Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



жүктеу 18.92 Kb.

бет1/17
Дата25.03.2017
өлшемі18.92 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1
Алма  Қыраубаева
ШЫҒЫСТЫҚ 
ҚИССА-ДАСТАНДАР

3
І. Сілтемелер жақшаның ішіне беріледі. Мысалы: (Су Бихай. 1995). Жақ-
ша  ішіндегі  туындыгердің  атынан  кейінгі  сан – еңбектің  шыққан  жылын 
көрсетеді.  Бұл  жерде  мақала  болғандықтан,  бетінің  реті  жазылмаған.  Егер 
кітапқа  сілтеме  жасалған  болса,  мына  түрде  жазылады: (Кенжебаев  Б. 
1973-20).  Сызықшадан  кейін  тұрған  сан – кітаптың  беті.  Томы  да  көрсе-
тілуі  мүмкін (1973-2-20). Кітаптың  туындыгері  болмаса,  атының  бастап-қы 
бір-екі сөзі беріліп (Ежелгі дəуірдегі ... 1991-18), əдебиеттер тізімінен мынадай 
ретпен анықталады: Ежелгі дəуірдегі... – Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті. А.: 
Ана тілі, 1991.
УДК 398
ББК 82.3
Қ 87
Қазақстан  Республикасы  Байланыс  жəне  ақпарат  министрлігі  
Ақпарат  жəне  мұрағат  комитетінің  бағдарламасы  
бойынша  шығарылды
Редакция алқасы: Т.Кəкішев, Ө.Əбдиманұлы,
Қ.Мəдібаева, А.Қыраубаев
Қыраубаева А.
Қ 87     Шығыстық қисса-дастандар. 5 томдық шығармалар жинағы. 
3-том. Томды баспаға əзірлеген С.Дəрібайұлы. — Алматы: “Өнер”, 
2010. — 344 бет.
ISBN 978-601-209-120-5
Көрнекті  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Алма 
Қыраубаеваның  бұл  еңбегінде  «Мың  бір  түн», «Тотынама», «Шаһнама» 
желілері бойынша жазылған қазақ дастандары талданады. Сондай-ақ,  Орта 
Азия  сюжеттері  жəне  «Бақтиярдың  қырық  бұтағы»  қисса-дастандары  да 
қарастырылған. Ғалымның қазақ əдебиетіндегі шығыстық дəстүрді біртұтас 
көркемдік  жүйеде  қарастыруға  байланысты  жасаған  түйінді  тұжырымдары 
қазіргі  кезеңдегі  ХІХ  ғасырдың  аяғы  ХХ  ғасырдың  басындағы  əдебиетті 
ғылыми  жүйелеудің  басты  бағдарына  айналуы  тиіс.  Еңбек  əдебиеттанушы 
ғалымдарға, жалпы ұлт руханиятын қастер тұтар зиялы қауымға арналған.
УДК 398
ББК 82.3
© Қыраубаева А., 2010 
© “Өнер”, 2010
© Көпіш Ə., (безендіру) 2010
ISBN 978-601-209-120-5
КІРІСПЕ
Бүгінгі 
күннен кемінде екі жарым-үш мың бұрынғы та-
рихтар дерегінен бастау алатын қазақ əдебиеті өзінің даму 
барысында  талай-талай  кезеңдерден  өтті.  Тарихтың  сан 
тарам  жолдарында  көптеген  халықтармен  тоғысты,  мəде-
ни  байланыс,  қарым-қатынастар  жасады.  Соның  айғақты 
іздері  қазақ  əдебиетінің  əр  саласынан  табылады.  Тіпті, 
біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  ХХХ—ХХ  ғасырларда 
жазылған  шумерлердің  (сумер) «Гильгамеш»  жыры  мен 
одан  беріректегі  Авестаның  іздері  қазақ  əдебиетінде  сай-
рап жатыр. Ондағы жазылған мифтер, кейін тараған Құран 
хикаялары,  араб-парсы,  үнді  сюжеттері  əдебиетімізде  күні 
бүгінге  дейін  жеткен.  Əдебиет  арналарының  Біздің  жыл 
санауымызға  дейін-ақ  басталатындығы  жөнінде  Су  Би-
хайдың  қытайдың  көне  деректері  негізінде  жазған  еңбек-
тері  тың  дүниелердің  бетін  ашатындығы  айқын  (Су  Би-
хай. 1995).

5
4
Қазақ  əдебиетінің  тарих  бетінде  айрықша  із  қалдыр-
ған  замандары  ислам  мəдениетінің  өркендеуі  мен  түрік 
Оянушылығының  тұсы  болды.  Бұл  кездері  ислам  дінінің 
аясында  өркендеген  араб,  иран,  орта  азиялық  елдердің 
əдебиеттегі  қарым-қатысы  орасан  зор  болды.  Содан  да 
қазақ  қисса-дастандарындағы  кейіпкерлер  Үрім,  Шын-
Машын,  Бағдат,  Исфахан,  Мысырды  еркін  шарлай  береді. 
Тұран  мен  Иран,  араб  елдері  мəдениетінің  тамырластығы 
біздің əл-Фараби бабадан бұрын да, кейін де жалғасқан.
Түрік (біз айтып отырған түріктердің – «түркілер» еке-
нін  ескертеміз.  Ол  бұрын  Кеңестер  Одағындағы  түрік  ха-
лықтарын  Анадолы  түріктерінен  ажырату  үшін  берілген 
жасанды  атау  болатын.  Енді  рухани  бірігу  заманында  та-
рихи  атымызды  қолданған  орынды  көрінеді)  əдебиетін-
дегі  нəзира  дəстүрі  ежелгі  сюжеттерді  жаңғырту  идеясы-
нан  шыққан.  Бұл – Оянушылықтың  негізгі  белгілерінің 
бірі.  Оянушылықты  қытай  əдебиетінде  «фугу» – көне 
дəуірге  қайта  оралу  деп  атаған  (фу – қайта  оралу,  гу – 
көне  дəуір).  Италияда  «қайта  туу»  деген  ат  берген  (Лите-
ратура  эпохи... 1967–12). Айналып  келгенде,  Оянушы-
лықтың  төркіні – көне  мəдениетті  қайта  тірілту.  Осы  дəс-
түр  ислам  мəдениеті  аясындағы  араб,  иран,  қытай  əде-
биеттерінде басталған уақытта оны түрік ақындары да шы-
ғармашылық  жолмен  қабылдап  алып,  жалғастырды.  Түрік 
ақындарының  «қайта  оралуы» – ежелгі  мұсылман  миф-
тері  мен  аңыздары,  антикалық  ойшылдар  идеясы  болға-
нымен,  түріктік  мүддені  көтеруді  ұмытқан  жоқ.  Сондық-
тан  да  «түрік  Оянушылығы»  дегенді  батыл  айтуға  бола-
ды.  Өкініштісі  сол,  əдебиетімізде  бұл  мəселе  əлі  арнайы 
зерттелмеген. 
Оянушылық  дəстүрінің  көне  деректері  Египет  əдебие-
тінде  кездеседі  екен.  Мысалы,  біздің  дəуірімізге  дейінгі 
(əрі  қарай:  б.д.д.) VІІ  ғасырларда  Саис  Ренессансының 
болғандығы  тарихта  бар.  Саис  Ренессансы  кейде  Еуропа 
Оянушылығымен (ХV–ХVІ ғ.) салыстырыла айтылады. Бір-
ақ Саис мəдениеті жаңадан өрлеудің басы емес, «аққу əнін-
дей»,  соңғы  серпілісі  болған  (Смирнова  В.В., 1995-24). 
Египетті Александр Македонский (б.д.д. 332 ғ.) басып ал-
ған  замандардан  бастап,  эллиндік  мəдениеті  (б.д.д. V–
ІV  ғ.)  қалыптаса  бастайды,  осы  кездегі  тарихи  даму  көне 
Египет  жəне  грек-македония  мəдениетінің  симбиозы  (ара-
ласу)  түрінде  қалыптасты.  Сол  арқылы  бүкіл  шығысқа 
тарады. Еуропа Оянушылығы шығыстан бастау алды.
Енді  əдебиет  тарихындағы  жаңғырту  дəстүріне  келетін 
болсақ,  Ассирия – Вавилон  əдебиетінен  бері  қарай  бар 
екен.  Ол  кезде  де  бұрынғы  сюжеттерді  қайталай  жазып, 
белгілі мифтер мен культтерді жаңғыртатын болған (Смир-
нова  В.В., 1995–38). Негізінен,  өлең  түрінде  жазылып, 
туындыгерлері  лақап  атымен  ғана  белгілі  болған.  Асси-
рия – Вавилон  нəзирасы  түгелімен  шумерлердің  əдеби 
сюжеттерін  қайталап  берді,  тек  Құдайларының  аттары 
ғана  өз  заманына  сай  өзгертіліп  жазылды.  Шумердің 
«Гильгамеш»  жыры  (б.д.д.  ХХХ  ғ.)  Вавилон  мəдениеті 
дəуірінде  (б.д.д.  ХХ  ғ.)  нəзира  дəстүрімен  қайталап  жазы-
лып қалған, бəлкім, сол арқылы кейінгі ұрпаққа жеткен.
Нəзиралық  шығармалар  мұнымен  ғана  шектелмеген. 
Осы  дəуірде  жазылған  «Даналық  пірін  мадақтайын» («Да 
прославлю  я  владыку  мудрости».  Өлеңнің  аты  бірінші 
жолындағы  сөздерден  алынған)  атты  шығарма  да  нəзира-
лық  үлгіге  жатады.  Онда  Құдайдың  жолын  ұстаса  да, 

7
6
бейнет  пен  азаптан  шыға  алмаған  кісі  туралы, «не  қыла-
мын десе де, бəрі – Құдайдың қолында», – деген ой айты-
лады  (Смирнова  В.В., 1995–38). Осы  мазмұндас  «Вави-
лон  теодициясы» (б.д.д.  ХІ  ғ.)  жəне  «Құдайдың  құлы,  ма-
ған  бағын» (б.д.д.  Х  ғ.)  атты  шығармалар  да  бар.  Бұл 
сюжеттер  кейін  Тауратқа  да  кірген  екен («Иов  кітабы». 
Құранда – Айып  пайғамбар).  Б.д.д. VІ  ғасырда  ассирия 
патшаларының  дана  уəзірі  «Акихар  туралы  повесть» 
жазылған. 
Шығыс  əдебиетіндегі  нəзирашылық  дəстүріне  ұқсас 
үрдісті,  сондай-ақ,  ежелгі  грек  əдебиетінен  табамыз. 
«Нəзира»  Фирдоуси  заманынан  өріс  ала  бастаған  кезінде 
оның  негізгі  тақырыптық  аясы  шығыс  мифологиясы  бо-
лып басталып, одан діни сюжеттерге, қаһармандық, ғашық-
ты  мəселелеріне  ауысқан  деуге  болады.  Грек  кикликте-
рінің  негізгі  тақырыбы  да  ежелгі  мифология  болатын.  Бір 
ғана «Илиада» мен «Одиссеяның» (б.д.д. ІХ–VІІІ ғ.) айна-
ласында  қаншама  шығарма  жазылған  (Немировский  А.И., 
1992–308).  Біздің  жыл  санауымызға  дейінгі 700-жылдар 
шамасында  өмір  сүрген  Гесиодтың  «Теого ниясы»  жазы-
лып  кеткен  сюжетке  қайта  айналып  соғу  үрдісінің  баста-
масын  жасаған.  Одан  кейін  Апполодордың  (б.д.д.  ІІІ  ғ.) 
«Құдайлар  туралы  сын»,  рим  ақыны  Овидийдің  «Мета-
мофозасы»,  тіпті  ескі  мифологияны  жаңғыртушы  Гекатей 
Ми летский (Генеология), Геродот («Тарих») сияқты тарих-
шылар  да  бар.  Бұл  дəстүр  бірте-бірте  Құдайлардың  ға-
шықтық  оқиғаларын  суреттеуге  ұласқан.  Осыған  қарап, 
шығыс  «нəзирасы» – гректің  «кикликтермен»  тамырлас 
үрдіс деген ойға келеміз.
Қиссаның («қисса» араб сөзі – баяндау) тууына тікелей 
негіз  болған  Құран  сюжеттері, «Мың  бір  түн», «Тотына-
ма», «Шаһнама»  желілері  болғанымен,  оның  түпкі  бас-
тауларында  жоға рыдағы  Ассирия-Вавилон,  грек,  шығыс 
фольклоры,  алғашқы  қауымда  пайда  болған  архаикалық 
мифтер  де  жатыр.  Қисса  жанры  өзінің  қалыптасу  кезеңін-
де  осылардың  бəрін  сіңірді.  Ол – жазба  əдебиеттің  бас-
талу  тұсында  əлі  ауызша  əдебиеттен  ажырай  қоймаған 
кезеңде туған көне жыр.
Қиссаларда дүние – жаратылыстың пайда болуын, жан-
ды-жансыз  нəрселердің  шығу  тегі  мен  себептерін,  өзен, 
тау,  тас,  аспан  əлемі,  жұлдыздар  туралы  түсініктер  бар. 
Космогониялық  мифтің  көріністері  кездеседі.  Дүниені 
мекендеген  əртүрлі  мифтік  мақұлықтар:  дию,  пері,  жын-
шайтан, жалғыз көзді дəу, аң-хайуан бейнелі адамдар көне 
заман түсініктерінен туғандығы айқын. 
Қиссада  адамзат  дəуірлерінің  қоғамдық  қалыптасуы-
ның  бас  кездерінде  пайда  болған  мифтік  түсініктер  мен 
қала мəде ниетіне тəн оқиғалар астасып жатады. 
Төңкеріске  дейін  шыққан  кітаптарда  мұсылман  дініне 
бай ланысты  əңгімелерді  «хикая»  деген.  Сондай-ақ  қазақ-
тың  өз  өмір  тіршілігінен  алынған  жырлар  «Қисса  Алпа-
мыс», «Қисса  Айман-Шолпан»  деп  атала  береді.  Бірақ 
оларды қисса ретінде қарастырмаймыз. 
Қазақ  əдебиетіндегі  нəзира  дəстүрі,  қисса-дастан  жан-
рының  туып-дами  бастауы  ХІІІ–ХІV  ғасырларға  тура  ке-
леді. «ІХ–ХV  ғасырлар – Орта  Азия,  Иран  жəне  Солтүс-
тік  батыс  Индия  тарихында  гуманизмнің  гүлдену  дəуірі» 
(Сəтбаева  Ш., 1982–7). Алтын  Орда  дəуірінде  туған  қис-
салардан  ежелгі  мифтік  бейненің  көркем  шығарма  қаһар-
манына  айналуын («Қисса  Жүсіп»),  ғашықтық  тақыры-

9
8
бының  көтерілуін («Хұсрау  уа  Шырын»),  діни  ағарту-
шылықтың туа бастауын («Жұмжұма») көреміз.
Қисса-дастан  қазақ  əдебиетінде  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  дамып-қалыптас-
ты. Онда түрік-ислам дүниесінің мол мұралары қамтылып, 
заман  адам дарының  зердесінде  қазақ  мəдениетінің  мың-
даған  жылдық  тарихы  бейнеленіп: «Əне,  мəселе  қайда?» 
–  дегендей,  ой  түрткі  салынды.  Түріктік-исламдық  дүние-
лердің  мəні  мен  маңызын  түсіндіруді  мақсат  еткені  үшін, 
оны  жазған  ақындарды  «пантүрікшіл», «панисламшыл», 
– деп айыптаған кездер де болды. Əдебиетте саясаттанды-
рудың  салдарынан  көп  жылдар  ғылыми-зерттеу  ныса-
насына  айналмады. 
Қисса-дастан  мəселесінің  жалпы  жағдайлары  М.Əуе-
зов (1959; 1991), С. Мұқанов (1974), Е. Ысмайылов (1956; 
1968),  Қ.Жұмалиев (1958), Б.Кенжебаев (1973; 1976), 
М.Ғабдуллин (1974), Б. Шалабаев (Əдеби мұра... 1961-210-
244), Х.Сүйіншəлиев (1986) еңбектерінде сөз болды.
Қиссашы ақындарды əдебиетке кіргізіп, ақтап алуды қа-
растыру  талаптарын  профессор  Б.Кенжебаев  еңбектерінен 
кө реміз.  Б.Кенжебаев  Шəді,  М.Жүсіп,  Н.Наушабаев,  т.б. 
шығыс  сюжетіне  өлең  жазған  ақындарды  «ағартушылық 
бағыттағы ақындар» деп бөлу арқылы, оларды, «кертарпа», 
«ескішіл»  деген  айдар  тағудан  ажыратып  алды: «Алайда, 
əне бір жылдары бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін 
менсінбеушілік,  жете  бағаламаушылық  болды.  ХХ  ғасыр 
басында  бізде  шын  мағынасында  əдебиет  болған  жоқ 
десті.  Осыдан  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетін  жи-
нап,  бастыру,  зерттеуге  тиісінше  көңіл  бөлінбеді», – деп 
жазады (Кенжебаев Б., 1973-105).
Сондай-ақ  М.Бөжеевтің (1971-32), М.Бөжеев – З.Ахме-
товтың  (Қазақ  əдебиетінің... 1961-2-534), М.  Ғұмарова-
ның  (Қазақ  əдебиетінің... 1960-1-429) зерттеулері  осы  мə-
селені  алғаш  кө теруімен  құнды  болды.  Ə.Қоңыратбаев 
(1994-202-226), Ы.Дүйсенбаевтың (1973) еңбектерінде жү-
йелене  бастады.  Қиссашы  ақындардың  бірі  Шəді  Жəңгір-
ұлының  шығармашылығын  Н.Келімбетов  арнайы  зерт-
теу тақырыбына айналдырды (1974).
Осы  кездерде  қисса-дастандарды  жариялап  жарыққа 
шығару жұмыс басталды. Алғаш Ү.Сұхбанбердинаның құ-
растыруымен жарық көрген «Ғашық наме» (1976), «Қисса-
дастандар» (1986), кейін  «Ғашықтық  дастандар» (1994) 
жəне  «Батырлық  дастандар» (1995) болып  басылып  шық-
ты.  Сондай-ақ,  Б.Əзі баеваның  құрастыруымен  «Дастан-
дар» (1990) екі  томдығы  жарық  көрді.  С.А.Қасқабасов, 
К.С.Матыжановтар  құрастырған  «В.В.Радлов  жинаған  қа-
зақ  фольклорының  үлгілерінен»  бір  неше  қиссалар  қо-
сылды (Ел қазынасы... 1994).
Қисса-дастанды  фольклорлық  тұрғыда  танып-білудің 
маңыздылығын  талдап  жазған  Р.  Бердібаев  еңбектерінің 
мəні зор болды (1970; 1989; 1995-24-39).
Сексенінші  жылдардан  бері  қарай  қазақ-шығыс  əдеби 
бай ланыстары  жөнінде  елеулі  еңбектер  жазылды.  Бұл  са-
лада Ш.Қ.Сəтбаеваның (1972; 1982; 1990), Ө. Күмісбаевтың 
(1982; 1989; 1994; 1996) кітаптары  жарық  көрді.  С.Қас-
қабасов бұл мəселеге фольклор тұрғысынан келіп, тың пі-
кірлер  айтты (1972; 1984). Ежелгі  қиссаларды  зерттеу  та-
лаптары  көрінді  (Қыраубаева  Қ. 1988; Ежелгі  дəуірдегі... 
1991).
Қазақтың  төл  романдық  дастандары  Б.  Əзібаеваның 

11
10
ғылыми  жұмысында  арнайы  зерттелді (1990). «ХХ  ғасыр-
дың  бас  кезіндегі  қазақ  əдебиеті» (1994) атты  ұжымдық 
кітапта  Жүсіпбек  Шайхұсламұлы  (С.Дəуітов),  Шəді  Жəң-
гірұлы  (Н.Келім бетов),  Əсет  Найманбайұлы  (Б.Əбілқа-
сымов),  Ақылбек  Сабал ұлы  (С.  Дəуітов)  сияқты  қиссашы 
ақындардың  өміріне  тоқта лып, «Қиссалар  жəне  кітəби 
ақындар» (Ө.  Күмісбаев)  атты  шағын  бөлім  берілген.  Бұл 
зерттеулерде де біз қарастырып отырған мəселені анықтай 
түсуге  көп  көмегін  тигізді.  Сондай-ақ,  Пекиндегі  «Ұлттар 
баспасынан» қазақ қиссаларының 12 том болып жарық кө-
руі мəдени өміріміздегі елеулі жаңалықтың бірі болуы тиіс. 
Қисса-дастандар зерттеушілер тарапынан терминдік мə-
селелерде  əртүрлі  айтылып  жүр: «Қисса», «қисса-хикая», 
«дастан», «рыцарлық дастан», «қисса-дастан».
Е.Э.Бертельс – «рыцарлық  дастан»  деп  атаса (1934), 
В.М.Жирмунский, Х.Т. Зарифовтар (1947), Е. М. Мелетин-
ский (1983) сондай-ақ  қазақ  зерттеушілерінің  Б.Əзібаева 
(1990) «романдық дастан» дейді. Ы.Дүйсенбаев ғашықтық 
қисса-дастандарды  «лироэпостық  жырлар»  деп  есептеген 
(1973).  С.Мұқанов (1974), М.  Бөжеевтер (1971) «қисса» 
дейді.  Соңғы  зерттеулерде  дастан  атауы  жиі  қолданылып 
жүр. «Дастан» – шығыс  сюжеттеріне  жазылған  поэма 
мағынасын береді. 
Біздің  тақырып  ауқымымыз  бойынша,  бұл  жанр  көне 
дə уірлерден  бері  қарай  қарастырылатындықтан, «қисса-
дастан» деген атауды жөн көрдік. Өйткені, ежелден қалып-
тасқан  «қисса»  сөзін  алып  тастаудың  реті  жоқ. «Қисса» 
–  осы  жанрдың  мағыналық  жағынан  айырмашылықтары 
мен  ерекшеліктерін  жан-жақты  аңғартаты
н  сөз  деген 
ойдамыз.
ЕҢБЕГІ  ЕРЛІККЕ  ТЕҢ 
КҮРЕСКЕР  ЖАН
Тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдары.  Сол  уақыттар  да  тек 
Алматы мен Астанада ғана емес, Республиканың ел тығыз 
қоныстанған көптеген елді мекендерінде жеке меншік жо-
ғары оқу орындары мен орта білім беретін арнайы мектеп-
тер  бірі нен  соң  бірі  ашылып  жатты.  Оларды  өмірге  келті-
ріп  жатқан  азаматтардың  кəсіби  мамандық  дəрежелері  де, 
ойға  алған  түпкі  мақсаттары  да  əрқилы  болатын.  Бірақ, 
негізінен  солардың  дені  мынау  қарбалас  тұстың  кім  озып, 
кім қалады дейтіндей кезінде өздерінің азды-көпті қаржы-
сы  мен  іскерлік  мүмкіндіктерін  сынап  көруге  тəуекел  ет-
кендердің  санатына  жататынды.  Олардың  іштерінде  кей-
бір  бұрыннан  байланыстары  барырақтары  өздерінің  қол-
дау  көрсетіп  демейтін  жанашырларына  иек  сүйеп  додаға 
түсіп  жүрсе,  енді  біреулері  сырт  көзге  «бақ  шаба  ма,  бап 
шаба  ма»  деп  тыраштанады.  Қалай  болғанда  да  солардың 
қай-қайсысы  да  көпшілік  қауымның  қолына  бұрын  оңай-
лықпен  түспей  жүрген  «таңсық»  мамандықтарға  мүдделі 
жандарды  те зірек  арманына  жеткізіп,  қолдарына  диплом-
дарын  ұстатуды  мақ сат  етті.  Мұның  өзі  түптеп  келгенде 
тек  жоғары  білім  алу шы  жастарды  ғана  емес,  ілгеріректе 
сондай  мамандықты  мең гергендерді  көріп, «шіркін,  менің 
де  перзентім  осындай  болса  ғой», – деп,  көксеген  ата-
аналарды да «риза етудің қамы» бо латын.
Бұл  тұста  орта  білім  беретін  мектеп  иелерінің  еңбегі 
де  жоғарыдағыдай  жоғары  білім  алатындардың  қатарына 
перзенттерін  қоссам  деп,  жүрген  жандардың  үміттерін 
ұзартудың  жолындағы  харекет  болатын.  Демек,  сол  жыл-
дардағы  көктемгі  өсімдіктердей  жедел  бой  көтерген  əр-

13
12
алуан жекеменшік оқу орындарының үлкені мен кішісінің 
қай-қайсысының  да  алға  қойған  мақсаттарына  сол  жыл-
дардың көзімен болсын, кейінгі уақыттың талабымен бол-
сын  тұтыныс  тұрғысынан  қарағанда  «солары  қалай  еді» 
деп бастап, үзілді-кесілді олары дұрыс емес еді деп, шорт 
кесіп  тұжырым  жасау  артық  деп  ойлауға  болады.  Ал,  же-
кеменшік  мекеменің  иесі  мүддесінен  қарағанда  сол  тал-
пыныстардың  «міні  жоқ»  болатын.  Бірақ,  белгілі  бір  ма-
мандыққа  деген  мемлекеттің  өз  ішіндегі  сұраныстың  қай 
кезде  де  өлшемі  бар.  Сол  реттен  келгенде  бір  кездегі  таң-
даулылардың  ғана  маңдайына  жазылған  секілді  болып 
көрінетін  кəсіптің  дипломдарын  иеленгендер,  рас,  саны 
жағынан,  сол  тұс та  бірқыдыру  артық  дəреже  де  дайын-
далды. Бірақ, бұл жайды біз, арнайы сөз етуді талап ететін 
өзге бір күрделі мəселенің тақырыбы деп білеміз.
Əлбетте, жоғары білімді мамандар даярланатын жоғары 
оқу  орындарының  тиісті  білім  саласын  игеруге  қабілетті 
мектеп  шəкіртін  оқытып  шығару – аса  игілікті  шаруа 
екенін тек санаулы адамдар ғана емес, жалпы көпшіліктің 
өзі де жақсы біледі. Əйтсе де, сол дайындалып жатқан, көп 
ұзамай  өндіріс  басқартатын,  тіптен  ел  тізгінін  ұстататын 
келешек  азаматта рымыздың  кісілік  келбеті,  азаматтық 
дəрежесі, ұлты, отанына дегендегі сезімі қандай, солардың 
дені  ертеңгі  күні  өз  басын  ғана  күйттеп,  өзінен  өзгеге 
жақсылығы  ауыспайтын  дүмбілез  кеуде,  дүмше  жандар 
болып,  капитализм  заманының  басты  мақсаты – тек  қана 
өзіңді  жарылқау  деп  түсінетіндер  болмау  үшін  қандай 
тəрбие  керек  дейтін  мəселені  жан-жақты  ойланып  еңбек 
етіп  жатқан  мектеп  ұжымдары  бар  ма  деген  де,  осыған 
жауап беру ілгеріде де, қазірде де оңай емес. Міне, осындай 
жайды  ойлаған  кезде  нар  тұлғалы  азаматтар  тартар  жүкке 
өз  арқасын  тосқан  көрнекті  ғалым,  филология  ғылым да-
рының  докторы,  профессор  Алма  Мүтəліпқызы  Қырау-
баеваның  сонау 1993 жылы  ашқан  Гуманитарлық  Қазақ 
мəдениеті  мектеп – лицейінің  ғибратты  жайы  ең  алдымен 
еске түседі. 
Алма  Мүтəліпқызы  замандасымыз  аталмыш  мектеп – 
лицейін  ашу  барысында,  осы  жүйедегі  білім  берудің  не-
гізгі  бағыт-бағдарына  республика  ұстаздарының  назарын 
аудару  үшін  «Егемен  Қазақстаннан»  бастап,  еліміздің  не-
гізгі газет-журналдарына жиырмадан астам мақалалар жа-
риялатты. «Жаным садаға» (1995), «Ежелгі əдебиет» (1996) 
атты  кітаптарын  «Жалын», «Əл-Фараби»  баспаларынан 
бастыртып  шығартты. «Сенім»  атты  бағдарламаның  жо-
басын 1996 жылы  «Қазақстан  мектебі»  журналына  бас-
тыртты.  Сол  материалдардың  мəні  мен  мазмұны  халық-
тың  талқысына  түсті.  Республика  мектептерінің  тағды-
рына  арналған  келелі  жиын-конференцияларда  ұстаздар 
тарапынан  қолдау  тауып  жатты.  Еліміздің  жекелеген  өңі-
рінде  осы  идеяны  негізге  ала  отырып,  білім  беретін  мек-
тептер  жұмыс  жасай  бастады.  Сондай  бағытта  өмір  ке-
шіп  жатқан  республиканың  батысындағы  бір  мектептің 
тағдырынан менің де хабардарлығым бар-ды.
Бір  жолы  маған  сондай  мектептің  басшысы  Ордалы 
Мұқанов  дейтін  азамат  хабарласты.  Өзін  сонау  бала  ке-
зінен  білетінмін.  Тұщықұдық  атты  елді  мекендегі,  бүгін-
де  халық  ақыны  Сəттіғұл  Жанғабылов  есімімен  аталатын 
орта  мектептің  жанындағы  интернатта  бірер  жыл  бір-
ге  тəрбиеленгенбіз.  Мектептен  кейін  Атыраудағы  педаго-
гикалық  институттың  физика-математика  факультетін  үз-

15
14
дік бітіріп, көп жылдардан бері ұстаздық етіп келе жатқан 
белгілі маман. Ара-тұра ауылдық кеңестің төрағасы секіл-
ді  қызметтер  атқарғаны  болмаса  негі зінен  сол  өзі  өмірге 
келген  өңірдің  мектептерінде  директор  болып  істейтін-
ді.  Өзі  жаңалыққа  жаны  құмар,  ізденімпаз,  баяғы  атақты 
ақын  Қашаған  Күржіманұлы  атасы  секілді,  не  болса  да 
көзі  жетіп  тұрған  жайды  кесіп  айтатын  нағыз  ердің  сойы 
болып  ержетті  деп  еститінмін.  Сол  жігіт,  міне,  Алматыға 
келіпті.  Негізгі  шаруасы – Алма  Мүтəліпқызымен  тіл-
десу,  ыңғайына  қарай  өзі  басшылық  ететін  мектепке  ша-
қыру.  Бірақ,  бұл  шақыру,  қазекеңнің: «елге  келіп,  жер  кө-
ріп,  ағайынды  аралап,  арқа-жарқа  болып  тынығып  қайты-
ңыз», – дейтін тілегінен гөрі басқаша шақырыс. Бұл – ұр-
пақ тəрбиелеп жатқан, сол ұрпақтың келешегі үшін ақ тер, 
көк  тер  болып  еңбектеніп  жүрген  ұстаздар  қосынының 
тың тынысты, озат үлгідегі қазақ мек тебінің негізін өмірге 
əкеліп  отырған  жанды  орталарына  ала  отырып,  армансыз 
ақылдасудың  шақырысы.  Бұл – келешек  қазақ  қауымын 
көкірек  көзімен  елестете  алатын  Алма  Мүтə ліпқызының 
білім,  тəрбие  беру  үлгісінен  қапысыз  үйренудің  қамын-
дағы  шақырыс.  Қысқасы,  екі  жаққа  бірдей  сынақты  ша-
қырыс... Ал, Алма Ордалы айтқан сол шақыруға келісімін 
беріпті. Соған Ордалы шексіз қуанышты. Өзінің Алманың 
өмір  жолынан,  атқарған  қызметтерінен  менен  гөрі  білің-
кірейтіні  сөйлеген  сөзінен  көрініп-ақ  тұр.  Сонда  да  болса 
ол  менен  оның  мінезін,  шығармашылық  ізденістерінің  ба-
ғытын  сұрайды.  Оған  мен  не  айтам?  Баяғыда,  универси-
тетте  қатар  оқыған дығымызды,  менің  одан  бір  курс  ілгері 
оқығандығымды  өзі  де  біліп  отыр.  Ибалы,  биязы,  сыпайы 
адам  екенін,  көп  ізденетіндігін,  Жамбыл  сынды  ұлы 
жыршының  келіні  екенін  айтам.  Осы  кезде  Ордалым  ма-
ған: «Əй, сен маған, Алма биязы, сыпайы, деп сипақтатпа! 
Сыпайы  адам  біздің  ауылымызда  да  біраз  бар.  Алманы 
Алма  етіп  отырған  оның  мінезінің  бір  ерекшелігі,  өжет-
тігі болуға тиіс. Сен маған білсең соны айт!» – дейді. Мен 
қонағымның  бұл  қылығына  ептеп  таңданғандай  болып, 
оның  бетіне  қараймын.  Ол  болса  жай  кездің  өзінде  аржа-
ғынан  жігер  оты  маздап  тұратын  көкшіл  көзін  маған  қа-
дай қарап қалған. Тіптен аржағында ептеп ашудың да сесі 
бар. 
Менің есіме сонау бір алыс жылдардағы университетте 
жыл  сайын  өтетін  студенттердің  ғылыми  конференциясы-
ның  көмескі  бір  көрінісі  түсті.  Алма  онда  екінші  курста 
оқиды. Түске дейінгі отырыс. Қазір дəл жадымда жоқ, əл-
денендей  тақырыпта  ол  баяндама  жасады.  Ұмытпасам, 
Өзбекстаннан  келген  бір  ересектеу  студент  оның  қозғап 
отырған  мəселесіне  ескерту  жасады  ма,  сын  айтты  ма, 
сондай бір жағдай болды. Алма мəжіліс басқарып отырған 
ұстазымыздан  ұлықсат  сұрап,  сыртқа  шығып  кетті  де  көп 
ұзамай екінші қабаттағы кітапханамыздан  В.В.Бартольдтің 
кітабын  əкеліп,  сөз  сұрап  алып,  ара-тұра  қолындағы  ұлы 
оқымыстының  еңбегін  ашып  жіберіп,  əлгі  қонақпен  біраз 
айтысқа  түсті.  Қарсыласы  да  біраз  уəж  айтқан  болып  еді, 
біздің  Алма  қонақ  студенттің  аяғын  бастырмай  қойды. 
Тілектес  болып  отырғандығымыздан  да  шығар,  əйтеуір 
бізге сол жолы Алма қарсыласынан биік болып көрінді де 
«жарайсың, Алма» деп қол соғып жібердік. Біздің бұл қы-
лығымызды  түсінген,  əрі  өзге  республикадан  келген  қо-
нақ  студенттердің  көңіліне  кірбең  түспесін  деп  ойлаған 
жиналыс  төріндегі  профессор  Темірғали  Нұртазин  ұста-

17
16
зымыз  көсіле  сөйлеп,  əлденендей  бір  күлдіргі  əңгімелер 
айтып, оған келіп отырғандар мəз болып, екі жақты бітім-
ге шақырғандай болғаны барды. 
Мен сол жолы Ордалыға осыны айттым. Байқайым, қо-
нағым əлгіндегідей емес, байсал тауып байырқаған сияқты. 
Шынында  да  адамға  мінез,  соның  ішінде  өжеттілік 
керек-ақ  қой.  Бірақ,  елдің  мүддесіне  қызмет  ететін  келелі 
іске басшылық жасау үшін тек бір ғана мінез аздық етеді. 
Оған  жаныңның  шақпағын  ұрып,  өзіңді  тұтандыратын 
жігерлілікке  қоса  ересен  өнеге-үлгі  аларлық  ортаның 
тəрбиесі керек.
Асау  уақыттың  тертесіне  жегіліп  омырауына  күш  түс-
кен,  құйқылжи  құбылып  тұрған  тіршіліктің  тізгінімен 
алысып  жүріп  күн  кешкен,  біздің  алдымыздағы  сандаған 
буынның  оймен  жүдеп,  оймен  түлеп  өмір  сүргені  хақ. 
Ұлы күрестер солардан қалған. Бірақ, ізденістің бəрі сəтті, 
күрестің бəрі нəтижелі бола бермеген. Талай тарлан тары-
ғып,  талай  жампоз  жабырқаған  замандар  өткен.  Соларды 
білетін  кеудесінде  оты  бар  небір  жігерлі  жандардың  өзі 
қаралай  жасымаса  да  үнемі  қайсарлық  танытып,  үнемі 
тəуекелдің  жел  қайығына  мінуге  батылдықтары  жете  бер-
меген.  Өйткені,  арғы  дəуірлерді  айтпағанда,  бергі  ХVІІІ–
ХХ  ғасырлардың  мығдарындағы  қазақ  ұлысы  əман  да  із-
дегенін тауып, ойлағанын орындай аларлық іргесі берік ір-
гелі  жұрттардың  санатында  бола  бермеген.  Өз  үйінде 
отырып,  өз  жерінде  жүріп  өзгеге  жалтақтаумен  тірлік 
кешіп,  өгейсіткен  өмірдің  өңезін  жалап  күн  кешкен  тұс-
тары  аз  болмаған.  Батыры  бір  оқтық  болды.  Ойшылы  сол 
ойлылығынан  жапа  шекті.  Шешен  тілдер  күрмеліп,  ұлт-
жанды  ұланы  ұрда-жық  есерсоқтың  қолынан  жантəсілім 
тауып  жатты.  Ақынын  азғын  деп,  ғалымын  залым  деп 
«дəлелдеп»  жазалау  үстем  жұрт  «саясаткерлеріне»  қисын-
сыз  болса  да  қиын  болған  жоқ.  Бұрын  табиғат  апаты  мен 
індет  ауруынан  басқадан  сескенбейтін  серке  жұрт  өз  би-
лігі,  өз  тізгінінен  айырылып  қалғаннан  кейін  күресіп  те 
мəн таба алмады, айтысып та ажары кірмеді.
Аузына  қақпақ  жабылып,  басына  тоқпақ  төнумен  тұр-
ды.  Жылдар  жылжып,  жымысқы  саясат  зеңбірегін  қолын-
да  ұстап  отырған  ұстын-тұлғалар  алмасқанмен,  бұратана-
ларға  деген  бұрынғы  пейілінен  кейінгілері  де  алжасқан 
жоқ. Жыл мезгілі өзгеріп қыс артынан көктем келіп, «қар-
дың  басын  қар  алып,  ханның  басын  хан  алып»  жатса  да 
бұратаналарға  дегенде  баяғы  тоң  қабақ,  томырық  мінез 
өзгермей  қойды.  Əйтсе  де,  ұлттың  өмірі  жеке  тұлғаның 
өміріндей емес. Жеке адамды ұстанған пікірінен айнытуға 
болады. Өлтіру де оңай. Бірақ, жекені жа залағандай, тұтас 
ұлттың  үнін  өшіру  қиын.  Белгілі  бір  уақытқа  қорқытып-
үркітіп  үрейлендіруге  болғанмен,  миллиондаған  жанды 
жаппай  табанға  салып  бүкіл  арман-мақсатынан  түбегейлі 
безіндіру оңай емес. 
Марқұм Алма Қыраубаева замандасымыз өзіміз секілді 
«коммунизмнің  нұрлы  келешегіне»  аршындай  қадамдап 
өмір сүрген «ке мелденген социализмнің» тұсында есейіп, ер 
жетті.  Сырттай  коммунистік  саясатқа  жан-тəнімен  қызмет 
етіп  жүрген  сияқты  болғанмен,  шын  мəнінде  өгейлікте 
өмір  кешіп  жүргендерін  айқын  да  анық  түйсініп,  іштей 
кіжініп  жүретін  саналы  жандардың  сезімдерін  қапысыз 
сезініп тірлік кешті. Оның үстіне ғылыми жетекшісі рево-
люцияға  дейінгі  дəуірде-ақ  талай  абырой,  атаққа  ие  бол-
ған  шығыстанушы,  түркітанушы  ғалымдармен  пікірлес 

19
18
профессор  Бейсенбай  Кенжебаев  ақсақал  болатын.  Ал, 
зерттеу обьектісі – əдебиетіміздің ежелгі дəуірі еді. 
Əдебиеттің ежелгі дəуірін зерттеу, бұл – түптеп келген-
де  бүтін  бір  ұлт  пен  ұлыстың  өткенін  тануға  бастайтын 
жолға  түсумен  бірдей  жай  болатын.  Ал,  аталмыш  кезең-
нің  əдебиетін  тісі  батып  зерттеген  адамның  өзі  сол  құн-
дылықтарды  өмірге  келтірген  жандардың  ұрпағынан  бол-
са,  онда  ол  сонау  арғы  ата-бабаларының  арадағы  бірнеше 
жүз  жылдықтарды  баса  көктей  өтіп,  бүгінгі  жер  басып 
жүргендерге  жолданған  сəлем-аманатының  үнінен  айы-
рықша  рухқа  бөленер  еді.  Шын  мағынасындағы  кісілік-
тің  басты  атрибуты  ұждандылық  пен  ізгіліктің  сол  заман-
дарда да адамзат баласы үшін ең өзекті мəселе болғанына 
көзі  жетер  еді.  Ынсапсыз  ашкөздікпен,  жəдігөй  жауыз-
дықтың  тамырына  балта  шабу  үшін  өмірін  сарп  еткен 
жандардың  тағдырына  үңіле  отырып  ұрпақ  мəселесіне 
терең  ой  жүгіртер  еді.  Белгілі  бір  дəуірде  үстемдік  құрып 
жүрген  этностардың  жара тушының  ерекше  мейірімімен 
өмірге  келтірілгендігінің  арқасында  емес,  сандаған  буын-
ның  сол  қауымды  көркейту  жолындағы  күресінің  нəти-
жесінде  ілгері  шығып  тұрғандығына  ден  қояр  еді.  Бұл 
жайлы  Алма  Мүтəліпқызы  замандасымыздың  бə рімізден 
де көбірек, бəрімізден де тереңірек ойлағандығында күмəн 
жоқ.  Ол  «бір  Құдайға  сыйынып,  кел  балалар  оқиық», – 
дейтін  Ыбырай  атасы  аштыртқан  мектептердің  де,  оның 
алдында Жəңгір хан өмірге келтірген оқу орнының да өне-
ге-үлгісі  мен  нəтижесін  ғана  емес,  сонау  əрісі  Афина  мен 
араб  білімпаздарын  өмірге  келтірген  білім  шаңырақтары-
ның  да,  кеңестік  дəуірдің  жалпы  білім  беретін  оқу  орын-
дарының  да  басты  ерекшеліктерін  зердесінен  өткізіп 
барып,  саналы  да  жігерлі  ұл  мен  қыз  тəрбиелейтін  ұлт-
тық  мектептің  бағдарламасын  жасап,  мектеп  ашты. «Бізге 
басқалардың  тəрбиесі,  өзіміз ден  артық  көрінетін  бір  кем-
бағалдық  əдет  бар.  Басқа  елдің  тə жірибесін  тұтастай  ен-
гізу  жақсылыққа  əкелмейді.  Оның  ішінде  ұлттық  құн-
дылықтарға  қабысатынын  ғана  пайдалануымыз  ке ректі-
гін  ескере  бермейміз...  Оқулықтарымыздың  мазмұнының 
жаңа  буынға  арналып  жаңара  бастауы  қуанарлық  жай. 
Алайда,  оқулық  көлемін  қанша  қампайтқанмен  ұлттық 
тəрбиені  толық  қамти  алмайды.  Ол  қосымша  бағдарла -
малармен  толығуы  тиіс.  Бастауыштан  бастап  ертегі  аңыз-
дар,  ұлттық  əдеп,  қазақ  елінің  арғы-бергі  тарихынан  қы-
зықты  оқиғалар,  ұлт  тұлғалары,  ежелгі  əдебиет,  ислам 
əдебиетінен  мағлұматтар  содан  алынуы  тиіс.  Ұл  тəрбиесі 
мен  қыз  тəрбиесінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып  бас-
тауыштан  мектеп  бітіргенге  дейінгі  ұрпақтар  тəрбиесін 
халық  тəрбиесінің  негізінде  жүргізу  лəзім.  Мектептің  ба-
ғыт-бағдары,  мазмұны  түгел  қазақ  рухында  болуы  қа-
жет», – деп жазды ол сол тұста. 
Шынында,  көптеген  жандар  өзінің  перзентіне  ұлттық 
тəрбие  беруге  құмар-ақ.  Өйткені,  əрбір  естияр  ұлт  өкілі 
берісі  əулетінің,  əрісі  бүкіл  халқының  сандаған  ғасырлар 
бойы  ата-бабаларының  еңбегі  арқылы  қалыптасқан  елдік 
құлықтан қай кезде де айырылып қалмауға мүдделі. Бірақ, 
сондай  дегдарлардың  өзіне  де  сол  ойлаған  ойын  жүзеге 
асырудың  жолы  тіптен  де  оңай  емес.  Оңай  болмайтыны, 
сондай  ұлттық  тəрбиені  жасөспірім  ұрпақтың  бойына  қа-
пысыз  сіңіріп  тəрбиелейтін  мектептің  бағыт-бағдарын  тү-
сініп,  оның  өмірге  келуіне  жанашыр  билік  иелерін  табу 
қиын.  Көзі  қарақты  жанға  жарты  ға сырдың  ішінде  бір-

21
20
бірінен  елеулі  айырмашылығы  бар  берісі  үш  буынның 
өсіп  шығатыны  оп-оңай-ақ  аңғарылса  да,  тұрмысы  жайлы 
жайбасар  сана  иесінің  көбісі  осы  жайды  ескеруге  келген-
де  енжарлығымен  ерекшеленеді.  Ал,  енжарлық  бел  алып 
тұрған кезде елдік мүдденің белі майысты дей беріңіз.
Осының  бəрін  көре  жүріп,  біле  жүріп  марқұм  Алма 
Қыраубаева  замандасымыз 1993 жылы  Алматы  маңында-
ғы  Қарасай  ауданының  Жандосов  атындағы  ауылынан 
«Гуманитарлық  қазақ  мəдениеті  мектебін»  ашты.  Жанын-
дағы  серіктері  де  өзі  секілді  қазақ  ұлысының  ары  мен 
абыройы  үшін  аянбай  еңбек  етуге  білегін  сыбана  кіріс-
кен,  өз  тұрғысында  кілең  жанкештілер  болатын.  Оқу  бағ-
дарламасына  əр  сыныптың  өзіне  сəйкес  дағдылы  пəндер-
мен  қоса  «Əлемтану», «Елтану», «Əдеп», «Ислам  мəде-
ниеті», «Ежелгі əдебиет», «Қыз əдебі» секілді жаңа сабақ-
тар  кіргізілген.  Ал,  ұстаздар  қауымы  түгелдей  мектеп  та-
балдырығын  жаңа  аттаған  шəкіртінен  бастап,  жоғары 
сынып  оқушыларының  қай-қайсысының  болсын  жан  дү-
ниесін  қапысыз  түсінер  сырлас  досындай  бола  отырып, 
сергек мінезді, сезімтал, батыл да байсалды азаматты тəр-
биелеп  шығаруды  алдарына  мақсат  етіп  қойғандығымен 
ерекшеленетін.  Шəкірт  атаулының  дүниетанымын,  өмірге 
деген  құштарлығын,  ұлты на  деген  сүйіспеншілігі  мен 
мақтанышын  қалыптастыру  үшін  оларға  қазақ  мəдение-
тін  жүйелі  түрде  оқыта  отырып,  əрқайсы сының  бойына 
адамға  деген  əдептілік  пен  сабырлылықты,  қа нағатшыл-
дық  пен  намысқойлықты  ұялатуға  жан  салып  бағыпты. 
Бұл  мəселелердің  қай-қайсысын  да  Алма  марқұм  өзінің 
оқырмандары  назарына  ұсынылған  күнделік  дəптерінде 
ашық-ақ  жазған.  Ол  тіптен  осынау  аса  қиыншылықпен 
ашылған Жан досов ауылындағы «Гуманитарлық қазақ мə-
дениеті  мектебіне»  ілтипатпен  қараған  жандар  мен  ақыр 
аяғы мектепке қыста жылу бердірте алмаған қолында билі-
гі  барлардың  біразының  қылығын,  жауып  жасырмастан 
анық  көрсеткен.  Күндердің  кү нінде  осы  жылусыз  мек-
тепте  оқыған  шəкірттерінің  ауырулы  болып  қалмауынан 
сақтанған  ұжымның  өз  қолдарымен  ашқан  мектебін  амал-
сыздан өз қолдарымен жапқанын да қынжыла баяндаған.
Бірақ,  жаратылысынан  жігерлі,  ақын  жанды,  əрі  əнші, 
əрі  ғалым,  ғылым  докторы,  профессор  Алма  Мүтəліп-
қызы  өзі  бас тап,  өмірге  келтірген  ұлттық  тəрбиенің  негі-
зінде  өмір  кешіп  жатқан  сонау  қияндағы  Маңғыстау  об-
лысының  Тұщықұдық  елді  мекеніндегі  Сəттіғұл  Жанға-
былов  атындағы  мектепке  Ор далы  Мұқановтың  шақыр-
тылуымен  барған  сапарын  өзінің  жолжазбаларында  да, 
кейін содан алған əсерін Алматыға келіп, біздерге айтқан-
да  да  соншалықты  бір  сүйіспеншілікпенен  баяндағанда-
ры күні бүгінгідей есімізде.
Алма Мүтəліпқызы аз өмір сүрседе көп шаруалар тын-
дырып кеткен азамат. Ғылымда өзінің терең таным-түсіні-
гімен еліне кеңінен мəлім болды. Қазақ əдебиетінің ежелгі 
дəуірін  зерттеді.  Филология  ғылымының  докторы  дəре-
жесіне  жетті.  Бір  кезде  өз  білім  алған  əл-Фараби  атында-
ғы  Қазақ  ұлттық  университеті  мен  Астанадағы  Л.Гуми-
лев  атындағы  университеттің  профес соры  болды.  Алды-
нан  мыңдаған  шəкірттер  өтті.  Бəріне  де  үлгі  тұтар  ұстаз 
бола  білді.  Көптеген  əріптестерінен  бір  ерек шелігі – ол 
сол  жас  буынның  көбінің  жанын  ұғар  жанашыр  жақыны, 
сырлас  досына  айналды.  Бұл  жайлар  өзінің  жазған  кітап-
тары  мен  замандастары  мен  шəкірттері  жарыққа  шығар-

23
22
Бірінші  тарау


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал