Алгебра сабағында ақпараттық ҚҰралдарды қолдану ерекшеліктері



жүктеу 17.81 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі17.81 Kb.

130 

АЛГЕБРА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

Қауымбек И.С., Кажикенова А.Ш., Алибиев Д.Б., Сейтимбетова А.Б. 

Карагандинский государственный университет им. академика Е.А. Букетова, Караганда, Казахстан 

E-mail: indira_k79@mail.ru 

 

Орта  білім  беретін  орта  мектептерде  алгебраны  оқыту  барысында  компьютерді  құрал  ретінде 



қолдану – оқыту  мен  тəрбиелеу  үрдісіне көптеген  өзгерістер  əкеледі.  Соңғы  кезде оқыту-тəрбиелеу 

үрдісін  компьютерлеу  жағдайында  мұғалімдердің  кəсіптік  бағытқа  арналған  жұмыстары  пайда 

болып,  шетел  жəне  Қазақстан  зерттеушілері  еңбектерінде  осы  мəселе  жан-жақты  қарастырыла 

бастады.  

Осы  айтылған  компьютерлендіру  жағдайында  қолданылатын  мультимедиялық  құралдар – оқу 

кезеңдеріндегі  қойылған  мақсаттарға  жетудегі  үлкен  мүмкіндіктерге  ие.  Қоғамға  келіп  енген 

мультимедия ұғымына бірнеше түсініктемелер бере кетейік.   

Мультимедия – бұл  əр  түрлі  сабақ  кезінде  жаңаны  оқып,  танып-білу  құралы.  Мультимедия 

коммуникативті  қабілеттер,  жаңа  дағдылар  алуда,  нақты  білімдер  жинақтауға,  жəне  ақпараттық 

білімдердің  дамуына  үлкен  ықпал  жасайды.  Мультимедия  оқушылардың  бір-бірімен  байланысын 

ешқашан  өзгертпейді.  Ол  тек  қана  олардың  əр  түрлі  оқу  жағдайларында  жаңа  ресурстарды 

қолдануына,  оқушылар  пəнді  үйрену  барысында  мұғаліммен  жəне  құрдастарымен  пікір  алмасуына 

мүмкіндіктер жасайды.  

Материалды  түсіндіруде  мультимедияық  көрнекілікті  қолдану  оқушының  барлық – көру, 

механикалық,  есту,  эмоциялық  қабілетін  іске  асырады.  Мультимедиялық  презентацияларды  кез 

келген  сабақтың  кез  келген  бөлігінде  тиімді  қолдану  əрқашанда  оң  нəтиже  береді.  Алдымен  шолу 

жасап,  керекті  тақырыпты  терең  оқып  іскерлік  пен  дағдыны  дамытуды  өзін-өзін  оқыту  арқылы 

жүзеге  асыруға  болады.  Мұндай  əдіс  оқу  материалын  есте  жақсы  сақтауға  жəне  оңай  түсінуге 

мүмкіндік  береді.  Оқу  материалын  мультимедиялық  презентация  қолданып  түсіндіру  уақытты 

үнемдеуге  мүмкіндік  береді.  Сабақты  өткізудің  мұндай  əдісі  оқушылардың  қызығушылығын 

арттырады. 

Мұғалімнің  басты  мақсаты  оқушылардың  бастапқы  білімдерін  қалыптастыру.  Бұл  үшін  ол 

келесілерді қарастыруы керек:  

-  оқушыларды негізгі объектілермен таныстыру; 

-  керекті ақпаратты іздестіру қабілетін дамыту.  

Əрине,  мультимедиялық  проекторды  қолдану,  сыныппен  демонстрациялық  жəне  фронтальдық 

жұмыс жасау жақсы нəтиже береді, бірақ мультимедиялық технологияны əр оқушымен жеке жұмыс 

жасау арқылы үйрету одан да жақсы нəтиже береді деп ойлаймын. 

Алгебра  сабақтарында  мультимедиялық  құралдарды  қолдану  сабақ  құрылымына  əсер  етпейді. 

Онда бұрынғыдай барлық бастапқы кезеңдері сақталып қалады, олардың тек қана уақытша мазмұны 

ғана өзгеруі мүмкін. Берілген жағдайда себеп кезеңі артады жəне танымдық ауыртпалықтың тиетінін 

айта  кету  керек.  Бұл  нəтижелі  білім  алу  үшін  керекті  жағдай,  өйткені  жеткіліксіз  білімді  толтыру 

үшін оқушыға қызығушылық пен шығармашылық дағды өте қажет.  

Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  алгебра  пəнін  оқытуда  мультимедиялық  құралдарды 

қолданудың  ерекшеліктеріне  жан  жақты  талдау  жасай  отыра,  сол  мультимедиялық  құралдарды 

қолдану бойынша келесі түрдегі қорытынды жасаймыз:  

Берілген технологияны оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті əдісі ретінде қарастыруға болады. 

Бұл  əдіс  оқу  материалын  хабарлау  арқылы  оқушылардың  ақпаратты  меңгеруін  ұйымдастыру  жəне 

көру  арқылы  есте  сақтаудың  көмегімен  сол  ақпаратты  сəтті  қабылдауға  бағытталған. 

Мультимедиялық бағдарламалар ақпаратты əр түрлі пішінде ұсынады, сонымен қатар оқыту үрдісін 

қолайлы етіп өткізуге көмектеседі. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1. Қабдықайырұлы Қ., Берікханова Г. Оқытудың педагогикалық технологиясы жайлы. Информатика. Физика. 

Математика. -1998. №6, Б. 12-15. 

2. Философские вопросы технического знания / Учеб. – М.: Наука, 1984; 

3.  Скиба  М.А.,  Сакенова  Е.Н.,  Кирьянова  К.  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті. 

Хабаршы. «Использование презентаций для реализации культурологического подхода на уроках математики». – 

Алматы: 2006.- Б 125-131. 

 

 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал