Алматы, 2015 Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және



жүктеу 329.11 Kb.

бет1/2
Дата20.02.2017
өлшемі329.11 Kb.
  1   2

МЕДИАЛЫҚ ЖӘНЕ 

АҚПАРАТТЫҚ 

САУАТТЫЛЫҚ

Алматы, 2015



Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және 

Өзбекстан бойынша Алматыдағы 

ЮНЕСКО Бюросы, Байланыс және 

Ақпарат Бағдарламасы

Халықаралық ақпараттық 

технологиялар университеті 

МАС

МЕДИАЛЫҚ ЖӘНЕ 



АҚПАРАТТЫҚ 

САУАТТЫЛЫҚ

Алматы, 2015


Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Өзбекстан  бойынша  Алматы

-

дағы ЮНЕСКО Бюросы, Коммуникация және Ақпарат Бағдарламасы



Алматы, Төле би көшесі, 67, 050000, ҚАЗАҚСТАН

МИГ, 2015 

атауымен орыс тілінде оқуға мүмкіндік бар (Original: Russian)

Барлық құқығы қорғалған 

© Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросы, 2015

Жобаны  Халықаралық  ақпараттық  технологиялар  университеті  дайын

-

дады 


Басылым нөмірі: ATA/2015/ME.01/H/1

Бұл басылым Attribution-ShareAlike 3.0 IGO (CC- BY-SA 3.0 IGO) (http://

creativecommons.org/licenses/by-sa/3.0/igo/)  лицензиясы  бойынша  ашық 

түрде жариялануға ұсынылады. Басылымды пайдаланар кезінде, пай

-

даланушылар  (http://www.unesco.org/open-access/terms-use-ccbysa-en) 



ЮНЕСКО репозиторының ашық қолдану ережесімен келісуі керек.   

Бұл басылымдағы материалдар мен тақырыптар ЮНЕСКО тарапынан 

қандай да бір елдің, аймақ пен қала, ауданның, шағын шекаралық ай

-

мақтардың және олардың  басқару органдарының құқықтық мәртебелері



-

не қатысты көзқарастары мен пікірлерін білдірмейді.

Бұл басылымдағы идеялар мен пікірлер, көзқарастар тек авторларға ти

-

есілі; олар ЮНЕСКО-ның көзқарасын білдіруге міндетті емес және Ұй



-

ымға қандай да бір міндеттер жүктемейді.  

Авторлары: 

Лайла Ахметова, Дмитрий Шорохов, Айгүл Ниязғұлова

Редакторы: 

Сергей Карпов

Орыс тілінен қазақшаға аударған: 

Шынар Қалиашдарова, Ниетжан Ибрагимов

Қазақ нұсқасы редакторы: 

Есенгүл Кап

Безендірген: 

Дмитрий Шорохов

Электрондық нұсқасын ЮНЕСКО Бюросының сайтынан URL: http://www.

unesco.kz/ci/2015/mil-kz.pdf   сілтемесі арқылы көшіріп алуға болады. 



3

Алғы сөз   ...............................................................................

Кіріспе 

...............................................................................

1.Азаматтық ұстаным (көзқарас)  ........................................

2.Жаңалықтардың этикалық аспектілері .................................

3.Медиадағы ақпарат 

........................................................

4.Медиасөз және ақпарат тілі  ................................................

5.Жарнама 

........................................................................

6.Жаңа және дәстүрлі медиа, Ғаламтор, 

Кітапханалық сауаттылық, Коммуникация және оқыту   .........

Қысқаша сөздік  

................................................................

МАЗМҰНЫ


4

5

8



12

16

20



29

31

35



4

АЛҒЫ СӨЗ


Алматыдағы  ЮНЕСКО  Бюросының  Коммуникация  және  Ақпараттық 

Кластерлік  Бағдарламасы  Орта  Азиядағы  медиалық  және  ақпараттық 

сауаттылық мәселелеріне 2002 жылдан бастап қолдау көрсетіп келеді.  

ЮНЕСКО  азаматтардың  соның  ішінде,  жастардың  ақпаратқа  еркін 

қол  жеткізуіне  және  ақпараттық  сауаттылығын  арттыруды,  құқықтары 

мен мүмкіндіктерін кеңейтуді, мүше-елдерде медиалық және ақпарат-

тық сауаттылық (МАС) бағдарламасын жастар ұйымдары мен басқа да 

серіктестерімен біріге отырып іске асыруды – басым  бағыты деп тани-

ды. Осыған орай ЮНЕСКО Бюросы медиалық және ақпараттық сауат-

тылық (МАС) бағдарламасы аясында жинақталған тәжірибені арықарай 

дамыту мақсатында  

Алматы  қаласындағы  Халықаралық  ақпараттық  технологиялар  уни-

верситетімен бірлесе отырып, әсіресе қыз-келіншектер мен жастардың 

ақпаратқа еркін қол жеткізуіне  бағытталған Қызылорда облысының он 

онлайн-орталықтарына  біліктілікті  жетілдіру  курсы  үшін  материалдар 

дайындады.

Оқу  құралы  ЮНЕСКО-ның  оқытушыларға  арналған  оқыту  бағдарла-

масын,  ұйымның  басқа  материалдарын  пайдалана  отырып,  медиалық 

және ақпараттық сауаттылық (МАС)  негізін танымал визуалды пішінде 

ұсынып отыр. 

Бұл оқу құралы БҰҰ мен ҚР Үкіметінің «Қызылорда облысының өмірі 

мен  тұрмыстық деңгейін көтеру мақсатында жергілікті халыққа эконо-

микалық, әлеуметтік және экологиялық көмек көрсетуде инновациялық 

қолдауды  енгізуге  бағытталған»  бағдарламасы  аясында  дайындалып, 

ҚР Үкіметі және ҚР БҰҰ агенттіктері: ЮНЕСКО, БҰҰДаму бағдарламасы, 

ЮНФПА,  Әйелдер БҰҰ, ХДҰ ЮНИСЕФ, 2016 жылдың желтоқсан айына 

дейін жүзеге асырылады.  

Халықаралық  ақпараттық  технологиялар  университетіне  медиалық 

және  ақпараттық  сауаттылық  (МАС)    негізін  түсінуге,  ойлау  қабілетін 

арттыруға және медиа мазмұнына баға бере отырып, ақпаратты қабыл-

дау, оған сараптама жасауға бағытталған материалдары мен түпнұсқа 

суреттері үшін  алғыс білдіреміз.



Сергей Лазарев

Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросының директоры және 

Қазақстан, Қырғызстан, 

Тәжікстан бойынша өкілі

5

МАС  өзіндік  екі  ұғымнан  тұрады.  Кейін  бұл  ұғымдар  бір-бірімен  тығыз  байла-

ныстағы  біртұтас  дүниеге  айналды.  Ақпараттық  сауаттылық  ұғымы  кең  ауқымды 

қамтиды.  Оған  медиалық  сауаттылықты  да  енгізуге  болады.  Ал  медиалық  сауат-

тылық  электрондық  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  дамуына  байланысты  өз 

масштабын ақпараттық сауаттылық деңгейіне дейін көтеруі мүмкін. Сонымен қатар, 

кітапханалық сауаттылық, сандық сауаттылықты, компьютерлік сауаттылықты және 

т.б. әрқайсысын жеке жеке қарауға болады.

Ғаламтор адам өміріне өзгерістер әкелгенге дейін,  қандай да бір ақпарат  жинау 

үшін кітапханаға барып мерзімді басылымдар мен кітаптарды ақтарып, радио неме-

се телехабарды, фильмдерді көріп шығуға тура келді. Ал аудиохабарлар архивіне 

баруға мүмкіндік шектеулі еді. Міне, осылайша ақпарат жинауға талай уақыт кететін. 

Ал қалалық жерлерде  кітапхана, газет-журнал дүңгіршектері мен кітап дүкендерін 

аралауға  біраз  уақыт  шығындауға  тура  келсе,  ауылдық  жерлерде  ақпараттық  ре-

сурстарға қол жеткізу тіптен қиын еді. Кеңестер одағы тұсында  жоғарыдағы фак-

торларға цензура қосылып,  ақпараттық ағынға бақылау жасалып келгені белгілі.   

Жаңа мыңжылдық адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелгені сөзсіз. Ғаламтор – 

бұған дейін алынбас қамалдай болып келген шекаралардың быт-шытын шығарып,  

әлемді біртұтас  «ғаламдық ақпараттық қалашыққа» айналдырды. Ғаламтордың ке-

реметтігі  –  ол  әр  елді  мемлекеттік  шекарасыз-ақ  басып  алды.Үйіңізден  ешқайда 

шықпай-ақ әлемде не болып жатқандығынан бірер минутта-ақ хабардар боласыз. 

Сонымен қатар, түрлі ресурстарға, ақпараттық сайттар мен форумдарға, блогтарға 

кіре отырып, жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік туды.

Бұл бір жағынан керемет  мүмкіндік болғанымен, оның адамзатқа төндірер қаупі 

де жоқ емес. Тексерілмеген, эмоцияға құрылған жалған ақпараттар легі саяси және 

әлеуметтік  тұрақтылық  негізіне  кері  әсер  етуі  мүмкін.  Бұл  жүйеге  бақылау  жасау, 

я болмаса шектеу қою – тығырықтан шығар жол емес. Дегенмен де мемлекет та-

рапынан қандай да бір  бақылаудың болғандығы дұрыс, сөйте тұра мемлекет сөз 

бостандығын қамтамасыз етуге қолдау білдіруі тиіс. Балалар порнографиясын, тер-

роризмді және нашақорлықты т.б. ашық насихаттау – заңға қайшы.  Егер мемлекет 

– оқырманның Ғаламтор арқылы қандай ақпаратты оқитындығына бақылау жасап, 

кейін қандай ақпараттар жариялап, қандайына шектеу қою керектігін нақтылайтын 

болса, бұның арты тоталитаризмге әкелетіні сөзсіз. 

Коммуникацияны  дамытудың  халықаралық  бағдарламасы  (БДХБ)  бұқаралық 

КІРІСПЕ


6

ақпарат құралдарын демократиялық тұрғыда талқылау жасайтын платформа ретін-

де қабылдай отырып, бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше функцияны ұсынады. 

Бұл  тұста  «ақпарат  құралы»  ұғымы  жаңалықтар  мен  қоғамдық  ақпарат  таратушы 

арналарға тікелей қатысты. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары төмен-

дегідей талаптар бойынша қарастырылады:



- ақпараттық-білім беру арнасы, бұл арқылы адамдар жаңа бір тың дүниемен та-

ныс бола  отырып, бір-бірімен араласады, сол арқылы азаматтар арасында байланыс 

орнайды;

- сюжеттер, ой-пікірлер мен хабарламаларды тарату құралы;

- түрлі құрылымдарды басқарушы азаматтар мен бәсекелес жекеменшік мекеме-

лер басшылар арасындағы «ақпараттық ассиметрияны» жөндеуші құрал;

- әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен дебаттар ұйымдастырушы, сол арқылы әле-

уметтік топтар арасындағы келіспеушілікті демократиялық жолмен шешуші құрал;

- бұқара  осы құрал арқылы қоғамдағы жағдаймен таныс болады және ақпарат 

құралдары арқылы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер туралы түрлі ақпараттарға 

қанық болады, яғни тәрбие құралы ретінде қызмет атқарады;

- мәдениетті және ұлттар арасындағы мәдениетті дамытушы әрі байланыстырушы 

құрал;

-  түрлі  келеңсіздіктерді  болдырмау  үшін  билік  басындағылардың  қызметіне  де 

бақылау жасай алатын құрал, мемлекет өмірінің ашықтығын, сонымен қоса бұқара 

назарын билік басындағылар қызметіне, жемқорлық жағдайларын және басқарудағы 

келеңсіздіктер мен қызмет бабын пайдалану жағдайларына назар аударту;

- экономикалық тиімділікті арттыру құралы;

- демократиялық процесс үйлестірушісі, еркін және әділ сайлаудың маңызды ке-

пілі;

-  бұқараны  құтқарушы  және  сан  алуан  пікірлермен  санаса  отырып,  оны  қорғай 

алатын әлеуметтік әріптес.

Тәжірибе  көрсеткендей,  мемлекеттік  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өзіне 

ғана тән  функциялары бар.  Бұл тұста медиалық және ақпараттық сауаттылықтың 

қуаттылығы  маңызды  болмақ.  Егер  оқырманның  ойлау  қабілеті,  парасаттылығы, 

білім деңгейі жоғары болса, ақпараттың толық тексерілмегендігін және сенімсізіді-

гін бірден түсінеді. Осылайша ол өзін және қоғамды ден алып бара жатқан осындай 

келеңсіздіктерден  сақтай  отырып,  жеке  тұлғаның,  мемлекеттің  тұрақты  дамуына 

септігін тигізеді.

Сонымен, медиалық және ақпараттық сауаттылық дегеніміз не? Бұл ең алдымен 

ақпаратты алуға еркін мүмкіндік беру, соның ішінде медиалық ақпаратты алуға жол 

ашу, сол арқылы ақпарат құралдарына өз ойын еркін жеткізуге және ақпарат құрал-

дарына еркін шығуына құқық береді.

Медиалық және ақпараттық сауаттылық пәні (МАС) 9 негізгі және 5 қосымша мо-

дульден тұрады. Олардың бәрі МАС экожүйесіне еніп, болашақта жеке жеке қара-

стырылады. Тағы бір ескерілетін жайт-бұл курстың нақты модульді жүйесі болмауы 

мүмкін, себебі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық кибер-

кеңістіктің даму жағдайларына байланысты өзгеріске ұшырауы ықтимал.


7

Медиалық және ақпараттық сауат-

тылық (МАС) түсінігінің кестесі

МАС


1 Модуль 

Азаматтық ұстаным

2 Модуль 

Жаңалықтардың эти

-

калық аспектілері



Модуль 3. 

Медиадағы ақпарат

Модуль 4. Медиа тілі мен 

ақпарат тілі

Модуль 5. Жарнама

Модуль 6. Жаңа және 

дәстүрлі медиа

Модуль 7. Ғаламтор

Модуль 8. 

Кітапханалық 

сауаттылық

Модуль 9.

 Коммуникация және 

оқыту


Медиалық 

сауаттылық

Ақпараттық сауаттылық

Өз ойын еркін жеткізе білу және 

ақпараттық сауаттылық

Кітапханалық 

сауаттылық

Ақпарат берудегі 

сауаттылық

Кино сауаттылығы

Ақпараттық 

сауаттылық

Телеарналық сауаттылық, 

жарнама саласындағы 

сауаттылық

Электрондық ойындарды 

қолданудағы сауаттылық

Ғаламтор 

сауаттылығы

Компьютерлік 

сауаттылық

Медиалық  және  ақпараттық  сауаттылық,  жоғарыда  айтылғандай,  өте  кең  ұғым. 

МАС экожүйесінің   ақпаратты таратудағы тәсілдеріне дәстүрлі кітаптардан бастап 

жаңа IT құрылғыларына дейін жатады. Бұған ақпараттық сауаттылық, әдеби,  ком-

пьютерлік, сандық сауаттылық,сондай-ақ, бостандыққа қол жеткізу , өз ойын ашық 

білдіре алу,  ғаламтор-сауаттылығы, кино, телеарна, жарнама, компьютерлік ойын-

дар саласындағы сауаттылық т. б. жатады. 

Қосымша 


модуль 1.

Қосымша


модуль 2.

Қосымша 


модуль 4.

Қосымша


модуль 3.

Аудитория

Медиа, технология және 

жаһандану 

Сандық монтаждау және компью

-

терлік өңдеу



Әртүрлі жоспарлар мен 

ракурстарды қолданып 

түсірілім жасау

Трансұлттық жарнама 

мен әйгілі брендтер

Қосымша 


модуль 5.

МАС экожүйесі

МАС экожүйесі


Медиалық және ақпараттық сауаттылық пәні (МАС) – ақпаратқа қол жеткізу мен 

ойды  ашық  айтудың  негізгі  кілті.  Егер  азамат  осы  сала  бойынша  сауатты  болса, 

ол  тек  ақпаратты  алып  қана  қоймайды,  өзінің  шығармашылығын  көрсетуге,  ақпа-

ратқа  талдау  жасауға,  ол  туралы  айтылған  түрлі  ой-пікірлерге  баға  бере  отырып, 

қорытынды жасауға мүмкіндік алады.   Ол ақпарат құралдарының мүмкіндігін түсі-

неді  және  оны  жан-жақты  пайдаланатын  болады.  Ақпарат  құралының  әр  түрлілігі 

мен сан алуан ой-пікірлер жиынтығы-қоғамдық, коммерциялық және дәстүрлі ком-

муникациялық құралдар. Қоғамдық телевизия, дәстүрлі радио мен коммерциялық 

арналар ақпараттардың плюралистік ақпараттық ортасын қалыптастырады. 

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар блогтары бұл ортаны жеке пікірлерімен 

толықтырады.

Сонымен  қатар,  бұл  жерде  ресми  сұранымдар  туралы  да,  әлеуметтік 

желілер мен форумдар қандай ақпараттар таратуда, БАҚ не жазуда, сон-

дай-ақ дәстүрлі газет-журналдар не беріп жатыр, бұған мемлекеттік емес 

ғаламторлық басылымдар қалай қарайды деген жайттар да қарасты-

рылып отыр. Мысалы, үйден шықпай-ақ қажетті арнайы техникалық 

әдебиетті қалай табу керек, кез-келген уақытта ашыла бермейтін 

шектеу қойылған басылымдарға қалай кіруге болады, тұрмыстық, 

1.

АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ, ОЙДЫ ЕРКІН 



ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ 

АҚПАРАТТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК. 

(өмірбақи білім алу және 

демократиялық пікірталас)

МАС - 

кілт


8

коммуналдық  т.б.  күрделі  мәселелерді  шешудегі  өзінің  тәжірибелерімен  бөлісу, 

шенеуніктердің    жемқорлық  әрекеттері  туралы  айту  немесе  сол  жағдайдан  шығу 

жайында ұсыныс жасау,  өзі жасаған бір дүниесі туралы мәлімет беріп, я болмаса 

қандай да бір техникалық мақсатты қалай оңай шешу қажеттігі 

жөнінде өз шеберлігімен бөліседі.

Шығармашылық  адамдары  өз  аудиториясын  жақ-

сы әндерімен, музыкалық композицияларымен, әдемі 

суреттерімен және бейнероликтерімен қуантса, ауыл 

шеберлері  өздері  жасаған  қолөнер  бұйымда-

рының  үлгісін  салып,  өнімдерін  көпшіліктің 

көруіне мүмкіндік беру арқылы басқаларды 

таң қалдырады. Қолөнер  бұйымдарын түрлі 

көрмелер мен ауыл шаруашылығы жәрмең-

келеріне  қойып  жарнама  жасай  алады.  Міне, 

осындай мүмкіндіктері арқылы істі алға жылжы-

ту.   


Адамға түрлі жаңалықтар мен мүм-

кіндіктерге толы әлем есігі ашылды. 

Ол енді мемлекеттік механизм жүй-

есіндегі жай бір бұранда емес,   көзі ашық, көкірегі ояу, 

сан  алуан  ақпараттарды  ала  отырып,  дұрыс  шешім  шығара  алатын  қабылетті  то-

лыққанды  тұлға.  Медиалық  және  ақпараттық  сауаттылық    –  қоғамдық  қауымда-

стыққа қатыстылық сезімін қалыптастырады,  қоғамдық диалогтарды қолдау және 

өмір бойы оқып-тоқуға қатысуға мүмкіндік жасайды. 

Өмірде  я  біреудің  айтқанына  көніп,  айдағанымен  жүру,  не  болмаса  өздігіңнен 

шешім қабылдап, оған өзің жауап бере алатындай сенімде болу – мәңгілік дилем-

ма. Бұл – өмір қағидасы. Ал дұрыс шешім қабылдау үшін нақты және дәлелденген 

ақпарат болуы қажет, сонымен қатар ақпараттың барлық көлеміне кіруге мүмкіндік 

болу. Адамдарды ақпараттан алшақ ұстау соған мүдделі шенеуіктерге пайдалы бо-

луы мүмкін. Надан жұртты басқару оңай. Ал медиалық және ақпараттық сауаттылық 

курсының мақсаты – білімге негізделген, 

басты  байлығы  адам  болып  табылатын,  

азаматтық қоғам қалыптастыру. 

Қазақстан  Республикасы  Конститутци-

ясының  ХХ  бабының  екінші  тармағында  

«кез  келген  азамат  ақпаратты  еркін  ала 

алады  және  заңмен  тыйым  салынбаған 

кез-келген жолмен тарата алады» деп жа-

зылған. Осыны жүзеге асыру мақсатында 

1992 жылдан бастап пікірталастар жүріліп 

жатыр және де «БАҚ туралы», «Ақпаратқа 

қол жеткізу» заңдары қабылданды.

Тұрғындар  мен  журналистерді  ақпа-

ратпен қамтамасыз етуші заң «тыйым са-

лынбағандардың  бәрі  мүмкін»  қағидасы 

бойынша жұмыс жасауы қажет. Ал тыйым 

салынатын  жайттар  нақты  жазылуы  ке-

рек. Ал олай болмаған жағдайда бұрынғы 

бәріне  тиым  салған  жүйеде  қалыптасқан 

жағдай  жалғасын  табады.  Бұл  әсіресе 

мемлекеттік  органдар  қызметіне  тікелей 

байланысты. Ондағылар ақпаратты жари-

ялауға  арнайы  рұқсат  болмаса,  ол  ақпа-

Қарама-


қайшылық

біреудің нұсқауымен 

өмір сүру

өздігінен шешім 

қабылдау

Ақпаратқа еркін қол жеткізу жолы кең. 

Ал,  құпия  және  жасырын  ақпараттар 

үшін ашылатын есік тар. 

Мемлекеттік 

құпиялар


9

1.  Шыншылдық  –  екі  жүзділікке,  айтуға,  екіұшты  ойды  жет-

кізуге жол жоқ.

2. Жауапкершілік-БАҚ қарапайым азаматтар құқығын қорғай оты-

рып, үкімет пен ірі корпорациялар қызметін бақылауға алуы тиіс.

3. Жеделділік, маңыздылық, сенімділік-жаңалықтар бүгінгі күн 

талабына  сай  болуы  керек,  қоғамда  маңызы  бар  мәселелерге 

араласу қажет. Ақпарат-бұқараға қауіп немесе қандай да бір 

ушықтырғыш жағдайларға әкеп соқтырмауы тиіс.  

4. Жүйелі түрде жұмыс жасау-ақпарат құралдары өздері жа-

рия ететін ақпараттарды қатардағы азаматтарға түсінікті 

етіп жариялайтындай жүйеде жұмыс жасауы қажет. 

5.  Қоғамның  мүдделілігі  –  БАҚ  әлеуметтік  мәселелерге  деген  ын-

таны оятуы керек және бұқараның осы жағдайларға деген көзқа-

растарын білдіру мәдениетін өсіруге ықпал жасағаны абзал.

6. Тәуелсіздік – қандай да бір проблеманы жариялау  кезінде бей-

тарап пікір ұстана отырып, екі жақтың да айтар ойын ақпа-

рат құралында беру. 

7.  Интербелсенділік - БАҚ тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен 

қатар қоғамдық сыни пікірлер мен түрлі мәселелерді шешетін 

форум. Осылайша азаматтар мәліметті алушы ғана емес, ақпа-

ратты алмастырушы ретінде де рөл атқарады. 

8.  Адамның  жеке  өміріне  қатысты  ақпараттарға  араласпау, 

ақпарат алу құқығын сақтау – билікке араласуға ниет білдірген 

саясаткерлер мен танымал адамдар қоғам үшін неғұрлым ашық 

болғандары дұрыс. Ал, қатардағы азаматтардың жеке өміріне 

араласудың еш қажеттігі жоқ. 

Демократиялық жүйеде жұмыс жасай-

тын журналистер бірқатар талаптарға 

сай әрекет жасауы керек: 

10


ратты  қызметтік  немесе  мемлекеттік  құпия  деп  айта-

ды. Бұл жағдай мүлде керісінше болуы керек. Құпия 

сақталатын ақпараттар шағын ғана тізімнен тұрып, 

қалғандары қоғамға жария етілуі тиіс. Ақпаратқа 

жылдам  қол  жеткізу  және  оның  ашық,  шынайы 

болуы  –  жемқорлыққа  жол  бермейді,  оның  ал-

дын  алады.  Мемлекеттік  органдар  қызметінің 

ашық  болуы  және    нақты  басым  бағыттарын 

ашық айтуы «100 нақты қадам» (94 қадам) ұлт-

тық  бағдарламасында  және  2015-2025  жыл-

дарға  арналған  Қазақстан  Республикасының 

Жемқорлыққа  қарсы  стратегиясында  анық 

көрсетілген.

Егер  БАҚ-тың  басым  бөлігі  мемлекеттің,  я  бол-

маса  қандай  да  бір  топтардың  бақылауында  бол-

са,  онда  бұл  ақпарат  құралдары  осы  топтардың 

сойылын  соғып,  бюрократиялық  элитаға  қатысты 

жайттарды  жазатыны  белгілі.  Қоғамда  плюра-

лизм  мен  демократиялық  институттарды  дамы-

ту  үшін  масс-медиаға  монополияны  тоқтата  оты-

рып,    бір-бірімен  бәсекелес  тәуелсіз  бұқаралық 

ақпарат құралдарын дамытып, олардың жұмысын 

тұрақтандыру қажет.

Сондай-ақ, редакциялық тәуелсіздік ұғымына келгенде де түсініксіз жайттар көп. 

Редакциялық  тәуелсіздік  дегеніміз  шын  мәнісінде  редактордың  медиамагнаттың 

немесе мемлекеттік органдардың көзқарасынсыз шешімді өзі қабылдауы. Бүгінде 

редактор қожайынның көзқарасы мен ұстанымына орай шешім қабылдайды, бұлай 

етпеген жағдайда орнына жаңа редактор іздестіріледі. 

Кез-келген  медиамагнат,  жарнама  беруші  басылымға  қаражат  беріп  отырған-

дықтан өз адресіне айтылған түрлі келеңсіздіктерді қабылдай бермейді. Мұндайды 

жақсы  түсінетін  кәсіби  редактор  басылымның  саясатын  айтқызбай-ақ  түсініп,  қо-

жайынның ақпарат құралын үнемі бақылауға алуына жол бермейді.

Сайып келгенде, тұрғындарды шынайы ақпаратпен тұрақты түрде қаматамасыз 

ету үшін жариялылық пен плюрализмнің принциптерін сақтаса болғаны. Ең бастысы 

– масс-медианы монополизациялауға жол берілмеуі керек.

Кез-келген 

ақпараттық ресур-

старға қол жеткізуді 

қамтамасыз етуге: бұл 

жерде адамның қызметі, жы-

нысы мен діни көзқарастарына 

мән берілмеуі тиіс. Сондай-ақ, 

тұтынушыға қандай да бір діни, 

саяси және моральдық тұрғы-

дан насихат жүргізілмеуі керек 

(кітапханалар ақпараттық 

ресустарға тегін кіргізуге 

міндетті). 

Адамның 

жеке өміріне қол 

сұғуға жол бермеу 

және контентке кері 

әсерін тигізетін қандай да 

бір ақпараттың таралып 

кетпеуіне, ғимарат ішінде 

жағдай жасалуға, сон-

дай-ақ онлайн режимде 

жұмыс жасауға мүм-

кіндік беру.  

 

Келер 



ұрпақ үшін 

ақпараттарды 

жинау және 

сақтау.


Қалыпты жағдайда масс-медиа, кітапхана, 

мұрағат, басқа да ақпарат-

тық қызметтер төмен-

дегі функцияларды 

орындайды:

БАҚ-тың  бір  ғана  адамның 

қолында  болуы-жақсылыққа 

апармайды.

11


Журналистік  этика  туралы 

сөз  қозғағанда  ең  алдымен 

төмендегі  мысалды  келтіруге 

болады.  Қазіргі  таңда    фото-

аппараттар  мен  түрлі  гаджетті 

кез-келген  баланың  қолынан 

көре аламыз.Олар тосын оқиға-

ларды түсіруге де дағдыланып 

алған. Болған оқиғаға зер сал-

сақ:  журналист бір азаматтың 

өз-өзіне   қол жұмсап суицид-

ке барған сәтін  суретке түсіріп 

жариялайды. Бұл сурет сенса-

ция болып әлемді шарлап кет-

ті.  Бір  жағынан  журналист  бұл 

тұста,  өзінің  кәсіби  міндетін 

орындаса, екінші жағынан әлгі 

азаматтың өмірін сақтап қалуға 

қол ұшын беруге оның уақыты 

жеткілікті  болған.  Әрине,  егер 

журналист  азаматты  құтқарып 

қалса, онда  журналистік материал болмас еді.  

Журналистік этикаға келгенде сан алуан пікірлер туындайды. Заңдылық тұрғыдан 

барлығы  дұрыс  қарастырылған,  қайшылық  жоқ,  ал  моральдық,  адамгершілік  құн-

дылықтар жағынан біраз күдік туғызатын тұстары бар.

Мораль  ең  алдымен  ұятқа  байланысты  және  ол  ішкі  құндылықтарыңды  таңда-

уға  мүмкіндік  береді.  Осы  арқылы  жеке  адам,  соның  ішінде  журналист  те  өзіндік 

тәртібін қалыптастырады. Егер ол өзінің тәртібін басқа адамдар көзқарасымен бай-

ланыстыра алса, онда оның ұяты болғаны. Егер бұл жағдай керісінше болса, онда 

біз ол жанды эгоист-қызғаншақ деп атаймыз. 

Журналистік қызметтің мораль-

дік  негіздері  нақтыланған.  Бұқа-

ралық  ақпарат  құралдарында  

бәріне  жол  ашылғандықтан  жур-

налистиканы  жеке  мақсаттарға 

пайдалану іске асуда. Телевизия, 

әр түрлі типті,  әр түрлі деңгейде-

гі газеттер мен журналдарда сөй-

леу  мәдениетінің  алаңдатарлық 

жағдайда  төмендігін  әртүрлі  қы-

рынан байқауға болады. Әсіресе, 

диалог  кезінде  қарсыластардың 

көзқарастары мен пікірлер жиын-

тығын ерсі, әрі анайы түрде беру, 

өзгелердің  көзқарасын  ашық 

түрде  елемеу  әрі  ұнатпау  белең 

алып барады.

Сондай-ақ,  масс-медиа  тара-

пынан  сөйлей  отырып,    журна-

лист жеке өз атынан емес, кәсіби 

тұрғыда  белгілі  бір  өкілеттілікке 

2.

 ЖУРНАЛИСТІК ЭТИКА



Журналист  не  ісеуі  керек?  Көмектесуі  керек  пе,  әлде 

кәсіби міндетін орындауы қажет пе? 

Сіздің  ойыңызша,  қандай  жағдайда  сұхбат  бе-

рушінің түрін көрсетпеу керек? Жалпы, бұл дұрыс 

па? 

12


Журналистердің өзіне тән 

моральдық және этикалық 

міндеттері бар.

Сөз  бостандығынсыз  журналист  қызметін  саралау  мүмкін 

емес («бәріне рұқсат» ұғымымен шатастырмау).

Журналист қоғамға емес, билік пен құрылтайшыларға қыз-

мет ететін болса, онда журналистік этиканы бұзғандығы. 

Адамның жеке өміріне журналистер құрметпен қарауы 

керек.  Дегенмен  де  журналистік  зерттеу  –  жеке  өмір-

ге  араласу  қажеттігін  туындатса,  қоғамдағы    келіспе-

ушілік пен ондағы мүдделілікті сақтау мақсатында мұн-

дайға жол берілуі ықтимал.

Сот  процестерінен  ақпарат  үстірт  емес,  өте  шынайы 

түрде таратылуы керек. Сот нақты шешім шығармай-

ынша,  күдікті  адамды  «қылмыскер»  деп  атауға  мүлде 

болмайды.

Журналистер көшеге микрофонмен, бейнетаспамен әле-

уметтік сауал жүргізуге шыққанда сұхбат берушінің ау-

зына сөз салмауы керек және алдын ала ойластырылған 

жүйе бойынша жұмыс жасауға болмайды. 

Егер  журналист  белгілі  бір  себептермен  тексерілмеген 

ақпаратты  жария  етіп  жіберсе,  барлық  күш-жігерін 

жұмсай отырып, қоғам  алдында ол ақпаратты жоққа 

шығарып, жалған ақпарат екендігін түсіндіруі керек. 

Ақпарат үшін журналист пара бермеуі керек. 

Тың ақпараты бар, бірақ онымен бөліскісі келмейтін адамды 

қорқытып-үркітудің қажеті жоқ. Егер куәгер сұхбат беру-

ден бас тартса, оны көндіремін деп әуре болмаңыз. Демек, 

оның сұхбаттан бас тартуына белгілі бір себептері бар. Мүм-

кін ол, «үшінші бір адамға» кесірім тиіп кетер дер қорқуы да 

мүмкін.  Журналист осы жақтарына да мән бергені жөн. 

13


ие бола отырып қызмет жасайтынын ұмытпауы керек. Оған қандай да бір қоғамға 

маңызы бар ақпаратты таратуға мамандығы мүмкіндік пен құқық беріп отыр. Олар-

дың блогерлерден басты ерекшелігі де осында. Блогер – өз ойын ғана жеткізуші, ал 

журналист – қоғам ойын ортаға салып, қоғамдық пікір қалыптастырушы. Сол себепті 

журналистік  моральды  екі  түрлі  көзқараспен  қабылдаған  жөн:  біріншісі,  қоғамға 

әсер  етуші  шынайы  күш  ретінде,  ал  екіншісі  жеке  адамның  субъективті  жағдайы. 

Соңғысы, сайып келгенде философиялық категория ...



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал