Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/13
Дата14.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Алғы
 сөз 
 
«Өлкетану 
əдебиеттерін 
насихаттауға 
арналған 
көмек 
құралы» 
атты 
библиографиялық  əдебиеттер  көрсеткішін  Н.В.Гоголь  атындағы  облыстық  ғылыми–
əмбебап кітапханасы 1971 жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарады. 
Бұл  көрсеткіште  облысымыздың  тарихындағы,  экономикасы  мен  мəдениетіндегі 
көрнекті  даталарға,  белгілі  қоғам  қайраткерлерінің  мерейтойлық  даталарына  қысқаша 
анықтама жазылып, əдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі. 
Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген жəне де «Анықтамасыз жəне 
əдебиеттер  тізімісіз  қосымша  даталар»  тізімі  бар.  Айы  мен  күні  белгісіз  даталарды 
кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады. 
Материалдарды  жинақтауда  Н.В.Гоголь  атындағы  кітапхананың каталогы,  өлкетану 
картотекасы мен электрондық өлкетану каталогы пайдаланылды. 
Əдебиеттер тізімін кейінгі кітаптармен жəне мерзімді басылымдар материалдарымен 
толықтырып отыру қажет. 
Көрсеткіш  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  жасалған,  кітапханашыларға,  оқырмандарға, 
барша өлкетану əдебиеттерін насихаттаушыларға арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Аталып
 өтілетін даталар  
 
4 ақпан 1940- 2006 
ҚРҰҒА-ның  корресппондент-мүшесі,  медицина  ғылымының 
докторы, 
белгілі 
ғалым-гигиенист, 
профессор 
Ғабдолла 
Əбдіқожаұлы Құлқыбаевтың туғанына 70 жыл 
23 наурыз 1925-1983 
Металлург,  Қаз.ССР  ҒА-ның  академигі,  техника  ғылымының 
докторы,  профессор,  СССР  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты 
Евней Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 85 жыл 
29 наурыз 1950 
Ақын Серік Ақсұңқарұлының туғанына 60 жыл 
25 сəуір 1895-1937 
Қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақұлының туғанына 115 жыл 
5 мамыр 1940  
Жазушы Өмір Кəріпұлының туғанына 70 жыл 
18 мамыр 1885-1955  
Халық ақыны Қайып Айнабекұлының туғанына 125 жыл  
25 мамыр 1925 
Даңқ  орденінің  толық  иегері,  Қарағанды  қаласының  құрметті 
азаматы Иван Андреевич Карабановтың туғанына 85 жыл 
Мамыр 1975   
 
Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  қарағандылық  жауынгерлер 
мемориалының  ашылуына  35  жыл;  1980  жылы  Жеңіс  паркі 
ашылды 
1 маусым 1950 
ҚР халық артисі Қайрат Байбосыновтың туғанына 60 жыл 
19 маусым 1900-1938  Қазақ жазушысы Хамза Жүсіпбековтың туғанына 110 жыл 
30-31 - тамыз 1935  
 
Стаханов  қозғалысының  басталуы  75  жыл;    26  қыркүйек 
Т.Күзембаевтың  бригадасы  (6адам)көмір  жөнінен  Қарағанды 
бассейннің  рекордын  жасағанына  75  жыл;    7-9  желтоқсан  облыс 
стахановшыларының алғашқы слеті 75 жыл 
Тамыз 1850-1946 
Қазақ халық ақыны Дөскей Əлімбаевтың туғанына 160 жыл 
1 қыркүйек 1950 
Қарағанды Мемлекеттік Медицина академиясының ашылуына 60 
жыл 
қыркүйек 2005   
 
Ұлытауда «Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар 
бірлігі» монументі орнатылғанына 5 жыл 
1 қазан 1945 
Теміртау  қаласының  құрылғанына  65  жыл;  3  шілде  1960 
Қарағанды  металлургия  заводының  1-домнасы  іске  қосылып, 
алғашқы Қазақстан шойыны алынғанына 50 жыл 
7 қараша 1930-1986 
Ақын Еркеш Ибраһимнің (Ебікенов) туғанына 80 жыл 
15 қараша 1915-1987 
Травматолог-ортопед, 
медицина 
ғылымының 
докторы, 
профессор, 
Қаз.ССР-інің 
еңбек 
сіңірген 
дəрігері 
Хафиз 
Жаңабайұлы Мақажановтың туғанына 95 жыл 
20 қараша 1920 
Ақын Жаппар Өмірбекұлының туғанына 90 жыл 
29 қараша 1990 
«Ұлытау» мемлекеттік тарихи-өлкетану жəне табиғи қорық-
музейінің ашылғанына 20 жыл 
8 желтоқсан 1960  
Жезқазған қаласында телестудия жұмыс істей бастады  50 жыл 
17 желтоқсан 1930 
Қарқаралы ауданының құрылғанына 80 жыл 
27 желтоқсан 1915-
2006 
Тау-кен  ісі  саласындағы  ғалым,  техника  ғылымының  докторы, 
профессор,  Қаз.  ССР  ҒА-ның  академигі,  Социалистік  Еңбек  Ері, 
Қаз. ССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Əбілқас Сағыновтың 
туғанына 95 жыл 
28 желтоқсан 1940  
Осакаров ауданының құрылғанына 70 жыл 
1665-1765 
Мемлекет  жəне  қоғам  қайраткері  Қазыбек  би  Келдібекұлының 
туғанына 345 жыл 
1815-1862 
Композитор,  күйші,  шертпе  күй  орындау  шебері  Тəттімбет 
Қазанғапұлының туғанына 195 жыл 
1850-1922 
Күйші Қыздарбектің туғанына 160 жыл 
 
 

1860-1918 
Халық ақыны Нарманбет Орманбетұлының туғанына 150 жыл 
1865-1952 
Қазақ 
халық 
ақыны, 
əнші, 
композитор 
Шашубай 
Қошқарбайұлының туғанына 145 жыл 
1880-1921 
Қазақ халық композиторы, əнші Мəди Бəпиұлының туғанына 130 
жыл, əншінің 125 жылдығына арналған І республикалық дəстүрлі 
əншілер конкурсына 5 жыл (2005) 
1880-1954 
Халық ақыны Ілияс Манкіұлының туғанына 130 жыл 
1885-1937  
Əлімбеков Имам туғанына 125 жыл 
1895-1938   
Айбасов Бірмұхамед туғанына 115 жыл 
1920-1997 
Мəдениет қайраткері Мақат Рымжанұлы Рымжановтың туғанына 
90 жыл 
1920-1948 
Жазушы Жылқыбай Нұрбекұлының туғанына 90 жыл 
1920-1976 
Ақын Қабыкен Мұқышевтың туғанына 90 жыл 
1920 
Ғалым-экономист, 
экономика 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор  Талғат  Абдрахманұлы  Абдразаковтың  туғанына  90 
жыл 
1940  
Омарбекұлы Мақсым  туғанына 70 жыл 
 
 
4  ақпан  1940  –  ҚРҰҒА-ның  корресппондент-
мүшесі
,  медицина  ғылымының  докторы,  белгілі 
ғалым
-гигиенист, 
профессор
 
Ғабдолла
                        
Əбдіқожаұлы
 Құлқыбаевтың туғанына 70 жыл 
 
 
Ғабдолла  Əбдіқожаұлы  Құлқыбаев  1940  жылы  4  ақпанда  Қарағанды 
облысы  Жаңаарқа  ауданы,  С.Сейфуллин  атындағы  кеңшарда  дүниеге 
келген. 
1957  жылы  Қарағанды  мемлекеттік  медицина  институтының  емдеу 
факультетіне  түсті.  1969  жылы  осы  институттың  аспирантурасын 
ойдағыдай аяқтап, кандидаттық диссертация қорғады. 
1966 жылдан 1978 жылдар арасында ҚММИ ассистент, доцент қызметтерін атқарды. 
1969  жылы  Ғ.Ə.Құлқыбаев  «Бауырдың  функционалдық  жағдайының    жас 
ерекшеліктері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. 
1979-1981  ж.ж.  ҚР  ДМ  жаңадан  құрылған  кардиология  Институтында  директор 
болып  істеді.  Кардиология  Институтының  бірінші  директоры  жəне  негізін  қалаушы 
ретінде  ұзақ  мерзімді  ғылыми  бағдарлама  əзірледі,  ол  бүгінгі  таңға  дейін  өз  мəнісін 
жоғалтқан жоқ. 
1982  жылдан  1989  жылдар  аралығында  КСРО  МҒА  тамақтанудың  аймақтық 
проблемалары  институты  мен  өлкелік  паталогиялар  институтында  лаборатория  жəне 
бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарды. 
1990  жылы  ол  «Фосфор  өндірісіндегі  зиянды  заттармен  уланудың  патогенезіне, 
алдын-алуына  жəне  емдеуіндегі  тамақтану  факторының  ролі»  тақырыбында  докторлық 
диссертация қорғады. 
1990  жылы  Ғ.Ə.Құлқыбаев  ҚР  ҰҒА  еңбек  гигиенасы  мен  физиологиясы 
институтында директор болып сайланды. Осы кезден бастап Ғ.Ə.Құлқыбаевтың – ғалым, 
жетекші 
жəне 
медицина 
ғылымын 
ұйымдастырушы 
ретінде 
көпқырлы 
дарындылығыерекше  айқын  байқалды.  Мұнда  жүргізілетін  жүргізілетін  ғылыми 
зерттеулердің  аукымы  кенейді.  Ғ.Ə.Құлқыбаевтың  тікелей  араласуымен  институтта 
экологияның медициналық-гигиеналық проблемалары бөлімі ашылды, əрі табысты жұмыс 
істеуде.  

Ғ.Ə.Құлқыбаев  300-ге  жуық  ғылыми  еңбктің  авторы,  оның  30-ы  шетелдерде  жарық 
көрген,  10  монография  шығарылып,  өзінің  редакциясында  14  ғылыми  еңбектер  жинағын 
жарыққа  шығарды.  Сонымен  қатар,  «Профпатология  жетекші  құралы»  жəне  «Еңбек 
гигиенасы  жетекші  құралы»  дайындалды.  Ресей  мен  Қазақстан  бойынша  8  авторлық 
куəлік пен патенттер иегері. Шетелдердегі бірнеше ғылыми журналдың редакциялық алқа 
мүшесі.  Ғылыми  ізденістермен  қатар  жоғары  оқу  орындарында  жастардың  тəлім-
тəрбиесімен  шұғылданып,  дəріс  берді.  Сол  себепті  1992  жылы  «Гигиена»  мамандығы 
бойыншы профессор ғылыми атағын иеленді. 
Профессор  Ғ.Ə.Құлқыбаев  18  ғылым  докторы  мен  34  маедицина  ғылымдарының 
кандидатын  дайындады.  Оның  оқушылары  республикада  кафедраларды,ғылыми 
лабораторияларды басқаруда. 
Қазақстан  ғылымын  дамытудағы  Ғ.Ə.Құлқыбаев  еңбегі  өзіндік  бағасын  алды,  ол 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  мүше-корресппонденті  (1995), 
профилактикалық  медицина  академиясының  академигі  (1996),  Қазақстан  Ғылым 
Академиясы  Президиумының  мүшесі  (1999),  Ол  ҚР  дарынды  ғалымдарына  арналған 
мемлекетік  стипендияның  иегері  (1997),  ҚР  ҰҒА  Президиумының,  ҚР  Ғ  жəне  ЖБМ 
жоғарғы ғылыми-техникалық Кеңесінің мүшесі. 
Ғ.Ə.Құлқыбаев үлкен ғылыми-коғамдық жұмыстар атқарды. Ол 14.00.07.  «Гигиена» 
мамандығы  бойынша  докторлық  жəне  кандидаттық  диссертациялар  қорғау  жөніндегі 
Диссертациялық  Кеңестің  Төрағасы,  физиологтардың  Республикалық  қоғамның  вице-
президенті,  «седицина  труда  и  прмышленная  экология»  жəне  «Известия  МН  и  АМ  РК» 
журналдарының  редакциялық  кеңесінің  мүшесі,  «Медицина  и  экология»,  «Здоровья  и 
болезнь» журналдарының редакциялық коллегиясының мүшесі, «Қазақстан Денсаулығы», 
«Гигиена,  эпидемиология  жəне  иммунология»,  Астана  (Медицина)  журналдарының 
редакциялық кеңесінің мүшесі. 
Ғ.Ə.Құлқыбаевтың  қайраткерлігін  өкімет  əділ  бағалаған.  Ғылыми,  методикалық 
жұмыстарда,  денсаулық  сақтау  мекемелерімен  белсенді  жұмыстар  мен  сауықтыру 
шараларын  енгізуде  мамандар  дайындауда  табысты  еңбегі  үшін  Ғ.Ə.Құлқыбаев  «Əль-
Фараби»,  «Тың  жерлерді  игергені  үшін»,  «Еңбек  ардагері»  медальдарымен,  «Денсаулық 
сақтау ісі үздігі» белгісімен жəне құрмет грамотасымен марапатталды. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  Академиясының  академигі,  медицина 
ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 
министрлігінің  Еңбек  гигиенасы  жəне  кəсіби  аурулар  Ұлттық  Ортапығының  құрметті 
директоры, 
докторлық 
жəне 
кандидаттық 
диссертацияларды 
қорғау 
жөніндегі 
диссертациялық  кеңестің  төрағасы,  Қарағанды  қаласының  жəне  Қарағанды  облысы 
Жаңаарқа  ауданының  Құрметті  азаматы  Ғ.Ə.Құлқыбаев  2006  жылы  наурызда  66  жасқа 
қараған шағында тосыннан қайтыс болды. 
 
Əдебиеттер

 
Құлқыбаев,  Ғ.  Ақселеу  асулары:  Жазушы,  Ғалым  Ақселеу  Сейдiмбек  -  60  жаста  // 
Орт. Қазақстан.- 2002.- 23 қараша.-8 б. 
Құлқыбаев  Ғ.  Артритттер  мен  артроздар.  -  Алматы  :  Қазақстан,  1986.  -  64  б.  - 
(Денсаулық - зор байлық) 
Құлқыбаев Ғ. Институтқа мəңгi қарыздармын // Орт. Қазақстан.- 2000.- 4 қазан 
Құлқыбаев Ғ.Ə. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі (физиологиялық зерттеудің нəтижесі)/ Ғ. 
Ə. Құлқыбаев, Р. Бұласай. - Қарағанды : Санат, 2003. - 145 б.  
Құлқыбаев Ғ. Ол - хан батыры Қабанбай суретi емес: Жаңғырық // Орт. Қазақстан.- 
2001.- 10 қаңтар 
Құлқыбаев  Ғ.Ə.  Рухани  аға  əрi  сырласым  болатын:  Жазушы  Ж.Бектұровтың 
туғанына - 90 жыл // Орт. Қазақстан.- 2002.- 11 желтоєсан.-9 б. 

Құлқыбаев  Ғ.Ə.  Ұлттық  орталық  ұлт  денсаулығын  көксейдi:  ҚР  денсаулық  сақтау 
министрлiгiнiң  Еңбек  гигиенасы  жəне  кəсiби  аурулар  ұлттық  орталығының  дир. 
Ғ.Ə.Құлқыбаевпен əңгiме / Əңгiмелескен Д.Мақаш // Орт. Қазақстан.- 2002.- 30 қараша.-6 
б. 
Құлқыбаев  Ғ.  Ұлы  ұлттық  ұлына  ұсақ  болу  ұят-ты..:  Профессордың  аузынан 
шашылып түскен тiркестер // Орт. Қазақстан.- 2000.- 2 ақпан 
 
Ол
 туралы əдебиеттер: 
 
Абдрахманов  О.А.  Альгология:  [оқулық]  /  О.А.;  ред.  басқ.  Ғ.Ə.  Құлқыбаев.- 
Қарағанды: Санат, [1997].- 398 б. 
Айтұлы  Н.  Халқыңа  керек  едің:  Ғабдолла  Құлқыбаевтың  рухына  //  Орт.Қазақстан.- 
2006.- 20 сəуір.-13 б. 
 Ақсұңқарұлы  С.  Асау  ағынның  тұнығы  сом  алтынның  сынығы  академик 
Ғ.Құлқыбаевтың  есімін  ел  жадында  қалдырудың  қам-қаракеттеріне  кірісуіміз  керек: 
тағзым // Орт.Қазақстан.- 2006.- 25 сəуір.- 8 б. 
Ақсұңқарұлы С. Профессор: [Өлең]// Орт. Қазақстан.- 2000.-2 ақпан 
Ақсұңқарұлы С. Ұрпақтікі - мына жатқан қара жер:// Қазақ  əдебиеті.- Алматы, 2002.- 
3 мамыр (N18).-6, 7 б. 
Алдашев  А.    Сегіз  қырлы,  бір  сырлы:  жақсының  аты  өлмейді  //  Орт.Қазақстан.- 
2007.- 17 наурыз.-4 б. 
Аманжолұлы І.   Алаштың академигі еді: тағзым // Орт.Қазақстан.- 2007.- 31 наурыз.-
5 б. 
Аманжол I. Тұлпардың тұяғы: [Профессор Қ.Ə.Құлқыбаев туралы] // Азия Транзит.- 
2000.-N1.-26 б. 
Əбілдин Қ.  Есте сақталар ерен тұлға: тағзым // Орт.Қазақстан.- 2006.- 5 қыркүйек.-9 
б.  
Əлиақпаров М. Əттеген-ай!: тағзым // Орт.Қазақстан.- 2006.- 21 қыркүйек.-6 б. 
Əшімұлы  Б.  Академиядағы  алқалы  жиын:  конференция  //  Орт.Қазақстан.-  2005.-  27 
қазан.-9 б. 
Бөкетов Қ. Əмбебап академик еді: тағзым // Орт.Қазақстан.- 2006.- 20 сəуір.-12 б. 
Габдулла Абдыкожаевич Кулкыбаев.- Караганда: Санат, 2001.- 89 с. 
Ғабдолла Əбдіқожаұлы Құлқыбаев: [некролог] //Орт.Қазақстан.- 2006.- 18 наурыз.-15 
б. 
Дахбайұлы Б.   Алдырмаған аяқтан көкжалым ең..: акедемик Ғ.Құлқыбаевты аңсау // 
Орт.Қазақстан.- 2006.- 20 сəуір.-13 б. 
Дүйсембин К.  Жігіттің сұлтаны еді: жақсының аты өлмейді // Орт.Қазақстан.-2007.- 
17 наурыз.-4 б. 
Дүйсенов  М.  "Кездесулер":  [Профессор  Ғ.Ə.Құлқыбаев  туралы  естелiк]//  Азия 
Транзит.- 2000.- N1.-28 б. 
Жəлел  О.    Шырқаған  əнұраным  -  Қаракесек  //  Балқантау.-  Қарағанды,  2006.-  26 
қаңтар.-6 б. 
Игенберлин  Е.  Қош,  Ғабдолла!:  медицина  ғылымдарының  докторы  Ғабдолла 
Əбдіқожаұлы Құлқыбаевтың азасы // Орт.Қазақстан.- 2006.- 20 сəуір.-12 б. 
Қирабаев С.  Қабыкенім менің // Орталық Қазақстан. - 2009. - 17 наурыз (№ 39). - 3 б. 
Молдахметов  З.  Академик  Құлқыбаевты  құрметтейік:    ұсыныс  //  Орт.Қазақстан.-
2006.- 4 қараша.-5 б. 
Мұсабеков Б.  Бір туар: тағзым //Орт.Қазақстан.- 2008.- 15 наурыз.-5 б. 
Өмiрдерек: Профессор Ғ.Ə.Құлқыбаев туралы // Орт. Қазақстан.- 2000.- 2 ақпан 
Сейдімбек А.     Халықтың Ғабдолласы // Орт.Қазақстан.- 2006.- 20 сəуір.-13 б. 
Тəмен АҒалымға арналған көрме // Орт.Қазақстан. - 2008. - 8 сəуір (№55-56) . - 9 б. 
Тəмен А.  Тұлға: тағзым // Орт.Қазақстан.-  2007.- 31 наурыз.-5 б. 

23  наурыз  1925  -  Металлург,  Қаз.ССР  ҒА-ның 
академигі

техника
 
ғылымының
 
докторы

профессор
,  СССР  Мемлекеттік  сыйлықтың 
лауреаты
 
Евней
 
Арыстанұлы
 
Бөкетовтің
 
туғанына
 85 жыл 
 
ҚРҒА-ның  академигі  Евней  Арыстанұлы  Бөкетов  –  жеңіл,  асыл, 
шашыранды  жəне  ауыр  металдар  металлургиясы  мен  химиясы  салалары 
бойынша  атақты  металлург-ғалым  жəне  физик-химик,  күлі  көп  көмірден 
сұйық  отын  алуды  ұйымдастырушы.  Қазақстандағы  ғылым  мен  жоғарғы 
оқуды  ірі  ұйымдастырушылардың  бірі,  жазушы,  аудармашы  жəне  əдебиет 
сыншысы. 
Е.А.Бөкетов  1925  жылдың  23  наурызында  Солтүстік  Қазақстан 
облысының  Октябрь  ауданындағы  (қазіргі  Сергеев)  ауданындағы  Бағанаты  ауылында 
дүниеге келген. Əкесі Арыстан малшы-шаруа болған, етікшілікпен айналысқан, кейіннен 
совхоз  бен  колхозда  жұмысшы  болып  істеген,  ал  шешесі  Балтай  үй  шаруасы  жəне 
балаларды тəрбиелеумен айналысқан. 
Отызыншы  жылдардың  басында  Қазақстанда  егіс  шықпай  қалды.  Осы  кезде 
Бөкетовтардың  жанұясы  орыс  мекендеріне  тереңдей  жол  тартты,  сөйтіп  Ресейдің  Қорған 
облысындағы  Мокроусов  ауданына  қарасты  Кіші  Кизак  деревнясынан  баспана  тапты. 
Евней оқуды 1931 жылы əуелі Кіші Кизак деревнясындағы мектепте бастады, одан соң 4-
класты Макушин егін совхозындағы мектепте оқыды. Осында əкесі қара жұмысшы болып 
істейтін.  Бұдан  соң  ол  Ыбырай  ағасымен  (əкесінің  інісі)  бірге  елге,  Солтүстік  Қазақстан 
облысындағы  Марьевка  селосына  (аудан  орталығы)  қайтып  оралды.  Осындағы  мектепте 
4-кластан  бастап  оқып,  9-класты  бітірді.  1938  жылы  туған  жерге  ата-аналары  да  қайтып 
келді.  Əкесі  Октябрь  ауданындағы  «Қызыл  əлем»  («Двойники»  селосы)  ауыл 
шаруашылық артеліне кірді. 1941 жылы тоғызыншы класты бітіргеннен соң əкесінің ауру 
болуына байланысты Евнейдің мектептегі оқуды тоқтатуына тура келді, сөйтіп ол жұмыс 
істей  бастады.  Ол  Октябрь  ауданындағы  Соколовка,  Ольгинка  жəне  Жалтыр 
ауылдарындағы,  Двойники  жəне  Гордецк  селоларындағы  бастауыш  жəне  орталау 
мектептерде  мұғалім  болып  қызмет  атқарды.  Ольгинка  селосында  мектептің  оқу  ісінің 
меңгерушісі де болды. 
Евней  мұғалім  болып  1945  жылдың  көктеміне  дейін  істеді.  Бірақ  осы  жылдардың 
барлығында да оның ойынан оқуды бітіріп, аттестат алу ниеті ешқашанда шыққан жоқ еді. 
Бұл  арманына  осы  1945  жылы  қолы  жетты,  өз  бетінше  дайындалып,  Марьевка  орта 
мектебінде емтихан тапсырып, кəмлеттік аттестат алды.  
Евней  1939-1947  жылдары  БЛКЖО  қатарында  болды  жəне  қай  жерде  де  жұмыс 
істемесін  немесе  оқымасын  олардағы  бастауыш  комсомол  ұйымдарының  жұмыстарына 
белсене қатысып отырды. 
1945  жылы  Е.А.Бөкетов  Алматы  қаласына  келіп,  осындағы  Қазақ  кен-металлургия 
институтының  металлургия  факультетіне  оқуға  түсті,  сөйтіп  оны  1950  жылы  бітіріп 
шықты.  Ол  1947  жылы  БК(б)П  мүшелігіне  кандидат,  ал  1949  жылы  мүшесі  болып 
қабылданды. 
1951-1953 
жылдары 
Е.А.Бөкетов 
өзі 
бітірген 
институттың 
(ҚазКМИ) 
аспирантурасында  оқыды  да,  1954  жылдың  шілде  айында  Қазақ  КСР  Ғылым 
Академиясының Металлургия жəне кен байыту институтының біріккен ғылыми кеңесінде 
молибденді  бөліп  алу  оның  химиялық  анализі  мəселелері  бойынша  техника 
ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін диссертация қорғап шықты. 
Осыдан  кейін  Е.А.Бөкетовтың  жоғарғы  мектеп  оқытушысы  ретіндегі  еңбек  жолы 
басталды. 
1960  жылдың  басында  Е.Бөкетовты  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясың  президенті, 
академик  Қ.И.Сəтбаев  əңгімеге  шақырып,  Академия  атынан  оның  жүйесінде, 

республиканың  елімізге  белгілі  өндіріс  орталығындағы  жаңадан  ғана  ашылған  химия 
ғылымдары  институтында  директор  болып  қызмет  істеуді  ұсынды.  Евней  Арыстанұлы 
Сəтбаевтың  ұсынысын  қабыл  алып,  оның  сенімін  ақтайтындығына  уəде  берді.  Осы 
қызметте 1972 жылдың наурызынна дейін істеді. 
Евней  Арыстанұлы  1972  жылдың  наурыз  айында  Қарағанды  қаласында  ашылған 
республикадағы  екінші  университеттің  тұңғыш  ректоры  болып  тағайындалды.  Осы 
қызметте  ол  1980  жылдың  қаңтар  айының  ортасына  дейін,  яғни  денсаулығының 
нашарлауына байланысты (ал шартты түрде  «Өз тілегі бойынша») деген əділетсіз шешім 
арқылы босатқанға дейін істеді. 
Университеттегі  ректорлық  қызметтен  босағаннан  соң,  Е.А.Бөкетов  1980-1983 
жылдары  (яғни  өмірінің  ақырына  дейін)  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының  Химия-
металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі болып қызмет 
істеді. 
Е.А.Бөкетов  халық  жадында  сақтаулы.  Оның  жарқын  бейнесі  мемориалдық  тақта 
жəне  бейне  кескіні  арқылы  өзі  12  жыл  басқарған  ҚРҒА-ның  Химия-металлургия 
институтының фасадынан орын алды. 
Қарағанды  университетінде  академик  Е.А.Бөкетов  атындағы  8  стипендия 
тағайындалды.  1991  жылы  тамыз  айында  Қарағанды  мемлекеттік  университетіне  оның 
алғашқы  ректоры  Е.А.Бөкетов  есімі  берілді,  сонымен  бірге  Қарағанды  қаласының 
Оңтүстік-Шығысындағы  «Гүлдер»  атты шағын ауданындағы бір көшеге Е.А.Бөкетов аты 
берілді. 
1992  жылы  маусым  айында  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарМУ-дың  20  жылдығы 
қарсаңында  университетте  Е.А.Бөкетовтің  мұражайы  ашылды,  ал  жаңа  1993  жылдың 
қарсаңында ҚарМУ-да жəне ҚРҒА-ның Орталық Қазақстан Бөлімшесінде республиканың 
творчество  саласындағы  жастарды  биік  парасаттылық,  азаматтық  негіздер  рухында 
тəрбиелеу  жəне  оларға  жəрдем  жəне  қолдау  көрсету  мақсатында  Е.А.Бөкетов  қоры 
құрылды. 
Е.Бөкетовтің  туғанына  80  жыл  толуына  байланысты    республиканың  Ескерткіштер 
жəне монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссиясы шешімімен Қарағанды мемлекеттік 
университеті  алдындағы  алаңға  ғалымға  ескерткіш  орнатылды.  Ескерткіштің  авторлары 
біздің  жерлестеріміз  -  мүсінші  А.Билык  жəне  сəулетші  С.Мордвинцев.  Ескерткіште 
академик дəріс кафедрасына оң қолын тіреп, ойлы көзбен бүгінгі жас ұрпаққа мерейлене 
қарап тұр. Тұлғаның биіктігі 4,32 метр. Тұғыры қызыл граниттен жасалған. Ескерткіштің 
жалпы жалпы биіктігі жеті метрге жуық. 2006 жылы 14 желтоқсанда ескерткіштің ашылу 
салтанаты болды. 
 
Əдебиеттер

 
Бөкетов Е. Үш сұлу: өлеңдер // Орт. Қазақстан.- 2001.-28 сəуiр 
Бөкетов  Қ.  Академик  Евней  Бөкетов  жəне  "Орталық  Қазақстан"//  Орт.  Қазақстан.- 
2001.-20 маусым 
Бөкетов  Х.  Тау  жотасының  алыптары:  Е.А.Бөкетовтың  туғанына-75  жыл  //  Орт. 
Қазақстан.- 2000.-29 наурыз 
Букетов Е. Атан қомында туған адам: Ғылым, өнер туралы ойлар.- Алматы: Жазушы, 
1975.- 140 бет. 
Букетов  Е.  Ағадан  –  ақыл,  ініден  -  ілтипат  //  Білім  жəне  еңбек.–1971.-  №6.-  14-15б, 
20-21б.  
Букетов  Е.  Аққан  жұлдыздан  құс  жолына  дейін:  Қ.И.  Сəтбаевтың  70  ж-на  //  Орт. 
Қазақстан.–1969.- 21 наурыз 
Букетов Е. Алтын босағаны аттағандарға // Жалын.– 1976.- №4.- 134-140 б. 
Букетов Е. Алты хат: Повесть.- Алматы: Жалын, 1996.- 272 бет. 

Букетов  Е.  Алып  адым:  /Республикадағы  қара  металлургия  өндірісінің  даму 
тарихынан/ //Жұлдыз.–1977. - №11.- 138-140 б. 
Букетов Е. Жас Қаныш: Деректi хикаят.- Алматы: Қазаєстан, 1999.- 192бет. 
Букетов Е. Жас замандас келбеті. // Мəдениет жəне тұрмыс. – 1974.-№1.- 1-4 б. 
Букетов Е. Көкейкестi.- Алматы: Қазақстан, 2000.- 432бет (Екi тiлде) 
Букетов, Е. Көкейкестi / Е.Букетов.- 2002.- 410 бет. 
Букетов Е. Көркем аударма, қал қалай?! // Лениншіл жас.– 1975.–4 шілде 
Букетов  Е.  Қарағанды.  Химия  жəне  оның  болашағы.  //  Соц.  Қазақстан.–1969.–21 
наурыз 
Букетов  Е.  Қараша  үйден  Қарағанды  университетіне  дейін.  //  Білім  жəне  еңбек.  – 
1972. -№12.- 20-23 б. 
Букетов Е. Макбет. // Орт. Қазақстан.–1978.–17 мамыр 
Букетов Е. Өндіріс пен ғылым егіз. // Қазақстан коммунисі. – 1972.- №4.–49-54 б. 
Букетов  Е.  Сыйлас,  сырлас,  көмектес:  /  Жастар  туралы  //  Соц.  Қазақстан.-1969.–11 
қазан 
Букетов Е. Сырласамыз көсеммен. // Орт. Қазақстан.- 1970.- 19 көкек. 
Букетов Е. Табиғат ананы аялай білейік. // Орт. Қазақстан. - 1988. – 19 қараша 
Букетов Е. Табиғат тіршілік көзі. // Соц.Қазақстан.- 1978.- 31 қазан 
Есенин  С.  Келіншекке хат.  Качаловтың  итіне:  /  Ауд.  Е.  Букетов/  //  Қазақ  əдебиеті.–
1974.–23 тамыз 
Золя  Э.  Əңгімелері  мен  мақалалары.  /  орысшадан  ауд.  Е.А.Букетов.  -  Алматы: 
Қазмемкөркемəдеббас, 1956.–232 б. 
Шекспир У.  Макбет: Е.А.Бөкетовтің тəржімасы // Азия Транзит.- Қарағанды, 2005.- 
N3  (наурыз).-9 б. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал