Қалыпты. Дегенмен апат айтып келмейді



жүктеу 0.68 Mb.

бет5/6
Дата26.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

мен теориясы, сыны – фольклортану, абайтану және түркология 

мәселелерін зерттеудегі ұлан-ғайыр еңбегі өз алдына, Рахманқұл 

Бердібай халқымыздың шын мәнісіндегі абыз ақсақалы, сәруар 

деңгейіндегі дара тұлғасы еді.

Ұлт мүддесінің үлкен 

жоқшысы еді

Рахманқұл Бердібай тек әдебиетші бо-

лып қана қойған жоқ, осы саладағы зерт-

теу еңбектерін, өткір ой-тұжырымдарын 

ұлт тық мәселелермен тікелей байланысты-

рып, қай кезде де үлкен қайраткерлік та-

нытты. Марқұм Рымғали Нұрғалидың 

сөзі мен айтқанда, «...мейлі мақала жаз-

сын, кітап шығарсын, халық университеті 

жұ мысына аралассын, аудиторияда, ғы-

лы 

ми мәжілісте, теледидарда, радио 



да 

сөй лесін, мәртебелі мекемелерге ұсы ныс 

түсір сін, ең ақыры дастарқан үс тін де кеңес 

құрсын, бәрібір түптеп келген де, Рах ман-

құл Бердібайдың барлық қалам 

гер 


лік, 

әлеу меттік әрекетінің алтын өзегі, құлақ-

күйі біреу: ол – ұлт қамы, азаттық идеясы, 

ер кіндік  сарыны».

Еңбек жолын ауыл мектебіндегі қара-

пайым мұғалімдіктен бастаған ол, ғы лым-

білімнің үлкен ордасы Алматыға ке ліп, 

руханият майданындағы қызметін «Қазақ 

әдебиеті» газетінде жалғастырды. Бодан-

дық бұғауындағы туған халқының асыл 

қазыналары аяққа тапталып жатқа нына 

сол кездің өзінде-ақ жаны күйген Рах ман-

құл аға сонау 1956 жылы «Ең үлкен мәдени 

байлық» деген мақала жазып, қазақ тілі-

нің мүсәпір халін жұртқа жайып салған, 

мұ ның соңы, әрине, партия мүшелігінен 

шы ға рып, қудалауға ұласқан. Сонда да 

қайсарлық танытып, алған бетінен қайт-

паған абзал азамат одан кейін де түрлі 

басылым беттерінде «Шығыс қазынасы, 

«Қазақ ша энциклопедия қажет», «Бодан-

дықтан – бостандыққа», «Әдебиет тари-

хын зерттеудің кейбір мәселелері» тәріз ді 

басқа да мақалалар жариялап, қазақ әде-

биеті мен мәдениетінің жоғын түген деу ден 

танбаған. Қазақ тілін дамыту, қазақ мектеп-

терін көбейту, халық музыкасын өркендету

халық ауыз әдебиетін тәрбие құралына 

ай налдыру, түркі халықтарының қарым-

қаты 


насын жандандыру мәселелеріне 

жұрт шылық назарын ерекше аудартуының 

өзі ғалымның ежелден-ақ елдікті, егемен-

дік ті нығайту, ұлтының еңсесін тіктеп, ір-

гесін бекіту мақсатына қызмет еткенін көр-

сетері анық.    

Әуелде сыншы-публицист ретінде та-

ныл ған ғалым кейіннен М.Әуезов атын да-

ғы Әдебиет және өнер институтына қыз-

метке ауысып, ғылыми жұмысқа біржола 

ден қояды. «Әдебиет және өмір», «Қазақ 

әдебиетіндегі замандас бейнесі», «Қазақ 

совет әдебиетінің қалыптасуы», «Қазақ эпо-

сы», «Эпос – ел қазынасы», «Жыршылық 

дәстүр», «Айтыс әлемі», «Қазақ фоль кло-

ры 


ның типологиясы», «Қазақ фоль 

кло-


рының тарихилығы», «Қазақ фоль кло ры-

ның поэтикасы», «Қазақтың архаи ка лық 

фольклоры», «Фольклор және оның этно-

графиялық негіздері» атты үл кен ең бек-

тер жазады. Бірқатар зерттеуле рінде Абай 

шығармаларының өзіндік қыр-сырларын 

кеңі нен сөз етеді. «Абай және ауыз әде-

бие ті» атты еңбегінде ақынның Шығыс 

аңыз 

дары негізінде жазған «Масғұт», 



«Ес кендір», «Әзім» поэмаларының көр-

кем дік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай 

шығармаларында халық мақал-мәтел-

де рі нің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгі-

мелерінің жиі кездесетіндігіне назар ауда-

рады. Абай поэзиясының шығыс шайыр-

ларының шығармаларымен байла 

нысы 


жайлы бірсыпыра байламдар жасап, ұлы 

ақындардың шығармашылық ұқсас 

тық-

тары мен даралық тұстарын егжей-тег-



жейлі зерттейді. 

Ғалымның әдебиеттану, фольклорта-

ну, түркітану және сын саласындағы ізде-

ністері 42 кітап, мыңнан астам мақала 

тү рінде жарыққа шықты. Сонымен бірге, 

ол М.Әуезовтің мұражай үйінде 35 жыл 

бойы қазақ әдебиеті мен өнері халық 

уни 


верситетін басқарып, халқымыздың 

соң ғы 1500-2000 жыл бойындағы тари-

хы мен мәдениеті тақырыбына дәрістер 

өт кіз ді. Сөйтіп, еліміздің ежелгі тарихын, 

мәдениетін жұртшылыққа қайта таныс-

тыруға мұрындық болды.  

Ғылымның сан алуан саласында тер 

төк 


кен академик педагогикалық-ағар-

ту 


шы 

лық қызметтен де ешқашан қол 

үзген жоқ. Туған жері – қасиетті Түр-

кіс тан топырағына ат басын бұрған ол

1995 жылдан күні кеше ге дейін Ахмет 

Ясауи атындағы ха 

лық 

аралық қазақ-



түрік университетінде ұс 

таздық етті, 

ұлт әдебиеті үшін ерекше құн ды талай 

ғылыми диссертациялардың жазылуы-

на, қорғалуына ықпал етті.

Айрықша білімдар, ерекше ұлтжанды 

осындай ұлы тұлға жөнінде өткен шақта 

айтудың өзі қиын. Дегенмен «жақсының 

аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» де-

ген нақылға жұбанар болсақ, Рахманқұл 

Бердібайдың аты да, хаты да өлмесі – 

ақиқат. Асыл ағаның өзі кеткенімен, кейін-

гілерге аманат етіп қалдырған үлгі-өнегесі 

мәңгі өшпейді...  



«Алаш айнасы»

(Қазақтың қайсар рухты жазушысы, марқұм Немат Келімбетов жайындағы толғаныс)

Адам жанын терең түсінген

Немат Келімбетов туралы 

айтқанда, мен оның денсаулығының 

дертіне, нағыз қыл шылдаған 

қайратты кезеңінде тап бол ған, 

тіпті өмірінің соңына дейін күрес кен 

қиындығына тоқталғым жоқ.

Тіпті денсаулығындағы кеселдің өмір 

бойы ізінен түсіп, 70-ті алқымдаған ке зеңі, 

ғұмырының соңына дейін шырмал-

ғандығын, оның тағдырының қиын болға-

нын ескеріп, түйсініп, құрметтесем де, мә-

се лені сол жайтпен ғана байланыс тырғым 

жоқ. Орыстың «Жаратқан Құдай адамға 

оның қуатына сай қиындық береді» деген 

ескі мақалы бар. Демек, Не мат тың, естен 

кетпес жұбайы Қуаныш тың, отбасы ның, 

асыл достарының қаншалықты төзімді 

екенін Ол білген.

Мәселе басқада. Немат Келімбетов – 

алдымен өте мықты философ, ойшыл жә-

не сөз мергені. Науқасқа шалдығуы, асқан 

тө зімділігі, бәлкім, осы табиғи қасиетін 

онан бетер шыңдай түскен болар.

Ол туралы айтқанда біздің кезеңіміздегі 

ірі ағартушы деп атауымызға болады. Ал-

ай да ағартушылық деген сөздің өзі біз дің 

аса ақпараттық ғасырымызда тіпті анар-

хизмге пара-пар болып көрінуі де мүм-

кін.


Не десек те, адам жанының тереңдігі 

немесе адам талантының тереңдігі тек 

азап-бейнетпен ғана емес, рақымшы лық-

пен айқындалатын шығар. Өзгелерге ра-

қымды болумен. Жақыныңа, алысыңа ра-

қымды болумен. Келімбетов шығармала-

рындағы бейнет, тақсіреттен гөрі, рақым-

шы лықтың аса молдығы мені айрықша 

қай ран  қалдырады.

Ол – ең алдымен, қайталап айтайын, 

ойшыл һәм толыққанды адам. Ал қалған 

қа сиеттері қандай анықтама берсек те, 

кейінгі орында.

Ол күншілдік, кәрілік, үміт секілді еж-

ел гі тақырыптарды онан әрі зерттеуге тал-

пыныс жасады. Бәлкім, хрестоматиялық 

тұрғыда!

Ол осы тақырыптарды ХХ, тіпті ХХІ 

ғасырмен бірге қарастырды. 

Өте ащы, бірақ өнеге алатындай дү-

ние пайда болды. Оны – қазіргі Тәуел сіз 

Қазақ станның идеологиясын құруда өз 

әсері бар ойшылдардың бірі десек бо-

лар.


Бәлкім, сондықтан да болар, оның шы-

ғармаларында қазақтардың өзін-өзі та-

нуына аса үлкен мән беріледі. Орыстармен 

ғасырлар бойғы байланыс пен қатынасқа 

да біраз орын берілген (оның біздің мақал-

дар мен мәтелдерді өте жақсы білуі және 

жиі қолдануы, тіпті сол мақалдардың қазақ 

халқы мәтелдерімен аса жақын болуы 

сүйіндірді).

Ресейдің де қайта өркендеу бойынша 

басынан өткізіп отырған заманы оңай 

емес, сондықтан түркітанушы Келімбетовтің 

кітаптарымен танысу – бізге, ресейліктер-

ге тиімді болар еді. 

Оның күншілдік туралы диалогтары 

Франсуа де Ларошфуко, Юрий Олеша се-

кілді мықты авторлардың көтерген тақы-

рыбын онан әрі аса бір ащы, жабайы ка-

питализм кезіндегі дәуірдің тақырыпта-

рымен тереңдете түседі. Бірақ оны өзіндік 

қол таңбамен, тарихи тамырлар, әлемді 

түй сіну дің ұлттық ерекшеліктерімен және 

қа зіргі әлемдік-ғаламдық тенденциялары 

тұр ғысынан тереңдете түседі.

Бұл тұрғыда Немат Келімбетов тек қа-

зақтың жазушысы емес. Ол – посткеңестік 

кеңіс тіктегі адами қоғамның рухани да-

муына географиялық аумағының ауқым-

ды лығы үшін ғана емес, аса ірі адами күй-

зеліс пен трансформациялардың болуы 

се бебінен, қилы кезеңнің сынына жауап 

беретін жаңа адами тәжірибенің жаңаруы-

на ықпал етіп отырған аймақтағы аса ерек-

ше авторлардың бірі.



Георгий ПРЯХИН,

Ресей Сөз, тіл шығармашылығы 

академиясының академигі, 

Александр Грин атындағы 

Бүкілресейлік әдебиет сыйлығының, 

Валентин Катаев атындағы сыйлықтың 

лауреаты,«Художественная 

литература» баспасының директоры

дәуірден басталатынын дәлелдеу жолында 

тынымсыз ізденді, тыңғылықты зерт теу 

жүргізді, қажырлы еңбек етті. Со 

ның 

нәтижесінде қазақ әдебиетінің көп ға сыр-



лық тарихы ежелгі дәуірлерден, тіпті одан 

арғы ықылым замандардан басталатыны-

на ғылыми пайымдаулар жасады. Бұған 

бүгінде жоғары баға алып отырған, қазақ 

әдебиетінің тарихы, оның ішінде нақтылап 

айтқанда арғы түркілік заман дағы және 

орта ғасырлардағы әдеби жәді гер лерді ең 

басты нысана етіп алған монографиялары 

мен оқулықтары, жүздеген зерттеу мақа-

лалары айқын айғақ бола ала ды. Ғалым-

ның зерттеу еңбектеріндегі көте 

рілген 


мәсе ле лердің  қаншалықты  мән ділігі  мен 

қо мақтылығы  олардың  тақы рып тарының 

өз мұрасы ретінде иеленуге қақысы бар 

деп ойлаймыз. Сондықтан Немат Келімбе-

товтің «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», 

«Атил ла», «Көк бөрі», «Ергенекон», «Күл-

тегін», «Тоныкөк» сияқты сақтардың, ғұн-

дар дың, түркілердің қаһармандық дастан-

дарын қазақтың да көнеден жеткен рухани 

мұрасы ретінде бағалауы, қазақ әдебиеті 

тарихының да бастау  көзі деп қарауы – 

заңды тұжырым. Н.Келімбетовтің зерттеу-

шілік талантын көрсететін, ғылымға қос қан 

ерекше үлесі, әкелген тың жаңалығы оның 

диссертация жазу барысында бұрын атта-

ры ғана белгілі болып келген, ал негізгі 

мәтіні жоғалған сақтар мен ғұндар 

дәуірінің «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», 

«Атилла», «Ергенекон» сияқты төрт даста-

Белгілі ғалым, жазушы Немат Келімбетовтің қысқаша өмірбаянын білгім келеді.

Арайлым НҰРЛАНҚЫЗЫ, Алматы облысы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Фи-

лология ғылымының докторы, профессор, ҚР 

Гумани тарлық ғылымдар академия сының акаде-

мигі, Күлтегін атындағы сый лық тың иегері Нeмaт 

Келімбетов 1937 жылы 4 сәуірде Өзбекстанның 

Ташкент облысына қарасты Жаңа жол қаласында 

туған. 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы 

Келес ауданының (қазіргі Сарыағаш ауданы) 

Абай селосындағы қазақ орта мектебін бітірген. 

Ташкент қаржы-экономика институтын, қазіргі 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 

(сырттай оқу бөлімін) журналистика мамандығы 

бойынша тәмамдаған. 1959-1960 ж.ж. – Қос-

танай облысының мем лекеттік банкінде эконо-

мист-инспектор, 1960-1962 ж.ж. – Оңтүстік Қа-

зақ стан облы сының Келес және Сары ағаш аудан-

дық газеттерінде әдеби қызметкер. 1962-1965 

ж.ж. – Қазақ ССР Ғылым академиясының эконо-

мика институтында кіші ғылыми қызмет кер, 

1965-1970 ж.ж. – «Социалистік Қазақстан» (қа-

зір гі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қыз-

меткер, 1970-1973 ж.ж. Қазақ КСР Министрлер 

Кеңесінде референт, Қазақ КСР Министрлер 

Кеңесі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет-

шілік салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықтар 

жөніндегі комис сияның жауапты хатшысы болып 

қызмет істеген. Кейін «Қазақ стан» баспасында 

редактор, Абай атындағы Алматы мемлекеттік 

универ ситетінің қазақ әдебиеті кафедрасында 

профессор, Қ.Сәт баев атындағы Қазақ ұлттық 

универси тетінің қазақ тілі кафедрасында про-

фессор ретінде бірнеше буын шәкірттерін тәр-

биелеген.

«Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», «Ежелгі 

дәуір әдебиеті», «Ежелгі түркі поэзиясы және 

қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», 

«Қазақ әдебиеті бастаулары», «Көркемдік 

дәстүр жалғастығы», «Ежелгі әдеби жәдігер-

ліктер» сынды терең әдеби-зерттеу кітап та ры-

ның авторы. Осыдан екі жыл бұрын бақи лық 

болған көрнекті ғалымның биыл 75 жыл дығы 

аталып өтуде.


№55 (737) 

4.04.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДАТ!


 

Дәрігерлер құрамында мырышы бар тағамдарды қолдануға кеңес 

берді. Бұлар, негізінен, ұн, нан өнімдері. Ал мен жеміс-жидек жегім 

келеді. Құрамында мырышы бар жемістер бола ма? 

 

 

 

 

Жайнагүл ЕРКІНОВА, Ақмола облысы

Медициналық ғылыми еңбектердің 

мәліметінше, құрамында мырышы бар 

көкөністер мен жеміс-жидектерді 

және олардан алынатын өнімдерді 

мына кестеден білуге болады:

(1 келі деп өлшегенде):

– алма, апельсин, лимон, інжір, 

грейпфрут, минералды су – 0,25 мг;

– бал – 0,31 мг;

– бүлдірген, қарақат, құрма, қияр, 

қызанақ, тазартылған күріш – 2-8 

мг;

– бидай, тары, ашытқы, пияз, 



сарымсақ, тазартылмаған күріш – 

8-20 мг;


– сұлы және арпа ұны, какао, 

жаңғақ, асбұршақ, жасымық, көк шай, 

құрғақ ашытқы – 20-50 мг;

– бидай жармасы, асқабақ пен 

күнбағыс шекілдеуігі – 130-202 мг. 

Өмірәлі ҚОПАБАЕВ, профессор, заң ғылымының докторы:

Ішкі істер министрлігінің 

жанынан қылмыстың алдын 

алу мәселесімен шұғылданатын 

арнайы ғылыми-зерттеу 

институтын құру қажет

Серіктестік басшысының ауысқанын 

тиісті органға хабарлау керек пе?

Қандай жеміс-жидектер 

мырышқа бай?

– Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 

Республикасы судьяларының V съезінде 

сотқа жеткен дауларды шешудің 

баламалы тәсілдерін енгізу қажеттігін 

баса айтқан-ды. Сонымен қатар 2010-

2020 жылдарға арналған Құқықтық 

саясат туралы тұжырымдамасында да 

осы мәселеге айрықша мән берілген. 

Құқықтық құрылымымыз жаһандық 

тәжірибеге икемделіп жатқанда 

бітімгершілік институты қаншалықты 

қажет деп ойлайсыз? 

– Ойыңызды түсіндім. Қазір, шынымен 

де, қылмыстың бұрын-соңды болмаған 

түрлері тіркеліп жатқан заманда бітім-

гершілік институтын енгізе қою қалай болар 

екен дейсіз ғой? Жалпы, медиация инс-

титутының тарихы тым тереңде. Медиация 

былайша айтқанда, бейбіт келісімге келу, 

яғни кінәлілерді іздеу емес, дауды бір 

мәмілеге келу арқылы шешу. 

Медиация – тараптар арасындағы дау-

ды шешу үшін үшінші бейтарап тұлғаның 

жәрдемдесуімен дауды реттеу рәсімін 

толығымен бақылап, қабылдаған шешімнің 

шарттарын өзара келісе отырып анық-

тайтын, икемді де құпия процесс. Бітім-

гершілік институты – кешегі билер сотының 

өркениеттік үлгісі деп қабылдаған жөн. 

Әрбір судья, тергеуші мен анық тау-

шылардың қарауында талай істер бар. Сол 

істер бойынша қабылданатын шешімдердің 

сапасын өсірудің бір жолы – істердің санын 

азайту. Ал дауласушы тараптардың болса, 

уақытты оздырмай медиация институты 

арқылы мәселелерін шешуге құқылы. 

Айталық, сот болсын, тергеу орны болсын, 

олардың істі қарауға берілген өз мерзімі 

бар. Тіптен ол айларға созылуы мүмкін. Екі 

жақ та даулардың шешімін айлап күтеді, 

сосын қанша рет сот тағайындалса, сонша 

рет барып қатысып жатады. Мұның бәрі 

уақыт шығынына әкеп соқтырады. Негізі, 

соттардың жұмысын азайтуға ғана емес, 

медиация институтының арқасында сот 

шешімінің сапасы өседі деп ойлаймын. Бұл 

қазіргі шығып отырған шешімдердің 

сапасы жоқ дегеннен аулақпын, мені дұрыс 

түсініңіз. Сапасы одан әрі өседі дегенім ғой. 

Сотта қаралатын істердегі екі жақта 

медиацияны таңдап, сотқа шағым бермей 

тұрып медиаторға жүгінсе, ол дегеніміз 

сотта қаралатын, қаралып жатқан істердің 

азаюы ғой. Медиация арқылы дау шешіл-

меген жағдайда, тараптардың сотқа жүгіну 

құқығы әрқашан да сақталады. Біріншіден, 

медиаторлар арасындағы істер заңмен 

анықталса да медиаторға жүгіну-жүгінбеуді 

тек қана тараптар шешеді. Иә, қылмыстық 

істер бойынша тек қана ауыр лығы онша 

емес және ауырлығы орташа қылмыстық 

істер бойынша медиация қолдануға бола-

ды. Дегенмен қайталап тағы айтарым, 

медиация жүргізу қағи даттарының алғаш-

қы еріктілікті, сонан соң тараптардың тең 

құқығы, медиатордың тәуелсіздігі мен 

бейтараптылығы, медиация рәсімімен 

араласуға жол бермеушілік және құпия-

лылық. Сол еріктілік қағидаты бойынша 

біріншіден, қылмыстық іс немесе азаматтық 

дау болсын, сондай-ақ еңбек, отбасы, жер 

даулары, басқа да дауларды алдымен ше-

шетін тараптар. Бару – бармауы өз ерік-

терінде. 

Адам баласы өзіне тиімді шарттарды 

таңдап аларлық мүмкіндігі болса, ол 

халықарлық адам құқығын жүзеге асыру, 

сақтау, қорғау жағынан жан-жақты ұтымды 

қамтамасыз етілгендігін біледі. Өзім заңгер 

болғандықтан, медиация туралы заңының 

қабылдануы, оның альтернативтігі маған 

қатты ұнады деп айтар едім. 

– Былайша айтқанда, билер сотын 

қайта жандандыру үдерісі басталып 

кеткен сияқты. Байқауымызша, сіз 

билер сотын қолдайсыз ғой? Бұлай деп 

отырған себебіміз, бұған қарсылар да 

жоқ емес. 

– Соңғы жылдары білікті заңгерлердің 

бас қосуымен билер соты төңірегінде 

жалпы мағлұмат беретін шаралар жиі 

өткізіліп жүр. Оның себебі халыққа – билер 

сотының маңыздылығын жеткізу. Солардың 

бірі деп осыдан бірер жыл бұрын өткізілген 

ҚР Жоғарғы соты мен «Интеллектуал-

Парасат» заң компаниясының қолдау-

ларымен ұйымдастырылған «Қазақ билер 

соты – бірегей сот жүйесі» атты Халық-

аралық ғылыми конференцияны атар едім. 

Мақсат – Қазақ елінің қоғамдық құрылы-

сына, мемлекетті билік ісіне әлімсақтан 

қызмет көрсеткен билер сотының тарихын, 

оның мәдени құндылығын, оған қоса, 

билердің ежелгі заманда ел басқаруда 

мемлекеттік билікке араласа отырып

құқықтық институттың дамуына үздіксіз 

үлес қосқанын көрсету.

Егер билер сотын ғылыми тұрғыда зерт-

теп, жан-жақты талдау жасау керек десек, 

онда ең алдымен, «Би қандай болған, 

қандай болуы керек, ел басқарудағы рөлі 

мен маңыздылығы неде, бойында қандай 

қасиеттер болуы шарт, несімен қадірлі 

болған?» деген сауалдарға жауап іздегені-

міз жөн. Ал ол – бүгінгі күнгі заңгерлердің 

міндеті. Бір сөзбен айтқанда билер сотын 

жандандырудың нағыз шағы. Осы тұрғыдан 

айтқанда, академик Салық Зимановтың 

еңбегі өлшеусіз. Белгілі заңгер билер 

сотының тек қазақтарда ғана емес, әлемдік 

құқық тарихынан орын алуға әбден лайық 

үлгі екендігін дәлелдей білді. Оның мәдени 

құндылығын айқындап, мемлекеттік сот 

функциясын атқарудағы рөлін талдауда 

«Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі» 

атты кітабының орны бөлек. Кітап, өздеріңіз 

білесіздер, қазақ, түрік, орыс, ағылшын 

тілдерінде жарық көрді. 

Бір білетініміз, Ұлы дала өркениетінің 

бір бөлігі – Қазақ елінің арғы тегіндегі би-

лер сотының, оның мемлекетті басқарудағы 

ықпалы және сот ісіне билік айтудағы 

заңнамалары сақ, ғұн, скиф, үйсін сияқты 

ежелгі елдердің тарихи деректерінде жаз-

баша түрде сақталып қалған. Өзімізді 

құқық тық қарым-қатынасты реттеудегі аса 

тиімді жүйені, яғни билер сотының мұра-

геріміз десек те ешкім дау айтпас. 

Жалпы, билер соты атқарған қызмет 

әртүрлі болды. Әлеуметтік-саяси құры-

лыстың барлығына араласып отырғандығы 

мәлім. Заманына қарай жаңарып, жетіл-

діріліп отырғандығын да айта кету керек. 

Тозығы жеткенді озықты заңнама үл-

гілерімен алмастырып, өзінің өмір шең-

дігімен қарапайым халыққа етене жақын 

құқықтық орган бола білді. 

Әлем ғалымдары билер сотының тек 

құрылымы жағынан ғана емес, өзінің бай 

тарихымен де әлемдік үлгідегі классикалық 

соттарға үйлесе алатын бірегей сот жүйесі 

екенін мойындап отыр.

Айта кету керек, Қазақстандағы орыс-

тардың өздері де империялық соттан гөрі 

билер сотына жүгінуге тырысатын. Өйткені 

билер соты – әділ сот болды. Мына дерек-

терге жүгіне кетейік, 1865 жылға дейін 

Көкшетау сыртқы округындағы орыстардан 

билер сотына 120-ға жуық шағым түскен. 

Қазақ билер сотының осы сынды артық-

шылықтарын қазақтардың тұрмысы мен 

әдет-ғұрыптарын және құқықтық дамуын 

зерттеумен айналысқан орыс ғалымы 

А. Гейн 

 

стің еңбектерінде де айты 



лады. 

«Сон дықтан да оны қазақтар ғана емес, 

орыс зиялылары да құрметтейді. Олардың 

көпшілігі билер сотына барып шағынады» 

деп жазған еді ол.

Әлбетте, бұл патша үкіметіне ұнай қой-

мады. Сол себепті де ол XIX ғасырдың 20-

90-жылдары аралығында билер сотын 

таратуды мықтап қолға алады. Билер соты 

мыңжылдық тарихымен, қара қылды қақ 

жаратын әділдігімен және адам құқының 

бұзылмауына кепілдік бола алатындығымен 

әлем назарына ілінді. Сондықтан да болар, 

көшпелі цивилизацияның негізін құраған 

қыпшақтар даңқының үстемдігі құлдыраса 

да, билер сотының өшпес із қалдыруы 

таңғаларлық жағдай. 

Мұның барлығын неге айтып отыр 

дейсіз, өз басым дәл бүгін болмаса да 

болашақта билер сотын қайта жандан-

дыруды қалар едім. Билер сотының қайнар 

көзі бізден бастау алады екен, ондай болса 

ол бізге жат емес, бар болмысымен қа-

былдай аламыз. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал