Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 1.06 Mb.

бет5/10
Дата22.04.2017
өлшемі1.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

22 


 

Алматы экономика және статистика академиясы

 

 «Экономика және менеджмент»  кафедрасы 

 

 



 

 

 



 

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН  

 

 



«ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ» ПӘНІ БОЙЫНША 

ҚАРЖЫ «5В050900»,ЭКОНОМИКА «5В050600», МЕНЕДЖМЕНТ «5В050700» 

МАРКЕТИНГ «5В051100»,    ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ «5В050800»,  МАМАНДЫҚТАРЫНА  АРНАЛҒАН 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алматы, 2012ж. 



 

 

23 


 

1 тақырып. 

Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары  

     Тақырып  мақсаты:    нарықтық  экономика  жағдайында  мемлекеттің  экономикаға 

араласуы. А.Смит, Дж.Кейнстің кӛзқарастары. 

     Экономикаға  мемлекеттің  араласуының  объективті  қажеттілігі.  Мемлекеттік  реттеудің  

модельдері. ЭМР субъектілері және объектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық 

қызығушылықтары 

     Нарық  шаруашылығының  даму  барысында,  жеке  меншік  шеңберінде  шешілмейтін,  яғни 

экономиканың  ӛзін-ӛзі  реттеу  қағидалары  негізінде  экономикалық  және  әлеуметтік  проблемалар 

туындайды  және  шиеленіседі.  Ӛндіріс  күшінің  дамуы  елеулі  инвестицияның  қажеттілігін 

туғызады,  ӛндірісті  мамандандыру,  капиталдың  шоғырлануы  күшейді,  ӛндіріс  пен  капиталдың 

бірігуі,  әр  түрлі  елдің  бір-бірімен  ӛзара  тәуелділігі  ӛсті.  Сонымен  бірге  қоғам  дамуының  белгілі 

бір  сатысында  еңбек  пен  капиталдың  арасындағы  қарама-қайшылық  күшейе  түсті,  жаппай 

жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық 

кейін  әлемдік  дағдарыстарға  айналды.  Монополияның  үстемдігіне  әкелген,  бәсекелестікті 

күшейткен  ақша  айналымының  бұзылуы,  нарықтың  әрі  қарай  тиімді  дамуына  кӛмектесетін 

(экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына 

әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді. 

    Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі 

сатысында  түрліше  болды.  ХVII-XVIII  ғасырлардағы  нарықтық  қатынастардың  қалыптасу 

кезеңінде  үстем  болған  экономикалық  доктрина-меркантилизм  –  елдегі  сауда  мен  ӛндірістің 

дамуы 

үшін, 


мемлекеттік 

реттеудің 

сӛзсіз 

қажеттілігін 



тануға 

негізделген. 

Нарықтық ӛатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және 

осымен байланысты шектеуді ӛз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит ӛзінің 

«Табиғат  және  халықтың  баюының  себептері  туралы  зерттеу»  еңбегінде,  экономикалық 

либерализм  идеяларының  пайда  болуын  алғаш  рет  толық  негізделген  және  оның  кӛптеген 

жақтаушылары 

болды. 


      А.  Смит  кӛзқарасы  бойынша,  пайда  алуға  ұмтылуға  байланысты,  жеке  мүлде  кӛздеген  нарық 

жүйесі  ӛзін-ӛзі  реттеуге  қаблетті  екенін  байқатты.  Бұл  мүлде  экономикалық  дамудың  ең  басты 

қозғаушы  ретінде  кӛрінеді.  А.Смиттің  іліміндегі  идеяларының  бірі,  экономикадан  мемлекеттік 

реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок 

басты  реттеуші  болатындықтан,  рынокқа  толық  еркіндік  беру  қажет,-  деп  есептеді. 

Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп 

аталатын  жағдай  болатынын  экономикалық  тәжірибе  растады.  Рыноктағы  нарық  сәтсіздігі 

қоғамның  игілігі  мен  сыртқы  әсерлерге  ғана  емес,  басқа  жағдайларға  да  байланысты  пайда 

болады.  Оның  ең  маңызды  себебі  –  рынокқа  тән  монополияланған  беталыс.  Бұл  жағдайда 

бәсекелесті  қамтамассыз  ету  үшін,  рынок  қызметін  реттейтін  жағдайды  толық  анықтау  – 

монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы ӛмірлік қажеттілік болды. 

     Меркантализм

Мемлекеттік  реттеу  тарихы  орта  ғасырдың  соңынан  басталды. 

Мерканталистер  мектебі  сол  уақытта  негізгі  экономикалық  мектеп  болды,  олар  мемлекеттің 

экономикаға  белсенді  араласуын  талап  етті.  Мерканталистер  ел  байлығының  негізгі  кӛрсеткіші 

алтын мӛлшері екенін айта келіп, экспортты кӛтермелеп, импортты тежеп отырған.   

     Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  дегеніміз  -  әлеуметтік-шаруашылық  процесстеріне, 

олардың  тиімді  теңгермешілігі  мен  макроэкономикалық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету 

мақсатында  мемлекеттің  әкімшілік-экономикалық  және  ұйымдық-құқықтық  негізде  араласуын 

білдіреді.  

Мемлекеттік реттеу жүйесі әдістермен шектелмейді, ол сонымен қатар реттеу процестерін жүзеге 

асыру үшін жағдай жасайтын келесі элементтерді қамтиды: 

     - құқықтық база (заңдар, үкіметтік қаулылар, Президент жарлықтары) және қолайлы нарықтық 

ортаны қамтамасыз етуі

     - экономиканы сауықтыру және макроэкономикалық тұрақтандыру, жұмыспен қамтамасыз ету 

және инфляция деңгейін бақылау, экономикалық ӛсуді ынталандыру; 

     - бәсекені қорғау және кәсіпкерлікке жағдай жасау

     - материалдық байлықтар мен ұлттық табысты қайта бӛлу; 

     - ұлттық табыстың құрылымын ӛзгерту мақсатында ресурстарды бӛлуді реттеу; 

     - экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды орналастыруға әсер ету. 

 


 

24 


 

Әдебиеттер: 

1. Кейнс Дж. Общая теория занятости,  процента и денег. Москва 1949г. 

2. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях  

     Казахстана: теория, опыт, проблемы. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 1998г. 

3. Морозова Т.Г., Пикулькин А.В. «Прогнозирование и планирования в условиях  

     рынка». М.,2000 

4..Мырзагалиев Т. Государственное регулирование экономики.А.,2008 

5. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики: учебное  

      пособие. Москва, ИНФРА-М, 2000г. 

 

 



     2  тақырып. 

Экономиканы  мемлекеттік  реттеудің  методологиясы  жӛніндегі  ҧғым 

және оның элементтері. 

     Мемлекеттік  реттеу  тұжырымдамасын  жасау.  Әлеуметтік-экономикалық  дамудың  маңызды 

басымдылықтарын  анықтау.  ЭМР  жүйесінің  қағидаларын  қалыптастырудыжасау,  алға  қойылған 

мақсаттарды шешуде  құралдарды таңдау 

      Қағиданың  жалпы  мазмұны  экономиканың  белгілі  бір  саласындағы  мемлекеттік  реттеудің 

нақтылы бір мәселесін шешуді қолға алған адам нені басшылыққа алу керектігін кӛрсетеді. Әрбір 

саланың иерархиялық деңгейіне байланысты бұл мәселелер әртүрлі басымдылыққа ие бола алады. 

Мысалы,  макроэкономикалық  деңгейі  үшін  барынша  басымды  мәселе  –  бұл  теңгермешілік  пен 



тҧрақтылықты  қамтамасыз  ету  болса,  ал  халық  шаруашылығының  алғашқы  және  ортаңғы 

бӛліктері үшін мұндай мәселе – ең алдымен табыстар мен шығындардың арақатынасы ӛлшенетін 

олардың ӛндірістік қызметінің тиімділігі болып табылады. 

     Қазіргі  кезде  мемлекеттің  экономикадағы  орны  мен  ролі  үздіксіз  күшеюде.  Бұны  тек  қана 

жалпы  ішкі  ӛнім  қатынасында  мемлекеттік  кірістер  мен  шығындардың  ӛсуі  ғана  емес,  сонымен 

қатар  экономикадағы  дағдарысты  жағдайларды  жеңуге  бағытталған  үкіметтің  реттеуші 

шараларының мәнінің де ӛсуі куәландырады. Шаруашылық тәжірибе арқылы компаниялардың ӛз 

қызметтерін  жоспарлаудың  уақытты  кезеңдерін  кеңейтуге  деген  қажеттілігі  елдің  шаруашылық 

дамуындағы  мемлекеттің  ролін  жаңаша  түсінуді  қажет  етті.  Срндықтан  кәсіпкерліктің  ӛзі  де 

мемлекеттің  қызметтеріне  деген  сұранысты  туындатады,  ӛйткені  ол  ең  алдымен  мемлекеттік 

биліктің тиімсізділігіне немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел мен анықсыздықты жеңуге мүдделі. 

Экономиканы  мемлекеттік  реттеудің  тапсырмалары  мен  тәсілдерінің  ӛзгеруі  әртүрлі 

факторлардың  әсерінен  болады,  олардың  ішінде  ерекше  орынды  қаржылық  жахандану, 

инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Сол себепті 

мемлекетте  үнемі  ӛзгеріп  отыратын  жағдайда  ӛзінің  қызметін  тиімді  атқаруға  қабілетті  сапа 

мәселесі 

туындайды. 

Осы 


мәселеге 

батыс 


елдері 

кӛп 


кӛңіл 

бӛлуде. 


Мемлекеттің  экономикалық  ролі  туралы  сұрақты  мемлекеттік  реттеуді  «ұлғайту-азайту» 

терминінде  шешуге  бел  буу  мемлекеттік  институттарының  сапасы  туарлы  маңызды  сұрақты 

екінші  жоспарға  қоюға  әкеледі.  Тиімді  экономиканы  құруға  бағытталған  бюджеттік  саясат 

мемлекеттің ықпалын қысқартуға немесе ұлғайтуға әкелуі мүмкін. 

     Шаруашылық  жағдайын  реттеу  саясатын  инновациялық  процестер  мен  глобализациялауды 

есепке  ала  отырып  жүргізу  мемлекеттің  бюджет  саясатында  алғы  орынды  алады.  Ұлттық 

экономиканың  бәсекелестік  қабілетін  кӛтеру  мәселесіне  ерекше  кӛңіл  бӛлуе  отырып,  оны  шешу 

үшін  экономикадағы  мемлекеттің  жаңа  басымдылықтарын  іздеу  мәселесі  туындайды.  Тәжірибе 

жүзінде мемлекет ӛзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі мүмкін және бір мезгілде оны басқа 

сфераларда азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің 

реттеуші  ролінің  күшеюі  немесе  әлсіреуін  сипаттай  алмайтын  процестер  жүреді,  ӛйткені 

мемлекеттің  экономикадағы  ұлттық  экономиканың  бәсекелестік  қабілетін  қамтамасыз  етуге 

бағытталған сапалы қызметі туралы сӛз болады. Бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеу нақты 

шешімдерді  қабылдау  кезінде  кемшіліктерге  жол  бермеу  арқылы  жүзеге  асыру  керек  екендігін 

ешкім  де  жоққа  шығармайды.  Осы  мәселе  экономика  ғылымындағы  ең  күрделі  сұрақтардың 

қатарына 

жатады 

және  кӛп  жағдайларда 



оның  шеңберінен 

шығып  та  кетеді. 

Экономиканы реттеу қызметі мен тәсілдері нақты тарихи жағдайларға байланысты ӛзгереді, бірақ 

та мемлекеттің нарықтық жүйедегі негізін қалаушы қызметтері ӛзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі 

заманғы  экономиканың  дамуы  мүмкін  болмайтын,  нарықтық  жүйенің  керекті  конструктивті 

элементтері болып саналады.  



 

25 


 

   Дж.  Тобин  экономиканы  мемлекеттік  реттеудің  қажеттілігін  тӛмендегіше  негіздеді: 

«Кӛрінбейтін  қол»  теоремасы  жеке  және  қоғамдық  мүдделер  қайшылықтарға  тірелетін 

экстерналийлер  мен  қоғамдық  игіліктердің  бар  болуын  есепке  ала  отырып  жетілдірілуі  керек. 

Осыдан ұжымдық мүддеге негізделген мемлекеттік қызметтің қажеттілігі туады... Смиттің жүйесі 

эгоистік энергияны конструктивті бағытқа бағыттайтын институттар болған жағдайда ғана жұмыс 

істей 

алады» 


.Экономикалық 

тиімділікті 

кӛтеру 

мен 


инновациялық 

белсенділікті 

ынталандырудағы  бәсекелес  нарықтардың  артықшылығы  жалпы  мойындалған  және  мемлекет 

ӛзінің  дамуында,  ең  жоғарғы  нәтижеге  қол  жеткізу,  экономикалық  ӛсуді  қамтамасыз  етуді 

қанағаттандыру үшін оларға сүйенеді. Сонымен қатар олардың жеңісті қызмет етулері үшін дұрыс 

инфрақұрылымдар  мен  институттар  қажет.  Нарықтарға  тиімді  қызмет  етуге  мүмкіндік  беретін 

жағдайды  жасау  мемлекеттің  құзырындағы  іс  әрекет.  Осы  жағдайлардың  ішінде  ең  алдымен 

меншіктің  анық  құқықтарын  айту  керек,  ал  ол  дәйекті  жасалынған  заң  процедуралары  негізінде 

қызмет ететін сот билігінің болуын қарастырады. 

    Әдебиеттер:  

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях  

     Казахстана: теория, опыт, проблемы. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 1998г. 

2. Морозова Т.Г., Пикулькин А.В. «Прогнозирование и планирования в условиях  

     рынка». М.,2000 

3..Мырзагалиев Т. Государственное регулирование экономики.А.,2008 

4. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики: учебное  

      пособие. Москва, ИНФРА-М, 2000г. 

 

 



     3 тақырып. 

Мемлекеттік реттеу формаларының жалпы сипаттамасы 

Мемлекеттік  реттеу  механизмдерін  ұйымдастыруды  қалыптастыру.  Әкімшілік-құқықтық  реттеу. 

Экономикалық реттеу. Мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары. 

     Тікелей реттеу әдістері кӛбінесе экономикалық процесстердің ӛзіне және оның шамасына әсер 

етуімен байланысты. 



     Жанама  реттеу  әдістерінің    қызметі  кӛбінесе  экономикалық  қызметтің  шарттары  мен 

нәтижесіне әсер етумен байланысты 

    Болашақ  кезеңдегі  әлеуметтік-экономикалық  даму  мен  шаруашылықтық  басымдылықтардың 

мақсаттарын ғылыми негіздеу мемлекеттік реттеу жӛніндегі қызметтің ерекше саласын құрайды. 

Ол  ғылыми  сипатта  болады  және  реттеудің іс  жүзіндегі,  әрі  ұйымдық  мәселелерін  шешуге  негіз 

жасайды. 

     Мемлекеттің  мақсатты  функциясы  бірқатар  факторларды  ескере  отырып  жүзеге  асырылады. 

Оның негізгілеріне жататындар: 

     - экономикалық саясатты жүзеге асырудың стратегиялық бағыттары мен тактикалық негіздері; 

     -  мақсатқа  жету  барысында  материалдық,  қаржылай  және  интеллектуалдық  қорлармен 

қамтамасыз етілуі; 

     - ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық барысына араласу, қосылу деңгейі мен сипаты. 

     Қоғамдық  игіліктерді  ӛндіруді  жеке  сектор  атқара  алмайды  немесе  атқарған  күнде  де  бұл 

қызмет оларға пайда әкелмейді, ал егер де жеке сектор атқаратын қызмет оларға пайда әкелмейтін 

болсама,  онда  кәсіпкерліктің  заңы  бұзылады.  Осындай  игіліктердің  классикалық  моделі  меншік 

құқығын қорғау, мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, сыртқы саясатты жүргізу, елдегі 

тәртіпті  сақтау  болып  табылады.  Осы  сияқты  игіліктерге  деген  қажеттіліктерді  қанағаттандыру 

тұтас  қоғамның  қызметінің  нәтижесі  болуы  керек.  Осындай  қоғамдық  мүдденің  ӛкілі  мемлекет 

болып  саналады.  Сондықтан  да  мемлекет  тұрғындарды  ұжымдық  және  қоғамдық  игіліктермен 

қамтамасыз  етуге  жауапкершілікті  болады.  Ерекше  экономикалық  категория  ретіндегі  қоғамдық 

игіліктердің негізгі мінездемелерін тӛмендегіше сипаттауға болады: 

     1.  Жеке  тұлғалардың  қоғамдық  игіліктерді  тұтына  отырып  ӛзара  бәсекелестікке  түспейтінін 

сипаттайтын,  тұтынудағы  бәсекелестіктің  болмауы.  Қосымша  индивидтің  ұжымдық  иглікті 

тұтынуының  шекті  шығындары  нольге  тең,  осылайша  қоғамдық  игіліктерді  тұтынуға  қосымша 

индивидттердің  қосылуы  оның  басқаларға  қол  жеткізу  мүмкіндігінен  айырмайды,  ӛйткені 

қоғамдық  игіліктер  бӛле  жара  қарастырылмайды  және  жеке  бӛлшектерге  бӛлінбейді.  Сонымен 

бірге  жеке  игіліктерді  қайсібір  индивидтің  тұтынуы,  осы  игіліктерді  басқалардың  тұтынуын 

толығымен жоққа шығарады. 



 

26 


 

     2.  Қоғамдық  игіліктер  тұтынудан  шығармау  қасиетіне  ие,  ӛйткені  қосымша  тұтынушыға 

қоғамдық игіліктерді пайдалануға рұхсат бермеу мүмкін емес немесе белгілі субъектінің олардың 

қоғамдық  игіліктерді  тұтыну  үлесін  тӛмендету  мүмкін  емес.  Мысалы,  индивидтің  тұтынуынан 

мемлекеттің  қорғаныс  қабілеті  немесе  тәртіпті  сақтау  сияқты  игіліктерді  пайдалануын  шығарып 

тастау мүмкін емес.   

     Келтірілген  мінездемелердің  талдауы  классикалық  қоғамдық  игіліктердің  санының  шекті 

екендігін сипаттайды. Сонымен қатар жеке және қоғамдық игліктер арасына нақты, анық шек қою 

ӛте күрделі. Таза ұжымдық игіліктерге шарттылықтың белгілі үлесінде меншік құқығын қорғауды, 

мемлекеттің  қорғаныс  қабілетін,  кӛшелерді  игеруді  және  т.б.  жатқызуға  болады. 

Классикалық  қоғамдық  игіліктер  мен  жеке  игіліктердің  арасында  кӛптеген  игліктер  бар,  оларды 

«толығымен  қоғамдық  емес»  және  «толығымен  жеке  емес»  деп  сипаттауға  болады.  Осындай 

игіліктер  «аралас»  деген  атауға  ие  және  мемлекет  арқылы  да,  жеке  сектор  арқылы  да  ӛндірілуі 

мүмкін,  мысалы,  жол  құрылысы,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  фундаментальды  ғылыми 

зерттеулер.  

      Қоғамдық  игіліктерді  ұсыну  мемлекеттің  экономикаға  қаржы  және  бюджет  саясаттарын 

жүргізу  арқылы  араласуының  объективті  алғы  шарты  болып  табылады.  Қоғамда  болып  жатқан 

экономикалық  және  әлеуметтік  процестерге  мемлекеттің  араласуы  ӛте  үлкен  кӛлемде  сезіледі. 

Осы  әсер  ету  шеңберіндегі  негізгі  мәселе  осы  жағдай  үшін  дұрыс  болып  саналатын  нарық  пен 

мемлекеттің 

рольдерінің 

қатынасын 

табу 

болып 


есептелінеді. 

П.Самуэльсон сыртқы әсерлер, яғни экстерналиилер экономикалық субъектілер ӛзінің қызметімен 

байланысты  шығындарды  басқаларға  «таңғанда»  немесе  олармен  пайда  арқылы  қамтамасыз 

етілетін 

жағдайда 

пайда 


болады 

деп 


атап 

кӛрсетеді 

Басқа  экономикалық  субъектілерге  әсер  ету  нәтижесі  бойынша  экстерналииді  оң  және  теріс  деп 



бӛлуге  болады:  сыртқа  әсерлер,  егер  де  олар  сыртқы  субъект  үшін  ӛнімділік  пен  пайдалылықты 

ұлғайтса  оң  деп  есептелінеді  және  керісінше  теріс  сыртқы  әсерлер  оны  тӛмендетеді.  Сыртқы 

әсерлердің болуы сонымен қатар теріс сыртқы әсерлерді тӛменгі дәрежеге, ал оң сыртқы әсерлерді 

ең жоғарғы дәрежеге жеткізетін, экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің негізі болып 

саналады.  Кӛптеген  жағдайларда  теріс сыртқы әсерлер қоғам  үшін  қауіпті қорқыныш  тударатын 

экология  мәселелерімен  байланыстырылады.  Мемлекеттік  саясаттың  стратегиялық  мақсаты 

ретіндегі  ұлттық  экономиканың  бәсекелестік  қабілетін  ең  жоғарғы  дәрежеге  жеткізу  қажеттілігі 

мен  қоршаған  ортаны  қорғау  тапсырмалары  арасында  қайшылықтар  бар.  Экономикалық 

глобализациялаудың күшеюі жағдайында оның толығымен жойылуы мүмкін емес. Сонда да осы 

жағдайдың күшін бюджет-салық механизмдерін белсенді қолдану арқылы азайтуға болады. 

    Әдебиеттер: 

1. Абалкин Л.И. Государственное регулирование рыночной экономики. М.,2007 

2. Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики. Алматы,  

    Қазақ университеті, 2004г. 

3. Басовский Л.Е. «Прогнозирование и планирование в условиях рынка».  М.,2005 

4. Бабашкина А. Государственное регулирование национальной экономики :  

    Учеб.пособие.-М,.2004 

5. Владимирова Л.П. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. Москва,      

    «Дашков и К», 2000г. 

6. Государственная экономическая политика. Учебное пособие /Под редакцией  

    Т.Г.Морозовой. М., ЮНИТИ, 2006.    

     4  тақырып. 



Болжау  мен  стратегиялық  жоспарлау  мемлекеттік  реттеудің  негізгі 

әдістері ретінде 

    Мемлекеттік  реттеудің  заманауи    әдістері:  ғылыми  болжау,  жоспарлау,  бағдарламалар. 

Болжаудың  негізгі  түрлері.  Болжау  қағидалары.  Болжау  әдістері.  Халықшаруашылығын 

жоспарлаудың  маңызы  және  негізгі  мақсаты.  Жоспарлау  түрлері:  директивті  және  индикативті. 

Жоспарлау  қағидалары.  Экономикалық  бағдарламалар.  Мемлекеттік  бағдарламалардың  мақсаты, 

мерзімі, жүргізу тәртібі. 

     Қоғамдық  дамудың  басты  бағыттарының  бірі  болып  әлеуметтік  –  экономикалық  болжау 

саналады. Бұл әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды танудың ғылыми әдістеріне негізделген 

болжам қалыптастыру үрдісі. 


 

27 


 

     Жоспар – іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін 

анықтайтын  тапсырмалардың  біртұтыс  мақсатына  жетуге  бағытталған  ӛзара  байланысты  жүйе. 

Жоспар  экономикалық  категория  ретінде  бірнеше  мағынадан  тұрады:  жоба,  жұмыс  реті, 

бағдарламаны  орындау,  тапсырмалар  жүйесі.  Барлық  жағдайда  ол,  әдетте,  шаруашылық  және 

басқа  шешімдердің  қабылдануын  білдіреді  және  қорларға  деген  қажеттілікті,  қаржыландыру 

кӛлемін,  шараларды  жүзеге  асыру  мерзімін,  атқарушыларды,  орындалмағаны  үшін 

жауапкершілікті белгілейді. 

     Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – 

заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке тӛлейтін 

міндетті  тӛлемдері.  Салық  салу  табысты  реттеу  мен  мемлекеттің  қаржыларын  толықтыру  тәсілі. 

Мемлекетте  түсетін  салықтардың  және  басқа  да  тӛлемдердің  жиынтығы  және  олардың 

құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жҥйесі деп аталады.  



Салық жҥйесінің элементтері: 

1.

 



Салық субъектісі – заң бойынша салық тӛлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы 

бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық тӛлеу 

қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.  

2.

 



Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, 

жылжымайтын мүлік).  

3.

 

Салықтың көзі – салық неден тӛленеді. 



4.

 

Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың кӛлемі. 

5.

 

Салық жеңілдіктері



Салық қызметтері: 

-

 



Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын 

қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып 

табылады. 

-

 



Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық ӛнімнің кӛп 

бӛлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды 

қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, 

облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бӛлуге мүмкіндік береді. 

-

 

Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың кӛмегімен тұтыну және қорлану арасындағы 



пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына 

әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады. 

-

 

Ынталандыру қызметі, мемлекет ӛндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі 



ынталандыру шараларын жүзеге асырады. 

-

 



Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры 

кӛлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал