Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 4.51 Kb.

бет4/10
Дата22.04.2017
өлшемі4.51 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекция сҧрақтары: 

42 
 
 
7.
 
Кәсіпорынның жалпы және ӛндірістік құрылымы туралы түсінік 
8.
 
Ӛндіріс құрылымының түрлері мен нысаны  
9.
 
Кәсіпорын құрылымын сипаттайтын кӛрсеткіштер
 
 
Әрбір 
кәсіпорын 
ӛндірістік 
бӛлімшелерден, 
яғни 
цехтардан, 
шаруашылыкқа 
қызмет 
кӛрсететін 
белімшелерді 
үйымдастырумен 
айналысатын мекемелер және басқару органдарынан құралады. 
Ӛндірістік  бӛлімшелер,  жұмыскерлерге  қызмет  керсету  орындары, 
кәсіпорынды  басқару,  ұйымдастыру  кешені,  олардың  саны,  бір-бірімен 
байланысы, ӛндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, 
ӛнімді  ӛндіру  қабілеті,  мұның  бәрі  кәсіпорынныц  жалпы  құрылымын 
құрайды. 
Кәсіпорынның  ӛндірістік  бӛлімшелері,  цехтар,  бӛлімшелер,  қызмет 
кӛрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (ӛндірістік үрдіске тікелей 
немесе  жанама  қатысушы)  арасыңдағы  байланыстар  жиынтығы  ӛндірістік 
құрылымды құрайды. 
Ол  еңбек  ӛнімділігінің,  ӛндіріс  шығындарының  деңгейін,  материалдық 
ӛндірістің  техника-экономикалық  жэне  географиялық  жағдайы  мәліметтері 
бойынша табиғат байлықтарын жэне техникалық тиімділігін анықтайды.
 
Кәсіпорынның  ұтымды  ӛндірістік  құрылымын  құру  келесі  тәртіппен 
жүргізіледі: 
а)  кәсіпорынның  цехтар  құрамын  және  оның  берілген  ӛнімді 
ӛндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау; 
ә)  әрбір  цехтың  және  қоймалардың  орналасатын  ӛндірістік  аландарын 
есептеу; 
б)  кәсіпорынның 
ішіндегі 
барлық 
тасымалдау 
жұмыстарының 
сыртқы жалпы орталық жолдармен ӛзара байланысын жоспарлау; 
в)  ӛндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар 
арасындагы ең қысқа маршрутын белгілеу және с.с. 
Ӛндірістік  бӛлімшелерге  -  цехтар,  бӛлімшелер,  негізгі  ӛнімді  сынау, 
бақылау,  тексеру  жүргізетін  зертханалар,  комплектілік  бұйымдарды, 
материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жӛндеуге және 
бұйымдарға  қызмет  кӛрсету  үшін  қажетгі  запас  бӛліктері,  технологиялық 
мақсаттар  үшін  керекті  ӛндірілетін  энергияның  түрлері  жэне  тағы  басқалар 
жатады. 
Жұмыскерлерге қызмет кӛрсететін бӛлімшелерге тұрмыстық-коммуналдық 
бӛлімдер, олардың қызмет  түрлері,  асханалар,  буфетгер, бала-бақшалар  мен 
демалыс  үйлері,  профилакторийлер,  дәрігерлік  пункттер,  спорт  қоғамдары 
ӛндірістік біліктілікті кӛтерумен айналысатын техникалық оқыту бӛлімі мен 
оқу орындары жатады. 
Ӛндірістік  үрдістің  жіктелуі  де  кәсіпорынның  ӛндірістік  құрылымын 
кӛрсетеді.  Ӛндірісті  ұтымды  ұйымдастыру  және  ыңғайлы  басқару  қағидасы 
бойынша кәсіпорынның ӛзара байланысты бӛлімшелерінің жекелену жүйесі де 

43 
 
оның құрылымын анықтайды. Осыған орай ӛндірістегі мынадай бӛлімшелерді 
атап ӛтуге болады: кэсіпорын, ӛндірістік бірліктер, цехтар, ағындық жүйелер, 
секциялар (бӛлімшелер), жұмыс орындары. 
Кәсіпорынның  негізгі  құрылымдық  бӛлімшесіне  цех  жатады.  Цехта 
маманданудыц заттың белгісіне қарай толық ӛндірістік үрдіс орындалады да, 
ӛнім  ӛндірудің  кӛп  бӛлігі  немесе  толық  ӛндіру  жұмыстары  жүзеге 
асырылады.  Цехтардың  ӛндірістік-шаруашылық  дербестік  белгілері  болуы 
керек. 
Ағындық  жүйе  -  ӛндірісті  ұйымдастырудың  негізгі  объектісі.  Ағындық 
жүйе  бірнеше  секцияларға  бӛлінеді.  Секция  еңбек  заттарына  әсер  етудің 
жалпы  сипаты  бар  бірнеше  операцияларды  біріктіру  арқылы  құрылады.  Ал 
әрбір  секция  бірқатар  жұмыс  орындарынан  құралады.  Жұмыс  орындарында 
арнайы жұмыс орындалып, ӛнімнің жаңа құны пайда болады. 
Кәсіпорынның  ӛндірістік  құрылымы  кәсіпорында  орындалатын  жеке 
ӛндірістік  үрдістердің  ӛзара  байланысты  бӛліктерінің  ұйымдастыру-
техникалық белгілеріне қарай бӛліну жүйесін анықтайды. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Тұтыну 
шикізатының 
сипатына 
қарай 
кәсіпорын 
қалай 
классификацияланады? 
2.
 
Дайын 
ӛнімді 
белгілеу 
үшін 
кәсіпорын 
қалай 
классификацияланады? 
3.
 
Ӛнімді 
шығару 
типі 
бойынша 
кәсіпорын 
қалай 
классификацияланады? 
4.
 
Кәсіпорынның жалпы құрылымын  қандай бӛлімшелер құрайды? 
5.
 
Цехтың құрылымы қандай бӛлімшелерді қамтиды? 
6.
 
Корпустық құрылым қандай бӛлімшелерді қамтиды? 
7.
 
Кәсіпорынның басты жоспарының ұғымы ? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
Лекция № 3 
3 тақырып.Ӛндірістік ҥрдіс және уақыт бойынша оны ҧйымдастыру 
 
Лекция 
мақсаты:Кәсіпорынның 
жалпы 
және 
ӛндірістік 
құрылымыментанысу,  ӛндірістік  құрылымды  анықтаушы  кӛрсеткіштерді 
білу. 
 
Лекция сҧрақтары: 

44 
 
1.
 
Кәсіпорынның үрдісінің жалпы  сипаттамасы және 
құрылымы 
2.
 
Ӛндірістік үрдісті ұйымдастырудың қағидалары  
3.
 
Ӛндірістік үрдісті ұйымдастырудың кӛрсеткіштері 
 
Кәсіпорындардың  ӛндірістік  құрылымының  үш  түрі  бар.  Олар  заттық, 
технологиялық және аралас (заттық-технологиялық)болып келеді. 
Заттық  құрылымда  кәсіпорынның  негізгі  цехтары,  оның  болімшелерінің 
әрқайсысы  ӛнімнің  бір  түрін,  я  болмаса  оның  бӛлігін  (түйінін,  агрегатын) 
немесе  бӛліктердің  бір  тобын  ӛндірумен  айналысады.  Заттық  құрылым  кӛп 
жағдайда  кӛп  сериялы  және  жаппай  ӛндірісті  құрастыру  цехтарында 
қолданылады.  Заттық  құрылымның  мысалына  автомобиль  зауыттарының 
двигатель,  шасси,  тарату  қораптарын  дайындау,  кузовтар  ӛндіру  цехтары, 
аяқ-киім ӛндірісінде  -  аяқ-киімді құрастыру  (жинақтау)  цехтарын жатқызуға 
болады. 
Заттық  құрылымның  артықшылықтары  ӛте  кӛп.  Ол  цехтар  арасындағы 
ӛндірістік  ӛзара  байланыстарды  жеңілдетеді  және  шектейді,  бӛліктердің 
қозғалу  жолын  қысқартады,  цехаралық  және  цехтың  тасымалдау 
шығындарын  азайтады  және  жұмысын  жеңілдетеді,  ӛндірістік  циклдың 
ұзақтығын  қысқартады,  жұмыстың  сапасын  арттыруда  жұмыскерлердің 
жауапкершілігін арттырады. 
Заттық құрылым құрал-жабдықтарды технологиялық үрдістің орындалуына 
қарай  орналастыруды,  ӛнімділігі  жоғары  станоктар,  құрал-саймандарды  мен 
техникаларды  қолдануды  қамтамасыз  етеді.  Мұның  бәрі  қорыта  келгенде, 
ӛнім  кӛлемін  арттыруға,  еңбек  ӛнімділігін  кӛтеруге  және  ӛнімнің  толық 
ӛзіндік құнын азайтуға кӛмектеседі. 
Технологиялық құрылым ӛндірістің технологиялық даралығын анықтайды. 
Мысалы, оған құю, ұста, кесу, механикалық  құрастыру цехтарын жатқызуға 
болады. 
Ӛндірістік  құрылымның  мұндай  түрі  цехты  басқарушылардың  жұмысын 
жеңілдетеді, 
жұмыскерлерді 
орналастыруда 
және 
ӛнімнің 
бір 
номенклатурасын  ӛндіруден  екіншісіне  ӛту  кезінде  ӛндірісті  қайта  құруда 
жеңілдік  туғызады.  Ал  оның  кемшіліктеріне  бұйымның  қозғалуында  қарсы 
маршруттарының 
пайда 
болуы, 
цехтардың 
ӛзара 
ӛндірістік 
байланыстарының  қиындауы,  құрал-жабдықтарды  қайта  орналастыруда 
уақыт  шығындарының  едәуір  кӛп  жұмсалуы  жатады.  Мұның  бәрі  еңбек 
ӛнімділігінің  артуына  және  ӛнімнің  толық  ӛзіндік  құнын  азайтуға  кедергі 
жасайды. 
Аралас  (заттық-технологиялық)  құрылым  бір  ғана  машина  жасау 
зауытында  негізгі  цехтардың  әрі  заттық,  әрі  технологиялық  қағидаға 
негізделіп  ұйымдастырылуын  сипаттайды.  Мысалы,  машина  жасау 
кәсіпорындарындағы  жалпы  ӛндірістің  дайындау  цехтары  (құю,  ұсталық, 
пресстік  цехтары)  технологиялық  қағидамен,  ал  механикалық-құрастыру 
цехтары  заттық  қағида  бойынша  орналастырылады.  Мұндай  кәсіпорын 

45 
 
түрлері  тек  машина  жасау  ғана  емес,  жеңіл  ӛнеркәсіп  (аяқ-киім,  тігін  және 
жиһаз 
жасау) 
ӛндірістерінде 
қолданылады. 
Ӛндірісті 
осылай 
ұйымдастырудың 
артықшылықтарына 
цехаралық 
тасымалдау 
жұмыстарының  кӛлемінің  азаюы,  ӛнім  ӛндірудің  ӛндірістік  циклының 
ұзақтығының  қысқаруы,  еңбек  жағдайының  жақсаруы,  құрал-жабдықты 
жүктеудің жоғары деңгейі, еңбек ӛнімділігінің ӛсуі, бұйымның толық ӛзіндік 
құнының азаюы жатады. 
Кәсіпорындарда  ӛндірісті  ұйымдастырудың  бірлік  (жеке),  сериялық  және 
жаппай болып үш түрге бӛлінеді. 
Бірлік (жеке) ӛнім ӛндіретін ӛндірісте тек ӛнімнің жеке түрі ғана ӛндіріледі. 
Әрбір  ӛнімді  дайындау  оның  ӛндіріс  жағдайына,  ӛндіру  ерекшелігіне  қарай 
ұйымдастырылады. 
Ал  жаппай  ӛндірісте  ӛнім  кӛптеп  ӛндіріліп,  онда  ӛндірістік  жағдай, 
қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен ӛндеу тәртібі бірдей болып 
келеді. 
Сериялық  ӛндірісте  ӛндірілетін  ӛнімнің  кӛлемі  шектеулі  болып,  ӛндіріс 
берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады. Сериялық ӛндіріс серияның 
шамасына қарай кӛп, орташа және аз сериялы болып үшке бӛлінеді. 
Жеке ӛндіріс әмбебап құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, барлық ӛндіріс 
шығындары  тек  қана  ӛнімнің  бір  түрін  ғана  шығаруға  жұмсалады  да, 
жұмысшылар  сол  ӛнімді  ӛндіруге  мамандандырылады.  Сондықтан 
жұмысшылардың  біліктілігін  жан-жақты  пайдалануға  мүмкіндік  бола 
бермейді.  Сонымен  бірге  ӛндірістің  циклы  ұзақ  болады,  ӛзіндік  құн  тӛмен 
болады. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Үздіксіз қағида түсінігі? 
2.
 
Параллельдік қағида нені білдіреді? 
3.
 
Тура қағида ұғымы? 
4.
 
 Пропорционалды қағида түсінігі? 
5.
 
 Егер  партия  4  бұйым    және  3  операция  енгізсе,  ӛңдеу  ұзақтығы  10,  7 
және 5 минут болса, онда циклдың қолданудағы  еңбек қозғалысының 
параллельді ұзақтығы нені құрайды? 
6.
 
 Егер  партия  4  бұйым    және  3  операция  енгізсе,  ӛңдеу  ұзақтығы  10,  7 
және 5 минут болса, онда циклдың қолданудағы  еңбек қозғалысының 
түрлердің рет бойынша  ұзақтығы нені құрайды? 
7.
 
 Егер  партия  4  бұйым    және  3  операция  енгізсе,  ӛңдеу  ұзақтығы  10,  7 
және 5 минут болса, онда циклдың қолданудағы  еңбек қозғалысының 
аралас түр  ұзақтығы нені құрайды? 
8.
 
Егер  тиімді  жұмыс  уақыты  400  минут,  үзіс  20  минут,  ал  уысым 
тапсырмасы 100 бірлікті құрайды, онда такт үдеріс тең; 
 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 

46 
 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 
 
 
 
Лекция № 4 
3 тақырып. Ӛндірісті ҧйымдастыру тҥрлері мен нысандары 
 
Лекция  мақсаты:ӛндірісті  ұйымдастыру  түрлерімен  таныстыру,  ӛндірістің 
дамуы мен ұйымдастырылуын ажырата білуі қажет. 
 
Лекция сҧрақтары: 
5.
 
Ӛндіріс типтерінің ұйымдастырушылық түрі және оның 
анықтайтын белгілері 
6.
 
Ӛндіріс типтерінің классификациясы және техника-экономикалық 
сипаттамасы 
 
Тиімділік  сӛзі  келесі  мағынаны  береді  –  қатысты  нәтиженің,  үрдістің 
операцияның жобаның нәтижелі болуы. 
 
Кәсіпорынның  нарықтық  ортадаға  қызмет  ету  тиімділігі  –  қызмет 
етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі. 
 
Экономикалық  қызмет  ету  тиімділігі  ӛндірістік  потенциалдың 
пайдалану дәрежесін кӛрсетеді, бұл нәтиженің ӛндірістік шығынға қатынасы 
арқылы  анықталады.  Сол  шығынмен  нәтиже  жоғарылған  сайын  қажетті 
еңбектің  1  теңгеге  жұмсаған  шығының  есебінен  тез  ӛскен  сайын,  немесе 
пайдалы  нәтиженің  бір  бірлігіне  шығын  аз  болған  сайын,  қызмет  ету 
тиімділігі жоғарылай түседі. 
 
Кәсіпорынның қосалқы цехтары мен ӛндірісінің қызмет ету тиімділігі- 
тауар  ӛндіру  мақсатында  ресурстарды  бӛлу  және  қайта  ӛңдеу  бойынша 
қызмет  тиімділігінің  кӛрсеткіші.  Тиімділікті  мына  коэффициент  бойынша 
ӛлшеуге  болады-  шығудағы  ресурстарға  кірудегі  немесе  ӛнім  шығару 
кӛлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы. 
 
Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей  немесе жанама байланысты. Бұл 
сӛздің  негізінде  ресурс  шектеулігі,  уақыты  үнемеу,  қолда  бар  ресурсан 
барынша кӛп ӛнім алу жатыр. 
 
Тиімділік мәселесі – бұл әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай 
ӛнім  түрлерін,  қалай    ӛндіру  қажет,  оларды  қалай  бӛлу  керек,  ағымда  және 
болашақта ресурстардың қандай қӛлемін тұтыну керек. 
 
Тиімділіктің  деңгейі  экономикалық  ӛсу,  ӛмір  сүру  деңгейінің 
жоғарылауы,  инфляция  деңгейінің  тӛмендеуі,  жұмыс  істеу  және  демалыс 

47 
 
жағдайының  жақсаруы  сияқты  әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелерді 
шешіуге әсер етеді.  
 
Тиімділік латынның “effectus” сӛзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал 
ету    дегенді  білдіреді.  Бұрын  тиімділік  сӛзі  техника  мен  технологияға 
жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып 
саналады.  Ӛйткені,  біріншісінде  энергияның  кӛп  пайызы  бекер  жұмсалады. 
Бірақ, физикалық кӛзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті 
жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сӛз, 
яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.  
Экономикалық  қызмет  тиімділігін  жоғарылату  мәселесі  келесі,  әрбір  еңбек, 
материал және қаржы ресурстарының бірілігіне ӛнім ӛндіру кӛлемінің едәуір 
ӛсуін  жүзеге  асыру.  Бұл,  нәтижесінде,  еңбек  ӛнімділігінің  жоғарылауын 
кӛрсетеді,  яғни  қызмет  ету  тиімділігін  жоғарылатудың  критериі  болып 
табылады. 
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттігі мен 
мүмкіндігі  үнемі  әсер  ететін  факторлармен  және  Қазақстанның 
экономикалық  дамуы  кезеңінің  қазіргі  заманғы  ерекшелігімен  ескертіледі. 
Жалпы  тиімділік  мәселесі  жаңа  емес,  ол  материалдық  ӛндіріс  кезеңінің 
интерпретациясынан  бері  бар  және  белгілі-бір  ӛндіріс  түрінің  ӛндірістік 
қатынастарын кӛрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында, бір 
нарық  субъектісінің  жұмысының  нәтижесі,  басқа  субъектілерінің 
жұмысының  нақтылығына  және  жинақылығына  байланысты,  мұндағы 
тиімділік мәселесі анықтаушы болады. 
Ӛндірісті  басқару  жүйесінде  кәсіпорынның  қызметінің  тиімділігін 
объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие. 
Экономикалық  тиімділік  басты  әлеуметтік-экономикалық  санат,  оған 
динимикалық  және  тарихи  қасиеттер  тән.  Ӛндірістік  қызметтің  тиімділік 
әрбір әлеуметтік құрылымның ӛндірістік қуатының әртүрлі деңгейінде дамуы 
мүмкін.  Қоғамның  тарихи  дамуының  барлық  кезеңінде  келесі  сұрақ 
қойылады: қанша шығын мен ресурстарды жұмсау арқылы соңғы ӛндірістік 
нәтижеге  қол  жеткізіледі.  Сонымен,  тиімділікті  бағалаудың  сандық  мӛделі 
экономикалық  нәтиже  мен  шығынның,  ресурстың  арасындағы  қатынас 
арқылы  анықталады.  Шығыны  мен  ресурстың  бірлігінен  соңғы  нәтижені 
максималдау  немесе  соңғы  нәтиженің  бірлігіне  шығындар  мен  ресурстарды 
минималдау  қоғамның  еңбек  қауымының  жеке  адамның  алғашқы  мақсаты. 
Бұл мақсат, оған жету әдісі, экономикалық тиімділікті жоғарылату жолдары 
мен  резервтері  (олардың  классификациясы  мен  сандық  бағалануы) 
экономикалық  ғылымның  және  экономикалық  пәндердің  мазмұны  болып 
табылады (салалық және функционалдық). 
Ӛнеркәсіптегі  шағын  кәсіпкерліктің  қызмет  ету  тиімділігін  ӛлшеудің 
бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине, 
айырмашылықтар  да  бар,  олар  жермен,  уақытпен  және  бағалау  әдісін 
тәжірибелі  нақты  белгілеумен,  ең  соңында  экономикалық  қатынастардың 
сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқару ұйымдастырумен анықталады. 

48 
 
Нарық  экономиканың  және  кәсіпкерліктің  негізі  табыс  болып  табы-
латындықтан,  экономикалық  тиімділіктің  алғашқы  критерийі  негізінде 
шығын  мен  ресурстың  бірлігіне  ӛнімнің,  жұмыстың  және  қызметтің 
сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете 
отырып  табысты  максималдау  алға  қойылады.  Жаңа  жағдайда  тиімділіктің 
жалпыұлттық  критерийі  де  сақталады:  шығын  мен  ресурстың  бірлігіне 
халықтың  әлеуметтік  жағдайын  жақсарта  отырып  ұлттық  табысты,  жалпы 
ұлттық ӛнімді максаималдау. 
Тиімділіктің критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды және нарық 
экономикасындағы  жағдайды  кӛрсетеді,  яғни  қызмет  етудің  жалпыұлттық 
тиімділігі,  қызмет  етудің  алғашқы  ұяшығының  қызметінің  тиімділігіне 
тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның). Алғашқы буының  қызмет ету 
тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі 
жоғарылай  түседі,  қоғамда,  мемлекетте  әлеуметтік  және  экономикалық 
мәселелерді шешуге ресурс кӛп болады. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
 
1.
 
Егер есептік жұмысшылар орны 0,8 ,  үдеріс тактісі  12 минут, жұмыс 
орындарын толтыру коэффиценті тең; 
2.
 
Оперативті  уақытта  12  минут  және   есептік  жұмысшылар   орны  саны 
1,5 операция тактісі тең
3.
 
Ұйымның  партиялық,  ағымдық  және  бірлкпен  ӛндіріс  үдерісінің  әдіс-
тәсілдерін сипаттау; 
4.
 
Ағымдық сызықтық тактісін анықтаңыз
5.
 
Ағымдық сызық қозғалысының жылдамдығын анықтаңыз; 
6.
 
Ӛндіріс дайындығы  - бұл
7.
 
Жоспарлы  –  конструкторлық  ӛндіріс  дайындығының  мазмұны  болып 
табылады; 
8.
 
Жеке және аз сериялы ӛндірісте қандай технология дайындалады?
 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Дәуренбекова  А.Н.  Ӛндірісті  ұйымдастыру.-Алматы:  «Экономика» 
2009 ж 
2.
 
Фатхутдинов  Р.А.  Организация  производства:  Учебник.-М.:  ИНФРА-
М, 2009 
3.
 
Новицкий  Н.И.  Организация  и  планирование  производства:  Учебное 
пособие.-М: Финансы и статистика, 2009 

49 
 
Лекция № 5
 
5 тақырып Ӛндірісті ғылыми-техникалық тҧрғыдан дайындауды 
ҧйымдастыру жетілдіру 
 
Лекция  мақсаты:ӛндірісті  ғылыми-техникалық  тұрғыдан  дайындауды 
ұйымдастыру жетілдіру жолдарын белгілеу. 
 
Лекция сҧрақтары: 
 
1.
 
Ӛндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау, оны жүргізудің 
міндеттері, мазмұны және тәртібі 
2.
 
Технологиялық шешімдерді таңдау және оңтайландыру 
3.
 
Ұйымдастырушылық-экономикалық дайындау, оны жүргізудің 
міндеттері, мазмұны және тәртібі 
 
Ӛндірісті  техникалық  дайындауға  жаңа  ӛнім  түрін  ӛндіру  мен 
модернизацияланған 
бұйымдардың 
және 
ӛндірістің 
ұйымдастыру-
техникалық  деңгейін  арттыру  үшін  жүргізілген  жұмыстардың  жиынтығын 
жаткызуға болады. 
Ӛндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның 
экономикалық жэне әлеуметтік даму жоспарына сай анықталады. Осыған орай 
тапсырыс  беруші  сауда  орындарының,  тұтынушылардың  талабына  сәйкес 
ӛндірісті  техникалық  тұрғыда  ұйымдастыру  үшін  дайындық  шаралары 
жүргізіледі. 
Жаппай ӛндірістік кәсіпорындарда ӛндіретін ӛнімнің кӛптігі, ассортимент 
түрлерінің кеңдігі  ӛндірісті  техникалық  дайындауды  ұйымдастыруға  кӛптеп 
шығын  жұмсауды  қажет  етеді.  Жаңа  және  модернизацияланған  ӛнімдер 
ӛндіру  кезінде  ӛндірісті  техникалық  дайындаумен  бірге  жаңа  құрал-
жабдықтарды,  инновациялық  технологияны,  материалдарды,  ӛндірісті 
ұйымдастырудың  жаңа  түрлерін  игеру  жӛнінде  дайындық  жұмыстары 
жүргізіледі. 
Әдетте  ӛндірісті  техникалық  дайындау  үш  кезеңнен  тұрады:  бірінші 
кезенде жаңа ӛнім түрін жасау және ӛндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және 
оның  тәжірибе  жүргізу  арқылы  үлгісін  жасау,  оны  бекіту,  құжаттарын 
дайындау,  бұйымды  суреттеу,  қолданылатын  негізгі  жэне  қосымша 
материалдарды  ескере  отырып  конструкциясын  жасау,  ӛнімді  ӛндіруге 
қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші 
жабдықтаушыларды  анықтау  шаралары  жүргізіледі.    Осы  кезеңде  ӛнімді 
дайындаудың  технологиялық  сызбасы,  технологиялық  операциялардың 
тізбегі,  жұмыс  күшіне  қажеттілік,  олардың  мамандылығын  анықтау,  құрал-
жабдықтарды жӛндеу және түзеу тәрізді кӛптеген жұмыстар атқарылады. 
Екінші кезеңде жаңа және әр түрлі ӛнімді ӛндіруді дайындау және игеру, 
ұйымдастыру-техникалық  шараларды  енгізу  орындалады.  Бұл  жұмыстар 
негізінен  тәжірибе  цехтарында  жүзеге  асырылады.  Ӛндірісті  техникалық 

50 
 
дайындаудың  екінші  кезеңінде  еңбек  ӛнімділігін  арттыруға,  ӛнім  сапасын 
жақсарту  мен  материалдарды  үнемдеуге  барлық  жағдай  жасау  жан-жақты 
қарастырылады. 
Үшінші  кезеңде  ӛнімнің  жаңа  және  әр  түрін  ӛңдеудің  жалпы  және 
сериялық  әдістерін  бір  жүйеге  келтіру,  ӛндірістік  ағындарда  ӛндірістік- 
техникалық  шешімдерді  пайдалану  сияқты  жұмыстар  атқарылады. 
Жетілдірілген  ағынның  тиімділігі  жұмыс  істеп  тұрған  ағынның  технико-
экономикалық  кӛрсеткіштерімен  (еңбек  ӛнімділігі,  жиынтық  расценка, 
ӛнімнің  қор  сыйымдылығы,  ӛндірістік  алаңның  бір  шаршы  ауданынан  ӛнім 
алу  және  т.б.)  салыстырылады.  Егер  қабылданған  кӛрсеткіштер  жүйесі 
бойынша бағалау нәтижесі берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз 
(минимальды) шамасы қолданылады. 
Ӛндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар 
сипатгамасына  қарай  конструкторлық,  технологиялық  және  ұйымдастыру-
экономикалық болып бӛлінеді. 
Ӛндірісті  конструкторлық  дайындауда  жаңа  ӛнімнің  конструкциясын 
жасау мен игерілген ӛнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады. 
Ӛндірісті 
технологиялық 
дайындықтан 
ӛткізу 
кезеңінде 
жаңа 
технологиялық  үрдістерді  ұйымдастыру  мен  игерілген  технологиялық 
үрдістерді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. 
Ұйымдастыру  -  экономикалық  дайындықты  жүргізу  барысында  ӛндірісті 
техникалық дайындауды жоспарлау үшін мӛлшерлер (нормалар) бекіту, еңбек 
күші,  материалдар,  қаржы  ресурстарына  қажеттілікті  есептеу,  күнтізбелік 
жоспар  жасау,  мӛлшерді  есептеу,  еңбекақы  жүйесі  мен  ұжым  нысандарын 
таңдау,  калькуляция  мен  ӛндіріс  сметасын  құру,  жұмыс  күшіне, 
материалдарға,  құрал-жабдықтарға  қажеттілікті  анықтау,  құжаттар  түрін 
белгілеу,  ӛндіріс  пен  еңбекті  ұйымдастыру,  жұмыс  орындарына  қызмет 
кӛрсету  және  оларды  жабдықтау,  ӛндірісті  қосымша  қажетті  ресурстармен 
қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал