Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»



жүктеу 1.05 Mb.

бет3/10
Дата13.01.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1  мамыр  1912    -  Кеңес  Одағының  Батыры  Иван 

Михайлович Колодийдің туғанына 100 жыл

 

 

И.М.Колодий 1912 жылы 1 мамырда Нұра ауданы, Киевка ауылында шаруа 



отбасында  дүниеге  келді.  Өсе  келе  Өзбекстанға  қоныс  аударды.  Ауылда  ұста 

болды,  сауатсыздықты  жою  сабағын  алды.  Сөйтіп  жүргенде  соғыс  басталып, 

майданға аттанған Иван Колодий 69-атқыштар дивизиясының 118- ші артиллерия 

полкі құрамында радиотелеграфисі болды. 

СССР  Жоғарғы  Советі  Президумының  1943  жылғы  30  қазанындағы  Указы 

бойынша Днепрден өтерде көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор И.М.Колодийге Кеңес 

Одағының  Батыр  атағы  берілді.  Жауынгер  сонымен  бірге  Ленин  орденімен,  көптеген 

медальдармен наградталды. 

Байланысшы Колодий соғыс аяқталғаннан кейін бейбіт еңбекке қайтып оралды. Бірақ оның 

майдандағы  жарасы  ден  саулығын  нашарлатты.  1954  жылы  42  жасында  И.М.Колодий  қайтыс 

болды. 

Қаһарман  байланысшының  радиостанциясы  мен  автоматы  Москавдағы  КСРО  Қарулы 



күштерінің орталық мұражайында сақталған. 

 

Əдебиеттер: 

Колодий  Иван  Михайлович  //  Қарағандылық  Совет  Одағының  батырлары  =  Герои 

Советского Союза - Карагандинцы. - Қарағанды, 1990. - 23 б. 

Колодий  Иван  Михайлович  //Қаhарман  қарағандылықтар  =  Герои-карагандинцы  /  ред.  Г.Ж. 

Бабулова. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2000. - 65 б.  

Колодий  Иван  Михайлович  //  Совет  Одағының  Қазақстандық  батырлары.  -  Алматы  : 

Қазақстан, 1969 -   395 б. 

 

 

2  мамыр  1912  -  КСРО  халық  əртісі  Күлəш 

Бəйсейітованың туғанына 100 жыл 

 

 

Бəйсейітова  Күлəш  (Гүлбаһрам)  Жасынқызы  (02.1912  -  06.06.  1957)  - 

қазақтың  əйгілі  əншісі  (лирика-калоратуралық  сопрано),  қазақ  опера  өнерінің 

негізін  салушылардың  бірі,  қоғам  қайраткері.  КСРО  халық  артисі  (1936).  КСРО 

Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  (1948-1949).  Туып-өскен  жері  –  Қарағанды 

облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Күлəштің 

əншілік  өнерге  бейімділігі  жас  кезінен-ақ  байқала  бастаған.  Оның  бойындағы 

қабілеттің ұшталуына  əн мен күйге жүйрік əкесі Жасынның да əсері зор болған. 

Жеті  жылдық  мектеп  бітірген  соң  Күлəш  Қазақтың  педагогикалық  институтына  түсіп,  мұндағы 

көркем-өнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында əншілік 

дарынымен  көзге  түседі.  Содан  1930  жылы  Қазақтың  тұңғыш  драма  театрының  группасына 

қабылданады. Күлəш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді 

артистерінің  қатарынан  көріне  бастайды.  Ол  аз  уақыттың  ішінде  Б.Майлиннің  «Майдан» 

пьесасында  Пүліштің,  Н:В:Гогольдің  «Үйлену  тойындағы»  Агафия  Тохонованың,  М.Тригердің 

«Сүңгуір  қайығындағы»  Клаудияның,  Қ.Бəйсейітов  пен  А.Шаниннің  «Зəуресіндегі»  Зəуре, 

М.Əуезовтың  «Еңлік-  Кебегіндегі»  Еңліктің  рольдерін  ойнап,  сахналық  тамаша  қабілетімен 

танылады.  Образдардың  табиғатын  тап  басып  тану,  ол  танығанын  өмірлік  шынайы  шеберлікпен 

жеткізе білу, əсіресе туа біткен əншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күлəштің сахна 

өнері  үшін  жаралаған  жан  екенін  əйгілей  түседі. Күлəш  1933  жылы  жаңадан  ашылған  музыка 

студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы  «Айман-

Шолпан»  (М.Əуезов,  И.В.Коцых)  музыкалық  комедиясымен  ашылғанда,  Күлəш  басты  рольді 

үлкен  шеберлікпен  ойнап,  Айман  бейнесі  арқылы  Қазақ  қыздарының  ар-намыстан  жаралғандай 

парасатты  болмысын  шабытпен  тұлғалайды.  Мұнан  əрі  Күлəштің  ғажайып  қабілеті  мен  дарыны 

Б.Майлин  мен  И.В.Коцыхтың  «Шұғасындағы»  -  Шұға,  Е.Брусиловскийдің  «Қыз  Жібек» 

операсындағы  –  Жібек  образдарын  сомдау  барысында  одан  əрі  жарқырап  ашыла  түседі.  Бұл 

рольдер  арқылы  оның  бойындағы  əншілік-артистік  қабілеттің  ғажайып  мүмкіндіктері  барша 

болмысымен  көрініс  тауып,  қазақ  сахна  өнерінің  соны  табысы  ретінде  жұртшылықтың  ықылас-

ілтипатына  бөленді.  Ол  жаңа  қаз  басқан  қазақ  сахна  өнерінің  шын  мəнінде  тірек  тұлғасына, 

ұйтқысына  айналды.  Аз  уақыт  аясында  Е.Брусиловскийдің  «Жалбыр»  ,  «Ер  Тарғын»,  «Алтын 

астық», «Гвардия алға», «А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен 

Л.Хамидидің  «Абай»,  М.  Төлебаевтың  «Біржан-Сара»,  Д.Ж.Пучинидің  «Чио-Чио-Сан», 

П.И.Чайковскийдің  «Евгений  Онегин»,  А.Рубинштейннің  «Демон»  сияқты  операларында  басты 

рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды. 

Бір-біріне ұқсамайтын кереғар образдар, иірім-қайырымы əр алуан вокальдық партиялар Күлəштің 

көп  қырлы,  алауан  сырлы  дарынының  арқасында  алмастай  жарқырап  ашылып,  эстетикалық 

эмоциялық  қуаты  мейлінше  тегеурінді  образдар  галериясы  жасалды. Күлəш  Бəйсейітова 

концерттік əнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында К.Байсейітова концерттік бригада құрамында майдан шебіне 

шығып тұрды. 1-3 сайланған ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің депутаты, Ленин орденімен марапатталды.  

Байсейітова есімімен Алматыда музыкалық мектеп, көше жəне Қарағандыда көше аталған. 

Астана қаласын еліміздің саяси жəне мəдени орталығы ретінде одан əрі дамыту мақсатында 

Қазақстан  Республикасы  Н.Назарбаевтың  бастамасымен  2000  жылғы  қаңтарда  «Ақорда»  опера 



жəне балет театры құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2000 

жылғы шілдеде Астана қаласы опера жəне балет театры Күлəш Байсейітова атындағы опера жəне 

балет театры болып өзгертілді. 

Əдебиеттер: 

 

Ахметова М. Əн өнері жəне уақыт / М. Ахметова, 1993. - 112 б.  

Байділдаев, Ө.  Қанатты өнер: очерктер жинағы / Ө. Байділдаев. - Алматы : Жазушы, 1973. - 

126 б.  


Байсейітов, Қ.  Құштар көңіл / Байсейітов, Қ. - Алматы : Жазушы, 1977.  

Байсейітова Күлəш (Гүлбаһрам) Жасынқызы//



 

Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша энциклопедия. 

4-том / бас ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы : Қаз.сов. энцикл., 1989. - 196 б.  

Байсейітова Күлəш (Гүлбаһрам) Жасынқызы//



 Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия 

/ ред. А. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 162 б.  

Байсейітова Күлəш (Гүлбаһрам) Жасынқызы//

 

Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия 

/ ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы : Қаз.сов.энцикл., 1990. - 123 б.  

Брусиловский Е. Дүйім дүлдүлдер  / Е. Брусиловский ; ауд. С. Байжанов, 1995. - 224 б. 

Брусиловский  Е.  Қыз  Жібек:  төрт  перделі,  екі  суретті  опера  /  Е.  Брусиловский  ;  либр.  Ғ. 

Мүсірепов, 1981. - 167 б.  

Жұбанов А.Қ. Өскен өнер: (мақалалар мен зерттеулер) / А. Қ. Жұбанов, 1985. - 248 б. 

Кенжетаев К. Асылдар мен Ардақтылар/ К. Кенжетаев, 2002. - 296 б.  

Күлəш Байсейітова туралы естеліктер  / құраст. Б.Нұржекеұлы, 2004. - 256 б.  

Қазақстан өнері: жылнама / құраст. Қасымбеков Қ. - Алматы : Өнер, 1984. - 96 б.   

Қазақстан өнері: жылнама / құраст. Ө. Оралбеков. - Алматы : Өнер, 1987. - 80 б.  

Құмарова, Ш. Сезім патшалығы: роман. 2-кітап, 2004. - 288 б.  

Латиева С. Бұлбұл: Өмірбаяндық повесть - эссе / С. Латиева ; ред. К. Уəлиев, 1984. - 160 б.  

Майшекин М. Көркемөнер шеберлері / М. Майшекин, 1959. - 139 б.  

Мұхамеджанов  Қ.  Таңдамалы  шығармалар:  2  томдық.  2  т.  :  пьесалар,  өнер  жайлы  ойлар, 

1978. - 384 б. 

Нұржекеұлы Б. Өнер құдіреті: Тарихи-танымдық мақалалар / Б. Нұржекеұлы, 2003. - 100 б. 

Тəжібаев, Ə.  Есімдегілер: естеліктер, эсселер / Ə. Тəжібаев. - Алматы : Жазушы, 1993. - 400 

б.  

*** 

 

Абылқызы Н. Күлəш мені Əндібек деп атапты / Н. Абылқызы // Парасат. - 2007. - №7.- 4-5 б. 

Айтбайұлы Ж. Тағы да Күлəштің туған жері туралы: Жаңғырық / Ж.Айтбайұлы, Қ.Мырзахан 

// Орталық Қазақстан. - 2002. - 19 қазан.- 7 б.  

Ақсұңқарұлы С. Биыл - Күлəштің жылы / С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. - 2002. - 22 

наурыз  


Байсейітова  Қ.  "Бұлбұл  əншінің"  қыздары  едік.../  əңгімелескен  М.Төлепберген  //  Егемен 

Қазақстан. - 2007. - 31 қаңтар (№24-27).- 9 б.  

Байсейітова Қ. Бұлбұлдан қалған бір тұяқ: (Қарлығаш Байсейітова Қанабекқызымен əңгіме) / 

əңгімелескен Ж.Шəкен // Қазақ əдебиеті. - 2007. - 12 қаңтар (№1-2).- 14 б.  

Бұғыбаева Қ. Гəкку: Лирикалық толғау / Қ. Бұғыбаева // Жас Алаш. - 2005. - 31 наурыз.- 10 б.  

Дала  бекзатының  үйінде:  (XІX  ғасырдағы  орыс  жазушылары  қазақтар  туралы)  /  құраст.  Ə. 

Жұмабаев, 2003. - 520 б.  

Жанысбай  С.  Ақтоғайдан  қалықтаған  бұлбұл:  Күлəш  Байсейітованың  туғанына  -  95  жыл  / 

Жанысбай С. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 4 тамыз.- 8 б.  

Жүнісұлы  О.  Əнші  Күлəш  қай  жерде  туған?:  Дерек  /  О.Жүнісұлы  //  Орталық  Қазақстан.  - 

2002. - 13 шілде  

Жүнісұлы  О.  Қазақ  бұлбұлына  ескерткіш  /  Жүнісұлы  О.  //  Орталық  Қазақстан.  -  2007.  -  19 

шілде.- 1 б.  

Иманбаева, А.  Қазақ даласының бұлбұлы  / А. Иманбаева // Мəдениет. - 2009. - № 11. - 7-9 б.  

Иманжанов М. Қыз Жібек: театр / М. Иманжанов // Социалистік Қазақстан. - Алматы, 1945. - 

3 июнь (№ 110).- 4 б.  



Күлəш  Байсеитова:  коммунистер  мен  партияда  жоқтардың  Сталиндік  одағы  ұсынған 

кандитаттар // Социалистік Қазақстан. - Алматы, 1947. - 25 янв. (№ 18).- 3 б.  

Қалияқпар М. Күлəш Ақтоғайда туған: Дерек / М.Қалияқпар // Орталық Қазақстан. - 2002. - 

27 шілде  

Қарлығаш Байсейітова: Күлəштің ұрпағы бар, ол-менмін: сұхбат / сұхбаттасқан Г. Бектасова 

// Өнер əлемі. - 2007. - №1-2.- 13 б.  

Миралинова  Б.  Жетпісінші  маусымы  жексенбіде  жабылмақ:  Абай  атындағы  мемлекеттік 

опера жəне балет театрына 70 жыл / Б. Миралинова // Жас Алаш. - 2004. - №69.- 5 б. 

Мүсілім Ж. Қазақтың бұлбылы / Ж. Мүсілім // Заң газеті. - 2009. - 4 маусым (№ 83).- 8 б.  

Нысаналин А. Таңғажайып / А. Нысаналин // Дала мен қала. - Алматы, 2009. - 15 қаңтар (№ 

1).- 14 б.  

Салықов К. Гəкку // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2009. - 7 наурыз (№ 34/35).- 5 б.  

Сардарбек  К.  Мен  Манарбектің  келінімін:  М.Ержановтың  туғанына  -  100  жыл  /  Сардарбек, 

К. // Балқаш өңірі. - 2001. - 31 қазан  

Смаханұлы  С.  Керемет  деп  осыны  айт:  Күлəш  Байсейітоваға  90  жыл  /  С.Смаханұлы  // 

Сарыарқа. - Ботақара, 2002. - 1 маусым  

Сөйле, сурет! // Парасат. - 2004. - №5.- 31 б.  

Туғанбай  А.  Жақсыға  əркімнің  де  бар  таласы:  Күлəш  Бəйсейітованвң  туғанына  -  95  жыл  // 

Орталық Қазақстан. - 2007. - 26 шілде.- 6 б. 

Халықтар  достығының  бір  айғағы:  халық  артисі  К.  Байсейітовамен  сұхбат  //  Социалистік 

Қазақстан. - Алматы, 1950. - 23 июль (№ 160).- 4 б. 

 

 



10  маусым  1912  -  Жазушы  Жайық  Бектұровтың 

туғанына 100 жыл. 

 

Журналист,  жазушы,  Қарағанды  қаласының  құрметті  азаматы  Жайық 

Кəгенұлы  Бектұров  1912  жылы  10  маусымда  Ақмола  уезінің  Моншақты 

болысында (қазіргі Астана облысы, Алексеев ауданы, “Үрпі” ауылы) туған.  

1928  жылы  ҚАССР-нің  Халық  ағарту  комиссариатының  мұғалімдер 

курсын бітірген соң, Атбасар қаласында мұғалім болған. 

Ол 1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақтың 

мемлекеттік университетін бітірген. 

Ж.Бектұров  1932-1937  жылдары  комсомол  қызметінде  болған,  1937-1939  жылдары 

республикалық  “Лениншіл  жас”  жастар  газеті  редакторының  орынбасары,  “Социалистік 

Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған. 

1939-1940  жылдары  Жамбыл  облыстық  газетінің  жауапты  редакторы,  ал  соғыс  басталғанда 

дивизиялық газетінің редакторы болған. 

1942  жылы  мамыр  айында  Ж.Бектұров  қамауға  алынып,  КСРО  НКВД-сінің  айрықша 

кеңесінің шешімімен РФСР Қылмысты істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, 

Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының 

Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды. 

Жайық  Кəгенұлы  елеуінші  жылдары  педагогикалық  қызметте  болды.  1958  жылдан  бастап 

1989  жылғы  қыркүйекке  дейін  ол  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  Қарағанды 

облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды. 

КСРО  Жазушылар  одағының,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  мүшесі,  КСРО 

жəне Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Бүкілодақтық географиялық қоғамының мүшесі, 

партия  мен  еңбек  ардагері  Ж.К.Беқтұровтың  қоғамдық  жəне  əдеби  өмірдегі  еңбегі  оған  атақ-

абырой əкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі. 

Публицист  Ж.К.Бектұров  өзінің  ауқымды  да  бейнелі  сөздерімен  Орталық  Қазақстанның 

көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадында қалдырды.  

Ол  республиканың  əдеби  ортасында  кеншілер  өлкесінің  қалыптасуы  мен  дамуының,  оның 

орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі. 



Ж.К.Бектұров өзінің шығармашылық жəне ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен 

республиканың  мəдени  өміріне  үлкен  үлес  қосты.  Ол  Қарағанды  жəне  Қарағанды  облысының 

энциклопедиясын жасаушылардың бірі болды. 

Оның көп жылғы əрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 

жылы  “Жол  жоралғысы”  деген  кітабы  шықты.  Бұл  жинаққа  қаламгердің  Ы.Алтынсарин, 

Ш.Уалиханов,  Г.Потанин,  қобызшы-жыршы  Н.Атабеков  жайлы  тарихи-көркем  очерктері 

енгізілген.  Халық  ауыз  əдебиетінің  үлгілерін  қажымай  жинап,  бастырудағы  еңбегі  өз  алдына  бір 

сала.  Ж.Бектұров  Абай,  Сəкен,  Бейімбет,  Саттар,  Əбділдə,  Тайыр,  Ғабиден,  Зейін  жəне  өзге  де 

қазақ  ақын-жазушылары  жайында  көптеген  сын  мақалалар  жазған.  Жазушы  басқа  ұлттар 

əдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Ж.Бектұровтың 

өрнекті  тілімен  қазақшаланған  Г.Серебрякова,  Петефи,  Дефо,  Гашек,  Л.Пантелеевтің 

шығармаларын оқырмандар жылы қабылдаған. Облыстық “Орталық  Қазақстан” газетінің бетінде 

жазушы  Азия,  Африка  елдері  қаламгерлерінің  бірнеше  əңгімелерін  аударып  бастырған.  Кейінгі 

жылдары,  яғни  1991  жылы  “Өткел”  өлеңдер  жинағы,  ал  1997  жылы  “Қазақстан”  баспасынан 

“Таңба”  атты  кітабы  жарық  көрді.  Бұл  кітап  еліміздің  шежіресіне  қара  таңба  болып  басылған 

отызыншы-қырқыншы  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргіннің  алапат  ашы  шындығы  жайында,  сол 

нəубеттің  құрбаны  болған  тұғырлы  тұлғалар,  талайлы  тағдырлар  жайында  баян  ететін  туынды. 

Мұның  жарық  көруінің  арасы  40  жылдай  уақыт  созылған  екен…  Сол  қырғынның  өзі  де  куəсі 

болған,  кезінде  жазықсыз  танылған  кесірінен  жапа  шегіп,  жалынды  жастық  жылдарын  айдауда, 

азап  лагерьлерінде  өткізген  ардагер  жазушының  аталмыш  романы  авторы  іспеттес  қилы 

қияметтерді  бастан  кешіріп  барып,  кейінде  ғана  оқырмандарға  жол  тапқан.  Жалпы  бұл  шығарма 

азап  лагеріндегі  өмірді  қазақ  əдебиетінде  бейнелеген  тұңғыш  еңбек.  Сол  жылы  Медицина 

ғылымының  докторы,  профессор  М.Əлиакпаровтың  “Жайық  мінген  қайық”  кітабы  Қарағанды 

қаласының  “Қазақстан”  баспасынан  шыққан.  М.Əлиакпаровтың  бұл  кітабы  Ж.Бектұровтың  тар 

жол,  тайғақ  кешулерге  толы  өмір  өткілдеріне  арналған.  Автор  мен  кітап  кейіпкері  арасындағы 

сырлы  сұхбатта  зұлмат  жылдардың  зобалаңы,  қазақ  халқының  басына  қолдан  жасалған  нəубет 

зардабы  бүкпесіз  баяндалады.  Сонымен  қатар  кітапқа  жасы  сол  кезде  сексен  беске  келсе  де 

қаламы  қолынан  түспеген  Ж.Бектұровтың  сталиндік  зұлматты  ашық  əшекерелейтін  бірқатар 

поэмалары мен өлеңдері енгізілген. 

1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасқа қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды 

қаласының құрметті азаматы Ж.К.Бектұров өмірден өтті. 

Қарағанды  қаласының  құрметті  азаматы,  КCРО  Жазушылар  одағының,  Қазақстан 

Жазушылар  одағы  басқармаcының,  КСРО  жəне  Қазақстан  журналистер  одағының,  Бүкілодақтық 

георафиялық қоғамның мүшесі, дарынды зерттеуші Жайық Кəгенұлы Бектұровтың аты 2001 жылы 

ҚР үкіметінің 14 қыркүйекте № 1204-ші 14. 09. 2001 жылғы қаулысымен Облыстық жасөспірімдер 

кітапханасына  берілді.  Соның  нəтижесінде  кітапханада  2001  жылы  12  желтоқсанда  ресми  түрде 

“Сирек  кітаптар,  қолжазбалар  жəне  мұражай  жəдігерлері  бөлімі”  ашылып,  онда  Ж.  Бектұровтың 

мемориалдық кабинет-мұражайы мен оқу залы орналасты.  

 

Ж.К.Бектұровтың шығармалары: 

 

Бектұров Ж. Жол жоралғысы: Очерктер.-Алматы:Жазушы, 1977.-88 б. 



Бектұров Ж. Өткел: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1991.- 80 б. 

Бектров Ж. Таңба: Роман.- Алматы: Қазақстан, 1997.- 304 б. 

Тарту:  өлеңдер  жинағы  /  ред.  Ж.  Бектұров.  -  Қарағанды  :  Қарағанды  облыстық 

типографиясы, 1958. - 84 б. - 01. 75 с. 

 

*** 

 

Бектұров Ж. “Абайға толғау” // Орталық Қазақстан. - 1981. - 4 сəуір 

Бектұров Ж. Абайдың белгсіз шұмақтары: / “Абай сөзі” жайында/ // Жұлдыз. - 1991. - №5-7.- 

194-196 б. 

Бектұров Ж. Ағайынға ашық хат // Орталық Қазқстан. - 1996. - 30 қаңтар 

Бектұров  Ж.  Ақан  арқада:  /А.Байтұрсынов  туралы  жəне  “қырық  мысалы”/  //  Орталық 

Қазақстан. - 1989. - 29 қаңтар 


Бектұров Ж. Ақ бұлты бар басында…Қазақ ССР-інің 70 ж-на // Орталық Қазақстан. - 1990. - 

2, 4, 5 қыркүйек 

Бектұров Ж. Ақ кітап: /М.Əлиакпаровтың “Ахат” атты кітабы туралы/ // Орталық Қазақстан. 

- 1997. - 8 ақпан 

Бектұров Ж. Ақ теректің арызы: Фельетон // Орталық Қазақстан. - 1968. - 20 маусым 

 Бектұров Ж. Ақын Қасым жаттаған 1916 жылғы бəйіт: /Арабша қолжазбадан көшірілген/ // 

Орталық Қазақстан. - 1992. - 19, 20 ақпан 

Бектұров  Ж.  Ақын  Қасым  Сырымбетұлы:  /1904-1990/  //  Орталық  Қазақстан.  -  1992.  -  19 

ақпан 

Бектұров  Ж.  Ақынның  бір  арызы:  /Қ.Тоғызақовтың  “Абақтыдан  арыз”  өлеңі  жайында/  // 



Орталық Қазақстан. - 1994. - 4 қазан 

Бектұров Ж. Алыс жылдардың дерегі: /1930-1937/ // Жалын. -  1989.  №4.- 70-75 б.  

Бектұров Ж. Алыстағы ауылдарда: Жолжазба // Шұғыла. - 1978. - 7 қыркүйек 

Бектұров Ж. Аңғал: Əңгіме // Орталық Қазақстан. - 1969. - 28 мамыр 

Бектұров Ж. Арманда кеткен қайран ер: Кенесары-200// Ақиқат.- 2002.- N11.-36-43 б. 

Бектұров Ж. Асуларда: Тарихи дастан // Орталық Қазақстан.- 1989.- 15, 16, 17 қыркүйек. 

Бектұров Ж. Асыл азамат: /Қазақ революционерлері жайлы/ // Орталық Қазақстан.- 1977.- 14 

қаңтар 


Бектұров Ж. Аурухана ауласынан: Өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 1993.- 11 мамыр 

Бектұров Ж. Əдептен де, əдеттен де озбайық // Орталық Қазақстан.- 1991.- 1 қараша 

Бектұров Ж. Əзілханның əзілі мен ақылы // Орталық Қазақстан.- 1987.- 29 қараша  

Бектұров Ж. Əн қанатында: Жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан.- 1983.- 18 қыркүйек 

Бектұров Ж. Бақыт жолында: Əңгіме // Орталық Қазақстан.- 1966.- 17 сəуір 

Бектұров Ж. Балуан Шолақ: Əңгіме // Қазақ əдебиеті.- 1986.- 12 желтоқсан 

Бектұров  Ж.  Баянауыл  басында.  Мəшһүр-Жүсіптің  аруағына  бағыштаймын  өлең-очерк  // 

Орталық Қазақстан.- 1991.- 12, 15 қаңтар. 

Бектұров Ж. Боран; Қысқы ағаш: /Өлеңдері/ // Орталық Қазақстан.- 1984.- 5 наурыз. 

Бектұров Ж. Біржан сал жəне оның ұрпақтары // Ортлық Қазақстан.- 1979.- 31 наурыз 

Бектұров Ж.К. "Бір борышымды өтегендей болып отырмын..." // Егемен Қазақстан.- Алматы, 

2002.- 31 шілде 

Бектұров Ж. Ғалым-жазушы: /С.Талжановтың туғанына 80 жыл // Орталық Қазақстан.- 1986.- 

13 қараша 

Бектұров  Ж.  Ғуламамен  сұхбат:  /Ə.Марғуланнан  сыр  сандық/  //  Орталық  Қазақстан.-  1991.- 

21, 28 желтоқсан 

Бектұров Ж. Дəлел мен дерек: /Кенасары мəселесі/ // Жұлдыз.- 1990.- №10.- 188-196 б. 

Бектұров Ж. Дəнекер: Əдебиет беті // Орталық Қазақстан.- 1988.- 24 тамыз 

Бектұров Ж.  Енеден ерте айрылған төл секілді... Алматы: Қазақстан, 2002.- б.: Фотосуреттер 

Бектұров Ж. Екі сөз: Жаңғырық // Орталық Қазақстан.- 1995.- 12, 14 қыркүйек 

Бектұров Ж. Ел мен жер: Пікір // Замандас.- 1994.- 14 қаңтар 

Бектұров Ж. Ескінің ізі: Мұра // Орталық Қазақстан.- 1990.- 29 шілде 

Бектұров  Ж.  Жақсыға  “əркімнің-ақ  бар  таласы”:  Ескі  күнделік  беттерінен  //  Орталық 

Қазақстан.- 1991.- 2, 5, 6 наурыз 

Бектұров  Ж.  Жамбыл  жотасынан:  /Жамбылдың  туғанына  150  жыл  толуына  //  Орталық 

Қазақстан.- 1996.- 9 шілде 

Бектұров Ж. Жас шыбық: Жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан.- 1982.- 31 шілде 

Бектұров Ж. Жаттап алған, хатта қалған..: /Мұқаш молланың Садық қажыдан қой сұрағаны 

жəне қажының жауабы // Орталық Қазақстан.- 1995.- 23, 25 ақпан 

Бектұров  Ж.  Жоқтау-толғау:  /Балуан  Шолаққа,  Шоқанға/  //  Орталық  Қазақстан.-  1993.-  11 

қараша 

Бектұров  Ж.  Жоқтау-толғау:  /Кенесарыға,  Махамбетке,  Исатайға,  Мəдиге/  //  Орталық 



Қазақстан.-1993.- 30 қазан 

Бектұров  Ж.  Жоқтау-толғау:  /Құдайбергенге,  Берниязға,  Омарға,  Ыбырайға/  //  Орталық 

Қазақстан.- 1993.- 21 желтоқсан 

Бектұров  Ж.  Жұлдызы  жарық  та,  жоғары  жазушы:  /І.Есенберлин  туғанына  80  жыл/  // 

Орталық Қазақстан.- 1995.- 14 қараша 


Бектұров Ж. Жүсіпбек Аймауытов жəне “Қартқожа” // Орталық Қазақстан.- 1989.- 17 ақпан  

Бектұров Ж. Жыраулар дəстүрі: Қазақ поэзиясының үлгі-нұсқаулары // Орталық Қазақстан.- 

1977.- 10 ақпан 

Бектұров Ж. Жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан.- 1991.- 14 желтоқсан 

Бектұров Ж. Жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан.- 1992.- 16 қаңтар 

Бектұров Ж. Кенекем кернеуінде: /Кенесары туралы/ // Орталық Қазақстан.- 1993.- 4 қараша 

Бектұров Ж. Көбікауыз: Памфлет // Орталық Қазақстан.- 1990.- 16 желтоқсан 

Бектұров Ж. Көз алдымда көп адам: Өлең // Орталық Қазақстан. - 1991. - 25 желтоқсан 

Бектұров Ж. Көзбен көріп, көңілге тоқығандарымнан // Ақиқат.- 1996.- №8.- 76-78 б. 

Бектұров  Ж.  “Көкпар”  емес  –  “көк  бөрі”  жəне  осыдан  туындайтын  бірер  пікір: 

/Ескерткіштерді сақтау туралы //Орталық Қазақстан.- 1993.- 5 наурыз 

Бектұров Ж. Көкше: Жыр дəптерінен // Орт.Қазақстан.- 1982.- 3 сəуір 

Бектұров  Ж.  Көп  қырылған  ағайынның  бірі:  /Т.Бұқарбаев  жайында/  //  Орталық  Қазақстан.- 

1990.- 19 қаңтар. 

Бектұров Ж. Қажымұқан қадірі: Деректер // Орталық Қазақстан.- 1978.- 16 мамыр 

Бектұров  Ж.  Қайраткерлік  қасиет:  /  Қазақ  елінің  ақсақалы  Б.Əшімұлы-80  жасқа  толды/  // 

Орталық Қазакстан.- 1997.- 2 тамыз 

Бектұров Ж. Қаныш қаққан қияда: Очерк // Орталық Қазақстан.- 1966.- 22 шілде 

Бектұров Ж. Қарағанды қазақ совет əдебиетінде // Орталық Қазақстан.- 1987.- 22 қазан 

Бектұров Ж. Қараторғай: Əңгіме // Советтік Қарағанды.- 1963.- 7 ақпан 

Бектұров Ж. Қармақ: Өлең // Орталық Қазақстан.- 1994.- 18 қазан 

Бектұров  Ж.  Қарындасқа  хат:  /Жазықсыз  жазаланып,  Тағайдан  елге  оралғанда/  //  Орталық 

Қазақстан.- 1998.- 1, 4 шілде 

Бектұров Ж. Қозы Көрпеш–Баян сұлу: Аңыз соңы // Орталық Қазақстан.- 1992.- 16 қараша 

Бектұров Ж. Құран Шəриф // Орталық Қазақстан.- 1990.- 27 маусым 

Бектұров Ж. Мəдидің мерейін мерт етпейік // Орталық Қазақстан.- 1992.- 26 маусым 

Бектұров  Ж.  Мырзажанды  алдымен  менен  сұра:  Жаңғырық  //  Орталық  Қазақстан.-  1995.-  4 

қаңтар 


Бектұров Ж. Міржақып туралы. // Орталық Қазақстан.- 1989.- 3 тамыз 

Бектұров Ж. Орынборға саяхат: Əңгіме // Орталық Қазақстан.- 1972.- 25-27 қазан 

Бектұров Ж. Өлеңдер // Орталық Қазақстан.- 1981.- 31 желтоқсан 

Бектұров ж. Өмір көріністері: Кысқа əңгімелер // Орталық Қазақстан.- 1963.- 3 қараша 

Бектұров Ж. Өрт пен дерт: Эссе // Орталық Қазақстан.- 1989.- 25-28, 30 мамыр, 1-3 маусым 

Бектұров  Ж.  Сабыр  түбі-сары  алтын..:    “Осы  біз  қандаймыз”  атты  мақалаға  («ZAMAN-

Қазақстан» 21.03.97) орай жолдаған хат // Орталық Қазақстан.- 1997.- 9 шілде  

Бектұров Ж. Сəкеннің соңғы сəттері // Жалын. - 1988. - №3. - 39 б., №4.- 33-39 б. 

Бектұров  Ж.К.  Сəкеннің  соңғы  сəттері:  "Енеден  ерте    айрылған  төл  секілді..."  кітабынан 

үзінді// Орталық Қазақстан.- 2004.- 9 қазан.-7 б. 

Бектұров Ж. Сəкен Сейфуллин // Орталық Қазақстан.- 1973.- 5 сəуір 

Бектұров Ж. Сəкен Сейфуллиннің “С.А. ауылы” қай ауыл? // Қазақ əдебиті.- 1974.- 28 маус. 

Бектұров Ж. Сүрен: Өлең // Шипагер.- 1997.- 29 мамыр 

Бектұров Ж.Сурет сырсыз, үнсіз бе? // Ана тілі.- 1994.- №10 (наурыз) 

Бектұров Ж. Суреттерді сөйлеткенде: Мұра // Орталық Қазақстан.- 1990.- 18 тамыз 

Бектұров Ж. Сурет сыр шертеді // Орталық Қазақстан.- 1982.- 21 маусым 

Бектұров Ж. Сыр сандықтан: Əр жылдардың жырлары // Орталық Қазақстан.- 1996.- 6 сəуір 

Бектұров Ж. Сібірде: /30-шы жылдары сұрапыл аштықта шұбырып, Сібірде топырақ қапқан 

қазақ елі құрбандарына арналады/ // Орталық Қазақстан.- 1995.- 3 маусым 

Бектұров  Ж.  Тағы  да  Олжабай  туралы:  /Олжабай  ақын/  //  Орталық  Қазақстан.-  1990.-  14 

маусым 

Бектұров Ж. Тайбурылдың өлімі: Романнан үзінділер // Орталық Қазақстан.- 1992.- 7, 9, 12, 



14, 16, 19, 21 мамыр 

Бектұров Ж. Таңба: Роман // Жұлдыз.- 1989.- №7.- 3-69 б. 

Бектұров Ж. Тауқымет: Памфлет // Орталық Қазақстан.- 1990.- 26-28 қазан 

Бектұров  Ж.  Тұлғалы  қайраткер:  /Х.Жүсіпбеков,  Н.Нұрмақов  жайында/  //  Орталық 

Қазақстан.- 1980.- 26 тамыз 


Бектұров Ж. Тұрлыбектің тығырығы: Хикая // Орталық Қазақстан.- 1995.-5-7, 8-9 желтоқсан, 

1996.- 18, 20-22 маусым 

Бектұров Ж. Түйін: Толғау // Замандас.- 1994.- 24 маусым 

Бектұров Ж. Түн басқанда төбеңнен: Мұң мен сыр // Замандас.- 1991.- 28 маус. 

Бектұров Ж. Түрлі-түрлі құстар бар: Өлең // Орталық Қазақстан.- 1981.- 19 қараша 

Бектұров Ж. Түсімде де, өңімде де: Толғау // Орталық Қазақстан.- 1992.- 27 наурыз 

Бектұров Ж. Тығырық // Орталық Қазақстан.- 1996.- №7.- 31-66 б. 

Бектұров Ж. Тілмаш // Орталық Қазақстан.- 1993.- 26, 27 қазан 

Бектұров Ж. Тілім менің: Поэма // Орталық Қазақстан.- 1991.- 20, 23 шілде 

Бектұров Ж. Хан мен қайыршы: Аңыз-ертегі // Орталық Қазақстан.- 1991.- 20 сəуір 

Бектұров  Ж.  Ілекең  ілегінде:  І.Жансүгіровтің  туғанына  95  жыл  толуына  орай  //  Орталық 

Қазақстан.- 1989.- 16, 17 желтоқсан 

Бектұров  Ж.  Шалдауыр  шариғат:  Сықақ  əңгімелер  //  Орталық  Қазақстан.-  1968.-  19-22 

желтоқсан 

Бектұров  Ж.  Этап:  /Өлең  сөзбен  жазған  естелік:  1962  ж./  //  Орталық  Қазақстан.-  1994.-  29 

қазан., 1 қараша 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал