәсіпорынның  маркетингтік  жұмысының  негізгі  қағидаларына  сауда 
ӛндірістік  жұмыстарды  басқару  жүйесінің  негізгі  ережелері  мен  түрлерін 
анықтау  жатады.  Оларға  кәсіпорынның  ӛнімӛндіру  және  ӛткізу 
мүмкіндіктерін,  экономикалық  конъюнктураны  талдау  және  нарықты  терең, 
жан-жақты  ғылыми-тәжірибелік  тұрғыда  зерттеу,  нарықты  сегментке  бӛлу 
(сегменттеу);  нарық  сүраныстарына  ӛндіріс  пен  ӛнім  ӛткізуді  икемді  ету, 
инновациялық жаңалық енгізу, жоспарлау жэне тағы басқалар жатады. 
Кәсіпорынның  маркетингтік  қызметінің  негізгі  функцияларына  нарықты 
кешенді  зерттеу  (талдау,  болжау,  конъюнктура),  кәсіпорынның  ӛндірістік-
ӛнім  ӛткізу  мүмкіндіктерін  талдау,  маркетинг  стратегиясы  мен 
бағдарламасын  жасау,  тауар  саясатын  жүргізу,  баға  саясатын  қалыптастыру 
және  жүргізу,  ӛнім  ӛткізу  саясатын  жүргізу,  коммуникациялық  саясатты 
жүргізу,  яғни  сұранысты  қалыптастыру  және  ӛнім  ӛткізуді  ынталандыру 
жатады. 
Нарықты  кешенді  зерттеудің  мазмұны  мен  бағыттылығы,  біріншіден,  бұл 
тауарға  нарықтың  қоятын  талабын  зерттеу,  яғни  тұтынушылар  талабына 
сәйкес  ӛнімнің  тұтынушылық  қасиеттерін  арттыру,  ӛнімнің  бәсекеге 
қабілеттілігін кӛтеру шараларын жүргізу және оларды дайындау;  екіншіден, 
нарықты  кешенді  зерттеу  -  экономикалық  коныонктураны  тыңғылықты 
зерттеу. Конъюнктуралық зерттеу нарықта және оның жеке сегменттеріндегі 
сұраныс  пен  ұсынысты,  баға  деңгейін,  сұраныс  пен  ұсынысқа  бағаның 
икемділігін, нарық бәсекелестігін зерттеуге байланысты маркетингтің барлық 
деңгейінде  стратегиялық,  тактикалық  жэне  оперативтік  шешімдер 
қабылдауды  талап  етеді;  үшіншіден,  нарықты  сегменттеуге  талдау 
жүргізіледі  және  жеке  нарық  сегменттері  тұтынушылардың  талаптарына 
сәйкес келетін және кәсіпорынның мүмкіндіктері мен оның ұтымды жұмысы 
үшін  мақсатты  нарықтарды  анықтау  арқылы  жеке  нарық  сегменттері 
зерттеледі.  Мұндай  талдау  демографиялық,  климаттық,  географиялық, 
экономикалық,  психографиялық  критерийлер  бойынша  жүргізіледі; 
тӛртіншіден,  нарықты  кешенді  зерттеуде  нарықтағы  кәсіпорындардың 
құрылымы зерттеледі, яғни белгілі нарықта жүмыс істеуші кәсіпорындардың 
негізгі  топтары  анықталады:  фирма-серіктестер  (сатып  алушылар),  фирма-
бәсекелестер  (ұқсас  тауарлар  сатушы),  фирма-нейтралдар  (тауарға 
қызығушылық керсетпеген, бірақ жақсы маркетингттік жұмыстың арқасында 
болашақта  белсенді  серіктес  болу  мүмкіндігі  бар);  бесіншіден,  белгілі  тауар 
бойынша  нарықта  және  оның  сегменттеріне  сауда  тәжірибесінде 
пайдаланылып  жүрген  нысандар  мен  әдістерді  зерттейді.  Маркетинг 
облысындағы  мамандар  мен  делдалдардың  сауда-саттық  келісімшарты, 
делдалдық  келісімдердің  қандай  түрі  қолданылады,  сауданың  қандай 
нысандарын  қолдану  керек  жэне  т.б.;  алтыншыдан,  анықталган  нарықтағы 
тұынушылардың ерекшелігі, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, сатып 
алу  жӛніндегі  себептері,  тұтынушылардың  түрлері  және  т.б.  соған 
байланысты сатып алудағы негізгі себебі, жарнама, маркетингтік құралдарды 
тандау және т.б. 

67 
 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
 
1.
 
Кәсіпорынның энергошаруашылықтың толық құрылымына не кіреді? 
2.
 
Энергошаруашылықты қандай кӛрсеткіш сипаттайды? 
3.
 
Энергияға жалпы қажеттілік қандай  формула бойынша анықталады? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
 
 
Лекция №13 
13 тақырып. Тасымалдау шаруашылығын ҧйымдастыру 
 
Лекция 
мақсаты:Кәсіпорынның 
тасымалдау 
шаруашылығын 
ұйымдастыруынбілу, кәсіпорынды энергиямен қамтамасыз етуді анықтау. 
Лекция сҧрақтары: 
1.
 
Кӛлік шаруашылығының мәні, міндеті және құрылымы 
2.
 
Кӛлік түрі және классификациясы 
3.
 
Жүк тасымалдауды ұйымдастыру 
 
Ӛнімнің  сапасын  жақсарту  үшін  сапа  жӛніндегі  мәселені  жан-жақты 
қарастырған  жӛн.  Ол  үшін  шикізат,  материалдар,  ӛндірістің  техникалық 
құралдарына,  оны  дайындау  және  ұйымдастыруға  байланысты  қойылатын 
талаптар  ӛзара  келісілуі  қажет.  Кӛптеген  ӛндірістік  кәсіпорындар  ӛнім 
сапасын  басқару  үшін  "Ӛнім  сапасын  басқарудың  кешенді  жүйесін" 
дайындауы қажет. Кешенді жүйе ӛнімді жобалау, ӛндіру және пайдалану мен 
тұтынудың 
барлық 
кезеңдерінде 
ӛнім 
сапасын 
арттыруга 
ұйымдастырушылық,  экономикалық,  әлеуметтіқ,  техникалық  шараларды 
қамти отырып біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады. 
Ӛнім  сапасын  басқару  ӛнімнің  ӛміршендігінің  барлық  сатыларында 
(болжау,  дайындау,  енім  ендіруге  ӛндірісті  дайындау,  ӛнімді  ендіру  жэне 
т.б.) жүргізіледі. 
Ӛнімді  болжау  және  дайындау  сатысында  модельдердің  жаңа  үлгілерін 
жасау,  ӛнімнің  техникалық  деңгейін  бағалау  жұмыстары  атқарылады. 
Ӛнімнің  техникалық  деңгейін  бағалау  үшін  оның  әлемдік  деңгейге  сай 
келетіндігін белгілі бір кӛрсеткіштермен салыстыруды талап етеді. 
Ӛнімді ӛндірісте игеру және ӛнімді дайындау кезеңіне байланысты әлемдік 
деңгейге  сай  келетін  кӛрсеткіштердің  екі  категориясы  анықталынады: 

68 
 
ӛндірілетін ӛнімді дайындау немесе оның техникалық деңгейін бағалау үшін 
қолданылатын  қазіргі  әлемдік  деңгейі,  ӛнім  ӛндіру  немесе  перспективаға 
жоспарлаудың 
техникалық 
деңгейін 
бағалау 
үшін 
қолданылатын 
перспективалық әлемдік деңгей. 
Ал, ӛнімді ӛндіру үшін ӛндірісті дайындау  және ӛнімді ӛндіру  сатысында 
ӛндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде ӛнім сапасының жоғары 
деңгейіне  жету  үшін  бағытталған  шараларды  жүзеге  асыру,  оларды  бағалау 
мен бақылау құралдарын енгізу сияқты кӛптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс. 
Ӛнімнің  айналымы  мен  ӛткізу  сатысында  дайын  ӛнімнің  сапасын 
тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен  техникалық шарттарға сай 
болуын  барынша  сақтап  қалу  қамтамасыз  етілуі  қажет.  Ӛнімді  сату  мен 
тұтыну  кезінде  рекламация  мен  ақауларды  талдап,  есепке  алып  ӛнімге 
тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі қажет. 
Ӛндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде ӛнім 
сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Ӛнімнің сапасын басқару мен 
бақылаудың  жалпы  басшылығын  кәсіпорын  басшысы  ӛз  мойнына  алады. 
Кәсіпорында  ӛнім  сапасын  басқару,  бақылау  жүйесін  дамыту  жэне  оған 
байланысты  жұмыстарды  реттеу  міндеттерін  шешумен  техникалық  бақылау 
бӛлімі айналысады. 
Ӛнім  сапасын  басқару  жүйесін  тиімді  жүзеге  асырудың  негізгі 
шарттарының  біріне  оны  техникалық  бақылауды  ұтымды  ұйымдастыру 
жатады. 
Техникалық  бақылау  жүйесі  (бақылау  объектісі,  бақылау  операциялары 
және  оның  тізбектілігі,  техникалық  жабдықтау,  жұмыс  істеу  режимдері, 
әдістер,  бақылау  операцияларын  механикаландыру  жэне  автоматтандыру 
құралдары)  ӛндірістік  үрдістің бӛлінбейтін  құрамдас бӛлігі  болып  саналады 
да,  ӛндірістің  технологиясымен  бірге  техникалық  бақылау  бӛлімінің 
қатысуымен  немесе  олардың  келісімімен  дайындалады.  Міндетті  түрде 
бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі. 
Бақылау  операцияларын  орындаушыларға  жұмысшылар,  бригадирлер, 
ӛндірістік бӛлімдердің шеберлері (мастерлер) жатады. Алдын ала белгіленген 
сапамен  ӛнім  ӛндіруді  қамтамасыз  ететін  арнаулы  қызмет  атқарушы  бӛлім 
жұмыс істейді. 
Ӛнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша топталады. 
Ӛндірістік үрдіске қатысты бақылау кіруші, операциялық, шығушы болып 
үш  топқа  бӛлінеді.  Кіруші  бақылау  дегеніміз  кәсіпорынға  келіп  түсетін 
материалдық-техникалық  жабдықтау  элементтері  мен  сыртқы  серіктестік 
байланыстарды  бақылау  жұмыстарын  жатқызатын  болса,  операциялық 
бақылауға  ӛнімді  ӛндіру  және  құрастырудың  барлық  сатыларын  бақылау 
жатады,  шығушы  бақылауға  дайын  ӛнімді,  жиынтық  бірлікті,  аяқталған 
дайын бӛліктерді бақылау жатады. 
Атқаратын  міндетіне  қарай  бақылау  ағындық,  қабылдау,  инспекциялық 
болып  тағы  үш  топқа  бӛлінеді.  Ағындық  (ескерту)  бақылауға  ӛндірістегі 
ақауды  болдырмау  мақсатында болатын  бақылау  түрін  айтады;  қабылдауды 

69 
 
бақылау  іске  жарайтын  еңбек  заттарын  қабылдау  және  олардың  ақауларын 
анықтау  үшін  жүргізілетін  бақылау  жатады;  инспекциялық  бақылау  ӛнім 
сапасын  бақылаушылардың  жұмыс  сапасын  бағалаумен  айналысатын 
қызметкердің  жұмысын  айтады  (мысалы,  бақылаушылардың  жұмысын 
бағалаушы  қызметкер,  ӛзін-ӛзі  бақылаушы,  технологиялық  тәртіпті 
қадағалаушы және тағы басқалар болып бӛлінеді). 
Объектіні  қамту  дәрежесіне  байланысты  бақылау  жалпы  –  дайындалатын 
ӛнім немесе объектілердің бәрін тексеру; таңдамалы - дайындалатын ӛнімнің 
немесе объектінің бір бӛлігін тексеру болып екіге бӛлінеді. 
Бақылау  операцияларын  жүргізу  орнына  байланысты  стационарлық  және 
жылжымалы болып бӛлінеді. 
Стационарлық  бақылау  дегеніміз  арнаулы  бақылау  пункттерінде 
бақылаушылардың  жұмыс  істеуін  айтады;  жылжымалы  бақылауға  негізгі 
жұмысшылардың  жұмыс  орындарында  бақылау  жұмыстарын  жүргізуді 
жатқызады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал