Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 5.29 Kb.

бет7/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.29 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. ФҚТ экономикалық мәні неде? 
2. ФҚТ мақсаты 
3. ФҚТ ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді? 
4. ФҚТ жүргізу тәртібі 
5. Функционалды-құндық талдау неге байланысты жүргізіледі? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 

60 
 
1.
 
Контроллинг  как  инструмент  управления  предприятием/  Е.А.Ананькина, 
С.В.Данилочкин,  Н.Г.Данилочкина  и  др.;  Под  ред.  Данилочкиной.-М.:  ЮНИТИ-
ДАНА, 2004г. 
2.
 
Ташенова С.Д. Контроллинг: Уч. Пособие – Алматы: Экономика, 2007 г. 
3.
 
Попова  Л.В.,  Исакова  Р.Е.,  Головина  Т.А.  Контроллинг:  Уч.пос.-М.:  Изд-во 
«Дело и сервис», 2003 г. 
4.
 
Фольмут,  Хилмар  Й.  Инструменты  контроллинга/Хилмар  Й.-Москва:  Изд. 
Омега-Л, 2007 г.   
5.
 
Анискин  Ю.П.  Планирование  и  контроллинг  :  уч.  По  специальности 
«Менеджмент  организации»/  Ю.П.Анискин,  А.М.Павлова.  2-е  изд.-М.:  Омега-Л, 
2005 г. 
6.
 
 
Тақырып 12. Кәсіпорындағы контроллинг 
 
Лекция  мақсаты:  студенттерге  кәсіпорындағы  контроллингтің  мәнімен,  негізгі 
мақсаты мен міндеттерімен, оның атқаратын қызметтері туралы дәріс беру 
   Лекция сҧрақтары: 
12.1 Контроллингтің мәні. 
12.2 Контроллинг ерекшеліктері.  
 
12.1 Контроллингтің мәні. 
1.  Контроллинг  –  экономикалық  талдау,  жоспарлау,  басқарушылық  есеп  және 
менеджменттің түйісуі (ұштасуы) кезінде пайда болған қазіргі заманғы басқарудың 
теориясымен тәжірибесіндегі жаңа  құбылыс.  
Контроллингтің басты міндеттері
-
 
басқарушылық есеп жүйесін құру; 
-
 
стратегиялық және оперативті жоспарлаудың кешенді жүйесін құру.  
Контроллинг  (ағылышын сӛзі  «control»)  «жетекшілік,  реттеу,  басқару,  бақылау» 
дегенді білдіреді.  
Контроллинг пәні және мазмҧны.  
Контроллинг курсын меңгеру пәні болып кәсіпорынды басқару үрдісі табылады, 
оған мақсаттар құру, стратегия құру, стратегиялық және оперативті жоспарлар мен 
бюджеттер  құру,  ағымдағы  жағдайларға  мониторинг  жасау,  алға  қойған 
мақсаттардан нақты нәтижелердің ауытқуын бақылау және талдау.  
 
12.2 Контроллинг ерекшеліктері. 
Фирма қызметіндегі контроллинг – бұл пайда алуға байланысты мүмкіндіктермен 
кедергілерді  (тәуекел)  анықтауға  бағытталған  кәсіпорынды  басқарудың  біртұтас 
тұжырымы.  
1)
 
Ағымдық  қаржылық-экономикалық  және  стратегиялық  шешімдерді 
байланыстыру; 
2)
 
Қаржылық-экономикалық  есептеулерді  экономикалық  тұрғыданнегізделген 
шешімдер қабылдауға негіздеу;  

61 
 
3)
 
Басқарудың  келесі  дәстүрлі  қызметтерінің  :  жоспарлау,  қапараттық 
қамтамасыздандырудың (контроллингтің ядросын құрушылар) жаңа мазмұнын ашу
4)
 
Жоспарлау-экономикалық 
қызметінің 
атқаратаын 
рӛлінің 
жаңа 
психологиялық мазмұны (кәсіпорнындағы контроллинг қызметі); 
5)
 
Контроллинг  –  опреациялық  және  стратегиялық  басқарушылық  шешімдерді 
қабылдау үшін менеджменттегі қаржы-экономикалық түсінік беру қызметін жүзеге 
асыруға  байланысты,  кәсіпорындағы  экономикалық  жұмыстың  функционалды 
айырықша бағыты. 
Контроллингтің  негізгі  мақсаты  –  кәсіпорын  басшылығының  алдында  тұрған 
мақсаттарға жетуге, басқарушылық үрдісті бағыттау (бағдарлау).  
Контроллинг келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді: 
1)
 
Сервистік (басқаруға қажетті ақпараттармен қамтмасыз ету). 
2)
 
Шешім қабылдау қызметі (басқарушылық қызмет) 
3)
 
Кәсіпорындағы ішкі бақылау 
Бақылау  қызметі  бүкіл  ұйым  бойынша  немесе  оның  құрылымдық  бірліктерінің 
экономикалық  жұмыстарын  бақылауға  әкеледі.  Ревизиядан  контроллингтің 
ерекшелігі  –  ол  ұйым  қызметінің  ағымдық  және  келешектегі  нәтиежелеріне 
бағытталған және ол шаруашылық операцияның жүзеге асыру орнындағы құжаттық 
тексерумен байланысты емес.  
Контроллингте қолданылатын әдістер: 
1)
 
АВС талдау; 
2)
 
Зиянсыздық нүктесіндегі мәндерді талдау; 
3)
 
Жабу сомасын есептеу әдісі; 
4)
 
Инвестицияларды есептеу әдістері; 
  Контроллинг  ең  алдымен  шешім  қабылдау  үрдісін  қолдауға  (қамтамасыз  ету) 
негізделген.  
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Контроллингтің пайда болу тарихы. 
2. Контроллинг ұғымы 
3. Контроллингтің бақылаудан айырмашылығы неде? 
4. Контроллингтің негізгі бағыттары 
5. Контроллингтің негізгі қызметтері неде? 
6. Контроллинг қандай қағидаларға негізделген? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.  Контроллинг  как  инструмент  управления  предприятием/  Е.А.Ананькина, 
С.В.Данилочкин,  Н.Г.Данилочкина  и  др.;  Под  ред.  Данилочкиной.-М.:  ЮНИТИ-
ДАНА, 2004г. 
2.Ташенова С.Д. Контроллинг: Уч. Пособие – Алматы: Экономика, 2007 г. 
3.Попова  Л.В.,  Исакова  Р.Е.,  Головина  Т.А.  Контроллинг:  Уч.пос.-М.:  Изд-во 
«Дело и сервис», 2003 г. 

62 
 
4.Фольмут,  Хилмар  Й.  Инструменты  контроллинга/Хилмар  Й.-Москва:  Изд. 
Омега-Л, 2007 г.   
5.Анискин  Ю.П.  Планирование  и  контроллинг  :  уч.  по  специальности 
«Менеджмент  организации»/  Ю.П.Анискин,  А.М.Павлова.  2-е  изд.-М.:  Омега-Л, 
2005 г. 
 
Тақырып 13.  Шығындарға қатысты фирманың стратегиясы 
Лекция мақсаты: Фирманың стратегиясының түрлерімен, шығындарды басқару 
бағытындағы  фирманың  ұтымды  шешім  қабылдауы  мен  тиісті  стратегияны  ұсыну 
шарттарымен таныстыру 
    Лекция сҧрақтары: 
 
13.1 Стратегиялық жоспарлау 
 
13.2 Шығындарды басқару стратегиясы 
 
 
13.1
 
Стратегиялық жоспарлау 
Стратегиялық  жоспарлау  ұзақ  мерзімді  бағытталуы  қажет.  Осы  жерге  персонал 
жұмысшыларының  жоғары  сапасын  және  жұмысшылардың  ӛмір  сүру  деңгейін 
қамтамасыз ету мақсатымен әртүрлі ӛндірістік техникалық факторлар мен ұйымдық 
басқарушылық  құрылымды  кезең  бойынша  жүзеге  асыру  негізінде  экономикалық 
ӛсудің    жоғары    қарқынына  жетуге  бағытталуы  тиіс,  корпорацияның  ӛсуіне,  оның 
ӛлшемінің  артуы  келесі  кӛрсеткіштер  бойынша  қызметтердің  кеңейтуді  (ӛндіріс 
кӛлемі, нарықтағы үлесі, мамандар саны, сату шамасы, таза табыс және тағы басқа 
жатады) 
Даму  –  бұл  индивидтің  ӛз  қалаулары  мен  басқа  тұлғалардың  қажеттілігін 
қанағаттандыруға  ӛз  мүмкіндіктермен  талабын  арттыру  процессі.  Даму  ӛмір  сүру 
деңгейіне қарағанда сапамен тығыз байланысты. 
Сонымен  стратегиялық  жоспарлау  кәсіпорынның  келешектегі  ұзақ  мерзім 
кезеңінде  даму деңгейі мен экономикалық ӛсуін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы 
стратегиялық  жоспарлау  процессі  келесі  ӛзара  байланысты  қызметтерді  жүзеге 
асырады: 
1.
 
Ұзақ мерзімді стратегияны анықтау. 
2.
 
Стратегиялық бӛлімшелерді құру. 
3.
 
Маркетинг мақсатын негіздеу. 
4.
 
Жағдайлық талдау 
5.
 
Маркетинг стратегиясын құру 
6.
 
Тактиканы жүзеге асыру 
Ұйымның  даму  стратегиясын  зерттелмеген  нарықтық  жағдайларды  есепке  ала 
отырып, сыртқы орта  мен оның  қызметінің  мүмкін  ішкі  перспективаларын  зерттеу 
нәтижелерінде анықталады. 
Шетелдік 
фирмаларда 
стратегиялық 
жоспарлау 
тәжірибесінде 
келесі 
ерекшеліктерін бӛліп қарастырайық. 
1.
 
Жоспар әдетте келешекте әрекет етудің бір ғана стратегиясын құрайды. 

63 
 
2.
 
Жоспарда фирманын барлық әлсіз және күшті жақтары бағаланады. 
3.
 
Жоспарда болжамдар мен алдын ала ұйғарымдар, тұжырымдар кӛрсетіледі. 
4.
 
Кӛптеген  жоспарда  тәуекел  бағаланбайды,  бірақ  әртүрлі  мүмкін  болатын  іс 
әрекет нұсқаларын қарастырғанда ескеріледі. 
5.
 
Барлық 
жоспарлар 
фирманың 
қаржылық 
қызметтерінің 
негізгі 
кӛрсеткіштерінің бейнелейтін, күтілетін мақсаттар негізінде құрылады.   
6.
 
Ұзақ  мерзімді  жоспарда  қажетті  инвестицияның  кӛлемі,  күтілетін  табыстар 
мен  шығыстар,  ұзақ  мерзімде  тӛленетін  дивиденттер  туралы  мәліметтер 
бейнеленеді. 
7.
 
 Жоспарда 
мүмкін 
болатын 
фирмалардың 
бірігуі 
нәтижесіндегі 
диверсификация бағасы беріледі. 
 
13.2
 
Шығындарды басқару стратегиясы 
Фирманың  дамуының  біртұтас  стратегиясы  ретінде  «7С»  үлгісі  алынған. 
Құрылым  (система),  жүйе  қызметкерлер  (сотр),  стиль,  біріккен  құндылықтар 
(сов.ценности)  және  қабілеттер  жиыны  –  7С  білдіретін  сӛздер  сияқты  әлеуметтік 
экономикалық факторлар ӛзара әрекет ету механизмін сипаттайды.  
Даму стратегиясы 
 
                қабілеттілік                                                    құндылықтар 
                  жиыны                                                                жиыны 
 
                құрылым            жүйе        қызметкерлер         стиль 
 
     1-сурет.  Фирма дамуының «7С» үлгісі. 
 
Баға  –  белгілеу  стратегиясы  баға  белгілеу  мақсатын  жүзеге  асыру  кӛлемімен 
құралдар мен әдістер жиынтығы. 
Құрал  әдістер  жиынтығы  –  тауарлардың  жағдайындағы  ӛзгеру  динамикасын 
жӛңдеуге мүмкіндік береді. 
Баға белгілеу стратегиясының мақсатын: 
1.
 
нарық жағдайын түрлендіру 
2.
 
сұранысқа баға ӛзгерісінің әсерін тӛмендету 
3.
 
мүмкін бәсекелестерді шектеу 
Жаңа тауарға баға белгілеу стратегиясы: 
1.
 
нарыққа ену стратегиясы 
2.
 
«қаймағын алу» стратегиясы 
Ӛндіріс стратегиясы - ӛнімді шығару кӛлемінде кәсіпорының қызметінің негізгі 
бағытын қамтамасыз етеді. Оның 3 негізгі альтернативті стратегиясы бар. 
- сұранысты толық қанағаттандыру 
- орташа сұраныс деңгейі бойынша ӛнім ӛндіру  
- тӛмен сұраныс деңгейі бойынша ӛнім ӛндіру 
 

64 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Стратегия ұғымы, оның түрлері 
2. Стратегияның шығындарды басқарудағы ролі 
3. Шығындарды басқару стратегиясының шетелдік тәжірибесі 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
Тақырып 14. Шығындарды бақылау 
Лекция  мақсаты:  студенттерге  нарықты  экономикада  ӛндірістік  шығындарды 
бақылау қажеттілігін, олардың түрлерімен таныстыру 
   Лекция сҧрақтары: 
14.1Шығындарды бақылау  түрлері, міндеттері 
14.2 Ішкі бақылауға әсер ететін факторлар 
 
14.1Шығындарды бақылау  тҥрлері, міндеттері 
Ӛндірістің  алға  қойған  мәселесі  болып  білім  тәжірибелерді,  еңбек,  машина, 
құрал–  жабдықтар,  энергия  басқа  да  ресурстарды  пайдалана  отырып  адмдардың 
мұқтаждықтарына  сай  белгілі  бір  материалдық  игіліктерді  құру.  Ӛндіріс  сатысы 
ӛткізу сатысымен толықтырылады.Стаушылардың қызметі сатыпалушыларды іздеу 
және материалдық игіліктерді тарату жолдармен таңдаумен шектеледі. Ӛндірушілер 
ӛз  ӛнімдерін  тікелей  емес  делдалдар  –  сауда  ұйымдары  арқылы  жеткізеді. 
Сондықтан  тұтынушылардың қажеттіліктерін  зерттеу  мен  қатар  делдалдарды  іздеу 
жолдарымен қарастырылуы қажет. 
      Жетіспеушілік    шығындарының    деңгейі  бойынша    бағаның    ӛнім ӛндірісіне  
тікелей  байланысы  орын  алады.  Бағаны  құрудың  негізі  болып «шығындар +» 
үлгісі болып  саналады. Ӛзіндік  құн  негізінде  баға  белгілеу  мына  жүие  бойынша  
қалыптасады: ӛнім> ӛзіндік  құн> баға> сатыпалушылар.  Ӛндіріс  нарығында  бұл  
баға  қою  схемасы  ӛмір  сүруге  қаюлетті б.е. 
      Баға  фирма  үшін  нарықтағы  бәсекелік  қабілеттілікті  сақтауға  мүмкіндік  
беретін  ӛндіріс  шығындарының  мүмкіндік  денгейін  анықтайды. 
      Ӛндіріс    шығындары     нарықтағы   тауарлар    ұсынысы   арқылы   бағаға    әсер  
етеді. Тұтынушылар  қандайда  бір тауар  ӛндіру қажеттілігін  анықтайды,  сонымен  
қатар қандай  бағамен  немесе  қандай  мӛлшерде ӛндірушілер нарыққа   тауарларды  
жіберуге  келісетінді  ӛндірістік шығындармен  анық. Нарықтық  бағаның  тӛмендеуі  

65 
 
ұсыныс    кӛлемінің    томендеуіне    әкеліп      соғады.  Ӛндірістік    нарығына,  
сатыпалушылар    нарығына    ӛту    кезінде    тауарларға    баға    қою      процессі    және  
оның  ӛнімінің ӛзіндік   құнындағы  орнына  былайша  ӛзгереді:  
 
14.2 Ішкі бақылауға әсер ететін факторлар 
Сатыпалушылар>баға> ӛзіндік  қҧн> ӛнім(жұмыс қызметі) 
Баға  белгілеудің  мақсаты  бұл  ұзақ  мерзім  кезеңде  пайданы  жоғарлататын  
к\о  нарықтағы   үлесі  мен  пайданың  үлесімділігін  анықтау. 
    Ӛнімді   ӛткізуді  басқару   құрылымы  келесі  суретте  кӛрсетілген. 
  Әкімшілік    басқарушының    персонал    және    оның    қарамағындағы  
қызметтшілердің    іс-әрекетінен    кететін      шығындар      тұрақты    және    айнымалы  
болады. 
  Мысалы:  тұрақты    шығ-а,жарнама,әкімшілік    басқарушылық    персоналдардың  
еңбекақысы  және дайын  ӛнім  қоймасын  ұстау  шығ-ы және  т.б. 
   Айнымалы    шығ-а    қораптау,  ӛткізілген  ӛнімдердің  V  байланысты,  еңбекақы  
шығ-а  және  кӛлік  тасымалдау  шығ-а  және  т.б. 
   АВС    шығ-а  бағалау    жүйесі      дайындау    кезеңде    мына    тӛмендегілерді  
анықтау  қажет:  
1.Зерттеуге  жататын  қызмет  түрін анықтау(  дайын ӛнімді  жӛнелту, жарнама, 
маркетинг, логистика, компьютерлік  ӛңдеу, кеңес  берушілік  қызмет-р  және  есеп  
беру. 
2. Әр  қызмет  түріне шығ-ы  тасымалдаушыларды  таңдау(мыс: тапсырыс  беру  
үшін  қабылданған  тапсырыстар  саны, бұл  қызмет  түріне  жұмсалған  шығымдар  
тұрақты  болу  керек) 
3. Әр  қызмет  түріне  кететін  шығындарды  анықтау. 
4.Әр   қызмет  түрлері  бойынша   операцияға  кететін  шығындарды  анықтау.  
Мыс:  тапсырыстарды    толтыруға    дайындауға  кететін    жалпы    шығындар    15млн. 
ақша    бірлігін    құрайды,  барлығы  100000    тапсырыс  бұдан    бір    операцияны  
орындауға  кететін  шығындар  150 ақша  бірлігін  құрайды. 
5. Әрбір  ӛнім  бойынша   ӛнім  ӛткізуге   кететін  шығындар  сапасын   анықтау. 
Ол  әрбір      қызмет    түрлері    бойынша  әрбір      операцияға      кететін    шығындар  
шамасына лӛбейту  жолымен  анықтайды. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Материалға жұмсалатын шығындар шығындардың қай түріне жатады? 
2.
 
Жоспарлауға анықтама бер 
3.
 
Нормалауға анықтама бер 
4.
 
Шек қоюға (лимит) анықтама бер 
5.
 
Бақылауға анықтама бер 
6.
 
Ӛндіріске кететін шығындарды есепке алу – бұл... 
7.
 
Бақылауға алынбайтын шығындар 
8.
 
Тиімді шығындарға анықтама бер 

66 
 
9.
 
Шығындарды бақылау, басқару мақсатымен ӛндірістік шығындарды 
нормалау, жоспарлау және есепке алуды ұйымдастыратын кәсіпорынның 
оқшауланған құрылымдық бӛлімшелері  
10.
 
Бір есепке алу процесінде шығындардың пайда болу орнын: ӛндіріс, цех, 
бӛлім, бригаданы менеджерлердің жауапкершілігімен біріктіруге мүмкіндік беретін 
шығындарды топтастыру  
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
 
 
Тақырып 15. Трансферттік бағалар 
 
Лекция  мақсаты:  студенттерге  трансферттік  бағаларды  белгілеу  негіздерімен, 
трансферттік мәмілені толтыру ережесімен, оның түрлерімен таныстыру 
     Лекция сҧрақтары: 
15.1
 
Трансферттік мәміле, оның түрлері 
15.2
 
Трансферттік баға белгілеу әдістері 
 
15.1
 
Трансферттік мәміле, оның тҥрлері 
 Қазақстан  Республикасында  нарықтық  экономиканың  дамуы  аралық  ӛнім 
(қызмет)  ӛндіруші  бӛлімшелердің  арасында,  кәсіпорын  ішінде  жаңа  экономикалық 
қатынастардың  пайда  болуына  ықпалын  тигізді.  Ӛндірісті  шоғырландыру,  әдетте, 
оның мамндануы қатар жүреді, мағынасы- бір бӛлімшенің  дайындаған ӛнімін басқа 
бӛлімшенің  бір  заңды  тұлғасына  табыстауды  ұйғарады,  яғни  трансферттік  мәміле 
орын алады.  
    Трансферттік  мәміле  (латынша  –transferte  -  аудару)  –  сыртқы  сауда 
операцияларына қатысушылардың (валюта бағамы бойынша, баға бойынша) келісім 
шартпен  валютаны  немесе  тауарды  ӛзара  айырбастауын  қарастыратын  әр  түрлі 
коммерциялық  мәмілелер.  Валюталық және  тауарлық  валютаны бӛліп  қарастырған 
жӛн.  
    Валюталық трансферде коммерциялық банктер, мысалы, биржалықтан ӛзгеше, 
бағамы  бойынша  әр  түрлі  валютамен  соманы  айырбастау  туралы  келісімге  келеді. 
Тауарлық  трнасферде  келісім  шарт  (трансферттік)  баға  бойынша  контр  агенттер 
арасында тікелей тауар айырбасы жүзеге асырылады. 

67 
 
    Сатып  алу  –сату  қатынасы  ішкі  фирмалық  байланысқа  еніп,  трансферттік 
бағалар оларды ӛткізімен механизмі болып табылады.  
    Экономикалық  сӛздікте  трансферттік  баға  тауарлар  мен  қызметтерді  ӛзара 
айырбастауда қолданылатын баға, яғни ішкі фирмалық баға ретінде баяндалады. 
    Трансферттік  баға  –халықаралық  бірігулер,  фирмалар,  компаниялар  мен 
ұлтаралық корпорияциялар (оның ішінде әр түрлі елдер мен аймақтарда орналасқан 
олардың  бӛлімшелері  мен  филиалдары  арасында)  аясында  тауар  мен  қызметті 
жабдықтау  есебінде  қолданылатын  бағалардың  әр  түрлілігі.  Трансферттік  бағаны 
қолдану  жартылай  дайындалған  ӛнімдермен,  тораптармен,  жиынтықтаушы 
бұйымдардың  бӛлшектерімен  және  т.б.  жабдықтау  саласында  болады.  Әдеттегіще, 
шетелдік  фирмалардың  тәжірибесінде  трансферттік  баға  коммерциялық  құпияның 
мәні болып табылады.  
    Анықтамасында  нақтылай  айтылмасада,  трансферттік  баға  нарықтық  бағадан 
біршама ерекшеленетінін аңғартады. 
    Егер  айырмашылық  болмаған  болса  және  барлық  мәміле  нарықтық  бағамен 
жүзеге  асырылса,  онда  трансферттік  баға  үғымын  енгізудің  қажеттілігі  мәселе 
күйінде қалар еді.  
 
 
 
15.2
 
Трансферттік баға белгілеу әдістері 
    Нарықтық  экономикада  трансферттік  баға  белгілеу  жекелеген  құрылымдық 
ұйымдарға  белгілі  бір  шаруашылық  және  қаржылық  дербестік  табысталатын 
кәсіпорынды басқарудың орталықсыздандырылған құрылымына тән. Компанияның 
жоғары  басшылығы  ішікі  және  сыртқы  баға  белгілеуге  бӛлімшелерге  қандай 
деңгейде  еркіндік  беруді  шешу  керек,  яғни  табыс  табуына  мүмкін  тудырып, 
экономикалық жағдайынан пай 
дасы 
тиетін 
жабдық 
аушылар 
мен 
тұтынушыларды  ӛз  еріктерімен  таңдауына  мүмкіндік  береді.  Мұнда  мұндай 
орталықтың менеджері ӛзі бақылайтын кірістер мен шығыстарға ғана жауап береді. 
   Трансферттік  баға  белгілеу  –бұл  бір  заңды  тұлғаның  бӛлімшелеріне  ішкі  есеп 
айырысудың бағасын белгілеу процесі.  
   Трансферттік  баға  белгілеудің  ауқымды  спектрін  жеке  ұғыну    үшін 
тарнсферттік  мәмілелердің  нәтижесінде  тӛлемдер  (дивиденттер,  салықтар, 
проценттер  және  т.б.)  түсетін  аса  ірі  компаниялармен  холдингтердің  болуына 
мүдделілік  танытатын  қатысушыларда  қарастырайық.  Олардың  қатарына: 
кредиторлар,  қарыз  алушылар,  жабдықтаушылар,  сатып  алушылар,  мемлекет, 
менеджерлер, қызметкерлер және меншік иелері кіреді.  
   Трансферттік  баға  белгілеу  бӛлімшелерпдің  арасындағы  қызметтерді  немесе 
бұйымды қабылдау –тапсыру фактісін нақты тіркеуді керек етеді.  
   Трансферттік  баға  белгілеудің  негізінде  ұйымдарға  мүмкін  болғанша  ең 
жоғарғы  шамадағы  маржиналдық  табысты  (пайданы)  қамтамасыз  ететін,  ұтымды 
болып саналатын тарнсферттік бағаға сәйкес принцип жатады.  
 

68 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Трансферттік бағалардың ұғымы 
2. Трансферттік мәміленің түрлері 
3. Валюталық мәміле 
4. Тауарлық мәміле 
5. Трансферттік баға белгілеу негіздері 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы экономика және статистика академиясы
 
 «Экономика және менеджмент»  кафедрасы 
 
                                       
                                                                 
 
 
 
 

69 
 
 
 
 
 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫН ОРЫНДАУ ҤШІН 
ӘДІСТЕМЕЛІК НҦСҚАУ  
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал