Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 4.51 Kb.

бет5/10
Дата22.04.2017
өлшемі4.51 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары:
 
 
1.
 
Сериялық 
және 
массалық 
ӛндірістерде 
қандай 
технология 
дайындалады? 
2.
 
Жаңа ӛнімді жасау технологиясын таңдауда негізгі критерий болып не 
табылады? 
3.
 
Технологиялық ӛзіндік құн (Ӛқ) мына формула бойынша анықталады
4.
 
Критикалық бағдарлама (Бк) мына формула бойынша анықталады
5.
 
Критикалық бағдарлама мәні? 
6.
 
Құралдар бӛлімінің қызметіне жатпайтындар? 
7.
 
Цехтың айналым қорына не кірмейді? 
8.
 
Құралдарға деген жалпы сұраныс қалай анықталады? 
 
 

51 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
 
 
Лекция № 6 
6 тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметін ҧйымдастыру 
негіздері 
 
Лекция мақсаты:ӛндірісті инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздерін 
анықтау. 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
Ғылыми-зерттеулік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды 
ұйымдастыру 
2.
 
Техникалық дайындауды жоспарлау 
3.
 
Жүйелік жоспарлаудың әдістері 
 
Ӛндірісті  ғылыми-технологиялық  дайындау  деңгейі  негізгі  ӛндірістің 
ӛнімді  дайындаудағы  тиімділігін  арттырады  және  оның  берілген 
тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, ӛндірістің ырғақты жұмыс істеуіне 
мүмкіндік береді. 
Ӛндірісті  ғылыми-технологиялық  дайындау  деп  ӛндірісте  ӛнім  ӛндіру 
жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мӛлшерлі-
технологиялық шаралар кешенін айтады. 
Мӛлшерлі-технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады. 
Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар сатысында технологиялық үрдістерді 
ұйымдастыру,  негізгі  ӛнімнің 
сызбаларын, 
технологиялық  құрал-
саймандарды,  стандартқа  сәйкес  емес  құрал-жабдықтарды,  ӛнімнің  сапасын 
техникалық  бақылау  жэне  сынау  үшін  құралдарды  және  тасымалдау 
құралдарын  орналастыру  мен  жіберу  жұмыстарын  дайындау  және  жетілдіру 
жатады.  Осы  сатыда  тәжірибе  жұмыстары  жүргізіледі.  Стандартқа  сәйкес 
емес  құрал-жабдықтардың  және  технологиялық  құрал-саймандардың  жеке 
құрамдас  бӛліктерінің  жұмысын  тексеру,  модельдер  мен  үлгілер  дайындау 
жұмыстары орындалады. 
Тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстар 
сатысы 
болашақ 
ӛнімнің 
техникалық деңгейінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді. 
Келесі  сатыларда  кемшіліктерді  болдырмау  үшін  жаңа  техниканың 
конструкторлық  шешімдері  мен  негізгі  техникалық  параметрлерінің  негізі 
қаланады. 

52 
 
Технологиялық  құжаттама  (технологиялық  үрдістер,  технологиялық 
шарттар, ӛндірістік нұсқаулар, стандартқа сәйкес келмейтін құрал-жабдықтар 
мен технологиялық жабдықтардың сызбалары) кәсіпорынның технологиялық 
қызмет орындарында дайындалады. 
Тәжірибе-конструкторлық  жұмыстар  алынған  ғылыми  нәтижелер 
стандартқа  сәйкес  келмейтін  құрал-жабдық  және  технологиялық  жабдықтар 
ӛндірісі  сатысында  жүзеге  асады.  Аталған  жабдықтау  құралдарының 
дайындалуының  сапасы  мен  беріктілігіне  соңғы  ӛнім  агрегаттары,  түйіндері 
мен бӛліктерінің сапасы тығыз байланысты болады. 
Ӛндірісті 
ғылыми-технологиялық 
дайындау 
деңгейі 
кӛптеген 
факторлармен 
тығыз 
байланысты 
болады. 
Оларға 
техникалық, 
экономикалық, ұйымдастыру әлеуметтік факторлар жатады. 
Техникалық  факторларға  -  типтік  жэне  стандартты  технологиялық 
үрдістерді  жасау  және  жетілдіру;  технологиялық  жабдықтардың  стандартқа 
сай  және  унифицирленген  құралдарын  пайдалану;  автоматтандырылған 
жобалау  жүйесін  қолдану;  технологиялық  жабдықтарды  қолдану;  ӛндірісті 
автоматтандырылған  жүйемен  басқаруды  қолдану;  бӛліктерді  ӛңдеудің 
механикалық  және  термиялық  ӛңдеудің  прогрессивті  тәртібін  қолдану; 
прогрессивті  технологиялық  әдістерді  қолдану;  ұнтақты  металлургия, 
элекфофизикалық,  электрохимиялық  және  т.б.  әдістерді  дайындау;  сапаны 
тексеруде  белсенді  жэне  объективті  техникалық  тексеру  құралдарын 
пайдалану;  технологиялық  құралдарды  ӛндірудің  және  жобалаудың  торлық 
сызбасын бақылауды автоматтандыру және т.б. жатады. 
Экономикалық  факторларға  -  ӛндірісті  технологиялық  дайындау 
жұмыстарының кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген 
несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудін ынталандыру қорын құру жэне 
тағы басқалар жатады. 
Ұйымдастыру  факторларының  құрамына  ӛндірісті  мамандандыруды 
дамыту  жэне  терендету,  негізгі  ӛндірістің  алғашқы  ӛнімдер  партиясының 
немесе  тәжірибелік  үлгісінің  сапасы  бойынша  стандартты  емес  құрал-
жабдықтардың,  технологиялық  жабдықтардың  сапасын  аттестациялау, 
кӛмекші  ӛндірісті  ұйымдастыруды  жақсарту,  негізгі  жэне  кӛмекші  ӛндіріс 
арасындағы 
қарым-қатынасты 
жетілдіру, 
зауытаралық, 
зауытішілік, 
салааралық кооперациялауды кеңейту кіреді. 
Әлеуметтік факторлар қатарына орындаушылар мамандығын кӛтеру, еңбек 
жағдайын  жақсарту  мақсатында  ӛндірістік  және  кӛмекші  операцияларды 
механикаландыру  және  автоматтандыру,  әлеуметтік  ӛрісті  дамыту,  ұжымда 
психологиялық  атмосфераны  жақсарту  саналады.  Ӛндірісті  технологиялық 
дайындау  жеке  ӛндірістік  бӛлімдерді  техникалық  жарақтандыру,  ӛндірісті 
кеңейту,  сонымен  қатар  құрал-жабдықтарды  модернизациялауды  алдын  ала 
қарастырады.  Жоғарыда  аталғандар  конструкторлық,  технологиялық 
дайындау,  дайындық  және  ӛндірісте  ӛнімді  ӛндіру  шаралары  кәсіпорынның 
ғылыми-техникалық дамуының негізі болып қаланады. 

53 
 
Ӛндірісті ғьшыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда стандарттар 
жүйесі  бойынша  мӛлшерлер,  ережелер  және  талаптарға  сәйкес  орындау 
қажеттілігі пайда болады. 
 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
 
1.
 
«Тапсырыс нүктесі» құралы қандай формуламен анықталады? 
2.
 
Станоктың кезектегі жӛндеу түрін анықтау үшін, білу керек? 
3.
 
Жӛндеу циклі – бұл? 
4.
 
 Жӛндеу  аралық  және  тексеру  аралық    периодтар  жӛндеу  циклінің 
ұзақтығы немен анықталады? 
5.
 
 Кәсіпорынның жүк айналымы анықталады? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
 
 
Лекция № 7 
7 тақырып. Ӛнім сапасын бақылауды ҧйымдастыру 
 
Лекция мақсаты:ӛнім сапасынбақылауды ұйымдастырудың мағынасын 
білу, ӛнім сапасын басқарудың жүйесі мен кӛрсеткіштерін білу; 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
Ӛнім сапасы, кӛрсеткіштері және оны бағалаудың деңгейі 
2.
 
Ӛнім сапасын басқарудың жүйесі 
3.
 
Кәсіпорынды техникалық басқаруды ұйымдастыру
 
 
Кәсіпорында  жӛндеу  шаруашылығын  құрудың  басты  мақсатына  негізгі 
ӛндірістік  қорларды  ұтымды  пайдалану  жатады.  Жӛндеу  шаруашылығының 
негізгі міндеттеріне: 

 
негізгі  ӛндірістік  қорларды  жӛндеу  және  оларға  техникалық  қызмет 
кӛрсету жұмыстарын жүргізу; 

 
кәсіпорынның  ӛзі  дайындаған  немесе  жаңадан  сатып  алынған  құрал-
жабдықтарын орнату; 

 
қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау; 

 
қосымша  бӛліктерді  және  түйіндерді  дайындау,  оларды  сақтау 

54 
 
жұмыстарын  ұйымдастыру,  жӛндеу  және  техникалық  қызмет  кӛрсету 
жӛніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау; 

 
жӛндеу  жұмыстарының  тиімділігін  арттыру  жӛнінде  шаралар  дайындау 
жатады. 
Кәсіпорынның  жӛндеу  шаруашылығының  құрамына  бас  механик  бӛлімі, 
жӛндеу-механикалық  цехы,  майлау  жэне  эмульсиялық  шаруашьшық,  құрал-
жабдықтар мен бӛлшек бӛліктер қоймасы кіреді. 
Цехтарда  цех  механиктері  басқаратын  цехтың  жӛндеу  қызмет  орындары 
ұйымдастырылады. 
Бас 
механик 
бӛліміне 
құрал-жабдықтарды 
күтумен 
және 
модернизациялаумен, жӛндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын 
дайындаумен  айналысатын  конструкторлық-технологиялыц  бӛлім,  жӛндеу 
жұмыстарын  материалдармен  қамтамасыз  ететін  жэне  жӛндеу  жұмыстарын 
диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын  жоспарлоу-ӛндірістік  бӛлімі, 
кәсіпорында  жоспарлы-ескерту  жӛндеу  жұмыстарының  жүйесін  сақтауды 
бақылаумен  және  жалпы  басшылыққа  алумен  айналысатын  жоспарлы-
ескерту  жӛндеу  бӛлімдері  кіреді.  Жалпы  кәсіпорынның  түріне  байланысты 
жӛндеу  шаруашылығының  құрамы,  ұйымдастыру,  басқару  ерекшеліктері 
ӛзгеріп  отырады.  Жұмысты  орындау  барысында  еңбек  құралдарының  бір 
бӛлігі  тозуға  ұшырайды.  Олардың  қызмет  істеу  қабілеттілігін  кӛтеру  және 
пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады. 
Ӛндірістік  кәсіпорындарда  негізгі  қорлардың  барлық  түрлерін  қалпына 
келтіруге  жэне  қолдауға  бағытталған  ұйымдастырушылық  шешімдер,  бір-
бірімен тығыз байланысты ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды 
жӛндеу және техникалық қызмет кӛрсету жүйесі қалыптасады. 
Техниканы жендеу жэне негізгі қорларға қызмет кӛрсету жүйесінің негізгі 
түріне  қүрал-жабдықтарды  жоспар  бойынша  алдын  ала  жӛндеу  жүйесі 
жатады. 
Құрал-жабдықтарды  жоспарлы  түрде  алдын  ала  жӛндеу  жүйесі  құрал-
жабдықтарды  жӛндеу,  бақылау,  күтуге  байланысты  шаралар  жиынтығын 
қамтиды.  Осы  жүйенің  құрамына  құрал-жабдықтарды  күту,  жӛндеуаралық 
қызмет  керсету,  мерзімді  жӛндеу  операциялары  кіреді.  Құрал-жабдықтарды 
күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін 
қолдау  үшін  сүрту,  майлау,  жұмыстарын  жүргізу  кіреді.  Бұл  жұмыстардың 
барлығы  дерлік  ӛндірістің  дұрыс  ұйымдастырылуы  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Жӛндеуаралық  қызмет  кӛрсету  жұмыстары  құрал-жабдықтардың  күйін 
бақылау  үшін  жұмысшылар  оларды  пайдалану  тәртібін  қадағалау  арқылы 
механизмдерді  ӛз  уақытында  реттеу,  бұзылған  ұсақ  бӛліктері  мен 
бӛлшектерін  жӛндеу  жұмыстарын  жүргізіп  отыруы  тиіс.  Мұндай 
жұмыстарды  жӛндеу  қызметінің  кезектегі  жұмысшылары  орындайды.  Олар 
құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе 
жұмыстан  тыс  уақытта  тазалап,  күтіп, сүртіп  жэне  жӛндеудің  ұсақ  түрлерін 
орындап отырады. 

55 
 
Агрегаттардың  жұмыс  істеуін  қалпына  келтіру  үшін  орындалатын 
агымдық  жӛндеу  жӛндеудің  кӛлемі  жағынан  ең  қарапайым  түрі  болып 
саналады.  Оған  машинаның  жеке  бӛлшектері  мен  бӛліктерін,  түйіндерін 
қалпына келтіруге бағытталған жӛндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын 
жатқызуға болады. 
Орташа  жӛндеудің  ағымдық  жӛндеуден  айырмашылығы  ауыстыруға 
арналған белшектердің саны мен кӛлемінің кӛбірек болуымен ерекшеленеді. 
Күрделі  жӛндеуге  агрегаттың  кез  келген  бӛліктерін  ауыстыра  отырып 
толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады. 
Күрделі  жӛндеудің  негізгі  міндетіне  құрал-жабдықты  бастапқы  қалпына 
келтіру мақсатында оның техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету 
және  еңбек  ӛнімділігін  арттыру,  құралдардың  жұмыс  істеу  дәлдігінің 
стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету саналады. 
Алдын  ала  жүргізілетін  жӛндеу  жұмыстары  жӛндеу  циклының  ішінде 
жӛндеудің  тек  екі  түрін,  яғни  ағымдық  және  күрделі  жӛндеу  жұмыстарын 
жүргізуден  тұрады.  Мұндай  кезде  күрделі  жӛндеу  құрал-жабдықтарды 
модернизациялаумен  қатар  жүреді.  Күрделі  жӛндеуді  ұйымдастыруды 
орталықтан  жүргізу  дәрежесіне  қарай  үш  түрге  бӛлуге  болады:  орталықта 
жүргізу,  жан-жақта  жүргізу  және  аралас  жӛндеу  жұмыстары.  Орталықта 
жүргізілетін  жӛндеу  жұмыстары  бойынша  жӛндеудің  барлық  түрлерін 
жӛндеу-механикалық  цехтар  ӛз  күшімен  жүргізеді,  жан-жақта  жүргізілетін 
жӛндеу  жұмыстары  цех  механигінің  басшылығымен  цехтың  жӛндеу 
қызметтерінің 
кӛмегімен 
атқарылады. 
Ал 
жӛндеу 
жұмыстарын 
ұйымдастырудың 
аралас 
түрі 
орталықтандырылған 
және 
орталықсыздандырылған жӛндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына 
негізделеді.  Күрделі  жӛндеу  жұмыстарын  жӛндеу-механикалық  цехы 
жүргізеді. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
 
1.
 
Қозғалыс  күшіне  жұмсалған  жылдық  электорэнергия  мына  формула 
бойынша табылады
2.
 
Үздікті  қимылдағы  кӛліктік  құралдардың  саны  қандай  формуламен 
анықталады? 
3.
 
 Кӛліктік    құралдардың  тәуліктік  ӛндірісі  мына  формуланың 
қайсысымен  анықталады? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 

56 
 
Лекция № 8 
8 тақырып.Қоршаған ортаны қорғауды ҧйымдастыру және табиғат 
ресурстарын ҧтымды пайдалану 
 
Лекция  мақсаты:Қоршаған  ортаны  қорғауды  ұйымдастыру  және  табиғат 
ресурстарын  ұтымды  пайдаланумен  таныстыру,  ӛндірістің  дамуы  мен 
ұйымдастырылуын ажырата білуі қажет. 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын 
ұтымды пайдалану 
2.
 
Жоспарлаудың кӛрсеткіші, табиғи ресурстың пайдалануы 
 
Ӛнеркәсіп  кәсіпорындары  инновациялық  техникамен,  технологиямен 
толық  жарақтанып  жатқан  жағдайда  және  барлық  ӛндірістік  үрдістер 
механикаландырылып,  автоматтандырылып  жатқан  жағдайда  түрлі  энергия 
кӛздеріне,  еңбектің  қуатпен  қамтылуына  және  еңбек  жағдайын  жақсартуға 
байланысты  шараларды  жүзеге  асыруда  электр  қуатына  деген  қажеттілік 
үздіксіз артып отырады. 
Энергетика  шаруашылығының  негізгі  мақсатына  осы  қызметті  атқарушы 
жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бӛлімшелерін 
қажетгі  энергетикалық  ресурстардың  түрлерімен  қамтамасыз  ету  қажеттігі 
туындайды. Оған қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс: 

 
жалпы  ӛндіріске  қажетті  энергияны  сырттан  қабылдау  және 
кәсіпорынның ӛз күшімен ӛндірілетін энергияның жеке түрлерін іздестіру; 

 
кәсіпорынның  барлық  бӛлімшелерінде  энергияны  ұтымды  пайдалануды 
ұйымдастыру және жоспарлау; 

 
энергетикалық  құралдарды  ұтымды  пайдалануды  бақылау,  оларға 
техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеуді бақылау; 

 
энергоресурстарды үнемдеу шараларын дайындау және жүргізу. 
Қазіргі  жағдайда  энергоресурстардың  негізгі  кӛзі  болып  кәсіпорындарды 
ӛз  энергия  кӛздерімен  қамтамасыз  етуі  саналады.  Кәсіпорынның  ӛз 
энергоресуртарымен жабдықталуы оған жоғары сапа, тӛмен баға жэне сенімді 
қызмет кӛрсетуді қамтамасыз етеді. 
Энергияны  кәсіпорын  ӛз  күшімен  ӛндіруі  орталықтан  жабдықтаудың 
кәсіпорын  үшін  тиімсіз,  техникалық  жағынан  мүмкіндігі  тӛмен  болған 
жағдайда ғана қажет болады. 
Кәсіпорынның энергетика шаруашылығының құрамына жылу күштік, газ, 
әлсіз тоқты, электр жӛндеу бӛлімшелері жатады. 
Жылу  күштік  бӛлімшесі  қазандық,  компрессорлық  қондырғы,  жылу  және 
канализациялық, су қондырғысын камтиды. 
Электр  күштік  бӛлімше  тӛмендетуші  подстанция,  электр  желілері  мен 
трансформаторлық  қондырғыларды  біріктіреді.  Оның  негізгі  міндеті  – 

57 
 
кәсіпорынның  барлық  бӛлімшелерін  электр  энергиясымен  қамтамасыз  ету 
болып табылады. 
Газ  болімшесі  ӛндірістік  желдеткішті  кӛміртекті  және  ацетилин 
станцияларды,  тоңазытқыш  қондырғыларды,  газ  топтарын  қамтиды.  Ол 
ӛндірісті  кӛміртекпен,  ацетиленмен  және  тағы  басқа  газдармен  қамтамасыз 
етеді. 
Әлсіз тоқты бӛлімшеге зауыттың телефон және радио тораптар байланысы 
жатады.  Бұл  берілген  тәртіпте  кәсіпорынның  тоқтаусыз  жұмыс  істеуіне 
ықпалын тигізеді. 
Электрлік  жӛндеу  бӛлімшесі  (цех)  электрлік  кұралдарды  және  электр 
аппаратураларын жӛндеуде техникалық құралдармен қамтамасыз етуден және 
онда жұмыс істейтін мамандардан тұрады. Ірі кәсіпорындарда энергетикалық 
шаруашылықты бас энергетик басқарады. 
Энергетика  шаруашылығын  ұйымдастыру  және  жоспарлауда  энергияның 
түрлері  бойынша  кәсіпорынның  энергетикалық  балансының  жиынтығын 
есептеу  ең  басты  мәселе  болып  саналады.  Энергетикалық  баланс  кіріс  жэне 
шығыс бӛлімдерінен тұрады. Кіріс бӛлігінде энергия кӛздерінен энергияның 
жалпы  түсімі,  шығыс  бӛлігінде  оның  түрлері  мен  тұтынушылары  бойынша 
энергияны пайдалану бағыттары кӛрсетіледі. 
Энергетикалық  баланстың  құрамына  жалпы  энергияның  түсімі,  оның 
түрлері  бойынша  пайдалану  бағыттары,  энергия  таратудың  жеке  түрлері 
бойынша  шығындар  және  пайдалану  тиімділігі  кіреді.  Соның  негізінде 
энергияны  ӛндіру  және  қолдану,  жоспар  жылындағы  материалдық 
ресурстарға  және  мамандарға  қажеттілік,  ресурстарды  пайдалану  тиімділігі 
әзірленеді. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру тиімділігін сипаттаушы 
негізгі  техника-экономикалық  кӛрсеткіштерге  мыналар  жатады:  энергия 
түрлері  бойынша  тораптардағы  шығындар  коэффициенттері,  энергия 
жабдықтарын  пайдалану  тиімділігі,  отынды  және  басқа  бастапқы 
материалдарды  абсолютті  тұтыну  және  олардың  энергияның  белгілі  бір 
түрінің бірлігіне үлестік шамамен жұмсалуы, энергияның әрбір түрінің толық 
ӛзіндік  құны,  еңбекті  энергиямен  жабдықтау  және  жұмысшыларды 
энергиямен қаруландыру коэффициенттері. 
Ӛнеркәсіптік 
ӛндіріс 
энергия 
ресурстарын 
кӛп 
пайдаланатын 
тұтынушыларға  жатады.  Сондықтан  ӛнеркәсіптік  кәсіпорындарда  энергия 
ресурстарын  үнемді  пайдалану  шараларын  дәйекті  жүргізу  экономика  үшін 
маңызы зор мәселе болып табылады. 
Пайдалану  бағытына  қарай  энергиялар  технологиялық,  двигательдік, 
жарықтандыру  және  жылыту  энергиялары  болып  бӛлінеді.  Барлық  аталған 
бағыттар бойынша энергияны ұтымды тұтынудың негізгі жолдарына энергия 
мен  отынның  тікелей  шығындарын  тӛмендету,  энергия  тарату  жүйелерін 
дұрыс  таңдау,  қайталама  энергоресурстарын  пайдалану,  негізгі  ӛндірісті 
ұйымдастыру және технологияны жетілдіру, отын мен энергияны үнемдеудің 
жалпы шаруашылық шаралары жатады. 

58 
 
Технологиялық  және  энергетикалық  құрал-жабдықтардағы,  құбырлардағы, 
тораптардағы энергия мен отынның тікелей шығындарын азайту шараларына 
пайдалану кезінде болатын ӛзгерістерге сәйкес профилактикалық шараларды 
жүргізуді жүйелі түрде бақылауды талап етеді. 
 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Үздіксіз  қимылдағы  қимылдағы  кӛліктік  құралдардың  саны  қандай 
формуламен анықталады? 
2.
 
 Қоймадағы жүк қорының жалпы кӛлемі неден жинақталады? 
3.
 
 Қойма ауданының жалпы ауданы келесі аудандардан жинақталады; 
4.
 
 Қойманың оперативті кӛлеміне не кіреді? 
5.
 
 Қойманың  ауданын  пайдалану  коэффиценті  қандай    қатынаспен 
анықталады? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
 
Лекция № 9 
9 тақырып Ӛндірістік инфрақҧрылымның мазмҧны мен міндеттері 
 
Лекция мақсаты:Ӛндірістік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттерімен 
таныстыру, ӛндірістің дамуы мен ұйымдастырылуын ажырата білуі қажет. 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
«Ӛндірістік инфрақұрылым» түсінігі 
2.
 
Ӛндірістің техникалық қызметінің мазмұны мен мағынасы 
3.
 
Техникалық  қызметті  ұйымдастырудың  негізгі  талаптары  және 
қағидалары 
 
Кәсіпорында  ӛндірістік  үрдісті  жүргізу  үшін  шикізат,  материалдар, 
құраушы  ӛнімдер  пайдаланылады.  Жалпы  ӛндіріс  үрдісінде  кӛп  мӛлшердегі 
еңбек  кұралдарын  пайдалану  үшін  оларды  тасмалдаумен  қатар,  ӛнім  дайын 
болғаннан  кейін  оны  кәсіпорыннан  сыртқа  тасып  әкетуі  қажет.  Міне, 
осындай  барлық  тиеу-түсіру,  тасымалдау  жұмыстарын  кәсіпорынның  кӛлік 
шаруашылығы  атқарады.  Ал  оны  ұйымдастыру  деңгейі  ӛндірістің  техника-
экономикалық  кӛрсеткіштеріне  елеулі  ықпал  етеді.  Мұны  тек  кӛлік 
шығындарының ӛнімнің ӛзіндік құнындағы алатын үлкен үлесімен ғана емес, 

59 
 
сонымен  қатар  осы  аталған  жұмыстардың  материалдық  құндылықтардың 
тасымалдау кӛрсеткіштері мен сақталуына қалай әсер ететіндігінен де кӛруге 
болады.  Бұған  қоса  кӛлік  шаруашылығының  ұйымдастырылу  дәрежесі 
ӛндірістік  циклдың  ұзақтығына  және  соның  нәтижесінде  аяқталмаған 
ӛндірістегі айналым қаражаттарының мӛлшеріне тигізетін әсері жоғары. 
Кәсіпорынның кӛлік шаруашылығының міндетіне барлық тиеу-түсіру және 
тасымалдау жұмыстарын уақтылы, сапалы және үнемді жүргізу жатады. 
Кәсіпорында пайдаланылатын кӛлік қызмет кӛрсету аумағына қарай: 
-
 
сыртқы,  яғни,  оған  кәсіпорынның  сыртқы  жабдықтаушыларымен  және 
ӛнімді  тұтынушыларымен  байланысын  қамтамасыз  ететін  кӛлік  түрлері 
жатады.  Мұндай  тасымалдаулар  әдетте  орталықтандырылған  тасымал 
қызметтерінің күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады
-
 
цехаралық,  яғни,  жүктерді  цехтар  арасында  тасу  және  жүктерді  бір 
қоймадан  екінші  қоймаға  және  кәсіпорын  цехтарына  тасуға  арналған  кӛлік 
болып бӛлінеді; 
-
 
цехішілік,  яғни  бір  цех  ішінде  ғана  тасымалдау  жұмыстарын 
орындайтын кӛліктерді айтады. 
Кӛліктің бұл түрі технологиялық үрдістің ажырамас бӛлігі болып саналады 
және  еңбек  заттарының  жұмыс  орындары  мен  цех  учаскелері  арасында 
тасымалдау жұмыстары үшін қолданылады. 
Кәсіпорынның  кӛлік  шаруашылығы  барлық  тиеу-түсіру  және  тасу 
жұмыстарының  сипатын  айқындайтын  кешенді  технология  негізінде 
ұйымдастырылуы тиіс. 
Кәсіпорында ӛндірілетін ӛнім сипатына, оның дайындалу  технологиясына 
қарай түрлі тасымалдау құралдары қолданылады: 
рельсті  және  рельссіз  жүретін  кӛлік,  автомобильдер,  конвейерлер  және 
транспортерлер, түрлі арбалар, лифттер, лебедкалар, аспалы жолдар, крандар, 
тасу құралдары және т.б. 
Кәсіпорындағы  тасымалдау  жұмыстарының  кӛлемі  кӛлік  құралдарына 
деген  қажеттілік  және  жүктерді  тасымалдауды  ұйымдастыру  жүк  айналымы 
мен жүк ағынының есебі негізінде анықталады. 
Жүк  айналымы  деп  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  белгілі  бір  бӛлімше 
шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын атайды. 
Жүк  ағыны  дегеніміз  -  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  тиеу-түсіру 
пунктерінің  арасындағы  бір  бағыттағы  тасымалданатын  жүк  саны.  Жүк 
ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын құрайды. 
Жүк  ағынының  кестесін  тиімді  күру  деңгейі  кӛлік  қызметтерінің 
үнемділігіне  ықпал  етеді.  Жүк  ағынының  кестесін  құруда  негізінен  жүкті 
тасымалдаудың  ең  қысқа  жолдары,  қарама-қарсы  тасымалды  болдырмау, 
кӛлік құралдарының бос жүрмеуін болдырмау шаралары қарастырылады. Ірі 
кәсіпорындарда  жүк  ағынының  кестелері  экономико-математикалық  әдіс 
бойынша және компютерлік технология кӛмегімен атқарылады. 
Кӛлік  шаруашылығын  жетілдірудің басты  бағыттары  болып  барлық тиеу-
түсіру, тасымалдау жүмыстарын автоматтандыру, механикаландыру негізінде 

60 
 
қол еңбегін мейлінше азайту, жүктердің жеткізілу пунктерін автоматты түрде 
белгілеу  жүйелерін  қолдану,  ӛнеркәсіптік  манипуляторларды  қолдану, 
теледидар арқылы басқарылатын кӛлік құралдарын қолдану болып табылады. 
Сыртқы  және  цехаралық  кӛлік  жұмысын  кәсіпорынның  кӛлік  бӛлімі 
басқарады.  Бӛлім  кӛліктің  барлық  түрлері  бойынша  тиеу-түсіру,  тасу 
жұмыстарын  жоспарлайды,  кәсіпорынға  әкелетін  жүктердің  тасылуын 
қамтамасыз  етеді,  цехаралық  тасымалды  және  дайын  ӛнімнің  кәсіпорыннан 
сыртқа әкетілуін ұйымдастырады. 
Цехішілік  кӛлік  әдетте  цехтің  жоспарлы-диспетчерлік  бюросының 
қарауында болады. 
Кӛлік  қызметін  техника-экономикалық  жоспарлау  бес  жылдық  жоспар 
құрудан  және  тоқсандарға  бӛлінген  жылдық  жоспар  жасаудан  тұрады. 
Жоспарды  құру  барысында  жүк  айналымы  мен  жүк  ағындары  есептеледі, 
тиеу-тасу жұмыстарының кӛлемі, кӛлік құралдарына, материалдарға, жұмыс 
күшіне, еңбекақы қорына және тағы басқаға қажеттілік есептелінеді. Осының 
негізінде  кӛлік  және  тасымал  жұмыстарының  ӛзіндік  құнын  калькуляциялау 
және шығындар кестесі жасалынады. 
Кәсіпорынның  кӛлік  шаруашылығын  ұйымдастыру  деңгейі  мынадай 
жалпылама 
кӛрсеткіштермен 
сипатталады: 
кӛлік 
шаруашылығы 
жұмысшыларының жалпы ӛндірістік және қосалқы жұмысшылар санындағы 
орташа  үлес  салмағы,  кӛлік  құралдарының  кәсіпорынның  жалпы  құралдары 
құнындағы  орташа  үлес  салмағы,  кӛлік  құралдарының  жүк  кӛтергіштік 
уақыты және тағы басқа кӛрсеткіштер. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал