Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 5.29 Kb.

бет5/10
Дата22.04.2017
өлшемі5.29 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Калькуляция тҥрлері, ӛнімнің ӛзіндік қҧнын калькуляциялау 
Калькуляция  -  ӛнімнің  және  жартылай  фабрикат  бірлігінің  ӛндіріс  шығынын 
есепке алу обьектісі бойынша барлық ӛнімнің ӛзіндік құнын немесе жекелеген ӛнім 
түрлерінің ӛзіндік құнын анықтау бойынша есептеулер. 
 
Алдын-ала калькуляциялау - ӛнімді дайындамас бұрын құрылады:  
1.
 
Жоспарлы 
2.
 
Жобалық ( сметалық ) 
3.
 
Нормативті. 
Жоспарлы  калькуляциялау  –  қазіргі  заманғы  технологияны,  қолда  бар 
ресурстарды ескере отырып, материал, отын, энергия,еңбек ақы т.б. 
 
Шығынның  жоспарлы  кезеңдегі  прогрессивті  нормалардың  орташа  мәні 
бойынша  ӛнімге  (  жұмыс,  қызмет  )  және  ӛнім  бірлігіне  жұмсалған  мүмкін 
шығындарды анықтайды. 
 
Жобалық  (сметалық  )  -    жоспарлы  калькуляциялаудың  бір  түрі  болып 
табылады,  негізінен  қайта  жобаланған,  қайта  құрылған  ӛнімге  немесе  бір  рет 
орындалатын жұмыстарға құрылады. 

43 
 
 
Нормативі  калькуляция  –  ағындық  жоспарлы  калькуляцияның  бір  түрі, 
ӛнімнің  ӛзіндік  құнының  калькуляциялау  мен  шығындарды  нормативті  есепке  алу 
әдісін пайдаланатын кәсіпорында қолданылады. 
 
Кейінгі  калькуляция  –  бухгалтерлік  есеп  берілгендері  бойынша  ӛнімді 
шығарғаннан кейін құрылады және фактілік шығындар бейнелейді. 
1.
 
Есептік ( фактілік ) 
2.
 
Болжамды немесе  уақытша 
Есептік  –  кәсіпорын  жұмысына  байланысты  немесе  оған  байланыссыз 
себептерге байланысты жоспардан ауытқыған нақты шығындарды сипаттайды. 
Болжамды – фактілік шығындар және келесі кезең немесе 9-айда алынған ӛнім 
негізінде шығын бойынша 4-тоқсан және басқа кезеңдегі ӛнімнің күтілетін ӛндірісі 
бойынша есептеулер негізінде құрылады. 
 
Калькуляциялау  кезінде  шығындарды  есепке  алу  обьектісі  және  ӛнімнің 
ӛзіндік  құнының  калькуляциясы  дұрыс  құрылу  керек.  Шығындарды  есепке  алу 
обьектісі  кәсіпорынның  ӛндіріске  кететін  шығынның  аналитикалық  есебін 
ұйымдастыратын обьект. 
 
Калькуляциялау  обьектісі  –  кәсіпорынның  калькуляцияланатын  ӛнім 
(жұмыс, қызмет )түрі. 
 
4.2
 
Шикізатты кешенді пайдалану арқылы ӛнімнің ӛзіндік қҧнын 
калькуляциялау 
Калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру ӛнеркәсіптік  салалары 
бойынша айырмашылықтар бар:  
1. Типтік  номенклатурасы  бойынша  калькуляция баптары: 

 
шикізаттар мен материалдар 

 
қайтымды қалдықтар 

 
сатып алатын ӛнімдер, жартылай фабрикаттар  

 
технологиялық мақсаттардағы отын және энергия 

 
ӛндірістік жұмыскерлердің еңбекақысы (негізгі, қосымша) 

 
әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар (3%) 

 
ӛндірістік дайындау және негіздеуге кететін шығындар 

 
құрал  жабдықтарды  қалыпты  ұстап  тұру  және  оларды  іске  қосуға  кететін 
шығындар 

 
жалпы ӛндірістік шығындар 

 
ахаулардан болатын жоғалтулар 

 
коммерциялық шығындар және  басқада  ӛндірітік  шығындар. 
 
Смета – бұл қалаған нәтижелерге жету үшін қажетті жұмсалатын түрі мен орны  
Калькуляциялық  бірлік  –  калькуляциялау  обьектісінің  ӛлшеуіші.  Ӛнім 
құрамында  белгілі  бір  пайдалы  заттың  болуына  және  еңбек  калькуляциясының 
бірлігіне  қайта  есептелмеген  табиғи  (натуралды)  шартты  және  шартты  бірліктер 
болады. 

44 
 
Шартты табиғи калькуляциялау әдісі – бұл бір бұйының әр түрін шығаратын 
ӛндірісте  қолданылады.  Бұл  ӛндірісте  (шығаратын)  жұмсалатын  шығындар  бір-
біріне арақатынасы болады. Шартты табиғи калькуляциялау бірлігінің ӛзіндік құны 
мына формуламен анықталады: 
Ӛнег =Шж : (1*Бнег + K1*Б1+К2*Б2+…+Кi*Бi)         (1) 
 
Шж - ӛнім ӛндірісіне кететін жалпы шығындар 
Бнег – негізгі бұйымды шығару  кӛлемі. 
Кi – I- ші бұйымға жұмсалатын шығынның негізгі бұйымға жұмсалған шығындар 
айырмашылығын кӛрсетеді. 
Бi – I-ші бұйымның шығарылуы  кӛлемі 
 
і-ші бұйымның ӛзіндік құны (Ӛі) мына формуламен анықталады: 
Ӛі =Ӛнег * Kі   (2) 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Технологиялық процеспен тікелей байланысты шығындар қалай аталады?                                                                                                                
2.
 
Құрамында ӛндірісті басқару және қызмет кӛрсету бойынша шығындары бар 
шығындар қалай аталады?                                                                                                                
3.
 
Мӛлшері белгілі шарттарда басқа шарттарда басқаша болатын шығындар 
қалай аталады?                                                                                                                
4.
 
Абсолютті шамасы ӛнімді шығару кӛлеміне байланыссыз шығындар қалай 
аталады?                                                                                                               
5.
 
Келешекте ӛзгермейтін алдын ала қабылданған шешімдер нәтижесінде пайда 
болған ӛткен кезеңнің шығындары қалай аталады?                                                                                                                
6.
 
Ресурстардың шектеулі кезінде пайда болған шешеімдерді қабылдауда 
ескерілетін шығындар қалай аталады?                                                                                                                
7.
 
Қандай да бір ӛнім партиясын дайындау кезінде пайда болған қосымша 
шығындар мен табыстар қалай аталады?                                                                                                                
8.
 
Барлық шығарылған ӛнімге есептелмеген, тек ӛнім бірлігіне есептелген 
қосымша шығындар мен табыстар қалай аталады?  
9.
 
Смета, икемді смета 
10.
 
Қаражат салымдары бойынша  шешім қабылдау                                                                                                           
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 

45 
 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
 
Тақырып 5. Шығындарды жоспарлау (бюджет қҧру) 
 
Лекция мақсаты: студенттерге бюджет құру, бюджеттің түрлерімен таныстыру, 
нақты ӛнімнің толық ӛзіндік құнын есептеу әдістемесін үйрету 
   Лекция сҧрақтары: 
5.1   Кәсіпорынның жиынтықты бюджетін құру тәртібі 
5.2 Шығындар бюджетін құру 
 
5.1   Кәсіпорынның жиынтықты бюджетін қҧру тәртібі 
Шығынның  кӛп  таралған  баптары  бойынша  ӛнімнің  толық  ӛзіндік  құнын 
шығынын есептеу үшін оның құрамы мен анықтау формуласы тӛменде келтірілген. 
1. Шикізат пен материалдық шығын , ол келесі формуламен анықталады: 
Шмат. = Шнег.мат. + Ш қос.мат. (1) 
Н н.м. > (Н ж. * Б м. *  К к.д. -  Н қолд. * Б қал.) (2) 
мұндағы, 
Н ж – нег. Мат. Ӛтімге жұмсау нормасы  кг/дана 
Б н – нег. Мат. Бағасы тг/кг 
К кд – мат. Құн. Сатып алу кезіндегі кӛлік дайындау шығ. Коэф. 
Н қал. – қайтымды қалдықтың ӛлшемі, массасы 
Б қал. – берілген маркалы материалдық қалдық бағасы, тг/мат. 
Кәсіпорындағы  оперативті  контроллингтің  маңызды  міндеті  –  бюджет  жүйесін 
құру.  Бюджеттік  жоспарлау  –  бұл  ұйым  үшін  және  оның  құрылымдық  бірліктері 
үшін бюджетті құру және жүзеге асыру үрдісін білдіретін детальді жоспарлау. 
Бюджет құру үрдісіне тән сипаттық қызметтер: 
1.  Әрекеттерді  жоспарлау  –  кәсіпорын  мүмкіндіктері  мен  нарық  талаптарын 
сәйкестендіруге бағытталған үздіксіз циклді үрдіс. 
2.  Әртүрлі  құрылымдық  бірліктердің  жұмыстарын  кәсіпорынның  соңғы 
мақсатына байланысты ұйлестіру. 
3.  Ӛндірістік  жағдайларды  бақылау,  жоспардан  нақты  мәліметтің  ауытқуын 
талдау.(Жоспарды қайта қарастыру, ауытқуларды анықтау және реттеу. 
4. Ұйым қызметінің нәтижелерін бағалау. Мұнда ауытқу себептері түсіндіріледі: 
-
 
жоспарлау кемшіліктері; 
-
 
тиімсіз әрекеттер жиыны;  
-
 
бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкессіздігі;  
-
 
дұрыс мақсаттарды таңдау. 
5.  Кәсіпорын  мақсаттарын  жүзеге  асыруда  жауапкершілік  орталықтарының 
жетекшілерін ынталандыру. 
 
5.2 Шығындар бюджетін қҧру 

46 
 
Кӛптеген кәсіпорындарда сату кӛлемі оның «әлсіз» жері болып табылады, себебі 
бұл  компанияның  ӛндірістік  қуатына  емес,  шығарған  ӛніміне  сұранысқа 
байланысты.  
Жиынтықты бюджеттің құрылымының схемасы келесі суретте келтірілген. 
Ӛткізу  саясатына  (кәсіпорынның)  ішкі  (эндогенді)  және  сыртқы  (экзогенді) 
факторлар  әсер  етеді.  Сондықтан  жан-жақты  талдау  жүргізілу  қажет.  (СТЭП-
талдау). 
СТЭП-факторлар  (әлеуметтік,  технологиялық,  экономикалық,  саяси)  кәсіпорын 
менеджерлері оның қызметінің кӛрсеткіштерін жоспарлауда ескерілетін, бірақ оған 
әсер ете алмайтын сыртқы ортаны құрайды.  
Ӛндірістік шығындар сметасы қалаған нәтижелерге жетуге қажетті 
шығындардың түрлері мен жұмсалу орнына байланысты шығындар шамасын 
анықтайды (ақшалай мәнде). 
Шығындар сметасы 1 жылға тоқсанға бӛлініп жасалады.  
Шығындар сметасы негізінде шешілетін міндеттер іс-әрекет түріне байланысты 3 
ірі топқа бӛлінеді: жоспарлау, бақылау, есеп беру. 1-жоспарлау кезеңінде ӛндірістік 
қорларды  сатып  алу,  ӛнім  ӛндірісі,  дайын  ӛнімді  ӛткізу  бойынша  басқарушының 
шешімдерді қабылдау үшін ӛндіріс шығындары туралы ақпарат қажет. 
Ӛндірістік  шығындардың  сметасын  құру  үрдісін  келесі  кезеңдерге  бӛлуге 
болады: 
1)
 
Тікелей  шығындар  есебі.  Тікелей  шығында  нақты  бұйымға  тікелей 
жатқызатын шығындар. 
2)
 
Алғашқы  шығындар  есебі.  Бұл  шығындардың  пайда  болу  орнында  (ШПО) 
есептен шығарылады. Есептен шығарылуына байланысты олар екіге бӛлінеді:  
А)  ШПО-да  тікелей  есептен  шығарылатын  шығындар.  Мысалы,  бір  ШПо 
орналасқан, бірақ бірнеше ӛнім түрлері шығарылады. 
Б)  ШПО-ға  тікелей  жатпайтын,  бірақ  ӛзара  бӛлінетін  шығындар.  Мысалы, 
ғимараттағы  электр  энергия  шығындары.  Мұнда  1  счетчик  болады,  бірақ  бірнеше 
ШПо бар. 
3)  Екінші  ретті  шығындар  есебі.  Бұл  жалпы  мақсаттағы  ШПО  шығындар  және 
қосалқы ШПО шығындар. (Бұлар ішкі зауыттық айналымды білдіреді). 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
 
1. Шикізаттар мен материалдарға жұмсалатын шығындардың шамасы қалай 
есептеледі? 
2. Отынға жұмсалған шығындардың бюджеті 
3. Тікелей ӛндірістік жұмысшылардың еңбекақысының бюджеті қалай 
толтырылады? 
4. Икемді бюджеттің статикалық бюджеттен айырмашылығы неде? 
5.Сметалық (стандартты ) кӛрсеткіштерді нақты мәліметтермен салыстыру 
берілгендері бойынша есептеулерді қарастыратын есепке алу жүйесі 
 

47 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5.  Назарова  В.Л.,  М.С.  Жапбарханова.  Басқару  есебі:  Оқулық  –  Алматы: 
Экономика, 2005 ж. 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
 
Тақырып 6. Материалға жҧмсалатын шығындар 
Лекция мақсаты: студенттерге материалға жұмсалатын негізгі және қосымша 
шығындар туралы, отынға кететін шығындардың құрамы, құрылымы, оларды есепке 
алу жайлы дәріс беру 
     Лекция сҧрақтары: 
6.1
 
 Сатушылар нарығынан сатыпалушылар нарығына дейінгі шығындар. 
6.2
 
Айналым шығындарын есептеу қағидасы. 
 
6.1
 
Сатушылар нарығынан сатыпалушылар нарығына дейінгі шығындар. 
Ӛндірістің  алға  қойған  мәселесі  болып  білім  тәжірибелерді,  еібек,  машина, 
құрал–  жабдықтар,  энергия  басқа  да  ресурстарды  пайдалана  отырып  адмдардың 
мұқтаждықтарына  сай  белгілі  бір  материалдық  игіліктерді  құру.  Ӛндіріс  сатысы 
ӛткізу сатысымен толықтырылады.Сатушылардың қызметі сатыпалушыларды іздеу 
және материалдық игіліктерді тарату жолдармен таңдаумен шектеледі. Ӛндірушілер 
ӛз  ӛнімдерін  тікелей  емес  делдалдар  –  сауда  ұйымдары  арқылы  жеткізеді. 
Сондықтан  тұтынушылардың қажеттіліктерін  зерттеу  мен  қатар  делдалдарды  іздеу 
жолдарымен қарастырылуы қажет. 
   1-кесте -  Сатыпалушылар мен сатыпалушылардың нарығының 
салыстырмалы сипаттамалары: 
Критерийлер 
Сатушылар нарығы 
Сатыпалушылар нарығы 
Экономикалық ӛсім 
сатысы 
Ресурстардың  
жетіспеушілігі 
Ресурстардың  артықшылығы 
Д мен S  
арақатынасы 
Д мен S тен  кӛп  сатып  
алушылар,сатушыларға 
қарағанда  белсендірек 
Сатыпалушылар нарығында S, 
Д-тан кӛп  сатышулар 
сатыпалушыларға  қарағанда  
белсендірек  
К\О  қызметіндегі  
проблемалық  сала 
Жабдықтау  және 
ӛндіріс 
Ӛткізу  

48 
 
 
К\О басымдылық 
қызығушылықтары 
Жабдықтау  мен 
ӛндірістік қуаттың  
мүмкіндіктерін  
ұтымды  пайдалану 
Д ынталандыру  және  к\о 
шығарған  тауарлар  үшін 
тұтынушылық мұқтаждықтарды  
қалыптастыру 
         
      Жетіспеушілік    шығындарының    деңгейі  бойынша    бағаның    ӛнім ӛндірісіне  
тікелей  байланысы  орын  алады.   Бағаны  құрудың  негізі  болып «шығындар +» 
үлгісі болып  саналады. Ӛзіндік  құн  негізінде  баға  белгілеу  мына  жүие  бойынша  
қалыптасады: ӛнім> ӛзіндік  құн> баға> сатыпалушылар.  Ӛндіріс  нарығында  бұл  
баға  қою  схемасы  ӛмір  сүруге  қаюлетті б.е. 
      Баға  фирма  үшін  нарықтағы  бәсекелік  қабілеттілікті  сақтауға  мүмкіндік  
беретін  ӛндіріс  шығындарының  мүмкіндік  денгейін  анықтайды. 
      Ӛндіріс    шығындары     нарықтағы   тауарлар    ұсынысы   арқылы   бағаға    әсер  
етеді. Тұтынушылар  қандайда  бір тауар  ӛндіру қажеттілігін  анықтайды,  сонымен  
қатар қандай  бағамен  немесе  қандай  мӛлшерде ӛндірушілер нарыққа   тауарларды  
жіберуге  келісетінді  ӛндірістік шығындармен  анық. Нарықтық  бағаның  тӛмендеуі  
ұсыныс    кӛлемінің    томендеуіне    әкеліп      соғады.  Ӛндірістік    нарығына,  
сатыпалушылар    нарығына    ӛту    кезінде    тауарларға    баға    қою      процессі    және  
оның  ӛнімінің ӛзіндік   құнындағы  орнына  былайша  ӛзгереді:  
    Сатыпалушылар>баға> ӛзіндік  қҧн> ӛнім(жұмыс қызметі) 
Баға  белгілеудің  мақсаты  бұл  ұзақ  мерзім  кезеңде  пайданы  жоғарлататын  
к\о  нарықтағы   үлесі  мен  пайданың  үлесімділігін  анықтау. 
    Ӛнімді   ӛткізуді  басқару   құрылымы  келесі  суретте  кӛрсетілген. 
Ӛнімді   ӛткізу   бойынша   бас  директордың  орынбасары. 
Сатуға  бақылау  жасау  жӛніндегі  
              менеджер 
А ӛнімін  сату   жӛніндегі   менеджер 
Аудандар бойынша  ӛнімді  сату  бойынша  
менеджер  
 
Баға  қою   жӛніндегі менеджер 
Б ӛнімін  сату   бойынша  менеджер 
 
 
6.2
 
Айналым шығындарын есептеу қағидасы. 
  Әкімшілік    басқарушының    персонал    және    оның    қарамағындағы  
қызметтшілердің    іс-әрекетінен    кететін      шығындар      тұрақты    және    айнымалы  
болады. 
  Мысалы:  тұрақты    шығ-а,жарнама,әкімшілік    басқарушылық    персоналдардың  
еңбекақысы  және дайын  ӛнім  қоймасын  ұстау  шығ-ы және  т.б. 
   Айнымалы    шығ-а    қораптау,  ӛткізілген  ӛнімдердің  V  байланысты,  еңбекақы  
шығ-а  және  кӛлік  тасымалдау  шығ-а  және  т.б. 
   АВС    шығ-а  бағалау    жүйесі      дайындау    кезеңде    мына    тӛмендегілерді  
анықтау  қажет:  

49 
 
1.Зерттеуге  жататын  қызмет  түрін анықтау(  дайын ӛнімді  жӛнелту, жарнама, 
маркетинг, логистика, компьютерлік  ӛңдеу, кеңес  берушілік  қызмет-р  және  есеп  
беру. 
2. Әр  қызмет  түріне шығ-ы  тасымалдаушыларды  таңдау(мыс: тапсырыс  беру  
үшін  қабылданған  тапсырыстар  саны, бұл  қызмет  түріне  жұмсалған  шығымдар  
тұрақты  болу  керек) 
3. Әр  қызмет  түріне  кететін  шығындарды  анықтау. 
4.Әр   қызмет  түрлері  бойынша   операцияға  кететін  шығындарды  анықтау.  
Мыс:  тапсырыстарды    толтыруға    дайындауға  кететін    жалпы    шығындар    15млн. 
ақша    бірлігін    құрайды,  барлығы  100000    тапсырыс  бұдан    бір    операцияны  
орындауға  кететін  шығындар  150 ақша  бірлігін  құрайды. 
5. Әрбір  ӛнім  бойынша   ӛнім  ӛткізуге   кететін  шығындар  сапасын   анықтау. 
Ол  әрбір      қызмет    түрлері    бойынша  әрбір      операцияға      кететін    шығындар  
шамасына лӛбейту  жолымен  анықтайды. 
Мыс:ды    ӛткізу    кезінде  10  тапсырысқа    құжаттарды    толтыру  қажет      деп   
есептейік,  әрбір  бірлікке  кететін шығындар 150  ақша  бірлігін   құрайды 
   АВС      жүйесін      енгізу    ӛнімді    ӛткізу    қызметтерінің      еңбекақысын  
ұйымдастырумен    айналысатын    құрылымдық      бӛлімдердің      тиімділігін    бағалау  
бойынша   іс-шараларды  құру  үшін   қажетті   ақпараттарды  алуды   қамтамасыз   
етеді.  Бұл  әдіс  әрбір  шығарылған  ӛнім  түрлері  бойынша  жасырын  шығындар  
мен  жасырын  табыстарды   анықтауға   мүмкіндік   береді. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Материалға жұмсалатын шығындар шығындардың қай түріне жатады? 
2.
 
Жоспарлауға анықтама бер 
3.
 
Нормалауға анықтама бер 
4.
 
Шек қоюға (лимит) анықтама бер 
5.
 
Бақылауға анықтама бер 
6.
 
Ӛндіріске кететін шығындарды есепке алу – бұл... 
7.
 
Бақылауға алынбайтын шығындар 
8.
 
Тиімді шығындарға анықтама бер 
9.
 
Шығындарды бақылау, басқару мақсатымен ӛндірістік шығындарды 
нормалау, жоспарлау және есепке алуды ұйымдастыратын кәсіпорынның 
оқшауланған құрылымдық бӛлімшелері  
10.
 
Бір есепке алу процесінде шығындардың пайда болу орнын: ӛндіріс, цех, 
бӛлім, бригаданы менеджерлердің жауапкершілігімен біріктіруге мүмкіндік 
беретін шығындарды топтастыру  
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1. Устинов В.А., «Экономика управления предприятием» Учебное пособие. – М.: 
ГАУ 1993г. 
2. Котляров С.А. Управление затратами. Учебное пособие. Сп б., Питер, 2001 
3. Дәуренбекова А.Н. Шығындарды басқару.-Алматы: «Экономика» 2009 ж. 

50 
 
4.  Экономика  предприятия.  Учебное  пособие  /  В.П.  Волков,  А.И.  Ильин,  В.И. 
Станкевич и др.: под общей редакцией А.И. Ильина М.: Новое знание 2004 г. 
5. Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова. Басқару есебі: Оқулық – Алматы: Экономика, 
2005 ж. 
6.Ниязбекова  Р.Қ.  Рахметов  Б.А.  Кәсіпорын  экономикасы:  Оқу  құралы/Алматы: 
Экономика, 2008 
 
Тақырып 
7. Еңбекақы шығындары 
 
Лекция  мақсаты:  студенттерге  персонал  ұғымы,  еңбекақы,  онығң  атқаратын 
функциялары,  еңбекақы  тӛлеу  жүйелері,  еңбекақыны  мемлекеттік  реттеу  жағдайы 
жайлы дәріс беру 
   Лекция сҧрақтары: 
7.1. Еңбекақы, олардың атқаратын қызметтері 
7.2. Еңбекақыны тӛлеу нысандары 
 
7.1. Еңбекақы, олардың атқаратын қызметтері 
Еңбек ақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни ӛз 
еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін  ескеру қажет. Ал экономикалық 
категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін. 
Еңбек  ақы  -  бұл  жалдамалы  жұмысшының  табыс  алу  элементі,  ӛзіне  қатысты 
еңбек  ресурсын  экономикалық  жүзеге  асыру  нысанының  құқығы.  Сонымен  бірге 
жұмыс  берушіге,  яғни  еңбек  ресурсын  ӛндіріс  факторларының  бірінің  сапасын 
жақсарту  үшін,  сатып  алушыға  жалдамалы  жұмысшыларға  еңбек  ақыны  тӛлеу 
ӛндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады. 
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы кӛлеміне нарықтық және нарықтық 
емес бірқатар факторлар әсер етеді. 
Нарыққа  ӛткеннен  кейін  еңбек  ақыға  қатысты  жаңа  қатынастар  пайда  болады. 
Яғни,  нарық  ресурсы  болатын  еңбек  нарығы  пайда  болады.  Оның  субъектілері 
ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар 
белгілі  еңбек  ресурсы  санына  сұраныс  білдіреді.  Сонымен  бірге  жалдамалы 
жұмысшылар  –  еңбек  ресурсының  меншіктері.  Олар  еңбек  нарығындағы  еңбек 
ресурсының  сапалы  санын  ұсынады.  Ал  объекті,  ол  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады [3]. 
Еңбек бірлігінде нарықтық баға  - уақыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар 
келісім  шартқа  негізделген  және  ақы  мӛлшерлемесі.  Маркс  бойынша  жалақы 
мӛлшерлемесі  жұмысшы  күшінің  құнымен  анықталады,яғни  жұмыс  күнін  жақсы 
ӛндіру үшін қажетті тұтылу тауарлары, қызметтері және ӛмір қаражаттары. Бірақта 
қазір  нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде  жалақы  мӛлшерлемесі  ӛндіруші 
минимумынан  асып  кетеді  және  ол  сол  елде,  салада  нақты  сападағы  еңбек  ақы 
деңгейінен  құрылады.  Одан  басқа  жалақы  мӛлшерлемесін  кейде  «теңестіру 
айырмашылығы»  деп  айтуға  болады  –  тӛлемдер,  жұмыс  орнын  ауыстырғандағы 
айырмашылақтарды кӛрсетеді. 

51 
 
Жалақының  негізгі  элементі  –  жалақы  мӛлшерлемесі.  Бірақта  ол  еңбек 
нәтижесіне  әсер  ететін  жұмысшылардың  мүмкіншіліктерін,  физикалық  күнін, 
реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бӛліп 
айтуға болады, ол ӛтпелі бӛлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің ӛзгешелігін 
кӛрсетеді:  (сыйақы,  қосымша  тӛлем  және  т.  б.)  Сонымен  бірге  табыстың  басқа 
түрлері  де  бар.  Ол  жұмысшының  нақты  кәсіпорында  алатын  мүмкіншілігі 
(материалды кӛмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы). 
Жұмысшы  үшін  жалақы  жоғарыдағыға  қосымша  айтсақ  отбасының  жақсы 
тұрмысын жақсартатын табыс. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал