Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»



жүктеу 1.05 Mb.

бет8/10
Дата13.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

Əдебиеттер: 

 

Саран гуманитарлық-техникалық колледжі // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / 

ред. А. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 457 б.  

Саран  педагогика  училищесі  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  Р.Н. 

Нұрғалиев. - Алматы : Қаз.сов.энцикл., 1990. - 486 б.  

Тағдырлас  қалам  -  Саран:  1954-2004  /  ред.Л.Н.  Ким.-  Қарағанды:  ТаиС,  2004.-  260  б.:  сур., 

фото 

*** 


Асқар, Н.  Өнегелі дəстүр // Сыр мен сымбат. - 2006 . - №1-2. - 2,3  б. 

Ақбаев С. Ұстаздар ұясы: Саран гуманитарлық-техникалық колледжіне - 85 жыл // Орталық 

Қазақстан. -, 2008. - 10 қаңтар.- 2 б.  

Ақбаев, С.  Ұстаз атындағы дəрісхана: қалдырған ізің мəңгілік. // Орталық Қазақстан. - 2006. 

- 9 ақпан. - 8  б.  

Асқаров Т. Училищеге - 70 жыл // Орталық Қазақстан. - 1992. -15 шілде 

Асқар Н. Өнегелі дəстүр// Сыр мен сымбат.- Қарағанды, 2006.- N1-2.-2,3 б. 

Əбікенов  Қ.  Алмақтың  да  салмағы  бар:  /Абай  атындағы  пед.  училищесі/  //  Орталық 

Қазақстан. - 1977. - 26 июль 

Əбікенов  К.  Шеберлігі  жоғары  ұстаздар  даярлаймыз:  /Саран  пед.  училищесінін  реформаға 

сай жұмысы/ // Орталық Қазақстан. -1986. - 11 ноябрь 

Баймолдина,  А.    Өмірі  өнегелі  өр  тұлға    /  А.  Баймолдина,  Қ.  Игіманов,  Е.  Махаметшин  // 

Орталық Қазақстан. - 2010. - 20 ақпан (№ 27/28). - 6 б.  

Балашова Н. Сызу пəні бойынша сынға түсті: оқу орындарында // Орталық Қазақстан. - 2005. 

- 11 маусым.- 13 б.  

Дүйсенбеков А. Училище мақтаны: /Саран қаласындағы пед. училище/ // Орталық Қазақстан. 

- 1968. - 24 апр. 

Естаев  Е.  Ұстаз  əрі  басшы:  /Қарағанды  обл.  Саран  пед.  училищесінің  директоры  туралы/ 

//Қазақстан мұғалімі. - 1987. -22 май. 

Жанғожин  А.  Байырғы  оқу  орыны:  /Саран  қаласындағы  пед.  училище  жайлы/  //  Орталық  

Қазақстан. - 1980. - 8 авг. 

Жанысбай С. Орталық Қазакстандағы тұңғыш оқу орны: Саран педагогикалық колледжіне – 

75 жыл /ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Əбікеновпен сұхбат/ // Орталық  Қазақстан.- 1997.- 18 қазан 

Жарылғапова  Б.  Еңбегімен  елге  -  үлгі,  көпке  -  сыйлы...  //  Орталық  Қазақстан.-2003.-  28 

қаңтар.-6 б. 

Жарылғапова Б.  Еңбекшіл ұстаз - ел құрметтісі // Орталық Қазақстан.- 2002.- 23 қараша.-7 б. 

Күлпейісова Н. Пейілі қазақтың кең даласындай // Орталық Қазақстан. - 2011. - 13 қаңтар (№ 

4).- 5 б. 

Қарқаралы  тарихына  да  қатысы  бар:  Орталық  ақпарат//  Орталық  Қазақстан.-    2003.-  1                

ақпан.-8 б. 

Мақашев  Ж.  Нарком  сыйлығы:

 

/Саран  қаласыдағы  пед.училищесінің  құрылу  тарихы/  // 



Орталық  Қазақстан. - 1967. - 8 ноябрь 

Мақаш  Д.  Тіл  үйретудің  тəлімді  үрдісі:  Облыс  колледждерді  оқытушыларының  игі 

бастамасына жан-жақты  қолдау қажет // Орталық Қазақстан.- 2002.- 23 қаңтар 

Мұстафа  Б.  Бала  жанының  бағбаны:  [Ұстаз  Қ.Ə.Əбікенов  туралы]//  Орталық  Қазақстан.-                

2000.-14 қазан 

Муфталова, А. Кешегінің жеңісі, бүгінгінің жемісі - 85 жыл // Орталық Қазақстан. - 2008. - 24 

маусым (№98) . - 2 б.  

Нұрпейісов  Н.  Өсу-өркендеу  кезеңі:  /Саран  педагогикалық  училищесіне  -  70  ж.  //  Орталық  

Қазақстан. - 1992. - 23 желт. 

Сембаев М. Жас қанат: /Абай атындағы Саран педагогикалық училищесінің коллект. декабрь 

айында 60 жылдығын атап өтеді/ // Орталық  Қазақстан. - 1982. - 19 март 

Тойбек, Ж.  Тəлімді еске алу кеші // Орталық Қазақстан. - 2008. - 27 мамыр (№82) . - 3 б.  

 

  


Желтоқсан 

1937 

– 

Қарағанды 

облыстық 

мұрағаттың құрылғанына 75 жыл. 

 

Қарағанды облаткомы Президиумының 1937 жылғы 10 желтоқсандағы 



«Қарағанды  облыстық  архив  басқармасынын  ұйымдастыру  мен  облыстық 

жəне 


аудандық 

мекемелдердегі, 

кəсіпорындардағы, 

колхоздар 

мен 

совхоздардағы,  МТС  пен  сельсоветтердегі  архив  материалдарын  тəртіпке 



келтіру туралы» Қаулысымен облыстық мұрағат басқармасы жəне облыстық 

мемлекеттік  мұрағат  құрылды.  Мұрағат  мекемесі  облаткомның  подвалына 

орналастырылды. Мұрағат мекемесі облаткомның подвалына орналастырылды. 

Мұрағат ашылған кезде сол подвалда жатқан шамалы ғана ескі құжаттар қабылдалған еді. 

1938 жылғы мамырда Қазақ КСР Халкомсовының «Қазақ ССР-інде архивтерді ұйымдастыру 

туралы» қаулысы шықты. Облыста жеті аудандық, қалалық мұрағаттар: Ақмола, Нұра, Қарсақпай, 

Қарқаралы,  Тельман,  Корғалжын,  Жаңаарқа  мұрағаттары  кұрылды.  1939  жылы  тағы  төрт 

аудандық, қалалық жəне Балқаш қалалық мұрағаты ашылды. 

1949 жылы бөлім мен мұрағат Үлкен Михайловкадағы жалпы аумағы 97 шаршы метр, жеті 

бөлмеден тұратын жаңа тұрақжайға қоныстандырылды. 

1 қаңтар 2000 жылы мұрағатта 4798 қор бойынша 1591259 сақталу бірлігі қалыптасты. Бұл – 

совет 


құрылысын, 

Кеңестердің, 

ұйымдық-бұқаралық 

жұмысын, 

өндірістің, 

ауыл 


шаруашылығының,  құрылыс,  көлік,  байланыс,  денсаулық  сақтау,  халыққа  білім  беру,  əлеуметтік 

қамсыздадырудың жағдайын бейнелейтін құжаттар. 

Жеке адамдар қорларының ішінде Қарағанды тас көмір орнының «атасы», профессор-геолог 

А.А.Гапеевтың, 

академик 

Е.А.Букетовтың, 

жазушы 

М.Е.Зуев-Ордынецтің, 



гидрогеолог 

В.А.Курдюковтың,  өлкетанушы  Ю.Г.Поповтың,  жазушы  Н.А.Пичугинің  жəне  Қарағанды 

облысының басқа да көрнекті қайраткерлерінің қорлары бар. 

Қазақстан тарихы, қазақ жəне басқа халықтардың дəстүрі туралы қазақ жəне орыс тілдерінде 

материалдар жинақталған. 

Бұл  материалдар  зерттеушілердің,  аспиранттардың,  кəсіпорын,  мекеме  қызметшілерінің, 

жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  назар  аударатын  объектісі  саналады.  Мұрағат  қүжаттары 

негізінде  жыл  сайын  əлеуметтік-библиографиялық  сипаттағы  10000  анықтама  беріледі,  осы 

заманғы  актуальды  тақырыптар  бойынша  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жариялымдарының 

құрамы  мен  мазмұнын  ашатын  ақпараттық  құжаттар  дайындалады,  ал  облмеммұрағат  пен  оның 

филиалдарындағы құжаттардың құрамы мен мазмұнынның бағытын айыруға қорлар бойынша жол 

көрсеткіштер,  колхоздар  мен  совхоздардың,  Қарағанды  облысының  əкімшілік-аймақтық 

бөлінісінің  тарихы  жөніндегі  анықтамалықтар,  халық  ағарту  саласының  дамуы,  Қарағанды  жəне 

қарағандылықтар  1941-1945  ж.  ж.  Ұлы  Отан  соғысы  дылдарында,  коммунистік  еңбек  қозғалысы 

туралы  тақырыптық  жəне  қорлар  бойынша  шолулар,  жүйелік  каталог,  тақырыптық  картотекалар 

көмектеседі. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  19.061996  жылғы  «Азаматтардың  өтініштерін  қарау 

тəртібі  туралы»  Жарлығын  жүзеге  асыру  жөніндегі  архив  мекемелерінің  қызмет  мəселелері 

бойынша кусталдық жəне республикалық семинар – кеңестер өткізілді. 

Қарағанды  мұрағатшылары  қоғамдық  ғылымдарды  дамыту,  сондай-ақ  мұрағат  ісінің 

проблемалары 

тəрізді 


одақтық, 

республикалық, 

жəне 

облыстық 



ғылыми-техникалық 

конференцияларға əлденеше рет қатысты. 

АҚШ-тың  ақпараттық  агенттігінің  (ЮСИА)  шақыруы  бойынша  АҚШ  мұрағатының 

жұмысымен  танысты,  Пекиндегі  мұрағатшылардың  XIII  Бүкілдүниежүзілік  Конгресінің 

жұмысына қатысты, Барселонадағы мұрағатшылардың Европалық конференциясына шақырылды. 

 

Əдебиеттер: 

Архивтер // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы : 

Қаз.сов.энцикл., 1990. - 108 б.  

Архивтер // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы  : 

Атамұра, 2006. – 126 б.   

*** 


Амантаев Ө. Мұрағат - деректер көзі: Обл. мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің меңгерушісі 

Ө.Амантаевпен сұхбат / Əңгімелескен Е.Лұқпан// Орталық  Қазақстан.- 2001.-18 шілде 

Амантаев Ө.  Мұрағат істері мұқият жүргізіледі: облыс əкімінің есебі қарсаңында// Орталық   

Қазақстан.-2006.- 28 қаңтар.-3 б. 

Арқаның  ардагер  ақындарының  бір  тобы:  Қарағанды  облысына  -  70  жыл//  Абай-Ақиқат.- 

Абай, 2006.- 1  шілде.-1 б. 

Архивистердің  мерейтойы:  /Қарағанды  облыстық  архивінің  құрылғанына  60  жыл  толды/  // 

Орталық  Қазақстан. – 1997. – 20 желтоқсан 

Байкенжина  Л.    Заман  сипаты  -  мұрағат  құжаттарында:    31  мамыр  -  Саяси  қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алу  күні// Орталық  Қазақстан.- 2006.- 30 мамыр.-8 б. 

Байкенжина Л. Құжаттар - өткен күннің шежіресі: /Облыстық мемлекеттік архив/ // Орталық   

Қазақстан. – 1996. – 12 қазан 

Жанғожин А. Тарих құжаттарын сақтаушылар кеңесті// Орталық  Қазақстан.-  2001.-21 шілде 

Имаш Е. Жол құрылысы жанданды // Орталық  Қазақстан.-  2002.-27 сəуір 

Исақызы Т. Архивке – 60 жыл // Қарқаралы. – 1997. - 20 желтоқсан 

Кисилева Л. Аймақ өмірінің шежіресі: // Қарағанды облыстық архивіне - 60 жыл/ // Орталық  

Қазақстан. – 1997. – 10 желтоқсан 

Құжаттарды  сақтай  білейік:  /Обл.  мұрағаттар  мен  құжаттама  бөлімінің  кеңетілген  алқа 

мəжілісі туралы/ // Орталық  Қазақстан.– 1998. – 14 наурыз 

Лұқпан Е. Ардагерге құрмет: мерей// Орталық  Қазақстан.- 2006.- 29 сəуір.-4 б. 

Лұқпан  Е.  Құжаттардың  жоғалуына  жол  берілмесін//  Орталық    Қазақстан.-  2001.-22 

қыркүйек 

Лұқпан Е. Мұрағаттар – ел мұрасы // Орталық  Қазақстан. – 1999. – 8 желт. 

Михеева Л. Азаматтар өтінішіне сергек қараймыз: /Облыстық мемлекеттік архиві туралы/ // 

Орталық  Қазақстан. – 1996. – 1 тамыз 

Михеева Л. Құжаттар бетінде қалған шындық// Орталық  Қазақстан.-  2001.-27 қазан 

Сексенұлы С. Халық қалай «Халық жауы» атанды: «Дөңгелек столға» қатысқандар осы сұрақ 

төңірегінде əңгіме өрбітті // Орталық  Қазақстан. – 2000. – 7 маусым 

Тілеубай Т.   Ашық мұрағаттар - қоғам мүддесі үшін:  [Қар. мемл. мұрағат туралы]// Сана.- 

Қарағанды, 2000.-7 қыркүйек (N34).-2 б. 

Хасен  М.  Инемен  құдық  қазғандай:  /Облыстық  мемлекеттік  архивтер  дирекциясының 

басшысы Ə.Əбдікімовпен сұхбат/ // Орт. Қазақстан. – 1997. –5 шілде 

Шаймарданов М. Архивтердің халықаралық конгресі // Орт. Қазақстан. – 1996. – 10 қазан 

Шаймарданов  М.  Құжаттар  –  ұлттық  игілігіміз:  /Облмемархивтің  ғылыми  -  техникалық 

құжаттамалар филиалы/ // Орталық  Қазақстан. – 1997. – 10 желтоқсан 

Шегенова  Б.  Кинофотодыбыс  құжаттары  сыр  шертеді:  Қарағандыға  -  70  жыл//  Орталық  

Қазақстан.- 2006.- 15 маусым.- 4 б. 

 

 

1882    –    Ақын  Ғаббас  Айтбаевтың  туғанына  130 

жыл 

Ғаббас Айтбаев 1882 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы (бұрынғы 

Егіндібұлақ  ауданы)  К.Маркс  атындағы  колхозында  дүниеге  келген.  Ол  қазақ 

халық  ақыны,  композитор.  1920  жылдан  КОКП  мүшесі.  1922  жылы  Қарқаралыда 

өткен халық ақындарының айтысында бірінші орынды жеңіп алған. Əкесі Айтбай–

Арқаның белгілі əнші-композиторларының бəрі. Айтбаевтың əншілігіне испанның 

гитаршысы  Андрея  Сеговия  тəнті  болып,  оның  орындаушылық  өнерін  жоғары 

бағалаған.  Ол  1927  жылы  Москвада  Советтердің  төртінші  съезі  делегаттарына 

ұйымдастырылған  концерттерде  жұртшылық  назарына  ілігеді.  Сол  жылы  өлкен  театрда 

этнографиялық концертке  қатысып,  зор  абыройға  ие  болады.  Александр  Затаевич  Айтбаевтан  он 

екі  əн  жазып  алған.  «Ғаббастың  «Ардағының»  өзі  поэзия.  Ол  қиялыңды  шарқытатын  жазғы 

кештегі ай сəулесінің, Сахараның тылсым тыныштығының ғажайып көрінісі–суреті», - деп жазған 

А.В.Затаевич.  Айтбаев  қазақ  ауылын  советтендіруге  белсене  ат  салысып,  өзінің  туған  жерінде 

өмірінің  соңына  дейін  ауыл  совет  председателі  болып  қызмет  етті.  Ғ.Айтбаев  Қазыбек  би 

селосында жерленген. 


Əдебиеттер: 

Айтбаев Ғаббас. // Қазақ ССР. 4 том қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- 98 б. 

Ғаббас Айтбаев. //Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 159 б. 

Айтбаев  Ғаббас  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  А.  Абдулин.  - 

Алматы : Атамұра, 2006. – 93 б. 

 

1912 – Ақын Ықылас Адамбековтың туғанына 100 

жыл 

 

Ы.Адамбеков бұрынғы Қарқаралы округіне қарасты Қарағанды облысының   



Шет  ауданында  №3  ауылда  («Қатбар»  колхозында)  туған.  6  жасында  əке-

шешеден  жетім  қалып,  жалшы  болған.  1927-1931  жылы  Қарқаралы  балалар 

үйінде  оқып,  тəрбиеленген.  1929  жылы  комсомол  қатарына  өткен.  1931-32 

жылдары  Қоңырат  аудандық  комсомол  комитетінде  шағым  бюросының 

меңгерушісі  болған.  1934-35  жылдары  республика  жастары  газеті  «Лениншіл  жаста»  əдеби 

қызметкер болған. 

1935-38  жылдары  КИЖ-де  оқып,  оны  тамамдаған  соң,  1938-1939  жылдары  Қазақ  көркем 

əдебиет  баспасында  жауапты  хатшы  болып  қызмет  істеген.  Өлең,  əн  мəтіндерін  жазумен 

айналысқан  оның  «Достар  жүрегі»  атты  алғашқы  жинағы  осы  кездерде  жарық  көрген.  Жазушы 

Ə.Əбішевпен  бірігіп  «Қамбар  батыр»  операсына  либретто  жазған.  30  шақты  əн  мəтіндердің 

авторы. Оның "«ызыл əскер маршы», «Алатау» əндері көпшілікке мəлім. 1939 жылдан Қазақ КСР 

Халық  комиссариаты  Кеңісінің  Өнер  жөніндегі  басқармасында  редактор  боп  істеп  жүріп,  Ұлы 

Отан соғысына аттанған. Ол Москва түбіндегі кезекті шайқаста, Голубцы деревнясы үшін болған 

шайқаста 1941 жылы қан майданда ерлікпен қаза тапты. Оның артында əке аманатын ақтар қызы 

Қамар Ықыласқызы қалған еді. 

 

Əдебиеттер: 



 

Адамбеков Ықылас (1912-1941) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. 

Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. – 88 б. 

Адамбеков 

Ыхлас 

1912-1941 



//Советтік 

Қазақстан 

жазушылары. 

Био-библиогр. 

анықтамалық.- Алматы, 1987.- 10 б. 

Адамбеков  Ыхлас  1912-1941  //  Қазақстан  жазушылары:  ХХ  ғасыр.  Анықтамалық.-  Алматы: 

«Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 10 б. 

Адамбеков  Ыхлас  1912-1941  //Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  :  75  жыл  /  құраст.  С. 

Қамшыгер. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 11 б. 

*** 


Майбас,  Т.    Сағақта  қалған  əн:  Ықылас  Адамбековтың  туғанына  90  жыл  //  Орталық 

Қазақстан. - 2002. - 18 желтоқсан. - 13  б.  



 

  

1917 



– 

Кеңес  Одағының  Батыры  Амантай 

Дəулетбековтың туғанына 95 жыл  

 

Амантай  Дəулетбеков  Қарағанды  облысының  Жаңаарқа  ауданыны 



Түгіскен ауылының күн шығыс жағындағы «Ақкеңсе» деп аталатын жерде 1917 

жылы туды. Кеңес Армиясы қатарына 1939 жылы шақырылып, əскери қызметті 

Шығыста бастады. 

А.Дəулетбеков 

1942 

жылғы 


жазда 

өзінің 


көптеген 

қызметтес 

жолдастарымен  бірге  Брянск  майданына  жіберілді.  Ол  13-ші  Армияға  қарасты 

танктерді  бұзып-жоятын  1180-ші  полктің  артиллериялық  расчет  командирі 

болды.  А.Дəулетбеков  өзінің  жауға  қарсы  алғашқы  шайқасын  сол  1942  жылғы 

жазда  Орлов  облысындағы  байырғы  орыс  қаласы  Ливының  оңтүстігінде 



бастады. Фашистер ол кезде Воронеж жəне Сталинград бағыттырында шабуылға шыққан болатын. 

Ливны түбінде бүкіл жаз бойы кескілескен ұрыс жүрді. Амантай осы ұрысқа қатысушылардың бірі 

болды. 

1943  жылдың  қанқұйлы  жазы  еді.  6  шілдеде  Орел  мен  Курск  темір  жолдары  арасындағы 



Поныри  қалашығы  түбінде  кескілескен  ұрыс  басталды.  Поныри  түбінде  13-ші  армияның  307-ші 

дивизиясы  полктары  қорғаныста  тұрды.  Өлермен  жаудың  қарқыны  бір  толастамады.  Қаншама 

танктері  от  құшағына  оранғанымен  оның  орнына  жаңалары  келіп,  өршелене  алға  ұмтылды. 

Амантайлар  жау  əскерінің  қоршауында  қалды.  Осы  қысыл-таяң  шақта  зеңбірекшілер  командирі 

қоршауды  бұзып  шығуға  əрекет  жасайды.  Амантай  зеңбірек  жанына  2  адамнан  қалдырып, 

жауынгерлерді бастап танкілерге ілескен жаудың жаяу əскерлерімен қоян-қолтық ұрысқа шығады. 

Осы  оқиғаны  толығымен  сипаттаған  мəлімет  архивте  сақталған.  1080  артиллерия  полкінің 

командирі,  подполковник  Мац  қол  қойған  осы  бір  құжатта  Амантай  басқарған  расчеттің  жаумен 

шайқастағы  ерлік  қимылы  былайша  баяндалады:  «…ұрыс  екі  сағатқа  созылды.  Жау  13-ші  рет 

шабуылға шықты, бар ойы өз жолына кедергі болып тұрған Дəулетбеков расчетін құрту болатын. 

Бірақ Дəулетбеков жолдас жаудың бұл ойын жүзеге асырмады. Осы уақыт ішінде жаудың «Су-7» 

маркалы  10  танкі,  бір  ротадай  жаяу  əскері  құртылды.  Жау  одан  бетер  ызаланып,  батырдың 

зеңбірегін  таптап  кетпекші  болды.  Небəрі  4-ақ  адамы  қалған  зеңбірек  пен  оның  расчетін құртуға 

жау  14  рет  оқталды.  Біздің  жауынгерлердің  снарядтары  бітуге  айналды.  Танктер  мен 

автоматшылар  зеңбірекке  150  метрдей  жақын  келді.  Жаудың  дəл  тиген  снарядынан 

Дəулетбековтің  зеңбірегі  мүлде  істен  шықты.  Осындай  қысыл-таяң  шақта  Дəулетбеков 

табандылық  танытты.  Тірі  қалған  4  жауынгер  оның  командасы  бойынша  орындарынан  тұрып, 

жаудың  жаяу  əскеріне  қарсы  ұмтылды.  Оқтары  əбден  біткен  жауынгерлер  қоян-  қолтық  ұрысқа 

көшті. Осы жағдайдың өзінде Амантай 4 фашисті мұрттай ұшырды. Бірақ оның өзіне оқ тиді…» 

Əскери  командование  1943  жылдың  9  шілдесінде  жаумен  арыстанша  алысып  ерлікпен  қаза 

тапқан  жерлесіміздің  ерлігін  лайықты  бағалады.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумінің  1943 

жылғы 24 желтоқсанындағы Жарлығы бойынша Амантай Дəулетбековке Кеңес Одағының Батыры 

атағы берілді. 

 

Əдебиеттер: 



 

Дəулетбеков Амантай //  Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. 

- Алматы : Атамұра, 2006. – 212 б. 

Дəулетбеков  Амантай  //  Қаһарман  қарағандылықтар.  Герои-карагандинцы./  Қарағанды, 

2000.-30-31 б. 

Дəулетбеков  Амантай  //  Совет  Одағының  қазақстандық  Батырлары.  –  Алматы,  1969.-  1-ші 

том- 221-222 б. 

*** 


Жетiбаева Б. Түгiскеннен шыққын батыр: Совет Одағының Батыры Амантай Дəулетбековтың 

туғанына-85 жыл // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 10 шiлде 

Мұқышұлы Ұ. Амантай Батыр: Кеңес Одағының Батыры А.Дəулетбековтiң туғанына 85 жыл 

// Орт. Қазақстан.- 2002.- 4 желтоқсан.-7 б. 

Соболев  А.Н.  Ерлiкке  тағзым  ете  беремiз:  Курск  иiнiндегi  шайқасқа  -  60  жыл  //  Сарыарқа.-

Жезқазған, 2003.- 8 тамыз 

 

1922  –  Кеңес  Одағының  батыры  Петр 

Иосифович Теряевтің туғанына 90 жыл 

 

Петр  Иосифович  Теряев  1922  жылы  Қарқаралыда  туды.  1940  жылдың 



желтоқсанында  Армия  қатарына  шақырылып,  Орынбор  əскери  ұшқыштар 

училищесіне  қабыланды.  Петр  1943  жылдан  бастап  соғысқа  қатысты.  Ержүрек 

ұшқыш  Донбасты,  Қырымды,  Севастопольді,  Белоруссияны,  Балтық  бойын  азат 

ету  соғыстарына  қатысып,  сан  рет  ерлік  көрсетті.  Ол  тек  Донбасс  пен  Қырым 

аспанында ғана жаудың тоғыз самолетін атып түсірді. Əуеден шабуылдап 14 танк, 

19 зеңбірек, 23 бронетранспортертер, 43 автомашина, басқа да толып жатқан жау 

қауын  қатардан  шығарды.  Ол  154  рет  жауынгерлік  тапсырмамен  аспанға 


көтеріліп, дұшпанға соққы берді. 

Майдандағы  алғашқы  екі  жылдың  өзінде  ол  төрт  мəрте  жауынгерлік  Қызыл  Ту,  Александр 

Невский, I дəрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды. 

1945  жылғы  ақпанның  15-де  Кенигсбергке  жойқын  шабуыл  басталады.  Жиырма  үш  жастар 

командир, гвардия майоры Петр Теряевтің эскадрильясына ерекше тапсырма жүктелді. Осы жолы 

гитлершілер  атқан  оқ  қаңғып  келіп  Петр  Теряевтің  самолетіне  тиді.  Ол  өзінің  даңқты  əріптесі 

Николай  Гастелло  жəне  жерлесі  Нұркен  Əбдіровтің  ерлігін  қайталап,  фашист  танктері  иіріліп 

тұрған алаңға қарай жаңған самолетін бұрып əкелді. Сөйтіп, қаза болса да өшпес даңққа бөленді. 

КСРО  Жоғары  Кеңесі  Төралқасы  1945  жылғы  сəуірдің  19-да  III  Белорус  майданы  1-əуе 

Армиясы,  1-гвардиялық  əуе  шабуылы  дивизиясының  76–шабуыл  полкіне  қарасты  звено 

командирі,  гвардия  майоры  Петр  Иосифович  Теряевке  қаза  болғаннан  кейін  Кеңес  Одағының 

Батыры атағын беру туралы Жарлық шығарды. 

Батыр  жерлесіміздің  мүрдесі  қазіргі  Калининград  қаласы  ірегесінде  «Жеңіс»  деп  аталатын 

ескерткіш кешенінде жерленген. 2-ші гвардиялық армияның 1200 солдаты мен офицері жерленген 

бұл бауырластар зиратының тақтасында Петр Теряевтің де есімі бар. 

Герман  жауынгерлерінің  ұясы  Кенигсбергті  алуда  көрсеткен  жанқиярлық  ерлігі  үшін  Петр 

Теряев  тарихта  мəңгі  қалды.  Оның  есімі  туған  Қарқаралысының  бір  көшесіне  берілген.  Семей 

облысындағы Жарма ауылында Петрге мүсін тұрғызылған. Ол мұнда бозбала шағын өткізген еді. 

Литвадағы  №97  мектепте  қазақстандық  Петр  Иосифович  Теряевтің  мұражайы  бар.  Семейдегі 

автомеханика техникумы үйіне Батырдың есімі жазылған ескерткіш тақта қойылған. 



 

Əдебиеттер: 

 

Теряев Петр Иосифович // Қаһарман қарағандылықтар. – Қарағанды, 2000. – 121-122 б. 



Теряев Петр Иосифович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары. – Қарағанды, 1990. – 

62-63 б. 

Теряев Петр Иосифович // Совет Одағының қазақстандық батырлары. – Алматы, 1969. –291-

292 б. 


Теряев Петр Иосифович // Қарағанды. Қарағанды облысы. – Алматы, 1990. – 548 б. 

Теряев  Петр  Иосифович  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.  А.  А. 

Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. – 508 б. 

Советтік  Прибалтиканы  азат  ету  (1944  жылдың  ақпан  -  желтоқсаны)  //  «Боздақтар». 

Қарағанды облысы. – Алматы, 1998. – Т.3. – 67, 132 б. 

 

*** 



Əбдірахманұлы А. Биыл – Ұлы Жеңіске 55 жыл // Қарқаралы. – 2000. – 15 сəуір 

Оспанов С. Ерліктің өшпес даңқы: Кеңес Одағының Батыры П.И.Теряевтың ерлігіне 60 жыл// 

Қарқаралы.- 2005.- 12 ақпан.-5 б. 

 

 



1932  -  Облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайының 

құрылғанына 80 жыл. 

 

Мұражай 



осыдан 

80 


жыл 

бұрын 


құрылған 

кезде 


Ленинград 

политехникалық  мұражайы  тарапынан  мол  жəрдем  алған.  Алғашқы 

экспонаттарды іріктеу,  жұмысты жоспарлы түрде жүйелеп жүргізу бағытында 

біршама  тəжірибесі  бар  аталмыш  мұражай  қызметкерлері  білгендерін 

үйретуден əсте жалықпаған. 

Мұражайдың  алғашқы  директоры  -  М.Бекметов  деген  азамат.  Жылдар 

өткен сайын Қарағанды мұражайының экспонаттары көбейіп, штаты толығьш, 

жұмысы өрге жүре бастаған. Қазір қолда бар дерекке қарағанда, 1936 ж. мұнда 

712  экспонат  болыпты.  Мұнымен  қоса  мұражай  қорында  фотолаборатория, 

киноапарат, диапроектор жəне патефон болыпты. 

Мұражай  қызметкерлері  Ұлы  Отан  соғысының  қарсаңында  облыс  территориясында 

археологиялық  экспедициялармен  сапарға  шығып,  тынымсыз  ізденіс  үстінде  жүріпті.  Соның 



нəтижесінде  өте  ескі  қорымдардан  аса  бай  тарихи  жəдігерлер  табылып,  олар  мұражайдың  ең 

қымбат экспонаттарына айналған. 

Осы  кезеңде  мұражай  қызметкерлері  республика  Ғылым  академиясының  тарих,  археология 

жəне  этнография  институтымен  тығыз  байланыста  жұмыс  жүргізген.  Жүйелі  түрде  тарих 

тұрмыстық  экспедицяларды  жолға  шығарып,  ел  арасынан  қолы  епсекті  шебер  адамдарды 

іздестірген.  Өздері  де  қазақтың  ою-өрнек  үлгілерін  кеңінен  зерттеп,  жергілікті  халықтың  салт-

дəстүрін  жан-жақты  қамтитын  алуан  түрлі  экспонаттарды  мұражай  қорына  тынымсыз  іздестіру 

үстінде жүрген. 

1950  жылдың  ішінде  Сарыкеңгір,  Қаракеңгір,  Сарысу  өзендерінің  бойына  бірнеше  мəрте 

арнайы  экспедициялар  ұйымдастырылды.  Облысымыздың  жерінен  палеолит  жəне  неолит 

дəуірлерінің ондаған көне ескерткіштері табылды. 

1970 жылдан бастап біздің осы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғылыми-ағартушылық 

жұмыстарға  да  бет  бұрды.  Бұқаралық  жиындар  өткізіп,  өлке  шежіресінен  жетік  білетін 

адамдармен  кездесу  кештерін  өткізу  жақсы  дəстүрге  айналады.  Мұнымен  қатар  такырыптық 

кештер  мен  лекторийлер  де  мұражайдың  осы  бағыттағы  жумысының  өзекті  бір  саласы  ретінде 

қалыптасып  қалады.  Сол  жылдары  мұражайда  бұрынғы  Одақтас  республикалардың  көшпелі 

көрмесін ұйымдастыру да жарқын жаңалықтың бірі ретінде қабылданған. 

1982 жылы мұражайда Қазақстан Ғылым академиясының тарих, археология жəне Қарағанды 

мемлекеттік  университетімен  бірлесе  отырып,  Беғазы-Дəндібай  мəдениеті  мəселелеріне  арналған 

ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 

Қазіргі  кезде  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайының  қорында  материалдық  жəне  рухани 

мəдениеттің 125887 ескерткіші жинақталған. Мұнда археологиялық, этнографиялық коллекциялар 

да  мол.  Жыл  сайын  өлкетану  тақырыбына  арналған  тұрақты  жəне  көшпелі  көрмелер 

ұйымдастырлады. 

1977  жылы  Қарқаралы  қаласында  мұражайдың  филиалы  ашылды.  Қазір  ол  өз  алдына  жеке 

мұражайға  айналып,  аудан  халқына  қалтқысыз  қызмет  көрсетуде.  Сол  сияқты  Абай  қаласы  мен 

Осакаров  ауданданында  мұражайымыздың  филиалдары  жұмыс  істейді.  1992  жазда  мұражайдың 

тағы  бір  филиалы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  жанынан  ашылған.  Ол  халқымыздың 

аяулы азаматы, жерлесіміз Е.Бөкетовқа арналған мемориалдық мұражай. 

Бүгінде  облыстық  мұражай  қоғамдық  негіздегі  50-ден  астам  мұражайдың  əдістемелік 

орталығына айналған. 

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал