Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 5.29 Kb.

бет6/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.29 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Еңбекақыны тӛлеу нысандары 
Жұмыс берушіге ӛз жұмысшыларына еңбекақы тӛлеу ол жұмысшы күшін жалдау 
үшін  кеткен  шығындар.  Осыған  қоса  жұмыс  беруші  ӛнім  бірлігіне  жұмыс  күшінің 
шығындарын қысқартуға ұмтылады. 
Еңбек  ақы  деңгейі  еңбек  нарығындағы  жұмыс  күшіне  сұраныс  пен  ұсыныстың 
үнемі  ӛзгеруіне  байланысты  жұмысшы  мен  жұмыс  берушілердің  іс-әрекетіне 
салмақты әсер етеді. 
Жалақының  нақты  кӛлемі  нарықта,  әлеуметтік  қатынастарда,  ӛндірісте  пайда 
болатын әр түрлі  факторларға байланысты. 
Адамның  ӛз  еңбегі  үшін  алатын  ақша  саны  негізінде  жұмыс  күшінің  құны 
кӛлеміне  байланысты.  Әр  топ  үшін  бұл  құнның  жоғарғы  және  тӛменгі  деңгейі 
болады. 
Тӛменгі  деңгейге  ӛмір  сүруге  қажетті  қаражат  сомасы    жатады.  Олар  отбасын 
асырау,  кәсіби  білім  алу  үшін,  жұмысшының  жұмыс  қабілетін  арттыру  үшін 
жұмсалады. Кӛптеген елдерде әдейі ӛмір сүру минимумы деген кӛрсеткіш саналады. 
Ол  кедейшілік  шегін  –  жұмысшылардың  тӛменгі  квалификациясымен    жұмыс 
қызметін ұстайтын қаражат мӛлшері [4]. 
Жоғарғы  жұмысшы  күші  шегі  ол  кейбір  елдерде  әдет-ғұрыпты  болатын 
әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді ӛтейтін қосымша шығындар.  
Жалақының  мәнін  функциялардан  айқын  кӛре  аламыз.  Функция  ӛз  қызметін 
қоғамдық ӛндірісте: ӛндірісте, тұтынуда жүзеге асырылады . 
Еңбек  ӛнімділігі  ӛсу  темпінің  орташа  жалақының  ӛсу  темпінен  жоғары  болуын 
қамтамасыз  ету  (немесе  ӛнім  ӛндіру  кӛлемінің  ӛсу  темпінің  тұтыну  қоры  ӛсу 
темпінен  жоғары  болуы).  Бұл  қағиданың  мәні  -  ӛндіріс  тиімділігін  жоғарлату  мен 
дамыту негізінде еңбек табыстарын максималдау. Осы бағытта жүру кәсіпорынның 
дамуы  мен  ӛсуіне  жағымды  жағдай  болып  табылады.  Бұл  қағиданы  бұзу 
инфляцияға,  елдің  экономикасының  тоқырау  құбылысына  алып  келеді.  Нақты 
кәсіпорын жағдайында бұл ӛндіріс құралдарын жаңарту процесінің бәсендеуі, және 
перспективалы  нәтижесі  бар  жобаларды  жасауға  бағыт  бұзылады  –  бәсекелестік 
фирмалардың ӛнімдеріне қарағанда сапасы тӛмен ӛнімге сұраныстың тӛмендеуі. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Еңбекакақы шығындары қалай есептеледі?  

52 
 
2. Еңбекақының негізгі және жанама түрлері 
3. Еңбекақы тӛлеудің жүйелері 
4. Еңбекақының мерзімді жүйелері 
5.Еңбекақыны тӛлеудің кесімді жүйелері 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
 
Тақырып 8. Жалпы және әкімшілік шығыстар 
 
Лекция  мақсаты:  студенттерге  жалпы  және  әкімшілік  шығыстардың  құрамы 
мен құрылымымен таныстыру 
   Лекция сҧрақтары: 
8.1. Жалпы және әкімшілік шығыстардың құрамы 
 
         8.1 Жалпы және әкімшілік шығыстардың қҧрамы 
1)
 
Басқарушылық  және  шаруашылық  персоналға  жататын  жұмыскерлердің 
еңбекақысы, әртүрлі сыйақылар мен үстемелерді қоса есептегенде 
2)
 
Міндетті  мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар  мен  мідетті 
медициналық сақтандыруға, зейнетақы қорына жарналар. 
3)
 
Қосымша тӛлемдер, пособие, кәсіпыорн жұмыскерлеріне ӛтемақы. 
4)
 
Жұмыскерлерге  материалдық  кӛмек  (несиені  бӛлшектей  ӛтеу  үшін  және 
бастапқы жарналар үшін) 
5)
 
Әкімшілік,  жалпы  шаруашылық  және    табиғатты  қорғауға  негізгі  қорларды 
қалыпты жағдайда ұстау, тозуы және жӛнделуі. 
6)
 
Жалпы шарушылық сипаттағы материалды емес активтердің амортизациясы. 
7)
 
Мүлікке тӛлемдер, жалға және лизингке беру. 
8)
 
Басқарудың  техникалық  құралдарын  қалыпты  ұстау  және  қыщметкӛрсету, 
байлыныс  тараптары  және  сигнализация  құралдары,  есептеу  орталықтары  және 
ӛндіріске  қатысы  жоқ  техникалық  басқару  құралдары  (мысалы,  байланыс 
құралдарын  жалға  беру  шығыстары,  яғни  басқару  мақсаттары  үшін)  кететін 
шығындары. 
9)
 
Почталық  –  телеграф  шығыстары,  телефон  станцияларын  ұстау  және 
эксплутациялау  шығыстары,  факс,  диспетчерлік,  радио,  басқа  да  байланыс 

53 
 
құрылғылары,  типографиялық  жұмыстар  заттарды  исепке  алу  және  есеп  беру 
заттары сатып алуға кететін шығындар. 
10)
 
Ӛндірінсті  басқару  бойынша  басқа  тараптардың,  ұйымдардың  жүзеге 
асыратын қызметтері үшін тӛлемдер 
11)
 
Әкімшілік  –  шаруашылық  объектілерді  қорғау  және  ӛртке  қарсы 
қауіпсіздік ісі шаралары бойынша шығыстары. 
12)
 
Басқарушылық маманның іс-сапарлық шығыстары. 
13)
 
Ӛкілдік шығыстары. 
14)
 
Қайырымдылық және спонсорлық шығыстар. 
15)
 
Жұмысшы күштерін жинау мен таңдауға байланысты шығындар. 
16)
 
Қызмет кӛрсетуші ӛндіріс пен шаруашылық шығыстары. 
17)
 
Кәсіпорындарға келісім-шарттарға байланысты кӛрсететін қызметулерге 
тӛлемдер : 
А) банк, тауар биржасы, делдалдық және басқа да ұйымдар
Б) кеңес берушілік, заңды ақпараттың аудиторлық ұйымдар аудармашылар
В) кӛпшілік ақпараттық құралдар (қаржылық есеп беруді баспаға шығарумен 
байланысты). 
18)
 
Кадрларды дайындау және қайта даярлау шығындары.  
19)
 
Ӛндірстік сипаттағы шығармашылық және рационалдауға, тәжірибелік-
эксперименталды жұмыстар жүргізуге үлгілерді дайындау және сынау шығыстары, 
жәрмеңке, конкурстар, авторлық сыйақылық тӛлемдер.   
20)
 
Салықтар  мен  алымдар,  табыс  салығынан  басқа,  акциздер,  ққс 
ӛтелмейтін салықтар. 
21)
 
Кеден салықтары, сот, арбитражды шығыстар. 
22)
 
Ұйымдастырушылық шығыстар. 
23)
 
Ӛнімсіз шығындар: 
А) ӛндірістің тоқтауынан болатын ысыраптар. 
Б) кепілдік мерзімі ӛтеп кеткен медикаменттер мен азық-түліктерді есептен 
шығаруға байланысты ысыраптар.   
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Жанама шығыстарға қандай шығыстардың түрлері кіреді? 
2. Жалпыӛндірістік шығыстарға қандай шығын түрлері кіреді? 
3. Әкімшілік шығыстарға қандай шығындар жатады? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 

54 
 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
Тақырып 9. ҒЗТКЖ шығыстар 
 
Лекция 
мақсаты
студенттерге 
ғылыми-зерттеу 
және 
тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындардың құрамы мен құрылымымен 
таныстыру 
   Лекция сҧрақтары: 
9.1 ҒЗТКЖ жұмсалатын шығыстардың мәні. 
9.2 ҒЗТКЖ шығыстарын есептеу әдістемесі 
 
9.1 ҒЗТКЖ жҧмсалатын шығыстардың мәні. 
Кәсіпорындағы  инновацияны  жеке  жоба  деп  қарастыруға  болады,  себебі  оған 
жобалардың барлық белгілері тән: 
- инновациялар жаңашылдықпен және белгісіздікпен байланысты
- инновацияға кешенділік және әлсіз құрылымдану тән 
- инновациялар тәуекелмен байланысты; 
-инновациялардың  нақты  анықталған  мақсаты  бар,  мазмұны  бойынша 
анықталған жобаны жүзеге асыру уақыты шектеулі және ӛзгерістерге бағытталған
- кез келген жобалар тәрізді инновациялық бюджет шектеулі
-  инновациялық үдеріс  аралық мақсаттары мен міндеттері бар  фазаларға бӛлінуі 
мүмкін. 
Қазақстан технологиялық лидерлерден (Жапония, АҚШ, ЕО, Канада, Австралия, 
Корея, Тайвань) және Ресейден кӛп укладты технологиялық дамумен, 1-ші және 2-
ші  укладты  сақтап,  3-ші  укладтың  кеңейтілген  үдемелі  ӛндірісінен,  4-ші  укладтың 
біртіндеп  енгізілуімен,  ал  5–6    технологиялық  уклад  элементтерінің  мүлдем 
болмауымен  ерекшеленеді.  Қазақстандық  экономика  3  укладты  сипатқа  ие,  2 
укладты  ЖІӚ  10%,  3-укладта  ЖІӚ  50-60%,  4-укладта  ЖІӚ  30%  ӛндіріспен 
қамтамасыз етілген. 
Жаңа  ӛнімдер  мен  технологияларды  құру  жӛніндегі  жобалық  жұмыстарды 
басқару едәуір тәуекелмен және белгісіздіктермен ұштас болған сайын, оны жүзеге 
асыру  мерзімдеріне,  жобаларды  басқару  жүйесіне  қойылатын  талаптар  жоғары 
болады.  
Қазіргі  таңда  инновациялық  үдеріс  едәуір  күрделі.  Оның  дамуының 
заңдылықтарын 
талдау 
үшін 
жаңашылдықтарды 
енгізудің 
әртүрлі 
ұйымдастырушылық-экономикалық 
аспекттерімен 
айналысатын 
мамандар, 
менеджерлер, контроллерлерді жұмылдыру қажет. Нарықты экономикаға ӛнімдерін 
жаңартуға ынталы жеке фирмалардың ӛзара бәсекелесуі, бәсекелес жаңашылдықтар 
нарығының болуы тән.  
Халықаралық  экономикалық  әдебиеттерде  «инновация»  ғылыми-техникалық 
үдерістің шынайы, жаңа ӛнім мен технологияға айналуы деп қарастырған. 

55 
 
Қазіргі  заманғы  экономикалық  ілім  инновацияны  тек  жеке  мемлекеттердің  ғана 
емес, сондай-ақ жалпы жаһандық экономикалық дамуын анықтайтын экономикалық 
үдерістердің маңызды элементі ретінде мойындайды. 
Сонымен,  инновация  құбылыс  ретінде  ғылыми-техникалық  прогресс  және 
арнайы  жүргізілген  ғылыми  ізденістермен  негізделген  нарықтың  нақты  немесе 
әлеуетті  қажеттіліктерінен  туындаған  заттай  (материализациялық)  ӛзгерістерді 
білдіреді. 
Инновациялар үдеріс ретінде кәсіпорын қызметкерлері жүзеге асыратын тауарға 
(шығарылған  ӛнімге),  технологиялық  үдеріске,  құжат  айналымына,  қолданыстағы 
ұйым  құрылымына,  шикізат  және  материал  кӛздеріне,  ӛткізу  нарығына  және  т.б. 
жүйелі ӛзгеріс енгізу іс-әрекеттері деп түсінуге болады. 
 
9.2 ҒЗТКЖ шығыстарын есептеу әдістемесі 
Инновациялар  кәсіпорынның  қызмет  түрі  ретінде белгілі бір  кәсіпорынның  кез-
келген  бизнес  элементін  ӛзгерту  бойынша,  кәсіпорындағы  қолданыстағы 
материалды-техникалық базасында жүзеге асырылатын, нақты және әлеуетті нарық 
талаптарынан  туындаған,  арнайы  жүргізілген  ғылыми  ізденістермен  негізделген. 
Сонымен  қатар  материал,  тауар  (шығарылған  ӛнім),  технологиялық  үдеріс,  құжат 
айналымы,  ұйым құрылымы,  шикізаттар  мен  материалдар  кӛздеріне,  басқару  стилі 
мен  әдістеріне,  ӛткізу  нарығы  және  инновацияларды  ӛмірге  әкелетін  т.б. 
жағдайларға  бағытталған  жоспарлы  мақсатқа  сай  кешенді  іс-әрекеттермен 
түсіндіріледі.  Инновациялық  қызмет  кәсіпорында  ӛтетін  барлық  инновациялық 
үдерісті құрайды.  
Экономикалық  ғылымда  екі  түсінік  –  «инновациялық  қызмет»  және 
«инновациялық  үдерістің»  түсініктерінің  негіздеріне  әртүрлі  кӛзқарас  қырынан 
сипатталатын бір құбылыстың жататыны анық. 
«Инновациялық 
қызметті 
мемлекеттік 
қолдау 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының  Заңында  инновациялық  қызмет  –  инновациялық  жобаны  іске 
асыруға  бағытталған  қызмет,  ал  инновациялық  жоба  -  инновацияларды  енгізуге 
бағытталған  және  инвестицияларды  кӛздейтін,  сондай-ақ  белгілі  бір  уақыт  мерзімі 
ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені. 
Инновациялардың  қызмет  түрі  ретіндегі  анықтамасын  кеңірек  ашып 
қарастырайық.  
Инновацияларды  жоспарлау  кәсіпорын  жоспарларын  жүзеге  асыру  үшін 
мақсаттар  мен  міндеттердің  тек  уақыттық  шектеріне  байланысты  уақытылы  және 
толық кӛлемде туындауы, құрылуы, пайдалануы және жойылуы тиіс. Инновациялық 
қызметтің  мақсатқа  сай  жүзеге  асырылу  қажеттігі  кез-келген  кәсіпорындардың 
белгілі бір мақсатпен қызмет етуінен туады. 
Инновациялардың  кешенділігі  бизнес  элементтерінің  (материал,  тауар,  стиль 
технологиясы  мен  басқару  әдісі,  ӛткізу  нарығы)  тек  бір  элементіне  ғана  қатысты 
емес 
екендігінде, 
яғни 
инновациялық 
үдерісті 
ұйымдастыру 
барлық 
инновациялардың  кәсіпорынның  барлық  қызметі  арқылы  жүріп  ӛтетіндігін 
айқындайды. 

56 
 
Инновациялар  қолдағы  материалды-техникалық  базада  жүзеге  асырылады,  бұл 
кәсіпорынның негізгі қорларының физикалық және моральды тозығы жетіп отырса 
да,  бір  жағынан  кәсіпорынның  ӛмірлік  циклы  үнемі  инновацияларды  іздеу,  құру, 
жүзеге  асырудың  тұрақты  үдерісін  құрайды.  Екінші  жағынан,  құрал-жабдықтарды 
ауыстыру үдерісі инертті болып табылады. Сондықтан технологияға қатысты және 
барлық  негізгі  қорларды  немесе  оның  бір  бӛлігін  ауыстырумен  байланысты 
инновациялар қолданыстағы материалды-техникалық базадан басталады, себебі осы 
инновацияларды  құру  және  жүзеге  асырудың  бастапқы  сатысында  кәсіпорынның 
ұйымдық  құрылымына,  оның  дәстүріне,  кадрлық  саясатына,  экономикалық 
кӛрсеткіштеріне,  клиенттер  құрамы  мен  құрылымына,  т.б.  қатысты  дайындық 
жұмыстар,  ӛзгерістер  жүреді,  содан  кейін  құрал-жабдықтарды  ауыстыру 
жұмыстарына  кӛшеді.  Сонымен  қатар  бір  мезгілде  қолдағы  материалдық-
техникалық  база  ӛндірістік  үдерістің  жаңа  құрал-жабдықтарды  іске  қосу  мен 
енгізуге дейін үздіксіздігін қамтамасыз етеді. 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Ғылыми-зерттеу шығыстарына қандай шығыстар жатады? 
2. Тәжірибелік-конструкторлық шығыстар қандай мақсатта жұмсалады? 
3. ҚР инновацияға жұмсалатын шығыстардың деңгейі қандай? 
4. Инновация, олардың түрлері 
5. Инновациялық қызмет 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
Тақырып 10. Ҥстеме шығыстар 
 
Лекция мақсаты: студенттерге жанама үстеме шығыстар, олардың құрамы мен 
құрылымы, бӛлу коэффициенті жайлы дәріс беру 
   Лекция сҧрақтары: 
10.1 Ӛндірістік үстеме шығыстардың мәні, құрамы 
10.2Үстеме шығыстарды бӛлу базасы 
 
10.1 Ӛндірістік ҥстеме шығыстардың мәні, қҧрамы 
Жалпы  ӛндірістік  үстеме  шығыстар  (ЖҮШ)  –  бұл  нақты  ӛнімді  дайындауға 
кететін тікелей немесе мақсатты шығындардан басқа барлық ӛндірістік шығындар. 
ЖҮШ-ні жанама шығындар деп атайды. Кәсіпорында жанама шығындар бойынша 2 

57 
 
проблема  туындайды:  қалай  оларды  бақылау  қажет  және  ӛнім  немесе  қызметтің 
ӛзіндік  құнына  қалай  жатқызу  керек.  Тікелей  (мақсатты)  шығындарды  ӛнімнің 
ӛзіндік  құнына  тікелей  жатқызуға  болса,  үстеме  (жанама)  шығыстар  түсініксіз, 
оларды  нақты  анықтау  мүмкін  емес.  Шығындарды  мақстатқа  сай  бӛлу  үшін 
пайдаланылатын  негіз  бӛлу  базасы  немесе  шығындар  факторы  деп  аталады. 
Тәжірибеде ӛндірістік үстеме шығыстарды бӛлу үшін келесі базалар қолданылады: 
1.
 
Ӛндірістік  жұмысшылардың  жұмыс  істеу  уақытысы  (адам-сағат)  2  себептер 
бойынша кең қолданылады: 
1)
 
Қосымша  еңбекақы  кӛп  жағдайда  тікелей  еңбек  шығынымен  тығыз 
байланысты. 
2)
 
 Нақты  ӛнім  ӛндірісі  үшін  жұмсалған  адам-сағаттары  жайлы  ақпарат  әдетте 
нарядта  және  жұмыс  карталарында  болады.  Бӛлу  коэффициенті  ӛндірістік 
шығыстардың жалпы сапасын тікелей жұмсалған адам-сағаттарының жалпы санына 
бӛлу арқылы анықталады. 
2.
 
Ӛндірістік  жұмысшылардың  еңбекақысы  –  теориялық  түрде  адам-сағат  кӛп 
жағдайда  себепті-салдарлы  байланыстарды  жақсы  бейнелейді,  әсіресе  ұқсас 
жұмыстарда әртүрлі біліктілікті жұмыскерлердің еңбегі қолданылады. Айталық, бір 
жұмысшы 20$, екіншісі 14$ алады. Егер бӛліну коэффициенті 200%, онда берілген 
тапсырысқа  бірінші  жағдайда  40$,  ал  екіншісі  28$  болады.  Осындай  нәтижелердің 
алдын  алу  үшін  орташа  бағаламаларға  байланысты  есептелетін  стандарттар 
қолданылады.  
      Бӛліну  базасы  ретінде  еңбекақыны  қолдану  қолайлы,  егер  үстеме 
шығыстардың  кӛп  үлесін  (құрал-жабдықтарды  ұстау  шығыстары  емес)  жоғары 
тӛлемді еңбек құрайтын болса. 
3.
 
Машина-сағаттар  жоғары  механикаланған  ӛндірісте  қолданылады,  мұнда 
амортизация,  жағар  майлар  материалдар,  жанама  еңбекақы  жанды  еңбек 
ӛнімділігінен  анықталатын  болса,  онда  мұнда  үстеме  шығыстарының  себепті-
салдарына 
байланыстары 
тікелей 
еңбек 
сағаттары 
немесе 
ӛндірістік 
жұмысшылардың ӛндірістік базасы арқылы анықталады. 
Ал автоматтандырылған ӛндірістерде машиналар барлық немесе кӛпшілік дерлік 
операцияларды орындайды. Жұмысшылар тек машиналарды қамтамасыз етеді (іске 
қосады), олар құрал-жабдықтың техникалық жағдайда проблемалардың туындауын 
қадағалайды. 
Автоматтандырылған ӛндірісте бір немесе бірнеше базалар қолданылады: 
1)
 
машина-сағаттар; 
2)
 
ӛндірілген ӛнім саны; 
3)
 
операторлар, 
жұмысшылар 
(құрал-жабдықтарға, 
энергияға 
қызмет 
кӛрсететін)еңбекақысын құрайтын стандартты қосылған шығындар; 
4)
 
айнымалы  шығыстардың  стандартты  жалпы  (жоғарыда  аталғандардан  басқа) 
шамасы. 
10.2Ҥстеме шығыстарды бӛлу базасы 
Бӛлу базасын дұрыс таңдамаған жағдайда келесілер орын алады: 

58 
 
1.
 
Бӛджеттік  үстеме  шығыстардың  тікелей  еңбек  шығындарынан  едәуір  асып 
кетуі; 
2.
 
Стандартты  емеы;  нақты  еңбек  шығындары  қолданумен  байланысты 
ӛндірістік ӛзіндік құнның едәуір айлық ӛзгерістері. Бұл ӛзгерістер, егер операторлар 
мен  машиналардың  техникалық  жағдайын  қадағалайтын  жұмысшылардың  еңбек 
шығындарының арасындағы айырмашылық анықталмаса, елеулі болуы мүмкін. 
     Үстеме  шығыстарды  бӛлудің  біртұтас  (жалпы  зауыттың)  және  жеке  (цехтың) 
ставкалары. 
ЖҮШ бӛлудің біртұтас ставкасы кәсіпорын үшін жалпы қолданылады. Мысалы, 
егер белгілі бір қезеңде үстеме шығыстар 100000ш.б. болса, 50000 сағат мӛлшерінде 
негізгі еңбекке 50000 сағат орындалса, онда ҮШ-ң бӛлу ставкасы 
/
.
2
50000
100000
б
ш

еңбек-
сағат
 және үстеме шығыстар барлық ӛнімге осы ставка бойвнша жатқызылады. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Үстеме шығыстарға қандай шығыстар жатады? 
2. Үстеме шығыстардың құрамы, құрылымы. 
3. Үстеме шығыстарды бӛлу базасы деген не? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
 
Тақырып 11. Функционалды-қҧндық талдау 
 Лекция  мақсаты:  студенттерге  функционалды-құндық  талдаудің  мақсаты, 
міндеттері, әдістері мен ұйымдастыру қағидаларымен таныстыру 
  Лекция сҧрақтары: 
11.1
 
ФҚТ мәні мен мақсаты 
11.2
 
ФҚТ ұйымдастыру қағидалары 
 
11.1
 
ФҚТ мәні мен мақсаты 
     Функционалды-құндық  талдау  -  ӛндірістік  бӛлімшелер  немесе  клиенттер 
топтарын  табысқа  үлесі  және  айналымдағы  үлесіне  байланысты  топтастыру. 
Функционалды-құндық  талдау  бюджет  құруда  кӛмекші  құрал  ретінде  танылады. 

59 
 
Бюджет  кәсіпорын  немесе  оның  бӛлімшелерінің  табыстары,  шығыстары  және 
ӛтімділігін басқару үшін құрал, табиғи және ақшалай бірлігінде құрылған жоспар.  
Зиянсыздық нүктесіндегі шамаларды талдау. 
Зиянсыздық нүктесі – сатудан түскен түсімнің ӛнімді ӛніру және ӛткізуге кеткен 
барлық шығыстарын жаба алатын, кәсіпорын ӛнімін сату кӛлемі.  
Зиянсыздықты  талдау  –  нарық  жағдайының  дамуын  талдау  және  кәсіпорынның  
бизнесі жоспарын құру үшін негіз болып табылады.  
 
 
11.2
 
ФҚТ ҧйымдастыру қағидалары 
 Функционалды-құндық талдауда барлық міндеттер 3 топқа бӛлінеді:  
1.  А-міндеттер  бір  жетекшінің  атқаруын  талап  етеді.,  бұл  міндеттер  маңызды 
және  кешенді,  сондықтан  осы  міндеттерді  шешу  үшін  ұйымның  басқа 
қызметкерлеріне  ӛкілеттілік  берілмейді.  Оларды  шешу  кәсіпорын  кәсіпорын  үшін 
тиімді  қызмет  етуге  мүмкіндік  берсе  ,  ал  А  міндеттердің  орындалмауы  бірқатар 
мәселелердің  туындалуына  әкеледі.  (мысалы,  кӛтерме  сатып  алушылар 
келіссӛздерді кәсіпорынның жетекшісі немесе кәсіпкердің ӛзі жүргізеді). 
2.  В-міндеттер  бұлар  да  маңызды  міндеттерге  жатады,  бірақ  осы  міндеттерді 
шешу үшін біркелкі қызметкерлерге ӛкілеттілік берледі.  
3.  С  міндеттер  –  бұл  күнделікті,  керітартпа  (ескіше  тәртіптегі)  міндеттер. 
Кәсіпорын  үшін  аса  маңызды  мәселелерді  шешуге  кӛңіл  бӛлу  үшін  бұл  міндеттер 
ұйым қызметкерлеріне жүктеледі.  
Функционалды-құндық  талдауда  жұмыстарды  орындауға  кететін  уақыт 
шығындары  осы  жұмыстардың  маңыздылығына  сәйкес  келмейді.  А  міндеттерді 
шешуге  5  %  уақыт  талап  етіледі.  А  міндеттердің  маңыздылығы  кәсіпорын 
мақсатына жетуге үлесі бойынша 75 % бағаланады.  
В  міндеттердің  маңыздылығы  орташа  категория;  мұнда  уақыт  шығыны  да, 
маңызыдылығы да 20 %.  
С міндеттер 75 % уақытты алғанмен, кәсіпорынның табыс табуындағы үлесі 5 % . 
Берілген талдауды схема түрінде бейнелейік. (2,3 – сур.) 
Ӛнім ӛндірісі және оны ӛткізуге байланысты кәсіпорынның барлық шығындары 
анықтамалы және тұрақты болып бӛлінеді.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал