Александр твардовский василий теркин (поэма)



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/7
Дата10.03.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

АЛЕКСАНДР ТВАРДОВСКИЙ 
ВАСИЛИЙ ТЕРКИН 
(поэма) 
Автордан 
Соғыста, шаңды жорықта, 
Жаз-ыстық,  қысқы суықта, 
Судан да артар сусының 
Сірә да сірә болып па. 
Құдықтан яки жылғадан, 
Шүмектен яки трубадан, 
Ат тұяғы бір басқан 
Шұңқырдан яки жырадан, 
Сіресіп әбден мұз  қатқан, 
Өзеннен яки бұлақтан 
Кездессін де салқын су,— 
Кезінде аңсап  құмартқан. 
Соғыста,  қысаң тұрмыста, 
Қыяд-кескі  ұрыста, 
Кезіп кеп долы даланы, 
Орманнан тапсаң пананы, 
Бұрқырап буы ыдыста, 
Тұрса әскер тамағы,— 
Бір жасарсын ондайда! 
Тек асбасшы жігітің 
Өз адамың болғай да. 
Тізімде босқа жүрмесін 
Ұйқтамасын кей түні, 
Семіздеу болсын, тоқ болсын, 
Ыстықтау болсын, көп болсын. 
Солдаттың ішіп-жейтіні. 
Ас — адамның арқауы, 
Қайратты жігіт  қорқа ма, 
Төбелеске енсін де, 
Күшін бір сынап көрсін де; 
Бірақ, бүкіл мәселе 
Тұрған жоқ-ау сорпада. 

Соғыста, сөтке бойына 
Аш жүруге болады-ау, 
Одан да көпке әзірсіз; 
Бірақ та  қалжың-әзілсіз 
Қыйынырақ соғады-ау, 
Темекісіз күн бар ма, 
Бомбыдан бомбы жауғанда, 
Сол сықылды  қалжыңсыз. 
Әңгімесіз, әзілсіз 
Жүре алмассыз,  қажырсыз. 
Не  қыйындық қысқанда, 
Вася Теркин батырым, 
Сенсіз бітер іс бар ма. 
Бір нәрсе бар өмірде 
Онсыз өмір кім сүрер, 
Ол не өзі? 
Ол — шындық, 
Ойлаған жан түсінер. 
Қою болсын сол шындық, 
Көңіл бірден тоярлық, 
Ащы болса, уаха жоқ, 
Таңдайыңды оярлық... 
Енді не бар айтатын? 
Айттым білем бар мәнін, 
Бас-аяқсыз бір кітап 
Жауынгерге арнадым. 
Неге бассыз? дейсіз-ау, 
Баяндауға басынан 
Уақыт бермес билікті; 
Неге аяқсыз? дейсіз-ау,— 
Қыймаймын ғой жігітті. 
Ел басына күн туып 
Жау келгенде жұлқынып, 
Біз екеуміз, Вася дос, 
Дос болдық па бостан-бос. 
Ұмыта алман мен соны, 
Ұмытсам да басқаңды, 
Көмектестің әр жолы, 
Достығымыз басталды, 
Қалжыңқұмар, сөзге ұста. 
Теркин  қымбат соғыста. 

Досым едің жан  құмар, 
Сендей досты кім  қияр? 
Енді осы кітапты 
Ортасынан бастайын, 
Аржағы өзі-ақ жөн табар. 
ТЫНЫС АЛҒАН ЖЕРДЕ 
Іскер еді-ау сол бір шал, 
Айтып -айтпай не керек, 
Жол-жөнекей жүріп-ақ, 
Ас істейтін керемет. 
Сорпасы да ботқасы 
Қандай тәтті піседі, 
Тамақ бабын білетін 
Шіркін сол шал кісі еді. 
Қосып жібер бір  қасық, 
Естимісің ей шырақ, 
Екі бірдей соғысты, 
Келем кешіп, жол жырақ, 
Еңбегімді бағала 
Салып жібер азырақ. 
„Мына жаңа жігіттің 
Кең екен тым араны" 
Деп ойлайды асбасшы, 
Тағы бір  қасық салады, 
Тіл  қатады секемсіз, 
Бұзбай жылы шырайды; 
Асқа тәуір екенсіз, 
Сізге флот ыңғайлы. 
Рахмет сізге, дейді ол, 
Флотта болған жан емен, 
Өзіңіздей асбасшы 
Пехотада болсам — жөн. 
Деп  қарағай түбінде, 
Жеп асатты ол ботқаны. 
„Өзіміз бе, бұл өзі?" 
Деп  қарасты жігіттер,— 
„Өзіміз" деп тоқтады, 
Жылыған соң бойлары, 
Шаршаған полк тынықты, 
Бірінші взвод тек  қана, 
Устав бұзып,  ұйқыны 

Біржолата  ұмытты. 
Қарағайдың түбінде 
Темекісін жайып сап, 
Соғыста соғыс туралы 
Теркин отыр сөз бастап. 
Жігітсіңдер, байқадым, 
Жаңа келген соғысқа; 
Шынымды мен айтамын, 
Ұлтанды көп тоздырдым, 
Осынау мына соғыста, 
Келіпсіңдеп, жарайды, 
Ұрысқа да кіресің. 
„Сабан той" деген не нәрсе 
Айтшы  қайсың білесің? 
Ол не өзі, мейрам ба, 
Не нәрсе еді сабан той ? 
Сабан той болад әр түрлі, 
Білмейсің бе,— сөзді  қой. 
Тұңғыш рет бомбылар, 
Тығыларсың жерге сен, 
Бірақ сонда өлмесең, 
Сабан тойдың кішісі 
Сол болады білмесең. 
Шылым тартып, ас ішіп. 
Тағы ендің ұрысқа, 
Бұрқыратып миномет 
Той жасайды сол тұста. 
Жер  қойынына кірерсің, 
Жерді анаңдай сүйерсің, 
Бұл ортаншы сабан той,— 
Екендігін білерсің. 
Сабан той саған ғылым ғой, 
Жау рахымсыз біліп  қой, 
Анау-мынау болмайды, 
Нағыз үлкен сабан той,— 
Мүштік аршып алмаққа, 
Жігіт сөзін тоқтатты, 
„Саспа,  құрбым" дегендей 
Бір жігітке ым  қақты. 

Шықтың сыртқа ертемен, 
Көз жібердің сен тұрып, 
Келе жатыр мың танкі 
Тура саған жөңкіліп... 
Мың дейсің бе?  Қой  құрбым. 
Дәл мынауың өтірік. 
Өтірікті мен  қайтем, 
Нендей мақсат іздейін? 
Неге бірден мың дейсің? 
—Жақсы, бес-ақ жүз дейін. 
—Болсын бес жүз.  Қорқытпа, 
Қатынбыз ба, немене? 
Мейлі тіпті жүз демен, 
Жалғыз дейін соған сен 
Қарсы тұрғың келе ме? 
Газет  қата жазбайды. 
Бас сауғалап тығылма, 
Түсі суық, болғанмен 
Танк соқыр мыйғұла— 
Соқыр дейсің, оның жөн. 
—Соқыр неме көре ме? 
Өтер таптап үстіңнен. 
Көрмеген соң дәнеңе. 
Қайта айтуға бармын мен, 
Білмейсің бе, сөзді  қой. 
Сабан той деген жалғыз сөз, 
Сабан тойың — сабан той. 
Бірақ, мына басыңа, 
Соғып өтсе сабан той... 
Болды бізде бір жігіт... 
Темекіңді беріп  қой.— 
Өтірікті шындай ғып, 
Айта білсең — тым жақсы. 
Қалжыңбастың әр сөзін. 
Ынта сала тыңдасты. 
Меңіреу, мылқау орманда, 
Алас ұрған бұл маңда, 
Дәл осындай бір жігіт 
Жақсы-ау, болса араңда. 

Өтінеді одан жұрт, 
—Ұйқтағанша әлі де 
Шертіп жібер, Иваныч, 
Қызықтау бір әңгіме. 
Қараңғы түн, сызды жер, 
От әлсіреп жанады, 
Ұйқтау керек, жігіттер, 
Уақыт өтіп барады. 
Балқып адам лебіне, 
Сәл жылыған дөңесте, 
Жағын сүйеп жеңіне, 
Достарының ішінде 
Теркин жатты сол кеште. 
Жомарт жаңбыр төккенде 
Шинель зілдей су болған, 
Аспан түндік, жер төсек, 
Туған үйдей  қара орман, 
Еш кейістік белгісі 
Дидарынан білінбей, 
Жатыр Теркин Василий, 
Дәл өзінің үйіндей. 
Тартып шинель етегін, 
Қымтап  қойды денесін, 
Боқтап алды бір мезет. 
Әлдекімнің төсегін. 
Әлдекімнің енесін. 
Сызды жерді құшақтап, 
Демін алып ақырын, 
Өз үйіндей тынығып, 
Жатыр  ұйқтап батырым. 
Аштығын да, тоқтығын, 
Жалғыздығын, көптігін, 
Кейде  ұйқы жоқтығын, 
Елемеске дағды алған, 
Жатыр ұйқтап қайсар жан. 
Түсіне де енбейді, 
Ауыр күндер зымыстан,— 
Шекараны  қалдырып 
Күншығысқа ығысқан. 
Қатарлы бір жауынгер 
Шақырылған запастан, 

Шірітіп көйлек ащы тер, 
Талай-талай жер басқан. 
Бұл не деген үлкен жер! 
Жетер емес көздері. 
Болса сәрі бөтен жер, 
Өз жері ғой, өз жері. 
Жатыр  ұйқтап тым-тырыс, 
Қобалжымас көңілмен. 
Өз жерім ғой,— ол дұрыс, 
Соғыс болды, келдім мен. 
Жатыр  ұйқтап, есте жоқ, 
Ауыр мезгіл,  ұлы атой, 
Мүмкін ертең ертемен, 
Басталар бір сабан той. 
Жауынгерлер  ұйқыда, 
Орман түбін  қорғалап, 
Күзетші тұр қақыйып, 
Үстен жаңбыр сорғалап; 
Көзге түртсе көргісіз 
Қап-қараңғы түн еді, 
Еске түсіп бір нәрсе 
Күзетші жас күледі. 
„Жақсы болды-ау Теркиннің 
Ротамызға келгені!?" 
Деп  қояды ақырын 
Адамның бұл сергегі. 
* * * 
Теркин деген кім өзі? 
Шынымды айтқым келіп тұр. 
Өзіне сай мінезі, 
Кәдімгі жәй жігіт бір. 
Сегіз  қырлы, бір сырлы 
Жігіттер көп бұл сынды, 
Табасыңдар оп-оңай, 
Рота сайын іздесең, 
Жалғаны жоқ ешқандай, 
Взвод сайын жүр десем, 
—Күші неде? десеңдер, 
Айтайын мен ендеше: 
Көзді тартып тұрғандай, 

Өңді де емес өзгеше, 
Үлкен де емес, кіші емес, 
Бірақ нағыз өзі ердің. 
Соғысыпты Корелде 
Бойында Сестра
1
 өзеннің, 
Неге медаль алмаған? 
Мәлім емес ол маған, 
Сұрауға анық себебін, 
Таба алмадық еш жөнін, 
Жалт бұрылып бұл жерде, 
Сыпайлау айталық: 
Наград берер тізімде 
Болған ғой бір  қаталық. 
Төстегі де емес  қой, 
Алда жатыр нағыз той! 
Июньде келіп ойынға, 
Июльде шықты  қырғынға, 
Еш хатер жоқ, ойында, 
Көңілді Теркин жүр мұнда. 
Не бір бомба, не бір оқ, 
Қойды маған бұйырмай, 
Бір жарқыншақ тиген доп,— 
Жатқызды рас бірер ай, 
Үш рет қалдым  қоршауда, 
Үш рет шықтым одан да, 
Мазасыз сол сапарда, 
Болдым ылғи  қатарда, 
Көсіле жауған оқтан да, 
Үш жақтан  құйған нөсерден 
Жоқпын сірә мен өлген. 
Жүрген жолым бұрқырап, 
Тобымменен сырылдым, 
Кейде аздап бытырап, 
Кейде аздап „қырылдым", 
Әйтеуір аман қалып жүр, 
Асханаға,  ұрысқа 
Жүгіре басып барып жүр; 
Позиция дегеннің 
Оған сірә бәрі бір. 
Тойып алып нығырақ, 
Темекісін бір бұрап, 
1
 Сестра — өзеннің аты. 

Бұрқыратып әлі жүр. 
Не болса да мойыма, 
Тайма беттен бір елі, 
Айта салған бұл бір сөз, 
Әңгімеміз ілгері 
ҰРЫС АЛДЫНДА 
Берейін айтып  қысқаша 
Соғыста нелер көрдік біз. 
Сонау неміс жағынан 
Қалайша өтіп келдік біз. 
Немістер жатқан — аржақтан, 
Құтылып  қанды ұрыстан, 
Өзінің Совет үкіметін 
Іздеп біздің туысқан,— 
Кез ед майдан соңынан 
Шығысқа  қарай ығысқан. 
Аш, жалаңаш бауырлар, 
Бөлімінен  қол үзген, 
Рота болып, взвод боп, 
Кейде жалғыз, кейде топ, 
Ұрлана тартты жолсызбен 
Даламен тартты, тоғаймен, 
Ұрланып бөтен көздерден, 
Противогазін  қапшық  қып, 
Не болса соны талшық қып, 
Қараңғы түссе  ұрланып, 
Қыстаққа соғып кез келген, 
Сақалы өскен, түсі сұр, 
Әлденеден  ұялып, 
Есіктен еркін кіре алмай, 
Кінәлі жандай болатын, 
Жазығы не,— біле алмай, 
Тартса да жолдың азабын, 
Тағдырға көніп шыдайтын, 
Әуелі тек жай су сұрап, 
Соңынан тамақ сұрайтын. 
Қайырар бетін қай жеңгей, 
Қандай да болса жақын ғой, 
Булығып тұрып үндемей, 

Беретін барын,— іш, же, той. 
Шығарып жолға салады, 
„Қайтуға жазсын" дейтін ол... 
Хасірет еді тым ауыр, 
Шығысқа тартқан сол бір жол. 
Жалаң аяқ, аш-арық,— 
Көтере берді жер беті, 
Россия  қайда,  қай жерден 
Басталар біздің ел шеті? 
Әйтеуір келе жаттық біз. 
Жолымыз өте тар еді, 
Жалғыз емес, он едік, 
Командир де бар еді, 
Жауынгер еді ол көкжал 
Білетін о жақ, бұ жағын! 
Идеяға беріктеу 
Болғаннан соң, мен дереу 
Политрук болып алғамын. 
Тастадық, тұтқын өлкені, 
Ертіп ап жауынгерлерді, 
Саяси сабақ өткізіп: 
Болыңдар, дедім, жігерлі, 
Жарылып егер  қалмасақ, 
Жарып өтіп кетерміз, 
Тірі болсақ — өлмейміз, 
Көздеген жерге жетерміз. 
Кезінде  қайтып  қалармыз, 
Не берсек,—  қайтып алармыз. 
Россия  қайда,  қай жерден 
Басталар біздің ел шегі? 
Сұраса егер өзімнен,— 
Айталмас едім мен тегі, 
Командир жым-жырт келеді, 
Қарап  қоям ақырын, 
Көп ойлана береді, 
Ойды  қой, деймін, жарқыным. 
Күмән жоқ, менің ойымда. 
Аздан соң айтты ол расын: 
Үйім бар жолдың бойында, 
Саяси басшы, не айтасың? 
Не дермін сірә мен оған? 
Байқаймын, жүзі тым сынық. 
Мұрттары кеткен салбырап, 
Жүрегі тұрса ынтығып, 

Қыстағы тұрса дәл жолда, 
Кінәсі  қанша, жігіттер? 
Қаншама  қатал болсаң да,— 
„Барайық онда" демей көр. 
Сілкініп сұңқар алды да, 
Жіберді айтып өлеңді, 
Шығап ап жұрттың алдына. 
Қарыштай басып жөнелді. 
Біз келе ымырт жабылды, 
Бой тасалап, иіле, 
Өте сақ, өте сабырлы,— 
Бастады бізді үйіне, 
Соғыстан  қайтсаң үйіңе, 
Ұрлана басып келсең сен, 
Там жағалап тасамен 
Үйіңе зорға енсең сен; 
Көрсең туған ұяның 
Берекесі кеткенін, 
Бұл жерде  қадап тұяғын, 
Соғыстың басып өткенін 
Әйеліңді  қуантпас 
Көрінгені төбеңнің. 
Кірдің де, шықтың, соғыстың 
Соңын  қуып жөнелдің. 
Отырды үйдің иесі, 
Етігін шешіп жайланып, 
Тиірменнен, даладан 
Қайтқандай-ақ айналып. 
Сырты солай, бір басқа... 
Қатын, пешті жақ дейді. 
Достарымды бар асқа 
Тойдыр, бір түн бақ, дейді. 
Балалар жатыр ұйқыда, 
Әйелі  ұйқы-тұйқыда, 
Жалғыз ғана түн, дейді, 
Ол дағы түгел тимейді. 
Асыға басып,  қолы ойнап, 
Қайнатып, жатыр,  қуырып, 
Сурет салған орамал 
Алып та келді суырып. 
Ішкізді де тойғызды. 
Жатқызып та салды тез, 
Өзі қандай қамқор-ақ 
Өзі қандай қағілез, 

Бұрында сірә бұ үйге 
Келіп бір жүрген жандаймыз. 
Бәріміз бейне батырмыз 
Бәріміз бейне дардаймыз. 
Үй иесі жауынгер 
Ортамызда  қолбасшы, 
Әйеліне өзінің 
Мұндай рыйза болмас-ты, 
Әйелі оның жанжары 
Күткен болар не  қонақ, 
Ілгерілі-кейінді, 
Бүгінгідей дәл бірақ 
Болмаған шығар пейілді. 
Балаларын, әйелін 
Қандай жауда  қалдырды,— 
Үй әкесі — арлы жан, 
Соны ойлап  ұзақ,  қайғырды... 
Сыйлығын көріп тиесі, 
Жауынгерлер жатты  ұйқтап. 
Жатты үйдің иесі,— 
Шаршаған бұ да тыйтықтап, 
Келмеді жары жанына, 
Салдырлатпай жуды ыдыс, 
Отырып шамның маңына, 
Әлде не зат алды да 
Тігіп жатты асығыс. 
Әйелін күтіп жатыр ол, 
Бір дөңбекшіп, бір аунап, 
Ұйқыға шомды достарым, 
Менен ұйқы кетті аулақ, 
Ұялып барам мен енді, 
Қысылып барам, не еттім мен? 
Ала салып шинельді, 
Сыртқа шығып кеттім мен. 
Мәтел болған тәртіппен 
Дайын болды төседім: 
Шинель жастап, жамылып, 
Шинелімді төседім. 
Қазыналық, әскерлік, 
Қалың шұға, шинелім, 
Менімен бірге көп түстің 
От пен суға, шинелім. 
Даңқты сұр шинелім, 
Мейлі сені оқ тессін, 

Өзім жамап кигемін, 
Кімге  қымбат емессін! 
Қарағайдай көсілген 
Құласа бауыр жаралы, 
Шинельге орап ескірген 
Санбатқа алып барады. 
Өлсең, жансыз денеңді,— 
Басқалармен  қатар сап, 
Үстіңе жабар шинельді, 
Мәңгілік  ұйқтап жат, солдат! 
Ұйқта солдат сол күйде, 
Тыншыған бойға дем алғыз. 
Не сапарда, не үйде 
Не жарыңмен, не жалғыз 
Қаңбап ең  ұйқың өмірде, 
Қожамыз шықты далаға, 
Ұмыта алман сол түнді. 
Сенікі не? 
—Бәйбішеме 
Берейін бұтап отынды. 
Жүргендей бейне соғыста 
Ұйқысының қашқаны, 
Ағашқа барып сол тұста 
Шілікті бұтай бастады. 
Таң атқанша тарс та тұрс, 
Солдатқа тіпті түн  қысқа, 
Көрсетпек болып  қолғабыс, 
Әбігерленіп жүр тыста; 
Көрген соң жарын тым жақсы 
Бір көмек оған  қылмақшы. 
Бұтайды ағаш, таң таяу, 
Кетеді енді жауынгер. 
Балалар енді бәрі ояу 
Әкесі кепті! 
Біреулер— 
Қаз-қатар үйде көсілген, 
Мылтық та белбеу әр түрлі, 
Балалар отыр бұл сырды, 
Ересек жандай түсінген, 
Жіберді жылап балалар, 
Балқыйды жаның бұл күйге, 
Кім білед, 
Бүгін немістер 
Мылтықпен енер сол үйге... 

Сол күні таң сөріде 
Жылады баллар бақырып 
Немістер жатқан сол жақтан 
Сол бір дауыс әлі де 
Тұрғандай мені шақырып, 
Мансап үшін емес-ау, 
Жапырып таңғы  ұрыста, 
Өзеннен өтіп есен-сау, 
Қайта бір барсам сол түс ед;— 
Бар арманым осы күн 
Сол үйді іздеп табар ем; 
Сол жеңгейдің есігін 
Қуанып тұрып қағар ем; 
Ішсем болды салқын су, 
Отыру емес мақсатым, 
Дидарласу, көрісу, 
Жеңгем еді-ау жақсы-ақ тым. 
Күйеуі жайлы сұраса, 
„Есен-сау болар"демес пем, 
Шинельді шешіп, балта алып 
Отынын бұтап бермеспем, 
Үй  қожасы жауынгер 
Қайда екен қазір білмедім. 
Жатыр ма  құшып  қайран ер 
Өзі сүйген бұ жерін... 
Не керек, достар,  қиялдап, 
Тезірек жауды жоялық, 
Бердім ғой біраз баяндап, 
Осымен енді  қоялық. 
ӨТКЕЛ 
Өткел, өткел! Қос жаға. 
Арғы жақ та, бергі жақ, 
Қыйыршық қар, аққан мұз... 
Кімге ескерткіш, кімге даңқ, 
Кімді жұтар су мен мұз, 
Кімдер кетер із-түссіз. 
Түн ішінде түнекте 
Мұзды опырып жіберіп, 
Понтондарға жиекте 
Бірінші взвод тиеліп, 

Жол бастады. Соңынан 
Қозғалды екінші взвод та, 
Көп тұрмады, бет  қойды 
Үшінші де сол жаққа. 
Салдай жүзді Понтондар, 
Есті ерлер жасқанбай; 
Естілді үні жаңғырған,— 
Қаңылтырды басқандай, 
Сілтеді ерлер бір жаққа, 
Мылтықтарын өңгеріп, 
Өзіміздің жігіттер 
Кетті ілезде өзгеріп. 
Өзіміздің жаңағы 
Жігіттер емес сияқты, 
Бәрінің  қату қабағы, 
Бола  қапты жыйнақты: 
Ерекше жақын сықылды, 
Ерекше бәрі сүйкімді. 
Ана сүті аузынан 
Кетпеген өңшең жас ұлан, 
Үйлі ме екен, бойдақ па, 
Осы бір халық шаш  қырған? 
Жігіттер кетіп барады, 
Есейгендей бір түрлі, 
Жиырмасыншы жылдағы 
Әкелері сықылды. 
Дәл екі жүз жыл бұрын 
Кезеніп шиті мылтығын, 
Солдаты жүрген орыстың 
Жолымен  қатал соғыстың 
Барады жап-жас  ұл бүгін, 
Ой бұрқаған шекесін, 
Көздерін жанап сан рет, 
Ысқырып ажал өтетін, 
Бұл жолы  қайтер, сабыр ет. 
Келеді есіп, тер ағып, 
Сырық та салып, сырғытып. 
Қираған көпір астында 
Тулаған толқын тұр күтіп. 
Өзеннің міне ортасы, 
Үйірді ағын бұларды... 
Көтеріліп жотасы 
Тебеді толқын мұздарды. 
Майырылған темір бағанға 

Соғылып толқын ойнады. 
Бірінші взвод жағаға 
Жақындап, сырық, бойлады. 
Артында өзен мөңкіген, 
Бірінші взвод кетті алыс, 
Айнала төңген бір жат түн, 
Берерсің  қайтіп  қолғабыс. 
Өзеннен әрі түксиіп, 
Қаһарлы ызғар төгіп бір. 
Құпия бойға күш жиып, 
Қап-қара орман төніп тұр. 
Тоқтар жер жоқ, жөн ізде,— 
Өткел, өткел! Биік жар,— 
Осы түнде толқындар 
Қанды із тартты теңізге. 
Қараңғы бір түбектен 
От семсерін шығарып, 
Прожектор кенеттен 
Өтті өзенді қақ жарып, 
Снаряд келіп түсті де 
Орнатты судан діңгекті. 
Понтондардың үстінде 
Жігітгер біздің тым көп-ті... 
Тұңғыш бір көрген сұмдығым. 
Ұмытар емен мен мүлде, 
Тірі адамдар жып-жылы, 
Қалды-ау өзен түбінде 
Ойран-топыр  қырғында 
Белгісіз болды жөн-жоба. 
Орнады тыныштық, соңынан,— 
Бұзылды өткел біржола. 
Белгісіз әзір кім  қорқақ, 
Кімдер батыр болғаны; 
Кімдер іскер, кім шорқақ, 
Мәлім емес ол жағы. 
Өткел, өткел... қара түн— 
Әрі суық, әрі  ұзақ. 
Жағада жайды қанатын 
Бірінші взвод жалғызақ. 
Жатыр ол оң жақ жағада, 
Кім білед,  қандай жағдай бар. 
Ұяла еске алады 
Сол жағада  қалғандар 
Алай-түлей сұрапыл, 

Берекені кетірді; 
Балшық, мұз, қар — быламық. 
Түн өтпейтін секілді. 
Шаршаса да өлмеген 
Түнімен жаумен сілкісіп, 
Қолдарын сұғып жеңіне 
Пехота жатыр бүктүсіп. 
Пехота жатыр маужырап, 
Қараңғы түнде, орманда. 
Таңмен бірге бір көмек 
Етік пен тер, темекі 
Исі мүңкіп сол маңда. 
Ұйқы сергек бұларда, 
Арғы жақта жағада, 
Жатқандар бар таң күтіп; 
Бауырымен жер жылтып, 
Жатыр олар келер деп. 
Уайым жоқ, үміт зор, 
Түн де ө тер не керек; 
Не ілгері, не кейін 
Барар жол жоқ — міне сор. 
Мүмкін түнде жауған  қар, 
Көмген болар оларды, 
Бойда  қандай  қызу бар, 
Еріткендей ол  қарды, 
Жатқан болар жігіттер, 
Көздерінен сөніп нұр, 
Үсіп жатса,— ол нетер 
Өлі жанға бері бір, 
Өлгеннен соң өлімнен 
Адам сірә  қорқама. 
Оларға тиісті паекті 
Жазып жатты, дегенмен, 
Старшина ротада. 
Жазып жатыр паекті, 
Күндегідей ақпары. 
Кетіп барад олардың 
Үйге жазған хаттары. 
Паналап бір орманда 
Дем алуға  қонғанда, 
Жазған болар хаттарын 
Қағаз алып қолына, 
Жазған болар, сап  қойып 
Бір -бірінің жонына. 

Москваның да Рязанның, 
Сібірдің де Казанның 
Жатыр ұйқтап ұлдары, 
Айтып кетті айтарын,— 
Мәңгі әділет  құрбаны. 
Қатқан тонда күздегі, 
Қалды суып іздері... 
Мүмкін солай, мүмкін жоқ, 
Басқаша болса ғажап па? 
Ең болмаса бір белгі 
Болса, азап-азап па. 
Ноябрьде — бурыл қыс 
Түні  ұзақ, желі өткір. 
Үсті аяз, асты мұз, 
Күзетте екі жігіт тұр. 
Әлде елес, әлде түс, 
Қырау ма  қатқан кірпікке, 
Әлде бір зат шынында,— 
Шалынды көзге бір нүкте. 
Шалынған көзге алыстан 
Ноқаттай сол — немене? 
Не бөшке, не бөрене 
Өзенмен ағып келе ме? 
Бөрене емес, бөшке емес, 
Көз алдаған бір елес. 
Әлде жүзген біреу ме? 
—Қой, шырағым,  қисынсыз, 
Адам түгіл балықты 
Үсітпес пе мына мұз. 
Кеше суға кеткеннің 
Бірі  қалқып шықпағай? 
Отырды бұлар тым-тырыс 
Сонда бірі айтты жай: 
Достың бір болса бұл 
Суға кеткен кешегі,— 
Болмас па еді үстінде 
Барлық, киім-кешегі. 
Осы сөзден бұлардың 
Қуқыл тартты түр-түсі, 
Жетіп келді бір сержант 
Қолында бар дүрбісі. 

Қарап еді, тірі адам, 
Келеді жүзіп жалаңаш. 
Тегі бізді аңдыған 
Болмасын бұл фриц аш? 
Теркин, болып жүрмесін, 
Деді біреу қалжыңдап... 
Күтелік біз сыр бермей, 
Керегі жоқ қайық сап, 
Байқайық та кім екен. 
—Оллаһи сол, ант етем! 
Мұзды опырып кеудемен 
Жағаға ол таяды. 
Кім десеңіз бұл келген,— 
Теркин екен баяғы. 
Шыққандай-ақ моншадан, 
Жап-жалаңаш дірдектеп,— 
Қалжыраған, шаршаған, 
Құлай жаздап тұрды ептеп, 
Орап,  қымтап денесін, 
Аймалап жұрт жігітті, 
Әлі келсін, келмесін 
Бұйырды да жүгіртті. 
Тау түбінде штабта, 
Төсекке кеп сылқ құлап, 
Жатты,— емдеді достары, 
Таза спиртпен ысқылап. 
Ысқылады ысты кеп... 
Кенет оған тіл бітті: 
Доктор, доктор, тоқтаңыз, 
Тауыспаңызшы спиртті, 
Іш жағымнан жылтыңыз 
Ыса бермей  құр сыртты. 
Берді бірді — тірілді, 
Бас көтерді төсектен. 
Ауызда тіл үйрілді: 
Взвод аман кеше өткен, 
Жатыр арғы жағада. 
Түйілтіп жауға бір сертпен. 
Лейтенанттың тілегі,— 
От тастаса сол жаққа, 
Арғысын өзі біледі, 
Бой жазар едік сол уақта, 

Кездескен болса  қырар ек, 
Өткелді сай ғып тұрар ек... 
Айтты осыны, тұрды ол, 
Кетпек болып тез  қайтып, 
Жігітсің,— деді полковник, 
Алғыс, рахмет жатты айтып. 
Ойнатып жүзде күлкісін, 
Жауынгер сонда сөйледі: 
Жігіт екем, ендеше 
Тағы бір жұтсам мен,— деді. 
Полковник көздің  қырымен 
Қарап бір қойды қаталдау. 
Жігітсің. Бірақ сен бірден 
Екіні тартсаң,—шығар дау. 
Екі рет сапар шегемін, 
Екі рет болса деп едім... 
Өткел, өткел! Жер түнек, 
Зіркілдеп жатыр зеңбірек 
Қасиетгі,  қаһарлы 
Ұрысқа толы төңірек; 
Даңқ үшін емес бұл тегі, 
Тіршілік үшін жердегі. 


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал