Қалыпты. Дегенмен апат айтып келмейді



жүктеу 0.68 Mb.

бет4/6
Дата26.01.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

ЖЫЛУ МЕН ЖАРЫҚ 

НАРЫҚҚА САЙ ЕМЕС...

Сөйтіп, сарапшылардың мәлімдеуінше, 

бізге алдымен жылу мен жарық мәселесіне 

қатысты нақты шешімдер қабылдаған аб-

зал. Себебі нақ қазіргі заң нарық тала бы на 

Кәсіпкерлер заңдарда нақтылықты талап етеді

сай емес. Атап айтсақ, ол шешімдер түрі 

бы лай түзілгені жөн: а) болашақта заңда 

бас қа электр стансыларынан электр энер-

гияны заңсыз сатып алған өндіріс орын да-

ры қалай жазаланатынын нақтылап 

көрсету қажет; ә) электр стансыларының 

ин   вес  тициялық  міндеттемелерді  орын да-

мағанда қандай жауапкершілікке тарты-

лат ыны нақтыланғаны жөн; б)  электр қуа-

тының шектеулі тарифінен асатын баға 

бойынша  қуат пайдаланған үшін өндіріс 

орындары қандай айыппұл төлейді; в) 

электр стансыларының мемлекеттік орган-

дар сұратқан ақпаратын бермегені үшін 

айыппұл санкциясы қандай болғаны жөн...  

Міне, жылу мен жарыққа қатысты заңда 

осы баптарды нақтылап, ашып көрсеткен 

абзал. Бұл ретте мамандар: «Бұлай етпесек 

жо 


ғарыда айтқанымыздай кәсіпкерлер 

заң бұзушылыққа жол берген жағдайда бір 

бап пен емес, қатарынан екі баппен де 

айып пұл төлемек», – деседі.



Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының 

вице-президенті Тимур НАЗХАНОВ:

– Қуат мәселесін реттеу  – кәсіпкерлік 

ортаның негізгі талабы. Әсіресе шағын 

және орта бизнестің шаруасын дөңгелетуде 

электр энергиясына шектік баға белгілеу 

қажет. Тіпті ісін енді бастаған кәсіпкерлерге 

жылу мен жарықты қолдануда біраз жеңіл-

діктер қарастырып, арзан тарифпен төлеу 

ісін ұйымдастырсақ жөн болар еді. Себебі  

көптеген өндіріс орындарының жұмысының 

жанданып, өзіндік бағыт алуында қуат 

көзінің алар орны айрықша. Сондықтан өз 

басым жарыққа қатысты қуатты шешімдер 

қабылдау қажеттігін оңды санаймын. Қуат 

нарығын жүйелі қалыптастыру арқылы ел 

экономикасының электр энергия  және 

қуат бойынша қажеттілігін қамтамасыз 

етуге болатыны бұған дейін де айтылып 

келді.  Жалпы, бұл табиғи монополиялар 

мен нарықты реттеу үшін керек.

ӨНДІРІС ҚАУІПСІЗ 

БОЛСА ІС ОҢАЛМАҚ... 

Жоғарыда сөз еткеніміздей, атамекен-

дік 

тер «Қауіпті өндірістік орындардағы 



қауіп сіздік жөніндегі» заңды да електен өт-

кіз ген-ді. Байыптасақ, өндіріс қауіпсіздігін 

сақтау да кәсіптің нәсібін келтіретін шаруа. 

Алайда қазірде  біздегі өндірістің қауіпсіз-

дігі нен қауіптілігі күшейіп кеткені жасырын 

емес. Ірі өндіріс орындары болсын, шаруа-

сын енді бастаған кәсіпорындар болсын, 

қауіп сіздік мәселесін екінші орынға ысы-

рып қоятыны рас. Бұл жөнінде біз тілдескен 

са рап шылар: «Қауіпті өндірістік орындар-

дағы қауіпсіздік жөніндегі» заңға «өндіріс 

құралдарын жаңа технологиялармен 

жабдықтауды міндеттеу қажет» деседі.

Заңгер Серік ҒАБДУЛЛИН:

– Меніңше, заң жобаларына қатысты пі-

кір лерді қолдаған жөн. Қазірде өндіріс қа уіп-

сіздігі турасында сөз ете қалсақ, жа уап кер-

шілікті арттыру мәселесін қаузаймыз. 

Ме  нің ше, бұл саладағы түйткілді шешу үшін 

біз ге алды мен өндіріс орындарының инно ва-

 циялық қабілетін арттыру керек. Осы ба ғытта 

дамуға күш салғанымыз жөн. Егер біз өн  діріс 

орын да рының  инновациялық,  техни ка лық  

әлеуе тін арттырсақ, бұл мәселе өзінен-өзі ше-

шімін табады. Сондықтан бұл ретте заң ға өн-

діріс құралдарын жаңа тех но логия мен қамту 

қа жет тігін арнайы бап етіп енгізген жөн... 

НАРЫҚТЫ 

ТАБИҒИ БӘСЕКЕ РЕТТЕЙДІ...

Бұған қоса, «Табиғи бәсеке мен ретте-

ле тін нарық жөніндегі» заң да талқылаудан 

кен де қалмады. «Негізінен әлемдік тәжі-

ри беде нарықты реттеудегі басты ұста ным-

дар шоғырландырылған өндірістің эко но-

ми 

калық тиімділігін пайдаланудан 



туын   дай ды»  дескен  мамандар  нарықты 

рет теуде өз өнімдеріміздің арасында өзара 

таби ғи бәсекеге қабілеттілік тудыруымыз 

ке ректігін алға тартты. Бұл ретте эконо-



мист-ғалым Ғалижан МӘДИЕВ:

 – Нарықтық экономиканы жетілдіру 

тек жүйелі түрде негізделген ұстанымдарды 

талап етеді. Мысалы, бір ғана ауыл ша-

руашылығы саласына қатысты айтарым,  

на ры қтық  экономикада  жер  басты  өндіріс 

құра лы ретінде бағалануы керек еді. Жер 

қа тынасын реттеу және  оны пайдалану 

диф ференциалды рента арқылы жүргізілуі 

керек еді. Бірақ ол осы уақытқа дейін ше-

шімін таппай келеді. 

Сөйтіп, мамандар бизнеске қатысты 

заң дар дың үнемі електен өтуі, зерттелуі 

дұ рыс екенін, заңның шалағайлығы кәсіп-

кер лікке айтарлықтай нұқсан келтіретінін 

сөз етуде. Өйткені алдымен қуат беру мә-

селесі реттелмей тұрып, отандық кәсіп  кер-

ліктің бәсекеге ие болуы екіталай.  



Кешелі бері «Атамекен» ұлттық экономикалық одағы ҚР 

«Электроэнергетика жөніндегі» Заңды, «Табиғи бәсеке мен реттелетін 

нарық жөніндегі» Заңды, «Қауіпті өндірістік орындардағы қауіпсіздік 

жөніндегі» заңдарды сараптан өткізіп, өзіндік талдау жасады.  Сондай-

ақ аталмыш ұлттық экономикалық одақ Индустрия және жаңа 

технологиялар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Табиғи 

монополияны реттеу агенттігі бекіткен қауіп-қатер дәрежесін 

анықтайтын  бұйрықтар мен ережелерді сүзгіден өткізді. 

Менің бизнеспен айналысқым келеді. Бірақ қолымда арт ық ақша жоқ. 

Бір танысым кәсібін ашқысы келе тін дер  ге грант беріледі дейді. Осы рас па?

Жасталап ЗЕЙІНҰЛЫ

Кәсібін жаңадан бастайтындарға 3 

млн теңгеге дейін грант берілетіні жөнінде  

таяуда хабарланған. Бұл «Бизнестің Жол 

картасы – 2020» бағдарламасы шеңбе-

рін де жүзеге асырылмақ. 

Кәсіпкер жобаға жұмсаған шығынның 

орнын толтыру үшін 1,5 млн теңгеден 3 

млн теңгеге дейін грант ала алады. Сон-

дай-ақ олар 70 па йыз дық кепілдемемен 

банк несиесін алуы на болады. 

Одан басқа кәсіпкерге сервистік 

қол дау көрсетіледі және оқып-үйренуге 

жағ дай жасалады. Бірақ бұл кез келген 

адамға көрсеті ле тін көмек емес. Бағ дар-

ламадағы өзгеріс жаңашыл да айрықша 

бизнес-идеяны жүзеге асырғысы келе-

тіндерге қатысты. 

Грант беру туралы шешімді жергілікті 

жер лерде аймақтағы конкурстық комис-

сия қабылдайды.  Оның құрамына ғылы-

ми мекемелер, аймақтық бизнес қауым-

дас 

тықтар және бұқаралық ақпарат 



құ рал дары  өкілдері,  сондай-ақ  салалық 

ма мандар  кіреді.



Еліміздегі ақпараттық 

және телекоммуникациялық 

технологиялар саласындағы 

ғылыми ізденістер тереңдей 

түспек. Оған Алматыдағы 

отандық техника маманда-

рын дайындаушы алдыңғы 

қатарлы жоғары оқу орны – 

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ 

ұлттық техникалық 

университетінде әлемдегі 

озық компания – Apple-нің 

ғылыми-зерттеу орталығы-

ның ашылуы ықпал етеді деп 

болжанып отыр. Яғни атал-

ған университет қабырға-

сын дағы Apple орталығынан 

біздің студенттер халық-

аралық деңгейде мамандық 

алып шығуға мүмкіндігі бар. 

Биылғы қыста солтүстікте 

қар аз түсті. Сарапшылардың 

айтуынша, ондай жағдай 

өткен ғасырдың 60-жылдары 

тіркелген болатын. Сол кезде 

де қар аз түсіп, егін алқапта-

рының ылғалдығы төмен 

болған. Осыған байланысты 

мамандар еліміздің солтүстік 

аймақтары үшін егін науқа-

нын мамырдың соңында 

бастауды ұсынып отыр. 

Себебі ол уақытқа дейін әлі 

жаңбыр жауып, топырақ 

ылғалдылығының орташа 

деңгейі көтерілуі тиіс. Ғалым-

дар сондай-ақ биыл құрғақ-

шылыққа шыдамды астық 

сорттарын егуге кеңес беру-

де. 

Елімізде CT-KZ сертификаты бар отандық тауар өндірушілердің, 

жұмыс берушілердің және қызмет көрсетушілердің мәліметтер базасы 

негізінде қазақстандық қамтудың ақпараттық желісі құрылғалы 

жатыр. NADLoC   жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттік 

басқармасы төрағасының орынбасары Қайрат Бектүргенев: «Бұл шара 

мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерге кеңірек жол 

ашып, орта жолдан қосылатын саудагер-делдалдарға тұсау болады 

деп күтіліп отыр», – дейді. Алайда мамандардың пікірі бұл ретте екіге 

жарылады. Бірі «мұндай шара мемлекеттік сатып алуларда отандық 

тауар өндірушілердің жолын ашады  дегенге сенбейміз, өйткені 

бүгіндері CT-KZ сертификатын ақшасы бар жалған кәсіпкерлік иесінің 

де сатып алуына мүмкіндігі бар» десе, тағы бірі «мемлекеттік сатып 

алуларда тапсырыс алушылардың басым бөлігі спекулянттар, яғни 

олар бұл арадан қандай да бір тауарды өндіруге тапсырыс алғанына 

қарамастан, оны сырттан арзанға алдырта салады, мәселен, Қытайдан 

дегендей. Сондықтан мұндай көзбояушылыққа нүкте қоятын кез 

жетті», – дейді.

Сәуірден бастап қысқа нөмірге SMS жіберу тоқтатылыпты. 

Байланыс операторы мұны уақытша шара деді. Мұны қалай 

түсінеміз?

Тоты ӘЛІМҚҰЛОВА 

2011 жылы 30 желтоқсандағы 

Үкі  мет қаулысында бекітілген жаңа 

ере желерге сәйкес, ұялы байланыс 

опе раторлары қысқа нөмірге SMS-

пен дауыс беру қызметін тоқтатты. 

Кө лік және коммуникация министр-

лі гінің хабарлауынша, абонент пен 

ұя лы байланыс операторы арасын-

дағы өзара есеп айырысу тәртібіне 

едә уір өзгерістер енгізілген. 

Бұдан былай байланыс операто-

ры ақы лы қоңыраудың құны жөнінде 

ес  кер туі  қажет.  Мәселен,  интеллек-

туал  дық  плат фор ма  қызметтері  – 

лотерея, дауыс беру, викторина, 

анықтама-ақ парат қызметі, танысу 

қызметіне ха бар лама жіберу ақылы. 

Сондықтан або нент лотереяға қа тысу 

үшін  SMS-ха барлама жіберсе, опе -

ратор  мұндай  ха барламаның  қыз   мет 

құнын  ескер те ді.  Қызмет  тө лем  ақысы 

абонент  ха барламаны  жі бер  генін 

растағаннан  ке йін  алына ды.  Бірақ 

дәл қазір техникалық мүм кін діктердің 

жоқтығынан SMS-дауыс беру қызметі 

уақытша тоқтап тұр.   

Бұл шара өткен жылы телефон 

алаяқ тығы өрістегеннен кейін қолға 

алын ған. Өйткені абоненттер интел-

лек туалдық платформа нөміріне қыз-

меттің ақылы екенін білместен қоңы-

рау шалған. Ақырында көпшілігі осы 

қыз мет үшін мыңдаған теңге төлеуге 

мәж бүр болған. Сондықтан оператор 

або нентке қызмет құны жайында ес-

кертпесе, абонент оны төлемеуге қа-

қылы.


Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

№55 (737) 

4.04.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Жазушы Немат Келімбетов туралы білгім келеді



Химия пәні бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасы биыл Астанада өтеді деп естіп едім. 

Бұл байқау нақты қай күндері өтеді және жеңімпаздарға қандай мүмкіндіктер беріледі?

Ғазиз ДУЛАТБЕКҰЛЫ, Талдықорған қаласы

ҚР Білім және ғылым министрлігі таратқан мәлі-

меттерге сүйенсек, Халықаралық Менделеев олимпи-

адасы биыл Астанада 23-30 сәуір күндері ара лығында 

өтеді. Білікті оқушылар сайысы осымен 46-рет ұйым-

дастырылмақ.

Мектеп оқушыларының химиядан Халық аралық 

Менделеев олимпиадасы – бұрынғы бүкілодақтық 

олим пиаданың сақталып қалған бірден-бір бөлігі. 

2004 жылдан бері бұл шараға ТМД елдерінің мектеп 

оқу шыларымен қатар, Болгарияның, Македо ния ның 

және Румынияның командалары да қатысып жүр. Мек-

теп оқушы 

ларының Менделеев олимпиадалары 

қатысушы елдердің бірыңғай білім кеңістігін қолдауға 

және дамытуға қызмет етеді. Жеңімпаздар мен жүл де-

герлерге қабылдау емтихандарынсыз және тегін отан-

дық және шетелдік оқу орындарына, оның ішінде 

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универ-

ситетіне және басқа да ресейлік жетекші жоғары оқу 

орындарына түсуге мүмкіндік беріледі. Олимпиадаға 

ұлттық химия олимпиадалары жеңім паздарының іші-

нен мектеп бітіретін және оның алдын дағы сыныптар-

дың мектеп оқушылары қаты сады. Сонымен қатар 

олим пиаданы өзінде қабылдай тын елдің барынша көп 

адам қатысатын команда жасақтауына құқығы бар.

Менделеев олимпиадасы қашан өтеді?

ҰЛАҒАТ


Түркі дүниесін таныған

Осыдан жарты ғасыр бұрын 

ғана қазақ әдебиеті ХVIII ғасырдан, 

Бұқар жырау шығармашылығынан 

басталады деген қағидаға негізделген, 

ұлттық әдебиеттану ғылымымыз 

халық тарихының шындығына арқа 

сүйеген озық идеялы, азат саналы 

ғалымдарымыздың қайсарлықпен 

атқарған іс-әрекеті, тер төге 

жасаған ғылыми ізденістерінің 

нәтижесінде әдебиет тарихының 

басталу кезеңдері жөнінде жаңа 

сатыға көтерілді. Пайымдаудың тар 

шеңберінен шығып, ортақ мұраға тән 

сипаттарды айқындап, соған орай 

ұлттық әдебиетіміздің бастау көзі де 

сол ортақ мұраға барып тірелетінін 

дәлелдейтін жаңа көзқарастар қосылу 

барысында тың идеялар жүзеге аса 

бастады. Соның жарқын бір айғағы 

ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері, көрнекті түркітанушы, 

филология ғылымдарының докторы, 

профессор, ҚР Гуманитарлық 

ғылымдар академигі, жазушы, 

философ, Күлтегін және Франц Кафка 

сыйлықтарының лауреаты Немат 

Келімбетовтің ғылыми еңбектерін айта 

аламыз.

КЕНЖЕБАЕВ ҰЛАҒАТЫН 

ЖАЛҒАСТЫРҒАН

Өткен ғасырдың екінші жартысына де-

йін әбден орнығып қалған, әдебиет тари-

хын дәуірлеудің тар шеңберлі қасаң қағи-

дасына қарсы бағытталған қазақ әде-

биетінің бастау көзін Бұқар жыраудан 

емес, түркі халықтарына ортақ дәуір 

аясын да қарастыруда білікті профессор 

Бей сенбай Кенжебаев бастамасын алды-

мен ауызға аламыз. Қазақ ССР Ғылым ака-

де мия сының  ұйымдастыруымен  1959 

жылы 15 – 19 маусым аралығында өткен 

«Әде би мұра және оны зерттеу» атты қазақ 

әде 


биетінің негізгі проблемаларына 

арнал ған әйгілі ғылыми-теориялық кон-

ференцияда кейбір жоғары лауазымды 

ғалымдар тарапынан қолдау таппай, со-

ның салдарынан конференция ұсыныс-

тарының қатарына енбей қалуына қара-

мастан, профессор Б.Кенжебаев өз баста-

масынан, ғылыми орта назарына салған 

өзінің әдебиет тарихын дәуірлеуге қатысты 

негізгі идеясы мен ұсынысынан бас тартқан 

жоқ. Қайта конференциядан кейін бұрын-

ғыдан да серпінді түрде өз идеясының 

дұрыстығын дәлелдеу бағытында жұмыс 

жасады, кешенді түрдегі зерттеу әрекетіне 

кірісті. Әдебиет тарихын жүйелі бағытта 

зерттеудің жаңаша бағдарламасын жасап, 

әр кезең әдебиетін жеке тақырыптар бо-

йын ша, әрқайсысы өзіндік жеке мәселе-

лерді қозғайтын ауқымда жоспар құрды. 

Осы жоспарға сәйкес, өзі басқаратын ка-

федрада бірге қызмет істейтін іні әріптес-

теріне, университет қабырғасында өзі тәр-

биелеген шәкірттеріне әр кезең бойынша 

зерттеу жүргізуге бағыт-бағдар сілтеді. 

Ұлы ұстаз бұл ұстанымын әр буын шәкірт-

терін араластыра отырып жалғастыра бер-

ді. Сөй тіп, бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану 

ғы 


лымында дара сипаттағы жаңашыл 

бағыт ұстанған бірден-бір мектеп қалып-

тасты десек, ол осы Б.Кенжебаевтың ғылы-

ми мек тебі екенін ешкім де жоққа шығара 

алмайды. Кенжебаев мектебіндегі қазақ 

әдебиеті тарихының арғы дәуірін зерттей-

тін ғалымдардың алдыңғы толқыны Х.Сү-

йін шәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, 

Н.Келімбетов болса, одан кейінгі толқын 

өкі лі ретінде аталатын бірден-бір тұлға 

өмірден ерте озған талантты ғалым Алма 

Қыраубаева еді.

Міне, осы топтың ішінде ұстаз идеясын 

асқақтатып, жаңа биікке көтеруде ерекше 

еңбек сіңірген, зерттеу нысаны, қол жеткіз-

ген ғылыми табысы ұстаз межесінен де әрі 

асып кеткен тұлға Немат Келімбетов бол-

ды. Ол қазақ әдебиетінің тарихы ежелгі 

кең ауқымды екендігінен-ақ бай қалады. 

Н.Ке лімбетов кітаптарын қолы на алған 

адам мұны бірден байқай алады.

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ЗЕРДЕЛЕГЕН

Б.Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихының 

бастау көзі ретінде VI – IХ ғасырдан жеткен 

түркілік ортақ дәуірдегі жазба ескерткіш-

терді меже етіп алса, Немат Келімбетов 

аталған ғылыми мектеп бағытын одан әрі 

дамыта жалғастыра отырып, «Сақтардың 

қаһармандық дастандары», «Алып Ер 

Тоңға» дастаны, «Шу» дастаны, «Ғұндардың 

батырлық жырлары», «Оғыз-қаған» дас-

таны, «Аттилла» дастаны, «Көк бөрі» дас-

таны, «Ергенекон» дастаны, Көк түріктердің 

ерлігі туралы «Күлтегін» және «Тоныкөк» 

жыр лары, «Қорқыт ата кітабы», «Авеста 

– қа сиетті жазбалар жинағы» туралы тари-

хи-дерекнамалық, мәтіндік талдаулар ба-

рысында бұл жәдігерлердің түркі халықта-

рына ортақ мұра екенін, сондықтан қазақ 

әде биеті тарихының да бастауы болаты-

нын ғылыми саралап берді. 

Қазақ тарихының бастау көзі сақ, үйсін, 

ғұн, түркі болып жалғасатын болса, онда 

сол дәуірлерден жеткен әдеби жәді герлер 

де олардың бүгінгі ұрпақтары болып есеп-

телетін халықтардың қай-қайсысының да 

нын сақталып қалған үзінді-жұрнақтары 

бо йынша қайта құрастырып, ғылыми ай-

на лымға енгізуі еді. Құрастырып қана 

қоймай, сақтар мен ғұндардың осы қаһар-

мандық дастандары мен қазақтың батыр-

лық жырлары арасындағы ұқсастықты, 

сабақтастықты әдеби, тарихи,тілдік, мо-

дельдік, стильдік тұрғыдан дәлелдеп шы-

ғуы қазақ әдебиеттану ғылымын жаңа 

өріс терге бастаған жаңалық деп бағала-

уымыз керек. 

Осылайша ғалым көп уақытқа дейін 

ма мандар арасында дау туғызып, талай 

пікірталастың тақырыбы болған, ХХ ға-

сыр дың 70-жылдарына шейін оң шешімін 

таппай келген, тек Қазақ мемлекеттік уни-

верситетіндегі Б.Кенжебаев бастаған Х.Сү -

йіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин 

тә різді қазақ әдебиеті кафедрасының ға-

лымдары құрастырып шығарған «Ежелгі 

әдебиет нұсқалары» атты хрестоматиядан 

кейін орныға бастаған қазақ әдебиетінің 

тарихын дәуірлеу мәселесі бойынша тия-

нақты жүргізген зерттеулері барысында 

Б.Кенжебаев идеясын дамыта түсті. Сөйтіп, 

Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдас-

беков, М.Мағауин, А.Қыраубаеваның ең-

бек тері арқылы дәлелденген қазақ әде-

биетінің ҮІ ғасырдан басталатын тарихы 

Н.Келімбетов зерттеулерінің нәтижесінде 

б.з.д. әдеби жәдігерлерге табан тірей бас-

тады. Бұл құбылыс, әсіресе, «Сақтардың 

қаһармандық дастандары» деген тақырып 

аясында «Томирис», «Шырақ», «Алып Ер 

Тоңға», «Шу» атты дастандарға талдау жа-

сағанда айқын байқалады. Бұл қазақ әде-

биеттану ғылымындағы көрнекті жаңа лық 

екені даусыз. Ғалымның іргелі зерттеу-

лерінде талданатын шығармаларға арқау 

болатын тарихи дәуір көрінісі бүгінгі гео-

графиялық кеңістікпен сабақтастырыла 

өз індік ғылыми тұжырымдармен жаңаша 

ба йыпталады. 

Ғалымның зерттеу еңбектерінде тың 

тұжырымдар тарихи кезеңдерге байла-

ныстырыла беріліп отырады.

Қорыта келгенде, Н.Келімбетов зерттеу-

лері қазақ әдебиеттану ғылымының кеше-

уілдеп қолға алынған саласындағы ол-

қылықтарды толықтырған, сұңғыла ғалым, 

ұлы ұстазы Бейсенбай Кен же баев тың ғы-

лы ми идеясын жалғастыра отырып да-

мытқан, жаңа биікке көтерген тұлға ретін-

де ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, білім нәрімен 

сусындата беретіні кәміл. 



Құныпия АЛПЫСБАЕВ,

 

Түркі академиясының жетекші 



ғылыми қызметкері, филология 

ғылымының докторы, профессор

ӨРКЕНИЕТ


Бүгін Түркі академиясының ұйымдастыруымен Астана 

қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі 

халықтарының ежелгі әдеби жәдігерлері және Немат 

КЕЛІМБЕТОВ шығармашылығы» атты республикалық практикум 

өз жұмысын бастайды.

Ауқымды ғылыми конференцияға белгілі түрколог-ғалымдар, 

әдебиеттанушылар мен сыншылар, қаламгерлер, ғылыми-зерттеу 

орталықтары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады. 

Ұлттық әдебиет пен тамырлы тарихымыздың дамуына 

өлшеусіз үлес қосқан қайраткер ғалым, көрнекті қаламгер егер 

тірі болса биыл 75 жасқа толар еді. Бұл шара Немат КЕЛІМБЕТОВ 

мұрасын талдап, танып-білуге бағытталмақ. Осы орайда біз 

ұлағатты ұстаздың тәлімін көріп, еңбегін бағалаған ғалымдардың 

толғанысты ой-пікірлерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

ДҮНИЕ-ҒАПЫЛ



Аса көрнекті ғалым, академик Рахманқұл Бердібай 85 жасқа 

қараған шағында дүниеден озды. Қазақ әдебиетінің тарихы 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал