Қалыпты. Дегенмен апат айтып келмейді



жүктеу 0.68 Mb.

бет6/6
Дата26.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Билер соты уақыт өте толықтай 

енгізіле жатар, оған уақыт керек екені 

белгілі. Қазір тәжірибеге алқабилері 

енгізіліп жатқанда, біреулер англо-

саксондық, енді біреулер конти нен-

тальды жүйені ұсынады. Сізше бізге 

қайсысы тиімдірек? 

– Осы жуырда ғана алқабилеріне қа-

тысты, тіптен айтуға ұят келеңсіздіктер 

орын алды. Мұндай жағдайда англо-сак-

сондық нұсқаны қолдануға мүлде бол-

майды. Англо-саксондық нұсқада алқа-

билері сотталушының кінәлі не кінәсіздігін 

шешіп қана қоймай, қандай жаза қолдану 

керектігіне араласуға құқылары бар. Сол 

үшін де және жалпы, бізге жақыны кон-

тинентальды жүйе ғой. Рас, қазір құқықтық 

елдердің басым бөлігі ежелден англо-

саксондық жүйемен келеді. Ол өміршеңдігін 

дәлелдеді. Алайда дәл бүгін бізге оның 

керегі жоқ. 

Айта кетейін, енді біреулер билер 

сотының орнына аралық сотын, яғни істі 

қарайтын соттың қай сатысын таңдайтынын 

жәбірленуші мен сотталушы жақ өздері 

таңдағандары жөн дегенді ұсынып жүр. Өз 

басым оған да қарсымын.

– Алқабилеріне қатысты әлгіндей 

келеңсіз жағдайдың орын алуына 

қатысты әркім әр қилы уәж айтып 

жатыр. Сіздіңше, атына заты сай ал-

қабилерін жасақтай алмай жүргені-

міздің себебі қайда жатыр? 

– Өзіңіз айтып отырғандай, жасақтау, 

яғни іріктеу механизмі дұрыс жүргізілмейді. 

Мәселен, кез келген күш құрылымына жұ-

мысқа тұру үшін нашақорлық диспан-

серден және ақыл-есінің дұрыстығын рас-

тайтын анықтама талап етеді. Алқабилерін 

іріктеу кезінде де осындай анықтамалар 

талап ету керек. 

Бұлай жалғаса беретін болса, адам-

дардың алқабилеріне деген сенімін 

жоғалтып аларымыз анық. Өткендегі ел 

арасына тез тарап кеткен жағымсыз ақпа-

раттан кейін де көпшіліктің ойында «осы 

алқабилері керек пе, жоқ па» деген дүдә-

мал ойдың туындағаны сөзсіз. Бұл енді 

жергілікті атқарушы биліктерге сын. 

Сондықтан алқабилер тізімін қалып-

тастыруды жергілікті атқарушы органдар-

дың құзіретінен алып, бұл қызметті жүзеге 

асыруды Әділет министрлігінің жергілікті 

жерлердегі басқармаларына тапсыруды 

жөн деп санаймын.

– Өзіңізге мәлім, осы жуырда ғана 

«Нотариат туралы» Заңға өзгерістер 

мен толықтырулар енгізілді. Заңға сәй-

кес, нотариустар санына бұдан былай 

шектеу (квота) қойылмайды. Бұған 

біреулер қарсы. Елімізде нота риустар 

саны батыс елдерімен салыс тырғанда 

біршама көп. Осыған бай 

ланысты 

«одан да неге мемлекеттік нота риустар 

санын көбейтпеске?» деген ой 

туындайды. Сіз қалай ойлай сыз?

– Біріншіден айтарым, бұл заң еліміздегі 

нотариат жүйесін жетілдіруге бағытталған. 

Нотариаттық қызметте соңғы кездері 

бірқатар проблемалар қордаланып қалған 

еді. Енді соның барлығы оң шешілетін 

болады. 

Үш ай бұрын күшіне енгізілген «Нотариат 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы-

на өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-

ралы» Заңға сәйкес біріншіден, сіздер 

айтып отырғандай, нотариус санына шектеу 

(квота) алынып тасталды, екіншіден, 

нотариат қызметімен айналысқысы келген 

үміткерлер бұрынғыдай Нотариалдық 

палатаға алғашқы жарна төлемейді, одан 

босатылды. Ал ең негізгісі – мемлекеттік 

қадағалау ізгілендірілмек.

Сонымен қатар нотариат қызметіне 

жаңа тарифтер енгізіледі десем, ол қара-

пайым халыққа тиімді болмақ.

Ал енді сіздердің сауалдарыңызға 

келсем, менің естуімше нотариаттық 

қызметке құқылы, лицензиясы бар, бірақ 

нотариустардың санын шектеу мен бос 

орындардың жоқтығына байланысты 

1000-ға жуық адам жұмыссыз жүрген 

көрінеді. Міне, осындай жандар үшін заң 

бір жағынан жақсы болды. Әділет ми-

нистрлігінің есебі бойынша, Қазақстандағы 

нотариустардың саны 2020-ға жуықтаса, 

аталмыш қызметті атқаруға лицензия 

алғандар 4600 астам. Жалпы, саны көбейіп 

кетеді деп айтпас едім. Есесіне, бәсекелестік 

артып, оның қызмет сапасын жақсартуға 

ықпал ететіні белгілі. Менің ойымша, санды 

сұраныстың өзі-ақ реттеп отырады. Сонда 

ешкім «әттең, квотам жоқ» деп өкінбейді. 

Бәріне мүмкіндік беріледі. Соған 

қарамастан қазір жақын, тіпті шетелдерде 

де қазір квотаны жойып жатыр. Квотамен 

шектеуден еш пайда жоқ екендігін уақыттың 

өзі көрсетіп отыр. Оның үстіне, қазір 

нотариаттық кеңселер заңдастыруы тиіс іс-

әрекеттер барған сайын көбейіп келеді. 

Ал мемлекеттік нотариустар жайында 

дұрыс айтасыздар, олардың санын көбейту 

керек. Әлбетте, ірі қалаларда нотариустан 

қиындық жоқ. Ал жеке нотариустардың 

сыртқы шалғай аудандарға барғылары 

жоқ. Олар негізінен табыс түсетін жерлерге 

шоғырланып алған. Сол себепті құзырлы 

министрлік мониторинг жүргізіп, қай 

жерде нотариаттық кеңсе жоқ, сол 

аймақтарға мемлекеттік нотариаттық кеңсе 

ашып қоюлары керек деп ойлаймын. 



– Өзіңіз бір мүшесі болып табылатын 

Қазақстан Республикасы Президент 

жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі 

кеңестің кезекті бір отырысында Ішкі 

істер министрлігі жанынан арнайы 

ғылыми-зерттеу институтын құру 

туралы ұсыныстар болған еді. Осы 

жөнінде толығырақ әңгімелеп бер-

сеңіз... 

– Иә, ондай ұсыныс болған. Біз қылмыс 

болғаннан кейін оның салдарларымен 

күресіп, қалай жазалау керектігінен бұрын 

сол қылмысты болдырмаудың, яғни алдын 

алу амалдарын қарастырсақ жөн болар еді. 

Барлық құқықтық мемлекеттерде қыл-

мыстың алдын алу мәселелерін зерттейтін 

институттар жұмыс істейді. Осы сияқты 

институт біздің елімізде жоқ, осыған орай 

Ішкі істер министрлігі жанынан арнайы 

ғылыми-зерттеу институтын құру қажет. 

Осы тұста айта кетейін, бүгінгі күні 

бірінші қолға алынуы тиіс мәселе – 

қолданыстағы заңдардың тұрақтылығын 

қалыптастыру. Өздеріңіз білесіздер, бір 

заңды толық меңгеріп, оқып-біліп үлгермей 

жатып, екінші бір заң түрленіп шыға келеді. 

Әйтеуір «Күлтөбенiң басында күнде жиын» 

болып жатады. Парламентте күніне бір 

заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу 

мәселесі қарастырылады. Өкінішке қарай, 

мұндай пікірталастарға көбінесе кәсіби 

заңгерлер қатыстырыла бермейді. Дөң-

гелек үстел сияқты шараларда айтамыз, 

бірақ олардың діттеген жеріне естіліп 

жатқанына күмәнім бар. Заң шығаруға 

жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ертең ол 

қабылданып кеткен соң, қоғам бұл заңға 

бағынуға мәжбүр болады. Сондықтан да, 

тәжірибелі заңгерлердің ұсыныс-пікір-

леріне құлақ асқандары жөн. Оның үстіне, 

қазір Қазақстанда қылмыстық жазаларға 

тартылатын қауіпті әрекеттер саны азай-

тылып, ол әрекеттер үшін әкімшілік жазаға 

тарту немесе кейбір әкімшілік құқық 

бұзушылықтарды, керісінше, қылмыстар 

санатына алмастыру қажеттігі талқылануда. 

Ешкімге жасырын емес, ағаттықтар кетіп 

қалып жатыр. Мұның да құқықтық жүйедегі 

аса маңызды бетбұрыс екендігін ұмыт-

пайық. «Асыққан шайтанның ісі» екендігін 

де жадымыздан шығарып алмаған абзал. 

Ғалымдардың көмегі, міне, осындайда 

керек емес пе. Ғылыми-зерттеу инсти-

тутымыз жоқ екен, оның орнына айтары 

бар азаматтардың ақылдарын азық етсе 

екен деймін.



– Өмірәлі Қажыбайұлы, сіз Д.А. 

Қонаев атындағы университетті бас-

қарып отырсыз. Осыған орай мынадай 

сұрақ туындап отыр. Біздің елде жалпы, 

заңгерлерді бір стан 

дарттағы оқу 

бағдарламасына сәйкес дайындап 

шығады. Ал судья, адвокат, нотариус 

сияқты лауазымдарға тәжірибедегі 

қызмет барысында машықтанып жата-

ды. Қалай ойлайсыз, бәлкім ЖОО 

қабырғасында-ақ студенттерді нақты 

бір бағыт бойынша мамандандыру 

керек шығар?

– Сұрағыңыз өте орынды қойылып 

отыр. Өйткені тұңғыш болып бұл мәселені 

біз көтергелі отырмыз. Шынымен, бізде 

жалпы, заңгер дайындайды да, сала-

салаға тәжірибе кезінде бөлініп жатады. 

Мұнымен біз сапаны жақсарта алмаймыз. 

Мамандандырылған соттар құру қажеттілігі 

де, міне, осындай қордаланып қалған 

проблемаларды шешуден туындаған-ды. 

Бұл бір жағы маманды сұранысқа қарай 

оқытуға септігін тигізеді.

Мойындау керек, қазір елімізде тек 

ақыға қызмет көрсететін жеке қорғаушылар 

болмаса, мемлекеттік қорғаушылардың 

басым бөлігі тек қара көбейтіп жүр, көп 

жағдайда қорғаушылар сот залынан 

босатып алуға да болатын, жасаған қыл-

мысы жеңіл сотталушыны қатаң жазаға 

кесіп жатса да дәрменсіздік танытады. Ал 

қорғаушы қандай болу керек? Тек білімді, 

білікті болу аз. Ол от ауыз, орақ тілді шешен 

болуы тиіс. Қалтарыс-бұлтарысын дөп 

басатын сұңғыла, қажет жерде сес көрсете 

алатын қайсар да болуы қажет. Әйтпесе тек 

заңдағы баптарды сайрап тұрудан пайда 

шамалы. 

Сондықтан келесі оқу жылынан бастап 

белгілі бір мөлшерде тек болашақ тер-

геушілерді, адвокаттар мен нотариустарды 

дайындамақпыз. Білім және ғылым 

министрлігі тарапынан бұл маман иелерін 

дайындау үшін жоғары оқу орындарына 

біршама мүмкіндіктер беріліп отыр. 

Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта елімізде 

студенттерге кредиттік жүйе бойынша білім 

берудеміз. Ал бұл жүйенің ерекшеліктерінің 

бірі – мұнда студенттер белгілі бір маман-

дық бойынша міндетті пәндермен қатар, өз 

таңдаулары бойынша отыз пайызға жуық 

пәндерді меңгеруге мүмкіндік алып отыр. 

Сонымен қатар ҚР БҒМ-ні таңдау бойынша 

оқытылатын пәндердің көлемін жетпіс 

пайызға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. 

Бұл дегеніңіз, жоғары оқу орындарының 

студенттері өз қалаулары бойынша 

оқытылатын пәндер мен оқытушыларды 

өтініш білдіру арқылы таңдай алады. 

Осыған орай, біз белгілі бір мамандық 

иелерін құзырлы органдардың арнайы 

рұқсатынсыз-ақ дайындай аламыз. Әрине, 

студенттерді мамандандыру студенттердің 

кәсіптік тәжірибелерімен де тығыз 

байланыстырылады, яғни әрбір болашақ 

маман иесі қалауынша тергеу және анықтау 

органдарында, нотариат және адвокаттық 

кеңселерде тәжірибеден өтеді. 

Алдағы жылдары біртіндеп осындай 

жүйеге көшуді жоспарлап отырмыз. Бұл 

мақсатқа жетуге Д.А. Қонаев атындағы 

университеттің барлық мүмкіндіктері бар 

деп нық сеніммен айта аламын. 



– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Ләззат БИЛАН

Егер құрылтайшылар серіктестіктің басшысын ауыстырса, 

сол заңды тұлғаны мемлекеттік органдарға қайта тіркету қажет 

пе? Жалпы, заңды тұлғаны басқарушы ауысқан жағдайда не 

істеу керек?

 

    

Талғат, 

Астана қаласы

ҚР Әділет министрлігі маман-

дарының кеңесіне қарағанда, қа-

зіргі заңнамалар бойынша заңды 

тұлғаның жетекшісі ауысқан жағ-

дайда мұны құжат жүзінде тіркеуші 

органға хабарлау талап етілмейді. 

Мұндай талап бұрын Әділет 

министрлігінің 2007 жылдың 12 

сәуіріндегі № 112 заңды 

тұлғаларды мемлекеттік тіркеу 

және филиалдар мен өкілдіктерді 

есептік тіркеуге алу жөніндегі 

нұсқаулықта қарас тырылған. Бірақ 

ол министрдің 2008 жылғы 13 

қазандағы №273 бұйрығына 

сәйкес алып тасталды. 

АЛАШ АЗАМАТЫ

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз 

қызметінің хабарлауынша, кеше елімізде 

азаматтарды мерзімді әскери қызметке 

шақырудың көктемгі науқаны басталды. 

Әскер қатарына 18 бен 27 жас ара лы-

ғындағы жігіттер шақырылмақ. Оның ішін-

де, осы көктемде Қорғаныс министр лігінің 

әскери бөлімдеріне 8 мыңға жуық жас 

алынуы тиіс. Қалған бозбалалар Рес пуб-

ликалық Ұланның, Ішкі істер министр-

лігінің ішкі әскерлерінің, Ұлттық қауіпсіздік 

комитетінің шекара әскерлерінің, сондай-

ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің әс-

кери бөлімдеріне жіберіледі. Сонымен 

қа тар мерзімді қызметін өтеген әскери 

қызметшілерді жоспарлы түрде запасқа 

шығару шаралары да жүргізілуде. Биылғы 

көктемде әскерге шақырылушылардың 

санын ұлғайып отыр. Сонымен бірге биыл-

ғы шақырылушылардың білім дең гей лері 

мен денсаулықтарына қойылатын талаптар 

да күшейген. Шақырылу шылар дың мо-

раль дық-психологиялық  ерекшелік теріне 

барынша мән берілмек.



Болатбек МҰХТАРОВ

АЛАШ-АҚПАРАТ



Әскерге 

шақырылушыларға 

талап күшейді

Елу жасында 

сәби сүйген ана

Қызылордалық Гауһар 

Әмірова нәрестені өмірге алып 

келген еліміздегі ең жасы үлкен 

ана болуы әбден мүмкін. Елу 

жасты еңсерген ол жақында 

денсаулығы қалыпты шаранаға 

жарық дүние сыйлады.

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, 

ананың да, нәрестенің де денсаулығына 

ешқандай алаңдауға негіз жоқ. Дүниеге 

келген қыз баланың салмағы 3 400 грамм. 

Нәресте – Әміровтер отбасының оныншы 

перзенті. Осы күнге дейін Гауһар жеңгей 

құдай қосқан қосағы Марат екеуі тоғыз 

перзент сүйген. Олардың үлкен ұлы Оңғар 

орда бұзар отыз жасқа келсе, ең кішісі 

Нұртөренің өзі алты жастан асты. Алты 

жылдан кейін өмірге келген нәрестеге олар 

азан шақырып, Жәния деген есімді қой-

ды. 


Отанасы өзінің аяғы ауыр болғанын 

естігенде отбасы мүшелерінің барлығы 

қуанышпен қабылдағанын айтады. Әсіресе 

отағасы Марат ерекше көңіл күйге бөлен-

ген екен. Ағамыз жеңгей қол-аяғын бауы-

рына алғаннан кейін бір шоқ гүлін сый-

лауды естен шығармаған. 

Елу жастағы ананы облыстық пери-

натальдық орталықтың перзентхана бөлім-

шесінің меңгерушісі Ләззат Бимағанбетова 

мен жоғары дәрежелі акушер Гүлмира 

Исабекова аман-есен босандырып алған. 

Әсілінде, біздің елімізде мұндай жастағы 

әйелдердің жүктілігі сирек кездесетін 

жағдай. Деген мен ұрпақ өрбіту мен оның 

тәрбиесінде ұшан-теңіз еңбек сіңіретін 

қазақ әйелі тәуекелге бел байлап, шара-

наны өмірге алып келген. Ақ халатты ма-

ман 

дық иелері соңғы 20-30 жылдың 



шамасында облыста елу жастағы ананың 

баланы өмірге алып келуі алғаш рет 

тіркеліп отырғанын айтады. 

Әділжан ҮМБЕТ,

Қызылорда облысы

Биылғы көктемде 

16 мыңнан астам жігіт әскерге 

шақырылады. Олардың 

қатарында бұрын әскерге 

шақырылмаған, кейінге 

қалдырылған және оқу 

орындарынан босатылған 

азаматтар бар. Биыл әскер 

қатарына қабылдаудың талабы 

күшті болмақ.


№55 (737) 

4.04.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


АҒАСЫ БАРДЫҢ ЖАҒАСЫ БАР

Жекпе-жек өнері – 

Тәуелсіздігіміздің тірегі

Тарихқа жүгінсек, жаугершілік заман-

дарда қаптаған қас дұшпанына қасқайып 

қарсы тұрған батырларымыздың барлығы 

дерлік жекпе-жек өнерінің бесаспап ше-

бері болған. Сондықтан қанымызға сіңген, 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан 

жауынгерлік өнерімізді қазіргі заманға сай 

етіп, қайта жаңғыртып, дамыту туған Ота-

нын қорғай білетін, өзгенің боданында 

кетпейтін рухы асқақ, ойы азат, білегіне 

жү регі сай, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақты 

тәрбиелеудің ең тиімді алғышарты екені 

даусыз. 


Осы орайда, былтыр жазғытұрым, Ұлт-

тық спорт түрлері қауымдастығының пре-

зиденті Қайрат Сатыбалдыұлы мен отан-

дық кикбокстың іргетасын қалаушы, әйгілі 

жекпе-жек ардагері Сабыржан Мах метов-

тің қолдауымен республикалық «Жекпе-

жек» федерациясы құрылып, түрлі деңгей-

дегі жарыстар ұйымдастыра бастады. Ұлт-

тық федерация туы астындағы алғашқы 

ха лықаралық турнир 2011 жылдың мау-

сым айында Қаскелеңде өткізілді. Оған 

жер лестерімізбен қатар көрші Қырғызстан, 

Өз бекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей 

мем лекеттерінің спортшылары қатысты. 

Содан соң бұл ізгі бастама Өскемен, Тал-

ды қорған қалаларында жалғасын тапты. 

Ал биыл қаңтар айының соңында Алма-

тыдағы Қазақтың спорт және туризм ака-

демиясында Азия чемпионаты мен әлем 

кубогына жолдама берілетін республи-

калық іріктеу турнирі ұйымдастырылып, 

оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері 

ұлттық құрама сапына алынды. 

Ұлттық жекпе-жек федерациясының 

басты ұстанымы – жауынгерлік төл өнері-

мізді әсіресе, ауылды жерлерде кеңінен 

насихаттап, дамыту. Бұл ретте Алматы об-

лысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы 

Есік қаласында ұйымдастырылған турнир 

осы бағытта атқарылған игі іс-шаралардың 

бірі десек болады. Аталмыш аудан әкімінің 

жүлдесі үшін ұйымдастырылған бұл тур-

нирге негізінен, ұлттық құрамадағы бірін-

ші және екінші нөмірлі үздік спортшылар 

қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша өз-

ара мықтыларын анықтады. Республи ка-

лық жекпе-жек федерациясы мен Еңбек-

ші қазақ ауданының әкімдігі, сондай-ақ 

осы өңірден шыққан іскер азаматтардың 

қол дауымен өткен айтулы бәсекеде сайдың 

тасындай іріктелген жаужүрек жігіттер 

жер гілікті мәдениет сарайына жиналған 

қа лың жанкүйер алдында бар шеберлік-

терін паш етті. Әрі жеңіс үшін ешқайсысы 

да аянып қалған жоқ.

Алғаш болып ортаға 55 келі салмақтағы 

Алматы қаласы «Әскер» спорт клубының 

өкілі Бейбіт Хәлімжанов пен Алматы облы-

сы «Джиу-джитсу Профи-файт» федера-

ция сының өкілі Айдос Садырбаев шықты. 

Бес минуттан тұратын қос раунд қорытын-

дысында жеңімпаз анықталған жоқ. Ал үш 

минуттық қосымша кезеңде Бейбіт Халім-

жановтың мерейі үстем болды.

60 келі салмақта бас жүлдені алма

 

ты-



лықтар Рустам Сайдуллаев пен Ерғали 

Сәр сенбаев өзара сарапқа салды. Бұл кез-

де суде «Еділ» жекпе-жек клубының өкілі 

Ерғали Сәрсенбаев қылқындыру әдісімен 

таза жеңіске жетті.

Турнирдің ең тартысты да, қызықты 

жекпе-жегі талдықорғандық «Джиу-джит-

су Профи-файт» федерациясының үздік 

спортшысы, бірнеше беделді турнирдің 

же ңімпазы Бағылан Сәрекенов пен «Еділ» 

жекпе-жек клубының мүшесі Рүстем Мұқа-

тов арасында өрбіді. Тартысты теке-тіресте 

дене әлеуеті жағынан қарсыласынан сәл 

басымдау болған Рүстем жеңіске жетті.

70 келі салмақта «Еділ» жекпе-жек клу-

бының тағы бір мүшесі Бауыржан Бақасов 

жеңімпаз атанды. Ол «Кинг» клубының 

өкілі Денис Муцникті айқын басымдықпен 

ұтты.

70 келіден жоғары салмақта алматылық 



«Шаңырақ» клубының мүшесі Алтынбек 

Бақтыгелдиновтың бағы жанса, 75 келі 

сал 

мақта «Джиу-джитсу Профи-файт» 



фе дерациясының белді спортшысы Қанат 

Жақыпбаев алматылық «Шаңырақ» клу-

бының өкілі Бақытжан Теберіковтен айла-

сын асырды. 

80 келі салмақ дәрежесінде алматылық 

«Кинг» клубының мүшесі Алексей Бадю-

ков үздік шықса, 85 келіде Алексейдің 

клуб тасы Игорь Свирид жеңімпаз атанды. 

Осыған дейінгі өткізілген турнирлердің 

бәрінде топ жарып жүрген Игорь алматы-

лық «Әскер» клубының өкілі Максим Зло-

бинді алғашқы минутта-ақ қолды ауырту 

тәсілімен таза жеңді. 

90 келі салмақта тағыда «Кинг» клу бы-

ның мерейі үстем болды. Аталған ұжым-

ның өкілі Ислам Дзадзиев те «Джиу -  джит-

су Профи-файт» федерация сы ның мүшесі 

Олжас Ахметхановты көп ұзатпай-ақ қыл-

қын дыру әдісімен берілуге мәжбүр етті. 

Турнир қорытындысы бойынша 65 

келідегі жеңімпаз Рүстем Мұқатов ең үздік 

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ



Қазақстандық мәнерлеп 

сырғанаушы Денис Тен 

Францияның Ницца қаласында 

өткен әлем чемпионатындағы 

сәтті өнер көрсетуінен кейін 

Халықаралық мәнерлеп 

сырғанаушылар қауымдастығы 

(ISU) рейтингінде 16-орынға 

орналасты.

Тен жеке рекордын 

жаңартты

ҰЛТ


ТЫҚ СПОР

Т

спортшыға тағайындалған арнайы жүлдеге 



ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 

ұйымдастырушылар тарапынан кубок, 

дип ломдармен қоса қаржылай сыйақы-

лар мен марапатталды. Осы орайда Мер-

лат Темірханов жетекшілік ететін «Еділ» 

жекпе-жек клубы мен Игорь Меняйлов 

жаттықтыратын «Кинг» клубының өкілдері 

үздік өнерімен айрықша көзге түскендігін 

айта кету ләзім.

Бақтияр ӘСІРЕНКИЕВ 

САМБО


Оралда самбодан Қазақстан 

чемпионаты басталды. Жайық 

жағасында төселген бозкілемде 

400-ге жуық балуан өз бақтарын 

сынауда.

Ұлттық құрама 

Оралда 

сұрыпталады

Елімізде самбоның беделі жыл сайын 

артып келе жатқандығынан болар, биылғы 

ел біріншілігіне рекордты көлем де балуан-

дар жиналып отыр. Әр облыстан екі бал-

уан ға белдесуге рұқсат бе ріл ген мұндағы 

мақсат – кіл мықтыны анық тау. Өйт кені ел 

чемпионатында жүл деге ілінгендер жазда 

Моңғолияда өтетін «Сары құрлық» бірін-

шілігінде, ал топжарғандар қара күзде Бе-

лоруссия астанасы Минскіде өтетін әлем 

чемпионатында ел намысын қорғайтын 

болады.

Ел чемпионатынан тек төрт дүркін әлем 



чемпионы Ерболат Байбатыров қана боса-

тылған. Өйткені ол жақында ғана Ре сейде 

өткен әлем кубогында жеңімпаз атан ды. 

Сон дықтан «алдағы әлем чемпионатына 

алаң сыз жаттықсын» деген ниетпен ол ел 

бі ріншілігінен босатылды. Одан басқа үз-

діктеріміздің бәрі, атап айтқанда, әлем чем-

пионы Азамат Мұқанов, дүние жүзілік до-

да ның жүлдегерлері Медет Оң дағанов, 

Асылбек Әлкей, Арман Әбеуов секілді сам-

бошылардың барлығы Оралда белдесуде.

Ел чемпионаты ертең мәресіне жетеді. 

Кеше 45 жасқа толған ҚР самбо фе де рация-

сының президенті Мүсілім Оң 

да 

ғанов 


«Биылғы әлем чемпионатынан кемі екі ал-

тын алуды көздеп отырмыз. Ал Азия бірін-

шілігінде командалық ес епте бірінші орын-

нан көрінуді мақсат тұту дамыз», – деді. 



Телжан КҮДЕРОВ

«Ордабасы» жазадан құтылды



Ауа райының қолайсыздығына орай, «Ордабасы» мен «Астана» 

арасындағы кездесу өткізілмесе де, жанкүйер мен команда 

қызметкерлерінің арасында кикілжің болғанын білеміз. «Астана» команда-

сы тіпті Қазақстан футбол федерациясына шағымданған еді. Федерация 

«Ордабасы» жанкүйерлерін жазалады ма?

Н.НҰРҚАСЫМОВ, Қостанай

Астанада күрес түрлерінен өткен Азия аймағындағы лицензиялық турнирде қай құраманың қоржынына 

жолдама көбірек түсті? Жалпы, командалық рейтингте көш бастап тұрған қай мемлекеттер?

Д.БҰҒЫБАЕВ, Алматы облысы

Сары құрлық балуандарына жолдама үлестірген Астана-

дағы турнирде жалпы есебі Олимпиада ойындарының 36 

лицензиясы сарапқа салынды. Нәтижесінде, ең көп жолдама 

Жапония балуандарының еншісінде кетті. Тарқатып айтар 

болса, еркін күрестен ең көп жолдама жеңіп алған – Өзбек-

стан құрамасы. Олар Астана төрінде бес Олимпиада лицен-

зиясын еншіледі. Сондай-ақ күрестің осы түрінен Қазақстан, 

Үндістан, Жапония, Иран балуандарында – 2, Тәжікстанда 

бір жолдама бар. Грек-рим күресінен жолдаманы жапондар 

жиып әкетті. Күншығыс елінің өкілдері Астана төрінде 

төселген кілемнен төрт жолдама олжаласа, Иран, Қазақстан, 

Қытай, Корея құра масы – 2, Өзбекстан және Қырғызстан 

балуандары бір лицензияны қанағат тұтты. Ал әйелдер күре-

сінен Корея қыздары екі жолдама жеңіп алды. Қазақстан, 

Вьетнам, Үндістан, Қыр ғызстан, Жапония және Қытайдың 

бұрымды балуандарында жолдама саны – біреу. 

Енді жалпы есептегі жағдай мынадай:

Жапония – 7 жолдама

Өзбекстан – 6 жолдама

Қазақстан – 5 жолдама

Иран, Корея – 4 жолдама

Қытай, Үндістан – 3 жолдама

Қырғызстан – 2 жолдама

Вьетнам, Тәжікстан – 1 жолдама

Қазақстан премьер-лигасының екінші 

турында өтуі тиіс болып, бірақ табиғаттың 

тосын «мінез» танытуынан кейінге қалған 

кез десу ел жанкүйерлерінің есінен кете 

қой маған шығар. Себебі тап осы матчта 

«Ордабасы» жанкүйерлері мен «Астана» 

коман да сының баспасөз хатшысы Несте-

ренконың арасында түсініспеушілік пайда 

болып, кіші гірім кикілжің орын алған. 

Осыдан соң елор далық команда өкілдері 

Қазақстан футбол федерациясына арыз-

данып, қонақтар жан күйерінің қауіпсіздігін 

қамтамасыз етпегені үшін «Ордабасыдағы» 

осыған жауапты адам дарды жазалауды 

өтінген. Алайда ҚФФ Тәртіптік бақылау 

ко ми тетінің  отырысында  нақ ты  дерек-

тердің аз дығынан, Шымкент клубы жа-

заға тар тылған жоқ. Осылайша, Дмит рий 

Несте рен коның  арызы  қанағаттан дырыл-

мады.

Жолдаманы жиып алған – жапондар



Жекпе-жек! Түсінген 

адамға бұл қаһарлы да, 

қарапайым сөзде мың өліп, 

мың тірілген қазақтың 

бар мінез-құлқы мен 

тұрмыс-тіршілігі, табиғи 

болмыс-бітімі, қасіретті 

де, қасиетті тарихы, бүгінгі 

тәуелсіздігіміздің түп-

тамыры жатыр.

БОКС


Ақтөбе қаласында бокстан 

әлем және Азия чемпионы, 

Қазақстан Республикасына 

еңбек сіңірген спорт шебері Га-

либ Жафаровтың жүлдесі үшін 

жасөспірімдер арасындағы 

ІІІ халықаралық турнир өтті.

Бас жүлде – Қазақстан 

боксшыларында

Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан 

құрамасы биылғы турнирге бірінші нөмір-

лі боксшыларын қатыстырса, ресей лік тер-

дің намысын Орынбор облысының құра ма 

командасы қорғады. Сондай-ақ Әзір-

байжан елінен де бірінші нөмірлі бокс шы-

лар келіпті. Ал шекарадан өту кезінде өз-

бекстандық боксшылардың құжаттары 

дұ рыс болмай, соның кесірінен олар тур-

нирге толық құрамда қатыса алмады.

Алғашқы жылы боксшылар команда-

лық сында жұдырықтасса, былтыр жеке 

сынға түскен болатын. Бірақ көпшіліктің 

ұсынысы бойынша биыл қайтадан коман-

далық жүйеге ауыстырылыпты.

Үш күн бойы шаршы алаңдағы жұды-

рықтасулар тартысты өтіп, Қазақстан мен 

Әзірбайжан құрамалары ақтық сынға 

шық ты.Үшінші орын үшін болған кездесу-

де Орынбор облысының құрамасы өзбек-

терді 11-2 есебімен ойсырата ұтты.

Ақтық сында Қазақстан құрамасы бір-

ден 2:0 есебімен алға шықты. 46 келі сал-

мақ дәрежесіндегі Диас Әлімбай мен 48 

келідегі Әділбек Есенжол өз қарсылас та-

рын ұпай санымен ұтты. Осыдан кейін әзір-

байжандар қатарынан төрт жекпе-жек те 

жеңіске жеткенде көңілге күдік ұя лап, 

жеңімпаз атанарымызға күмәндана бас-

тадық. Дегенмен, 60 келідегі жерлесі міз 

Қазыбай Жалғасбай қарсыласы Жавид 

Гүлиевті 22:13 есебімен ұтқан соң, біз дің 

боксшыларымыз қатарынан бес кез десуде 

жеңіске жетіп, көңілдегі күдікті сейілтіп жі-

берді. Жерлестеріміздің сапынан Аян 

Қалыбеков (63 келі), Бекболат Есен (66 

келі), Рамазан Тәуекел (70 келі) және 

Темір лан Қабиев (75 келі) жеңіске өз үлес-

терін қосты. Бұдан кейін 80 келіде Әзір-

бай жанның тағы бір дарабозы Орхан Әли-

ев және 80 келіден жоғары салмақта біз дің 

Евгений Слабоденюктер жеңіске жетіп, өз 

командаларына бір-бір ұпайдан қосты. 

Нәтижесінде, 8:5 есебімен жеңіске жеткен 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Галиб 

Жафаровтың жүлдесі үшін өткен ІІІ халық-

аралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Жекелеген номинациялар бойынша 

«Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесі әзір-

бай жандық Елнир Шафизадеге берілсе, 

тур нирдің «Ең үздік боксшысы» болып 

Қазақ стан құрамасының капитаны Аян 

Қалы беков танылды. Ал кезінде Галиб 

Жафа ров өзі жұдырықтасқан 57 келіде 

жақ сы өнер көрсеткені үшін Шәміл Ибра-

гимзадеге (Әзірбайжан) арнайы сыйлық 

табысталды.



Қайрат СӘТЖАНОВ,

 Қазақстан 



жасөспірімдер құрамасының аға бапкері:

– Дода өте тартысты өтті. Бұл 4-17 

шіл де аралығында Саха елінде өтетін 

«Азия балалары» ойындарының ал-

дын дағы жауапты сынақ болатын. Ма-

мыр айында Баку қаласында 20 мем-

лекеттің былғары қолғап шеберлері 

қатысатын Г. Әлиев атындағы үлкен тур-

нир бар. Ол турнир Еуропа чем пио-

натының алдында өтетін бол ған дықтан 

барлық елдер өздерінің мық ты ларын 

әкелмекші. Осы сында біздің жасөс пі-

рімдер де өз бақтарын сынамақ.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

ФИЛА-да жүре беріңіз, 

Дәулет аға!

Өткен аптаның аяғында күрес түр ле-

рінен  Астанада Азия аймағы бойынша 

Лон дон Олимпиадасына іріктеу турнирі 

өт кен. Осы турнир барысында Дәулет Бо-

лат ұлымен тілдескен едік, сонда даңқты 

балуан «Биыл ФИЛА-дағы өкілеттілігім 

аяқталады. Келесі мерзімге өз кандидату-

рамды ұсынамын ба, жоқ па, ойланып 

жүр мін. Өйткені біраз ғұмырым сыртта 

өтті. ФИЛА-да қызмет еткелі үйден түзде 

жүр генім көбейді. Енді отбасыммен бірге 

бол сам деймін. Бірақ халқыма пайдам тиіп 

жатса, бұл істі ары қарай жалғастыра бе-

ремін», – деді.

Неге тимей жүр-ау?! Пайдаңыз тиіп-

ақ жүрген жоқ па, Дәулет аға. Мысалы, 

осы Лон дон Олимпиадасының іріктеу 

турнирін алайықшы. Осы турнир аяқ-

талған соң Қазақ 

стан ұлттық құра-

масының үш күрес тү ріндегі бас бапкер-

лері мен барлық бал уандарымыз осын-

дай маңызды турнирдің өз елімізде 

өткендігіне қуанышты екенде рін білдірді. 

Бұл орайда грек-рим күресінен Қазақ-



стан ұлттық құраманың бас бапкері 

Мұратбек ҚАСЫМХАНОВ:

Даңқты балуаны-

мыз, бүгінде қазақ 

спортының өркендеуіне 

сүбелі үлес қосып жүрген 

қоғам қайраткері Дәулет 

Тұрлыхановтың биыл 

ФИЛА-дағы өкілеттігі 

аяқталады. 

– Азияда алпауыт елдер өте көп. Эко-

номикасы мен спорт тұрғысынан бізді он 

орап кететін Қытай, Жапония, Корея сын-

ды мемлекеттердің де бұл турнирді өткізуге 

ниетті болған. Алып балуандар мекені 

Иран ның өзі лицензиялық турнирді ұйым-

дастыруға «кет әрі» емес еді. Өйткені мұн-

дай турнир өз жеріңде өтсе, балуандарың 

еркін күреседі, көсіле сілтейді. Солардың 

ішінен таңдаудың Қазақстанға түсуіне 

ықпал еткен – Дәулет Тұрлыханов ағамыз. 

Біз мысалы, Астанада өткен турнирде екі 

лицензияға еншіледік. Жаман көрсеткіш 

емес. Сондықтан, бірінші кезекте Дәулет 

ағамызға шексіз алғысымды білдіргім ке-

леді, – деген еді. 

Енді бір айта кетерлігі, 2015 жылы қа-

зақ жерінде лицензиялық әлем чемпиона-

тын өткізуге болады. Бұл жөнінде ҚР күрес 

федерациясының құрметті президенті, 

ФИЛА-ның бюро мүшесі Дәулет Тұрлы-

ханов:

– Бұл оңай шешіле салатын шаруа емес. 



Мемлекеттің қолдауынсыз біз мұндай ірі 

шараны өткізе алмаймыз. Алайда біз ірі 

додаларды өз жерімізде аса жоғары дең-

гейде өткізіп, әлеуетіміз бен қабілетімізді 

ФИЛА басшыларына көрсете білдік. Ма-

мандарымыз қазақ елі осындай маңызды 

додаларды өткізе алатындығын бірнеше 

мәрте дәлелдеді. Сондықтан ФИЛА-ға 

бүгін ұсыныс жасасақ, ертең-ақ біздің елге 

әлем чемпионатын өткізу құқығын береді. 

Ал әлем чемпионаты бізге керек-ақ. Өйт-

кені 2015 жылғы әлем чемпионатында 

Бра зилия Олимпиадасының алғашқы жол-

дамалары сарапқа салынады.

Дәулет Тұрлыханов ФИЛА сапында жү-

ре берсе, қазақ топырағында күрес түр ле-

рінен әлем чемпионатын да өткізер міз...

Айтпақшы, Дәулет Тұрлыхановтың 

қан дай балуан болғандығына, оның қазақ 

кү ресінде қандай орын алатындығына ер-

кін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпи-

оны һәм жеті дүркін әлем чемпионы болған 

Александр Медведьтің өзі лайықты б а-

ғасын беріпті:

– Кешегі Кеңес Одағының тарихында 

грек-рим күресінен қатарынан жеті дүркін 

КСРО чемпионы болған (1986-1992 ж.ж.) 

балуан 150 миллион орыста, 45 миллион 

украинда жоқ. Қазақта ғана бар. Мұндай 

адамға көзі тірісінде ескерткіш қойса да 

артық емес. 

«Талантты талант қана таниды» деген 

сөз, осы шығар. Украинаның бағына біткен 

жарық жұлдызының өзі – еркін күрестен 

КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы болған 

саңлақ. Мұны біз тек Дәулет Болатұлына 

ғана емес, Дәулеттей ұл әкелген қазақ 

халқына берілген зор баға деп білеміз.



Телжан КҮДЕРОВ,

Нұрғазы ЖАППАРҰЛЫ

Наурыздың 29-30 аралы-

ғын да Алматыда құқық қор-

ғау органдары мен күш құры-

лымдары арасында самбодан 

«Динамо» спорттық қоғамының 

ашық чемпионаты өтті.

«Динамо» 

дарабоздары

Бұл біріншілікке сегіз командадан 64 

спортшы қатысып, 8 салмақ дәрежесі бо-

йынша сынға түсті. ҚР құқық қорғау орган-

дары мен күш құрылымдары арасындағы 

чемпионаттың қорытындысы бойынша 

Алматы қаласы ІІД командасы бірінші ор-

ынға ие болды. Ал екінші орынға ҚР ҰҚК 

Шекара қызметінің «Шығыс» аймақ тық 

басқармасы, үшінші орынға Респуб 

ли-

калық Гвардия командасы ие болды. Ал 



өз сал мақтарында мына динамошылары 

жеңім паз  атанды: 

57 келі: Руслан Нысанбаев (Шығыс)

62 келі: Жасболсын Қаналиев (Гвардия)

68 келі: Марат Сүлейменов (Шығыс)

74 келі: Ардақ Тұрсынғазы (Алматы қ. ІІД)

82 келі: Айбек Атажанов (Алматы қ. ІІД)

90 келі: Тимур Рахметжанов (Шығыс)

100 келі: Амангелді Байбосынов (Шығыс)

+100 келі: Ербол Байбосынов (Алматы қ. ІІД)



Әділет МҰСАХАЕВ

БОКС


Бокстан Астанада өтетін 

лицензиялық турнирде 

Қазақстан атынан сынға түсетін 

қырандарымыздың есімдері 

белгілі болды.

Соңғы мүмкіндік, 

соңғы елек

Бұл туралы кеше ұлттық құраманың бас 

бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді. 

Сонымен біраздан бері әркім әрқалай ай-

тып жүрген мәселеге нүкте қойылды.

49 келіде Біржан Жақып, ал біршама 

дау туғызған 52 келі салмақта Ілияс Сү лей-

менов ел намысын қорғайтын болды. 64 

келіде Данияр Елеусінов, 91 келі салмақта 

Василий Левит бақтарын сынайды.



Мырзағали АЙТЖАНОВ,

 

Ұлттық құраманың бас бапкері:



– Тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі бері 

лицензияға өз жерімізде таласу мүм-

кіндігі ешқашан болған емес. Төрт жігіт-

тің қайсысы болса да, шаршы алаңда 

аян бай айқасулары тиіс. Өйткені оларға 

барша қазақ халқы сенім артып отыр. 

Жан 

күйерлерді жерге қаратпау керек. 

Ең бастысы – Лондон Олимпиадасының 

жолдамасына қол жеткізу. Бұдан кейін 

былғары қолғап шеберлерінің арасын-

да іріктеу турнирі жоқ. Бұл – соңғысы. 

Мұны да боксшыларымыздың барлығы 

да жақсы біледі.

Бекжан ҚАЛМҰХАМЕД

Бұл тұрғыда ол атақты Евгений Плю-

щенконың өзін артта қалдырды. Бүгінде 

ресейлік спортшы рейтингте 24-орында. 

Айта кетейік, Ниццада Тен өзінің бұрынғы 

көрсеткіштеріне түзету енгізіп, жеке ре-

кордына қол жеткізген болатын. Нақты 

айтсақ, бұрын-соңды Денис әлем бірін-

шіліктерінде үздік жетіліктен көрінбеген. 

Жалпы, мойындауымыз керек, Денис 

Тен Қазақстан спортының маңдайына бақ 

болып бітті. Тіпті, Ванкувер Олимпиа да-

сына қазақ бауырымыз Абзал Рахымға-

лиев тің өзі Денистің арқасында қатысып 

қайт қанын есімізден шығарған жоқпыз.

Асфендияр ЖАНАДІЛ

Елмұрат ҚАЙЫПЖАНОВ, ҚР жекпе-жек федерациясының президенті:

– Өкінішке қарай, бәз-біреулер жек пе-жекті тек төбелес деп қана түсі ніп, оған 

атүсті қарайды. О бастан қаны  мызға сіңген жауынгерлік төл өнері міздің астарына 

тереңірек үңіл мейді. Соның салдарынан жастарымыз дың арасында арақ-шарапқа, 

есірткіге құл болған ынжық, әлжуаз, рухы төмен сужүректер қатары көбеймесе, азай-

май отыр. Сондықтан біздің басты мақ сатымыз – елімізде әсіресе, алтын бесік ауылы-

мызда жекпе-жек өнерін дамытып, насихаттау. Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға, 

салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу арқылы жоғарыда айтқан келеңсіздіктердің 

жаппай етек алуына жол бермеу. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Бірақ «жұмыла 

көтерген жүк жеңіл» демекші, осы игі мақсатты жүзеге асыру жолында тізе қосып 

бірлесе әрекет етсек, алынбайтын қамал жоқ.

Қу

антқан САПАР (фо



то)

№55 (737) 

4.04.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

2300 жыл бұрынғы ішекті 

аспап табылды



Археологтар Ішкі Гебридтер 

архипелагындағы 

Шотландияның Скай аралы 

аумағынан ежелгі шекті 

музыкалық аспаптың 

қалдығын тапты. Аспап 

шамамен 2300 жыл бұрын 

жасалған.

BBC агенттігі таратқан мәліметке 

қарағанда, лира тәрізді аспаптың 

қалдығы аралдағы Жоғарғы 

жайылым үңгірінен табылды. Бұл 

жерде бұрын қазба жұмыстары 

кезінде қола және темір дәуіріндегі 

тұрмыстық бұйымдар шыққан. 

Археолог Грэм Лоусонның айтуын-

ша, бұл шекті аспап Батыс Еуропа 

аумағынан табылған ең ежелгі 

музыкалық аспап болып отыр, әрі 

ол күрделі музыка тарихын мың 

жылға кейін шегерді. Тарихи 

жәдігер Шотландия және Ир-

ландия аумағын мекендеген көне 

халықтардың лираны римдіктер 

мен гректерден бұрын қолданғанын 

айғақтайды.

Love is... сағызы балмұздаққа 

айналады

Тоқырау жылдары ТМД 

елдерінде кең тараған түріктің 

Love іs... сағызы енді балмұздақ 

түрінде де шығарылады. 

Кировтағы «Движение-

нефтепродукт» кәсіпорнының 

мұздақ комбинаты брендті 

қолдануға патенттік өтініш берді.

«Известия» басылымының ха-

барлауынша, егер Роспатент рұқсат 

берсе, әйгілі сағыздың бренді бал-

мұздақ өндірісіне қолданылатын 

болады. Түріктің америкалық Kraft 

Foods концерніне қарасты Dandy 

Sakiz зауыты шығаратын сағыз әлі де 

бар. Бірақ қазір мұндай сағыздарға 

сұраныс аз. Дегенмен посткеңестік 

кеңістік тұрғындары үшін Love іs... 

тоқырау жылдарын еске салатын-

дығымен ыстық. Сағыздың құлпынай-

банан, алма-лимон, апельсин-ана-

нас, кокос-ананас, шие-лимон, 

жалбыз-ментол, қара шие-лимон 

және шоколад сияқты сегіз дәмі енді 

балмұздақта да болады.



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Дәріхана.

сатушы


Күнә,

қиянат


Шұбар

Тауық  тұ қым дас 

жабайы құс

Жолы болғыш, 

жолдыаяқ 

(ырым)


Жағармай

түрі


Хим.

элемент,


газ

Қызғалдақ 

түрі

Су жинайтын 



шұңқыр

Үздік 


Залым

Вьетнам.


өзен

Аң аулау


 үшін 

қазылған ор

Қате

Е. Белғозиев-



тің әні

Қолдағы 


өлшем бірлігі

Ісмер 


құралы

Сүт


Грекия.

қала


1 дм

3

Жұрдай,



түк жоқ

Азап


Нақақ

айып


Әлпет,

кейіп


Мәңгі,

өмірлік


Сүрлеу

Өсімдіктер

әлемі

Көтерем


«Отелло»,

кейіпкер


Ибраһим пай -

ғамбар дың  әйелі

Ерлі-зайыпты 

сурдопедагогтар



Алматтың әзілдері

Дәрігер науқасқа:

– Сіздің құрттаған тістеріңізді емдеу үшін, мына 

алтын тісіңізді жұлу керек.

– Неге?

– Енді, емнің ақшасын кім төлейді?

***

Бір топ әріптестер әңгімелесіп отыр:

– Бәріміз «черная касса» ойнайық, кім 

қосылады?

– Менен бастайық, бірақ ары қарай ойна-

маймын.

***

Әкесі баласына:

– Бұрын бізді мұғалім бір аяғымызды көтертіп, 

бұрышқа тұрғызып қоятын. Сонда сабақ біткенше 

терлеп-тепшіп тұратынбыз.

– Әрине, бұрышта 90 градус бар ғой.

***

Аялдамада. Жігіт қызға:

– Қарындас, сіз өз бақытыңызды күтіп тұрсыз ба?

– Ақымақ, аялдамада адам автобус күтеді...

***

Баласы шешесіне:

– Өте дәмді болу үшін балмұздаққа не қосады?

– Білмеймін, балам, жоғары сыныпқа барғанда 

химия пәні мұғалімінен сұрап аларсың...

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық 

опера және балет театры 

(Алматы) www.gatob.kz

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік 

филармониясы

(Алматы) www.philharmonic.kz

Қ.Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ 

музыкалық драма театры (Астана) www.kazteatr.kz

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық драма театры 

(Алматы) www.teatr-auezov.kz

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық балалар мен жасөспірімдер 

театры (Алматы) www.teatr-musrepov.kz

К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет 

театры (Астана) www.astana-anshlag.kz

openspace.ru 

vkontakte.ru  

К

е



зекшi  ред

ак

тор – А



рман  ӘУБӘКІР

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1504

А

ст



ана  қаласы «

Аста


на-По

лигр


афия»,

Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т



ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №624

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Та

р



ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 414«б»

Те

л.:



 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Шығыс


Әзірбайжан-

дағы ұлт. бірі



Сәуірдің 4-і

Алаштың атаулы күні

 

• 82 жыл бұрын (1930) ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) 



алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынов бастаған қырыққа жуық 

адам әртүрлі мерзімдерге қамалуға, жер аударылуға кесілді. 

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағали Есболов, 

Хәлел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, 

Ғазымбек Бірімжанов, Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, 

Теміржан Есмағамбетов т.б. (барлығы 20 адам) ату жазасына 

кесілді. Ол үкім кейін он жыл мерзімге лагерьде жазасын өтеуге 

ауыстырылды.



Туған күн иелері

Уәлихан Сүлейменұлы (1936) – Шымкент қалалық ардагерлер 

кеңесінің төрағасы, жазушы, Мақтаарал, Қазығұрт, Сарыағаш, 

Төлеби аудандарының құрметті азаматы;

Нұрсұлу Бөкетова (1948) – «Лингва» тіл және аударма 

институтының ректоры, филология ғылымының докторы, 

профессор;

Дәулет Салханов (1949) – генерал-майор;

Теміржан Төлеубаев 

(1952) – Арқалық қаласының әкімі;



Әбдіманап Оспанов (1954) – техника ғылымының докторы, 

профессор;



Досмұхамед Нұрахмет (1956) – Түркі академиясының вице-

президенті, философия докторы, академик;



Жанна Қуанышева (1958) – Қазақстанның еңбек сіңірген 

әртісі;


Талғат Тоқалов (1965) – «Semser Security» ЖШС бас директоры, заң 

ғылымының докторы, полковник.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,  

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Ауа райы

і

і

і

06,29

12,54

19,23

ТОҚТЫ

Бүгін ең басты мәсе-

леге ойыңызды шоғыр-

ландырып, бос күдікке 

уа қыт жоғалтпаңыз. Серік-

тесіңіз немесе сүйіктіңіз 

«бірінші ойланып, сосын 

іске кірісетін» жайбасар 

жан болса жағдай қиын-

дау. 


ТОРПАҚ

Бұл күні кез келген 

істе әдеттегіден гөрі 

тезірек әрекет еткен жөн. 

Әрине бұл сізге ұна-

мағанмен, жемісті еңбек 

етіп, алға қойған мақ-

сатыңызға же туге пайдасын 

тигізеді. Бірақ жеке мә-

селеңізді ше шуге көп күш 

салу қажет.

ЕГІЗДЕР

Бұл күн жұмыс істеу 

үшін де, сондай-ақ бел-

сенді демалу үшін де 

қолайлы. Өз өміріңізге 

өзгерістер енгізуге мүмкін-

дік туады. Мысалы, ой-

өрісіңізді кеңейтетін жаңа 

таныстар табуыңыз мүмкін. 

Көңіліңіздің көтерілері де 

сөзсіз.

ШАЯН

Кәсіби тұрғыдан 

қара ғанда өте сәтті күн. 

Алай да жұмыс көп уа қы-

тыңызды алатыны сон -

ша      лықты 

бұл 

сіздің 


жақындарыңызбен  қа ты  -

насыңызға кері әсерін 

тигізеді. Бүгін сабыр сақтай 

білуіңіз қажет. 



АРЫСТАН

Өзіңіздің арман-қия-

лыңызға бүгін шектеу 

қоймай, еркіндікке жі-

бергеніңіз жөн. Өйткені 

бұл күні қиялыңызға, 

қайталанбайтын, біртума 

идеялар келіп, күтпеген 

шығармашылық туын 

ды-


лар тууы ықтимал. 

БИКЕШ

Күніңіз өте жемісті 

әрі көңілді өтеді. Сізге 

бірнеше істі бір мезетте 

бітіруге мүмкіндік туа-

ды. Сондай-ақ жұмыс-

тың кез келген саласынан 

ай тарлықтай табысқа же-

тесіз. Демалуға, жолға 

шығуға, саяхаттауға қо-

лайлы күн. 

ТАРАЗЫ

Романтикалық қаты-

настар бастауға, кездесу 

ұйымдастыруға, сонымен 

қатар сүйіктіңізге деген 

сезі 


міңізді білдіруге өте 

тамаша күн. Жұмыстағы 

жағдай жақсы жағынан 

қалыптаспауы мүмкін, бірақ 

бұл сізді аса алаңдатпасы 

анық.


САРЫШАЯН

Бұл күн қарым-қаты-

нас тұрғысынан алғанда 

жақсы қалыптаспауы 

мүм  кін. Сіз жалғыз өзіңіз 

әрекет еткенді дұрыс деп 

санағанмен, жұлдыздар 

жұрт шылықпен бірге жұмыс 

істеген дұрыс екенін ес-

кертеді. Сәттілік сонда серік 

болады. 

МЕРГЕН

 

Бүгін сізге басқаларға 



жол беріп, кішіпейілділік 

танытқаннан гөрі, керісін-

ше, өз айтқаныздан қайт-

пайтын қай 

сарлығы-

ңызды көрсеткен жөн. 

Көз    қа ра сыңызды  қорғай 

алған жағдайда, жаны-

ңыздағылардың сүйіс-

пеншілігіне бөленесіз. 



ТАУЕШКІ

Сізді айтарлықтай 

күрделі күн күтеді. Жан 

дүниеңіздің тепе-теңдігін 

бұзатын және туысқан-

дармен арадағы қарым-

қатынасты шиеленістіретін 

хабар алуыңыз мүмкін. Ой 

таразысына салмай, асығыс 

шешім қабылдамаңыз.



СУҚҰЙҒЫШ

Бұл күні таңертеңнен 

бастап жұмысқа құлшына 

кіріссеңіз, күніңіз сәтті 

өтеді. Егер бүгін әр ми-

нутты үнемдеп жұм са саңыз, 

түске дейін бүкіл тір 

лікті 


бітіріп тастайсыз. Қар 

жы 


жағы қуантады, біреу сізге 

ескі қарызын қайтарады.



БАЛЫҚТАР

Қызметке, сонымен 

қа тар жеке өміріңізге бі-

раз өзгерістер енгізетін 

күн жетті. Жаңа әдіспен 

қатар, тәжірибеден өткен 

тәсілден бас тартпаған жөн. 

Сондай-ақ басқаның ісіне 

араласпаңыз, біреуге ке ңес 

бергенде абай болы ңыз!

1

2

3



5

6

7



8

9

10



11

12

13



14

15

16



17

18

19



20

21

22



23

24

25



26

27

28



29

30

Сәуір 2012



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



4

+9+11

о

 

 -2-4

о

+7 +9

о

 

0 -2

о

+6+8

о

 

0+2

о

 +10+12

о

 

0+2

о

+11+13

о

 

 +2+4

о

 

+8+10



о

 

0-2

о

+9+11

о

 

+2 +4

о

+10+15

о

 

 0+2

о

+20+22

о

 

+8 +10

о

+26+28

о

 

+12+14

о

+13+15

о

 

+1+3

о

+10+12

о

 

-1-3

о

 

+22+24

О

 

+8+10

О

  

+16+21

о

 

+3+8

о

      


+5+7

о

 

+1+3

о

 

+14+16

О

 

 

0+2



О

+7 +10

о

 

0-1

о

 

+10+12

о

 

 

0 +1



о

№55(737) 



4.04.2012 жыл, 

сәрсенбі


8

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

Газетіміздің  №54 (736)  санында жарияланған сканвордтың жауабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Ұлан. Осер. Түре. Тотем. Дон. Реликт. Миль. Ережеп. Әміре. Ата. Мол. Әсіп. Маис. Ура. Ба. Өкіл. Шпат.

ТІГІНЕН: Алгоритм. Сөк. Ірі. Интерьер. Пул. Үме. Рем. Қор. Лье. Омаш. Седи. Жала. Октет. Иба. Грант. Пассат.

4 сәуір


18.30

Мөлдір махаббат 



(драма)

авт. С.Мұқанов 

реж. Ә.Рахимов

5 сәуір


18.30

Мәңгілік бала бейне 



(қасіретнама)

авт. Р.Мұқанова 

реж. Б.Атабай

6 сәуір


18.30

Үйлену 


(комедия) 

авт. Н.Гоголь, ауд. О.Қиқымов 

реж. В.Захаров

7 сәуір


18.30

Сұлу мен суретші 



(драма-ноктюрн)

авт.Т.Ахметжан 

реж. Н.Жақыпбай

8 сәуір


18.30

Ескі үймен қоштасу 



(драма)

авт. Т.Нұрмағамбетов

реж. Е.Обаев

10 сәуір


18.30

Аршын мал алан 



(мюзикл)

авт. Ү.Ғаджыбеков 

реж. Т. Әл-Тарази

11 сәуір


18.30

Бес бойдаққа – бір той 



(комедия)

авт. Т.Нұрмағамбетов 

реж. Ә.Рахимов

5 сәуір


18.30

«Иоланта» (опера)

П.Чайковский

6 сәуір


18.30

«Кармен – сюита»

«Павана мавра»

(бір актілі балеттер)

Ж.Бизе –


Р.Щедрин 

Г.Перселл

7 сәуір

18.30


«Травиата»

(опера)

Дж.Верди


8 сәуір

17.00


«Юнона мен Авось»

(балет)

А.Рыбников

4 сәуір

18.30


ҚР Мемлекеттік 

академиялық 

симфониялық оркестрі,

Н.Тілендиев атындағы 

академиялық 

фольклорлық-

этнографиялық оркестр

Дирижері: 

Н.Жарасов

6 сәуір

18.30


«Құстар әні»

«Отырар сазы» 

ансамблінің концерті

Дирижері: 

Д.Тілендиева

11 сәуір

18.30


Б.Байқадамов атындағы 

мемлекеттік хор 

капелласының концерті

Солистер:

Қ.Әділов,К.Жұмағалиева,

С.Благодарная, М.Абабакриев,

Б.Канагатов

4 сәуір

18.30


Күшік күйеу

(комедия)

авт. Т.Ахтанов

реж. Ж.Хаджиев

5 сәуір


18.30

Теңіз жағалай жүгірген 

тарғыл төбет

(трагедия)

авт. Ш.Айтматов

инсц.және реж.Т.Теменов

6 сәуір


18.30

Мулен-Ружға шақыру



(екі бөлімді комедия)

авторы және 

реж. Т.Теменов

7 сәуір


18.30

Жұбайлар-ай, 

жұбайлар!

(лирикалық комедия)

авт. М.Хасенов

реж. А.Бектеміров

8 сәуір


18.30

Тұншыққан сезім

(драма)

авт. М.Байджиев 

ауд. Р.Сейтметов

реж. Б.Сейітмамытұлы

11 сәуір

18.30


Сүйе білсең...

(лирикалық комедия

авт. Э.Хушвақтов

ауд. И.Сапарбай

реж. Б.Сейітмамытұлы

4 сәуір

18.30


«Ізгілік формуласы»

(комедия)

авт. М.Ж.Шевре

реж. Ә.Оразбеков

5 сәуір


18.30

«Дон Жуанның думаны»



(комедия)

авт. М.Фриш

реж. А.Әшімов

6 сәуір


18.30

«Кенесары-Күнімжан»



(драма)

авт. Д.Рамазан

реж. Б.Ұзақов

7 сәуір


18.30

«Айман-Шолпан»



(музыкалық комедия)

авт. М.Әуезов

реж. Ә.Оразбеков

8 сәуір


18.30

«Қызыл алма»



(лирикалық комедия)

авт. Е.Хушвақтов

реж. В.Умаров

4 сәуір


19.00

«Иоланта» (опера)

П.Чайковский «Арайлы Астана»

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор 

Жоламан Тұрсынбаевтың шығармашылық кеші

6 сәуір


19.00

«Эсмеральда»



(2 бөлімді балет)

Ц.Пуни


7 сәуір

17.00


«Флория Тоска»

(3 бөлімді опера)

Дж.Пуччини 

8 сәуір

17.00


«Аққу көлі»

(4 бөлімді балет)

П.Чайковский 



Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал