Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 1.06 Mb.

бет7/10
Дата22.04.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

тақырып. 

Ғылыми-техникалық 

прогрестің 

бағыттары 

және 

оны 

жылдамдатудағы мемлекеттің рӛлі 

ҒТП  заманауи  дамудың  факторы  ретінде.  Ғылыми-техникалық  және  инновациялық  саясатты 

қалыптастыру. 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы. 


 

33 


 

     Ғылыми-техникалық  прогресс  (ҒТП)  –  бұл  ғылым  мен  техниканы  үздіксіз  дамыту  және 

жетілдіру  үрдісі,  іс  жүзінде  ӛндірісте  ғылыми-техникалық  жаңалықтарды  пайдалану,  ӛндіріс 

құрал-жабдықтары мен заттарын, технологияны, ӛндірісті ұйымдастырды жетілдіру. 

     ҒТП «ғылым-техника-ӛндіріс» циклының бірлігіне негізделген. Белгілі бір ғылыми мәліметтер 

алу  үшін  жүргізілген  ғылыми  ізденіс  (зерттеу)  ҒТП-тің  алғашқы  кезеңі  болып  табылады.  Содан 

соң,  ғылыми  зерттеулер  адам  еңбегін  жеңілдететін  және  оның  ӛнімділігін  арттыратын  жаңа 

ӛндіріс  құралдары  ретінде  материалдық  түрге  енеді.  Соңғы  кезеңде,  ғылыми  техникалық  және 

технологиялық жетістіктерді ӛндіріске енгізу жүзеге асырылады. 



Әдебиеттер: 

1. Абалкин Л.И. Государственное регулирование рыночной экономики. М.,2007 

2. Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики. Алматы,  

    Қазақ университеті, 2004г. 

3. Басовский Л.Е. «Прогнозирование и планирование в условиях рынка».  М.,2005 

4. Бабашкина А. Государственное регулирование национальной экономики :  

    Учеб.пособие.-М,.2004 

5. Владимирова Л.П. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. Москва,      

    «Дашков и К», 2000г. 

6. Государственная экономическая политика. Учебное пособие /Под редакцией  

    Т.Г.Морозовой. М., ЮНИТИ, 2006.    

 

     9 тақырып. 



Мемлекеттің қҧрылымды-ӛнеркәсіптік және инвестициялық саясатын 

жҥргізуді қалыптастыру және механизмдері 

Мемлекеттің  құрылымдық  саясаты  және  оның  негізгі  параметрлері.  Экономиканы  құрылымдық 

қайта  жүргізуде  мемлекеттік  реттеу  шаралары.Құрылымдық  және  ӛнеркәсіптік  саясатты 

жүргізудегі  инвестициялық  сфералардың  рӛлі.  Инвестициялардың  негізгі  қайнар  кӛзі. 

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу негіздері. 

     Инвестициялық  саясат  –  күрделі  жұмсалымдарды  экономиканың  ӛрістері  мен  салаларында 

пайдалану бағытын айқындайтын халық шаруашылығы шешімдерінің жиынтығы.  

     Қазіргі  инвестициялық  саясаттың  басты  міндеттері  –  ресурстарды  ӛндіруші,  ӛңдеуші 

және  тұтынушы  салаларға  күрделі  қаржы  жұмсалымын  кӛбейту,  ғылыми-техникалық  прогресті 

қамтамасыз  ететін  инвестицияларды  қайта    бӛлу,  әлеуметтік  дамуға,  т.б.  қаржының  үлесін 

арттыру.


  Инвестициялар  деп  -  ӛнеркәсіпке,  құрылысқа,  ауыл  шаруашылығына  және  ӛндірістің  басқа  да 

салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал 

түрінде  салынып  ол  шаруашылықты  әрі  қарай  ӛркендетіп  дамыту  үшін  жұмсалынатын  шығындардың 

жиынтығын айтады.

 

Инвестиция  дегеніміз-  бүгінгі  күні  қолда  бар  ақшаны,  мүлікті  және  басқа  да  заттарды  ,  яғни 

капиталды қандай да бір ӛндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз 

түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

 

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі  – уақыт, ал 



екіншісі  –  тәуекелдік  .  Сонымен  қатар  инвестиция   экономикалық  ӛсудің  негізі  бола  отырып  ,  елдің 

әлеуметтік  дамуына  жағдай  жасайды.  Осы  айтылғандармен  қатар  инвестиция  экономикалық  дамудың 

жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін ӛсірудің , 

инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

 

Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, ӛндірістік 

қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) ӛсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар 

болып табылады.

 

Қаржылық инвестиция  дегеніміз  –  акционерлік  қоғамдар немесе  мемлекет шығарған акцияларға , 

облигациялар  және  басқадай  құнды  қағаздарға  банктердің  депозиттерін  салынған  салымдар  болып 

табылады. 

 

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:



 

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

 

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;  



 

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

 

Ҧлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан 

Республикасының Заңды тұлғасы.

 

Инвестиция  дегеніміз  –  табыс  табу  және  капиталды  ұлғайту  мақсатымен  ӛндірістік  және  басқа  да 

қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да 

бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор ӛз алдына дербес екі топқа бӛлінеді:

 


 

34 


 

- жеке инвесторлар (жеке адамдар).

 

-  инстиуттандырылған  инвесторлар  (банктер  ,  инвестициялық  қорлар  ,  зейнетақы  қорлары  ,  тағы 



басқалары).

 

Инвестициялық  саясат  дегеніміз  –  халық  шаруашылығының  әр  түрлі  салаларында  пайда  табу 

мақсатымен  ұзақ  мерзімді  капитал  жұмсау  саясаты.  Күрделі  қаржыны  тиімді  пайдаланудың  ,  оларды 

шешуші  бағыттарға  шоғырландырудың  ,  қоғамдық  ӛндірісте  тепе-  теңдікті  қамтамасыз  етудің  жолдарын 

кӛрсететін  шаруашылық  шешімдерінің  жиынтығы.  Егер  инвестициялық  саясат  дұрыс  шешілсе,  әрбір 

шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мӛлшері ӛседі, ӛнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі 

қаржыны,  қорларды  ӛндіретін  ,  ӛндейтін  және  ол  ӛнімдерді  пайдаланатын  салалар  арасында  дұрыс 

пайдалануды  қамтамасыз  етуі  керек.  Қазіргі  кезде  күрделі  қаржыны  жаңа  ӛндіріс  орындарын  тұрғызудан 

гӛрі  оларды  техникалық  жағынан  қайта  жарақтандыруға,  қайта  құруға  бағытталып,  одан  әрі  ӛндіріске 

жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын ӛсіре беру кӛзделіп отыр. Нарықты экономикаға кӛшу кезінде 

инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

 

Тікелей  инвестиция  дегеніміз-  капиталды  экспорттаушының  қабылдаушы  ел  территориясында 

ӛндірісті  ұйымдастыруын  айтады.  Тікелей  инвестициялар  арқылы  халықаралық  корпорациялар 

дүниежүзілік нарықта ӛз бӛліктерін жүргізеді. 

 

Ал , капитал дегеніміз - тауар ӛндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. 



Капиталдың  алғашқы  қорлануы  процесінде  тікелей  ӛндірушілер  ӛндіріс  құрал-  жабдықтары  капиталистік 

кәсіпкерлердің  қолына  жинақтала  бачстады.  Ӛндіріс  құрал  жабдығынан  айырылған  жұмысшы  ӛз  жұмыс 

күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар ӛндірісінің капиталистік ӛндіріске айналуын 

кӛрсетеді. 

 

Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :



 

1.                      Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

 

2.                      Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі  бӛліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс 



арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;

 

3.                      Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;



 

4.                      Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;

 

5.                      Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;



 

Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

 

- ӛнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;



 

-  портфельдік  инвестициялар  (шетелдік  облигацияларды,  акцияларды  және  басқа  да  құды  қағаздарға 

алу үшін); 

 

Ішкі  инвестициялық  ресурстар  ӛте  тапшы  бүгінгі  экономикалық  жағдайда  экономиканы 



тұрақтандыруға  ,  реформаларды  тереңдету  және  құрылымдық  ӛзгерістерді  жүзеге  асыру  шетел  капиталын 

тартпайынша мүмкін емес.

 

Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық 

ұйымдар  ,  шетелде  тұрақты  тұрғылықты  мекені  бар  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  ,  егер  олар 

шаруашылық  қызметін  жүргізу  үшін  азаматтығын  алған  немесе  тұрақты  тұрғылықты  мекені  бар  елде 

тіркелген жағдайда.

 

Шетелдік  инвестиция  дегеніміз-қабылдаушы  елдегі  компанияның  қызметін  бақылап,  басқарып 

отыру  үшін  капиталдың  мақсатты  түрде  ауысуы  болып  келеді.  Шетелдік  инвестициялардың  елдер  мен 

ӛнеркәсіп салалары арасында бӛлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

 

Шетелдік  инвестицияларын  тарту  саясаты  1991  жылдан  басталып,  оң  нәтижелер  беруде.  Шетел 



капиталын  басқаратын  Қазақстан  эксимбанкі,  сырттан  қарыз  алу  жӛніндегі  комитет  және  инвестициялар 

жӛніндегі  комитет  тәрізді  органдар  құрылды.  Сӛйтіп  Қазақстанда  шетел  капиталы  үшін  қолайлы  ахуал 

ққалыптасты. 

 

Шетел  инвестицияларын  тартудың  басты  бағыттарына  тіршілікті  қамтамасыз  ету  салалары  мен 



экспорт  бағдарындағы  ӛндірістер  –  мұнай-газ  және  мұнай  –  химия  салалары  ,  электр  энергетикасы  , 

металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі ӛндіруші болу себепті, 

ароӛнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ ӛндіріп , экспорттқа шығаруды 

арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.   

 

1995  жылдың  шетелдік  инвестициялардың  кӛлемі  235  млрд.  $-ға  артып,  2.6  трлн  $  деңгейін  жетті. 



Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды кӛзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың 

, мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. 

 

Қаржы  емес  активтерге  жҧмсалған  инвестициялар   мынадай  элементтерді:  негізгі  капиталға 

жұмсалған  инвестицияларды  ,  материалдық  айналым  қаражаты  қорын  толтыруға  жұмсалған 

инвестицияларды , ӛндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да 

қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды ӛзіне қосады.

 

Әдебиеттер: 

1. Абалкин Л.И. Государственное регулирование рыночной экономики. М.,2007 

2. Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики. Алматы,  


 

35 


 

    Қазақ университеті, 2004г. 

3. Басовский Л.Е. «Прогнозирование и планирование в условиях рынка».  М.,2005 

4. Бабашкина А. Государственное регулирование национальной экономики :  

    Учеб.пособие.-М,.2004 

5. Владимирова Л.П. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. Москва,      

    «Дашков и К», 2000г. 

6. Государственная экономическая политика. Учебное пособие /Под редакцией  

    Т.Г.Морозовой. М., ЮНИТИ, 2006.    

 

     10 тақырып. 



Аграрлы сфераны мемлекеттік реттеу 

Ұлттық  экономикада  аграрлық  ӛндірістің  әртүрлілігі.  Елдің  экономикалық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуде  аграрлық  сфераның  рӛлі.  Агроӛнеркәсіп  кешенінде  тұрақты  ұдайы  ӛндірісті 

қамтамасыз  етуде  мемлекеттің  негізгі  функциялары.  Шаруа  қожалықтарын  мемлекеттік 

қолдаудың  негізгі  формалары..  Мемлекеттік  аграрлық  саясаттық  шаралары.  Агробизнесті 

қалыптастыру. Аграрлық кластерлер. 

    Агроӛнеркәсіп  кешені  (АӚК)  үш  түрлі  сферадан  тұратын  күрделі  және  ірі  ӛндірістік-

экономикалық жүйе. 

     Бірінші  сфераға  ауыл  шаруашылығына,  жеңіл  және  тамақ  ӛнеркәсіптеріне  қажетті  негізгі 

қорларды  ӛндіруші  салалар  жатады.  Мысалы,  ауылшаруашылық  машиналар,  трактор  жасау, 

минералдық тыңайтқыштар, құрама жем ӛндіру, микробиологиялық ӛндіріс. 

     Екінші сфераға – ауыл шаруашылығы, яғни егіс және мал шаруашылығы, агрохимиялық және 

малдәрігерлік қызметтер жатады. 



     Ҥшінші  сфераға  ауылшарушылық  ӛнімдерін  дайындаумен,  тасымалдаумен,  сақтау  және 

ӛңдеумен  айналысатын  ӛндіріс  салаларын  қамтиды.  Олардың  қатарына  тамақ  және  жеңіл 

ӛнеркәсіптер, элеваторлық, қойма шаруашылықтары жатады. 

     АӚК-нің  негізгі  мақсаты  халықты  сапалы  азық-түлік  ӛнеімдеріне  деген  сұранысын  толық 

қамтамасыз ету. 

Республикамыздың  агроӛнеркәсіп  кешені  экономиканың  аса  маңызды  саласы  және  ол 

экономикалык,  дағдарысты  жою,  тамақ  және  жеңіл  ӛнеркәсіпті  дамыту,  саяси  және  әлеуметтік 

тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  жолында  шешуші  рӛль  атқарады.  Кӛптеген  жылдар  бойы  ӛнімді 

еңбекке  ынталандыру  тетіктерін  жете  пайдаланбағандықтан  аграрлык,  салада  терең  дағдарыс 

қалыптасты.  Одан  шығудың  бірден-бір  жолы,  сӛзсіз,  осы  салада  кешенді  және  жүйелі  түрде 

экономикалық  реформа  жүргізу  еді.  Ал  оның  қалай  жүзеге  асырылып  жатқандығына  талдау 

жасайтын  болсақ,  ең  алдымен  нарықтық  қатынастарға  кӛіпу  тактикасындағы  орын  алған 

қателіктерді атап ӛту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің 

стратегиялық  бағытын  жүзеге  асыруда  қолдан  жасалынған  қиыншылықтар  тудырды.  Әуелі 

кӛптеген  жылдар  бойы  орталықтан  басқару  жағдайында  қалыптасқан  шаруашылықпен  айналысу 

мен  еңбек  ету  психологиясын  жекеменшік  ӛрістеген  жағдайға  бейімдеу  революциялық  емес, 

эволюциялық  процесс  екені  ескерілмеді.  Әсіресе  мал  шаруашылығын  дамытуда  жергілікті 

халықтың  еңбек  ету  "философиясы"  назарға  алынбады.  Эволюциялық  ӛзгерістер  нарыққа  ӛтуге 

дайын  емес  ортаға  "секіріспен"  ауыстырылды.  Агроӛнеркәсіп  кѐшенінің  1-ші  және  3-ші  сала 

кәсіпорындарының  монополиялық  жағдайында  бағаны  біржақтылы  босату,  жекешелендірудегі 

ұйымдық-экономикалық  және  хүқықтық  ретсіздік,  жергілікті  жерлердегі  ӛз  бетімен  кетушілік 

ұдайы  ӛндіріс  процесінің  бүзылуына,  қоғамдағы  дағдарыстық  жағдай  мен  әлеуметтік 

шиеленісудің  күшеюіне  алып  келді.  Мүның  ӛзі  аграрлық  секторды  нарық  жағдайына  бейімдеу 

тәжірибесін  ескере  отырып  тӛмендегідей  түжырымдар  жасауға  мүмкіндік  береді:  

-  аграрлық  сектордың  ӛндірістік-әлеуметтік  ерекшелігіне  қарай  онда  нарықтық  механизмді 

ешқандай  шектеусіз  және  түзету  енгізусіз  "таза"  күйінде  пайдалану  ӛндірістік  потенциалды 

қолдану  тиімділігінің  тӛмендеуін  және  әлеуметтік  мәселелердің  шиеленісуін  тудырады;  

- меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін ӛзгерту процесі бәсекелес нарықтық 

орта  қүрудың  алғы  шарты  ретінде  мемлекеттің  бағыттауы  мен  қолдауы  нәтижесінде  біртіндеп 

дамуы тиіс; сондықтан кӛпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі ӛндірістің (ерікті кооперация 

негізінде) 

үйлесуі 


үзақ 

мерзімге 

сақталады;  

-  аграрлық  сектор  нарықтық  ӛзін-ӛзі  реттеудің  "бастапқы  алаңы"  ретінде  нарықтың  дамуы  үшін 

реттеу  мен  қолдаудың  ерекше  мемлекеттік  саясаты  енгізілетін  эковомиканың  бірінші  саласы 

болуы  қажет;  оның  мәні  -  әкімшілік  емес,  экономикалык,  құралдарды  (баға,  салық,  несие,  т.б.) 



 

36 


 

ӛзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады. Ең алдымен экономикалық реттеуде 

жер  реформасы  -  мемлекет  деңгейіндегі  үлттық  мәселелерді  қамтитын  аса  күрделі  процесс. 

Әлемдік  тәжірибеде  жерге  шексіз  жеке  меншіктік  құқығын  бермей,  мемлекет  және  қоғамдык, 

мүдделердің  артықшылығын  қамтамассыз  ететін  әртүрлі  шектеулер  бар.  Мұндай  хұқықты  беру- 

мақсат  емес,  тек  жерді  пайдалану  тиімділігін  арттыру  үшін  пайдаланатын  құрал.  Ауыл 

тұрғындарын кӛбірек толғандыратын мәселе - жерге жеке меншік орнатудан гӛрі, одан алынатыны 

ӛз  еңбегінен  тускен  нәтижеге  иелік  ету  хұқығы.  Атап  айтқанда,  кеңінен  етек  алған  бұрынғы 

тәжірибені,  яғни  алдымен  ауылдың  бар  ӛнімін,  пайдасын  алып  қойып,  соңынан  дотация, 

қарыздарын  ӛтеу  түрінде  біртіндеп  қайтарудан  арылу  мүмкіндігін  беру  қажет  болды.  

Ауыл  еңбеккерлері  жерді  сенімді  пайдалану  үшін  республи-камыздың  Ата  заңымызға  сәйкес 

жерді  үзақ  мерзімге  жалга,  немесе  ӛмірлік  мұрагерлікке  беру  ӛте  тиімді  екенін  баса  айту  керек. 

Сондықтан  жер  туралы  заңда  бұл  процессті  аяғына  дейін  жеткізу  мәселесін  қарастыру  ӛте 

маңызды  іс  екені  белгілі.    Жер  қатынастарын  реттеудің  негізгі  бағыттары:  а)  ауыл 

шаруашылығында ӛндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау; ә) жердің сапасына 

қарай жер салығының мӛлшерін белгілеу; б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен 

тиімді  пайдалану  жӛніндегі  іс-шараларды  жузеге  асыру,  оның  ішінде  жердің  құнарлылығының 

сақталуы  мен  жақсаруын  бақылау.  Ауыл  шаруашылығы  мен  ӛнеркәсіп  ӛнімдерінің 

айырбасындағы  біздер  әуел  баста  жіберіп  алған  баға  қайшылығы  қүн  заңын  сақтамаудың,  ал, 

нақтырақ  айтқанда,  ерікті  баға  белгілеудің  қағидасын  дүрыс  пайдаланбаудың  салдарынан 

болғанын  ӛмір  кӛрсетіп  отыр.  Ауылшаруашылық  ӛнімінің  бағасын  реттеу  жүйесі 

тұтынушылардың  да,  ӛндірушілердің  де  мүдделерін  қорғауы  керек,  Нарықты  тез  арада  азық-

түлікпен толықтыру үшін агроӛнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға қүрылу процесі барынша 

ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық сектор үпіін ӛндіріс қүралдарын шығаратын барлық 

монополист кәсіпорындар үшін (агроӛнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы 

мӛлпіерін  мемлекет  деңгейінде  белгілеу  керек  те,  ал  3-ші  салада  ауылшаруашылық  ұйымдық 

құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жӛн болар еді.  Ауыл шаруашылығында экономикалық 

қарым  –  қатынастарды  реттеу  үшін  залогтық  (кепілдікті)  сатып  алу  операциясы  бойынша  есеп 

айырысуды  енгізу  жӛніндегі  ұсыныстардың  едәуір  мәні  бар.  Бүл  жағдайда  шикізатты  ӛңдеп, 

дайын ӛнімді алғаннан соң тауар ӛндірушілерге шикізат құны мен нақтылы тӛленген аванс сомасы 

арасындағы  айырмашылықты  залогтық  баға  бойынша  тӛлеу  қажет.  Кепілдіктік-сатып  алу 

операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және ӛңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу 

ұйымдары етіп қайта құратын болсақ нарықтық баға құрылымын және ауылшаруашылық тауарын 

ӛндірушілердің  алатын  пайдасын  реттеуге  жағдай  жасалынады.  Бүл  операциялар,  біріншіден, 

нарықтағы  ұсынысты  азайтады,  екіншіден  -  фермерлерге  несие  беруге  мумкіндік  жасайды. 

Ӛйткені  оның  кӛлемі  кепілдікке  ӛткізілген  ауылшаруашылық  ӛнімінің  мӛлшерімен  анықталады. 

Кепілдікті баға ӛндіруші қолданып отырған бағаның тӛменгі мӛлшерін білдіреді.Пайда табудың ең 

тӛменгі  қажетті  мӛлшерін  қолдау  үшін  жәрдемақы  деңгейін  анықтау  мақсатында  мемлекет 

мақсатты бағаны белгілеуі тиіс. Сонда ол дайындаушы ұйымдар арқылы ауылшаруашылық тауар 

ӛндірушілері табысының құралу кӛздерін де реттейді. Осылайша бағаның құрылу процесін мем-

лекеттіқ  реттеу  механизмі  қалыптасар  еді.  Аграрлық  секторда  тауар  ӛндірушілердің  тұрақты 

жұмыс  істеуі  үшін  түрақты  қаржы-несие  жүйесі  әлі  құрылмаған.  Банк  процентінің  жоғарғы 

мӛлшері  ақша  айналымын  және  ӛндірісті  тұрақтандыруға  мүмкіндік  бермейді.  Негізгі 

мәселелердің  бірі  -бүл  қаржы  қорларының  үнемі  жетіспеуі  және  ауылға  тиімді  несие  беру 

механизмінің жасалынбағандығы.  Республика халқын азық-түлікпен және ӛнеркәсіпті шикізатпен 

қамтамасыз  ету  үшін  жыл  сайын  дайындаушы,  ӛңдеуші,  сатуіпы  үйымдардың  және  жеңіл 

ӛнеркәсіп  орындарының  тауар  ӛндірушілерімен  форвардты,  фьючерстік  контрактілер  жасап, 

кепілдікті  сатып  алу  операцияларын  жүзеге  асыруы  қажет.  Сонда  тауар  ӛндірушілер  алдын-ала 

процентсіз  несие  алу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Ӛйткені,  форвардтық  операциялар  -  бұл 

болашақтағы ӛнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі ӛткізу де, фьючерстік оперциялар - белгілі 

бір кӛлемдегі, саладағы бола-шақтағы ӛнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде 

сату. Алдағы жылдың ӛнімін сату - бұл процентсіз несие алумен қатар ауылшаруашылық бағалы 

қағаздар  нарқын  құруға,  түрақты  сұраныс  пен  ӛнімді  кепілдікті  ӛткізуге,  сатып  алушылардың 

қаржы  қорларын  тиімді  жұмсауына  және  инфляциялық  процесстердің  тӛмендеуіне  мүмкіндік 

береді.  Агроӛнеркәсіп  кешенінің  шаруашылык,  жүргізуші  субъектілеріне  мемлекеттік  және 

аймақтық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруы үшін 5 жылдық мӛлшерге 

дейін узақ мерзімдік несие беру тиімді болар еді. Ол үшін мемлекеттің қаржы-несие саясатында 


 

37 


 

мынадай талаптарды орындау қажет: мемлекеттік деңгейде бекітілген бағдарламаларға сай қаржы 

босату; республикалық және жергілікті бюджеттердің, меншік түріне байланыссыз кәсіп орындар 

қорларының, банктердің, дайындаушы және қызмет кӛрсетуші ұйымдардың ауылшаруашылығына 

жұмсалатын 

қаржыға 


үлестік 

қатысуы;- 

жеңілдікті 

салық 


салу.  

Ауылшаруашылық  тауар  ӛндірушілерінің  қаржы  жағдайына  сатылған  ӛнімге  уақтылы  есеп 

'айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан ӛзара есеп айырысудың бақылау мерзімін 

бекіту  керек.  Мемлекеттік  салық  саясатында  ауыл  шаруашылығына  қатысты  жеңілдікпен  салық 

салу  арқылы  олардың  ынталанды-рухы  функциясын  күшейту  керек,  Салық  салудың  негізгі 

объектісі  ретінде  жалпы  табысты  ғана  алу  тиімді  болар  еді.  Жер  салығы,  оның  мӛлшерінің 

экономикалық  негізделуі  аса  тӛмен  болғандықтан,  жердің  сапасы  мен  ӛнім  бағасының  ӛзгеруін 

тұрақты  анықтап  тұру  қажеттігінен  негізгі  салыққа  жанама  толықтырушы  ретінде  қолданылуы 

мүмкін,  

Қазіргі  жағдайда  тұтастай  республика  ауылшаруашылық  кәсіпорындары  бойынша  салықтар  мен 

тӛлемдердің  мӛлшері  жоғары  болып  отыр.  Әртурлі  зерттеулер  мен  шетел  тәжірибелері 

кӛрсеткеніндей салықтар  мен  тӛлемдер жалпы  табыстың 20-25%-тінен  аспауы  керек.  25-50%-тің 

салық.  мӛлшері  тек  жай  ұдайы  ӛндірісті  қамтамасыз  етеді,  ал  одан  жоғары  болса  ӛндірістің 

қысқаруына  әкеліп  соғады.Аграрлық  салада  салық  салу  жүйесінен  жол  қорына,  т.б.  түрлі  даму 

қорларына  аудары-латын  салықтар  мен  тӛлемдерді  шығарып  тастау  жӛн  болар  еді.  

Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық ӛзгерістерді жүзеге асыруда 

шетел  инвестицияла-рының  маңызы  зор.  Ауыл  шаруашылығындағы  инвестициялық  саясат, 

барлық  меншік  түріндегідей,  кәсіпорындардың  материалдық-техникалық  базасының  сапалық 

жақсаруын, ӛнімді ӛңдеу, сақтау және ӛткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болады. 

Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі бағыттарды 

қаржыландыру  үшін  аса  қажет:  мемлекеттік  маңызы  бар  табиғатты  қорғау  шаралары  мен 

мелиоративтік жұмыстар; жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды газ және су 

құбырларының,  телефон  коммуникациясының,  канализация  жүйелерінің  құрылысы;  -  ауылдың 

денсаулык, сақтау, білім беру, мәдениет, бала-бақша (және қарттар үйі) объектілерінің құрылысы 

мен  оларды  қамтамасыз  ету;  -  жоғары  білімді  мамандар  дайындау,  күрделі  ғылыми  зерттеулер 

жүргізу және т.б.  Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт  – импорт операцияларын 

реттеуінде негізгі мақсат тұтыну нарығын то-лықтыру және әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл 

бағытта  жақын  шет  елдермен  бұрынғы  ӛндірістік  және  сауда  байланы-старын  қалпына  келтіру 

тиімді.  Сондай-ақ  алыс  шет  елдермен  экономикалық  байланысты  дамытудың  да  мәні  зор.  Оның 

негізін сыртқа шығаратын внімдер құрайды: мал шаруашылығы бойынша – жӛн, қай түрілері; егін 

шаруашылғында  -  астық,  мақта,  кейбір  кӛкӛніс  түрлері.  Ал  сырттан  алынатындарына,  бірінші 

кезекте,  ауылшаруашылық  кішігірім  техникасы  мен  технологиялар  жата-ды.  Мүндай  сыртқы 

экономикалық  іс-әрекеттерді  жүзеге  асыру-да  мемлекеттің  белсенді  рӛлі  сӛзсіз  қажет.  Ӛйткені 

мемлекеттік  реггеусіз  еліміздің  зор  табиғат  байлығы  пайдасыз  болып,  талан-таражға  түсетіні 

белгілі.  Екіншіден,  сырттан  әкелінетін  ӛнімдерді  қадағаламасақ  ішкі  тауар  ӛндірушілердің 

мүддесіне зиян келтіріледі. Бүл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік 

реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс. Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, 

ең  алдымен,  басқару  жүйесін  түбегейлі  ӛзгертуді  қажет  етеді.  Мемлекеттік  реттеу  шараларын 

жүзеге  асыру  ісінде  мемлекеттің  және  шаруа  қожаларының  функцияларын  айқын  ажыратудың 

мәні зор Мемлекеттік басқару органдарының функцияларын тӛмендегідей етіп қарастыруға болар 

еді:-  агроӛнеркәсіп  кешенінің,  дамуын  бюджеттік  қаржыландыру,  баға,  несие,  салық, 

инвестицидлық және әлеуметтік саясат арқылы реттеу; - мемлекеттік саясат бағдарламалары мен 

ауылшаруашылығының  ӛркендеу  жоспарларын,  нормативтік  заң  актілерін  жасап  дайындау; 

мемлекеттік  азық-түлік  қорын  қалыптастыру;  түбегейлі  ғылыми-ізденіс  жұмыстарын 

ұйымдастыру; 

ғылыми-техникалық 

жетістіктерді 

енгізу; 


халықаралык, 

экономикалық 

байланыстарды" реттеу; инсиекциялық бақылау; жер қорын, ӛнімді стандарттау жүйесін басқару;  

ветеринарлық  бақылау.  Жалпы  аграрлық  қатынастарды  басқару  жуйесіндегі  міндет  -  олардың 

стихиялы  түрде  дамуына,  тәртіпсіздік  жайлаған,  басқаруға  келмейтін  жағдайға  жетуіне  жол 

бермеу болып табылады. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал