Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 1.18 Mb.

бет7/10
Дата22.04.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

2. Инновациялық жобаның тәуекелдігін басқарудың негізгі амалдары. 

Инновациялық жобаның тәуекелдігін басқару мынадай тапсырмалардың шешімін ұсынады: 



 - тәуекелдерді табу; 

 - тәуекелдер бағасы; 

 - тәуекелдерді бақылау; 

 - тәуекелдерге ықпал жасау. 

Шешімдерді қабылдау теориясының модельдері мынадай жағдайларды қарастырады: 

1)

 



Туекелді.Қоршаған орта жағдайы белгілі тұлғамен, яғни шешім қабылдайтын тұлғамен 

мінезделеді. 

2)

 

Белгісізді – мүмкіндіктер белгісіз немесе тіпті берілмеген тәсілдер. 



Тәуекелдік жағдайындағы шешім қабылдау нұсқалары: 

-

 

туәекелдіктен қашу; 



-

 

тәуекелдікті қабылдау



-

 

тәуекелдіктен бас тарту. 



Жоба қатысушыларының арасында тәуекелді тарату  ережеге сай жобалық  келісім-шарттар 

бекітіледі.Тәуекелдің  қаупін 

-бен  немес  бірлік  бӛліммен  белгіленуі  қажет.Ӛйткені, 



жобаны ӛткізудегі жағдайлар және этаптар кӛрсеткіш сомасымен есептеледі. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 



 

 

5 – тақырып. Инновациялық және технологиялық стратегиялар 

 

Дәріс мақсаты: Ғылыми мекемелерде персоналды басқаруды ұйымдастыра білуді үйрету. 

Дәріс жоспары: 

1.Ғылыми мекемелердегі персонал және персоналды ынталандыру. 

2.Кадрлық жоспарлау. 

3.Оптималды жұмыс уақытын таңдау. 

Негізгі түсінік 

Персонал 

Кадр 

Ұйым 


Пирамида 

 

 

1.Ғылыми мекемелердегі персонал және персоналды ынталандыру. 

Ғылыми  жұмысшылар  ғылыми  мекемелердің  персоналы  болып  табылады.Ғылыми 

жұмысшылар  деп,  ғылыми  тәжірибемен  айналысатын  жұмысшыларды  айтады.Персонал 

құрамына ғылыми жұмысшылардың тәжірибелік тӛрт категориясы кіреді: 

1) Техникалар персоналы. 

2) Зерттеушілер. 

3) Негізгі персоналдар. 

4) Қосымша персонал. 

Ғылымда  және  басқа  да  сфераның  болашақ  дамуы  персонал  жұмысшылардың  ӛзіндік 

еңбекқорлығына  және  біліміне  байланысты  болады.Ол  персоналдық  мотивацияға 

әкеледі.Себебі,  ғылыми-техникалық  дамуы  жоғары  маманданған  жұмысшыларға 

байланысты,  сондықтан  оларды  жұмысқа  тарту  міндетті  болып  келеді.Негізгі  міндеті  – 

атқаратын  талапты  кадрлар  бӛліміндегі  жұмысшыларға  байланысты  болады.Оларға 

қызметтің мынадай мазмұнын жатқызамыз: 

-

 

персоналды жоспарлау



-

 

жұмысқа қабылдаудың және жұмысшыларды талдаудың тиімді әдісін іздестіру; 



-

 

жұмыс жоспарына талдау жасау; 



-

 

кадрдың  дамуы,  яғни  оларды  дайындау,  қайта  дайындау  немесе  квалификацияны 



жоғарлату. 

Мотивация  дегеніміз  –  ойлаған  мақсатқа  тиімді  жолмен  жетуі  үшін  жұмысты  дұрыс 

үйлестіріп,  персонал  жұмысшыларына  жеткізу  болып  табылады.1950  жылдың    II-

жартысында  экономика  саласындағы  американ  психологы  әрі  маманы  Герцберг  екі  негізгі 

мотивация моделін жасады.Оны қос факторлы теориясы деп атады: 

1)

 

Гигиеналық  факторлар  істелінетін  жұмыс  қоршаған  ортамен  байланысты.Оларға 



жұмыс  жағдайы  ,  еңбекақы  ,  басшының  жұмысшыларымен  қарым-қатынасы  және 

жұмысшылардың тікелей бақылау дәрежесі жатады. 

2)

 

Мотивациялар  жұмыстың  мәні  мен  сипатына  байланысты.Оған  творчестволық 



іскерлік, ӛсу мүмкіндігі және персоналдың жетістігі кіреді. 

1940  жылы  американдық  психолог  Маслоу  әрекет  етуге  талпынған  адамның  қажеттілігін 

анықтау  мотивацияның  маңызды  теориясын  қажет  етті.Оның  яғни  бұл  қажеттіліктерді  бес 

категорияға бӛлді. 

Маслоу бұл категорияларды иерархиялық қажеттілік пирамидасымен кӛрсетті. 

 

Ӛзін-ӛзі  



кӛрсету 

 

Құрметтеу 



 

Билік,шешім 

қабылдау құқығы 

 

Әлеуметтік жағдай 



 

Қауіпсіздік қорғану 

 

Физиологиялық қажеттілік 



 

 

Статистикалық  факторларға  байланысты  орталық  тәжірибе  мекемесі  мотивацияның негізгі 



сфералық бағалауына мыналарды кіргізді: 

-

 



жақсы еңбекақы; 

-

 



әріптестермен қарым-қатынас; 

-

 



қызықты жұмыс; 

-

 



маманданған жұмыс; 

-

 



демалыс, жұмыс уақыты; 

-

 



алдағы жетістік; 

-

 



карьера жасау. 

Тәжірибенің нәтижесіне байланысты ғылыми мекемелердегі ғалымның 7 түрі бар: 

1)

 

Ғалымның  классикалық  түрі.Яғни  оларды  жұмыстың  максималдық  нәтижесі  және 



еңбекақының минималды дәрежесі қанағаттандырады. 

2)

 



Мұнда  қызықты  жұмыс  және  максималды  еңбекақы  қызықтыратын  ғалымдар  тобы 

кіреді. 


3)

 

Бұл топқа қолайлы жұмыс уақытын таңдаған ғалымдар кіреді. 



4)

 

Қоғамға деген қажеттілігін жоғары қоятын ғылыми жұмысшылар кіреді. 



5)

 

Мұнда  ғылыми  жұмысшылардың  жоғарғы  еңбекақы  және  қызықты  жұмысы  арқылы 



жоғарғы дәрежеге жетуі жатады. 

6)

 



Жұмыстағы еңбекақының кӛптігін қалайтын ғылыми жұмысшылар кіреді. 

7)

 



Жұмысшылардың  таңдауы  арқылы  орналасқан  ғылыми  жұмысты  жоғары  бағалайтын 

ғалымдар тобы кіреді. 

Мотивацияның үш негізгі теориясы бар: 

1)

 



Күту теориясы. 

2)

 



Әділеттілік теориясы. 

3)

 



Портер-Лоулер моделі. 

Күту – бұл белгілі жағдайдың ықтималдығының бағалануы болып табылады.Бұл теорияның 

ӛзі үш бӛлікке бӛлініп кӛрсетіледі: 

1)

 

Еңбек  шығындары  –  нәтижелер.Бұл  жұмсалған  күш  жігері  мен  алынатын  нәтиженің 



арақатынасы. 

2)

 



Нәтиже  –марапаттау.Бұл  жеткен  нәтижелер  деңгейіне  жауап  ретінде  белгілі  бір 

марапаттардан кейін пайда болатын қанағаттану немесе қанағаттанбау деңгейі. 

3)

 

Марапаттарға қанағаттану, яғни марапаттың мүмкін болатын бағалығы әр түрлі адамның 



марапаттарға деген кӛзқарасы. 

Портер-Лоулер  моделі,  мұнда  мотивация  жұмысшыларының  қажеттілігінің  және  әділетті 

кӛтермелеуінің басты функциясы болғандығына негізделген. 

 

2. Кадрлық жоспарлау. 

Кадрлық  жоспарлаудың  мақсаты  –  мамандарға  керек  уақытта    қажетті  кӛлемінде  олардың 

қабілеттілігіне  ,  бейімділігіне  сәйкес,  ӛндірістің  талаптарына  сай  жұмыс  орындарын 

ұсынумен анықталады. 

ҒТП-ң дамуына байланысты кадрлық жоспарлау міндеті аса маңызды болып келеді.Кадрлық 

жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді: 

1)

 

Қанша жұмыскерлер, олардың білімі қандай ? 



2)

 

Қандай әдіспен жұмысшыларды топтастырып , артығын жұмыстан босату? 



3)

 

Біліктілігі  жоғары  жұмыс  орындарын  жақсы  жұмыс  күштерімен  қамтамасыз  ету  үшін 



олардың білімдері ӛндіріс талаптарына сәйкес келуі. 

4)

 



Жоспарланған кадрлық іс-шаралар қандай шығындарды талап етеді? 

Жұмысшыларды  белгілі  бір  орынға  қабылдау  кезінде  мынадай  құжаттармен  қамтамасыз 

етілуі тиіс: 

-

 



резюме; 

-

 



талаптанған формаға байланысты анкета; 

-

 



ғылыми жұмыстың тізімі. 

Болашақ  қызметкерге  қоятын  талаптарына  сәйкес  болуын  байқау  үшін  іріктеудің  бірнеше 

түрі бар: тест түрінде, әңгімелесу және сынақ түрінде.Бұлардың ішіндегі ең кӛп тараған түрі 

әңгімелесу арқылы жұмысқа қабылдау. 



 

3. Оптималды жҧмыс уақытын таңдау. 

Ғылыми  мекемелерде,  әр  түрлі  ғылыми  салаларда  жұмысшылар  бар.Олар  техникалар, 

инженерлер,  лаборанттар.Соған  байланысты  олардың  жұмысының  әр  түрлілігіне 

байланысты жұмыс кестесі де әр түрлі болады.Жұмыс кестесін мынадай бӛліктерге бӛлуге 

болады: 

1)  Жұмыс  уақытының  икемді  кестесі.Жұмысшы  басшы  қабылдаған  жұмыс  кестесіне 

байланысты жұмысын бастайды немесе тоқтатады. 

2)  Жұмыс  уақытының  қысқыруы.Жұмыс  кестесін  бір  апта  ішінде  нақты  сағатты  әр  түрлі 

күнде және уақытта жұмысты ӛтеу болып табылады. 

3)  Ішкі  жұмыс  жүйесінде  уақыттың  қысқаруы.Жұмысшының  қысқа  мерзім  ішінде  ӛз 

қызметін орындауы. 

Икемділік дәрежесіне байланысты жұмыс кестесі бірнеше түрге бӛлінеді: 

1)

 

Икемділік,  мұнда  жұмысшы  нақты  жұмыс  кестесін  таңдайды  және  осы  таңдаған  кесте 



арқылы жұмысын жасайды. 

2)

 



Ӛзгермелі, жұмысшы ӛзінің жұмыс  уақытын басынан аяғына дейін ӛзгерте отырып, сол 

уақыт ішінде толық жұмысын орындауы тиіс. 

3)

 

Ауыспалы, мұнда жұмысшы жұмыс уақытының ұзақ немес қысқа болуын қалайды. 



Уақытты  оптималды  қолдануда  Паретто  мен  Эйзенхауердің  принциптері  үлкен  маңызға 

ие.1897 жылы итальян экономисі Паретто пайданы бӛлу, яғни олардың біркелкі бӛлінбейтіні 

туралы  заңын  қалыптастырады.Кӛптеген  жағдайда  пайда  немесе  игіліктің  бӛлігі  бірнеше 

адамдар тобына жатады. 



Американ  экономисі  Лоренц  бұл  теорияны  диаграмма  негізінде  белгіленген.Сапа 

мәселелерімен  айналысқан  осы  диаграмманы  квалификациялауға  қолданған  және  ол  осы 

әдісті Паретто анализі деп атауды ұсынған. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 



 

 

6  –  тақырып.  Инновациялық  проекттерді  басқару  және  инновациялардың 



экономикалық тиімділігін бағалау. 

 

Дәріс  мақсаты:  .Инновациялық  жобалардың  мақсаттары  мен  мәселелерін  анықтау.  Жоба 



бойынша жұмысшылардың жоспарын, мерзімдерін талдау. Инновациялық жобаның бизнес-

жоспары. 

Дәріс жоспары: 

1.Инновациялық жобалардың мақсаттары мен мәселелерін анықтау. 

2.Жоба бойынша жұмысшылардың жоспарын, мерзімдерін талдау. 

Негізгі түсінік 

Жоба 

Инвестиция 



Бизнес жоспар 

Венчурлық каптал 



1.Инновациялық жобалардың мақсаттары мен мәселелерін анықтау. 

Зерттеушілік  жобаны  дайындау  мәселесінің  деңгейі  талдаудан  және  оның 

маңыздылығын  дәлелдеуден  басталады.Ғылым  қызметкерлерінің  маңызды  және  қызықты 

тақырыптарды  табу  мүмкіндіктері  бар.Тақырып  таңдау  үшін  қойылатын  негізгі  талап  – 

оның маңыздылығы. 

Таңдалған тақырыптың маңыздылық және мәнділік критерийлері оның ғылым мен техника 

дамуының  басым  бағыттарына  елдің  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуының 

міндеттеріне сәйкестілігі. 

Тақырыпты  таңдағаннан  кейін  мәселені  зерделеуді  талдау  басталады.Ынталы  жобалар 

ғылыми  ұжымдармен  немесе  бӛлек  ғалымдармен  жүзеге  асырылады.Ынталы  жобаны 

орындау  мерзімі  –  1  жылдан  3  жылға  дейін.Ынталы  ұжымдық  жоба  ғылыми-зерттеушілік 

жұмыс болып табылады. 

Ғылыми-зерттеушілік  жұмысты  орындаушылардың  ғылыми  ұйымдары  техниканы 

қажет  етеді.Жоспарлау  мен  бақылау  –  инновациялық  жобаларды  ӛткізу  мен  дайындаудың 

қажетті  алғы  шарты.Ол  тек  жобаны  орындау  мерзімін  жоспарлау  емес,  сонымен  қатар 

жобаға қатысушылардың уақытын жоспарлау жатады. 

Зерттеушілік жобаның жоспарын бірдей уақыт мерзіміне есептеу міндетті емес.Зерттеушілік 

жобаларды таңдау мынадай сатылардан тұрады: 

-

 

дайындық кезеңдерінен; 



-

 

материалды жинаудан, әдеби деректемелерді талдаудан; 



-

 

білім саласында жұмыс істейтін ғалымдармен сӛйлесуден; 



-

 

қадағалаудан; 



-

 

тәжірибеден; 



-

 

мәселені шешу мен материалды ӛңдеуден; 



-

 

жұмысты қорытындылаудан. 



Венчурлық-инновациялық  жоба  ӛзіне  жаңа  техникалық  немесе  әлеуметтік-

экономикалық  жүйені  құруды  қамтамасыз  ететін  ғылыми-зерттеушілік,  тәжірибелік-

құрастырушылық  жұмыстың  кешенін  ,  ӛндіріс  және  жаңалықтар  мен  жаңа  енгізілімдерді 

пайдалану бойынша жұмыстарды қосады. 

Венчурлық-инновациялық  жобаларды  талдау  кезіндегі  негізгі  мәселе  болып 

нормативтік  құжат  түріндегі  рәсімделген  және  келісілген  инновациялық  шешімдердің 

қабылдаудың  ғылыми  зерттелген  критерийлердің  дәлелденуі  табылады.Венчурлық-

инновациялық  жобаларды  талдау  үш  негізгі  сатыдан  тұрады:  инвестиция  алдындағы, 

инвестициялық және пайдаланған. 

Тек  қана  инвестициялық  ӛнімді  нарықтық  ӛткізу  мен  ӛндірумен  инновациялық 

жобаларды  қайтару  басталады.Қаржыландыру  туралы  шешім  қабылдағанда  бірнеше 

жобаларды ұсыну мүмкіндігін есептеу қажет.Олардың ішінен ең тиімдісін таңдау керек. 

Қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдағаннан кейін жобаны ұйымдастыру және ӛткізу 

басталады.Жобаны  ұйымдастыру  мен  ӛткізудегі  маңызды  рольді  жоба  субъектілерінің 

арасындағы іскерлік байланыс атқарады.Сонымен қатар оның коммерциялық пайдалануына 

жобаны әзірлеушілердің қатысуы маңызды роль атқарады. 

Жобаның қатысушысы  бас тұлғасы болып тапсырыс беруші, тұтынушы және ӛндіруші 

табылады.Әр  жақ  бір  немесе  бірнеше  кәсіпорынмен,  фирмалармен,  ұйыммен  ұсынылуы 

мүмкін.Олардың  әрқайсысы  дербес  шаруашылық  жүргізуші.Тапсырыс  беруші  ӛзінің 

мүмкіндіктері  мен  мақсатымен,  мүмкіндіктерімен  сәйкес  жоба  орындаушысын  таңдай 

отырып, орындаушылар тобының құрамын анықтайды. 

 

2. Жоба бойынша жҧмысшылардың жоспарын, мерзімдерін талдау. 

Жоспарлау  деп,  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  іс-әрекет  тәсілдерін  анықтаудың  үздіксіз 

процесін  атайды.Ол  менеджменттің  қойылған  негіз  қалаушы  функциясымен  байланысты: 

ұйымдастырумен, мотивациямен, реттеумен, бақылаумен, үйлестірумен, есеп жүргізу және 

талдаумен.Инновациялық  жоба  бойынша  жұмыстарды  жоспарлаудағы  негізгісі  –  мақсатқа 

жету жолындағы болып жатқан ӛзгерістер есебімен жоба стратегиясын үздіксіз қолдау. 

Жоба  іс-әрекет  аумағындағы  жоба  нәтижесі  –  олардың  сипаттамалары  мен  жұмыс 

кешені.Жоба  мен  оның  бӛлек  сатысының  құны  ,  орындалу  мерзімі,  сапасы,  шығындары, 

тәуекелдіктері,  жеткізу  кӛлемі  жоспарланады.Қарастырылған  аумақтағы  жоспарлаудың 

жалпы принциптерімен қоса жұмысшылардың ғылыми негізділік принциптері келісімділік, 

стратегиялық    аспектілердің  басым  жағдайын  жасау,  икемділік,  икемпаздық  принциптері 

пайдаланылады. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 

6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 



 

 

7 – тақырып. Инновациялық қызметті қолдаудың дҥниежҥзілік тәжірибесі 



 

Дәріс мақсаты: Венчурлық кәсіпкерлікті түсіндіру және нарықтағы маңызын үйрету. 

Дәріс жоспары: 


1.

 

Венчурлық қызметтің түсінігі, мәні. 



2.

 

Венчурлық қаржыландыру түрлері.  



Негізгі түсінік 

Венчурлық қызмет 

Венчурлық компания 

Идея 


Капитал 

 

1.Венчурлық қызметтің тҥсінігі, мәні. 

Қазіргі кезде ӛндірістің экономикалық даму деңгейін, оның кӛлемімен емес, инновациялық 

бағдарламасымен және икемділік басқарылуымен анықталады. 

Венчурлық  инновациялық  қызмет  –  бұл  инновациялық  қызмет,  яғни  коммерциялық 

тәуекелдіктің ережесі  бойынша ұзақ мерзімді қаржылық жұмсалым.Венчурлық кәсіпкерлік 

әр  түрлі  формада  болады.Сонымен  қатар  экономикалық  қатынастың  үлкен  жиынтығын 

қамтиды.Соның ішінде ӛндіріске дайындық, ӛнеркәсіптің ашылуы инновациялық фирманың 

жаңаша  тәсіл  ойлап-табумен  байланысты.Венчурлық  фирмалар  ӛсу  деңгейімен  жұмыс 

жасайды  және  жаңаша  ақпараттың  ашылуына,  молаюына,  сақталуына  ғылыми  іздестіруі 

негізінде жүзеге асырылады. 

Венчурлық  фирмалар  ӛз  зерттеуін  басқа  фирмаға  береді.Мысалы,  маманданған  шағын 

кәсіпорынға жаңадан құрылған кәсіпкерге және т.б. 

Венчурлық фирманың құрылымы мынадай бӛліктерден тұрады: 

-

 

инновациялық идея; 



-

 

қоғамдық қажеттілік және жаңа фирма ұйымындағы дайын ұсыныс ретінде; 



-

 

капиталды қаржыландыру тәуекелдігі. 



 

2. Венчурлық қаржыландыру тҥрлері.  

 Венчурлық қаржыландыру екі негізгі формада жүзеге асырылады: 

1)

 

Жаңа фирманың акциясын алу; 



2)

 

Әр түрлі несиелер алу. 



Венчурлық  капитал  ӛзінің  активтерін  ірі  компаниялардан  емес,  яғни  банктерден, 

мемлекеттен  сақтандыру  және  зейнетақы  қорларынан  және  жаңадан  ӛсіп  келе  жатқан 

бизнестен алады. 

Венчурлық кәсіпорын екі түрде болады: 

-

 

ӛзінің тәуекелдік бизнесі; 



-

 

Ірі корпорациялардың ішкі тәуекелдік жобасы. 



Ӛз кезегінде тәуекелдік бизнес екі негізгі шаруашылық субъектілерден тұрады: 

-

 



тәуелсіз ішкі инновациялық фирма

-

 



қаржылық капитал беретін мекеме. 

Қазіргі  кезде  техникалық  қаржыландыру  инновацияның  негізгі  кӛзі  –  ол  кәсіпорынның 

ӛзінің  қаражаты,  табыс,  аммортизация,  жарғылық  капитал,  бағалы  қағаз  эмиссиясындағы 

кіріс және қаржылық ӛнеркәсіптік топтық ресурсы. 

Әлемдік нарықта венчурлық қордың негізгі түрлері: 

-

 



зейнетақы қоры, сақтандыру компаниясы; 

-

 



банктер, ӛнеркәсіп корпорациясы; 

-

 



коммерциялық емес қорлар. 

Венчурлық қаржыландырудың механизмі негізгі үш қызметтен тұрады: 

1)

 

институционалдық инвестор; 



2)

 

кәсіпкерлік фирма; 



3)

 

агенттік делдалдар. 



Венчурлық кәсіпкерлікті дамытуда үш экономикалық құрылым қажет: 

1)

 



Еркін капитал; 

2)

 



Бизнесті және инвесторды қызықтыратын орта. 

3)

 



Инвестицияның ең қолайлы кірісі. 

 


Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. -  

    банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. - 327с 

2.Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.-   

   Киев,1998.- 264с 

3.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - 

Алматы Экономика,2001. -158 

4.Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. - 164с. 

5.Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент:Алматы,1998. - 

60с 


6.Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005 

 

 



8 – тақырып. Шағын инновациялық бизнестің тҥрлері 

 

Дәріс  мақсаты:  Студенттерге  инновация  бизнесі  туралы  түсінік  беру  және  шағын  бизнес 

түрін ұғындыру. 

Дәріс жоспары:  

1. Кәсіпорынның  инновациялық қызметін жобалауды басқаруды шешу жолдары  

2.  ҒЗТЖ – кәсіпорынның ӛндіріс тиімділігін жетілдіру құралы есебінде 

Негізгі түсінік 

Инновация 

Кәсіпкерлік 

1. Кәсіпорынның  инновациялық қызметін жобалауды басқаруды шешу жолдары  

Нарықты экономикаға ӛту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге 

тән  жаңа  қағидаларды басшылыққа  ала  отырып  экономиканы  жандандыру  –  бүгінгі  күннің 

ӛзекті  мәселелерінің  бірі.  Осы  тауқыметті  шешу  жӛніндегі  негізгі  тұтқалардың  бірі  ол 

ӛндірісті,  жалпы  экономиканы  іскерлікпен  басқару,  нарықты-экономикалық  қатынастарды 

дамыту, оларды құқықты тұрғыдан реттеу, ақша – несие, қаржы және валюта қатынастарын 

жұзеге асыру. 

Жеке  ӛмірде  шешім  қабылдауға  қарағанда,  басқарудағы  шешім  қабылдау  -  ӛте  қатаң 

жүйеленген  процесс.  Жеке  адамның  жеке  дара  таңдауы  алдымен  ӛз  ӛміріне  және  онымен 

қарым-қатынаста  жүрген  адамдарға  байланысты  болады.  Менеджер  іс-қимыл  бағытын  тек 

ӛзі  үшін ғана емес, сонымен бірге, ұйымдар мен басқа жұмысшылар  үшін де таңдайды. Ірі 

ұйымдардың жоғарғы деңгейдегі басшылары миллиондаған шешімдер қабылдайды. 

Кӛңіл  аударарлық  мәселе  басқару  шешімдері  жетекші  қабылдаған  шешімдер  арқылы 

жұмыс жасайтын адамдардың жеке ӛмірінде ықпал ету мүмкін. 

Маңызды  шешімдерді  қабылдаудағы  жауапкершілік  –  басшыға  ауыртпалық  әкеледі. 

Егер басшы бағыныштыны жұмыстан шығарса, соңғысы қатты күйзелуі мүмкін. Сондықтан 

басшылар ойланып қарастырылмаған шешімдерді қабылдай алмайды. Басшының іс-әрекетін 

неғұрлым  және  жүйелі  түрде  түсіну  үшін,  жалпылама  шешім  қабылдау,  оның  басқару 

процесімен  қарым-қатынасына және ұйымдық шешімдердің мінездемелеріне тоқталу қажет. 

Ұйымдық шешім: 

Коммуникациялық  процесс  сияқты,  шешім  қабылдауда  басқарудың  барлық 

аспектілерінен орын алады. 

Шешім  қабылдау  бейнесінде  Минцберг  басшының  тӛрт  кейіпте  болатынын  атап 

кӛрсеткен:  кәсіпкер,  жұмыстағы  жауапкершіліктің  бұзылуын  жӛндеуші,  ресурстарды  бӛлу 

маманы және келісімдерді жүргізуші маман. 

Әрбір  басшы  маман  осы  бейнелер  арқылы  ӛз  жұмысын  толықтырып  отырады.  Әрбір 

басқару  қызметі  ӛмірде  жүзеге  асыруды  талап  ететін  жалпылама  және  тіршілікке  қажетті 

маңызды шешімдермен байланысты. 

Олардың кейбіреулері тӛменгі кестеде кӛрсетілген. 

                                Жоспарлау 

    1. Сіздің бизнесіңіздің табиғаты қандай және оның жоғарғы мақсаты неде? 


    2. Сіздің мақсатыңыз қандай болу керек? 

    3. Сыртқы ортада қандай ӛзгерістер болуы және олар ұйымдарға қалай әсер етуі мүмкін? 

    4. Қойылған мақсатқа жету үшін қандай стратегияны немесе тактиканы таңдап алу керек? 

                            Қызметті ұйымдастыру 

    1. Ұйым жұмысын қандай үлгіде құру керек? Орындалған жұмыстардың одағын мақсатқа 

сәйкес қалай кеңейту керек? 

    2. Бұл одақтың қалай жұмыс істеуін үйлестіру керек? 

    3. Жетекшілерге және ұйымдардың мүшелеріне қабылданған қандай шешім сенімді? 

    4. Сыртқы орта ӛзгерісіне байланысты ұйым құрылымын ӛзгерту қажет пе? 

                          

Ынталандыру (мотивация) 

    1. Менің бағыныштыларымның мұқтажы неде? 

   2. Ұйым мақсатына жету үшін бұл мұқтаждықтар қалай қанағаттандырылады? 

   3. Ӛнімнің кӛбеюіне  және жұмысшылардың жұмыспен қанағаттануына не әсер етеді? 

   4. Ӛнімді одан әрі кӛбейту үшін не істеу қажет? 

                                    Бақылау 

   1. Жұмыс нәтижесін ӛлшеуді қалай қадағалау керек? 

   2. Қорытынды қалай бағаланады? 

   3. Мақсатқа жету үшін қаншалықты еңбек сіңірдік? 

   4. Қойылған мақсатқа жеткіліксіз жылжысаң – неге олай болады және бұл үшін қандай 

ӛзгерістер енгізу қажет? 

Ұйымдық шешім дегеніміз- лауазымды адамдардың, ӛздеріне берілген міндеттерді орындауы 

үшін  таңдай  білу  қабілеттілктерінің  болуы.  Оның  мақсаты  ұйымның  алдында  тұрған 

мәселелер  қозғалысын  қамтамасыз  ету.  Сондықтан  да  тиімді  ұйымдық  шешім  деп 

қабылдаған және орындалған мақсатты айтуға болады. 

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал